Экономикалық ғылымдар

Экономикалық ғылымдарқоғамның экономикалық жай-күйі мен дамуының объективті заңдылықтарын зерделеумен‚ шаруашылық өмір құбылыстарын статистикалық өңдеумен және теориялық жүйелеумен‚ материалдық игіліктерді өндіру‚ бөлу‚ тұтыну және оларды айырбастау саласында тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеумен айналысатын ғылымдар жүйесі.

Олар бірқатар белгілер бойынша сыныпталады‚ олардың негізгілері – зерттеу объектісінің ортақтығы және іс жүзінде қолданылуы. Зерттеу объектісінің ортақтығы дәрежесіне қарай жалпы және нақты (жеке) экономикалық ғылымдар түрлеріне бөлінеді.

Жалпы жкономикалық ғылымдарға саяси экономика (экономикалық теория)‚ қоғамдық өндірісті басқару теориясы‚ т.б. жатады. Экономикалық статистикабухгалтерлік есеп‚ шаруашылық қызметті талдау‚ экономикада математикалық әдістерді қолдану‚ т.б. ерекше орын алады.

Нақты экономикалық ғылымдар сала аралық (атқарымдық) белгі бойынша – қаржынесиеақша айналысыбаға белгілеу‚ еңбек экономикасы‚ т.б.; салалық белгі бойынша – өнеркәсіп‚ ауыл шаруашылығы‚ көлік‚ байланыс экономикасы‚ т.б.‚ сондай-ақ өнеркәсіп пен өндірістердің жекелеген салаларының экономикалық мәселелерін зерделейтін пәндер; аумақтық (аймақтық‚ ел танушылық) белгі бойынша – жекелеген елдердің‚ аймақтардың экономикасын зерделеу бойынша ажыратылады. Бұлайша ажырату шартты сипатта болады. Зерттеу нәтижелерінің іс жүзінде қолданылуына қарай экономикалық ғылымдар іргелі және қолданбалы Экономикалық ғылымдар түрлеріне бөлінеді. Іргелі талдамалар қолданбалы талдамалардың негізін құрайды‚ бұларды экономикалық зерттеулерде оңтайлы түрде ұштастыру жекелеген бірлестіктерді (фирмаларды‚ кәсіпорындарды)‚ өнеркәсіп салаларын‚ жалпы халық шаруашылығын дамытудың тиімділігін қамтамасыз етеді.[1]

Дереккөздер

  1. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
Creative Commons

Creative Commons ([krɪ'eɪtɪv 'kɒmənz], ['kɔmənz] – «криэ́йтивко́мэнс») деп оқылады, қысқарған түрі - CC ([siːsiː] — «си-си») — тегін пайдаланатын келісім шарт үлгілерін жасайтын коммерциялық емес ұйым – еркін және еркін емес ашық лицензиялар, соның көмегімен авторлар мен құқық иегерлері өз туындыларын кең және еркін таратуына болады, ал контент тұтынушылары осы туындыларды мейлінше қарапайым әрі оңай пайдалана алады.

Creative Commons ұйымын 2001 жылы АҚШ-та Қоғамдық игіліктер Орталығының қолдауымен [1] (ағылш. Center for the Public Domain) Лоуренс Лессиг, Хэл Абельсон және Эрик Элдредтер негізін қалады. Creative Commons-тің мақсаты – еркін таратуға, пайдалануға қолжетімді туындылар санын арттыру және көбейту.

Ұйым 2002 жылы тегін қолдануға бірнеше лицензияларды жасап шығарған және жариялаған. Солардың көмегімен авторлар, танымал Creative Commons лицензиясы сияқты, өз авторлық құқықтарын тиімді басқара алатын болды. Бұл лицензиялар жасаушы-авторларға олардың қандай құқықтан бас тартқылары келетінін (мысалы, автор өзінің жанкүйерлеріне өз туындыларын таратуға тиым салғысы келмейді – заң бойынша ондай тиым салу туынды жасаларда автоматты түрде іске қосылады), ал қандай құқықты өздерімен қалдыратынын хабарлауға мүмкіндік береді ( бұл көзқарас «some rights reserved» деп аталған — «кейбір құқықтар сақталған», қалыпты жағдайға қарама-қайшы «барлық құқықтар сақталған»).

Бұдан бұрынырақ еркін лицензиялар деп аталатын компьютерлік бағдарламалар мен техникалық құжаттарға арналған лицензиялар болған (бірақ Creative Commons-та еркін емес те лицензиялар пайда болды).

Creative Commons-тың жаңалығы - олар философ, бағдарлама жасаушы Ричард Столлманның идеясын пайдаланды. Лицензияға метамәліметтер қосып ақпаратты өңдеу үшін авторлық құқық туралы компьютермен және ойлап табылған жаңалықты қолдануды, заңгерлермен емес, жай қарапайым адамдармен, түсінікті белгілерімен «қысқаша түсініктеме» лицензия құрай, барынша қысқартуында. Creative Commons лицензиясы заңгерлік жағынан қарама-қарсы емес және ешбір жағдайда авторлық құқықпен күреспейді, бірақ іс-жүзінде көбірек либералды көзқарас жағынан қалыпты авторлық құқықтың шектелуіне және копирайтқа оппозиция сияқты бәсеке тудырады.

Creative Commons лицензиялары мәдениетте, білім беру саласында, ғылымда, билікте, мемлекеттік ұйымдарда, музыкалық бірлестіктерде және дыбыс жазушы компанияларда қолданыла бастады. Creative Commons лицензиясын интернет-жобаларда кең спектрде қолданды: мемлекеттік (Ресей Президентінің сайты, АҚШ Президентінің сайты), энциклопедиялық (Уикипедия), картографиялық (Wikimapia, OpenStreetMap), ғылыми рецензияланған журналдар сайты (Public Library of Science және тағы да басқа), фотосуреттер (Flickr), видео (YouTube), комикстер (xkcd), музыкалық (Jamendo) сайттар, сонымен қатар оффлайн жобалар. Бүкіл әлемде 2010 жылдың желтоқсанындағы есеп бойынша Creative Commons әртүрлі лицензиясы жағынан 400 миллионнан көп туынды таратқан (онымен қоса, еркін контенттің үлесі барлық уақытта өсіп отырады және 40%-ға жеткен). Лицензиялық контент бойынша іздеу Google арқылы жүзеге асады. Creative Commons лицензиясын қолданушыларға заңды түрде қолдануға болатын контент береді (мысалы, блоггерлер суретті орналастырарда бұдан кейін өздерінің авторлық құқықтарын бұзудың қажеті болмайды).

Алмаз Тұрдыметұлы Ибрагимов

Алмаз Тұрдыметұлы Ибрагимов 1948 жылы 26 мамырда Қырғыз КСР Ыстықкөл ауданының Ананьево ауылында туған.

Халықтар достығы орденді Ташкент халық шаруашылығы институтын (1977) экономист мамандығы бойынша; Мәскеу осы заманғы бизнес институтын (1999) менеджер мамандығы бойынша; Бүкілресейлік алюминий-магний институтының (Санкт-Петербург қ., 1994) мамандану курсын бітірген. Ресейдің экономикалық ғылымдар және кәсіпкерлік қызметі академиясының коммерция докторы (1998). ҚР Минералдық ресурстар академиясының қүрметті академигі (1998).«Лигнит бокситтерін енеркәсіпте пайдаланудың болашағы» (2005); «Төмен сортты бокситтер кен орындарын кешенді игеру» (2005) жарияланған мақалаларын; «Патенттік,өнертапқыштық және өнертабыстық қызмет - «Қазақстан Алюминийі» АҚ инновациялық саясатының негізі» (2005) баяндамалар жинағының, «Қазақстан Алюминийі» АҚ-та ұнтақтардың шикі құрамдарының жентектелу үдерістерін күшейту» (2006) ғылыми мақалалар жинағы, «Алюминий тотығы өндірісін қойылтқыш заттарын жетілдіру» (2007) баяндамалар жинағының авторы.1966-1967 жылдары - Қырғыз КСР-і Ыстықкөл облысының «Бірінші мамыр» кеңшарының жұмысшысы. 1970-1985 жылдары - «Бірінші мамыр» кеңшарының слесары, жабдықтау женіндегі инженері, инженердің орынбасары.1990 жылдан - «Полимер» зауытының (Алматы облысы, Қаскелең қ.) директоры. 1994 жылдан - Павлодар алюминий зауытының бірінші вице-президенті. 1995 жылдан - Павлодар алюминий зауытының бірінші вице президенті - бас директоры. 2001 жылдан - «Қазақстан алюминийі» АҚ (Павлодар қ.) президенті. 2005 жылдан бері - «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ (Павлодар қ.) президенті.«Құрмет» (2001), «Отан» (2007), «Достастық Жұлдызы» (2007) ордендерімен, II дәрежелі Халықаралық Жаңғыру орденімен (2007), «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005); 3-ші (2002), 2-ші (2003), 1-ші (2006) дәрежелі «Еңбек даңқы», «Облыс алдыңцағы еңбегі үшін» (2004) белгілерімен марапатталған. Академик Е. Бөкетов атындағы сыйлықтың лауреаты (2006).

Арсен Венгер

Арсен Венгер, OBE (фр. Arsène Wenger; 22 қазан 1949, Страсбург) — француз футбол жаттықтырушысы. Футбол тарихындағы ең танымал олжалы бапкерлердің бірі болып саналады.

Буэнос-Айрес университеті

Буэнос-Айрес университеті (испанша Universidad de Buenos Aires, UBA) – 1821 жылы 12 тамызда Буэнос-Айрес қаласында негізі қаланған ірі Аргентина университеті. . Университетте 13 факультет, 6 клиника және 10 мұражай бар, үш жоғары «Буэнос-Айрес Ұлттық колледжі», «Карлос Пеллегрини коммерциясының Жоғары мектебі» және «Екінші Жоғары білім Институты» мектеппен байланыс орнатқан. Университеттің мәртебесі бүкіл Латын Америкасына белгілі. Аргентинаның басқа да ұлттық университеттері сияқты Буэнос-Айрес университеті де қаржы жағынан мемлекетке тиесілі, дегенмен де университет тәуелсіз, автономды әрі тегін (соның ішінде шетелдіктерге де) болып табылады. Университет автономды болғаннан кейін, 1918 жылы оқытушылар, студенттер мен бітірушілер университет реформасын құрғаннан кейін, университетте өзінің басқару жүйесі бар.

Варшава университеті

Варшава университеті (польш. Uniwersytet Warszawski, лат. Universitas Varsoviensis) — Польшадағы ең үлкен және беделді университеттердің бірі. Варшава Университетінің іргетасы 1816 жылы қаланған.Университетте 60 мыңнан астам білімгер білім алады.

Британиялық «Таймс» журналы Варшава Университетін әлемнің 200 университетінің қатарына қосты.

Ермек Нәсіпқалиұлы Марабаев

Ермек Нәсіпқалиұлы Марабаев (1959 жыл 26 желтоқсан, Мәскеу, КСРО) - мұнайшы, иженер, ұлттық мұнай компанияларының басшысы.

Жанат Михайлқызы Шаекина

Жанат Михайлқызы Шаекина (01.03.1957 жыл, Қарағанды облысы) – экономика ғылымдарының докторы (2005), профессор (2008).

Қазіргі Қарағанды мемлекеттік университетін (1979) "Экономика және материалдық-техникалық жабдықтауды жоспарлау" мамандығы бойынша бітірген. Мамандығы: маркетинг, туризм, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету.

Қарағандыоблауылшартехника" кәсіпорынының жоспарлау-экономика басқармасында инженер (1979–1981); 1981 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, профессор қызметін атқарады.

2006 жылдың наурызынан 2010 жылдың қыркүйегі аралығында Ясауи атындағы ХҚТУ-ні жанындағы 080005 – Экономика және халық шаруашылығын басқару, 080012 – Бухгалтерлік есеп, аудит, статистика мамандықтары бойынша экономика ғылымдарының докторы дәрежесін беру жөніндегі диссертация\ларды қорғау бойынша диссертациялық кеңес мүшесі.

2010 жылдың қазанынан - ҚР Білім министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитеттің экономикалық ғылымдар жөніндегі сараптамалық кеңес мүшесі.100-ден астам ғылыми жарияланым мен 3 монографияның авторы.Ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау: экономика ғылымдарының докторы - 1, экономика ғылымдарының кандидаты - 3, магистрлер - 15.

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов

Тәшенев Жұмабек Ахметұлы (20.03.1915 жылы Ақмола облысы Аршалы аудан Танагүл ауылында дүниеге келіп – 18.11.1986 жылы Шымкент қаласында дүниеден озған) – мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының кандидаты (1962). Ақмола құрылыс техникумын (1932), КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1955) бітірген.

Инженерлік Академия

Инженерлік Академия , Қазақстан Республикасы И н ж е н е р л і к а к а д е м и я с ы – мемлекеттік емес ғылыми ұйым.

1991 жылы құрылған. Қазақстандағы жоғары ғылыми-әдістемелік және үйлестіруші инженер Орталық болып табылады. Жаратылыстану, техникалық, экономикалық ғылымдар салаларының жетекші ғалымдарын, өндіріс ұйымдастырушыларын және инженерлерін, сонымен қатар ұйымдар мен мекемелердің ұжымдарын біріктіреді. Қазақстанның қоғамдық-экономика дамуы бағыттарында ғылыми-техникалық прогрестің тиімді әрі жылдам дамуына, сонымен қатар жоғары білікті инженермамандарын даярлау, импорт алмастырушы технологияларды өндірістік тұрғысынан үйрену және олардың технологиясына сай инфрақұрылымдарды дайындауға жан-жақты ықпал етеді. Инженерлік Академия ауылы құрылымын ірі өндірістік кәсіпорындар, 20-дан астам ғылыми-техникалық және инженер орталықтар, 14 облысы бөлімшелер, 9 бөлімшелер құрайды.

150 ғылыми-зертеулік институттарын, жоғары оқу орындарын, акционерлік қоғамдарды, бірлестіктерді, өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдарды біріктіреді. Инженерлік Академия ауылы халықаралық инженерлік академияның, Америка техникалық және инженер ғылымдар академиясының бүкіләлемдік кеңесінің (CAETS), Ислам елдерінің біріккен инженер федерациясының (ФИОИС) ассоциациялық мүшесі, Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Даму жөніндегі комиссиясымен (UNIDO) ғылыми байланыстары бар. Ислам конференциясы ұйымының (COMSTECH) ғылыми-техникалық іскерлік байланыс комитетіне және ФИОИС семинарларына (2001) қатысып, АҚШ, Швеция, Германия, Болгария, Қытай, Түркия, Жапония, т. б. шетелдік инженер ұйымдармен шығарм. байланыс жасайды.

Кокушикан унивеситеті

Кокушикан унивеситеті (жапонша - 国士舘大学(こくしかんだいがく)、ағылшынша - Kokushikan University). Жапонияның астанасы Токио метрополитетінің Сетагая қаласында орналасқан жеке меншік жоғарғы оқу орны. 1958 жылы құрылған. Жапонша қысқаша атауы «Кокушидай».

Кокушикан университеті 1917 жылы Токуджиро ШИБАТА (20.12.1890 - 26.01.1973) есімді білім саласындағы қайраткер құрған жеке меншік мектептің негізінде құрылған университет. Бастапқы кезеңде жасөспірімдерге білім беру мақсатында орташа білім орны ретінде құрылып, 1958 жылы жоғары оқу орнына айналады. Қазіргі таңда 3 кампуста орналасқан 6 факультеті мен 9 ғылыми-зерттеу институттары бар ірі жеке меншік университеттердің бірі болып саналады.

Кокушикан университетінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, «Азия 21 ғасыр» факультетінде 4 жылдық оқуды бітіргеннен кейін, Жаһанданған Азия аймағын зерттеуге бағытталған ғылыми-зерттеу институтында 1 жыл магистратурада оқып, 5 жыл ішінде магистрант атағын иемдену жүйесі қарастырылған. Яғни, 2 жылдық магистратураны 1 жылда тәмамдау мүмкіншілігі қарастырылған. Сонымен қатар бұл университеттің техникалық факультеттерінің студенттері бүкіл елдің студенттері қатысатын ғылыми сайыстарда үздік нәтижелер көрсетіп, мемлекет тарапынан бөлінетін ғылыми гранттарды көптеп ұтып алумен ерекшеленеді. Сондай-ақ дзюдо, футбол және басқа-да спорт түрлері мен дене шынықтыру салалары дамыған жоғары оқу орны болғандықтан, бұл университеттің түлектері арасында олимпияда ойындарында алтын медальдар алғандар да бар және оқуды бітіреннен кейін полиция басқармасы сияқты тәртіп сақтау мекемелеріне жұмысқа орналасатындар көптеп кездеседі.

Университет факультеттері:

• Саяси-экономика факультеті

• Дене шынықтыру факультеті

• Физика және технология факультеті

• Заң факультеті

• Филология факультеті

• Азия 21 ғасыр факультеті.

Университеттің ғылыми-зерттеу институттары:

• Саяси ілімдер саласындағы ғылыми-зерттеу институты,

• Экономикалық ілімдер саласындағы ғылыми-зерттеу институты,

• Басқару (менеджмент) саласындағы ғылыми-зерттеу институты,

• Заң саласындағы ғылыми-зерттеу институты,

• Технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу институты,

• Гуманитарлық ілімдер саласындағы ғылыми-зерттеу институты,

• Спорт және дене шынықтыру саласындағы ғылыми-зерттеу институты,

• Интеллектуалды жеке меншікті қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу институты,

• Жаһанданған Азия аймағын зерттеуге бағытталған ғылыми-зерттеу институты.

Университеттің тарихи хронологиясы:

• 1917 жылы «Кокушикан» жеке меншік мектебі құрылады,

• 1919 жылы жоғары оқу бөлімі ашылады,

• 1919 жылы «Заңды тұлға «Кокушикан» құрылады,

• 1923 жылы орта білім беру бөлімі ашылады,

• 1925 жылы орта білім беру бөлімі жабылып, орта мектеп ашылады,

• 1926 жылы сауда мектебі ашылады,

• 1929 жылы мамандандар дайындайтын мектеп ашылып, онда Азияны дамыту бөлімі мен кюдо, дзюдо, кендо сияқты ұлттық күрес бөлімдері ашылады,

• 1930 жылы жоғары білім беру бөлімі жабылып, жоғары мектепке айналады,

• 1934 жылы жоғары мектеп жабылады,

• 1942 жылы жоғары мектеп қайта ашылады,

• 1941 жылы Азияны дамыту бөлімі жабылады,

• 1945 жылы Екінші дүниежүзілік соғысқа байланысты жоғары мектеп жабылады,

• 1946 жылы Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына орай мектептің атауы «Шитоку Гакуен» деп өзгертіледі,

• 1949 жылы сауда мектебі жабылады,

• 1951 жылы Заңды тұлға оқу орны ретінде қайта құралады,

• 1953 жылы мектептің атауы өзінің бастапқы атауы «Кокушиканға» қайта ауысып, «Кокушикан» атты қысқа мерзімді мамандандар дайындайтын оқу орны құрылады,

• 1955 жылы «Шитоку» мамандар дайындайтын мектеп жабылады,

• 1958 жылы «Кокушикан университеті» құрылып, осы жылы дене шынықтыру факультеті (кафедрасы) ашылады,

• 1961 жылы саяси-экономикалық факультет (саясаттану және экономика кафедралары) ашылады,

• 1963 жылы технологиялық факультет (машина жасау және электр қуаты кафедралары) ашылады,

• 1965 жылы Цуругава кампусы ашылып, 1-2 курс студенттері осы кампуста оқытыла бастайды және осы жылы саяси-экономикалық факультеттің екінші бөлімі мен саяси ғылымдар мен экономикалық ғылымдар саласындағы аспирантуралар (магистратура және докторантура) ашылады,

• 1966 жылы Заң факультеті (юриспруденция), филология факультеті (педагогика, тарих, география, әдебиет кафедралары) ашылады,

• 1974 жылы тәрбие беру бөлімі ашылады,

• 1992 жылы Тама кампусы ашылып, дене шынықтыру факультеті осы кампусқа көшіріледі,

• 1994 жылы технологиялар саласындағы аспирантура (магистратура) мен ғылыми-зерттеу институты ашылады,

• 1995 жылы заң саласындағы аспирантура (магистратура) мен ғылыми-зерттеу институты ашылады,

• 1996 жылы тәрбие беру бөлімі жабылады,

• 1997 жылы басқару (менеджмент) саласындағы аспирантура (магистратура) мен ғылыми-зерттеу институты ашылады,

• 1998 жылы Сетагая кампусында орталық кітапхана мен дене шынықтыру кешені ашылады,

• 1999 жылы басқару (менеджмент), заң және технологиялар салалары бойынша докторантуралар ашылады,

• 2000 жылы дене шынықтыру факультеті (ұлттық күрес түрлері және спорттық медицина кафедралары) ашылады,

• 2001 жылы заң факультеті (қазіргі таңдағы бизнес саласындағы заңдар кафедрасы), спорт және дене шынықтыру саласы мен гуманитарлық салалардағы ғылыми-зерттеу институттары мен аспирантуралы (магистратура) ашылады,

• 2002 жылы «Кокушикан» мамандар дайындайтын қысқа мерзімді оқу орны жабылады және осы жылы Цуруга кампусында Азия 21 ғасыр факультеті (кафедрасы) ашылады,

• 2003 жылы спорт және дене шынықтыру саласы мен гуманитарлық салалардағы ғылыми-зерттеу институттары негізінде докторантуралар ашылады,

• 2006 жылы жаһанданған Азия аймағын зерттеуге бағытталған аспирантура (магистратура және докторантура) мен Интеллектуалды жеке меншікті қорғау саласында магистратура ашылады және саяси-экономикалық факультеттің екінші бөлімі жабылып, саяси-экономикалық факультеттің құрамына енеді,

• 2007 жылы технологиялық факультет физика және технология факультетіне өзгертіледі және осы жылы университет өзінің 90 жылдығын қарсы алады,

• 2008 жылы Цуруга кампусындағы дене шынықтыру факультетінде балалар спорт тәрбиесі кафедрасы ашылады және Сетагая кампусында Умегаока ғимараты ашылып, саяси-экономикалық, заң және филология факультеттерінің 1-2 курс студенттері осы кампусқа көшіріледі,

• 2009 жылы Цуруга кампусының атауы Мачида кампусы болып өзгертіледі,

• 2010 жылы жедел көмек көрсету саласындағы ғылыми-зерттеу институты (магистратура ) ашылады,

• 2011 жылы саяси-экономикалық факультетінің (менеджмент кафедрасы) негізінде басқару (менеджмент) факультеті ашылады,

• 2017 жылы университеттің құрылғанына 100 жыл толады.

Университеттің кафедралары:

• Саяси-экономикалық факультет: Саясаттану кафедрасы, Экономика кафедрасы, Басқару кафедрасы.

• Дене шынықтыру факультеті:

Дене шынықтыру кафедрасы, Ұлттық күрес түрлері кафедрасы, Спорттық медицина кафедрасы, Балалар спорт тәрбиесі кафедрасы.

• Физика және технология факультеті:

Физика және технология кафедрасы, Инженерлік технологиялар саласы, Электрондық ақпараттар саласы, Сәулет саласы, Қалалық ландшафт саласы, Денсаулық сақтау және медициналық технологиялар саласы, Фундаментальдық физика саласы.

• Заң факультеті:

Юриспруденция кафедрасы, Заманауи бизнес саласындағы заңдар кафедрасы.

• Филология факультеті:

Педагогика кафедрасы: Педагогика саласы, Логика саласы, Бастаушы сыныптарға білім беру саласы.

Тарих және география кафедрасы: Археология және жапон тарихы, Шығыс елдері тарихы, География және қоршаған ортаны қорғау.

Филология кафедрасы:

Жапон әдебиеті және мәдениеті, Қытай тілі және қытай әдебиеті.

• Азия 21 ғасыр факультеті:

21 ғасырдағы Азия кафедрасы: Азиялық бизнес курсы, 21 ғасырдағы Жапонияны танып-білу курсы, Азия аймағының дизайны курсы.

• Технология факультеті (2007 жылға дейін оқуға түскен студенттер үшін):

Инженерлік-ақпараттық технологиялар кафедрасы, Элекр-электрондық технологиялар кафедрасы, Қалалар жүйесі технологиялар кафедрасы, Сәулеттік дизайн технологиялар кафедрасы. 4 кафедра негізіндегі курстар: Табиғат және адам өміріне байланысты курс, Күнделікті өмір мен өмір сүруге қажетті материалдарға байланысты курс, Компьютер және математикалық заңдарға байланысты курс, Компьютер және байланыс құралдарына қатысты курс.

Университеттің аспирантурасы:

• Саясат саласындағы ғылыми-зерттеу институты - Саясаттану (магистратура және докторантура),

• Экономика саласындағы ғылыми-зерттеу институты - Экономика саласындағы зерттеулер (магистратура және докторантура),

• Басқару (менеджмент) саласындағы ғылыми-зерттеу институты - Басқару саласындағы зерттеулер (магистратура және докторантура),

• Заң саласындағы ғылыми-зерттеу институты - Заң саласындағы зерттеулер (магистратура және докторантура),

• Технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу институты - Инженерлік технологиялар саласы (магистратура), Электрлік технологиялар саласы (магистратура), Сәулеттік технологиялар саласы (магистратура), Қолданбалы технологиялар саласы (магистратура),

• Гуманитарлық саладағы ғылыми-зерттеу институты - Гуманитарлық саладағы зерттеулер (магистратура және докторантура), Білім беру саласындағы зерттеулер (магистратура және докторантура),

• Дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми-зерттеу институты - Спорт саласындағы зерттеулер (магистратура), Conditioning Systems саласындағы курс, Қоғамдық жүйе саласындағы курс, Жедел көмек көрсету саласындағы курс, Жедел көмек көрсету саласындағы курс (1 жылдық курс), Спорттық жүйе саласындағы зерттеулер (докторантура), Спорт саласында білім беру жүйесі саласындағы курс, Дене шынықтыру жүйесу саласындағы курс, Спортшыларды жаттықтыру жүйесі саласындағы курс,

• Интеллектуалды жеке меншікті қорғауға бағытталған заңдар саласындағы ғылыми-зерттеу институты - Интеллектуалды жеке меншікті қорғау саласындағы зерттеулер (магистратура),

• Жаһанданған Азия аймағын зерттеуге бағытталған ғылыми-зерттеу институты - Жаһанданған Азияны тану (магистратура), Жаһанданған Азияны зерттеу (докторантура).

Университет жанындағы ғылыми-зерттеу мекемелері:

• Ақпарат саласындағы ғылымдар орталығы, • Ежелгі Ирак мәдениетін зерттеу институты, • Ұлттық күрес түрлерін зерттер институты, • Азия және Жапония ғылыми-зерттеу институты, • Өмірлік ғылымдар орталығы, • Wellness жүйесін зерттеу орталығы, • Физика саласындағы зерттеу орталығы (Физика және технология факультеті жанында), • Экономика саласындағы зерттеу орталығы (Саяси-экономикалық факультеті жанында), • Басқару саласындағы ғылыми-зерттеу институты (басқару факультеті жанында), • Салыстырмалы заңдар жүйесі саласындағы ғылыми-зерттеу институты (заң факультеті жанында), • Жаңа технологияларға қатысты заңдар саласындағы ғылыми-зерттеу институты (заң факультеті жанында), • Серіктес кампус - Бишкек гуманитарлық университеті.

Университет жатақханалары:

• Сетагая кампусы: Сетагая жатақханасы, Шёинрё жатақханасы (ерлер үшін ғана), Guest House (шетелдік студенттер үшін ғана).

• Мачида кампусы: Цуруга жатақханасы, Богакурё (бейсбол және футболмен айналысатын ер студенттер үшін ғана), Сумирерё (қыздар үшін ғана).

Әріптестік орнатып отырған шетелдік жоғары оқу орындар:

• Сан-Франсиско штатының орталық университеті (АҚШ)

• Simon Fraser University университеті (Канада)

• College of the Rockies жоғары оқу орны (Канада)

• Griffith University университеті (Австралия)

• Hanyang University университеті (Оңтүстік Корея)

• Korea University университеті (Оңтүстік Корея)

• Dong-eui University университеті (Оңтүстік Корея)

• Andong National University университеті (Оңтүстік Корея)

• Beijing Normal University университеті (Қытай)

• Шанхай халықаралық сауда-экономикалық университеті (Қытай)

• Heilongjiang University университеті (Қытай)

• Шаньси университеті (Қытай)

• Цзянсу университеті (Қытай)

• Wuhan University университеті (Қытай)

• Shenzhen Polytechnic University университеті (Қытай)

• Циньдао университеті (Қытай)

• Chinese Culture University университеті (Қытай)

• National Sun Yat-sen University университеті (Тайвань)

• Қырғыз ұлттық университеті (Қырғыз Республикасы)

• Бишкек гуманитарлық университеті (Қырғыз Республикасы)

• Моңғол ұлттық университеті (Моңғолия)

• De La Salle University университеті (Филлипины)

• Chulalongkorn University университеті (Тайланд)

• Chiang Mai University университеті (Тайланд )

• Вьетнам мемлекеттік гуманитарлық университеті (Вьетнам)

• Gadjah Mada University университеті (Индонезия)

• Самарқанд мемлекеттік шет тілдер университеті (Өзбекстан)

• Әлем экономикасы және дипломатиясы университеті (Өзбекстан)

• University of Portsmouth университеті (Ұлыбритания)

• Людвиг-Максимилиан атындағы Мюнхендік университет (Германия)

• Semmelweis University университеті (Венгрия)

• Владивосток Қиыр Шығыс технологиялық университеті (Ресей)

• Addis Ababa University университеті (Эфиопия).

Кокушикан университеті әлемнің және жаһандану үрдістері қатты қарқынмен дамып отырған Азия аймағының, оның ішінде саяси-экономикалық маңыздылығы өсіп келе жатқан Орталық Азия мемлекеттерінің жоғары оқу орындарымен білім және ғылым саласындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды жоғары деңгейге көтеру мақсатында тығыз ынтымақтастық орнатуға мүдделі.

Университеттің ресми сайты: http://www.kokushikan.ac.jp/

Лондонның экономика мектебі

Лондонның экономика мектебі — Лондон университетінің бөлімі. Ол 1895 жылы «қоғамды жақсарту» мақсатымен құрылды[1]. ЛЭМ әлеуметтік ғылымдарды зерттеумен айналысады. 20 пәннің 15-і саясаттану (3 орын), экономика (5 орын), журналистика (3 орын), әлеуметтік саясат (3 орын), география (3 орын) және әлеуметтану (4 орын) сияқты әлемдегі үздік 10 үздіктердің қатарына кіреді[2]. Осы жылдар ішінде ЛЭМ Ұлыбританиядағы ең беделді үш университеттің бірі болды[3][4].

Марат Балғожаұлы Кенжеғозин

Кенжеғозин Марат Балғожа ұлы (30 мамыр 1939 ж. - 24 маусым 2006 ж.) - қазақтың экономист ғалымы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының және Евразияның Халықаралық экономикалық академиясының академигі.

Неміс ғылым академиясы

Неміс ғылым академиясы-Герман ғылым академиясы-ГДР-дің басты ғылыми мекемесі.1946 жылы Прусс ғылым академиясы негізінде құрылған .Академияның құрамында 22 орталық институт , 14 институт және басқа зерттеу мекемелері болды. Академияның жұмысы 1969 жылы 20 мамырда қабылданған уставына сай жүргізіледі. Академия ГДР Мин. Советінің қарауында.Басшылық органы-Жалпы жиналыс және Президиум . Басты зерттеу бағыттары : қоғамдық және әлеуметтік -экономикалық ғылымдар ,математика және физика , ядролық физика және изотоптар техникасы.

Сталин премиясы

Сталин премиясы (Сталин атындағы премия) — тамыры 1940-1954 жылдары тереңге жайыла бастаған КСРО тұлғаларын техника, әскери, әдебиет, өнер және ғылым салаларындағы жеткен жетістіктері үшін мадақтаудың формасы. 1966 жылы КСРО-ның Мемлекеттік премиясымен теңесті.

Уругвай республикалық университеті

Республикалық университет (ис. Universidad de la República) — 1849 жылы құрылған Уругвай көне әрі қоғамдық университеті.

Экономика саласында Нобель сыйлығы

Альфред Нобель құрметіне арналған экономика ғылымдарынан швед мемлекеттік банкінің сыйлығы (швед. Sveriges Riksbanks pris i ekonomisk vetenskap till Alfred Nobels minne), сондай-ақ, Экономика саласында Нобель сыйлығы (швед. Nobelpriset i ekonomi) ретінде белгілі, — экономикалық ғылымдар саласындағы ең беделді марапат, 1968 жылғы Швецияның банкінің 300 жылдығына орай негізделген. Сыйлық бірінші рет 1969 жылы ұсынылды.

Экономист

Экономист - экономика, экономикалық ғылымдар саласындағы маман, сондай-ақ экономикалық мәселелер жөніндегі маман.

Ғылым

Ғылым (лат. scientia — білім) — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы. Жалпы тұрғыда ол жүйелі білім мен ғылыми тәжірибені, ал, арнайы мағынада ғылыми әдістер арқылы жинақталған логикалық білім жүйесі.

Ғыдымның арғы тамыры 3500-3000 жыл бұрынғы ежелгі Мысыр мен Месопотамия өркениеттеріне барып тіреледі. Олар математика, астрономия, медицина секілді ғылымдардың алғашқы кейпін жасап, 2600 жыл бұрын басталған Грек табиғат философиясына, антикалық классикаға арқау болды. Олар физикалық дүниені ондағы оқиғалардың табиғи себептері арқылы түсіндіретін дәстүр қалыптастырды. Әсіресе ғылым тарихында түрлі ғылымдардың ең алғашқы зерттеу объектін бекітіп, жүйелі пайымдаудың алғашқы сынағын жасаған ұлы ойшыл Аристотель дәуір бөлгіш рөл ойнады. Бірақ Рим империясының христиан дінін қабылдауы Еуропада ғылымның құлдырауына алып келіп, қараңғы орта ғасыр 5 ғасырдан 15 ғасырға дейін жалғасты. Осы тұста шығыстағы Түркі, Парсы, Араб жұртынан шыққан ойшыл ғалымдар - Әл Кинди, Әл-Фараби, Ибн Сина, ИБн Рушд, Омар Хаиям секілді ұлы тұлғалар сол ежелгі ғылым мен Аристотель салған жолды жылғастырып, ғылымды жаңа кезеңге шығарды. Бірақ Шыңғыс хан жорықтарынан кейін бұл талпыныс негізінен өшіп, мұсылман әлемі де ғылымы құлдыраған қараңғы орта ғасырға кірді.

15ғ бастап Еуропада Ренессанс сана жаңғыруын жасап, ғылымға жаңа көк жиек ашты. Әсіресе Астрономиядағы Католик шіркеуінің мың жылдық өтірігін ашқан гелиоцентризмнен кейін ғылымның тасқынын ендіқайтып ешкім тоса алмастай болды. Өнеркәсіп революциясының ғылым мен техникаға мұқтаждығы ғылымға жаңа күш бітірді.

Заманауи ғылым үш негізгі тармаққа бөлінеді: Жаратылыстану ғылымы (Биология, Химия, Физика...) ұлы табиғатты зерттейді; Қоғамдық ғылымдар (экономика, психология, әлеуметтану...) жеке адам мен қоғамды зерттейді; формалды ғылым (философия, логика, математика, теориялық компьютер ғылымы...) негізінен абстаркт ақылдық ұғымдарды зерттейді. Мұнда формал ғылымды эмприкалық ғылымдар арасына қосуға қарсы пікірлер бар, кезінде Аристотель оларды Құралдық ғылымдар деп атаған. Егер ғылыми білім практикалық қажетті көздесе, мысалы медицина инженерлік секілді, оларды қолданылмалы ғылым деп атайды.

Ғылым зерттеуден тұрады, онда сәуегейлік, эмоция, қалау секілділер қабылданбайды. Қазір академиялық ірі зерттеулерді мемлекеттік ұйымдар ірі қаржымен ұжымдық жүргізетін болды. Ғылымның дамуына ілесіп, оның табиғаттағы ықпалының артуына ілесіп, ғылымның өзін қайта қарап, адамзатқа экологиялық тұтастық тұрғысынан жағымды нұсқасы қарастырыла бастады.

Қазақстан-Неміс университеті

ҚНУ (Қазақстан-Неміс университеті) - Қазақстанның ең беделді университеттердің бірі.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.