Ұлы жүз

Ұлы Жүз — қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық және мәдени бірлестігі.

Жері жапсарлас әдет-ғұрпы

Тірлігі ұқсас әрі туыстас Жетісу тайпалары кіретін Ұлы Жүз бірлестігінің қалыптасуы ұзақ жылдарға созылды. Олардың ежелгі мекені Жетісу көне мәдениет орт. болатын. 14 — 15 ғ-ларда бұл тайпалар Моғолстан мемлекетінің құрамында біртұтас этн. бірлестікке біріге бастады. 15 ғ-дың 2-жартысында Жетісуда Қазақ хандығының құрылуы Ұлы Жүз бірлестігінің қалыптасуын тездетті. Осы кезден бастап бұл бірлестікке қазақ жеріндегі қилы-қилы тарихи кезеңдерден өткен

  • жалайыр
  • қаңлы
  • албан
  • суан
  • дулат
  • шапырашты
  • сіргелі
  • шанышқылы
  • ысты
  • ошақты
  • сарыүйсін
  • қатаған тайпалары ене бастады. Бұл тайпалардың басым бөлігі б.з.б. 1 ғ-да Жетісуда, Шығыс Түркістан, қазіргі Қырғызстан жерінде құрылған үйсін мемлекетінің құрамында ерте темір дәуірінде тіршілік еткен болатын. Үйсін мемлекетінде үйсіндермен туыстас (юечжи, т.б.) бірқатар тайпалар тіршілік етті. Н.Я. Бичурин, Г.Е.Грумм-Гржимайло сынды ғалымдардың еңбектерінде үйсіндер құрамында дулұ тайпасы өмір кешкені айтылады. Бұл мемлекет Қытаймен тығыз дипломат. қатынастар орнатып, алыс-жақын елдерге кеңінен танылды. Белгілі зерттеуші Н.Мыңжанұлы “б.з.б. 3-ғасырдан заманымыздың 10-ғасырына дейінгі 1200 жылдық Үйсін тарихында, Үйсін күнбилері әулетінің тек он ұрпағы жөнінде ғана нақты дерек сақталғанын” айтады. Халқымыздың автохтондық концепциясын қолдайтын ғалымдар көне үйсіндердің қазақ этносында маңызды рөл атқарғандығын жазады. Мұны Қытай ғалымдарының басым бөлігі мақұлдайды.

Түркітанушы-археолог А.Досымбаеваның мәліметтеріне қарағанда, Жетісу жеріндегі үйсін және түркі дәуіріндегі археол. ескерткіштер кешені өзара тығыз байланыста дамыған. Оны жазба дерек көздері де растайды. “Таң патшалығының көне тарихы. Түрік шежіресі” атты тарихи дерек көзінде “Теле … қатарлы елдер бағынғаннан кейін, олардың халқы дулат, нүшбе, қарлық, шиуо, шымыр, обырларға араласып, сіңісіп кетті” деген жолдар бар. Бұл өз кезегінде Түрік қағандығының құрыла бастаған кезіндегі саяси жағдаймен этн. қатынастарды айғақтайды.

Сондай-ақ Батыс Түрік қағандығының құрамында да Ұлы Жүзге кірген бірқатар тайпалар болды. Бұл мемлекеттің негізгі өзегін “он оқ бодон“ (он оқ халқы) деген он ірі тайпа құрады. Олар өз кезегінде бес тайпалы дулат (дұғлу) пен бес тайпалы нүшбелер (нушубилер) одағынан тұрды. Екі иеліктің шекарасы Шу өз. болды. Қытай деректемелері бойынша дулаттардың бес тайпасы — түргеш (мамандардың есептеуінше сарыүйсіндердің ата-бабалары), қойлау, чимойын(шимугін), ысты, жаныс, ал нүшбелер одағы азғыр (әскіл), қасо, барысқан (барсаған) сынды ұлыстардан немесе тайпалардан тұрған. Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан аумағында болған мемлекеттерде Ұ. ж. құрамына енген көптеген ру-тайпалар болғандығы белгілі. Мыс., жоғарыда аталған тайпалар арасынан түргештер күшейіп, кейіннен Түргеш қа-ғандығын құрады. Кейіннен бұл мемлекетті қарлұқтар бағындырады. Қарахан мемлекеті тұсындағы жазба деректемелерде де кейіннен Ұ. ж. құрамына енген ру-тайпалардың атаулары кездеседі. Жетісуда қарақытайлар (қидандар) үстемдік құрған кезде мұндағы бірқатар ру-тайпалар солардың билігін мойындады. Кейіннен қидандардың өздері түркі халықтарына сіңісіп кетті. 13 ғ-дың бас кезінде Шыңғыс хан бастаған түркі-моңғол тайпаларының шапқыншылығы кезінде Ұ. ж. тайпаларының құрамы жалайырлар есебінен толықты. Шыңғыс ханның басты әскери күштерін бірі болған жалайырлар осында ілкі замандардан бері мекендеп келе жатқан ру-тайпалармен біте қайнасып, араласып кетті. Жергілікті билеушілердің (Күшлік ханның) діни озбырлығына наразы болған ру-тайпалардың біразы Шыңғыс хан әскерлерін азат етуші ретінде қарсы алды. Біраз бөлігі оның әскеріне қосылып, Хорезмді жаулап алу соғыстарына қатысты.

Шыңғыс ханның Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуы (1219 — 1221) және ол жерлерді ұлыстарға бөлуі нәтижесінде Ұлы Жүзді құраған ру-тайпалардың этн. аумақтары ішінара Жошы мен Шағатайға берілді. Ұ. ж-ге кірген тайпалардың басым бөлігі Шағатай ұлысының аумағында тіршілік етті. Ол ыдырағаннан кейін Моғолстан мемлекетінің құрамында өмір сүрді. Бұл мемлекетте дулат тайпасының әмірлері ұлысбегі лауазымын иемденіп, әскери және әкімш. билікті өз қолдарында ұстады. Ұлысбегілер өздері қалаған адамды хан сайлап, ұнамағандарын тақтан түсіріп отырды. Моғолстан мемлекетінде Ұлы Жүздің шоғырлану үрдісі зор қарқынмен жүріп, ортақ тіл, мәдени дәстүр қалыптасты. 15 — 16 ғ-ларда қазақ жүздері, негізінен үш мемлекет аумағында Ноғай Ордасынан бөлінген тайпалардан Кіші жүз, Әбілхайыр хандығынан бөлінген тайпалардан Орта жүз, ал Моғолстанда Ұлы Жүз қалыптаса бастады. Бірақ бұл процесс Қазақ хандығы құ-рылғаннан кейін 17 ғ-дың 2-жартысында ғана толық аяқталып, қазақ халқы қалыптасты. Сөйтіп, ұзақ жылдарға созылған кірігу нәтижесінде қазақ халқының этн. аумағы қазіргі Қазақстан Республикасының аумағын толық қамтыды. Қазақ халқын құраған негізгі үш бірлестіктің бірі болған Ұлы Жүз қазақтары егін ш-мен және мал өсірумен айналысты, көрші елдермен сауда қатынасын орнатты. Ұлы Жүз құрамына енген тайпаларды халық “Ұлы жүз — үйсін” деп атады. 1643 ж. Жоңғар қонтайшысы Батыр Ұ. ж-дің шығыс аймағының біраз жерін өзіне қаратты. 1681 — 88 ж. Жоңғар билеушілері Ұ. ж-дің Оңтүстік Қазақстандағы жерлеріне бірнеше рет шабуыл жасады. 18 ғ-дың 1-жартысында Үш жүз бірлестігінің арасында саяси және экон. байланыс нашарлап кетті. Қазақ шонжарларының әр түрлі топтары арасындағы өзара бәсекелестікті шебер пайдаланған Жоңғар билеушілері қазақ жеріне, әсіресе, Ұ. ж. тайпалары мекен еткен Іле, Сыр, Талас, Шу бойына шапқыншылығын күшейте түсті. Ақыры 1723 ж. жоңғарлар жойқын жорыққа аттанып, Ұлы Жүзді басып алды (қ. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама). Ұлы Жүз қазақтары зор шығынға ұшырап, ұлыс билеушісі Жолбарыс хан өзі билеген қазақ қауымдары мен Ташкент тұрғындарының атынан Жоңғар хандығына тәуелділігін мойындады. 1733 ж. Ұлы Жүз елшілері Аралбай мен Оразгелді Ресейге барып, сыртқы жауға қарсы күресте орыс патшасынан көмек алуға тырысты. 1734 ж. 20 сәуірде Ресей патшайымы Анна Ивановна Жолбарыстың атына арнайы грамота жолдады, бірақ Ұлы Жүз бен Ресей арасы шалғай болғандықтан саяси байланыстар тоқтап қалды. 19 ғ-дың 1-жартысында Ұлы Жүзге қараған оңт. аудандарды Қоқан хандығы басып алды. Әулие-Ата (Тараз), Сайрам, Шымкент, Түркістанды мекендеген Ұлы Жүз рулары 1821 ж. қоқан үстемдігіне қарсы бас көтерді. Олар Шымкент пен Сайрамды бағындырғанымен күші басым қоқан әскерлеріне төтеп бере алмады. Қоқан хандығынан қысым көрген Ұлы Жүз қазақтары біртіндеп Ресейдің қол астына өте бастады. 1837 — 47 ж. Ұлы Жүз қазақтарының бір бөлігі Кенесеры Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісті қолдаса, келесі тобы оның жасақтарының озбырлығына қарсы шығып, қырғыздармен болған шайқастан кетіп қалды. Осыдан кейін-ақ патшалық Ресей Ұлы Жүз қазақтары аумағындағы экспанциясын күшейтті. 1849 ж. Іле мен Қаратал аралығын, Балқаш к-нің жағалауын қоныстанған 59 мың Ұлы Жүз қазақтары Ресейдің қол астына өтті. 19 ғ-дың 60-жылдарында Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталды. 1848 ж. 10 қаңтарда патша үкіметі Ұлы Жүз қазақтарын басқару үшін және Жетісу өлкесін бақылау үшін Үлкен Орданың приставы деген қызмет орнын белгіледі. Пристав Батыс Сібір генерал-губернаторлығына бағынды. Ұ. ж. қазақтары Ресейге толық қарағаннан кейін Түркістан генерал-губернаторлығына бағынды да, Сырдария облысы мен Жетісу облысын мекендеді. Бұл облыстардың шекарасы Құрағаты, Шу өзендерінің бойымен өтті. Ұ. ж-дің Жетісу облысы 1882 ж. Ақмола, Семей облыстарымен бірге жаңадан ұйымдасқан Дала генерал-губернаторлығының құрамына кірді. 1897 ж. қайтадан Түркістан ген.-губернаторлығына енді. Ұ. ж. тайпалары туралы деректер Қазан төңкерісіне дейінгі ресейлік П.И. Рычков, А.Левшин, Н.А.Аристов, В.В. Бартольд сынды зерттеушілердің шығармаларында кездеседі. Сондай-ақ М.Тынышбаев, т.б. қазақ ғалымдарының еңбектерінде Ұлы Жүзру-тайпаларының саны, т.с.с. мәселелері көтеріледі. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында Ұлы Жүз қазақтары, негізінен Жетісу облысының Қапал, Жаркент және Верный уездерімен Сырдария облысының Әулие-Ата, Шымкент және Ташкент уездерін мекендеді. 20 ғ-дың 1-жартысында болған ұлт-азаттық көтерілістерге, Азамат соғысына, ашаршылық жылдарындағы жағдайларға тап болған Ұлы Жүз қазақтары едәуір шығынға ұшырап, біраз бөлігі көршілес елдерге көшуге мәжбүр болды. Қазіргі таңда Ұлы Жүз ру-тайпаларының өкілдері тек қазақ халқы ретінде ғана танымал.

Зат Албан шанышқылы дулат жалайыр қаңлы ошақты сиіргелі суан шапырашты ысты
Ру
  • игілік-баба
  • айт
  • қоңырбөрік
  • қыстық
  • ақ қыстық
  • қызыл бөрік
  • айтбозым
  • алжан
  • жарты
  • құрман
  • сегіз-сары
  • бұқа
  • дархан
  • бесбала
  • шакқалақ
  • меркіт
  • қият
  • саңырау
  • бесұлы
  • ақбиюм
  • андас
  • арықтыным
  • байшегір
  • балғалы
  • қалпе
  • қайшылы
  • қарашапал
  • күшік
  • мырза
  • орақты
  • сиыршы
  • сыпатай
  • қара-қаңлы
  • қызыл-қаңлы
  • қапсан-қаңлы
  • сары-қаңлы
  • аталық
  • байлы
  • қоңыр
  • тасжүрек
  • айтбозым
  • аққеңірдек
  • байжігіт
  • батыр
  • елібай
  • жайдақ
  • жаңабай
  • қайшылы
  • қарабатыр
  • қарақеңірдек
  • тутаңбалы
  • шалдар
  • байтүгей
  • тоқарстан
  • айқым
  • асыл
  • екей
  • есқожа
  • шыбыл
  • теке
  • қошқар
  • орымбет
  • "жарылғап"
  • ойық
  • тілік
Ұлы жүз
Flag of the Kazakh Khanate.svg
1718 — 1822 Flag of Russia.svg
Жуз

XX ғ. басындағы көшпенді Ұлы жүздің қоныстаңған жерлері. Ұлы жүз картада қызғыл түспен белгіленген
Астанасы 17181798 Ташкент
Тіл(дер)і қазақ тілі
Халқы қазақтар
Мирасқорлық
Қазақ хандығы
Ресей империясы
Қазақстан  Қазақстан тарихы
Emblem of Kazakhstan latin

Ежелгі Қазақстан тарихы

Тас дәуірі
Қола дәуірі
Темір дәуірі СақтарҮйсіндерҚаңлыларҒұндар

Қазақстанның ерте орта ғасырлардағы мемлекеттері

Түркі қағанаты (552603)
Батыс Түрік қағанаты (603704)
Шығыс Түрік қағанаты (682744)
Түргеш қағанаты (704756)
Қарлұқ қағанаты (756940)
Қимақ мемлекеті ІХ ғ.соңы -ХІ ғ.басыОғыз мемлекеті ІХ ғ.соңы -ХІ ғ.басы

Қазақстанның дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттері

Қарахан мемлекеті (942-1212) жж.Қарақытай мемлекеті (1128-1213) жж.Қыпшақ хандығы Моңғол империясы (12061291)
Жошы ұлысы (12241481)
Шағатай ұлысы (12221370)
Орда Ежен ұлысы (12421446)
Шайбани ұлысы (1243 — ?)
Ақ Орда (XIIIXV ғғ.)
Көк ОрдаӘбілқайыр хандығы (14281468)
Ноғай ордасы (14401634)
Моғолстан (13481514)
Ташкент хандығы (15011627)

Қазақ хандығы дәуірі

Қазақ хандығы (14651847)
Ұлы жүз (17151822)
Орта жүз (17151822)
Кіші жүз (17151824)

Ресей империясы құрамындағы Қазақстан

Бөкей ордасы (18011872)

Кеңес одағы құрамындағы Қазақстан

Алаш автономиясы (19171920)
Түркістан автономиясы (19171918)
Қырғыз (Қазақ) АКСР-і (19201925)
Қазақ АКСР-і (19251936)
Қазақ КСР-і (19361991)

Тәуелсіз Қазақстан тарихы

Қазақстан Республикасы (1991—қазір)



Портал «Қазақстан»
Санат «Қазақстан тарихы»

Тағы қараңыз

Ciлтемелер :

Алжан

Алжан — Ұлы жүз құрамындағы Албан тайпасының Сары руынан тараған атаның бірі.

Сарымбет,

Шағыр,

Аламан,

Шажа болып төртке бөлінеді.1865 жылғы мәлімет бойынша 1200 түтін (үй) болған. Қазан революциясына дейін Алжан ұрпағы Албан тайпасының Басқа ру-аталарымен бірге Верный уезінің шығыс бөлігін мекендеген.

Арықтыным

Арықтыным — Ұлы жүз, Жалайыр тайпасының бір тарауы. Мекені - Іле өзенінің төменгі оң жақ жағалауы, Бақанас өзенінің бойы. Күшік, Байшегір аталарымен аралас отырады. Солтұстігінде Жалайырдың Балғалы, Андас сияқты өзге де аталарының қалың қыстаулары көршілес жатады .

Асыл

Асыл — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Ұлы жүздегі Шапырашты тайпасынан таратылады. Бұрын Верный уезінің Түрген, Кіші және Үлкен Алматы, Шапырашты, Күрті, Шамалған, Мойынқұм, Сартауқұм болыстарын мекендеген. А-дың Көрпе, Өмір деген екі ұлы болған. Бұлар Теке (ру), Төлеміс, Әжіке, Орымбет, Кеней аталатын аталарға бөлінеді.

Бозым (Ұлы жүз)

Бозым — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре деректері бойынша, Ұлы жүздегі албан тайпасынан таратылады. Бозымнан Сары, Шобал, Жаншық аталары тарайды. Ұраны —Райымбек. Таңбасы — дөңгелек.

Дархан (ру)

Басқа мағыналар үшін Дархан деген бетті қараңыз.

Дархан — қазақ халқының құрамынддағы ру. Шежіре деректері бойынша, Ұлы жүз құрамындағы шанышқылы тайпасынан таратылады. Оршақ, Шошым, Құлтума, Еңкес аталықтарына бөлінеді. Ұраны —Айрылмас. Таңбасы — қолтаңба.

Мырза руы

Мырза - Ұлы жүз Жалайырдың Шуманағынан тарайтын ру.

Шежіре бойынша Мырза Әліке, Бәйбіше, Аман деген аталарға бөлінеді. 1865 жылғы санақта Мырза 1310 түтін болған. Қазан төңкерісіне дейін бұрынғы Талдықорған облысының Қарақой, Бурақой, Дауылбай, Қайрақты, Қусақты таулы үстірттерін, Сарыкөл, Қызыл мен Тамшыбұлақ өзендері, Шарбақты сайының сол жағындағы Дастар, Жосалы, Шеладыр деген жерлерді мекендеген. Ұраны — Бақтияр. Таңбасы—тарақ.

.

Ойық руы

Ойық – қазақ халқының құрамындағы рулар бірлестігі. Шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамындағы ысты тайпасына кіреді. Ойық: Есім , Малай , Таз , Құланшы деген төрт тармаққа бөлінеді. Келесі бір шежіре бойынша ойықтан Сәтек, Көкшекөз, Қызылқұрт, Ауызүсіген аталары тараған. Ежелден ойық рулар қауымдастығына кірген рулар Жетісу, Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау өңірін, Талас, Іле өзенін бойын мекендеп келеді. Ұраны – “Жауатар”, таңбасы – көсеу (/).

Сары (Албан)

Сары — Ұлы жүз Албан тайпасының тармағы.

Шежіре бойынша Албаннан:

Сары,

Шыбыл.Сарыдан:

Сүйерқұл,

Сүйменді.Сүйерқұлдан туған 4 баланы “Төрт шам сегіз сары” деп те атайды.

Сарыдан тараған аталардан Шоған, Қожбамбет, Жарты, Досалы, Шажа, Алжан, Құрман, Қыстық, Тоқан, Баба, Жәнібек, Қара кісі, Сары, Таз деген рулар қалыптасқан. Сарыдан тараған ұрпақ 1889 жылғы санақ бойынша 10300 түтін (үй) болған. Бұлар 1917 жылға дейін қазіргі Алматы облысының Нарынқол, Ұйғыр, Кеген, Шелек ауданы, Қырғызстанның Теріскей Алатауын, ҚХР-дың Текес, Іле бойын мекендеген.

Сары қаңлы

Сары қаңлы - Ұлы Жүз Қаңлы тайпасының тармағы. Қазақ шежіресі бойынша Қаңлыдан-Қанкөжек-Келдібек. Соңғы атаның бірінші әйелі Сары бәйбішеден Сары Қаңлы Бұдан тараған ұрпақ Қазан революциясына дейін Сыр бойын, Ташкент төңірегін, Жетісуды мекен етті. Сыр бойындағылары өздерін Сары Қаңлының 5 атасынан (Ақбота, Ақынқожа,Талқожа,Омыртқа,Миям) Жетісудағылары да 5 атадан таратады. Бірақ Жетісудағы Сары Қаңлы аталарының аты өзгеше. Олар: Әлсейіт, Түрке,Шоқпар, Құйысқансыз, Шанышқылы. Бұлар туралы шежіре ғылыми жүйеге келтірілмеген.

Саңырау (Ру)

Саңырау — Ұлы жүз құрамындағы шанышқылы тайпасынан тарайтын ру бірлестігі. Шанышқылыдан айрылмас, одан үш ата тарайды: саңырау, дарқан, бектау. Саңыраудан 13 ата: бесбай, құрбақа, елеукер, жауқашты, тоқымбай, қаратұқым, жұдырық, сәрке, сасбақа, қаламыш, жантеке, жаулы, көкмойын ұрпақтары өрбиді. Саңырау – ұраны “Айрылмас”.

Тоқарыстан

Тоқарыстан - Ұлы жүз Суан тапасынан тараған ру. Шежіре деректері бойынша, Тоқарыстаннан:

Мұрат,

Орыс,

Тұрлыбек аталары тараған.Қазан революциясына дейін Жаркент уезін мекендеген. Негізгі шаруашылығы жартылай көшпелі жағдайда мал өсіріп, егіншілікпен айналысқан.

Рулық ұраны - Райымбек, Таңбасы - дөңгелек.

Тілік

Тілік – Ұлы жүздің ысты тайпасынан тарайтын ру.

Н.Аристовтың Диқанбай батырдан жазып алған шежіресінде ысты – ойық, тілік болып екі тармаққа бөлінеді. А.Нұрбеков шежіресінде ыстыдан – Жауатар. Одан ойық, тілік, көкшекөз, ауызүсіген, сәтек. Жазба деректерде тілік орта ғасырдан белгілі ру. Фахреддин Мубарәкшаһтың “Тарихында” Қазақстан жерін мекендеген көптеген тайпалар ішінде тілік те аталады. Бұл 13 ғасырдағы дерек. Тілікпен қаңлының таңбасына (көсеу) қарай М.Тынышбаев, Аристов, С.Аманжолов тілікті 13 ғасырдағы Қаңлы одағындағы ру деген пікір айтады. Бірақ бұлардан өзге көптеген зерттеушілер әрі шежіре деректері ойықтың таңбасына қарап (ОО – көз таңба) дулатпен туыстығын анықтайды. Қазан төңкерісіне дейін тілік ұрпақтары Іле бойын, Верный, Әулие-ата уездерін мекендеген. Ұраны – Жауатар, таңбасы – (көсеу).

Шыбыл

Шыбыл –

Ұлы жүз шапырашты тайпасынан тарайтын рулар бірлестігі. Шежіре бойынша Шыбылдан ораз, байыс, жәдік, ибақ, сары ұрпақтары тарайды. Басқа бір деректерде одан қарабайыс, сарыбайыс, құлжұдырық, жәдік өрбітілген. Шыбылдардың ерте кездегі мекені Шу, Талас өзендері бойы болған. Әулиеата, Сайрам маңында да тұрған. Кейіннен жоңғар хандығы талқандалып, Жетісу жаудан азат етілгеннен кейін Шыбыл руының көпшілігі қазіргі Алматы облысындағы Қарашеңгел, Ақши, Түрген, т.б. елді мекендердің аумағына көшіп келіп, мал өсіріп, егіншілікпен айналысқан.

Ұлы жүз албан тайпасындағы рулар бірлестігі. Шежіре бойынша одан – қызылбөрік (бөде), қоңырбөрік (өтей), құртқамай (боти), мамай (бойдақ) рулары өрбіген. Кейбір дерек көздерінде Шыбыл қызылбөрік (бөтей), қоңырбөрікке (өтей) бөлінеді. Зерттеушілердің көпшілігі Шыбыл атауын Махмұт Қашқари еңбегіндегі, қытай жазба деректерінде чигил (жікіл) деген көне тайпамен (7 – 12 ғасырлар) байланыстырады. Шапырашты мен албанның ішіндегі Шыбылдардың туыстығын таңбаларына қарап та білуге болады. Кейбір деректерге қарағанда, көне чигил тайпасының орталығы – шапыраштылар мекендеген Тараз қаласына жақын болды, ал өзге тобы албан рулары тіршілік еткен Ыстықкөлдің солтүстік-шығысында еді. Шыбыл жайында Жүсіп Баласағұн, Мақдиси, ас-Самани, Әбу-л-Фида, Шихаб әд-Дин, т.б. ортағасырлық шығармаларда айтылады.

Қазақ жүздері

Басқа мағыналар үшін Жүз деген бетті қараңыз.

Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.

Қазақ рулары

Қазақ рулары — қазақ халқының негізін құраушы ру-тайпалар. Бір атадан өрбіген туыстас адамдардың жиынтығы.

Ұлы жүз: Жалайырлар (110 мың), Ошақты (20 мың), Дулаттар (250 мың), Суандар (30 мың), Албандар (81 мың), Қаңлылар (әдетте шанышқылымен қосып есептеледі) (50 мың), Сары үйсіндер (10 мың), Шапырашты (60 мың), Сіргелі (40 мың) және Ысты (45 мың). Шамамен XIX ғасырдың аяғында ұлы жүз халқы 700 мыңдай болса, 1989 – 2 милиондай болған. Дулат, Жалайыр және Суандарды ұлы жүздің саны көп рулары деп атауға болады.

Орта жүз: XIX ғасырдың аяғында 1 милион 300 мың болған, ал 1989 – 3.1 милион. Соның ішінде: Арғындар 510 мың, Наймандар 430 мың, Қыпшақтар 150 мың, Керейлер 110 мың, Уақтар 60 мың, Тарақты 10 мың және Қоңыраттар 45 мың. Орта жүздің ірі рулары деп Арғындар, Наймандар, Қыпшақтар және Керейлерді айтуға болады.

Кіші жүз: XIX ғасырдың аяғында 1 милион 100 мың адам болды. Кіші жүз үш бірлестіктен тұрады: Әліұлы, Байұлы және Жетіру. Соның ішінде Әлімұлы жалпы 350 мың, Әлімның рулары Шектілер 80 мың, Шөмекейлер 100 мың, Төртқара 60 мың, Кете 60 мың, Қаракесек 25 мың және Қарасақал 15 мың құрайды.

Байұлының жалпы саны 550 мың. Байұлының ішінде: Адайлар 100 мың, Байбақтылар 40 мың, Беріштер 40 мың, Таздар 20 мың, Шеркештер 45 мың, Масқар 20 мың, Тана 25 мың, Қызылқұрт – 40 мың, Алтын – 30 мың, Жаппас – 50 мың, Ысық – 20 мың, Есентемір 20 мың, Алаша – 40 мың.

Жетірудің жалпы саны 300 мың. Соның ішінде: Табын 80 мың, Жағалбайлы 70 мың, Керейт 33 мың, Тама – 45 мың, Телеу - 20 мың, Кердері 20 мың және Рамадан 5 мыңға жуық. 1989 жылы кіші жүз шамамен 1,4 милион адам болды.

Кіші жүздің ірі рулары деп Шөмекейлер мен Адайларды айтуға болады.

Саны 200 мыңнан асатын руларды қарасақ, жалпы қазақ халқындағы ең ірі рулар деп Арғын, Найман, Дулаттарды айтуға болады.

Қалпе руы

Қалпе — Ұлы жүз Жалайыр тайпасының Шуманағынан тараған ру.

Қалпеден:

Әлмембет (Дәуетай, Бекболат, Қасаболат, Айбас),

Андағұл (Есіркеп),

Дүйсембет (Қазы, Мәске)аталары тараған.19 ғ-дың орта кезінде Қазан революциясынан бұрын қазіргі Талдықорған облысы Қаратал ауданының жерлерін мекендеген. Үраны - Айту, Таңбасы - Х (қайшылы).

Қарашапан

Қарашапан — Ұлы жүз Жалайыр тайпасының Шуманағынан тараған ата.

Қарашапан Тәңірберген, Баташы, Келмембет, Әлпендәулет, Айтқұл деген аталарға бөлінеді. Қарашапан әулеттері Қазан революциясына дейін Әулиеата, Жетісу уездерін, бір бөлігі Қаратал - Көксу бойын, Алтуайт, Қараоба тауларын мекендеген. Ұраны - Бақтияр.

Қожбанбет

Қожбанбет — Ұлы жүз Албан тайпасынан тараған ата.

Қожбанбеттен:

Ағым,

Сары,

Тілеу ұрпақтары өрбіген.Олар Қазан революцисына дейін Әулиеата, Жетісу жерлерін мекен еткен. Ұраны - Бақтияр, таңбасы - абақ таңба.

Қоңыр руы

Қоңыр — Ұлы жүз Үйсінінен Ошақты тайпасынан тараған ата. Шежіре деректері бойынша, Қоңырдан Шуылдақ, Алданар, Жамантымақ, Түлкіші ұрпақтары өрбіген. Олар Қазан революциясына дейін Әулиеата, Жетісу өңірін мекендеген. Ұраны - Бақтияр.

Ұлы жүз
Орта жүз
Кіші жүз
Ақсүйек
Жүзге кірмейді
Басқа

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.