Қабыршақ

Қабыршақ (squama) – балықтардың, бауырымен жорғалаушылардың, құстардың және кейбір сүтқоректілердің тері қаңқасының метамерлі қатты тақташықтары (пластинкалары). Қорғаныштық қызмет атқарады. Қабыршақтың пішіні мен құрылысы әр түрлі жүйеленімдік топтарда әр алуан. Қазбадан табылған жақсыздар мен балықтардың Қабыршақты – мезодермадан пайда болған сүйекті тін (дентин, сүйек), жануарлар денесінде диагональ орналасады әрі қорғаныштан басқа тірек-қозғалыс қызметін атқарады. Төменгі сатыдағы омыртқалыларда (дөңгелекауыздылар, балықтар, қосмекенділер) алғашында плакоидты Қабыршақ (шеміршекті балықтарда) пайда болып, сол қабыршақтан құрылысы күрделі сүйекті балықтардың: ганоидты, космоидты және сүйекті қабыршақтары дамиды. Балық Қабыршақтарының барлық түрі де организмнің дамуына сәйкес циклде өседі, яғни жазда, қорегі мол кезде Қабыршақта тез ұлғаяды, ал қыста қорегінің аздығынан Қабыршақ нашар өседі және жылдық сақина пайда болады. Жылдық сақиналар арқылы балықтың жасын анықтауға болады. Саусаққанатты балықтардың Қабыршақына ұқсас сүйекті қабыршақтар кейбір стегоцефалдар мен қазіргі аяқсыз қосмекенділерде (құртша, балықжылан) кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардың, құстардың және кейбір сүтқоректілердің мүйізді Қабыршақтары эпидермистің сыртқы қабатынан түзіледі. Мүйізді Қабыршақтар әдетте, түлеу арқылы жаңарып отырады. Бауырымен жорғалаушылардың мүйізді Қабыршақы кейде қайта сүйектенген терімен тұтасып кетеді де денесін түгел жабады (қолтырауын, тасбақа), құстарда – тек аяқтарында, сүтқоректілерде (қалталылар, кеміргіштер, жәндікқоректілер, т.б.) негізінен құйрығында болады. Құстардың қауырсыны мүйізді Қабыршақтың туындысы деп саналады. Сүтқоректілердің филогенезінде мүйізді Қабыршақтың орнында түк пайда болған. Денедегі қалың Қабыршақтың қайталап дамуы сауыттылар (броненосец) мен панголиндерде байқалады.

Cercophonius squama
Cercophonius squama

Термин аудармасы

Корка( лат. corticulus) — қабыршақ. Жара болған ткань қалпына келе бастағанда пайда болатын морфологиялық түзіліс.

Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі [1] [2]

Дереккөздер

  1. Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3
  2. Қазақстан Энциклопедиясы
Алюминий

Алюминий (лат. Aluminium),– ашудас, Al – элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы химиялық элемент, реттік нөмірі 13, атомдық массасы 26,9815. Бір тұрақты изотопы бар. Жер қыртысында таралуы бойынша элементтер арасында 4, металдар арасында 1-ші орында. Табиғатта жүздеген минералдары кездеседі, оның көпшілігі – алюмосиликаттар болып келеді. Алюминий латынша Alumіnіum; алюминий алу үшін пайдаланылатын негізгі шикізат – боксит. Алюминийді бос күйінде алғаш рет 1825 жылы даниялық физик Ханс Кристиан Эрстед алған. Алюминий – күміс түсті ақ металл, жылуды және электр тогын жақсы өткізеді, созуға, соғуға икемді, меншікті салмағы 2,7 г/см3; балқу температурасы 660ӘС, қайнау температурасы 2500ӘС; коррозияға берік, қалыпты температурада тұрақты, себебі бетіндегі алюминий оксидінен тұратын жұқа қабыршақ оны тотығудан қорғайды. Сондай-ақ ол амфотерлі элемент, сондықтан қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттеседі. Алюминий – практикалық маңызы зор металл. Ол негізінен жеңіл құймалар өндіру үшін пайдаланылады. Алюминий құймалары авиа, авто, кеме, ядролық реактор, химиялық аппараттар жасауда, құрылыста, т.б. салаларда, таза металл түрінде электртехникасында ток өткізгіш сымдар, тұрмысқа қажетті бұйымдар дайындау үшін қолданылады. Техникалық қасиеттері жағынан өте бағалы құймасы – дюралюминий. Оның құрамында 94% алюминий, 4% мыс және аздаған магний, марганец, темір, кремний болады.

Аполлон

Аполлон:

Аполлон - қабыршақ қанатты бұнақдене отрядына жататын көбелек (Parnassius apollo).

Аполлон - ежелгі грек, рим мифологиясы мен дініндегі ем, сәуегейлік, данышпандық, өнер, күн тәңірісі.

Аполлон - адамның басқаруымен Жер төңірегінде және Айға Аполлон (ғарыш бағдарламасы) бойынша сапар жасауға арналған Американың топтамалы үш кісілік ғарыш кемелерінің, сондай-ақ кенес ғарыш кемесімен «Союз-19» ғарышта түйіскен ( "Аполлон-Союз" экперименталдық жоба") 3-орындық басқарылатын ғарыш кемелерінің аты.

Аполлон - АҚШ-та ғарыш кемелерін жасау және оларды ұшыру бағдарламасы.

Балықтар

Балықтар (лат. Pisces) — негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі; балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Балықтар тұзды суларда (мұхиттарда), не болмаса тұщы суларда (өзен – көлдер мен су қоймалары) тіршілік ете алады. Жыланбалық сияқты кейбір балықтар тұзды суда да, тұщы суда да өмір сүреді. Теңіз балықтары тұщы су балықтарыннан әдетте ірілеу болып келеді.

Балықтар — хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Олардың үштен бір бөлігі тұщы суда өмір сүреді. Балықтар үш топқа бөлінеді: жақсыз (миксина сияқты), шеміршекті (акулалар және тұтасқанаттар) және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 – 98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда 180-дей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балықтар девон кезеңінен белгілі. Қазіргі көптеген түрлері 500 мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Балықтардың мекен ету аумағы биік тау суқоймаларынан мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар –2°С-тан (арктикалық суда) 50°С (ыстық бұлақтарда) температура аралығында тіршілік ете алады. Тұздылығы 70‰ суға төзетін балықтар да бар. Балықтар дене тұрқы, түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 граммнан 12 – 14 тоннаға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т.б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады. Кейбір балықтардың қанаттары жетілмеген, ал кейбір түрлерінде өте жақсы жетілген (мысалы, албырттардың май қанаты).

Денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар. Желбезекпен тыныс алады, ауамен тыныс алуға бейім органы бар балықтар да кездеседі. Балықтар жыныстық қабілеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі көбіне жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты. 1 – 2 жыл (кейбір бұзаубас балықтар), тіпті 100 жылға дейін тіршілік ететін балықтар да бар. Жүрегі 2 камералы, қан айналу шеңбері – біреу. Миының құрылысы қарапайым.

Көптеген балықтардың иіс сезу, сезім, есту, көру (өте терең және жер асты суларында тіршілік ететіндерінде болмайды) мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды. Сүйекті балықтардың көпшілігінде денесінің тепе-теңдігін сақтау қызметін атқаратын торсылдағы болады. Ал кейбір балықтарда торсылдақ – тыныс алу органы. Балықтар торсылдақ арқылы өзі шығаратын дыбысты күшейтеді. Қорегінің түріне қарай балықтар: фитофаг, планктофаг, бентофаг, детритофаг, жыртқыштар болып бөлінеді. Балықтардың әдетте дара жынысты, қос жынысты түрлері де бар. Балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы көбейеді. Сондай-ақ іштей ұрықтанып, тірі шабақ немесе ұрықтанған уылдырық туатын түрлері де болады (мысалы, акулалар, гамбузия, т.б.). Тіршілігінде олар бірнеше рет уылдырық шашады, бір рет қана уылдырық шашатындары да бар (мысалы, қиыршығыс албырты, кета, т.б.). Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары, көміп тастайтындары, тіпті моллюскілердің денесіне тығып сақтайтындары да кездеседі. Балықтар жыл маусымына сәйкес қорегін, қыстауын немесе уылдырық шашатын жерін іздеп, кейде мыңдаған километрге дейін өрістейді.

Балықтар – адам үшін қажетті белокқа бай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы, ал кейбір түрінің терісі де пайдаланылады, олардан балық майы алынады. Ішінде улы түрлері де кездеседі. Балық аулау шаруашылығы ертеден белгілі, дегенмен оның шарықтау биігі XX ғасырдың 70-жылдарына тура келеді. Осыған байланысты кейбір кәсіптік маңызы зор балықтардың санын азайтпау үшін, олардың табиғи көбеюіне қосымша әр түрлі қолдан өсіру әдістері көмегімен қамқорлық жасалады. Саны өте азайып кеткен, айрықша қорғауға алынған балықтардың түрлері мен түр тармақтары халықаралық және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (мысалы, ақ балық, Арал албырты, Арал бекіресі, Каспий албырты, көкбас, т.б.). Ғылыми мақсат үшін кейбір балықтарды лабораторияда өсіреді. Балықтарды аквариумда өсіру кең өріс алуда. Балықтар туралы ғылым ихтиология деп аталады.

Бериллий

Бериллий(лат. Beryllіum), Ве — Элементтердің периодтық жүйесінің ІІ тобындағы хииялық. элемент, атомдық нөмірі 4, атомдық массасы 9,0122, жеңіл, ашық сұр түсті металл. Тұрақты бір изотопы (9Ве) бар. 1798 ж. берилл минералынан француз химигі Л. Воклен тапты. Металл күйінде алғаш рет неміс химигі Р. Влер алды. Бериллий алюминийден жеңілірек, тығыздығы 1,816 г/см3, балқу температурасы 12840С, қайнау температурасы 24500С, химиялық қосылыстарында 2 валентті, беткі қабаты тотығып, қорғауыш қабыршақ түзілетіндіктен ауада өзгермейді. 8000С-тан жоғары температурада қыздырғанда жылдам тотығады; қышқылдарда да, сілтілерде де ериді.

Сілтілерде еріп бериллаттар деп аталатын тұздар түзеді (мысалы, натрий бериллаты — Na2BeO2). Бериллий галогендер, оттек, күкірт және азотпен тікелей қосылып, оттекпен оксид (BeO), азотпен нитрид (BeN2), көміртекпен карбид (Be2C), күкіртпен сульфид (BeS) қосылыстарын түзеді. Бериллий оксиді — ақ түсті, қиын балқитын зат, сумен оңай қосылып, бериллий гидроксидін [Be(OH)2] түзеді, бұл — амфотерлі әлсіз негіз, қышқыл мен сілтілерде ериді. Бериллий алуда қолданылатын негізгі шикізат — берилл және гельвин минералдары. Металл бериллий хлорлы бериллийді балқытып электролиздеу арқылы алынады. Сонымен қатар, бериллий металын магниймен BеF2 қосылысын тотықсыздандырып алады, магнийдің артық мөлшерін вакуумда қайта айдап бөледі, алынған бериллий әрі қарай дистилдеу әдісімен тазартылады. Бериллийді құймаларға араластырғанда қаттылығы артады, бұл бағалы қасиеті бұрыннан белгілі болса да, оны қолдану тек 20 ғасырдың 40-жылдарында басталды. Баяу балқитын металдардың бериллидтері — авиация және ракета жасауда аса қажетті зат. Рентген сәулелері бериллийден жақсы өтетін болғандықтан, одан рентген трубкаларының терезелерін дайындайды. Бериллий әр түрлі құймалар және коррозияға берік болат алуда, электротехникада, атом реакторларын жасауда кең түрде қолданылады. Қазақстанда бериллий Өскемендегі титан-магний комбинатында өндіріледі.

Биотит

Биотит — силикаттар класының слюдалар тобына жататын минерал. Химиялық формуласы: K(Mg, Fe)3AlSі3O10(OH,F)2. Француз ғалымы Бионың құрметіне аталған. Моноклиндік сингонияда кристалданады. Кристалдары парақ, жапырақ, қабыршақ, қырлы таяқша, пирамидаға ұқсас болады. Түсі қара, қоңыр, қызғылт қоңыр, қабыршақтарының қалыңы күңгірт, жұқасы мөлдір келеді. Қаттылығы 2,5 — 3, меншікті салмағы 2,7 —3,3 г/см 3. Биотит өте жиі тараған минералдардың бірі. Көптеген магмалық, шөгінді, метаморфтық тау жыныстарын құраушы минералдардың бірі, пегматиттерде ауданы 7 м2-ге дейін жететін ірі парақтар түрінде кездеседі. Электр техникасы бұйымдары өндірісінде қолданылады.

Бұйырғын

Бұйырғын (Anabasis) — алабұта тұқымдасына жататын бұта, бір жылдық немесе көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанның қуаң дала және шөлейт өңірлерінде 17 түрі кездеседі. Бұйырғын Қазақстанда Каспий, Арал теңіздерінің аралығында, Үстіртте, Маңғыстау түбегіде, Бетпақдалада, Мырзашөлдің сазды шөлдерінде өседі. Сондай – ақ осы аймақтардың тақырында да кездеседі. Сирек кездесетін эндемик түрлері: сырдария Бұйырғыны (A. jaxartіca), торғай Бұйырғыны (A. turgaіca) және гипсті бұйырғын. Бұйырғынның сабақтары бунақты, бытыраңқы келеді, жапырақтары жетілмеген, тікенге ұқсас, көбіне қабыршақ сияқты. Гүлі қос жынысты, бес мүшелі, гүлсерігі бар. Жаз бойы гүлдейді. Көп тараған түрінің бірі — сортаң Бұйырғын (A. salsa) — шөлді аудандардың тегіс жерлерінде, кейде аласа тауларда өседі. Оның бір жылдық өркендерінде 7,1 — 14,8% протеин, 18,2 — 31,0% күл, 11,7 — 26,0% клетчатка, 1,5 — 3,2% май болады. Бұйырғынды сиырдан басқа мал жақсы жейді. Бұйырғынның га-нан 1,5 — 4,6 ц құрғақ шөп алынады. Ол — құрғақшылыққа, сортаң топыраққа төзімді өсімдік, тұзд. 45% топырақта да өсе береді.

Галит

Галит (Үлгі:IPA-en) тас тұзы, ас тұзы – хлоридтер класының минералы. Хим. формуласы NaCl. Кубтық сингонияда кристалданып, түйіршік масса, қабыршақ, талшық пішінді агрегаттар түзеді. Галит мөлдір, түссіз ақ, кейде түрлі түсті болады, көбінесе сильвинмен бірге кездеседі. Қатт. 2, менш. салм. 2,1 – 2,2 г/см3, шыныдай жылтыр.

Шөгінді жыныстар арасында Галиттің қалың қабаттары кездеседі. Ол климаты ыстық, қуаңшылық аймақтардағы су алаптарында (шығанақ, көл) өздігінен тұнады. Қазақстанда Галиттің ірі кендері Каспий, Арал теңіздері маңында бар. Галит тамақ өнеркәсібінде, қара металлургияда күкірт қоспаларын жою үшін, инертті газдарды (гелий, неон, аргон, т.б.) тазартқыш ретінде, электртехникада натрий құрамды сымдар жасауда пайдаланылады.Агрегаттары. Өз бетімен көлдерде тұнған тұздар көбінесе

кристалды түйіршіктерден құралған қабыршақ кесектер түрінде

болады. Олар кейде тығыз, кейде кеуекті келеді. Кристалдардың

тіркеліп өскен әдемі қоспақ , друза түрлері кездеседі. Тұзды сорлардың бетінде, су тез буланғанда, тұз кристалдарының тамаша

қауашақ қабыршағы пайда болады да, олар ерітінді бетінде

жүзіп жүреді («кайықшалар» деп аталатын себебі осы). «Қайықша» төңкерілген пирамида пішіндес болады. Ол аздан соң

суға (ерітіндіге) батып, толық кристалл түріне айналады.

Галиттің түсі мөлдір, түссіз немесе ақ түсті. Сызығы ақ , дәмі

татымды, тұз сияқты ащы. Электр тогын ңашар өткізеді, бірақ

жылуды өте жақсы өткізеді. Жылтырлығы шыныдай мөлдір.

Жаратылысы көбінесе экзогендік; галит суы құрғаған көл мен шығанақтардан пайда болады. Сонымен қатар галит кейде вулкандардың

атқылауынан үшпалы зат ретінде көтеріліп, жарықтарға кіріп құралады.

Галит тамақ өндірісінде, химиялық ендірістерде — тұз қышқылың жасауда, натрий алуға, былғары илеу ісінде т. б. қолданылады.

Кендері біздің елімізде Эльтодда, Басқ ұншақта, Қырымда,

Қазақстанда, Уралда (Соликамск), Украинада кездеседі.

Шет елдердегі кендері Величкада (Польша), Пенджабта

(Үндістан), Кадзаста (АҚ Ш ) , Табрис (Ирад), Стассфурт (Германия) т. б. бар.

Графит

Графит – минерал, көміртектің (С) Жер қыртысында ең жиі кездесетін әрі тұрақты гексагондық полиморфтық түрі. Гексогональдік сингонияда кристалданады. Табиғатта кристалы жетілген графит (грекше grapho – жазамын) сирек ұшырайды, көбінесе, қабыршақ, түйіршік, кейде домалақ агрегаттар күйінде кездеседі.

Түсі қара, сұр, қара сұр, ұстағанда май сияқты, қолға жұғады, металдай жылтыр.

Қаттылығы 1, ал қабат ішінде 5,5 және одан артық, меншікті салмағы 2,2 г/см3.

Балқу температурасы 3850Ғ500С.

Электр тогын, жылуды жақсы өткізеді.

Қышқылға төзімді, жоғары температурада ғана тотығады. Отқа берік, балқыған металға салса еріп, амфотерлік қасиеті бар оксидтер түзеді, балқыған селитрада жанады. Жеңіл өңделеді, жұмсақ, майысқыш.

Нейтрон сәулесімен әсер еткенде графиттің электр тогын өткізгіштігі, майысқыштығы, қаттылығы артады, ал жылу өткізгіштігі күрт төмендейді.

Құрылымы жағынан графит айқын кристалды, жасырын кристалды және графитоидтар болып бөлінеді.

Жеміс күйесі

Жеміс күйесі (лат. Yponomeuta padella) – жеміс ағаштарын зақымдайтын зиянды көбелек; қ. Алма күйесі.

Жұлдызқұрт

Жұлдызқұрт (лат. Lepidortera) – көбелектердің дернәсілі.

Жұлдызқұрт жұмыртқадан дамиды. Дене тұрқы бірнеше мм-ден (қара күйе көбелегінің Жұлдызқұрты) 12 см-ге дейін (ағаш діңі көбелегінің Жұлдызқұрты) болады. Аузы кеміруге (ересектерінде соруға) бейім. Денесі бас бөлімнен, 3 кеуде және 10 құрсақ сақиналарынан тұрады. Денесінің кеуде бөлімінде 3 жұп аяғы және 5 не 2 жұп (кейде 8) “жалған” аяқтары болады. Жұлдызқұрттардың төменгі ерінінде жұп жібек талшығын бөлетін без орналасқан. Безден бөлінген сұйық ауамен жанасқан кезде жібек талшығын түзеді. Көбісінің денесі түктермен, қылшықтармен жабылған. Жұлдызқұрттар өзінің даму барысында қарқынды қоректене отырып, бірнеше рет (4 – 5 рет) түлеп, қуыршаққа айналады. Даму ұзақтығы бірнеше тәуліктен 2 жылға дейін созылады. Көпшілігі – өсімдік қоректілер; араларында паразит және жыртқыш түрлері де бар. Негізінен Жұлдызқұрттар ауыл шаруашылығының және орман шаруашылығының, бау-бақшаның, егістің зиянкестері (мыс., сұр көбелек, мүр көбелек, жапырақ ширатқыш көбелектердің, т.б. Жұлдызқұрттары). Сонымен қатар тұт, емен, т.б. жібек көбелектерінің Жұлдызқұртының пілләсінен жібек талшықтары алынады.

Материал

Материал - қажетті жағдайда пайдаланылатын зат немесе заттар қоспасы.

Лак бояушы материал - сұйықтық, паста тәрізді немесе құрамы ұнтақ тәрізді қабыршақ тәріздес зат; сыртына жаққанда және құрғату кезінде лак бояушы қаптауға айналады.

Сүртетін материал - тоқыма өндірісінің керексіз өнімі; көліктік құрылымдарды, жабдықтарды т.т. сүртуге пайдаланылады.

Мусковит

Мусковит – силикаттар класының минералы. Химиялық формуласы: KAl2AlSі3O10(OH)2. Құрамына изоморфты түрде калийдің орнына Na, Rb, Cs, Ga, Ba, алюминийдің орнына V, Mg, Fe, Mn, Lі, Cr, Tі кіреді. Кристалдық құрылымы тетраэдрлердің үздіксіз қабатынан тұрады. Химиялық құрамының түрліше өзгерулері мен жаралу жағдайларына қарай мусковиттің фенгит, фуксит, ферримусковит, серицит, т.б. түрлері болады. Моноклиндік сингонияда кристалданады, кристалдары тілімше, пластинка, жапырақ, ромб, агрегаттары қабыршақ түрінде кездеседі. Мусковит түссіз, хром, темір, марганец сияқты хромофорларға байланысты сарғыштау, жасылдау, сұрғылт, қызғылт болып, шыныша жылтырайды. Қаттылығы Моос шкаласы бойынша 2 – 3; тығыздығы 2,76 – 3,10 г/см3; электр тогын өткізбейді. Мусковит тау жыныстарын құраушы минерал ретінде граниттердің, гранит пегматиттерінің, грейзендердің, тақтатастардың құрамында ұшырасады. Метаморфтық процестерде дала шпаттары, андалузит, кордиерит, сазды минералдар, т.б. бойынша дамиды. Мусковит бойынша Ar және Sr әдістерімен тау жыныстарының абсолюттік жасы анықталады. Ірі кристалды мусковит электроқшаулағыш ретінде конденсаторлар, радиошамдар, радиобөлшектерін жасау өндірісінде пайдаланылады. Қабыршақты мусковит күміс түсті бояу, слюдопластар үшін қолданылады. Мусковит кендері Үндістанда, Шығыс Сібірде, Оралда, Кола түбегінде, Украинада шоғырланған. ұсақ түйірлі Мусковит Қазақстанның көптеген гранитоид интрузиялары мен метаморфтық жыныстарының құрамында кездеседі.

Мұз

Мұз — Н2 О. Судың қатты түрі. Химиялық құрамы: О 88,8%, Н 11,2%; кейде оның құрамында газ немесе қатты зат қоспалары болады. Қаттылығы 1,5 меншікті салмағы 0,917.

Сингониясы гексагондық; дигексагондық-дипирамида.

Кристалдық ішкі құрылысы. Молекулалық решеткасының координадия саны 4. Тетраэдр түрінде оның екі бұрышы оң, екі

бұрышы теріс зарядты деуге болады.

Оптикалық оңқай Ng = 1,310, Nm 1,309.

Кристалдарының сырт бейнесіне келгенде оның ең тамаша түрлері белгілі қар мен қыраудың кристалдары болып табылады. Олар гексагондық симметрияның неше түрлі алты сәулеленіп өсуінің тамаша формаларын құрады. Мұздың дендрит түрлері де, басқ а әшекей гүл сияқты түрлері де болады. Үңгірлерде мұздың алты бұрышты пластинка түрлері, биік тауларда алты қырлы жіңішке призмалары кездеседі. Мұздың сауысты сталактит түрлері де жұртқ а мәлім. Тұтас мұз, қ а р мұздақ массалары да бұрыннан белгілі.

Жоғарыда айтылған минералдардың кепшілігі жер бетіндегі кейбір экзогендік жағдайларда сулы тотықтарға айналады. Енді сол сулы тотықтардың ішіндегі ең манызды кен құрайтын бірнешеуін қарастырайық .

Аморфтық және 10 кристалдық модификацияда (гексагондық, кубтық, тетрагондық, тағы басқа) болады. Табиғи мұздың барлығы дерлік бір модификацияда (гексагондық) түзілген; олардың тығыздығы 931 кг/м3, жылу сыйымдылығы 2,135 кДж/кг (0ӘС-та), еру жылуы 334 кДж/кг. Табиғатта материктік, жер асты, атмосфера (қар, қырау, бұршақ) Мұз, судың бетінде (қабыршақ мұз, қалқыма мұз, жамылғы мұз) және әр түрлі тереңдікте (су ішіндегі) пайда болатын су Мұз, қатты тығыздалған және қайтадан кристалданған қардан пайда болатын мұздық (глетчерлік) Мұзы болып ажыратылады.

Табиғи Мұз судан әлдеқайда таза. Кейде Мұзбен бірге мех. қоспалар, ерітінді тамшылары, газ қалдықтары, тағы басқа кездеседі. Жердегі Мұздың жалпы көл. 30 млн. км3, қорының негізгі бөлігі полюстік өлкелерде (әсіресе, Антарктидада; мұндағы Мұз қабатының қалыңд. 4 км-ге жетеді) шоғырланған. Күн жүйесіндегі планеталардың, кометалардың Мұздары туралы деректер бар. Атмосферадағы, судағы, құрылықтағы, жер қабығындағы Мұз өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесіне, адамның іс-әрекетіне, шаруашылық салаларына әсер етеді.

Табиғи Мұз биология, медедициналық препараттарды, азық-түлікті салқындату және сақтау үшін қолданылады.

Папирус

Папирус (лат. Cyperus papyrus) – қияқөлеңдер тұқымдасының құйық туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағының биіктігі 5 м-ге дейін, үш қырлы, жуан, түп жағы қабыршақ жапырақты келеді, вегетативті өркендерінің жапырағы— жіңішке, қандауыр тәрізді тақташық. Гүл шоғыры ірі, пішіні шатырша тәрізді, цилиндр пішінді 6—16 масақты. Папирус тропиктік Африкада ағысы баяу өзен, көл жиегінде ну қамыс тәрізді өседі. Ежелгі Египетте, Палестина және Оңт. Европаның кейбір елдерінде қолдан өсірген. Сабағы тамаққа, мата, сал, қайық, төсеніш жасауға және жазуға пайдаланылған. Папирусты әсемдік өсімдік ретінде бақ, парк, оранжереяларда өсіреді.

Сарсазан

Сарсазан (Halocnemum) — алабұталар тұқымдасына жататын бұта. Қазақстанда Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы өзен аңғарларында, сортаң топырақты ылғалды жерлерде, тұзды көлдердің жағалауларында өсетін 1 түрі — төмпек Сарсазан (H. strobіlactum) бар. Кейде оны тентек сораң не мырза сораң деп те атайды. Оның биікт. 5 — 40 см, сабағы көп бұтақты, төм. бөлігі ағаш тәрізді сүректенген. Жас өркендері шырынды, бунақты келеді. Жапырақтары жетілмеген қабыршақ тәрізді, қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері қосжынысты, бір-біріне үш-үштен (кейде екіден) тығыз орналасқан масақ гүлшоғырына топталған. Тамыз — қыркүйек айларында гүлдеп, жеміс береді. Жемісі — тұқымша, ұзындығы 0,5 — 0,75 мм, екі бүйірінен қысыңқы, қоңыр түсті. Сарсазан өсімдік зиянкестері үшін улы өсімдік. Оны әсіресе түйе сүйсініп жейді, кейде отын үшін де пайдаланылады.

Серицит

Серицит (латынша serіcus — жібек тәрізді) — силикаттар класының слюдалар тобындағы минерал. Серицит ақ слюдалардың, әдетте мусковиттің KAl2[AlSі3O10]Һ(OH)2, кейде парагониттің NaAІ[AeSі3O10]Һ Һ(OH)2 ұсақ қабыршақты түр өзгерісі. Құрамындағы К мен Na азайып, SіO2, MgO, H2O мөлшері жоғарылағанда гидрослюдаларға, фенгитке, иллитке жуықтайды. Серицит әдетте жасырын түйірлі, өте ұсақ қабыршақ тәрізді, түссіз немесе болмашы жасыл түсті жібекке ұқсас масса түрінде кездеседі. Жаратылысы гидротермалды. Серицит Ертіс жаншылу белдемінің, Салаирдың, Оралдың шығыс беткейлерінің метаморфизмге шалынған жасыл тасты тау жыныстары құрамында елеулі мөлшерде шоғырланған.

Сфалерит

Сфалерит (грек. sphaleros – алдамшы), мырыш алдамшысы – сульфидтер класына жататын минерал. Химиялық формуласы: ZnS, құрамында Zn – 67,1%, S – 32,9%. Изоморфты қоспалары: Fe, Cd, Қn, Mn, т.б. Түрөзгерістері:

түсі ақ, қоспасыз сфалерит – клейофан;

қара, темірі көп сфалерит – марматит;

сұр, кадмийлі сфалерит – пршибрамит;

ұнтақ, 2%-дай кадмийі бар сфалерит – брункит.

Кубтық сингонияда кристалданып, тетраэдр, кубоктаэдр, додекаэдр пішінді кристалдар түзеді. Агрегаттары түйірлі, қабыршақ, ұнтақ, колломорфты масса құрайды. Сфалерит – түссіз, ақ, қоспаларына байланысты қара, қызыл қоңыр, жасыл, қызғылт, сарғылт түске өзгереді. Алмастай жылтыр, жымдастығы жетілген; қаттығы 3,5 – 4,0, морт, тығыздығы 3,9 – 4,1 г/см3. Пьезо- және пироэлектрлік қасиеттері бар. Жаратылысы гидротермалдық, кейде пневматолиттік және шөгінділік. Тұтас түйір масса түрінде кварц, галенит, пирит, халькопириттермен бірге кездеседі. Тотыққанда смитсонитке айналады. Қазақстанда Кенді Алтай, Сарыарқа, Қаратау, Жетісу Алатауының полиметалл, мыс кендерінде кездеседі. Сфалерит кентасынан негізінен мырыш, кадмий, индий, галий өндіріледі. Ақ бояу, флюросценциялық экран жасауға қолданылады.

Тұқытәрізділер

Тұқытәрізділер (лат. Cyprіnіformes) — нағыз сүйекті балықтар отряды.

Бор кезеңінен белгілі. Тұқытәрізділер Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа, Азия, Африка және Аустралия мен Мадагаскар суларын мекендейді. Дене мөлшері 5 см-ден 1,7 м-ге дейін жетеді. Басқа отряд өкілдерінен айырмашылығы – “еламан” сүйегі – Веберов аппараты (Тұқытәрізділердің торсылдағын ішкі құлаққа жалғастыратын сүйекшелер жүйесі) болады. 3- және 4-омыртқалары өспей қалған. Бұлар ашықторсылдақтылар – торсылдағы ішекпен жалғасқан. Денесін циклоидты қабыршақ жапқан (араларында жалаңаш не сүйекті тікенектермен жабылған түрлері де кездеседі).

Тұқытәрізділер 3 отряд тармағына:

харакцинотектестер (16 тұқымдасты);

гимнототектестер (4 тұқымдасты);

тұқытектестер (6 тұқымдасты) біріктіреді.Қазақстанда тұқытектестердің (Cyprnoіdeі) өкілдері кездеседі, олар негізінен тұщы суларда тіршілік етеді. Бұлардың жақтарында (астыңғы-үстіңгі) тістері болмайды, оның есесіне желбезек доғаларының соңғысы (5-сі) шайнайтын жұтқыншақ тісіне айналған. Торсылдағы 2 немесе онан да көп бөлімшелерден тұрады. Отряд тармағының 6 тұқымдасының 1800-дей түрі бар. Қазақстанда 3 тұқымдасы: чукучандар (Catostomіdae, 70 түрі бар, үлкенауызды буффало деген түрі Қапшағай су қоймасынан ұсталған), тұқылар және шырма-балықтар кездеседі. Тұқытәрізділердің кәсіптік маңызы зор, әуесқойлық жолмен көп ауланады, тоған балық ш. мен оның басқа да балықты қолдан өсіру салаларында және аквариумда өсіріледі. Сондай-ақ жерсіндіру үшін маңызды нысандар болып саналады.

Тұқытәрізділердің 66 түрі мен түр тармақтары қорғауға алынып, Халықар. табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.

Қабыршақ қанаттылар

Қабыршақ қанаттылар, көбелектер (гр. Lepidóptera, көне грекше: λεπίς, көне грекше: λεπίδος — қабыршақ және көне грекше: πτερόν — қанат) – жәндіктер класының бір отряды.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.