12 тамыз

Тамыздың 12 — Григориан күнтізбесінде жылдың 224-ші күні (кібісе жылдарда 225-ші). Жылдың аяғына 141 күн қалады.

2012 жыл

2012 жыл — Григориан күнтізбесі бойынша аптаның соңғы күні, яғни жексенбіде басталады. Кібісе жыл.

27 шілде

Шілденің 27 — Григориан күнтізбесінде жылдың 208-ші күні (кібісе жылдарда 209-шы). Жылдың аяғына 157 күн қалады.

XXX жазғы Олимпиада ойындары (2012)

XXX жазғы Олимпиада ойындары (ағылш. 2012 Summer Olympics, фр. Jeux Olympiques d'été de 2012) — отызыншы Жазғы Олимпиада oйындары. 2012 жылдың ойындары 27 шілде мен 12 тамыз аралығында Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында өтті. Лондон Олимпиада ойындарын үш рет қабылдаған алғашқы қала болды. Оған дейін Лондон 1908 жылы және 1948 жылы қабылдаған болатын.

Ағылшын тілі

Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) — Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл.

Жазғы Олимпиадалық Ойындар 1908

Жазғы Олимпиада ойындары 1908 (ағылш. 1908 Summer Olympics, фр. Jeux Olympiques d'été de 1908; ресми атауы — IV Олимпиада ойындары) — қазіргі заманғы төртінші жазғы Олимпиада ойындары. Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында өтетін IV жазғы олимпиада ойындары 1908-ші жылғы сәуірдін 27-і мен казанның 31-і аралығында өтеді.

Корей тілі

Корей тілі (кор. 한국어/조선말 хангуко/чосонмаль) — КХДР мен Корея Республикасының мемлекеттік тілі. 78 миллионға жуық адам сөйлейді. Қытай, Жапония, АҚШ, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан елдерінде таралған.Солтүстік Кореяда "чосонмаль" (조선말) немесе "чосоно"(조선어), ал Оңтүстік Кореяда "хангунмаль/хангуго" (한국말/한국어) немесе "куго" (국어, мемлекеттік тіл) деген атаулары қолданылады.

Корея Республикасы

Корея Республикасы (кор. 대한민국?, 大韓民國? Тэханмингук), бұрын Корей Республикасы деп аталған, ресми бекітілген қысқартылған атауы Корея (кор. 한국?, 韓國? Хангук немесе кор. 대한?, 大韓? Тэхан, таңғы балғындық елі) — Корей түбегінде орналасқан Шығыс Азиядағы мемлекет. Астанасы — Сеул. БАҚ өкілдері жиі қолданатын, мемлекеттің бейресми атауы — Оңтүстік Корея.

Лондон

Лондон (ағылш. London [ˈlʌndən]) — Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Патшалығының қаласы және астанасы. Британ аралдарындағы ең үлкен қала. Еуропадағы ең ірі урбандық аймақ. Аумағы 1706,8 кm². Халқы 8 млн. адамнан асады және халқы санынан әлемде 18-нші орында. Бұл көрсеткіш Еуропада 2-ші болып табылады.

Француз тілі

Француз тілі — француз халқының тілі. Үндіеуропа тілдері шоғырының роман тобына жатады. Француз тілі Францияның, Бельгияның (фламанд тілімен бірге), Швейцарияның (неміс, итальян, ретороман тілдерімен бірге), Канаданың (ағылшын тілімен бірге) мемлекеттік тілі болып есептеледі. Сондай-ақ Люксембург, Монако, Андорра елдері, Африка мен Оңтүстік Америка халықтарының (Сенегал, Мали, Гвинея, Конго, Бенин, Гаити, т.б.) ресми және әдеби тілі. Француз тілінде 105 млн-дай адам сөйлейді (2001), оның жартысына жуығы Францияда шоғырланған. Француз тілінің даму тарихы галло-роман (5 — 8 ғасырлар), көне француз (9 — 13 ғасырлар), орта француз (14 — 16 ғасырлар), жаңа француз (17 — 18 ғасырлар) және қазіргі француз тілі кезеңдеріне бөлінеді. Француз тілі франс, пуатевин, норманд, пикард, валлон, лотаринг, бургунд деп аталатын негізгі жеті диалектіге бөлінеді. Француз тілінің негізінде Гаитиде, Антиль мен Маскарен аралдарында креол тілдері қалыптасқан. Әдеби тілінің негізі — франс, яғни париж диалектісі. Француз тілінде 15 дауысты және 20 дауыссыз фонема бар. Зат есім мен сын есім екі родқа (ер, әйел) ажыратылады. Сөздік құрамында испан, итальян, ағылшын тілдерінен ауысқан сөздер көптеп кездеседі. Латын әліпбиіне негізделген француз тілі жазуында диакритикалық ноқаттар жиі қолданылады. Бір ғана дыбысты анықтайтын (аі — е; еаu — о) әріп тіркестері де кездеседі.

Ханча

Ханча́ (кор. 한자 /hɐːn.t͈͡ɕɐ/) — корей тілінің жазбаларында қолданылатын, қытайлық иероглифтер. Бұл ханьцзы деген қытай сөзінің корей тіліндегі оқылуы..

Ұлыбритания

Ұлыбритания (ағылш. Great Britain), толық атауы Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (ағылш. United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland) — Еуропаның солтүстік-батысында, Британ аралдарында (ең ірісі — Ұлыбритания), Ирландия аралының солтүстік-шығыс бөлігі мен ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Құрлықтан Ла-Манш (Ағылшын каналы) және Па-де-Кале (Дувр) бұғаздары арқылы бөлінген. Аумағы 244, 11 мың км². Халқы 62,6 млн. (2004), астанасы — Лондон (7 млн.). Халқының 80%-ына жуығы ағылшындар, 15%-ы шотландтықтар, уэльстіктер (валлиялықтар) мен ирландықтар, 5%-ға жуығын Британ Достастығы елдерінен келген иммигранттар құрайды. Ағылшындар англикан мемлекеттік шіркеуі нанымдарын ұстанса, шотландтықтардың басым бөлігі — пресвитериандар, ирландықтар, негізінен католиктер, қалғандары ислам, т.б. діндерді ұстанады. Ұлыбританияда халықтың 89,4%-ы қалаларда тұрады.

Басқа тілде оқу