Қыш-құмыра өндірісі

Қыш құмыра өндірісі — қыш-саз бен олардың минералды қоспаларымен араласқан қоспаны көзеші ұршығында қалыпқа келтіріп, сосын оны күйдіріп керамикалық қыш құмыраларға айналдырумен айналысатын өндіріс. Осы тәсілмен үй тұрмысында қолданатын әр түрлі ыдыстар, құрылыста қолданатын бұйымдар: кірпіш, қыш, құбыр, тақта, т.б., техникада, темір жол, су және әуе көлігінде, мүсін өнерінде т. б. кеңінен қолданылатын бұйымдар жасалады.

Podnieks Valdis Pauliņš Latgales kultūras dienās
Pottery kathmandu

Қыш құмыра өндірісініӊ технологиясы

Бұл тәсілдіӊ өнімдерін үш топқа бөлуге болады:

  • құрылыста қолданатын бұйымдар: кірпіш, қыш, құбыр, тақта, т.б. жасау
  • үй тұрмысында қолданатын әр түрлі ыдыстар, техникада, темір жол, су және әуе көлігінде, кеңінен қолданылатын бұйымдар;
  • фаянс және фарфордан жасалған бұйымдар, мүсін өнері

Жоғарыда аталған заттардыӊ бәрініӊ өндірісі технология жағынан ұқсас. Айырмашылығы — қолданылатын қыш–саздыӊ құрамы.

Қыш құмыра өндірісініӊ технологиясында алдымен қалыпқа келтіру, күйдіру, сосын өнімді шыны әшекейімен жалату сатылары болады.

Тағы қараңыз

Инженер

Инженер — инженерлік іспен айналысатын, ғылыми білімін, математиканы және өнертапқыштығын қолданып, техникалық, қоғамдық және коммерциялық проблемалардың шешімін табумен айналысатын маман. Инженерлер материалдарды (заттар), құрылымдарды және жүйелерді олардың тиімділігі, заңға сәйкестігі, қауіпсіздік мәселесі және бағасы себепті туындайтын шектеулерді ескере отырып жобалайды. Инженер сөзі латынның ingeniare ("ойлап шығару, өнертапқыштық") және ingenium ("ақыл, дарын") сөздерінен алынған.Инженердің жұмысы — ғылыми жаңалықтар және олардың адамзат қажеттілігі мен өмір сапасын жақсартуда қолданылуы арасындағы байланысты қалыптастыру.

Малагасийлер

Малагасийлер, (өз атаулары мальгаши ни, малагаси; французша мальгаш) — Мадагаскар аралының негізгі тұрғындары. Жалпы саны 10 млн-дай. Сондай-ақ Рею-ньонда, Сейшель, Комор аралдарында, Францияда тұрады. Негізгі этнографиялық топтары: мерина, сиханака, цимихети, бецилеу, бара, бецимисирака, антаймуру, антайсака, антануси, антакдруи, махафали, сакалава, везу, анталаутра, макуа. Малагасийлер этногенезінің қалыптасуы әлі толыққанды зерттелмеген. Негізінен Индонезиялық тайпалар, Шығыс Африкадан шыққан топтар, 8 — 10 ғасырларда келген арабтар, 17 ғасырдан кейін келген еуропалықтар араласып субэтникалық топқа айналған. Тұрған жерлеріне байланысты оңтүстік азиялық, экваторлық, оңтүстік еуропалық нәсілдер араласып кеткен. Малагасийлердің жартысына жуығы дәстүрлі діни наным-сенімдерді ұстанады, 10%-ы — мұсылман-сүнниттер, қалғандары — христиандар (протестанттар мен католиктер) Малагасийлер малагаси тілінің диалектілерінде сөйлейді. Әдеби тілі 20 ғасырдың басында мерина диалектісі негізінде қалыптасқан. Дәстүрлі кәсіптері: мал шаруашылығы, таро, жүгері, сорго, кофе, күріш, маниок өсіру. Кейіннен кофе, қалампыр, вениль, эфир майлы дақылдар өсіру дамыды. Металл өңдеу, ұсталық, қыш-құмыра өндірісі, күріш сабағы мен қамыстан бұйымдар тоқу, тоқымашылық, тас қашау, ағаш ою зергерлік өнер жақсы дамыған. Негізгі өсіретін малы — зебу. Малагасийлер үйлері, көбіне, бір қабатты келіп, саз кірпіштен қаланады, төбесі күріш сабағымен жабылады. Дәстүрлі ерлер киімінің ерекше түрі — белден төмен байланатын салака, әйелдер қысқа юбка — сикини, денені айналдыра жабатын ламба (мерекелік киім) киеді. Негізгі тағамдары күріш, құс еті және балық.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.