18 сәуір

Сәуірдің 18Григориан күнтізбесінде жылдың 108-ші күні (кібісе жылдарда 109-шы). Жылдың аяғына 257 күн қалады.

1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30

Мерекелер

Туғандар

Қайтыс болғандар

Сыртқы сілтемелер

Жыл айлары мен күндері
Қаңтар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Ақпан 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 (29)
Наурыз 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Сәуір 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
Мамыр 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Маусым 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
Шілде 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Тамыз 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Қыркүйек 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
Қазан 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Қараша 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
Желтоқсан     1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
17 сәуір

Сәуірдің 17 — Григориан күнтізбесінде жылдың 107-ші күні (кібісе жылдарда 108-ші). Жылдың аяғына 258 күн қалады.

I Ахмет

I Ахмет (осм. آحمد اول‎ — Âhmed-i evvel; ақындық лақап аты — Бахти (түр. Bahtî); 18 сәуір 1590 — 22 қараша 1617) — Османлы мемлекетінің 14-ші сұлтаны, Ислам халифатының 79-шы халифі, ақын, зергер.

I Ахметтің сұлтанаты бір қатарлы емес: бір жақтан — сыбайлас жемқорлық жойылды, Сафие сұлтанның ықпалы әлсіреді, Жалалилер бүлігі басылды, Ыстамбұлдағы ең ірі мешіт Сұлтанахмет мешіті салынды; басқа жақтан — жер ауданы кеміді, Габсбургтардың императорлық атағы мойындалды, Аустрия алым-салықтан босатылды. Бірақ Ахметтің басқа сұлтандармен салыстырғанда адамгершіліктірек, діншілірек, тақуалырақ екені даусыз. Бұған таққа отырғаннан кейін інісі Мұстафаны аяғаны, Інжу моншақ дүңгіршегінен мүсіндерді алып тастауы, Ыстамбұл өртінде бір үйдің өртін өзі сөндіргені дәлел.

Альберт Эйнштейн

Альберт Эйнштейн, нем. Albert Einstein (14 наурыз 1879, Германия, Ульм қаласы – 18 сәуір 1955, АҚШ, Нью-Джерси штаты, Принстон) – қазіргі Германия жерінде туып өскен физик-теоретик, заманауи физиканың екі негізгі тірегінің бірі болып есептелетін салыстырмалылық теориясының негізін қалаушы (екіншісі квантты механика). Эйнштейн ғылым философиясына қосқан үлесімен танымал. Ол масса-энергия эквиваленнтілігінің формуласы E = mc2 ойлап тапқандығымен әйгілі. 1921 жылы "теориялық физикаға қосқан үлесі үшін, фотоэлектрлі эффект заңын ашқандығы үшін, кванттық теорияның дамуына қарай қадамдары үшін" физикадан Нобель сыйлығының иегері атанды. Атақты ойшыл және қоғам қайраткері, әлемнің алдыңғы қатарлы 20-ға жуық университеттерінің құрметті профессоры, КСРО Ғылым Академиясының шетелдік құрметті мүшесі.

Эйнштейннің басты еңбегі — ”Салыстырмалылық теориясы”. Бұдан бөлек 300-ден астам ғылыми еңбектердің, тарих, ғылымдар философиясы және публицистика саласындағы 150-дей кітап, мақалалардың авторы ретінде де танымал. Ол бiрнеше түбегейлi физикалық теорияларды жасады:

Арнайы салыстырмалылық теориясы (1905).

Жылу сыйымдылығының және фотоэффект кванттық теориясы

Бозе Эйнштейн кванттық статистикасы.

Броун қозғалысының статистикалық теориясы, флуктуациялардың теориясына негiзін салған.1933 жылы Адольф Гитлер билік басына келгеннен сәтте, Америкада жүрген болатын. Еврей ұлтының өкілі болғандықтан, Берлин ғылымдар академиясына, профессор болып жасап жүрген жеріне, қайта оралмаған. АҚШ-та қалып, 1940 жылы сол елдің азаматтығын алған. Екінші дүниежүзілік соғыс басталар тұста АҚШ Президенті Франклин Рузвельтке фашистерде "өте жойқын бомбының жаңа түрі" пайда болу қауіптілігін айтып, сол бағытта АҚШ та сондай зерттеулер жүргізу қажеттілігін ұсынған. Бұл хат Манхэттон проектісінің пайда болуына әкелген. Антигитлерлік коалицияны қолдаса да, жаңадан ойлап табылған атомдық бөлінуді қару ретінде қолдануды қош көрмеген. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң, Эйнштейн бейбітшілікті көп насихаттауға бет бұрып, өмірінің соңын осы АҚШ-та өткізіп, сол жерде 1955 жылы дүние салған.

Барбара Буш

Барбара Пирс Буш (ағылш. Barbara Pierce Bush; 8 маусым 1925, Флашинг, Нью-Йорк - 18 сәуір 2018) - Америка Құрама Штаттарының қырық бірінші президенті Джордж Буштың әйелі, АҚШ-тың қырық үшінші президенті Джордж Буш-кішінің анасы және 1989-1993 жылдары аралығында АҚШ-тың Бірінші ханымы.

Батыс Еуропа

Еуропаның батысында орналасқан аймақ. Аумағы — 3,7 млн км². Халқы — шамамен 390 млн адам.

Бельгия Ұлттық футбол құрамасы

Футболдан Бельгия ұлттық құрамасы — барлық халықаралық турнирлер мен матчтарды Бельгия мүддесін өкілдік ететін ұлттық құрама.

Джозеф Леонард Голдштейн

Джозеф Леонард Голдштейн (ағылш. Joseph Leonard Goldstein; 18 сәуір 1940 ж.т., Кингстри, Оңтүстік Каролина) — америкалық медик және химик, адам генетикасын зерттеудегі ізашар.

Джордж Хитчингс

Джордж Герберт Хитчингс (ағылш. George Herbert Hitchings; 18 сәуір 1905, Хокиэм, Вашингтон — 27 ақпан 1998, Чапел-Хилл, Солтүстік Каролина) — америкалық биохимик, «дәрілік терапияның маңызды принциптерін ашқаны үшін», Джеймс Блэк және Гертруда Элайонмен бірігіп Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреат атанды. Атап айтқанда, Хитчингс химиотерапия бойынша жұмысы үшін белгілі болды.

Зимбабве

Зимбабве Республикасы (ағылш. Republic of Zimbabwe [zɪmˈbɑːbweɪ], 1980 жылға дейін — Оңтүстік Родезия) – Оңтүстік Африкада орналасқан мемлекет. Замбиямен, Мозамбикпен, Ботсванамен және Оңтүстік Африка Республикасымен шектеседі. Жер көлемі – 390,8 мың км². Халқы – 12,6 млн. адам (1998). Негізгі тұрғындары – африкалықтар (шона, матабеле, тонга, т.б. халықтар), 100 мыңға жуық еуропалықтар да тұрады. Ресми тілдері: ағылшын, шона тілдері. Халқының көпшілігі (60%) дәстүрлі діни сенімдерін, кейбір бөлігі (30%) христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Хараре қаласы (1,4 млн. адам). Ел 8 провинцияға бөлінеді.

Зимбабве – президенттік республика. 1980 жылы қабылданған Конституциясы (кейін ішінара түзетулер енгізілген) бойынша жалпыхалықтық сайлауда 6 жылға сайланатын президент Мин. Каб-н тікелей өзі басқарады (1987 жылы Р. Мучабе). Заң шығарушы орган – бір палаталы Ұлттық ассамблея 150 депутаттан тұрады. Олардың 120-сын халық сайлайды, 12-ін президент тағайындайды. Бұған қоса провинцияларды басқаратын 8 губернатор мен 10 тайпа көсемі парламент мүшесі болып табылады. Ұлттық мерекесі – 18 сәуір (Тәуелсіздік күні). Ақшасы – Зимбабве доллары.

Максим Иглинский

Максим Геннадьевич Иглинский (18 сәуір 1981; Астана) — қазақстандық велошабандоз. Иглинский 2005 жылы Domina Vacanze велоклубының намысын қорғап, кәсіби велошабандоз атағына ие болды, ал 2006 жылы Milram клубына ауысты. Иглинский 2007 жылдың Критериум ду Дофине 6 кезеңін жеңіп алды. Ол Валентин Иглинскийдің ағасы.

2012 жылдың көктемінде Льеж — Бастонь — Льеж веложарысын ұтып алды.

Мали

Мали (фр. Mali), ресми атауы — Мали Республикасы (фр. République du Mali бамана.Mali ka Fasojamana) — Батыс Африкадағы мемлекет. Жер аумағы 1,2 млн. км2. Халқы 11,7 млн (2000 жылғы мәлімет). Жергілікті тұрғындары: бамбара, сенуфо, сонинке, малинке, догон, диула, фульбе, т.б. этнографиялық топтардан тұрады. Мемлекеттік тілі — француз тілі. Халқы, негізінен, ислам дінін ұстанады (80%). Астанасы — Бамако қаласы. Мемлекет басшысы — президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталы ұлттық жиналыс. Ұлттық мейрамы — 22 қыркүйек — Тәуелсіздік күні (1960). Ақша бірлігі — мали франкі.

Мәскеу (метро бекеті, Алматы)

Басқа мағыналар үшін Мәскеу (айрық) деген бетті қараңыз.

«Мәскеу» — Алматы метросының соңғы бекеті. Бірінші бағытта «Сайран» және салынып жатқан «Сарыарқа» бекеттерінің арасында орналасқан. Метро бекеті 18 сәуір 2015 жылы іске қосылды. ]

Ол Алматы метросының іске қосылған «Сайран» — «Мәскеу» бөлігінің соңғы бекеті. 2011 жылғы 20 қазанға дейін бекет жобасы «Молодёжная» деп аталған.

Қазақстан Республикасының 2011 жылдың қазан айында Мәскеу Үкіметі мен Қазақстан елшілігінің келісімі бойынша, бұл бекеттер атауларын өзара алмасу туралы шешім қабылданды. Мәскеудің Братеево ауданындағы метро бекеті «Алма-Атинская» деп аталды. ]

Станция ашық тәсілмен салынды. Өтеген батыр мен Алтынсарин көшелері арасында Абай даңғылынан жоғары орналасқан.

Бекетке: Family Park демалыс саябағы, «Сары-Арқа» базары, № 2 балалар ауруханасы, Сац атындағы Балалар мен жасөспірімдер театры, «Рәш» сауда үйі, «Сары-Арқа» кинотеатры, №1 аудандық сот, Әуезов аудандық Әкімі аппараты мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің (Салық комитеті) Әуезов аудандық бөлімі жақын орналасқан.

Непал

Непал (непал. नेपाल [neˈpaːl]), ресми атауы — Федеративтік Демократиялық Непал Республикасы – Оңт. Азиядағы Гималай тауының орталық бөлігіне орналасқан мемлекет. Жер аумағы 147,2 мың км². Халқы 21,4 млн. (]]2001]]). Негізгі тұрғындары – непалдықтар. Ресми тілі – непали. Халқының 86%-ы индуизм, қалғандары будда, ислам діндерін ұстанады. Астанасы – Катманду қаласы Әкімшілік жағынан 14 аймаққа бөлінеді. Конституция бойынша мемлекет басшысы – король. Жоғары заң шығарушы органы – 2 палаталы парламент (Өкілдер палатасы және Ұлттық ассамблея). Ұлттық мерекесі 28 желтоқсан (1945) – корольдің туған күні. Ақша бірлігі – непал рупиясы.

Сайран (метро бекеті)

«Сайран» — Алматы метросының бекеті. Бірінші линияда «Алатау» және «Мәскеу»бекеттерінің арасында орналасқан.

Бекет 2015 жылдың 18 сәуір-де пайдалануға берілді. Абай даңғылы мен Брусиловский және Тілендиев көшелерінің қиылысында орналасқан.. Бекет аттас суқоймасының есімімен аталған, ол бекеттен бір километр жерде орналасқан.

Сенегал

Сенегал (фр. Sénégal), ресми атауы Сенегал Республикасы (фр. République du Sénégal) — Батыс Африкадағы мемлекет, атын елдегі өзеннің атынан алып тұр.

Батысында — Атлант мұхиты, солтүстігінде — Мауритания, шығысында — Мали, ал Гвинея және Гвинея-Бисау онтүстігінде. Ел ішінде Гамбия мемлекеті орналасқан.

Сәбит Мұқанұлы Мұқанов

Сәбит Мұқанұлы Мұқанов (13 сәуір (26 сәуір) 1900, Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі - 18 сәуір 1973, Алматы) — қазақтың әйгілі жазушысы, ақыны, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, 1936-1937 және 1943-1952 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы.

Футболдан Қазақстан Кубогы 2010

2010 жылдың Футболдан Қазақстан кубогы - кубоктың он тоғызыншы мәрте ойнатылуы.

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні - 18 сәуірде 1984 жылдан бері атап өтіледі.

1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен. Бүгінгі таңда осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар. Дүниежүзінің 122 еліндегі 754 тарихи құндылық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. 2003 жылы осы тізімге еліміздегі «Әзірет Сұлтан» тарихи-архитектуралық кешені, Алматыға таяу Тамғалы тас шатқалындағы жартастарға салынған суреттер топтамасы кірді. Қазақстанда ұлттық құндылық болып табылатын 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар.

Ямайка

Ямайка (ағылш. Jamaica [dʒəˈmeɪkə]) — Орталық Америкадағы мемлекет. Кариб тезіндегі өзі аттас арал мен оған таяу шағын аралдарда орналасқан. Жер аумағы 11 мың км2. Халқы – 2,7 миллион (2004 жылы). Халқының 77%-ы зәңгілер, 15%-ы мулаттар, қалғандары үндістер, қытайлар, еуропалықтар. Ресми тілі – ағылшын тілінің жергілікті диалектісі (“креоль”). Тұрғындары негізінен протестанттар. Ямайка – конституциялық монархия. Британ Достастығы құрамына кіргендіктен, ағылшын королевасы мемлекет басшысы болып саналады. Елді королева тағайындаған генерал - губернатор басқарады. Генерал - губернатор жанынан кеңесші орган ретінде құпия кеңес құрылған, оның 6 мүшесін генерал - губернатор (премьер - министрдің кеңесімен) тағайындайды. Жоғарғы заң шығарушы органы – екі палаталы парламент (өкілдер палатасы және сенат). Атқару билігі премьер - министр басқаратын үкімет қолында. Астанасы – Кингстон қаласы. Әкімшілік - аумақтық жағынан 3 графтыққа бөлінеді. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні, тамыздың бірінші дүйсенбісі (1962 жылы). Ямайка БҰҰ-ның (1962 жылы), Америка мемлекеттері ұйымының (1969 жылы), Кариб қауымдастығының (1973 жылы) мүшесі. Ақша бірлігі – Ямайка доллар.

Ямайканың солтүстік жағасы жартасты, түзу, оңтүстік бөлігі едәуір тілімделген. Жағалауларында маржанды рифтер түзіледі. Аралдың көпшілік бөлігін әктасты таулы қыраттар алып жатыр. Батысынан шығысына қарай жас шөгінділерден және кристалды жыныстардан түзілген қатпарлы таулар кесіп өтеді. (ең биік жері Блу - Маунти, 2256 метр) Оңтүстік және батыс жағалауы – аллювийлі ойпат. Ыссы, родондық бұлақтар көп. Пайдалы қазбалары – боксит, темір кентасы, қорғасын, марганец, гипс, әктас, мрамор. Климаты тропиктік, ылғалды. Қаңтардағы орташа температура 24 – 250С, шілдеде 280С-ға жуық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1800 – 2000 метр, оңтүстігінде 800 мм, солтүгіндегі таулы өңірлерде 5000 мм. Ара-тұра дауылдар, жер сілкінісі болып тұрады. Жауынды маусымы мамыр – маусым – қыркүйек – қазан айлары. Құрғақ маусымы қаңтардан сәуірге дейін. Ірі өзені – Блэк - Ривер, төменгі ағысында кеме жүзеді. Аралдың орталығында және таудың солтүстік - шығыс беткейінде мәңгі жасыл тропиктік орман өседі. Жазықта саванна өсімдігі басым. Жері күлгінделген қызыл (тауда), қызыл қоңыр топырақты (жазықта). Жарқанаттар, жыландар, үй қояны, қолтырауындар мен ламантиндер, тасбақа, игуана кесірткесі, мангустар, майндар, құстардың 256 түрі (оның 46 түрі тек осы жерде ғана) мекендейді. Хелтшир-Хилс фауналық резерваты, ландшафты және орманды қорықшалар, 2 теңіз саябағы ұйымдастырылған.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.