Энциклопедия

Энциклопедия - (гр. enkyklopaіdeіa – білім (жалпыға бірдей) өрісі), анықтамалық бағытта шығарылатын ғылыми басылым[1].

Энциклопедия - көне грекше: ἐγκύκλιος παιδεία — «айналым негізінде білім алу» - орыс. обучение в полном круге, κύκλος — шеңбер и παιδεία — оқыту, білім алу) кейде Циклопе́дия (Үлгі:Lang-neolat көне грекше: κύκλιος παιδεία — «айналым негізінде оқыту»)

Этимологиясы

Энциклопедия термині маңызы жағынан тарихи өзгерістерге ұшырады. Антикалық қоғамда энциклопедия атауы жеті еркін өнерді (грамматика, риторика, диалектика немесе логика, геометрия, арифметика, музыка және астрономия) белгілеп көрсету үшін қолданылған.

16 ғасырда Батыс Еуропада бұл термин "әр алуанды мазмұнды жинақ" дегенге жақын ұғымда қолданыла бастады.

18 ғасырда энциклопедияны білімді топтастыру деген түсінік орын алды. Келе-келе бұл терминнің маңызы бірте-бірте ұлғая түсіп, қазіргі кең таралған мағынаға ие болды: оны барлық ғылым саласынан анық мағлұмат беретін және іс жүзінде қолданылатын (әмбебап энциклопедия) немесе қайсы бір жеке ғылым саласындағы (салалық энциклопедия) ғылыми басылым деп те атайды.

Энциклопедия құрылымы жүйелі түрде жасалады, атап айтқанда, ғылым саласы бойынша іріктеп алынған материалдар алфавит тәртібімен орналастырылады.

Энциклопедия сипатты еңбектер ең алғаш қытай жазбаларында (б.з.б. 12 – 10 ғ-лар) пайда болған. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысында Ежелгі Египетте сөздік жасалғаны белгілі. Ежелгі Грекияда Демокрит пен Аристотель еңбектері энциклопедиялық сипатта жазылды.

Ежелгі Римде шыққан алғашқы энциклопедия ның бірі – Марк Теренцийдің “Ғылымдар” деген шығармасы.

Орта ғасырлардаӘбу Наср әл-Фарабидің араб тілінде жазылған “Ғылымдар тізбегі”, Ибн Синаның “Донишнома” (“Білім кітабы”) энциклопедиялық трактаты жарық көрді.

Энциклопедия шығару ісінің жүйелі түрде дамуына 18 ғасырдың аса көрнекті философы Д.Дидро шығарған француз энциклопедиясының ықпалы зор болды.

18 ғасыр

1768 – 71 жылдары шотланд баспаханашысы У.Смелли 3 томдық “Британия энциклопедиясын (Британика)” шығарды.

19 ғасыр

19 – 20 ғасырларда Еуропа елдерінің бәрінде дерлік энциклопедия жасалды.

19 ғасырда “Жаңа Америка энциклопедиясы” шығарылып, оны дайындауға көптеген ғалымдар тартылды.

Ресейде алғашқы энциклопедиялық сөздіктер 18 ғасырда шығарылып, оған география, тарих, т.б. ғылым салаларының терминдері енгізілді. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың бас кезінде жұртшылыққа кең таралған энциклопедия сипатты еңбектердің ішінде Ф.Павленковтың “Энциклопедиялық сөздігі” (қосымшасымен 82 т.), ағайынды А. және И. Гранат бастырған энциклопедиялық сөздік үлкен орын алады. Бұл еңбектерде алғаш рет қазақ даласы мен оны мекендейтін жергілікті халықтар жөнінде мәліметтер берілді.

20 ғасыр

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропада көп томды энциклопедиялар шығару күрт дамыды. Қазіргі кезде британ, америка энциклопедиялары жаңа материалдармен үнемі жаңартылып отырады.

КСРО

  • Үлкен совет энциклопедиясы” (1-бас., 66 т., 1925 – 47; 2-бас., 51 т., 1949 – 59; 3-бас., 30 т., 1969 – 78);
  • “Кіші совет энциклопедиясы” (1-бас., 10 т.,1928 – 31; 2-бас., 11 т., 1933 – 47; 3-бас., 10 т., 1958 – 60).

Ресей

  • Үлкен Ресей энциклопедиясы

Қазақстан

Aрнаулы (салалық) энциклопедиялар

  • “Шаңырақ” (1990),
  • “Ислам” (1995),
  • “Қазақ тілі” (1998),
  • "Қазақ әдебиеті” (2001)
  • “Қазақ өнері” (2002) (2002) энциклопедиялары,
  • "Атамекен” Географиялық энциклопедия (2011),

Oблыстық, қалалық, аудандық энциклопедиялық анықтамалықтар

  • “Алматы” (1983),
  • "Қарағанды” (1990),
  • "Атырау” (2000),
  • "Тараз” (2003),
  • “Оңтүстік Қазақстан” (2005),
  • “Сыр елі” (2006)

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылдан бастап тарихи жаңа сипатты 10 томдық “Қазақстан” ұлттық энциклопедиясын алғаш шығара бастады. Оның орысша 5 томдық қысқаша нұсқасы 2004 – 06 жылдары жарық көрді.

Онлайн энциклопедиялар

Дереккөздер

<references>

  1. Т. Рсаев // «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысы — Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан әкімшілік бірлік. Территориясы бойынша Қарағанды облысынан кейінгі екінші орында.

солтүстікте — Ресей Федерациясының Орынбор облысымен,

оңтүстігінде — Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен,

батысында — Маңғыстау облысы, Атырау және Батыс Қазақстан облысымен,

шығысында — Қостанай облысымен,

оңтүстік-шығысында — Қызылорда облысымен шектесіп жатыр.

Облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы шақырым аумақта орналасқан. Облыс 12 селолық, қалалық, және әкімшілік аудандарға бөлінген. Аумағында 6 қала, 3 кент бар. Әкімшілік орталығы — Ақтөбе қаласы.

Бикеш (шоқжұлдыз)

Бикеш (лат. Vіrgo) — зодиактік шоқжұлдыздың бірі. Оны аспан экваторы шамамен қақ бөледі. Бикештің төңірегінде Вероника шашы, Сиыршы, Жылан, Гидра, Құзғын Арыстан, т.б. шоқжұлдыздар орналасқан.

Бикештің ең жарық жұлдызы — Спика (жалтырауы 1-жұлдыздық шамада). Бикеш шоқжұлдызынан радио сәулесінің Галактикадан тыс орналасқан қуатты көзі (Vіr A) анықталды. Қазақстанның солтүстік аймақтарында қыс және көктем айларында көрінеді.

Еділ

Еділ (орыс. Волга) өзені - Еуропадағы өзен.Еділ, Волга (ежелгі атауы Ра, орта ғасырларда Итил) – Еуропадағы ең үлкен өзен. Ұзындығы 3530 км, су жиналатын алабы 1360 мың км2. Бастауын Валдай қыратынан (абсолюттік биіктігі 343 м) алып, Каспий теңізіне құяды. Сағасы теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Еділге екі жүзден астам салалар құяды. Орта ағысында Ока, Шолман, Сура, Ветлуга және Свияга салалары құйғаннан кейін, Еділ суы мол ірі өзенге айналады. Өзен қар суымен (60%-ы), жер асты суымен (30%) және жаңбыр суымен толығады. Көктемде (сәуір – маусым) тасиды, жазда және қыста суы кемиді. Күзде жаңбыр суымен қайта молаяды.

Еділде балықтың жетпіс түрі кездеседі, оның қырықтан астамының кәсіптік маңызы бар. Аса маңыздылары: торта, майшабақ, табан, көксерке, сазан, жайын, шортан, бекіре, шоқыр. Өзенді электр энергиясын өндіруге, көлік қатынасына, жер суаруға және суландыруға пайдаланады. Өзен суы Еділ-Жайық аралығындағы бір миллион гектар жерді суғаруға және тоғыз миллион гектар жерді суландыруға мүмкіндік береді. Өзенде кеме қатынайды. Волга-Балтық су жолы арқылы Балтық теңізімен, Волга-Дон каналы арқылы Азов (Азау) және Қара теңіздермен байланысады. Аса маңызды өзен порттары: Тверь, Рыбинск, Ярославль, Кинешма, Төменгі Новгород, Чебоксар, Қазан, Ульяновск, Тольятти, Самара, Сарытау, Волгоград, Астрақан.

Испан тілі

Испан тілі (ис. idioma español), немесе Кастиль тілі (ис. castellano) — Испания, Оңтүстік, Орталық Америка (Гаити, Гайана, Суринам, Кіші Антиль аралдарын қоспағанда) мен Мексиканың, Кубаның (барлығы 20 елдің) әдеби және ресми тілі. Сондай-ақ, испан тілі Перуде (кечуа тілімен қатар), Боливияда (кечуа және аймара тілдерімен қатар), Пуэрто-Рикода (ағылшын тілімен қатар) ресми тіл болып саналады. Үндіеуропа тілдері шоғырының роман тілдері тобына жатады. Испан тілі Испанияның бұрынғы отарлары – Танжерде (Марокко), Филиппин аралдарында (тагил тілімен қатар) қолданылады. Балқан түбегінде және Орта Шығыста көне испан тілі кездеседі. Испан тілі екі диалектілік топқа (солтүстік және оңтүстік) бөлінеді. Латын Америкасы тұрғындары тілінің лексикасы мен сөздерінің айтылуында өзгешелік бар. Испан тілі Пиреней түбегіне 2-Пуни соғысы кезінде (б.з.б. 218 – 201) римдіктердің келуіне байланысты тарады. Испан әдеби тілінің қалыптасуына кастиль диалектісі негіз болғандықтан, ол көп уақыт кастиль тілі деп аталды. Қазіргі испан тілінде 5 дауысты, 18 дауыссыз (16 қатаң, 2 ұяң) дыбыс бар. Зат есім, сын есім есептелмейді. Етістік формалары өте күрделі. Жазуда латын әліпбиін қолданады. Испан тілінде дүние жүзі бойынша 250 млн. адам сөйлейді.

Италиян тілі

Италиян тілі — италиялықтар тілі. Үндіеуропа тілдері шоғырының роман тобына жатады. Италиян тілі Италиядан басқа Сан-Марино, Швейцарияның Тессин пантонында, Корсика, Мальта аралында, АҚШ, Канада т.б. елдердегі Италия эмигранттары арасында да қолданылады. Жазба ескерткіштері 10 – 12 ғасырларға тән. Әдеби мұралары 13 ғасырдан белгілі. Диалектілік негізгі үш топқа: солтүстік (Пьемонттың галло-италия диалектісі, Ломбардия, Эмилии-Романьи, Венеция және Истри облысы), оңтүстік-орталық (Марке, Умбрия, Рим облысы, Кампании, Апулий, Абруцци, Молизе, Сицилия т.б.) және тосканаға (Флоренция, Сиена, Ареццо, Пиза) бөлінеді. Әдеби тілі флоренция диалектісі негізінде қалыптасқан (14 ғасыр). Қазіргі италиян тілі нде зат есімнің род, сандық мағыналары және етістіктің жақ, шақ, сан, рай категорияларының мағыналары флерсия арқылы беріледі.

Кітап

Кітап (араб.: ‎ – жазба) — мерзімсіз баспасөз басылымы; көркем-әдеби, қоғамдық-саяси, ғылыми-практикалық мазмұндағы туынды.

Кітаптың алғашқы түрлері ежелгі Шығыс елдерінде, Грекияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазуымен жазылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 25-ғасырда Мысырда қыш текшелердің орнына қамыс (папирус) қолданылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырда қамысқа кітап жазу ісі Грекия мен Римде кең өріс алды. Осыған байланысты кітапты көшіріп жазуға машықтанған көшірушілер мен қолжазбаны көркемдеуші суретшілер пайда болды.Біздің заманымыздан бұрынғы 2-ғасырда қамыстың орнына тері жарғақ қолданыла бастады. Ежелгі Рим мәдениеті мен ғылымы өкілдерінің туындылары жарғақ кітаптарға жазылып таралды. 105 ж. қытай шебері Цай Лунь қағазды ойлап тауып, 13-ғасырда қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа тарай бастады. Осыған орай, Еуропада қолжазба кітап қауырт өркендеп, түрліше әріптер, бас тақырыптар (айдарлар) қолданыла бастады. Кітап мұқабалары алтын, күміс, т.б. металмен өрнектелді. 15-ғасырдың ортасында неміс өнертапқышы Иоганн Гутенбергтің баспа қалыбын ойлап табуына байланысты, жылжымалы құйма қаріппен құйылатын баспа кітап пайда болды. Осы заманғы кітап — мұқабаға дәптерлер түрінде өзара тіркестіріліп бекітілген кітап блогі үлгісінде жасалады.

Кітап пен кітапхана туралы қызықты деректер

Қай елдің, қай халықтың болмасын оның мәдени деңгейі, сауаты, әрине, кітаппен байланысты. Америка Құрама Штаттарында халықтың тең жартысы кітап оқымайтын көрінеді. Соның да салдары шығар, сұрақ-анкета нәтижесіне үңілгенде студенттердің 40 пайызы Израиль - араб елдерінің бірі деп жауап берген. Франклин Рузвельт АҚШ-тың Вьетнам соғысы кезіндегі президенті деп түсінеді екен. Ал сол студенттердің тең жартысы Черчилльдің кім екенін білмей шыққан...

Кітап оқудың ұлт болашағы үшін маңызы зор. Білімсіз қоғам ешқашан да өрге басқан емес. Назарларыңызға кітаптар мен кітапханаларға қатысты бірнеше қызықты дерек ұсынамыз.

Финляндияда «Скепсис» деген қоғам бар. Оның мүшелері әр жылдың аяғында бас қосып, ақылдаса отырып, жылдың ең нашар кітабына «Құрмет грамотасын» беретін көрінеді.

Бұрынғы батыс Германияда шығып тұратын «Конкрет» атты журналдың жылдың ең жаман шығармасына, яки ең дарынсыз авторына беріп тұратын сыйлығы бар екен. Оны алған адам бұдан былай қарай мұндай кітап жазбауға және осы сыйлыққа келген ақшаға басқа бір мамандық алам деп уәде беруге тиіс екен.

Шри-Ланкада археологиялық қазба жұмыстарымен шұғылданған Америка ғалымдары әр парағы таза алтыннан дайындалған ғажап бір кітап тауып алыпты. Онда көне Үндістанның белгілі бір дастаны басылған дейді.

Францияның Нанта қаласында тұратын бір дәрігер-фармацепт отыз бес жыл бойына әр елдің гимндерін жинаумен шұғылданыпты. Франс Пресс агенттігінің хабарлауына қарағанда оның коллекциясы бүгінде жүз елудің үстіне шығыпты.

Бұдан дәл он жыл бұрын (2004 ж.) Сирия ғалымдары басқа ағайындас әріптестермен біріге отырып, «Бүкіл арабтық энциклопедия» шығаруға кіріскен. Бұл жиырма томдық үлкен еңбектің әрқайсысы мың беттен тұрады.

Францияда небары сегіз сағат ішінде бір өлеңдер жинағын басып шығарған. Таңғы сағат тоғызда қолжазбасын әкеліп тапсырған автор кешкі сағат бесте жырқұмарларға қолтаңба үлестіре бастаған.

Біздің жыл санауымыздан бұрынғы үшінші ғасырдың басында тұрғызылып, жаңаша жыл санаудың басында римдіктердің шабуылы кезінде өртенген дүниенің сегізінші ғажабы – Александр кітапханасы қалпына келтірілді. Кезінде теңдесі жоқ бұл кітапханада мыңдаған папирус оралымдары болған.

Франция президенті болған Франсуа Миттеранның артында қалған өлмес еңбегі – Парижде салынған еш жерде, еш елде болмаған теңдесі жоқ супер кітапхана. Ол осы өткен жиырмасыешы ғаырдың ғылыми-техникалық жаңалықтарының ұлы жемісі.

Мамыр

Басқа мағыналар үшін Мамыр (айрық) деген бетті қараңыз.

Мамыр — қазіргі Григориан күнтізбесіндегі 5-ші келетін май айына сай қазақша атауы.

Ежелгі қазақ күнтізбесінің 3-ші айы. Қазіргі санмен мамырдың 21 — маусымның 19.

Маңғыстау энциклопедиясы

«Маңғыстау» энциклопедиясы - «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия және«Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясының аясында Маңғыстау өңіріне арналған энциклопедиялық басылым.

Аталған энциклопедияда Маңғыстау облысының табиғаты мен қазба байлығы, осы өңірдің көне заманнан бүгінге дейінгі тарихы мен мәдениеті, шаруашылығы мен өндірісі, экономикалық байланыстары, ел есіндегі елеулі адамдары, ежелгі ескерткіш-мұралары мен өрісті өнері туралы мәліметтер қамтылған.

Энциклопедия 1997 жылы Алматы қаласы «Атамұра» баспасынан 30 000 данамен жарық көрді. Көлемі 36,17 бас таралған. Бас редакторы – Ә.Кекілбаев, редактордың орынбасары Д.Әріпов. Энциклопедияның бас кеңесшісі және жауапты редакторы Қ.Сыдиықұлы болды.

Басылым Маңғыстау облысының 35 жыл толуына орай жаңа деректермен толықтырылып 2008 жылы қайта басылып шықты.

Неміс тілі

Неміс тілі (нем. Deutsch,deutsche Sprache) - неміс халқының тілі. Үндіеуропа тілдерінің батыс герман тобына жатады. Неміс тілінің тарихын көне жоғары (8 – 11 ғ-лар), орта жоғары (12 – 13 ғ-лар), ертедегі жаңа жоғары (14 – 16 ғ-лар) дәуір деп үшке бөледі. Германияда, Австрияда, Лихтенштейнде, Швейцарияда, Люксембургте қолданысқа енген тіл. Германияда, Австрияда Лихтенштейнде мемлекеттік тіл болып саналады Ал Швейцарияда, Люксембургте, және Бельгияда кейбір аймақтары үшін ресми тіл болып саналады. Неміс тілі ағылшын және голланд тілдеріне туыстық қатынасы бар. Неміс тілі әлемдегі негізгі тілдердің бірі және Еуропа Одағындағы ана тілі ретінде ең көп сөйленетін тіл. Кейбір есептемелер бойынша бұл тілді ана тілі ретінде 87 миллион адам қолданады.

Обь

Об, Обь – Батыс Сібірдегі (Ресей) өзен. Ұзындығы 3650 км (Ертісті қоса алғанда). Су жиналатын алабының ауданы 2990 мың км2.

Орта Азия

Орта Азия — Азия құрлығының Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан Республикалары мен Қазақстанның оңтүстік облыстарының жерлерін қамтитын аймақ. Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи еңбегінде: «.. .арабтан бұл Орта Азияға дін исламды үйретушілер көп әскермен келіп, халықты жаңа дінге қаратып жүргендерінде Құтайба атты кісі Қашқарға дейін келіп, халықты исламға көндіргенде, бұлар да мұсылман болдық депті» деген деректер арқылы арғы түбі Күншығыс Сібірден келіп, Алатау бөктерлерін мекендеген қазақтардың ислам дініне кіру тарихынан мағлұмат береді.

Сот

Сот – сот төрелігін жүзеге асыру, құқық бұзушыларға мәжбүрлеу шараларын қолдану жолдарымен қоғамның және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтан қорғайтын мемлекеттік орган. Сот мемлекетпен бірге пайда болады, бірақ мемл. механизмнің дамуы мен арнаулы мемлекеттік аппараттың құрылуына байланысты өз алдына жеке орган болып бөлініп шықты. Мемлекетке дейінгі қоғамда дау-жанжалды тайпа ақсақалдары не көсемі, ерекше ру жиналысы, арнайы алқа шешті. Соттан тыс жанжал шешу ғұрыптары да болды (мысалы, қанға қан, талион қағидасы). 18 – 19 ғасырларда сотты және сот өндірісін ұйымдастырудың бірқатар демокр. қағидалары алға шықты: сот пен заң алдында бәрінің тең болуы, сот өндірісінің ашықтығы мен жариялылығы, формальды дәлелдемелер жүйесінен бас тарту, судьяларды сайлау, кінәсіздік презумциясы. Соттар қызметі мемлекет механизмінің маңызды бөлігі ретінде толықтай арнайы заңдармен реттеледі. Сот мемлекеттік орган ретінде сот билігін мемлекет атынан жүргізеді, ал сот актілерінің орындалуы мемлекет күшімен қамтамасыз етіледі. Дәстүрлі қазақ қоғамында сот қызметін билер атқарды. Алайда мүліктік, азаматтық дау-жанжалдың тараптары өзара келісім арқылы төрелік етушіні өздері таңдаған. Әдетте мұндай даулардың төрелігін сөзге шешендігімен және әділдігімен аты шыққан адамға тапсырған.

Әдеб.: ҚР Конституциясы. Юридическая энциклопедия, М., 2001; Давыдов Н.М., Суд и права личности, сборник статей, М., 2005.

Уикипедия

Уикипедия (ағылш. Wikipedia, IPA: /ˌwiːkiːˈpiːdi.ə/, не /ˌwɪkiːˈpiːdi.ə/, немесе /ˌwɪkɪˈpiːdi.ə/) — Уики технологиясының негізінде жасалған оқырмандар мен авторлар үшін тегін және ашық, көптілді, онлайн энциклопедия. Энциклопедия Уикимедиа қорының www.wikipedia.org доменінде орналасқан. Жобаның иесі және оның дамуына жауапты Уикимедиа қоры болып саналады. Жобаның атауы «уики» немесе wiki (сайт құру технологиясы) және энциклопедия сөздерінен құрылған. Қазіргі уақытта энциклопедияның 285 тілде тараулары бар. Барлық тілдердегі мақалалардың жалпы саны 35 миллионнан асты.

Уикипедия сайтына кірген кез келген тұтынушының ондағы материалдар мен тақырыптарды өзгертуге құқығы бар. Уикипедияны толықтырып, мақала жазуға қатысып отыратын тұрақты қатысушыларды «Уикипедияшылар» деп атайды.

Штат

Штат (латынша status – жай-күй‚ жағдай) – кәсіпорын (фирма‚ ұйым‚ бірлестік‚ мекеме) қызметкерлерінің тұрақты құрамы, лауазымдарының белгіленген тәртіппен бекітілген жиынтығы. Штат кестесі түрінде ресімделеді. Кәсіпорын басшысы бекітеді.Мемлекет басшысы әдетте халық сайлайтын немесе федералды мемлекеттің ажырамас бөлігі болып тағайындалатын немесе біртұтас мемлекеттің әкімшілік бірлігінің басшысы ретінде тағайындалған губернатор болып табылады.

Әрбір мемлекет парламенттің жоғарғы палатасында өкілдері бар, олардың саны заңмен анықталады - бұл мемлекеттің тұрғындарына (мысалы, Үндістан) тәуелді болуы мүмкін, немесе әр мемлекеттің парламенттегі өкілдерінің саны бірдей (мысалы, АҚШ, Бразилия).

Қазақ энциклопедиясы

«Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы – ғылыми-анықтамалық баспа мекемесі. Әмбебап және тақырыптық (пәндік), салалық энциклопедиялар, анықтамалықтар, сөздіктер, тілашарлар шығарумен, көне қолжазбаларды, басылымдарды, ұлы ғұламалардың еңбектерін қайта басумен, күрделі ғылыми-зерттеулер жариялаумен айналысады.

Қазақстан кітап палатасында тіркелген кітаптар

Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы баспаларға және баспа өнімдерін шығаратын ұйымдарға, штрих белгілер (ISBN, ISSN, ISМN) беруді жүзеге асырады. Мұнда палатада тіркелген кітаптардың тізімі бар.

Қазақша Уикипедия

Қазақша Уикипедия — Уикипедияның қазақ тіліндегі бөлімі. Ол 2002-жылдың 3-маусымынан бастап жұмыс жасап келеді.

Бұл Уикипедияның ерекшелігі — 3 түрлі әліпбимен жазылады: кириллица (Қазақстан, Ресей, Моңғолия), төте жазу (Қытай, Иран) және латын жазуы (Түркия). Бірнеше әліпби бойынша жазылатын Уикипедиялар қазақша Уикипедия тәжірибесіне жүгінуде.

Қазақша Уикипедияда қазіргі уақытта 18 әкімші бар.

Өзен

Өзен — өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы.

Өзен басқа бір өзенге, көлге, теңізге, мұхитқа немесе үлкен су қоймасына барып құяды. Өзен жаңбыр суынан, еріген қар мен мұздықтардан, қайнар бұлақтардан немесе арнасынан тасыған көл суларынан нәр алады. Көптеген өзендер қыраттар мен таулардан басталады. Бірақ, төмен қарай ағып келе жатқанда оған өзгеде жылғалар, өзен-бұлақтар мен су көздері қосылады. Елді мекендердің басым бөлігі өзен жағаларында орналасады. Өзендер, сондай-ақ, ауыл шаруашылығына да қолайлы. Өйткені, өзен аңғарлары мен жазықтарының топырағы өте құнарлы болады.

Шөлді аймақтардың диқандары егіндіктерін жақын маңайдағы өзендерден арық тартып суарады. Өзендерде, сондай-ақ, электр қуаты өндіріледі. Өнеркәсіп жаңадан дами бастаған өткен ғасырларда, диірмендер, ұста дүкендері мен зауыттар ағысы қатты өзендердің жағасына орналасатын. Адам су екпінінің қуатын түрлі механизімдерді жұмыс істетуге қолданды. Өзендердің көлемі мен түрі әрқалай. Бірақ олардың бәріне ортақ нәрсе - өзен атаулының бәрі биік жерден басталады. Өзен суының тасуы да табиғи жайт. Өзен тасыған кезде оның арналары эрозияға ұшырап, шөгінділері шайылып, жаңа аңғарлар пайда болады.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.