Қазақстан тарихы

Қазақстан тарихы — Қазақстан аймағында адамның пайда болғаннан бастап қазіргі заманға дейінгі болған оқиғалар.

Қазақстан  Қазақстан тарихы
Emblem of Kazakhstan latin

Ежелгі Қазақстан тарихы

Тас дәуірі
Қола дәуірі
Темір дәуірі СақтарҮйсіндерҚаңлыларҒұндар

Қазақстанның ерте орта ғасырлардағы мемлекеттері

Түркі қағанаты (552603)
Батыс Түрік қағанаты (603704)
Шығыс Түрік қағанаты (682744)
Түргеш қағанаты (704756)
Қарлұқ қағанаты (756940)
Қимақ мемлекеті ІХ ғ.соңы -ХІ ғ.басыОғыз мемлекеті ІХ ғ.соңы -ХІ ғ.басы

Қазақстанның дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттері

Қарахан мемлекеті (942-1212) жж.Қарақытай мемлекеті (1128-1213) жж.Қыпшақ хандығы Моңғол империясы (12061291)
Жошы ұлысы (12241481)
Шағатай ұлысы (12221370)
Орда Ежен ұлысы (12421446)
Шайбани ұлысы (1243 — ?)
Ақ Орда (XIIIXV ғғ.)
Көк ОрдаӘбілқайыр хандығы (14281468)
Ноғай ордасы (14401634)
Моғолстан (13481514)
Ташкент хандығы (15011627)

Қазақ хандығы дәуірі

Қазақ хандығы (14651847)
Ұлы жүз (17151822)
Орта жүз (17151822)
Кіші жүз (17151824)

Ресей империясы құрамындағы Қазақстан

Бөкей ордасы (18011872)

Кеңес одағы құрамындағы Қазақстан

Алаш автономиясы (19171920)
Түркістан автономиясы (19171918)
Қырғыз (Қазақ) АКСР-і (19201925)
Қазақ АКСР-і (19251936)
Қазақ КСР-і (19361991)

Тәуелсіз Қазақстан тарихы

Қазақстан Республикасы (1991—қазір)



Портал «Қазақстан»
Санат «Қазақстан тарихы»

Қазақстан тарихы

Б. з. б. 2 млн 500 жылдан Б. з. б. 3 мың жылдыққа дейін — Тас дәуірі Б. з. б. 2 млн 500 жылдан 45-35 мың жылға дейін — палеолит. Б. з. б. 2,6 млн жылдан — 100,000 жылға дейін — Төменгі палеолит дәуірі. Б. з. б. 300 — 30 мың жыл бұрын — Орта палеолит дәуірі. Б. з. б. 50 — 10 мың жыл бұрын Кейіңгі палеолит дәуірі. Б. з. б. 10-15 мың жыл бұрын — Мезолит дәуірі. Б. з. б. 15-3 мың жыл бұрын — Неолит дәуірі. Б. з. б. 3-2 мыңжылдықтар — Мыстас дәуірі. Б. з. б. 35 / 33 — 13/11ғасырлар — Қола дәуірі. Б. з. б. XV-XIII ғасырлар — Андронов мәдениетінің кезі. Б. з. б. VIII ғ. — Темір дәуірінің басы.

Қазақстан тарихқа дейінгі кезеңде және ежелгі Қазақстан тарихы

Қазақстан тас дәуірінің кезеңдерінде

Палеолит

Палеолит- Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған және аса маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Ежелгі тас ғасыры-адам мен оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы адам жабайы өсетін дәндерді жеміс – жидектерді жинап жануарларды аулаған. Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі алғашқы тобыр-бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын-терін үшін бірлесу болды.

Ерте палеолит Қазақстан - Ежелгі палеолит – ірі-ірі үш кезеңге:

  1. Олдувэй (б.з.б. 1 млн жыл-800 мың жыл);
  2. Ашель (б.з.б. 800-140 мың жыл);
  3. Мустье (40-35 мың жыл) кезеңдерге бөлінеді.

Адам баласынының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең тас ғасыры деп аталған.

Табиғаты.

Оңтүстіктегі Үнді мұхиты жағынан жылы ауа Қазақстан жеріне келіп турған. Сондықтан Казақстанда субтропиктік ормандар болған. Осы кездегі Қазақстан жерін мекендеген жануарлар: өзен, көлдердің жағасында пілдер, шалғында жылқылар, таулы жерлерде аюлар, мамонттар, бұғылар, бизондар, тауларда арқарлар, тауешкілер т.с.с. Б.з.б. 100-80 мың жыл бұрын ауа райы қүрт өзгерген. Осы кезде Қазақстанда ұзаққа созылған ауа райының суытуы басталған. Барлық тауларды мұз басқан. Бұл суық мерзім б.з.б. 12-5 мың жылдарға дейін созылған.

Адамдары.

Қазақстан жерін ежелгі адамдар б.з.б. 800-140 мың жылдықтардан бастап мекендеген. Алғашқы адамдар Қаратау жотасы мен Қарасу тұрағында мекендеген.

  • Aлғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік.
  • Алғашқы адамдар баспанасы: табиғи үңгірлер, үңгіме қуыс, тау шатқалдары т.б.
  • Адамдар табиғаттың дүлей күшіне қарсы тұру үшін, бірігіп аң аулап тіршілік етіп қиындықты жеңу үшін топпен өмір сүрді.
Еңбек құралдары.

Ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылады. Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Тәңірқазған, Шабақты мекендерінен (5000-ға жауық тас құрал), Қазанғап шатқалы (тастан жасалған 300-ге жуық құрал), Қарасу тұрағы (тастан жасалған 1500-ға жуық құрал), Сарыарқа тұрақтары, Балқаштың Солтүстік жағалауы (ежелгі адамдардың тұрақтары) т.с.с. жерлерден тастан жасалған құралдар табылған.

Орта палеолит- (б.з.б. 140-40 мың жылдықтар). Орта палеолит дәуірі ертедегі адамның дамуымен, мәдениеті дамуының жаңакезеңі болуымен ерекшенеледі. Орта палеолитте Қазақ даласындағы жер құрылымында күшті тектоникалық (құрылу, өзгеру процестері–грек сөзі) қозғалыстар болып өтті. Соның нәтижесінде таулар, төбелер пайда болып, жерді екі рет топан су басты. Солтүстік Мұзды мұхиттың суы көтеріліп, ол Қазақстан жеріне дейін келді. Орталық Қазақстанда жер деңгейі 500 метрге дейін көтерілді. Бірнеше мың жылдардан кейін Оңтүстікте басталған мұздардың еруіне байланысты Қазақстан жерінде құмды, шөлді, суы тапшы жерлер пайда болды. Өзеңдердің қазіргі арналары қалыптаса бастады. Қазақстандағы жазық жерлер (Ертіс пен Балқаш маңы) орманды далалы, оңтүстігі көбіне жусанды, шөлді болып қалыптасты. Тянь-Шаньда және басқа да таулы жерлерде қаптал қарағай, шырша, жөке, қызыл қайың, қандыағаш өсетін болды. Қазақ даласында бірнеше хайуанаттардың түрлері болды: пілдер, жүні сирек мамонттар, жазық далада түйе, қарақұйрық, бөкендер т.б. болды.

Адамдар және олардың тіршілігі.

Орта палеолит дәуірінің адамдары– неандертальдықтар. Антропологиялық келбеті: қысқа мойынды, аса ірі тісі бар, сөйлеу қабілеті дұрыс қалыптаспаған.

Негізгі кәсібі

Негізгі кәсібі - аң аулау, терімшілік. Аңды қауым болып бірігіп, топпен аулаған. Басты ерекшеліктерінің бірі шақпақ тастарды бір – біріне үйкелеу арқылы отты шығаруды үйренді. Осы кезде алғашқы діни наным қалыптаса бастады. Ең алғашқы дін магия. Бұл арқылы өлікті бір қырына қарай жатқызып, аяғын бүгіп жерлеген.

Еңбек құралдары және археологиялық ескерткіштер.

Тасты өңдеу әдісі жетілді. Еңбек құралдары негізінен, нуклеуістен (тастан) жасалды. Пышақ, қару ретінде үшкір тас, ағаш, тері өңдеу үшін қырғыш тас пайдаланылды. Археологиялық ескерткіштер Оңтүстік Қазақстандағы Топалы шатқалы мен Қызылрысбек тұрағынан табылған заттар: үшкір тас, қырғыш т.б.

Кейінгі палеолит- Соңғы палеолит б.з.б. 40-35 мың жалдан басталып, 12-10 мың жылмен аяқталады. Бұл жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстаған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Бұл тұста адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады. Рулық қауымдар барлық жерлерде алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші ана төңірігінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық – матриархаттық дәуір деп аталды. Сонымен, аналық ру өзара қандас туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың экзогамиялық тобы болды. Соңғы палеолитте ірі хайуанаттардың азайюы адамдардың тұрмыс жағдайларын едәуір өзгертті. Енді орташа және ұсақ аңдарды аулау үшін жетілдірілген жаңа құралдар қажет болды. Аңшылар қолдарына қару алып, тамақ іздеп, ұсақ сапар шекті. Әр түрлі іске қолданылатын еңбек құралдары пайда болды. Соңғы палеолитте Қазақстан жерінде адамзат қоғамының үздіксіз ілгері дамып отырғаннын көрсетеді.

Мезолит

Мезолит (орта тас ғасыры)-(б.з.б. 12-5 мың жылдықтар). Кейінгі палеолит дәуірінен кейін орта тас дәуірі (грекше «мезос» - орта деген сөзден шыққын) мезолит дәуірі келді. Бұл дәуір тарих ғылымында өте аз зерттелгендіктен, осы дәуірдің ескерткіштері Қазақстан жерінен аз табылған.

Табиғаты.

Қазақстанның ауа райы қүрт жылынып, мұздар еріді. Шөбі, өсімдігі мол далалар сиреп кетті. Бірқатар жануарлар (мүйізтұмсықтар, мамонттар) құрып кетті, енді аңшылардың аулайтын көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, койы, үйрек болды. Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы- садақ пен жебе. Садақ пен жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Сайып келгенде бұл ежелгі адамның шаруашылық өміріндегі түбірлі өзгерістерге жеткізді. Садақ пен жебеден басқа осы кезде микролиттер- ұшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды.

Дәуірдің ерекшеліктері

Дәуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру.

Неолит

Неолит (жаңа тас ғасыры) (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар). неолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі жаңа тас дәуірі болып саналады. Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену яғни терімшіліктің орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылы мен егіншіліктің шығуы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамуы үшін орасан зор маңызды болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Өндіруші шаруашылықтың шығыу «неолиттік революция» деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге, өсіруге және іріктеуге көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін меңгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды. Неолит дәуірінде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты, бірте-бірте қиын өнделетін тастар тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпендер, дән үккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары шықты. Сонымен бірге керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады. Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды: онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар тұқымдас жағынан және шаруашылықтың түріне қарай біріккен бірнеше рулық қауымдардан тұрды. Ежелгі Қазақ жеріндегі тайпалар ақшылықпен, балық аулаумен, өсімдектерді жинаумен шұғылданды. Кейінректе (неолитте) олар мал өсіру, егіншілік және кен. өнеркәсібімен шұгылдана бастады. Адамдар мата тоқып, киім тігуді уйренді. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер сала білген.

Тұрақтар.

Арал өңіріндегі Сексеуіл тұрағында малшылар мен аңшылар тұрған. Себебі бұл жерлерде сиыр, қой, жылқы сияқты үй жануарлардың сүйектері табылған (Қостанай облысындағы Ботай тұрағы, Батыс Қазақстан Өңірінлегі Көктүбек, Темір тұрақтары және т.б.). Қазырғы уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім.

Қола дәуірі

Неолит дәуірінің өзінде-ақ байқалған шаруашылықтағы өзгерістер б.з.б. 2-ші мыңжылдықта малшылық-егіншілік экономикасының және жоғары дамыған металлургиясының қалыптасуына жеткізді. Өндіруші экономикаға көшу Қазақстан жеріндегі жағдайды түбегейлі өзгертті. Мал өсіруші тайпалар көлемді және қуатты бірлестіктер құрды; бұл бірлестіктердің құрылуына соғыс қақтығыстары да елеулі ықпал жасады. Қару-жарық жабайы аңдарды аулағанда ғана емес, сонымен бірге тайпа аралық қақтығыстарда да барған сайын жиі қолданылады. Қару-жарақ жасау біртіндеп металл өндірудің дербес саласына айналды. Андронов мәдениетіндей ескерткіштерді қалдырған даланы жайлаған малшы-егінші тайпалардың мәдениетінің орасан зор ортақтығы, біртұтастығы археологиялық материалдардан мәлім болып отыр. Кең байтақ жерге тараған бұл тайпалар, кейбір жергілікті өзгешеліктеріне қарамастан, неолит дәуіріні мәдениетінің ала-құлалығы орнына келген айқын мәдени біркелкілікті көрсетеді.

Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы

Сақтар

Ежелгі тұрғындардың кең-байтақ жерлерді игеруі, Еуропа мен Азия далаларын мекендеген тайпаларда шарушылықтың жаңа түрінің экстенсивті мал шаруашылығының қалыптасу заманы б.з.б. 1-ші мыңжылдықтың алғашқы кезеңіне жатады. Сол заманның басында-ақ Қазақстан далаларында, шөлейт және таулы аудандарында жартылай көшпелі және көшпел мал шаруашылығы шаруашылықтың негізгі, ал кейіннен үстем формасына айналды. Бұл жағдай тайпаларды көшіп-қонып жүріп тұрмыс етуге бейімдейді; Тянь-Шаньның, Памирдің, Копетдагтың, Алтайдың баурайындағы тйпалар бұрын аз мекендеген аудандарды интенсивті түрде игеруге мүмкіндік алды. Көшпелі мал шаруашылығына ауысу далалар мен шөл далаларды мекендеген тайпалардың өміріндегі ірі экономикалық дамудың және қауымдық қоғамның өндіргіш күштерінің ілгері басқан қадамы болды. Шаруашылыққа мамандану бірте-бірте қалыптасып, мал басын көбейтіп, одан алынатын өнімді арттыруға кең мүмкіндік ашты. Артық өнімді қорландырып жинауға және оны иемденуге мүмкіндік туды. Мал және мал шаруашылығы өнімдері тез арада айырбас құнға ие болып, малшылар мен егіншілер арасында айырбастың дамуы үшін жағдайлар жасалды. Б.з.б. 1-ші мыңжылдықтың басында әсіресе жылқы шаруашылығы жедел дамыды. Қырды мекендеген адамдардың атты салтмінуге пайдалануы, атты жауынгердің пайда болуы жеке аудандардың мәдени-шаруашылық томаға-тұйықтығы бұзылып, көрші және алыс тайпалармен, халықтармен экономикалық және мәдени байланыс жасалуын қамтамасыз етті. Орта Азия мен Қазақстанның осы салт атты малшылары ежелгі парсы сына жазуында сақтар деген жалпы атаумен аталған. Ғылымда сақтардың шыққан тегі мен мәдениеті туралы мәселе күні бүгінге дейін шешілмеген. Зерттеушілердің көпшілігі Сақ тайпаларының шығу тегінің автохтонды екендігін дәлелдейді. Шаруашылықтың жаңа түріне (көшпелі тұрмысқа) көшу біршама қысқа мерзімнің ішінде, тегінде б.з.б. 9-8 ғасырларда іске асырылса керек.

Үйсіндер
Қаңлы
Ғұндар

Ежелгі заман

Орта ғасырлар

Батыс Түрік қағанаты (603-704 ж.)
Түркеш қағанаты (704-756 ж.)
Қарлұқ қағанаты (756-904 ж.)
Оғыз мемлекеті (IX ғасырдың соңы - XI ғасырдың басы)
Қимақ қағанаты (IX ғасырдың соңы - XI ғасырдың басы)
Қарахан мемлекеті (942-1212 ж.)
Қарақытай мемлекеті (1125-1212 ж.)
Қыпшақ хандығы (XI-XIII ғғ. басы)

Моңғол шапқыншылығы

Қазан төңкерілісі және азаматтық соғыс

Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы нәтижесінде царизмнің құлатылуы Ресейдің саяси күштерінің орналасуын түбірінен өзгертті. Жеңген революцияның негізгі қозғаушы күшін құраған көтерілісші жұмысшылар, солдаттар, шаруалар самодержавиелік негіздері жоюмен қана қалған жоқ, ал сонымен бірге өздерінің үкімет органдарын-Кеңестерді құрды. Алдайда буржуазия мен буржуазияланған помещиктер революцияның жеңісін пайдаланып, өздерінің мүдделерін білдіретін партиялардың саяси тәжірибесіне сүйеніп (бірінші кезекте кадеттер партиясына), уақытша үкіметті құрып, билікті өз қолдарына алды. Уақытша үкімет жер-жерде, соның ішінде ұлттық шет аймақтарда да өзінің органдарын құрды. Қазақстанда үстемдігін сақтап қалу үшін және жекелеген мемлекеттік әрі үкіметтік мекемелерге демократиялық түр беру үшін Уақытша үкімет мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және ұлттық саясатын жөнді өзгертпестен, олардың аталуын ғана өзгертумен тынды. Уақытша үкімет облыстар мен уездердің басшылығына кадеттер мен эсерлер партияларына жататын бұрынғы патша шенеуніктері арасынан, сондай-ақ ұлттық-либералдық қазақ зиялыларының жекелеген өкілдерінен ("Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышпаев, А.Бірімжанов ж.б.)комиссарлар қойды.

Ақ Орда (мемлекет)

Ақ Орда - Алтын Орданың шығысындағы протоқазақтық ұлыс, кейіннен тәуелсіз мемлекет.

Дулат

Дулат, Дулу, Дулуғ, Далу, Далуғ, Доғлат - қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Дулат атауы тарихи деректерде өте ерте заманнан кездеседі. Олардың ішіндегі ең жиі ұшырайтыны – дулу (қытай жылнамасы бойынша). Оны кейбір зерттеушілер тулақ (tug-lаg), дұғлы (dug-lу) деп те атайды. Атақты шығыс зерттеушісі Н.Я. Бичурин мен Г.Е. Грумм-Гржимайлоның жазуына қарағанда, Дулаттар б. з. б. 2 ғасырында өз алдына хандық құрған (ол кезде билеушісі хан деп аталмай, «би» деп аталған), Үйсін (Усунь) тайпалар одағында дулу тайпасы да болған.

Үйсіннің гуньмосы (гуньми – күнби) қартайған шағында он ұлының үлкенін өз орнына тағайындайды. Бірақ ол көп ұзамай дүниеден қайтады. Өлерінде ол орнын өзінің тұңғыш баласына беру туралы әкесіне тілек білдіреді. Әкесі оның әрі батыр, әрі тапқыр ортаншы баласы Далуды қойғысы келсе де, көңілін қимай, уәде етеді. Қарт би тақ үшін немересі Далуды мерт етер деп ойлап, екеуіне де елімен қоса он мыңнан атты әскерді еншіге беріп, ордасы Ханқорадан (қытайша Чугу-чень, қазіргі орны Құмтөкей, Алматы облысы Кеген ауданы) біреуін Ыстық көлге, Далуды Іленің бойына қондырады. Содан Далудың еншісіне тиген ел далу [дулу (көне формасы далуғ, дулуғ)] болып аталып кетеді. Кейбір ғалымдардың пікірлеріне сүйенсек, дулулар ғұндардың құрамындағы елеулі тайпалардың бірі екен. Дулулардың бір бөлігі ғұн тайпалар одағының 434 – 453 жылдардағы көсемі Моншақ ханның баласы Аттиланың (453 ж. өлген) басқаруымен Азияны басып өтіп, Еуропаның біраз жерін басып алуға қатысады. Аттила әскерінің негізгі күші дулулар мен қыпшақтар еді. Дулулар Ұлы Бұлғария мемлекетінің де негізін қалаған тайпалардың бірі болған. Мемлекет билеушісі Құбырат хан қайтыс болған соң, хазарлар мен аландардың шапқыншылығына ұшыраған дулулардың бір бөлігі Аспарух ханның бастауымен Оңтүстік Бессарабия арқылы Дунайдың оң жағалауындағы Византияға қарасты жерлерге өтті. Олар барған жерінде Дунай бұлғарлары атанды. Жергілікті тайпаларды күшпен бағындырып, 680 ж. Аспарух басқарған бұлғар мемлекетін (қазіргі Болгария) құрды. Аспарухтың інісі Ботбай (Ботбаан) басқарған дулулардың екінші бір бөлігі хазарларға бағынып, Хазар қағанатының белді тірегіне айналады. Қағанат ыдыраған соң, Ботбай әулеті ата мекеніне оралған, сөйтіп, қазіргі Дулу тайпасының бір тармағын құраған деген де пікір бар. Ұлы Бұлғар мемлекетінің үшінші бөлігі Еділ бойымен жоғары ығысып, кейін Еділ Бұлғариясының негізін қалағаны белгілі.

Демек, ежелгі дулу тайпасы қазіргі татар, башқұрт халықтарының этникалық құрамында да болуы мүмкін. Ал ежелгі Түрік қағандының ата жұртында қалған дулулар үйсіндермен, басмылдармен (арғындар), наймандармен бірге жужандарға (түркі тілдес халық) қарашы болуды, салық төлеуді тоқтатып, 545 ж. өз алдына бөлінеді. Бұл кезде оларға Бумын хан, Истеми (Ябығу) қолбасы болды. Дулу (бертін келе дуғлат, доғлат, Д. атанған) алғашқы Түрік қағанатын құруда үлкен рөл атқарған. С.Е. Маловтың баяндауынша, Күлтегін көне түркі жазуындағы ағайынды Бумын қаған мен Истеми қаған дулу. Грумм-Гржимайлоның пікірінше, дулулар жорық жолдарында қайтыс болған батырлардың басына тас қойып, жорыққа қатысқан рулардың таңбасын салдыруды дәстүр етеді. Талдықорған қаласының солтүстік шығыс жағындағы Дауылбай тауында Дулаттың шеңбер таңбасы (қосымшаларымен қоса) шекілген тастар көп. Мұнда солармен аралас арғынның «көз» таңбасы, найманның «айқыш» таңбасы, үйсіннің «тарақ» таңбасы да кездеседі. Шыңғыстаудағы Көпмолада бұл таңбаларға қыпшақтың «әліп» таңбасы қосылған. Осы таңбалар Қу, Қойтас (Көкшетау облысы) тауларындағы молаларда да ұшырайды. Дулу ханы Истемидің ордасы көне Құяс қаласы қазіргі Алматы облысы Кеген маңында, Жалаңаш сілемінің тұсында болған. Л.Н. Гумилевтің жазуына қарағанда, Истеми өзінің бар өмірін жорықпен өткізеді. Истеми 676 ж. шамасында өлген, оның орнына үлкен баласы Қара Жұрын хан болады. Қара Жұрын қытай, жоңғарлармен алыса жүріп, Жетісу, Мауераннахрды қорғауға күш салады.

Дулу тайпасы Сулу қағанның тұсында үйсінмен одақ құрады. Сөйтіп, 709 жылдан бастап Орталық Азияны жаулап алуға кіріскен Кутейбе ибн Муслимнің Бұхара аймағынан бері қарай асуына жол бермей, 20 жылдан астам уақыт оны бөгеп, Шаш (Ташкент), Ферғана, Әндіжан, Қоқан уәлаяттарын қорғап отырады. Оның тұрақты ордасы Суяб қаласы болған. Сулу сол қалада 738 ж. сатқындар қолынан қаза тапқан. Арабтар Сулудың қайсарлығын шенеп, Абд ул-Мұзақым (Бұзақылар атасы) деп атаған. Дулулар Түрік қағандығы кезінде (6 – 8 ғасырлар) бес елге бөлініп, Жетісу өлкесінде ықпалын жүргізген. Рашид әд-Диннің айтуынша, олар Шыңғыс хан империясы дәуіріндегі ірі тайпалардың бірі болған. Көптеген тарихи деректерге қарағанда, Дулу тайпасы, әсіресе, 14 – 16 ғасырлар арасында зор ықпалға ие болған. Бұл дәуірде олардан көптеген атақты билер мен бектер шығып, әуелі Шағатай ұлысында билік жүргізеді, кейін Әмір Темір хандығының ісіне араласады. Бауырты, Бұлатшы, Хұдайдад, Камариддин, Әмірдәуіт және Әбубәкір (Шығыс Түркістан мен Жетісуды билеген), т.б. ерекше ықпалды болған. Шағатай әулетінің соңғы хандары Сейіт пен оның баласы Рашидтің кезінде Д-тар бұрынғыдай ұлыс мәселесіне қатыспай, тек әскер басы қызметін атқарған. 15 – 16 ғасырларда Дулаттардан Мұхаммед Хайдар Дулат («Тарихи Рашидидің» авторы), Махмұд Жорас, Әмір Уәли сияқты оқымысты ғалымдар шықты. Олар өз көздерімен көрген тарихи оқиғалар туралы еңбектер қалдырған. Қазақ халқының үш ұлы биінің бірі Төле би де осы Дулат тайпасының жаныс тармағынан. Қазақ шежіресі бойынша, Дулат – Ұлы жүз құрамына кіретін ірі тайпалардың бірі. Н.А. Аристовтың Ботбайдан шыққан Диқанбай батырдан (1876 ж. ө.) жазып алған шежіресі бойынша, үйсін Бәйдібектің үшінші әйелі Домалақ анадан (Нұрилә) Жарықшақ туады. Жарықшақтан Албан, Суан, Дулат болып тарайды. Дулаттан Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс тараған.

Ер Қосай (ру)

Ер Қосай - қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүз құрамындағы уақ тайпасынан таратылады. Ер Қосай-тарихта болған адам есімі. Ол Ер Көкше батырдың баласы. Ер Қосай Қаракөз, Көкшекоз, Қарабас, Қаракерей, Шоқа, Әжібек, Абрай, Бидалы, Жансары, Баржақсы, Шайкөз, Есен, Қазы, Жауқашар аталарына болінеді. Ұраны - Жаубасар. Таңбасы-бақан, ашамай

Жетімдер руы

Жетімдер — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүз құрамындағы қоңырат тайпасының көтенші бұтағынан таратылады. Ел аузындағы аңыз бойынша, Жетімдер деп әуелде әкесіз өскен Сұркиік деген жетім баладан тараған Сары, Жаппас, Құба, Тебей ұрпақтары ғана аталған. Кейін бұл атау сапар тобына біріккен руластарына да ауысқан. Сары Жетімдер, 19 ғ-дағы қазақ тарихшыларының жазуына қарағанда, көне қарлұқтардың саржетім руының бір сілемі. Бұл этноним арғын тайпасының құрамына — саржетім, жалайырға — жетімек, алшынға — саржетім, тамаға — жетімсары түрінде енген. Қоңыратқа жататын Жетімдердің сапар тобындағы Қатаған аталығы да, С.Жүсіпұлының жазуынша, кезінде Ноғай ұлысында болған осы аттас байырғы тайпадан жеткен. Қатаған тайпасы 16 — 17 ғ-лардағы әр түрлі аласапырандардан ыдырап, нәубетке ұшырап, аман қалғаны өзбек, қазақ, қырғыз, қарақалпақ құрамына сіңген. Сондай-ақ, Сары Жетімдер тобындағы Ырсымбет, Жәдік аталары қарақалпақтың қытай руы құрамында да бір-біріне туыс қауымдар ретінде белгілі. Осы деректер бір жағынан Жетімдер руының түрлі кезеңдерді басынан өткізе жүріп қалыптасқан бірлестік екенін де байқатады. Ұраны — Алатау, таңбасы — босаға.

Кердері

Кердері – қазақ халқының құрамындағы ру. Кердері руының бастапқы тарихын ғалымдар б.з.б. 2 ғ-да ғұндардың жойқын шабуылына ұшыраған юечжи елінен тарқатады. Көне Қытай жазбалары бойынша, бұрын шығыс Ереңқабырға төңірегін қоныстанған юечжилердің (оны Қытайда тұратын қазақ оқымыстылары “иүзлер” деп аударады) көп бөлігі сол үркіншіліктен Әмудария алқабына дейін ауады. Олар Қытай дерекнамасында ұлы (юечжилер) иүзлер (қ. Ақ ғұндар), ал көшіп кете алмай ата қонысында қалғандар кіші юечжилер (иүзлер) деп аталған. Әму жаққа жеткен юечжилерді Еуропа тарихшылары кидарит-ғұндар деген атпен таныды. Сол кидариттерден кердері руының атауы туындаған. Ғыл. деректер 10 ғ-да Арал т-нің Кердері теңізі аталғанын, Әмударияның екі бетінде сол аттас бір-екі қала болғанын да алға тартады.Кердерінің бір бөлігі қарақалпақтардың мүйтек тайпасы құрамына, екінші бөлігі Кіші жүздегі жетіру тайпасының құрамына енген. “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” кезінде кердерілер Аралдан Қобданың жоғарғы жағына, Електің сол жағына, Орал қ. маңына үдере көшуге мәжбүр болған. Кердеріден: Котермен, Жабағы, Смайыл, Бердімбет, Жанбас, Шағыр, т.б. аталар тарайды.Ұраны – Қожахмет, таңбасы – (Q) тостаған.Кердері – кіші жүздің Жетіру тайпасына құрамына кіретін ру. Кердерінің шығу тегі тарихи әдебиетте Хорезмнің солтүстігінде Кердері деген өз мемлекеті болған ғұн-кидариттардың тағдырымен байланысты қаралады. Кердері мемлекет кезінде күшті болған. Соның атымен 10-ғасырда Арал теңізі Кердері теңізі деп те аталған.Осы мемлекеттерің ескерткіштерінің бірі- Жанкент қаласы. Оның қалдықтары қазіргі Қазалы стансының төңірегінде. Қазақтар мен қарақалпақтардың халық болып құрылу барысында Кердерілердің бір бөлігі қарақалпақтардың Мүйтен тайпасының құрамына, ал екінші бөлігі Кіші жүз қазақтарының құрамына енген. «Ақтабан шұбырынды-алқакөл сұлама» кезінде Кердерілер Арал бойынан Қобданың жоғарғы жағына, Електің сол жағы мен Орал қаласы маңына үдере көшуге мәжбүр болған. К Е Р Д Е Р І: Котермен, Құлтай ,Жабағы ,Смайыл, Бердімбет, Жанбас т.б. аталарға бөлінеді. Кердерінің ұраны-Қожақмет.

Кіші жүз

Тағы қараңыз: Қазақ жүздері

Кіші жүз – Қазақстанның батыс аймағын мекендеген рулар мен тайпалар одағы. Қазақ халқының этникалық құрамына енеді.

Орта жүз

Тағы қараңыз: Қазақ жүздері

Орта жүз – қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық және мәдени бірлестігі. Орталық және солтүстік шығыс Қазақстанды мекендеген қазақ тайпаларының одағы болған.

Сақтар

Сақтар (сақалар) — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған.

Сиқым

Сиқым Дулат руының төрт атасының бірі (№ 3 қосымшаны қараңыз). Қазақ шежіресі бойынша, Сиқым негізінен он атаға бөлінеді: Борас (Қарақойлы), Тоғатай, Шуылдақ (Байсейіт), Буас, Құлсейіт (Қусирақ), Ақылбек, Құттыбай, Есбол (Аққойлы), Есенгелді (Аққойлы мен Қарақойлы). Түрікмендер ішінде де Аққойлы, Қарақойлылар бар. Олар XIVXV ғасырда Азербайжан мен АрменияДа билікке таласты. М. Тынышбаевтың ескертуінше, оларды да Дулаттан шыққан деп шамалауға болады. Ел аузында Борас, Тоғатай мен Буасты Байсейіт атымен атайды. Байсейіттің шын есімі Шуылдақ. Есбол мен Есенгелдінің ұрпақтарын жай ғана «Естілер» атандырған.

Шалақазақтар

Шалақазақтар, шала қазақтар (қыр. чалаказактар, орыс. шала-казахи) — татар, сарт, ұйғыр және басқа ұлт өкілдері мен қазақ қыздары арасындағы некеден тараған ұрпаққа қатысты XVIII—XIX ғасырларда қолданылған этноним (έθνος — тайпа, халық + όνυμα — есім, атау).

Қазіргі кезде — қазақ халқының қазақ тілінде сөйлей алмайтын, қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтемейтін бөлігінің лақап атауы. Бұл сөз онымен қоса әкесі яки шешесі қазақ ұлтынан болмағандарды білдіреді. Шала қазаққа қарама қарсы мағынада «нағыз қазақ» термині қолданылады. Өз тегінен толығымен қол үзгендерді «ада қазақтар» деп атайды.

Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (1925-1936)

Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (Қазақ АКСР, Қазақстан) (қаз. Qazaq Aptonom Sotsijalistik Sovettik Respublikasь, Qazaƣьstan, қаз. Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңестік Республикасы, Қазақстан) — Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы.

1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925)деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды.

ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы - алдымен Қызылорда (1920-1924), кейіннен 1927 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді..

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды.

Қазақ жүздері

Басқа мағыналар үшін Жүз деген бетті қараңыз.

Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.

Қазақстан

Басқа мағыналар үшін Қазақстан (айрық) деген бетті қараңыз.

Қазақстан ( Қазақстан [qɑzɑqˈstɑn]), толық атауы Қазақстан Республикасы ( Қазақстан Республикасы) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Бaтысында Еділдің төмeнгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан — ең үлкені.

Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде жəне батысында Ресеймен — 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады.

2019 жылдың 1 тамызында елдегі тұрғындар саны — 18 528 900, бұл әлем бойынша 64-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²).

Елдің астанасы — Астана қаласы. Мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Ресми тілі — орыс тілі.

Қазақстанның ұлттық құрамы aлуан түрлі. Хaлықтың басым бөлігін қазақтар құрайды, пайыздық үлесі — 66,01%, орыстар — 21,05%, өзбектер — 3,07%, украиндар — 1,70%, ұйғырлар — 1,44%, татарлар — 1,17%, басқа халықтар 5,56%. Халықтың 70 пайыздан астамын мұсылмандар құрайды, православты христиандар — 26%, қалғаны басқа дін өкілдері.Экономикалық көрсeткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі ЖІӨ (номинал) = $225.619 млрд (2014). Экономиканың негізгі бағыты — отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауыл шаруашылығы (егіншілік). Елдің негізгі валютасы — теңге.

1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады және халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды. 1992 жылдың 2 наурызынан бастап БҰҰ-ның толыққанды мүшесі. Сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына және Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы сияқты басқа да бірнеше халықаралық ұйымдардың құрамына кіреді.

Қазақстан кітап палатасында тіркелген кітаптар

Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы баспаларға және баспа өнімдерін шығаратын ұйымдарға, штрих белгілер (ISBN, ISSN, ISМN) беруді жүзеге асырады. Мұнда палатада тіркелген кітаптардың тізімі бар.

Қазақтар

Басқа мағыналар үшін Қазақ (мағына) деген бетті қараңыз.

Қазақтар — Орталық Еуразияны мекендейтін түркітілдес этнос және ұлт. Дешті-Қыпшақ даласын мекендеген көптеген этностар мен этно бірлестіктердің өзара араласуының нәтижесінде қалыптасты. Қазақтар ретінде Қазақ хандығының құрылуымен белгілі бола бастады. Тілдік құрылымы жағынан Түркі тілдес халықтардың солтүстік-батыс қыпшақ тобына жатады. Қазақ тілінде сөйлейдi.

Қазақтар Қазақстанмен көршілес Моңғолия (Баян-Өлгей аймағы), Қытай (Іле Қазақ аутономиялық облысы), Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан елдерінің жерін бірыңғай қоныстаған. Қазақстандағы қазақтар саны 12 млн. адам (2017 ж), әлемде шамасында 17 млн. адам құрайды.

Қыпшақтар

Қыпшақ — қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі.

Қыпшақ атауы ежелгі түркінің Шина Усу ескерткішінде алғаш кездеседі (қазақша “Қыпшақтану”). Мақмұт Қашқари еңбегі бойынша, 9 ғ-дағы Қыпшақтардың құрамына имақ, субар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрілі, т.б. рулар мен тайпалар енген. Қыпшақ Түркі қағандығы ыдырағаннан кейін алғашында Қимақ қағандығының құрамында болып, 11 ғасырда бөлініп шыққан. Қыпшақ хандығы тез арада күшейіп, Қыпшақ Орта Азия мен Шығыс Еуропаға тарала бастады. Шыңғыс хан империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын (Алтын Орда) тарихшылар Дешті Қыпшақ деп атады. 13—14 ғасырларда Қыпшақ сөзі жалпы “түркі” ұғымын алмастырып, Алтын Ордадағы саудагерлер үшін қыпшақ сөздігі — “Кодекс Куманикус” шығарылды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қыпшақ көптеген ұлыстарға бөлініп кетті. Бір бөлігі Қазақ хандығының құрамына кірді. Н.А. Аристов қазақ халқының құралу кезінде көлденең, ұзын, танабұға, қарабалық, т.б. Қыпшақ рулары болған деп көрсетсе, В.В. Радловтың айтуынша ол кезде Қыпшақ тайпасы құрамында торайғыр, түйшіке, қытайқыпшақ, бұлтың, қарабалық, көлденең, танабұға, ұзын, көкмұрын рулары болған. Қазақ шежірелерінде 92 баулы Қыпшақ деп аталады, бірақ ешқайсысында оның барлығы бірдей таратылмайды. Шежіре бойынша Қыпшақтардың өсіп-өнуі төмендегіше сипатталады: Қыпшақтардан ақтамсопы, одан құлан-қытай, одан сүлімалып, одан кебекалып, одан мүйізді сарыабыз. Мүйізді сарыабыздан қытай-қыпшақ, қарақыпшақ, сарықыпшақ, құланқыпшақ тарайды. Қазақ құрамына енген Қыпшақ шежіресі бойынша, қарақыпшақтың ірі-ірі бес атасына (ұзын, бұлтың, көлденең, қарабалық, торы) бөлінеді.

Қарақыпшақтан басқа үшеуі туралы мәлімет жоқтың қасы. Әйтсе де Қыпшақтарды Орхон жазбаларында “сір” (мүмкін “сары”), 9 ғ-да қимақтар ығыстырған кезде шары (сары) деп атаған. Бірқатар ғалымдар (Аристов, Г.Е. Грум-Гржимайло, Л.Н. Гумилев, т.б.) Қыпшақтардың сырт пішіні әуелде еуропалықтарға ұқсас болды дегенді айтады. Қазақстанда жүргізілген антропологиялық зерттеулер орта ғасырларда Қыпшақ мекендеген жерлерде моңғолдық және еур. нәсілдер аралас қоныстанғандығын көрсетеді. Сондай-ақ шежірелерде келтірілген қытай-қыпшақ атауы да ежелгі замандарда Қытаймен көршілес отырған Қыпшақтардың атауы болуы да мүмкін. Қарақыпшақтан тараған Қобыланды батыр 15 ғасырда көшпелі өзбек мемлекетін билеген Әбілхайыр ханның замандасы ретінде сипатталады. Қай өңірді жайласа да, Қыпшақ белгілі бір халықтың әр түрлі тобы есебінде ғана көрінген, бірақ бір тілде сөйлеп, бір тектес болған. Қыпшақ қазақтан басқа да түркі халықтарының (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, татар, башқұрт, ноғай, қарашай, Әзірбайжан, түркімен, балқар, т.б.) ұлт болып қалыптасу барысында елеулі рөл атқарды. Қазақ халқының құрамына енген Қыпшақ, негізінен, [Сыр бойын, Арқа өңірін, Солтүстік-Батыс Қазақстан (Ақмола, Қостанай, Торғай) аумағын мекендеді. Қыпшақтардың ұраны — Ойбас, таңбасы — екі тік сызық (ІІ, қос әліп).

Қыпшақтар — XI ғасырдың басында бұрынғы қимақ, қыпшақ және құман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әулеттік шонжарлары оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді қимыл жасай бастады, мұның өзі оларды Орта Азия мен Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекетімен тікелей белсенді қарым- қатынас орнатуға жеткізді.

XI ғасырдың екінші ширегінде қыпшақтардың әскери-тайпалық шонжарлары Сырдарияның төменгі және ортаңғы аңғарынан, Арал өңірі мен Каспий өңірі далаларынан оғыз жабығуларын ығыстыруына экономикалық та, саяси себептер де болған еді. Саяси фактор ең алдымен XI ғасырдың бас кезінде Орталық Азия тайпаларының батыс бағытында қозғалуына ұласқан сыртқы оқиғаларға байланысты болатын. Сонымен бірге қыпшақтардың өзін-әзі билеуге және өз мемлекетін құруға ұмтылған әулеттік топтардың орталықтан аулақтау сарынының маңызы аз болған жоқ. XI ғасырдың бірінші жартысында күшейген қыпшақ тайпаларының көсемдері, тегінде, жайылымдық жерлердің тапшылығына ұшырап, сонымен қатар Еділ бойы, Үстірт және Сырдарияның төменгі ағысы арқылы өтетін аса маңызды сауда жолдарын өз бақылауына алуға ұмтылған болса керек. Азияны Еуропамен жалғастырып жатқан жолдың бұл телімі маңызды баю жолдарының бірі ретінде мейлінше қажетті болатын.

Қыпшақтар билігінің Арал өңірі мен Сырдария бойындағы аймақтарға таралуына байланысты этникалық-саяси жағдайдың өзгеруіне қарай XI ғасырдың 2-ширегінің басында «Оғыздар даласы» (Мафазат әл-гузз) деген атаудың орнына «Қыпшақтар даласы» (Дешті Қыпшақ) деген атау пайда болады. Маңғыстауды, сондай- ақ оған жапсарлас жатқан аймақтарды қаратып алған қыпшақтар Қорезмнің солтүстік шегіне жақындап келді. Сол арқылы қыпшақтардың саяси ықпалы едәуір кеңейді. XI ғасырдың ортасында құмандардың негізгі бұқарасы мен билеуші тоқсоба және бұржоғлы руларының қол астындағы қыпшақ тайпаларының үлкен топтары оңтүстік орыс және Қара теніз өңірі далалары мен Византия шекараларына дейін қоныс аударған. Осы оқиғалардың нәтижесінде қыпшақ тайпаларының жері этноаумақтық екі бірлестікке: Еділ өзені бөліп жатқан Шығыс қыпшақ және Батыс қыпшақ бірлестіктеріне бөлінеді. Қазіргі Қазақстан аумағының көп бөлігі Шығыс қыпшақ ұлысы ханының билігінде болған.

Қыпшақ хандығының саяси негіздері қыпшақ және қуман тайпаларының едәуір топтарьшың Шығыс Дешті Қыпшаққа орталықтан аулақтау ниеттерімен жасаған қоныс аударуынан кейін XI ғасырдың орта шенінде едәуір нығаяды.

XI ғасырдың екінші жартысынан XII ғасырдың бірінші үштен біріне дейін қыпшақ хандарының саяси бірлігінде де біршама тұрақтылық байқалады, солардың ішінен деректемелерде ен елеулі екі билеуші — «құдіретті» билеуші және «ең үлкен құрметке ие патша» бөліп айтылады.

Бұл айтылғандар қыпшақтардың этно- әлеуметтік қауымында ерекше ықпалы бар билік иелері жоғарғы хандар болған деп санауға мүмкіндік береді.

Қыпшақ хандарының билігі әкесінен баласына мұраға қалып отырған. Елбөрілі әулеттік ру саналған, хандар солардан шыққан. Тарихшы Джузд- жани (1260 жылдан кейін қайтыс болған) қыпшақ ханының әлеуметтік руы туралы мынадай құнды мәліметтер келтіреді: жас кезінде Қазақстан аумағынан Үндістанға монғолдардан қашып барған «(ұлы) ханның асқан ұлы ұлығы», Дели сұлтанатында ол «Елбөрі ханы және имектердің шахы» ретінде белгілі болады. «Ұлық ханның әкесі де, — деп жазады одан әрі Джузджани, — Елбөрі тайпасының арасында күшті кісі болған және хан атағымен аталған», ал оның атасы Елбөрі Абарханның ұрпағы саналады. Демек, Абархан қыпшақтардың әулеттік елбөрі (елбөрілі) руының генеалогиялық негізін қалаушыдан басқа ешкім де емес.

Осыған байланысты Мақмұт Қашқаридың қыпшақтар арасындагы Табархан есімді тұлға туралы мәліметі назар аудартады. Алайда ол Табархан жөнінде ешқандай қосымша мәлімет келтірмейді. Ал барлық жағынан алып қарағанда, Табархан мен Абархан - бір адам. Осыны негізге ала отырып, Табархан (немесе Абархан) XI—XIII ғасырдың басындағы Қыпшақ хандары әулетінің алғашқы атасы болған деуге болады.

Орда деп аталған хан ордасында ханның мал-мүлкі мен хан әскерін басқарған ханның басқару аппараты орналасты. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандары ертедегі түріктердің дәстүрлерін ұстанып, екі қанатқа: ордасы Жайық өзенінде, Сарайшық қаласы орнында орналасуы ықтимал оң қанатқа және ордасы Сығанақ каласында (Сырдарияда) орналасқан сол қанатқа бөлінген. Неғұрлым күштісі он қанат болды. Дұрысына келгенде, хандықтың орталығы Торғай далаларында болса керек. Әскери ұйым мен әскери-әкімшілік басқару жүйелеріне ерекше мән берілген, өйткені олар кешпелі тұрмыстың ерекшелігін көрсететін және көшпелі тіршілік әдісі үшін ең табиғи және қолайлы болатын.

Үстемдік еткен ақсүйек топтарының қатаң иерархиялық жүйесі (хандар, тархандар, юғұрлар, басқақтар, бектер, байлар) айқын көрсетілді, сонымен қатар рулар мен тайпалар да өздерінің әлеуметтік маңызы жағынан бөлінетін. Орталық Азияның көшпелі мемлекеттерінде рулар мен тайпалардың қатаң иерархиясы қоғамдык және мемлекеттік дамудың негізгі принципі болған.

Қыпшақ хандығында мемлекеттік істер жүргізіліп, ақсүйектер көршілес және алыстағы елдердің билеушілерімен хат жазысып отыратын. Жазба деректерде қытай, үнді, ұйғыр ғұламалары мен данышпандары қатарында, қыпшақтан шыққан оқымыстылар да аталады. Қыпшақтардың мұсылман дініне тартылуы олардың мәдени-әлеуметтік дамуының жоғары деңгейін көрсетеді.

Ұлы Отан соғысы

Ұлы Отан соғысы (1941—1945) — Кеңес Одағының нацистік Алманияға және оның еуропалық одақтастарына (Мажарстан, Италия, Румыния, Финляндия, Словакия, Хорватия) қарсы жүргізген соғысы; Екінші Дүниежүзілік соғыстың ең маңызды және шешуші бөлігі.

Ұлы жүз

Ұлы Жүз — қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық және мәдени бірлестігі.

Қазақстан тақырыптарда

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.