ISBN

Кітаптың халықаралық стандартты нөмірі немесе ISBN (ағылш. International Standard Book Number) — сауда саттық желісінде және кітапқа қатысты жұмыстарды автоматтандыруға қажетті кітап басылымның ерекше нөмірі. ББК, УДК және авторлық белгімен қатар ISBN баспа анықтамасына жатады.

Аталған стандарт 1966 жылы Ұлыбританияда 9-белгіден тұратын Кітаптің стандартты нөмірінің (ағылш. Standard Book Numbering (SBN) code) негізінде Гордона Фостердің (ағылш. Gordon Foster) жасауымен қабылданған болатын.

1970 жылы кішкентай өзгерістермен ISO 2108 халықаралық стандарт ретінде қабылданды. 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап штрихкодқа сәйкес келетін 13 белгіден тұратын жаңа стандарт енгізілді.

Сонымен қатар осы стандартқа ұқсас мерзімді басылымдарға арналған басқа нұсқалар да бар ISSN (International Standard Serial Number).

Кеңес Одағында ISBN 1987 жылдан бері қолданыла бастады [1], Белорусьте — 1993 жылдан бастап[2]

Нөмірдің құрылымы

EAN-13-ISBN-13
ISBN нөмірі, мұнда:
978 — EAN.UCC префиксі;
3 — тіркеу тобының нөмірі;
16 — тіркелушінің нөмірі;
148410 — басылымның нөмірі;
0 — бақылау саны.

Басылымдардың идинтификаторларын кітапты халықаралық стандарт бойынша нөмірлеу саласындағы ұлттық агенттіктер береді. Қазақстанда бұл қызметті Қазақстан кітап палатасы атқарады.

2006 жылға дейін берілген кітаптардың ISBN нөмірлері ISBN аббревиатурасынан (басылым тіліне тәуелсіз) және өзара дефиспен төрт тарауға бөлінген 10 символдан тұрады:

  • кітап басылып шыққан мемлекет; ISBN Халықаралық агенттігінің тарапынан тапсырылады. Идинтификатордың құрылымы, ондағы сандардың көлемі басылымның көлеміне қарай анықталады (бірден көп болуы мүмкін), мысалға: 0 и 1 — ағылшын тілді мемлекеттер, 2 — француз тілді, 3 — неміс тілінде, 4 — жапон тілінде, 5 — орыс тілді мемлекеттер, 7 — қытай тілі, 80 — Чехия мен Словакия, 600 — Иран, 953 — Хорватия, 985 — Белоруссия, 9956 — Камерун, 99948 — Эритрея. Жалпы топтарға келесідей номерлер қарастырылған 0—7, 80—94, 950—993, 9940—9989, және 99900—99999[3];
  • баспаның коды; ISBN Ұлттық агенттігімен анықталады. Сонымен қатар баспа жоспарлаған кітап көлемі де ескеріледі. Ірі баспаларға жарыққа шығатын кітаптардың көлеміне қарай жеткілікті сандар қалыптастыру үшін қысқа нөмірлер беріледі.

[4]

Дереккөздер

  1. Что такое ISBN на сайте www.libex.ru
  2. Белорусское агентство ISBN
  3. Басылымның тілі бойынша біріктірілген мемлекеттер мен топтардың толық тізімі  (ағыл.)..
  4. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. ISBN 9965-808-78-3
Еңісу (астрономия)

Еңісу (δ) астрономияда — экваторлық координаттар жүйесінің бірі. Бұрыштық қашықтықта Аспан меридианының жазықтықтығынан аспан экваторының аспан шырақтарына тең,әдетте доғаның минуты мен секундымен, яғни бұрышта өлшенеді. Еңісу солтүстік аспан экваторына оң және оңтүстікке қарай теріс.

Аспан экваторында объекттің еңісуі 0°

Солтүстік полюстің аспан меридианындағы еңісуі +90° тең

Оңтүстік полюстің еңісуі −90°Еңісудің барлығындағы белгісі беріледі (оң болған жағдайда да).

Жазғы уақыт

Жазғы уақыт - негізгі уақытпен салыстырғанда 1 сағат ілгері, әр елде қолданылатын уақыт. Дүние жүзінің көптеген елдерінде тәуліктің жарық бөлігін тиімді пайдалану үшін енгізіледі. Жазғы уақытқа өту наурыздың соңғы жексенбісінде, ал декреттік уақытқа қайта өту қазанның соңғы жексенбісінде жүзеге асырылады.

Институт

Институт (лат. іnstіtutum – мекеме, құру) –

ғылыми-зерттеу мекемесінің, жоғары оқу орнының, сондай-ақ, кейбір әлеуметтік қатынастарды реттейтін органдардың атауы;

қоғамдық қатынастардың қайсыбір саласын реттеуші құқықтық ережелер жиынтығы.

Кале

Кале — қырыққабат тұқымдасына жататын жасыл өсімдік. Жапырақтары қою жасылдан күлгінге дейін түрлі түсті болады және тағамдарды әшекейлеу үшін, сонымен қатар тағам құрамында көкөніс ретінде қолданылады. Кале балғын түрінде де, гарнир ретінде де қолданылады.

Канталупа

Канталупа— қалың қабықты шырынды жемістер тобына жататын жеуге жарамды мускусты қауын. Рим маңындағы Канталупа қаласының атымен аталған, шырынды, тәтті, сары-қызыл жұмсағы үшін бағаланады. Суытылған күйде ұсынылады.

Кастет

Кастет - соқкы күшін ұлғайту үшін саусаққа киілетін тесіктері бар металл

пластинка немесе дәнекерленген металл сақиналар (кейбір кезде бұдыры бар) жасалған — суық қару.

Мани

Мани (Манихей) (Mani; Manes; Manichaeus) (14 сәуір 216 жыл, Месопотамия — 274?, Гундешапур), МАНИХЕЙЛІКТІҢ парсылық негізін қалаушы..

Періштені алғаш рет балалық шағында көреді; 24 жасында періште қайта көзіне елестеп, халыққа жаңа дін жіберу үшін оны өзімен бірге шақырады. Үндістанға келгенде осы діннің жақтаушыларына тап болады.

Парсы шахы І Шапур Маниге дінін бүкіл империяға таратуына рұқсат береді, алайда І Бахрам патшалық еткен дәуірде манихей қозғалысы зороастризм абыздарының тарапынан жасалған шабуылға ұшырай бастады. 26 күн бойы Маниді азапқа салып, абақтыға отырғызады, сол жерде Мани көз жұмады.

Сібір

Сібір (орыс. Сибирь) — Азияның Орал таулары мен Тынық мұхит жағалауының және Солтүстік Мұзды мұхит жағалауы мен Моңғолия шекарасы, Сарыарқа етегі аралығындағы бөлігі.

Техника

Техника (гр. Тесһnе-өнер, шеберлік). Өндіріс процестерін жүзеге асыру құралдарының жиынтығы.

Туннель

Туннель, тоннель – темір жол жерлерін, көлік және жүргіншілер жолын, су жүретін құбырларды, т.б. салуға арналған коммуникациялық құрылыс; темір және автомобиль жолдарын, жаяу өткел, қатынас жолдарын және т.б. салу үшін арналған биіктігі шығып тұрған кұралымдарға дейін 2 м және артығырақ бойлай жер астындағы ғимарат.Туннель қатынас жолдарына арналған, гидротех., СЭС Т-і, суландыру және сумен жабдықтау жүйелеріндегі Т-дер болып ажыратылады.

Тура шарықтау

Тура көтерілу (α, R. A. — ағылш. Right Ascension) — аспан экваторының доға ұзындығы көктемдік күн мен түннің теңелуінен басталып айналымдағы аспан шырағының еңістігіне тең. Тура көтерілу — екінші экваторлық жүйенің координаттарының бірі (тағы біріншісі бар, онда сағат бұрышы қолданылады). Екінші координата — еңістік.

Тура көтерілу шығыс бағытындағы көктемдік күн мен түннің теңелу нүктесінен есептеледі. Тура көтерілуді өлшеу үшін градустық өлшеуді (от 0° до 360°) немесе сағаттық өлшемді (от 0h до 24h) қолданады. Бұл ретте 24h = 360°.

Функция

Функция (лат. functіo – орындау, атқару, жүзеге асыру) көп мағыналы сөз:

Функция - математикадағы негізгі ұғымдардың бірі

Қызмет, міндет, жұмыс; қатынастар жүйесіндегі қайсы бір объекті қасиеттерінің сыртқы көрінісі;

Социологияда – белгілі бір әлеуметтік институт атқаратын рөл;

Лингвистикада – тілдік бірліктің немесе тіл құрылымы.

Элемент

Элемент - тұтас денеден бөлінетін бөлік.

Қазақша Уикипедия

Қазақша Уикипедия — Уикипедияның қазақ тіліндегі бөлімі. Ол 2002-жылдың 3-маусымынан бастап жұмыс жасап келеді.

Бұл Уикипедияның ерекшелігі — 3 түрлі әліпбимен жазылады: кириллица (Қазақстан, Ресей, Моңғолия), төте жазу (Қытай, Иран) және латын жазуы (Түркия). Бірнеше әліпби бойынша жазылатын Уикипедиялар қазақша Уикипедия тәжірибесіне жүгінуде.

Қазақша Уикипедияда қазіргі уақытта 18 әкімші бар.

Қызмет

Қызмет - қойылған міндеттерді орындауға қажетті құқықтар беріп, міндеттемелер жүктейтін, қандай да бір мекемеде тағайындау не сайлаумен бекітілетін лауазым; белгілі бір іс-шараны үздіксіз атқарумен шұғылданатын, сол үшін де арнайы мамандармен және арнаулы құрал-сайманмен, техникамен жабдықталған ұйым.

Құм

Құм – ұсақ түйірлі борпылдақ шөгінді тау жынысы. Құрамында әр түрлі минералдар мен тау жыныстарының түйіршіктері бар.

Құрмет ордені

«Құрмет» орденi — 1993 жылы тағайындалңан мемлекеттік марапат.,

Ұйым

Ұйым - белгілі бір ниеттер мен мақсаттарды орындау үшін кұрылған және ережелердің ресми құрылымымен, биліктік қатынастармен, еңбек бөлінісімен, шектеулі қабылдаумен сипатталатын ұжым түрі.

Термин қазіргі қоғамның әлеуметтік өмірінің барлық аспектілеріне енетін ірі көлемді немесе «күрделі» ұйымдарға қатысты қолданылады. Өзара байланысты ерекше мақсаттарға жетуге және жоғары формалданған құрылымдардың қалыптастырылуына бағытталған әлеуметтік топ. Бұл - іскерлік кәсіпорындар, мектептер, ауруханалар, шіркеулер, түрмелер, армия, саяси партиялар, кәсіподақтар, т.б.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.