Қара теңіз

Қара теңізі (орыс. Чёрное море, түр. Kara deniz, грек. Роntos Euxenos) — мейірбан теңіз, Атлант мұхиты алабына жататын теңіз. Кіші Азия мен Еуропа аралығында жатыр. Жағалауында Түркия, Болгария, Румыния, Украина, Ресей, Грузия елдері орналасқан. Батысында Босфор бұғазы арқылы Мәрмәр теңізі мен, одан әрі Дарданелл бұғазы арқылы Эгей және Жерорта т-дерімен, солт-нде Керч бұғазы арқылы Азов теңізі мен жалғасады. Ауданы 420,3 мың км². Ұзындығы 1148 км, ені 615 км, ең терең жері 2211 м. Жағасының ұзындығы 4074 км және аз тілімделген. Батысы мен солт. батысында жағасы жайпақ, кей жерінде жыралы. Шығысы мен солт. бөлігіндегі Қырым түбегінің жағасыны таулы болып келеді. Ірі шығанақтары: Каркинит, Каламат, Днепр-Буг, Днестр. Аралдары (ірілері — Березань, Змеиный) аз. Теңізге Дунай, Днепр, Оңт. Буг, Рионн, Чорох, т.б. өзендер құяды. Қ. т. палеогеннің аяғынан неоген мен антропогенге дейінгі аралықта қалыптасты. Қалыптасуының алғашқы сатысында Каспий теңізімен біртұтас су айдыны болып, төмен плиоценнің аяғында Кауказ жотасының көтерілуінен екіге бөлінген. Қара теңіз құрлық ортасында жатқандықтан климаты континенттік. Ауаның қаңтардағы орташа температурасы: солтүстік-батысында -2.6- 3˚С, оңтүстігінде 6-9˚С, батысында -1.4˚С және солтүстігінде -25 -30˚С-қа жетеді. Жауын-шашынның орташа мөлш. 300 — 2500 мм. Тұзд. ашық бөлі-гінде 17,5 — 18,5%о, өзен-дер сағасы маңында 9 — 2%о, дейін азаяды. Суының шалқып-шегінуінен деңгейінің ауытқуы солт.-батысында 2 м-ге жетеді, Қырым жаға-сында 40 — 60 см. Өсімдік пен жануарлар дүниесі жылы әрі құрамында оттек мол судың беткі қабатында шоғырланған. Теңіз түбіндегі өсімдіктердің құрамында балдырлардың 258 түрі, 125 м тереңдіктегі қабатта фитопланктонның 284 түрі бар. Қара теңізде жануарлардың 1500-дей түрі тіршілік етеді, соның ішінде балықтың 180 түрі (қортпа, бекіре, шоқыр, хомса, тюлька, кефаль, камбала, устрица, скумбрия, т.б.), акула бар. Қ. т. жағалауындағы елдерді бір-біріме байланыстарын үлкен су жолының бірі.

Sudak vlasenko
Судак бухтасы
Қара теңіз
Ғарыштан көрінісі
Ғарыштан көрінісі
Сипаттамасы
Ауданы422 000 км²
Көлемі555 000 км³
Жағалау сызығының ұзындығы3400 км
Тереңдігі2210 м
Орташа тереңдігі1240 м
Суды жинау ауданы2 млн аса км²
Орналасуы
43°17′49″ с. е. 34°01′46″ ш. б. / 43.2969° с. е. 34.0294° ш. б.   Координаттар: 43°17′49″ с. е. 34°01′46″ ш. б. / 43.2969° с. е. 34.0294° ш. б.   
Blue pog.svg
Қара теңіз

Ірі порттары

Трабзон, Сино, Самсун (Түркия), Бургас, Варна (Болгария), Констанца (Румыния), Одесса, Ильичевск, Николаев, Севастополь, Керчь (Украина), Новороссийск, Туапсе (Ресей), Поти, Батиму (Грузия). Теңіз жағалауы рекреациялық мақсатқа пайдаланылады.

Iрі курорттары

Варна, Одесса, Еупатория, Ялта, Сочи, Гагра, Сухуми, Батуми, т.б.

Black-Sea-NASA
Қара теңіз сипаттамасы
Артвин

Артвин — Түркияның солтүстік-шығысындағы ил.

Археология

Археология — тарих ғылымының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы.

Басты зерттеу нысаны алғашқы қауымнан, ерте заман мен орта ғасырлардан қалған материалдық ескерткіштер: еңбек құралдары, қару-жарақ түрлері, мекен-жай, қоныстардың, керуен сарайлар мен әскери бекіністердің жұрты, үй-іші заттары, зираттар, обалар, т.б. Бұл заттар ғылымда археологиялық ескерткіштер деп аталады. Олар топыраққа көміліп, жер астында қалып, қалалар мен бекіністердің қираған орындарында бірнеше қабаттардан тұратын төбелер пайда болады. Мұндай қатпарлар археологияда мәдени қабаттар деп аталады. Қазақстан жеріндегі ең үлкен қала болып есептелетін Отырардың мәдени қабатының биіктігі 18 м. Кейбір обалардың биіктігі 20 м-ге, аумағы 100 м2-ге дейін жетеді. Қазба жұмыстары кезінде табылған материалдық деректерге ғылыми түсініктеме беру үшін археологияда антропология, этнология, геология, ботаника, зоология, палеонтология, физика, химия, топырақтану ғылымдарының зерттеу әдістері кеңінен пайдаланылады.

Археология (ол гректің archaіos – ескі, logos – ғылым деген сөздерінің қосылуынан шыққан) термині біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырда көне заманды зерттейтін ғылым ретінде (Платон) қолданыла бастағанымен, ғылыми археологиялық зерттеулер Еуропада қайта өркендеу дәуірінде ғана жүргізілді. 15 – 16 ғасырларда Италияда ежелгі сәулет өнерінің мұраларын іздеуге, 18 – 19 ғасырларда Қосөзен бойында көне мәдени мұраларды зерттеуге бағытталған қазба жұмыстары жүзеге асырылды. 19 ғасырдың 1-жартысында Ресейде Қара теңіз жағалауындағы көне грек қалаларының қалдықтары мен скиф обаларын жүйелі түрде зерттеу басталды. Қазақстан мен Орта Азияда археологиялық зерттеулер 19 ғасырдың 70-жылдарында бастау алды және олар Василий Радлов, Николай Веселовский, Петр Лерх, Василий Бартольд есімдерімен байланысты. 1920 – 30 ж. Әлкей Марғұлан, Сергей Руденко, Александр Бернштам, т. б. басқарған экспедициялар Қазақстан жерінде күрделі археологиялық барлау, қазба жұмыстарын жүргізді.

1946 ж. Қазақстан Ғылым академиясының құрамында Тарих, археологиялық және этнографиялық институты, ал 1991 ж. археология бөлімі негізінде жеке Археология институты (1973 жылдан археология мұражайы жұмыс істеді) құрылды. Ол республикадағы археологиялық зерттеулердің орталығына айналды. Орталық Қазақстанда қола дәуіріне жататын Беғазы, Ұлытау, Беласар зираттары, Атасу, Бұғылы, т.б. қоныстар зерттелді. Жетісуда Бесшатыр, Кеген маңында табылған обалар сақ-скиф мәдениеті жөнінде көптеген мағлұматтар берді және олардың Алтай мен Днепр бойында кездескен скиф обаларымен «туыстас» екендігі дәлелденді. Оңтүстік Қазақстанда палеолит қоныстары тыңғылықты зерттеліп, оның Андронов мәдениетінің негізгі аймақтарының бірі болғандығына ғылыми тұжырым жасалды. Солтүстік Қазақстанның қола дәуірінің хронологиялық классификациясы жасалды. 1970 жылдан Қазақстан мен Орта Азияның мәдени орталықтарының бірі болған Отырар алқабының ескерткіштерін зерттеу қолға алынды. Шығыс Қазақстандағы Шелекті сақ обаларындағы, Жетісудағы Есік қорғанында, қала мәдениеті жөнінде мол мағлұмат берген Отырар мен Құйрықтөбеде жүргізілген қазба жұмыстары қазақ халқының көне және орта ғасыр кезіндегі тарихы, тайпалар мен ұлыстардың материалдық мәдениетінің сабақтастығы жөнінде дәйекті ғылыми тұжырымдар жасауға негіз қалады.

Гиппократ

Гиппократ (Ἱπποκράτης) – ежелгі грек дәрігері, көне медицина реформаторы. Ол Ежелгі Грекияның Кос аралында біздің заманымыздан бұрынғы 460 ж. туып, 377 ж. (басқа мәліметтер бойынша 356) Фессалияда дүние салған. Гиппократ Грекияда, Кіші Азияда, Ливияда, сондай-ақ Қара теңіз жағалауындағы сақтар арасында болып, Азия және Мысыр халық медицинасымен танысқан: ол науқасты емдегенде, аурудың пайда болу жолдары мен негізгі даму кезеңдерін анықтау керек екенін айтып, «Адамзатты табиғат емдейді.

Дәрігер – табиғаттың көмекшісі ғана» деген тұжырым жасады, сондай-ақ ауыр халде жатқан науқастың кейпіне сипаттама да берген, оны медицинада «Гиппократ кейпі» (Facіes Hіppokratіca) деп атайды. Гиппократ жараны таңу, буын шығуын және сүйек сынуын, геморройды, т.б. жараны емдеу әдістерін тапқан. «Гиппократ анты» деп аталатын дәрігерлік моральдік-этикалық ант мәтінін жазған. Осы еңбектеріне орай, Гиппократты «медицинаның атасы» деп атайды.

Дала

Дала — Жер бетіндегі, негізінен, шөптесін өсімдіктер, оның ішінде шым топырақтық астық тұқымдастары (селеу, қау,боз, бетеге, қоңырбас, т.б.) өсетін ландшафтық-белдемдік өңірлердің жалпы атауы. Дала жер шарының қоңыржай белдеулеріне, қара және қоңыр топырақты аймақтарға тән. Жауын-шашын мөлшеріне байланысты даланың өсімдік жамылғысы тез өзгеріп, түрленіп отырады. Дала климаты негізінен қуаң, жазда ыстық әрі құрғақ, қыста суық және желді болады. Астық тұқымдастары аралас шөптердің ара қатысына қарай дала бірнеше типтерге ажыратылады: астық тұқымдастары басым шымтопырақты кәдімгі дала; шалғынды немесе аралас шөпті дала және шөлдің шала бұтасы (көбінесе жусан) басым өсетін шөл дала. Жер бедеріне қарай ойпатты, қыратты, үстіртті және таулық жазық дала болып жіктеледі.

Солтүстік Америкада даланы прерия, Оңтүстік Америкада – пампас, Оңтүстік Азияның (Иран, Пәкстан, Ауғанстан) үстіртті жерлеріндегі даланы – дешт деп атайды. Еуразия құрлығының оңтүстік-батысынан (Пиреней түбегі) Манчжурияға дейін (солтүстік-шығыс Қытай) далалық өңірлер жиі кездеседі. Құрлықтың батысы мен шығысындағы далалардың аумағы шағын. Даланың климат жағдайы (буланудың көп болуы, жауын-шашынның аз түсуі), топырағының физикалық-химиялық құрамы, тұздылығы ағаштардың өсуіне қолайсыз келеді. Еуразияда климаттық ерекшеліктерге байланысты батыстан шығысқа қарай дала өсімдіктерінің құрамында айырмашылық байқалады. Осыған байланысты Еуразиядағы дала төмендегідей бөліктерге ажыратылады: 1) Дунайдың төменгі ағысы мен Алтай-Сауыр таулары аралығын қамтитын Қара теңіз – Қазақстан бөлігі. Бұл аймақ шығыс еуропалық орманды дала, Қара теңіз маңындағы дала, Қазақ даласы алқаптарына бөлінеді; 2) Орталық Азия немесе Даур-Моңғол аймағы. Бұл аймақ Хангай – Даур және Манчжур орманды далалары болып ажыратылады. Таулы далада өсімдіктердің жазықта өсетіндерінен басқа типтері де кездеседі. Мұндай ерекшеліктер, әсіресе, Орталық Азия тауларында байқалады. Далалар Солтүстік Америкада, Оңтүстік Америкада және Австралия құрлығында үлкен аймақтарды қамтиды. Далалардың көбісі жыртылып, егістікке айналған, қалған жерлері шабындық ретінде пайдаланылады. Көптеген елдерде табиғи дала қорықтарда ғана сақталған.

Джанхот (өзен)

Джанхот (Джангоч) — Ресейдегі өзен. Краснодар өлкесі жер аумақтарынан ағып өтеді. Өзен сағасы Қара теңіз орналасқан. Өзен ұзындығы 11 км-ді құрайды.

Ешбар Елтеріс қаған

Ешбар Елтеріс қаған (қытайша: 沙钵罗咥利失可汗 - Шаболосилиши кэхань (тақтағы есімі), жеке есімі қытайша: 阿史那同俄 - Ашина Тунъэ. Тонг шад, Ышпара Төліс-шад, Ышпара Эльтерши Шир, Толыс шад, Тонг шад (т.ж.б. – 639) ) — 634 жылдан 639 жылға дейін билік еткен Батыс Түрік қағанатының қағаны. Қара теңіз бойында орналасқан аймақты басқарған Тон жабғу қағанның інісі Баға шадтың ұлы. Шығу тегі: Істемі хан – Тардуш қаған – Янг Соух – Баға шад – Ешбар Елтеріс. Ол Нишу Дулу қаған қайтыс болғаннан кейін таққа отырған.

Зонгулдак

Зонгулдак (қала) – Түркияның солтүстігіндегі қала және аудан.

Зонгулдак илінің әкімшілік орталығы. Қара теңіз жағалауында орналасқан. Халық саны 107,2 мың адам (2005 жылғы жүргізілген санақ нәтижесі). ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалада көмір өндірілісі басталғаннан кейін қала көркейе бастайды. Түркиядағы ең үлкен көмір өнеркәсібі және қара металлургия орталығы болып саналады.

Кавказ

Кавказ (Қап тау) — батыста Қара теңіз бен Азов теңізінен, шығыста Каспий теңізіне дейін созылып жатқан таулы өлке. Солтүстігінде Кума-Маныч ойпатымен шектеледі. Оңтүстігінде шекара айқын емес – Алдыңғы Азия таулы қыраттарына ұласып жатады. Ресей, Грузия, Әзірбайжан және Армения мемлекеттері жерінде орналасқан. Негізгі бөлігі – Үлкен Кавказ тау жүйесі (Эльбрус тауы, 5642 м). Оның Солтүстік етегінен Кума-Маныч ойпаңына дейінгі жер Кавказ алды деп аталады. Оңтүстік Колхида ойпаты мен Кура ойпаты Үлкен Кавказды Кавказ сырты таулы қыратынан бөледі. Таулы қыраттың Солтүстік және Солтүстік-шығыс шеткі тізбектері Кіші Кавказ тау жүйесін құрайды, Оңтүстік ішкі бөлігі Армян (Джавахет-Армян) жанартаулы қыратына жатады (Арагац тауы, 4090 м). Кавказ – альпілік қатпарлану кезеңінде көтерілген тау. Климаты қоңыржай және субтропиктік белдеулердің шекарасындағы орнымен тығыз байланысты. Кавказдың батыс бөлігінде – қоңыржай континенттік, далалық шығысында – құрғақ, континенттік, Колхида мен Ленкорань ойпаттарында – ылғалды субтропиктік, Кура – Аракс ойпатында – құрғақ субтропиктік, биік тау бастарында – биік таулық салқын белдеулер қалыптасқан. Үлкен Кавказдағы мұздықтардың жалпы ауданы 1428 км². Өзендері Каспий т. (Кура, Сулак, Терек, Кума), Қара теңіз (Риони, Ингури) және Азов т. (Кубань) алаптарына жатады. Ең ірі көлі – Севан. Үлкен Кавказ бен Кіші Кавказдың беткейлерін орман алып жатыр (емен, шәмшат, граб, шырша, майқарағай). Одан жоғарыда субальпілік және альпілік шалғындар, Джавахет – Армян таулы қыратында тау даласы қалыптасқан. Колхида мен Ленкорань ойпаттарына ылғалды субтропиктік орман тән. Кавказ мұнай, газ, қара және түсті металл кендеріне, минералдық су көздеріне бай. “Севан” ұлттық саябағы және бірнеше қорықтар бар. Кавказдың курорттық маңызы зор және альпинизм мен туризм дамыған аймақ.

Кіші Азия

Кіші Азия (түр. Anadolu — Анадолы) — Азияның батыс бөлігіндегі түбек, қазіргі Түркия аумағының ортаңғы бөлігі. Анатолия деп көбінесе Түркияның азиялық иеліктерін атайды (еуропалық иеліктері — Румелия).

Грек тілінде Анатолия атауы (көне грекше: ἀνατολή) күн шығыс, шығыс мағыналарын білдіреді.

Лавр жапырағы

Лавр жапырағы — мәңгі жасыл болып тұратын лавр ағашының не бұтасының кемірілген жапырағы. Кавказдың Қара теңіз жағалауында, Қырымның оңтүстік жағалауында өседі. Ас дайындағанда оның қысқа бүршікті, хош иісті және ашқылтым дәмді жасыл жапырақтары аса бағалы. Лавр жапырағын жабық ыдыста құрғақ жерде сақтау керек. Ол тағамға өзіндік дәм, иіс береді. Оны сорпаға, қой, сиыр еттеріне, фаршталған балыққа, маринадқа, соусқа қосады. Әдетте лавр жапырағын сұйық тағамдарға су не 5 минут, қою тағамға 10 минут қалғанда салады. Лавр жапырағын салған тарамды көп қайнатса, қышқылтым дәм пайда болады..

Молдова

Молдова, Молдова Республикасы (молд. Moldova, Republica Moldova

) — Оңтүстік-Шығыс Еуропада орналасқан мемлекет. Жер көлемі 33,7 мың км². Халқы 4,43 млн. адам. Астанасы – Кишинев қаласы. Ресми тілі – молдован тілі. Негізгі халқын молдовандар құрайды (70%). Сонымен бірге, украиндар, орыстар, гагауздар, еврейлер, болгарлар, т.б. тұрады. Негізгі ұстанатын діні – христиан дінінің православие тармағы. Мемлекет басшысы – Президент. Үкімет басшысы – премьер-министр. Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы парламент (Жоғарғы кеңес). Ақша бірлігі – лей. Ұлттық мейрамы – 27 тамыз — Тәуелсіздік күні.

Шығыс Еуропа жазығының Днестр мен Прут өзендері аралығында орналасқан. Жері жоталы, жазықты келеді. Орталығын Кодра қыраты алып жатыр. Ең биік нүктесі – Баланешты тауы (429 м). Днестр өзенінің оң жағалауы – Днестр маңы қыраты (биіктігі 250 – 345 м), сол жағалауы – Подоль қыратының қиыр шеті және солтүстігінде Солтүстік Молдовия жазығына ұласады. Молдованың оңтүстігіндегі Оңтүстік Молдовия жазығы Қара теңіз маңы ойпатына жалғасады. Климаты – қоңыржай континенттік; қысы қысқа, қары жұқа, жазы ұзақ, ыстық келеді. Жаздағы орташа температура 22°С (шілде айында 40°С-қа дейін), қыстағы орташа температура –3 – 5°С (қаңтар айында –30°С-қа дейін). Жылдық жауын-шашын мөлшері 370 – 500 мм. Өзендері – Қара теңіз алабына жатады. Ірі өзендері – Днестр (Молдова жеріндегі ұзындығы – 657 км), Прут (Молдова жеріндегі ұзындығы – 695). Ірі көлдері – Белеу, Драчеле, Ротунда және т.б. Кеме қатынасы жақсы дамыған. Аумағының 75%-ы қара топырақты, 9%-ы орманды алқап болып келеді. Әктас, гипс, шынылық құм (әйнек), мұнай-газ, т.б. табиғи байлықтар бар.

Неоген кезеңі

Неоген кезеңі - кайнозой эрасының ұзақтығы 24,6 млн. жылмен өлшенетін екінші (ортаңғы) геологиялық кезеңі. Бұдан 23 — 1,6 млн. жылдар бұрынғы уақыт аралығын қамтыған.Неогенген терминін австрия ғалымы М.Гернес енгізген (1853). Неоген миоцен және плиоцен бөлімдеріне жіктеледі. Миоценнің төм. және ортаңғы бөлімдері теңіздік шөгінділерден, ал жоғарғы бөлігі гипсті жыныстардан құралған. Плиоцен горизонттарының төм. бөлігі саздардан, жоғ. бөлігі құмды жыныстардан құрылады. Жерорта теңізі бойындағы (Италия, Грекия) плиоцен жыныстары құрамында жанартаулық жыныстар мол тараНеогенн. Мұхитпен кейде қосылып, кейде одан бөлінген Қара теңіз бен Каспий теңізі аймақтарының тұйық алаптарындағы төм. және ортаңғы миоценнің бөліктері майкоп сериясының саз қат-қабаттарының жоғарғы бөлігінен құралған. Плиоцен басында Қара теңіз бен Азов теңіздері орнында Каспийден оқшау орналасқан, суы тұзды Понт, кейін Киммерий көлдері болды. Бұл кезде Кавказда континенттік және жанартаулық жыныстар жиылды, Оңтүстік-Батыс Азияда континенттік тұнбалар, Индонезияда теңіздік, континенттік, жанартаулық жыныстар шоғырланды. Жер тарихында. алып жас таулардың (альпі қатпарлықтары) көтерілген, ұлғайған, теңіз айдындарының сарқылып, шаралары шөгінділерге толған кезеңі. Неогеннің аяғында континенттер мен мұхиттар осы күнгі қалпына келді. Неогеннің теңіздік шөгінділері Қазақстан жерінде Арал, Каспий теңіздерінің маңында ғана кездеседі. Неогеннің континенттік шөгінділері Тұран плитасы мен Тянь-Шань аймағын, т.б. өңірлерді алып жатыр. Неоген ағымында дала, орманды дала, тайга және тундралық өсімдіктер пайда болып, кеңінен дамыды. Құрлықтағы организмдердің құрамы қатты өзгерді. Сүтқоректілер фаунасы айтарлықтай өзгеріске түсті. Қазіргі жыртқыштар, тұяқтылар мен тұмсықтылардың жаңа түрлері пайда болды. Мысалы, миоценде аю, гиена, құндыз, ит, борсық, мостодонт, мүйізтұмсық, қой пайда болса, ал плиоценде күзен, піл, гиппопотам, бұғы, гиппарион үш тұяқты жылқы (плиоцен соңында олар осы күнгі жылқы түріне айналды)] пайда болды. Қазақстанның, Еуропаның жоғарғы миоцен түзілімдерінде қазіргі шимпанзелерге ұқсас маймылдар – дриопиктердің қалдықтары табылған; мергель, әктас қабаттары бар малтатас, құм, қиыршықтас, саз жыныстары көп тараған. Кен байлықтардан мұнай мен газ (Парсы – Месопотамия мен Кордильера – Анд, Иран, Сахалин, т.б.), көмір кен орындары (барлық құрлықтарға таралған), темір кен шоғырлары (Керчь), т.б. әр түрлі тау жыныстары кездеседі.

Сарматтар

Сарматтар — б.з.б 8 ғ.- б.з. 8 ғ. Қазақстанның батыс өлкелерін, оңтүстік Орал алқаптарын мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа қарай өтіп, солтүстік Қара теңіз өңірлерін жайлаған тайпалардың шартты атауы. “Сарматтар”, “Сарматия” сияқты атаулар антик дәуірінің жазба деректерінен келген және көптеген тайпалар мен олардың одақтарына таңылатын жалпылама ұғым болып табылады.

Сочи

Сочи — Ресей Федерациясындағы қала-курорт, Краснодар аймағындағы Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағалауында (Ресейлік Қара теңіз жағалауы), Мәскеуден 1700 шақырым қашықтықта орналасқан.

Красная Поляна қала типті ауылымен және Бас Кавказ Жотасының оңтүстік беткейлерінде орналасқан тұрғылықты пункттермен бірге Сочи қала-курорты муниципалдық құрылымын құрайды, бейресми атауы Үлкен Сочи. Ресей Федерациясының ең үлкен қала-курорты, маңызды транспорт желісі, сонымен қатар Қара теңіз жағалауының ірі экономикалық және мәдени орталығы болып табылады.

Бейресми түрде Ресейдің жаздық, оңтүстік және курорттық «астанасы» деп аталады. 2012 жылы Forbes журналы Сочи қаласын Ресейдегі бизнес жүргізуге ең қолайлы қала деп атады.

Сочи қаласының тұрғылықты халық саны – 399673 адам (2014), Сочи қала-курорты муниципалдық құрылымының – 473206 адам. Халық саны бойынша Сочи Оңтүстік федералдық округінде Ростов-на-Дону (1109835), Волгоград (1017985), Краснодар (805680), Астрахань (530863) қалаларынан кейін 5-ші орынды алады және Ресей бойынша 49-шы орын алады. Қара теңіз жағалауындағы қалалар арасында Одесса, Самсун қалаларынан кейін 3-ші орын алады.

Сонымен қатар Ресейдің ең ұзын қаласы болып табылады.

2007 жылы Сочи XXII қысқы Олимпиада ойындарының астанасы болып таңдалды. 2009 жылы 15 қыркүйекте Сочи Олимпиадалық қалалардың әлемдік одағына мүше болып қабылданды.

Олимпиадаға дайындық барысында қаланың және оның инфрақұрылымының дамуына 500 млрд рубль жұмсалды.

Түркия

Түркия (түр. Türkiye), ресми аталуы Түркия Республикасы (түр. Türkiye Cumhuriyeti) — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-ші орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 80.810.525 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара, Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен және Армениямен, батысында Болгариямен, Грекиямен, оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.

Қамал

Қамал , қорған (Крепость) -қоршауда қалған жағдайда ұзақ соғысуға қажетті барлык жабдықпен жабдыкталған және қаруланған тұрақты гарнизоны бар, әскери жағынан маңызды мәні бар бекініс пункті (бекіністі қала). Қамал Құрлықтық және теңіздік (теңіз жағалауындағы) болып бөлінеді. Алғашында камалдар жер, тас, ағаш сияқты қарапайым қоршаулармен қоршалған елді мекендер болған. Құл ұстайтын мемлекеттердің қалалары қамал болып саналатын (Карфаген, Визаңтия, Рим және басқа) қамал-қалалар, сондайақ Орта Азияда, Кавказда, Солтүстік Қара теңіз жағалауларында кеңінен тараған. Ежелгі қамалдар жан-жағы домалақ немесе шаршы мұнаралар ұстап тұрған қабырғалардан тұратын көп бұрыш сиякты соғылган. Қабырғаларының биіктігі 9-10 метрге дейін жететін, ал қалыңдығы биіктігінің 1/3 бәлігі болатын. Қабырғалардың үстіңгі жағына тістер мен амбразуралар салынған. Қабырғаның барлық периметрінен жаппай атыс жүргізуге болады. Мүнараларының биіктігі кабырға биіктігінен 1,5-2 есе артық болатын. Артиллерияның шығуына байланысты (14 ғасыр) қабырға биіктігі кысқарып, қалындығы үлкейе бастады. 16-17 ғасырларда мұнаралар бес бұрыш формалы-бастиондармен ауыстырылды да, ол 19 ғасырға дейін қолданылды. 19 ғасырдың аяғында бризантты жарылғыш заттар мен снарядтардың шығуына байланысты қамал кұрылысына бетон мен

сауытты конструкциялар колданыла бастады. Бірінші дүниежузілік Соғыстың алдында камалдар үлкен және кіші (маневрлі) болып бөлінді.

Қыпшақ даласы

Қыпшақ даласы немесе Дешті Қыпшақ (парсыша: دشت قپچاق‎) — Алтай тауларынан Дунай өзеніне дейін, Балқаш көлінен Қара теңіздің батыс жағасына дейін кең жайылған, бір жағынан славяндармен, бір жағынан қытайлықтармен, бір жағынан сібір тайпаларымен, бір жағынан Кавказ халықтарымен, бір жағынан тілдес оғыз және қарлұқ мемлекеттерімен шектесетін дала аумағындағы жерлерін атауы.

Бұл қазіргі Қазақстанның территориясына (негізінде Сарыарқа даласына), Еділ мен Донның арасындағы, Солтүстік Кавказдағы, оңтүстік Ресейдегі территориясына, Украинаның далаларына, Каспий менен Қара теңіз маңындағы жерлеріне, славяндармен шектесетін Днепр, Днестр, Дунай өзендерінің төменгі ағымдағы жағалауына, тіпті Венгрия (Мажарстан) даласына сәйкес жерлер.Сол даласында тек қыпшақтар ғана тұрмаған, қыпшақтарға жақын басқа түркі тайпалары тұрған (негізінде көшпенділер болған, бірақ аз-кем отырақты мәдениеті, өркениеті де дамыған еді), бірақ қыпшақтар ең күшті және ең үлкен тайпасы болғандықтан сол далаларын «Қыпшақ даласы» деп атаған. Парсы жазбаларында «Қыпшақ даласын» — «Дешті Қыпшақ» деп атаған, Ресей және Қазақстан тарихшылары бұл терминді әлі де пайдаланады. Көне орыс жазбаларында «Қыпшақ даласын» — «Половецкое поле» деп атаған, ал қыпшақтарды да оларға жақын тайпаларын да «половцы» деп атаған. Тағы бір тайпасын «печенегтер» деп атаған. Печенегтер де Қыпшақ даласында тұрған, оғыздардың бір тармағы еді.

Қырым

Басқа мағыналар үшін Қырым (айрық) деген бетті қараңыз.

Қырым түбегі, Қырым (қырымтатарша Qırım yarımadası, Къырым ярымадасы; укр. Кримський півострів; орыс. Крымский полуостров; сондай-ақ тарихи атауы – Таврика түбегі) — Еуропаның оңтүстігіндегі түбек. Ауданы 25,5 мың км².

Қара теңіз, теңіздерімен Перекоп мойнағы арқылы Шығыс Еуропа жазығымен ұштасады. Солтүстік бөлігі — жазық дала, оңтүстік жағы — Қырым таулары, лакколит жыныстар шоғыры (Аюдаг), ежелгі жанартаулық массивтер (Карадаг) кездеседі. Кен байлықтарынан темір кентасы, тұз, әктас, мергель, т.б. бар. Түбекте карсты үңгірлер көптеп кездеседі. Солтүстік бөлігінің климаты қоңыржай, жылы, оңтүстік жағалауында жерортатеңіздік. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 — 1200 мм. Өзендері шағын, көлдері (Қызыл, Саки, Акташ, т.б.) тұзды. Солтүстік жағы қызыл қоңыр, орталық және оңтүстік бөлігі қара топырақты. Емен, шамшат, қарағай, оңтүстік жағалауында мәңгі жасыл ағаштар өседі. Оңтүстік жағында Ялта, Мисхор, Алупка, Алушта, т.б. курорттар орналасқан. Басты қалалары — Симферополь, Севастополь, Керчь. Қырым түбегін адамзат палеолит дәуірінен бастап қоныстана бастаған. Мұнда ежелгі дәуірлер мен орта ғасырларда өткен ірі тарихи оқиғалар Еуразиядағы саяси, мәдени процестерге өз әсерін тигізді.

Үңгір

Үңгір — жер асты суларының әрекеті нәтижесінде утас, доломит, тас тұзы, гипс сияқты тез еритін шөгінді жыныстардың тараған ауданында пайда болатын көлемі әр түрлі жер асты қуыстары: гипс пен әсіресе тас тұздары кездесетін жерлерде пайда болған үңгірлер көбінесе кішкене болып келеді де, мәңгілік сақталып тұрмайды, себебі төбесі әлсіз болып құлап қалады. Ең ірі үңгірлер утастар мен доломиттер тараған жерлерде пайда болады. Олардың қатарына, мысалы, АҚШ-тың Кентукки штатындағы жер жүзіндегі ең ірі Мамонт үңгірі жатады; ол бірнеше сталактитті залдар мен коридорлардан тұрады. Оның жалпы жүруге болатын бөлігінің ұзындығы 200 км-ге жетеді. Үңгірлердің дамуы өсу және толу кезеңіне бөлінеді. Өсу кезеңінде ол пайда болған жыныстардың еру процесі ұлғайып, үңгірдің көлемі үлкейеді, ал толу кезеңінде үңгір төбесіндегі жыныстың еруі мен тамшылауы нәтижесінде сталактиттер мен сталагмиттер қарама-қарсы өсіп, түйіседі де, үңгір іші бағаналармен толып бітеліп қалады. Бұл жағдай көбінесе утасты үңгірлер де кездеседі. Кейбірінде қысты күні қырау мен мұздақ пайда болады. Ондай мұзды үңгір Қырым мен Оралда кездеседі. Олардың ішіндегі көптеген ірілі-ұсақты тарамдары да бар. Мысалы, Оралдағы Сальва өзені жағасындағы Күңгір қаласынан 5 км қашықтықтағы Күңгір үңгірі. Қазіргі уақытта үңгірлерді зерттеу ісімен спелеология ғылымы айналысады.

Үңгір — тау жыныстары қабаттарындағы әр түрлі пішінді қуыстар. Олар көбінесе әктас, гипс, доломитте пайда болып, жер бетімен кіретін тесіктер арқылы байланысады. Үңгірде жер асты және атмосфера суы әкелген суы әкелген әкті туф немесе басқа материал түзіледі, қуыстар әдетте жартылай немесе толық суға толады. Түзілуі бойынша коррозиялық (карст), абраз., эроз., дефляц., постжанартаулық (лава тасқындарының бұрын газ жиналған жерлерінде), денудациялық, суффозиялық, т.б. түрлеріне бөлінеді. Көп таралғаны және өлшемдері бойынша ең үлкендері — карстық Үңгірлер. Көптеген Үңгірлер әдетте алма-кезек орналасқан тар және кең бөлмелерден тұрады. Жарылымдар бойында түзілген Үңгірлер иір пішінді келеді. Табиғатта Үңгірлердің ашық (екі жағы да ашық, кесіп өтуге болады) және тұйық (қап сияқты бір жағы ғана ашық) түрлері кездеседі. Қалыптасу сатысындағы Үңгір қабырғалары ашық болса, ал қалыптасуы аяқталғандарда әр түрлі сауыстар (сталактит, сталагмит, сталагнат, т.б.) түзіліп, қуыстарды толтыра береді. Үңгірлердің өлшемдері әр түрлі. Мәселен, Солтүстік Америкадағы Мамонт үңгірі жалпы ұзындығы 300 км-ге жуық тарамдалған күрделі дәліздер торабынан тұрады. Ірі Үңгірлер Қара теңіз жағалауында, Орал тауларында кең таралған. Үңгірлер алғашқы адамдардың тұруына қолайлы баспана болған. Мұндай Үңгірде алғашқы адамдардың мәдени ескерткіштері (әр түрлі қарулар мен еңбек құралдары, тұрмыс заттары, қабырғадағы суреттер мен бейнелер) және жануарлардың қаңқа сүйектері кездеседі. Көптеген Үңгірлер туризм нысаны. Үңгірді зерттейтін ғылым саласы үңгіртану (спелеология) деп аталады.

 
Қара теңіз бойындағы елдер

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.