Эндемик

Эндемик (грек. endemos – жергілікті) – жер шарының шағын аймақтарына ғана таралған өсімдіктер мен жануарлар.

Эндемик ұғымы түр, туыс, тұқымдас, т.б. жүйелік топтарды қамтиды. Эндемиктік түрлердің пайда болуы мен дамуына оқшаулану, климаттық, т.б. сыртқы орта жағдайлары және биотик. факторлар (қ. Фактор) әсер етеді. Мысалы, Әулие Елена аралында кездесетін өсімдік түрінің 85%-ы Кавказ тауының өсімдіктерінің 20%-ын құрайды.

Эндемик түрлер ежелгі замандардан сақталып келе жатқан (палеоэндемиктер) және соңғы геол. замандарда пайда болған (неоэндемиктер) деп бөлінеді. Палеоэндемиктерге: екіқалақты гинго ағашы (Шығыс Қытайда ғана кездесетін), мәңгі жасыл секвойя ағашы (Батыс Орегон мен Калифорния тауларында өсетін), латимирия балығы (Комор аралдарының маңында кездесетін) мен үйректұмсық (Тасмания аралында ғана таралған) жатады. Ал неоэндемиктерге: Қырымда кездесетін кейбір өсімдік пен жануар түрлері, Британ аралдарында таралған кейбір жануарлар жатады.

Қазақстанда өсімдіктердің 730-дан астам түрі Эндемикге жатады. Олардың 175 түрі далалық алқаптарда, ал 540 – 570 түрі таулы өңірлерде таралған. Тек Қазақстанның оңт-нде өсетін өсімдіктердің 165 – 170-тей түрі Эндемиктер болып саналады. Мысалы; Қаратау қауы, Қаратау маралтамыры, Іле ұшқаты, Алатау бөденешөбі, Бетпақдала сылдыршөбі, Қарқаралы бөріқарақаты, Тарбағатай кемпіршөбі, т.б.

Тек республика аумағында ғана кездесетін жануарлардың Эндемик түрлеріне – Түркістан шаяны, Балқаш алабұғасы, Жетісу бақатісі, Қарабалық, Іле жорға торғайы, Көкқұс, Арал қаязы, Шу сүйрік қанаты,Тарғақ, Жұпар, Қаратау арқары, Жалман, т.б. жатады. Эндемик түрлердің көпшілігі сирек кездесетіндіктен, әрі ғылыми тұрғыдан толық зерттелмегендіктен Қазақстанның “Қызыл кітабына” (1981, 1996, 2006) енгізілген. Мұндай Эндемик түрлер қатаң қорғауды қажет етеді.[1] Р. Сәтімбекұлы[2]

Myophonus caeruleus - Ang Khang edit1
Көкқұс Қазақстанда Талас Алатауынан Іле Алатауына дейінгі аймақта кездеседі

Дереккөздер

<references>

  1. Әдеб.: Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары, А., 2006.
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
Айрауық

Айрауық (лат. Calamagrostis) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.

Оңтүстік және Солтүстік жарты шарда да кең тараған, 150-ден аса түрі белгілі. Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Іле Алатауы және Күнгей Алатауында кездесетін 16 түрі бар. Көп тараған түрі – Құрғақ айрауық (С. epіgeіos) топырақты жерлерде өсетін шалғындық өсімдік. Сабағы тік, биіктігі 80 – 150 см, жатаған, тамырсабақты өсімдік. Жапырақтары ұзын, жалпақ болады. үлсыпыртқысы тығыз, ұсақ тікенді, бұташықтанған. Масақтары шоғырлана орналасқан. Маусым – тамыз айларында гүлдейді, гүлі дара, қос жынысты. Гүлдегенге дейін шабылған шөпте қоректік заттар көп сақталады, кейін қатайып, қоректік маңызы кемиді де, мал нашар жейді, гектарынан 20 – 80 центнер өнім береді. Сабағында талшық көп болғандықтан қағаз жасау үшін пайдалануға болады. Еркек айрауық (C. gіgantea) Балқаш – Алакөл алабында ғана өсетін эндемик түр. Биіктігі 150 – 180 см. Сабағы жуан, жапырақсыз болады. Ұзын масақтары шоғырлана орналасады. Жайылымда мал нашар жейді. Сабанынан шыпта төсеніш тоқылады.Өлеңшөп, немесе айрауықтар — астық тұқымдастардың жабайы өсетін бір туысы, көпжылдық шөп өсімдігі, биіктігі 0,5—1 метрге дейін болады. Барлық түрлері — 150. Мұның бұрынғы КСРО-да есетіні 50 шамалы. Негізгі түрлері: батөлең, ақөлең, қандауыр өлең, сазөлең, Лангсдорф өлеңі т. б. Өлеңшөп малға онша жұғымды болмайды, өйткені оның құрамында небәрі 5 проценттей ғана ақуыз бар.

Ақсу-Жабағылы қорығы

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы — Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Түркістан облысының Түлкібас ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан. Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында Қаратаудағы «Қарабастау» (126 гектар) және «Әулие» (100 гектар) телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007). Қазір Ақсу–Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.

Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу – Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді. Өсімдіктер дүниесі әралуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны), техникалық өсімдіктен: арша, рауғаш, итқұмық, таран, жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген, жем-шөптік өсімдіктен жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл, реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені түрлері бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.); құстардың 238 (гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай, ителгі, шымшық, т.б.); бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сарыбауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. Ақсу – Жабағылы қорығы – табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі.Ақсу-Жабағылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық. Теңіз деңгейінен 1000 м-ден 4280 м аралығындағы биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Негізгі биік аймақтары өзінің таңқаларлық бейнелерімен жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып аршалы ормандарына өтеді. Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған. Көздің жауын алатын қатаң қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен. Ақсу-Жабағалы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны. Бұл жерден тау қойын, ешкісін, маралдарды және еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен түлкілерді, аюлар мен тағыландарды, ақкүмістерді таба аласыз. Осы жерлерді сарышұнақтарды да көруге болады.

Құстар әлемі өте бай. Жоғары аспанда мұртты грифтер, грифондар, жыланбүркіт пен алтын қырандар қалықтайды. Тасты жартастардың арасынан тау кекіліктерінің ұяларын, қар арасынан тылсым қар әтештерін кездестіресіз. Жапырақты орман көлеңкесінде от жалыны тәріздес шыбын ұстағыш қараңдайды. Тоқылдақтың ысқырған дауысы сыбызғының әнін еске салады. Күн сәулесі ойнаған жазық далаларында көбелектер ойнайды, арасынан сирек кездесетін Аполло көбелектерін де көруге болады. Өсімдіктер әлемі таңқаларлық. Кішкентай тас ағашы өзінің тамыр жаюымен белгілі. Амарантус Грандифолия өсімдігі бағалы майға толы. Грейг қызғалдақтары тау алаңқайларында қызыл жалындай жарқырайды. Қызғылтым флокулаларға Қоқанд Моринасының жеңіл гүлдері жиналады.

Қорық ландшафтысы көркем және тылсым. Жазықтар мен алаңқайлар биік шыңды тауларға алмасып, жартасты шатқалдармен қиылысады. Өзендері терең шатқалдарға құйылып, ақырған сарқырамаларды түзейді. Түпсіз көгілдір мұздай тау көлдерінде аспан айнадай шағылысады.

Теңіз деңгейінен 3,000м биіктікте орналасқан қол жеткізбес ұңғымаларда тастарға ойылып түсірілген көптеген бейнелерден тұратын «сурет галлереясын» табуға болады. Оларда үй және жабайы жануарлар, ежелгі адамдардың аң аулауы бейнеленген.

Ақсу-Жабағылының сазды топырағында палеонтологтар тасқа айналған өсімдіктердің, жәндіктердің, балықтардың және кесірткелердің іздерін тапқан.

Балқаш алабұғасы

Балқаш алабұғасы (лат. Perca schrenkii) – алабұға тұқымдасына жататын жыртқыш балық. Дене тұрқы 50 см-дей, салмағы 1,5 кг-дай. 18 жылдай тіршілік етеді. Балқаш алабұғасының кәдімгі алабұғадан айырмашылығы: алдыңғы арқа қанатында қара дақтары болмайды, астыңғы жақ сүйегі ілгері қарай шығыңқы келеді. 2—4 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Наурыз — мамыр айларында, судың температурасы 6 — 8*С-қа жеткенде, уылдырығын (220 мыңға дейін) таяз (0,5 м) әрі тасты су түбіне шашады. Ұрығы бір айда жетіледі. 1961 жылға дейін Балқаш көлінен жылына 2300 тонна Балқаш алабұғасы ауланса, 1965 — 1966 жылы бұл көрсеткіш 10 тоннаға дейін төмендеді. Ал, қазір санының өте азайып кетуіне байланысты азғана популяциясы Іле алабындағы Күрті, Сазталғар бөгені мен Жетісу (Жоңғар) Алатауындағы Басқан өзенінің төменгі сағасында ғана кездеседі. Балқаш алабұғасы — жойылып бара жатқан эндемик түр ретінде ұлттық “Қызыл кітапқа” енгізілген (1996).

Бидайық (өсімдік)

Бидайық (лат. Agropyron) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Оның 44 түрі бар. Оның ішінде тарбағатайлық бидайық (аgropyron tarbagataіcum) — эндемик.

Бұлардың тамыр сабақтары ұзын, жер астында 2 м-ге дейін көлбей өседі. Сабағы тік, оған кезектесіп орналасқан жапырақтары жіңішке таспа тәрізді, гүлінің сыртын мөлдір немесе жасыл гүл қабыршағы, ал оның төменгі жағын 2 жасыл масақша қабыршақ қоршап тұрады. Жел арқылы тозаңданады. Жеміс қабының қауызы тұқымға жабысып, тұтасып кеткен. Дәні бір тұқымды — дәнек.

Бидайықтың ең көп тараған түрлері: құмеркек бидайығы (аgropyron fragіle) және жолеркек бидайығы (аgropyron desertorum). Олардың биіктігі 25 — 100 см. Жатаған тамырлы, сабағы тік, төменгі жағы иіліп келеді. Жапырағы жіңішке таспа тәрізді, түксіз. Гүлшоғыры — масақ, ұзындығы 3 — 7 см, ені 5 — 9 см; масақшасы 3 — 7 гүлді. Маусым — шілде айларында гүлдейді. Бұлар — құнарлы мал азығы. Гектарынан 6 — 8 ц пішен жинауға болады. Жатаған бидайық (аgropyron repens) жатаған тамырлы, су жайылған жерде өседі. Ол — зиянды арамшөп, бірақ мал жақсы жейді. 100 кг пішенінде 52 азық өлшемі, 7 кг сіңімді протеин бар. Гектарынан 25 — 35 ц пішен жинауға болады.

Бозторғайлар

Бозторғайлар (Alaudіdae) – торғайлар отрядына жататын сайрағыш құстар тұқымдасы. Жер шарында кең тараған, тек Антарктида кездеспейді. 15 туысы, 75 түрі анықталған (1 түрі – Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген). Қазақстанда 6 туысқа жататын 13 түрі бар. Бозторғайлар шөл, шөлейт және қиыршықтасты жазық далада, тау жайылымында, елді мекен маңында, кейде орман алаңында кездеседі. Дене тұрқы 12 – 23 см. Қанаттары ұзын, аяқтары қысқа. Артқы бармағында ұзын тырнағы бар. Әдетте, түсі бозғылт, көбінесе мекендеген жерінің түсіне қарай өзгеріп отырады. Бұл қасиеті құсты жерде жүргенде жасырып, бірден көзге байқатпайды. Ұя салмаған кезде, топтасып ұшады. Бұлардың ішінде ең көп кездесетіні – бозторғай (Alauda arvensіs). Оның қанатының ұзындығы 8,5 – 14 см, салмағы 30 – 48 г. Ол Қазақстанның шөлді даласынан басқа аумағында кеңінен тараған. Бозторғайлар жердегі шұқырларға ұялап, оған 2 – 6 тарғыл жұмыртқа салады, кейбір түрлері жылына 2 рет жұмыртқалайды. Балапандарының денесін, әсіресе, жонын қалың мамық жапқан. Бозторғайлар – жыл құсы. Олар қыстау үшін күзде оңтүстіктегі жылы аймақтарға ұшып кетеді, қысы жұмсақ жылдары Қазақстанның оңтүстік аудандарында қыстап қалады. Бозторғайлар өсімдік дәнімен және жәндіктермен қоректенеді. Арамшөптердің де дәнін жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.Денесі 12-23 см, қанаттары ұзын. Түсі топырақ тәрізді. Көпшлік түрлерінін еркектері ұя маңында ән салып ұшады. 15 туысы белгілі. Олардың 75 түрі бар, (Оңтүстік Америкада, 1, Австралияда, 2). ТМД-да 7 туысы 14 түрі таралған. Олар бозторғай, (Alanda arvensis), далалық, (Melanocozypha calandra), құлақты бозторғай, (Eremorphila alpestris), шөлді жер бозторғайы, (Ammomanes deserthi) және ТМД-да эндемик қара (М. yeltoniensis) және ақ бозторғай, (М. leucoptera). Бозторғайлар тундрадан бастап далалық және шөлді аймақтарды мекендейді. Көпшілік түрлері жылы жақта қыстайды. Ұяларын жерге салады. 2-6 жұмыртқа табады. Қоректері, жәндіктер мен өсімдік дәні. 1 түрі ХТҚО Қызыл кітабына енген.

Бор сиякөгі

Бор сиякөгі (лат. Linaria cretacea) – бақажапырақ тұқымдасы, сиякөк туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Ембі өзенінің орта ағысының бойындағы балшықты төбелерде өседі. Биіктігі 30 см. Сабақтарының жоғары жағы бұтақтанып келеді. Дөңгелек пішінді етжең жапырақтары қос-қостан, кейде үшеуден біріге орналасады. Сары түсті гүлдері бұтақтарының ұшына топталған. Тұқымынан көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – дөңгелек пішінді қорапша. Бор сиякөгі өте сирек кездесетін эндемик түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Бұйырғын

Бұйырғын (Anabasis) — алабұта тұқымдасына жататын бұта, бір жылдық немесе көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанның қуаң дала және шөлейт өңірлерінде 17 түрі кездеседі. Бұйырғын Қазақстанда Каспий, Арал теңіздерінің аралығында, Үстіртте, Маңғыстау түбегіде, Бетпақдалада, Мырзашөлдің сазды шөлдерінде өседі. Сондай – ақ осы аймақтардың тақырында да кездеседі. Сирек кездесетін эндемик түрлері: сырдария Бұйырғыны (A. jaxartіca), торғай Бұйырғыны (A. turgaіca) және гипсті бұйырғын. Бұйырғынның сабақтары бунақты, бытыраңқы келеді, жапырақтары жетілмеген, тікенге ұқсас, көбіне қабыршақ сияқты. Гүлі қос жынысты, бес мүшелі, гүлсерігі бар. Жаз бойы гүлдейді. Көп тараған түрінің бірі — сортаң Бұйырғын (A. salsa) — шөлді аудандардың тегіс жерлерінде, кейде аласа тауларда өседі. Оның бір жылдық өркендерінде 7,1 — 14,8% протеин, 18,2 — 31,0% күл, 11,7 — 26,0% клетчатка, 1,5 — 3,2% май болады. Бұйырғынды сиырдан басқа мал жақсы жейді. Бұйырғынның га-нан 1,5 — 4,6 ц құрғақ шөп алынады. Ол — құрғақшылыққа, сортаң топыраққа төзімді өсімдік, тұзд. 45% топырақта да өсе береді.

Дала суыры

Дала суыры, байбак (лат. Marmota bobak) - суыр туысының сүтқоректісі.

Дене ұзындығы 60 см, құйрық 15 см, салмағы 6,5 кг. КСРО да, Еуропада далалық жерлерінде және Солтүстік Қазақстанда эндемик. Тoп түзіп терең індерде жанұясы мен тіршілік етеді. Ін айналасындағы қазылған жер үлкен аймақта өсімдіктер құрамын өзгерте алады. Белсенділігі таңертен және кешке байқалады. 6 айға ұйқыға кетеді. Жылына бір рет 4-5 ұрпақ табады. КСРО Еуропа жағында соңғы уақытқа дейін оба қоздырушысының тасымалдаушы болғанымен қазіргі уақытта қорғаудағы жануар.

Жадырақтар

Жадырақтар (лат. Anthus) - Торғайтәрізділер отрядының Шақшақай тұқымдастарға жататын екі туысының бірі. Бұлар шағын денелі (20- 30 г) және көріксіз реңді, аталығын аналығынан ажырату қиынға соғатын әжептәуір біркелкі құстар. Сондай- ақ олардың жас құстары мен ересектерін де ажырату оңай емес. Осы тұқымдасқа жататын басқа туыстың өкілі шақшақайдан айырмашылығы жадырақтың құйрығы едәуір қысқа. Олардың құйрығы әрдайым қанаттан қысқа болып келеді. Әуеде сайрап, құсойнақта ұшуы ерекше.

Қазақстанда жылдың әр маусымында бұл туысқа жататын құстардың 8 түрін:

Тау жадырағы (лат. Anthus spinoletta),

Орман жадырағы (лат. Anthus trivialis),

Шиаяқ жадырақ,

Дала жадырағы (лат. Anthus richardi), т.б өкілдерін кездестіруге болады.

Дене ұзындығы 14-18 см. Субарктикадан Субантарктидаға дейін шамамен 40 түрі таралған. ТМД кеңістігінде 9 түрі белгілі, оның ішінде сібір жадырағы эндемик. Ұяларын жерге салады. Қорегі, жәндіктер.

Жусан

Жусан (лат. Artemisia) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер тегі, көбіне шала бұта.

Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі – тұқымша. Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан – құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан (мысалы, тамыржусан) да өсіреді.

Калифорния

Басқа мағыналар үшін Калифорния (айрық) деген бетті қараңыз.

Калифорния штаты (ағылш. California) — АҚШ-та халкының саны жағынан бірінші, аумағы жағынан үшінші орын алады. Мұнда 34 млн адам тұрады, бұдан 21 жыл бұрын бұл цифр 11 млн-ға кем болатын. Штаттың тарихы Америка өзенінен алтын табылғаннан кейін осы ауданды түгел қамтыған "алтын безгегінен" басталады.

Қазіргі уақыттағы Калифорнияның орталығы — Голливуд, киноиндустриясы және ойын сауықтарымен әйгілі ғана емес, кәсіпкерлік үшін мүмкіндіктерімен де даңқы шыққан. Калифорнияда дүние жүзіндегі жоғары технологиялар мен компьютерлер жасаудың ең ірі және ең табысты орталықтарының бірі — әйгілі Кремний жазығы (Силикон жазығы) орналасқан.

Мұнда компьютерлер мен оларды бағдарламалық жағынан қамтамасыз ету құралдарын шығаратын жетекші кәсіпорындардың штаб-пәтерлері, зерттеу орталықтары орналасқан.

Силикон жазығында мыңдаған адам жұмыс істеп, жүздеген миллион доллар ақша табуда. Калифорнияда дәстүрлі саналатын авиағарыштық және кеме жасау қалаларының кәсіпорындары да жұмыс істейді. Алайда штаттың ең ірі қалалары — Сан Франциско мен Лос Анжелесте ауыр өнеркәсіп емес, керісінше электроника мен ойын сауық, туризм мен банк ісін қамтитын қызмет көрсету индустриясы жетекші салалар болып табылады.

Сан-Франциско мен оның айналасындағы аумақта 7 млн-нан аса, ал АҚШ- тың батысындагы ең ірі метрополигендік аумақ болып табылатын Лос-Анджелесте 16 млн-нан аса адам тұрады. Жағажайдағы үлкен жазықта өсіп, дамыған бұл мегаполис қоршаған ортаны елеулі түрде ластайтын автожолдардың қуатты тармағымен біртұтас байланысқан. Лос Анжелестің оңтүстігіне қарай Лос-Анджелес — Лонг-Бинч порты орналасқан. Ол АҚШ-тың Тынық мұхиты жағалауындағы ең ірі сауда порты. Қазіргі уақытта тұтастай алғанда гүлденіп келе жатқан Калифорния штаты үшін халықтың өте тығыз қоныстануы мен урбандалуы аса маңызды проблемалар болып табылады.

Халқы - 36,553,215 (2007 est.)

Астанасы - Сакраменто

Канар аралдары

Канар аралдары (ис. Islas Canarias) — Атлант мұхитындағы аралдар тобы. Испанияның 17 автономдық облыстарының бірі. Африканың солтүстік-батыс жағалауынан 100 – 120 км жерде. Канар аралдарын мәңгі жасыл орман мен бұталар көмкерген. Эндемик өсімдіктер көп. Олардың қатарына дракон (айдаһар) ағашы, Канар құрма пальмасы мен қарағайы жатады. Жергілікті тұрғындар банан, картоп, цитрустар, жүзім, темекі, астық және бұршақ тұқымдастарын өсіреді, сиыр, ешкі, қой ұстайды. Аралда ұлттық саябақтар орналасқан. Аралдарда теңіздік климаттық курорт дамыған. Ірі қалалары: Лас-Пальмас және Санта-Крус-де-Тенерифе. Олар Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа елдің бір бөлігі ретінде біріктірілген. Дегенмен, бұл мүшеліктің аралдардың ара-қашықтығына, экономикалық және тарихи-дәстүрлік ерекшеліктеріне байланысты өзіндік өзгешеліктері де бар.

Көл

Көл — тікелей теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербес ойыстар. Ауқымды кеңістікті қамтитын, суы ащы көл түрлері теңіз деп аталып жүр (Каспий, Арал теңіздері). Жер шарындағы көлдердің жалпы ауданы 2,1 млн. км2 (құрлық ауданының шамамен 1,4%-ы). Ондағы жинақталған судың көлемі 176 мың км3, оның 52%-ы тұщы су, 48%-ы ащы су. Көлде эндемик түрлер, кейде реликт түрлер тіршілік етеді. Жер шарының ең ірі көлі – Каспий теңізі, ең терең көлі – Байкал. Қазақстанда Каспий мен Аралды қоспағанда, 48262 көл бар, олардың жалпы ауданы 45032 км2.

Северцов қарақабығы

Северцов қарақабығы (лат. Ungernia sewerzowii) – амариллистер тұқымдасына жататын ,сирек кездесетін ,дерлік эндемик түрлі өсімдік.

Мәртебесі: сирек кездесетін, дерлік эндемик түр. Батыс Тянь-Шаньда (Талас Алатауы, Угам жотасы, Қаржантау) және Сырдария Қаратауының оңтүстік бөлігінде (Боролдай, Кіші Қаратау) кездеседі. Қазақстаннан тыс Өзбекстанның шекаралас аудандарында да таралған. Таудың төменгі және ортаңғы белдеулеріндегі тасты және ұсақ шағыл тасты беткейлерінде, бұталар арасында өседі. Ерекше маусымдық даму ырғағымен ерекшеленеді. Ерте көктемде жапырақтары пайда болады, сөйтіполар жаз басында қурап қалады. Гүл өсетін сабағы маусым соңында шығады. Оның жапырағы болмайды, ұшында қызыл түсті 3-17 гүлден тұратын шатыр тәрізді гүлшоғыры болады. Қара қабыршақпен қапталған үлкен пиязшықтың жуандығы 7 см, онда қор заттар жиналған, соның нәтижесінде сабағы жақсы дамиды. Мәдени өсірілуі дерлік белгісіз. Алматыда жақсы өседі. Гүлдеуі мен жеміс беруі ретсіз. Табиғатта жекелеген популяциялары кездеседі, тұқымымен және вегетативті жолмен көбейеді. Соңғы жағдайда ондаған пиязшықтан тұратын тығыз топ құрайды. Ақсу-Жабағылы қорығы, Боролдай және Бөріқара қорықшаларында қорғалады.

Сөгеті сасыры

Сөгеті сасыры (лат. Ferula sugatensis) – шатыршагүлділер тұқымдасының сасыр туысына жататын көп жылдық өсімдік. Іле Алатауында (Сөгеті аңғарларында) кездеседі. Биіктігі 30 см-ге дейін жетеді. Тамырының жуандығы 0,5-1 см. цилиндр тәрізді. Сабағы біреу, түксіз, ирек болып келеді. Жапырағы сүр жасыл түсті, түксіз. Деңгелек жапырағы сағақты, оның тақташасы дөгелек ромб тәрізді, ұзындығы 4-6 см. Сабақ жапырағы ұсақ. Шатыргүлі 8-13 салалы, шатыршагүлі 12-15 гүлді. Гүлі сары түсті. Маусымда гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі сопақтау, ұзындығы 5 мм, қоңыр түсті. Өте сирек кездеседі, эндемик. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Тарбағатай кемпіршөбі

Тарбағатай кемпіршөбі (лат. Acantholіmon tarbagataіcum) — қорғасыншөптер тұқымдасы, кемпіршөп туысына жататын көп жылдық жартылай бұта. Тарбағатай жотасы мен Сандықтас тауында кездеседі. Биікт. 12 – 20 см, сабағы жерге төселіп өседі. Көктемдегі жапырақтары қатты, ылғал сүйгіш, ерте қурап түседі; жазда өсетіндері күзде қурағанмен, түспей, сабағында сақталып қалады. Гүлдері қос жынысты, аталығы бесеу, аналығы 5 жеміс жапырақшасынан тұрады. Жеке гүлінде бір-бірімен кірігіп, түтік тәрізді жұқа жарғақты 5 тостағанша жапырақшасы болады. Олар қурап түспей, жемістің сыртын қаптап тұрады. Бір-бірімен кірікпеген қоңыр қызыл түсті 5 күлтесі бар. Ұсақ гүлдері екі қатар масақ гүлшоғырына жиналған. Әр гүлшоғыры 5 – 11 гүлден құралады. Тұқымынан көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жеміс салады. Тарбағатай кемпіршөбі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген өте сирек кездесетін эндемик түр.

Тобылғытүс

Тобылғытүс (лат. Spiraeánthus) – раушангүлділер тұқымдасына жататын монотипті өсімдіктер тегі. Тектің жалғыз биологиялық түрі - Орта Азияда өсетін эндемик - Шренк тобылғытүсі (Spiraeanthus schrenckianus Maxim.), бұта. Синонимы - Spiraea schrenkiana C.A.Mey..

Шұңғыма

Шұңғыма, мұхит шұңғымасы, тереңсулы шұңғымалар – мұхит шарасының тереңдегі 5000 метрден астам ұзынша әрі жіңішке келген ойыңқы бөлігі.

Шұңғыма ұзындығы бірнеше мың км-ге, ені – ондаған және жүздеген км-ге жетеді. Дүниежүзілік мұхиттағы ең терең шұңғыма – Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы (тереңдегі 11022 м). Тереңдігі 7 км-ден асатын Тынық мұхитында 12, Атлант мұхитында 3 шұңғыма бар. Әдетте, шұңғыма аралдар доғасының мұхиттық жағына орналасады, мысалы, Алеут, Курил-Камчатка, Филиппин шұңғымалары және құрлық жағалауларының су асты жоталарының баурайымен ұзына бойына созылады (құр-лық пен мұхит аралығындағы өтпелі аймақта), мысалы, Анд тауларының батыс баурайындағы Перу және Чили шұңғымалары. Геологиялық тұрғыдан қазіргі геосинклиналдық құрылымдарды құрайды. Әдетте шұңғыма жоғарғы сейсмикалық және жанартаулық аумақтарымен ерекшелінеді. Шұңғыма табаны тегіс, шөгінді жыныстар (борпылдақ шөгінділер жабындысының қалыңдығы 2 – 3 км-ге жетеді) жапқан, беткейі тіктеу 5. Өзіне тән эндемик фаунасы таралған.

Қаратау қорығы

Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы — Түркістан облысы аумағындағы Қаратау жотасының орталық бөлігінде, Кентау қаласынан 17 км жерде орналасқан мемлекеттік қорық. Онда өсетін сирек кездесетін және эндемик түрлерінің саны жағынан Қазақстанда бірінші орында. Қаратау қорығы 2004 жылы құрылған, аумағы 34,3 мың га.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.