Эгей теңізі

Эгей теңізі (гр. Αιγαίο Πέλαγος; түр. Ege Denizi) — Жерорта теңізі алабындағы жартылай тұйық теңіз. Балқан түбегі, Кіші Азия мен Крит аралы аралығында орналасқан.

Грекия мен Түркия жағаларын шаяды. Солтүстік-шығысында Дарданелл бұғазы арқылы Мәрмәр теңізімен, оңтүстігінде ұсақ аралдар аралығындағы көптеген бұғаздар арқылы Жерорта теңізімен жалғасқан. Аумағы 191 мың км2. Плиоцен мен плейстоценнің аяғында су астына шөккен құрлық (Эгеида) үстінде орналасқан. Ең терең жері – 2561 м. Аралдары көп (Солтүстік және Оңтүстік Спорад, Киклад топ аралдары, т.б.). Судың температурасы беткі қабаттарда қыста 11 – 16С, жазда 22 – 25С. Тұздығы 37 – 38‰. Толысуы жарты тәуліктік (1 м-ге дейін). Жағалауы шығанақтармен және қойнаулармен тілімделген. Балық ауланады.Эгей теңізі арқылы Қара теңіз порттарынан Оңтүстік Еуропа, Солтүстік Африканың порттарына, Таяу Шығысқа және Орта Шығысқа, Суэц каналы арқылы Үндістанға және Оңтүстік-Шығыс Азия порттарына су жолдары өтеді. Ірі порттарыПирей, Салоники, Ираклион (Грекия), Измир, Шанаққала (Түркия).

Location Aegean Sea

Эгей теңізі

Cliffs of Santorini

Эгей теңізі

Aegean sea 3
Scenic view off the coast of the Aegean Sea (April 2005)
Aegean sea
Sunset Sounion Cape 2009-08-1
Эгей теңізі
Эгей теңізінің орналасуы
Эгей теңізінің орналасуы
Орналасуы
39°15′34″ с. е. 24°57′09″ ш. б. / 39.25944° с. е. 24.95250° ш. б.   Координаттар: 39°15′34″ с. е. 24°57′09″ ш. б. / 39.25944° с. е. 24.95250° ш. б.   
Blue pog.svg
Эгей теңізі
Александруполис қаласы

Александруполис қаласы (Грекия) (гр. Αλεξανδρούπολη) – Грекияның солтүстік-шығысындағы, Фракиядағы қала. Қаланың негізі біздің заманымызға дейінгі 340 жылы Ескендір Зұлқарнайын қаланған. 19 ғасырға дейін қазіргі қаланың орнында балықшылардың Дедеагач (маж. Δεδεαγάτς) атты шағын қонысы болған. Аңыз бойынша үлкен ағаштың көлеңкесінде ақылды және кәрі ағаш өскен. Қаланы осы ағаштың құрметіне атаған.

19 ғасырда Стамбул мен Македонияның негізгі қалаларын біріктіретін теміржол торабының салынуы қаланың жақсы дамуына септігін тигізді.

Бірінші дүниежүзілік соғыста (1914-1918) Болгарияның жеңілісінен кейін елеулі өзгерістер болжалды. Бейбітшілік келісімі бойынша Болгария Батыс Фракияның бір бөлігін Грекияға береді. Дегенмен Болгария Эгей теңізі арқылы жүктерін тасымалдауда Дедегач арқылы жүктерін өткізу құқығын сақтап қалды.

Кейінірек Грекияның патшасы I Александр қалаға келеді. Ол бұл қалаға келген алғашқы патша болатын. Алдағы уақытта қаланы соның құрметіне Александруполис деп атайды.

Анзак қойнауы

Анзак қойнауы (түр. Anzak Koyu) — Түркиядағы Галлиполи түбегіндегі шағын қойнау.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде 1915 жылғы сәуірдің 25-нде АНЗАК әскери құрамасы (Аустралия мен Жаңа Зеландия армия корпусы) осы қойнауға теңізден басып енген. Қойнаудың ені 600 м, солтүстігінен Ари Бурну, оңтүстігінен Кіші Ари Бурну атты екі түбекпен шектелген. Сегіз айға созылған Галлиполи операциясының кезінде АНЗАК қойнауы аустралиялық және жаңа зеландиялық әскерлердің негізгі бекінісі болды.

Жау аума5ысына басып кірген әскерлердің басты мақсаты — кейін сонда көптеп әскер мен қару-жарақ әкеліп төгуге болатындай теңіз жағасында жаудың шабуылынан қорғалған бір алаңды (плацдармды) бөліп алу.

Соғыс шебі Анзак қойнауынан ешқашан бір шақырымнан астам қашықтыққа ұзаған емес. Ари Бурну жақта орналасқан тау қойнауды қорғап тұрған болса да, түрік артиллериясы Анзак әскерлеріне едәуір қауіп төндіріп тұрды. Анзактың қолбасшысы Уиллиам Бирдвуд өзінің штабын қойнаудан жоғарырақта орналасқан бір жырада орналастырды. Жаңа Зеландия және Аустралия дивизиясының және 1-ші аустралиялық дивизияның қолбасшылары да солай етті. Сәуірдің 29-ында генерал Бирдвуд екі түбектің арасында орналасқан жағалау «Анзак қойнауы» деп, ал бұған дейін ешбір атпен аталмай келген төңірек «АНЗАК» деп аталсын деп ұсынды.

Қойнаудың жағажайына орасан зор жабдықтау орталығы және соның екі шетінде екі әскери госпиталь орналастырылды. Әкелініп жатқан соғыс жабдығын түсіріп алу үшін төрт айлақ құрылды. Шілде айында олардың орнына тұрақты айлақ салынды. Келтіріліп жатқан жабдықтар көршілес жатқан жағажайларға жылдам әкетіліп отырды. Флотпен байланыс жасау үшін үш радиостанция салынды.

Қойнау түбектен, Чанак бекінісінен және «Тұрғыт Реис» және Дарданелл бұғазында зәкір тастап тұрған «Хайреддин Барбаросса» түрік әскери кемелерінен атқылаудан біршама қорғалған болса да, оның оңтүстіктегі Габа Тепеден және солтүстіктегі Нибрунесі нүктесінен емін-еркін атқылауға болатын. Нибрунесі нүктесін британия әскери кемелері атқылау астына алып отырды, тек Габа Тебедегі жақсы жасырылған түрік батареясы ғана қойнаудағы әскерлерге қауіп төндіріп тұрды.

Алайда үзбей зеңбірек атқылауының астында болса да, Анзак қойнауы жауынгерлер үшін сүйіп шомылатын жерге айналды. Ауыз судың өзі тапшы болып, жуынуға су мүлдем жоқ еді. Сондықтан әскерлер тек ең жойқын атқылаулардың кезінде ғана шомылуларын тоқтатуға мәжбүр болатын.

1985 жылы түрік үкіметі «Анзак қойнауы» атауын қойнауға ресми түрде берді. 2000 жылы «Анзак қойнауы» ескерткіші ашылды.

Афионкарахисар

Афионкарахисар — Түркияның батысындағы ил.

Галикарнастағы Мавзолей

Галикарнастағы Мавзолей әлемнің жеті кереметінің бірі болып саналады. Өзінің керемет сәулеттілігі және ұлылығы үйлесімін тапқан Галикарнастағы Мавзолей бір кезде керемет адамдар тамашалайтын орындардың бірінің қызметін атқарған. Ол б.э.д. 4- ғасырда Түркияның оңтүстік-батысындағы мемлекеттің басты тұлғасы - патша Мавсолдың моласы ретінде жасалған. Мавсол (б.э.д. 377-323 жж.) Кари патшалығын және оған тәуелсіз Парсы империясының бір бөлігінің басшысы болды. Оның атаққұмар жобаларының арқасында Галикарнас Эгей теңізі жағасындағы ұла қала болды. Оның құрылысы Мавсолдың тірі уақытында басталған. Мавзолейдің жобасын атақты сәулетшілер Сатир, Пифей, Леохар, Скопас, Бриаксид, Тимофей жасады. Мавсол өлгеннен кейін б.э.д. 353 ж. құрылыс жұмысын билік тізгінін өз қолыны алған әйелі Артимисия III басқарды. Артимисия III де құрылыс жұмысы аяқталмай тұрып өлген, өз даңқтарын мәңгі қалдыру мақсатында мүсіншілер жұмысты аяғына жеткізу керек деп шешкен. Ақырында мемориал қирап, археологтар Мавзолейдің көптеген құпияларын ашқан. Галикарнас аты кейін Бодрумға өзгертілген, Мавзолейдің қалдықтары осы қаланың мұражайында сақталған.

Гесиод

Гесиод (шамамен б.з.б. VІІІ-VІІғғ.) — көне грек ақыны. «Теогония» (құдайлардың шығуы) және «Еңбектер мен күндер» аталатын поэмалардың авторы. «Теогонияда» тіршіліктің бастауын іздеуге талпынған.

Гесиод – дидактикалық поэзияның негізін салушы. Гесиод шамамен алғанда б.з.б. VІІІ-VІІ ғасырларда өмір сүрген ежелгі грек ақыны. Гесиод – антика дәуірінің анық белгілі болған алғашқы тарихи тұлғасы деуге болады.

Оның есімі бізге толық сақталған «Еңбектер мен күндер» және «Теогония» атты поэмаларымен танымал. Осы аталған екі поэма б.з.б. VІІ-VІ ғғ. грек әдебиетіндегі дидактикалық және генеологиялық жаңа бағыттың негізін салды. Гесиодтың туған жылы және дүниеден өткен жылдары белгісіз. Антикалық эпиграммалардың бірі – «дана Гомердің отаны болуға жеті қала таласты» деп басталады, яғни бүкілеуропалық әдебиеттің көшбасшысы болып есептелетін Гомердің отаны болуға жеті қала, ал кей деректерде он қала таласады.

Гесиодтың дүниеге келген жері жөнінде ешқандай талас жоқ. Ол өз әкесінің Эгей теңізі жағалуында, Лесбос аралының оңтүстік-шығысында орналасқан эолийлық Ким қаласында дүниеге келгендігін «Еңбектер мен күндерде» жазып қалдырған. Гесиод Кіші Азиядағы Кимде, нақтырақ айтқанда, Эолида деген жерде дүниеге келген. Әкесі саудамен айналысқан. Бірақ, бар мүлкінен айрылғаннан кейін Грекияға көшіп, Беотия деген жерде орналасқан Аскра елді мекеніне қоныстанады. Бұл Геликон тауының етегіне орналасқан қысы суық, жазы қатты ыстық, шаруашылыққа қолайсыздау жер болатын. Жастайынан қиындықты, жоқшылықты көп көрген Гесиод ауыр жұмыс пен кедейліктің не екенін біліп өседі. Әкесінің қазасынан жолы болмай, үнемі сәтсіздіктерге ұшырап жүреді. Себебі, әкесі қайтыс болғаннан кейін артында қалған жер иелігін Гесиодтың туған бауыры Перс тартып алады. Бұл жайға Гесиод қарсы болып, келіспеушілік білдіргенімен, Перс сот мүшелерінің аузын алып, істі өз пайдасына шешкізеді. Сөйтіп, Гесиод тақыр кедей болып қалады. Мұнан кейінгі ағайындылардың қарым-қатынасы белгісіз. Бірақ Гесиодтың «Еңбектер мен күндер» поэмасында өз бауырын адал еңбек етуге, жақсылыққа шақыруын зерттеушілер екі ағайынды жігіттің татуласқандығы деп түсіндіреді.

«Еңбектер мен күндер» – біздің заманымызға дейін жеткен гректің дидактикалық (уағыздаушылық) поэмасының жалғыз үлгісі. Ол ақынның бауыры Персті тәрбиелеу үшін жазылған дүниедей болып көрінеді. Бірақ, бұл адресатқа қарата сөйлеу – тек дидактикалық дәстүрдің ерекшелігі болып табылады. Шын мәнінде поэма қалың бұқараға бағытталған болатын.

Көптеген ғалымдар пікіріне сүйенсек, Гесиодтың «Еңбектер мен күндер» поэмасының сюжеті ақынның өз өмірімен тығыз байланысты. Гесиодтың өмірі мен шығармашылығы және ондағы қазақы сарындар. «Айт» журналы, 2006, №2, 17-21б. Туындыда ақынның Перс есімді бауырымен арасындағы қарым-қатынасы жырланады. Әкесінен қалған мұраны бөліскенде Перс оны сазға отырғызып кеткен болатын. Бірақ, бар уақытын сауық-сайранмен, көңіл көтерумен өткізген Перс аз күнде барынан айрылып, кешірім сұрап Гесиодқа келеді. Бізге жеткен деректер поэманың Гесиодтың өз қолымен жазылған, төлтумасы екендігін айтады. Шығарманы басқаша «Адал еңбек» деп те атайды. Себебі, поэмада Перске арналған: «Жұмыс істеуден шаршама, ақылсыз Перс!», «бір жұмысты бітірсең, басқасына кіріс!» деген сөздер жиі кездесіп отырды. Ақын айтайын деген ойын поэмада алуан түрлі тәсілдермен жеткізеді. Оның негізгі мақсаты – бұқара халыққа адал еңбектің арқасында ғана игілікке қол жеткізуге болатындығын дәлелдеу болады. Ол өмірдің игілігін тек еңбек арқылы ғана иеленуге болды деп сенді. Адам баласы ерінбей, көп еңбектену қажет деп білді, себебі бұл ауыр жұмысты Прометейдің әрекеті үшін Зевстің жіберген жазасы деп түсінді.

Гесиод шығармаларының уағыздаушылық, тәрбиелік бағытта жазылуын зерттеуші М.Иманғазинов ақын өмір сүрген заман талабы деп түсіндіреді. «Қоғам мен заман талабы бірге өрістесе, ертеде айтылып жүрген эпикалық шығармаларға тек адам тәрбиесіне қажетті материал есебінде қарайтын кезең туындағанда, мифологиялық шығармалар екінші қатардан орын алған кезең Гесиодтың заманында да болған. Архаикалық кезеңде мифтік шығармалардың көтеретін аса ауыр салмағының бір бөлігі, бұл – ру-тайпалық одақтардың пайдасына шешілу мақсатында, өз ата-бабаларының тегі сонау тәңірие-құдайлардан бастау алатындығын таныту, елге мойындату еді. Енді бұл үрдістің бірте-бірте әлсіреп, саналы қоғам қалайда өзінің ата-бабасына жүгінуден гөрі, тіршілік қамын күйттеп, еңбек арқылы өмір сүруді көздеген кезеңде, мифологиялық ой-санадан арыла бастайды. Міне, осы тұста тәрбие-дидактикалық әдеби шығармаға қажеттілік туындағанда, Гесиод өзінің дидактикалық шығармасын жазды».

Гесиод шығармаларын талдап, түйіндей келе, зерттеуші В.Н.Ярхо: «шындығында оның поэмалары Гомер поэмалары секілді батырлық эпосқа жатпайды, дидактикалық (уағыздаушылық, үйретуші) поэмалар болып табылады. Ал дидактикалық поэмалар үшін сюжеттің бірізді болуы немесе оқиғаның жүйелі дамуы міндетті емес, бірақ өлең өлшемі (гексаметр), тілі, лексикалық тәсілдері көп жағдайда сол қалпында қала береді» деп қорытады.

Грекия

Грекия (гр. Ελλάδα), ресми аты Грекия Республикасы (гр. Ελληνική Δημοκρατία) — Еуропа оңтүстігінде, Балқан түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Албаниямен, бұрынғы югославиялық Македония республикасымен және Болгариямен, солтүстік-шығысында — Түркиямен шектеседі. Шығысы мен оңтүстігін Эгей теңізі, батысын — Ион теңізі шайып жатыр. Осы елді мекендейтін юнандар (гректер) атымен аталған.

Грекия, Грек Республикасы — Еуропаның оңтүстік-шығысында, Балқан түбегінің оңтүстігі мен соған шектесіп жатқан Ион, Жерорта және Эгей теңіздеріндегі ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер аумағы — 132,0 мың км². Халқы — 10,5 млн. Астанасы — Афина қаласы (3,5 млн.). Тұрғындарының 95%-дан астамы гректер, қалғандары: түрік, албан, т.б. Ресми тілі — грек тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Ел аумағы әкімшілік-аумақтық жағынан 51 номға бөлінеді. Үлкен қалалары: Салоники, Патрай, Ираклион, Волос. Ақша бірлігі — драхма. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. 1975 ж. 11 маусымда қабылданған ел конституциясы бойынша, Грекия президент басқаратын парламенттік республика болып табылады (президентті парламент сайлайды). Ұлттық мерекесі — Тәуелсіздік күні (1821, 25 наурыз).

Грекия жерінің басым бөлігі таулы-қыратты. Климаты жерортатеңіздік субэкваторлық. Қыс айларындағы орташа температура 4 — 11ӘС, ал жаз айларында 24 — 28ӘС. Өзендері шағын, суы аз. Жерінің 15%-ын орман алып жатыр. Жауын-шашын мөлшері 350 — 1500 мм аралығында.

Алғашқы грек мемлекеттері біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта пайда болды. 395 жылдан ежелгі Грекия жері Византия империясына бағынды. 15 ғасырдан бастап Осман сұлтандығына қосылды. 1821 — 29 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысынан және 1828 — 29 жылдардағы орыс-түрік соғысынан кейін Грекия 1830 ж. тәуелсіздікке қол жеткізді. 1-дүниежүзілік соғыс кезінде Антанта жағында болды. 1941 ж. елді Германия мен Италия әскерлері басып алды. 2-дүниежүзілік соғыс аяқталысымен елде азамат соғысы басталды (1946 — 49). Ол аяқталған соң, 1952 ж. Грекия НАТО-ға мүше болды. 1967 ж. үкімет билігі әскери хунтаның қолына көшті. 1974 ж. болған жалпыхалықтық ереуілден кейін, әскерилер биліктен кетіп, демократиялық институттар қалпына келтірілді, жаңа конституция қабылданды. 1992 ж. қараша айында Грекия Еуропалық одаққа толық мүше болып қабылданды.

Грекия — орташа дамыған индустриальды-аграрлы мемлекет. Жан басына шаққанда жылдық орташа табыс мөлшері — 7100 доллар Ұсақ жекеменшік кәсіпорындар да көп. Экономикасының жетекші салалары: тамақ, химия, тау-кен, металлургия өнеркәсіптері және цемент шығару. Кейінгі жылдары электроника мен кейбір машина түрін жасау тез дамып келеді. Ауыл шаруашылығында, негізінен, жүзім, жеміс-жидек, зығыр, дәнді дақылдар өсіріледі. Бұған қоса сауда флоты мен туризм жақсы дамыған. Грекия — сауда флоты жағынан дүние жүзіндегі жетекші елдердің бірі. Елге жыл сайын 10 млн-нан аса туристер келіп, қазынаға 4 млрд. доллардан аса кіріс кіргізеді. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Италия, АҚШ, Франция, Сауд Арабиясы. 1992 ж. 1 қазанда Қазақстанмен дипломатиялық қатынастар орнатты.

Астанасы — Афина қаласы.

Батыс өркениеті бесігі болап танылған, тарихтағы алғашқы демократиялық мемлекет. 1981 жылдан бастап – ЕО, 1952-ден бастап — НАТО мүшесі.

Дарданелл бұғазы

Дарданелл бұғазы (гр. Δαρδανέλλια) немесе Геллеспонт (лат. Hellespontus — көне грек атауы) немесе Чанаккале бұғазы (түр. Çanakkale boğazı) — Азия мен Еуропаны бөліп тұрған бұғаз. Мәрмәр және Эгей теңіздерін жалғастырады.

Ұзындығы 120 км, ені 1,3 км-ден 27 км-ге дейін кеңейеді. Фарватеріндегі ең саяз жер 29 метр. Жағалауы құмтас пен әктастан түзілген. Мәрмәр және Эгей теңіздері суының тұздылығы мен тығыздығы әр түрлі болғандықтан, бұғаздан екі қарама-қарсы бағытта ағыстар өтеді.

Дарданелл бұғазының азиялық жағалауында Түркияның Гелиболу (Галликоли), Еуропалық жағалауында Чанаккале порттары орналасқан. Дарданелл бұғазының экономикалық әрі стратегиялық маңызы зор. Бұғаз арқылы Қазақстаннан тауар (мұнай, астық, түсті металдар, т.б.) тиеген кемелер әлемнің бірқатар елдеріне сапар шегеді.

Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті

Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик — (көне, ежелгі)» деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бүл атаудың түп-төркіні «ежелгі», «көне», «қадым заман» мағынасын беретін «антиквус» деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т.б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен қарапайымдылық, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары — көне заман тарихы туралы ұғымымызды қеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.

«Көне», «қадым заман» мәдениетінің негізін қалаушылар ежелгі гректер екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Олар өздерін «Эллиндер»; ал өз елдерін «Эллада» деп атаған. Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан бұрынғы бір мың жылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он бес ғасырдай уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры біздің заманымыздың V-ғасырда Рим империясының құлауымен аяқталды.

Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, өйткені ежелгі Грекияның өдебиеті, өнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді. Шындығын айтсақ, біздің дүниежүзілік мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таңқаларлық мәдени қазынасы мен ұшқыр ақыл-ой иелерімен танысудан басталады. Мұндай ақыл-ой даналығы рухани және саяси-әлеуметтік өмірдің барлық салаларында — поэзияда, саясатта, ғылымда, құқықта, кескіндеме, сәулет, мүсін және т.б. өнер салаларында кеңінен көрініс тапты. Көне мөдениеттің жарқын беттері Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель сияқты ұлылар есімімен тығыз байланысты болды.

Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені, оның бастауында б.з.д. Ill—II мыңжылдықтарда Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарын мекендеген тайпалардың өркениеті жатыр. «Эгей» өркениеті мәдениеттің қайнар бұлағы болды, міне сондықтан да грек халқының ежелгі мәдениетінің ең ерте шағы Эгей өнерімен сабақтас. Б.з.д. ӀӀ-мыңжылдықта Эгей мөдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен

Пелопоннес түбегіндегі Микены болғандықтан да Эгей өркениетін Крит-Микены мәдениеті деп атайтын болған. Грек аңыздарына қарағанда Крит — ұлы жебеуші, найзағай тәңірі Зевстің туған жері. Аңыз бойынша гректердің ең басты қүдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия патшайымы, асқан сұлу Еуропаны алып келеді, ал одан аралдың болашақ билеушісі Минос туған. Атақты Геракл өз ерліктерінің бірін дәл осы Крит аралында жасаған, құтырған бұқаға бас үйреткен. Гомер де өз дастандарында бұл арал қалаларының бай екендігін мадақтай көрсетеді. Ал шындыққа белгісіз кейбір аңыздарда Зевс пен Еуропаның баласы Минос ел билеуші патшалардың ішіндегі ең әділеттісі болыпты-мыс дейтін деректер бар. Алайда Критті осындай есімді патша тек мифологиялық шығармаларда ғана емес, грек тарихшыларының еңбектерінде кездесетінін естен шығаруға тағы да болмайды. Крит жайында египеттік текстерде де кейбір деректер ара-тұра кездесіп қалады.

Ежелгі грек мифологиясы

Эгей теңізі аймағында ежелгі тұрғындарының ой-санасында барша табиғат күштері мен құбылыстары аса құдіретті, мәңгі жасайтын тіршілік иелері құдайлар кейпінде бейнеленіп, адам баласына тән барлық сезімдермен (қуаныш, қайғы, ашу-ыза, қызғаныш, өшпенділік т.б.) керемет кіршіксіз адамдар түрінде елестеген.

Ежелгі грек мифтері ішінара тәңірілік әрекеттер туралы баяндаса, ішінара ғажайып құдірет-күш, ептілік пен батылдық дарыған әр алуан ерлі-зайыпты құдайлар ұрпағы есептелетін қаһармандардың ерліктері мен бастан кешкен оқиғаларын суреттеуге арналған. Жерорта теңізі әлемі халықтарының арасында кеңінен тараған бұл бағзы хикаялар мен аңыздарды римдіктер де пайдаланған. Жаңа дәуірде ол хикая аңыздар ежелгі грек мифологиясы дейтін ортақ атаққа ие болды.

Гректер құдайлар Грекияның ең биік тауы Олимпте тұрады деп сенді. Оларды Олимп құдайлары деп атады (Зевс және негізгі құдайлар). Гректер Олимптегі құдайлар тұрмысын шонжарлардың тұрмысына ұқсатты. Шонжарлар тайпаларды қалай басқарса, Зевс бастаған «Олимпиялықтар» адамдар мен табиғатты солай басқарды. Құдайлар да мансапқор, қатал, кекшіл келеді-міс. Құдайлар біреуді бай әрі шонжар, енді біреуді кедей, тағы біреуді құл етіп жаратқан. Кімде-кім құдайлар орнатқан тәртіпке қарсы шықса, ол адам құдайлардың қаһары мен аяусыз жазаға ұшырайды-мыс.

«Бұлт айдаушы» Зевстің еркімен жаңбыр жауады немесе қуаңшылық болады. Өзін ашуландырған адамдар мен құдайларды құдіретті Зевс алтын жебелермен – жай оғымен жайратады-мыс.

Гректер «Жерді тербетуші» – теңіз құдайы Посейдоннан қаһарлы Зевстен кем қырықпаған. Посейдон өзінің үш тісті орасан зор найзасымен жерді сілкінтіп, теңізге алапат дауыл тұрғызып, кемелерді суға батырып жібереді.

Күн құдайы Гелиос ақша қардай аппақ аттар жегілген алтын арбасымен аспанда жүріп өткенде күн туады-мыс. Жарық пен өнердің құдайы – Аполлон.

Күзде өсімдіктердің қурауы мен көктемде табиғаттың жандануы құнарлылықтың әйел құдайы Артемидаға байланысты болған.

Адам өлген соң, оның жаны жер асты патшалығының әміршісі қатыгез Аид билік ететін, өлген адамдардың қапас жер асты патшалығына түседі-міс. Аидтың аяғының астында үш басты төбет отырады, ол жер асты патшалығына келгендерді кіргізеді де, бірақ одан ешкімді де шығармайтын болған.

Гректер басты құдайларды мәңгі өлмейтін, сұлу, тұлғалы, алып адам бейнесінде елестетті. Ал орман құдайлары сатырларды үсті-бастары жүн басқан ешкі аяқты, ешкі құлақты адамдарға ұқсатты. Бұлақтардың әйел құдайларын қыз түрінде бейнелеп нимфалар деп атады.

Шаруашылықтың әр саласының, егіншіліктің, мал шаруашылығының, аңшылықтың, қол өнердің әрқайсысының қамқоршы құдайлары бар деп саналды.Шарап жасау ісінің құдайы Дионис адамдарға жүзім өсіріп, шарап жасауды үйретсе керек. Оның құрметіне мейрамдар өткізіліп отырған.Гректер металл өңдеуді игере бастаған кезде ұсталардың жарылқаушысы – Гефест құдай туралы аңыз шықты. Гефест жер астындағы ұстаханада өзі жұмыс істейді екен. От пен түтін атқылап жатқан жанар таулар оның жер астындағы ұстаханасынан шығады. Гефест үстіне қолөнершілердің қарапайым киімін киеді, беті-қолы қап-қара, күйе болып жүреді-міс.

Сауда-саттықтың өркен жаюына байланысты оның жарылқаушысы – Гермес құдай пайда болды. Ол Зевстің тапсырмасын орындап, бір қаладан екінші қалаға ұшып жүрген. Сондықтан көбіне ол сандал, қалпақ киген қанатты адам кейпінде бейнеленген.

Зевстің әйелі Гера – неке, ана мен баланың қамқоршысы. Артемида – аңшылық құдайы, Аполлон – өнер, жарық құдайы, Афродита – сұлулық, махаббат құдайы, Арес – соғыс құдайы, Афина – қалалардың қамқоршысы, Тюхэ – бақыт құдайы, Ника – жеңіс құдайы, Фемида – заңдарды сақтаушы құдай, Мойралар – тағдыр құдайлары, өлім құдайы – Танат, ұйқы құдайы – Гипнос, Пан – орман құдайы, табиғаттың қамқоршысы, Эрида – араздық құдайы т.б..

Антикалық шығармаларда мифтік әңгімелер жиі кездеседі, әсіресе грек өнерінің көптеген шығармаларында құдайлар мен қаһармандар образы бейнеленген. Антикалық грек-рим мәдениеті осы заманғы барлық еуропалық халықтардың мәдени дамуына өте күшті ықпал жасады. Грек жазуы көптеген алфавиттерге негіз болды. Гректің толып жатқан сөздері қазіргі тілдерге де енді: «школа», «арифметика», «театр», «хор», история» т.б. Күнделікті әңгімеде ескі грек мифологиясынан алынған есімдер, атаулар, бейнелі сөздер жиі қолданылады: «титандық күрес», «молшылық мүйізі», «бүлік алмасы», «олимпиялық жайбарақаттық», «ахиллес өкшесі», «тантал азабы», «сизиф еңбегі» т.б. Грек есімдері – Петр – «тас», Алексей – «қорғаушы», Георгий – «егінші», Галина – «желсіз тымық теңіз айдыны». Қазіргі астрономиядағы көптеген планеталардың, жұлдыздар мен тұтас жұлдыздар шоғырларының аттары антикалық мифологиядан алынған.

Еуропаның әр түрлі елдерінің жазушылары, суретшілері мен сазгерлері грек мифологиясының эпизодтарын өз шығармаларына сюжет етті: С.Боттичелли («Венераның тууы», «Көктем» картиналары), Рубенс («Персей мен Андромеда»), Рембрандт («Даная»), Пуссен («Спящая Венера и Амур»), У.Шекспир («Венера мен Адонис»), Глюк («Орфей» операсы), В.А.Серов («Европаны ұрлау»), М. Врубель («Пан» картинасы).

Грек мифологиясының сюжеттері бойынша Мәскеуде Үлкен театр, Санкт-Петербург қаласында Мемлекеттік Эрмитаж, Петродворец т.б. (Кусково) сәулетті үйлер мен бақтар безендірілген. А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов өлеңдерінде мифологиялық кейіпкерлер жиі қайталанады.

Иоанн III Дука

ИОАНН III Дука Ватац (1193, Фракия, Дидимотика,—3. 11. 1254, Нимфей)—Никея императоры (1222—54), 1225 ж. карсаңында Латын империясынан оның Кіші Азиядағы иеліктерінің бә-ріп дерлік және Самос, Лесбос т. б. аралдарды тартьп алды. 1235 ж. Фракияны бағыпдырды. 1242 ж. Фессалоники оның өкімет билігін таны-ды. 1252 ж. Эпир билеушісін өзіне тәуелді етті; Бат. Македония жерлері мен албан Кройясын айламен алды.И. III тұсында Никея импөриясы Эгей теңізі алқабындағы ең күшті мемлекетке айналды.

Киклад аралдары

Киклад (гр. Κυκλάδες) — Эгей теңізінің оңтүстік бөлігінде орналасқан архипелаг. 200-ден астам аралдан тұрады. Жалпы ауданы 2649 км². Ірі аралдары: Наксос, Андрос, Тинос. Киклад – материктік аралдар, Балқан және Кіші Азия түбектерін теңіз астымен жалғастыратын табалдырық бөлігі. Негізінен кристалл және әктас жыныстарынан құралған. Киклад аралының биік нүктесі 1008 метр. Жер сілкінуі жиі болып тұрады.

Ортаджа

Ортаджа – Түркиядағы Мугла иліндегі қала және аудан

.

Анадолы аумағының оңтүстік-батыс бөлігінде, Эгей теңізі жағалауына жақын, Мугла және Фетхие қалаларының арасында орналасқан. Қала халқы саны 25 009 мың, ал аудан халқы саны 40 649 мың адам (2008 жылғы халық санағының қорытындысы). Қала құнарлы жазықтықта орналасқандықтан, ауылшаруашылығы жақсы дамыған. Туристік аймақ ретінде де көркеюде.

Пракситель

Пракситель — б. э. бұрынғы IV ғ. мәшһүр грек мүсіншісі, б. э. бұрынғы 390 ж. шамасында Афиныда туған, өз әкесі мүсінші Кефисодоттың қолында оқыған. Праксительдің творчестволық қызметі б. э. бұрынғы 370—334 жж. жатады, ол Афиныда, Кіші Азия жағасындағы қалалар мен Эгей теңізі аралдарында жұмыс істеді. Ежелгі авторлар оның 40 шақты шығармасын еске алады. Мүсінші өзінің сүйікті материалы мәрмәрді асқан шеберлікпен өңдеп, жарық пен көлеңкенің нәзік құбылыстарын ойната білді. Пракситель бейнелерінен айқын үйлесім, қоңыржай байыптылық, сезімтал сұлулық рухының лебі еседі. Ол көфнесе ғажайып адамгершілігі, сыршыл сүйкімділігімен көз тартатын жас құдайлар мен тәңірияларды бейнелеген. Біздің заманымызға тек «Диониспен тұрған Гермес», (б. э. бұрынғы 330 ж. шамасы. Олимпиядағы музей) мүсіндер тобының ғана түп- нұсқасы жетті. Шебердің өзге шығармалары римдік мәрмәр көшірмелері арқылы белгілі. Әсем бір әдеппен тостағанға шарап құйып жатқан жас сатир мүсінінің 20 шақты көшірмесі сақталған. Ертеде Кос аралына арнап жасалған қалқандағы өз сәулесіне сүйсіне қарап тұрған Афродита мүсіні (Лувр) мен, әсіресе, Афродитаның Книд аралындағы жалаңаш мүсіні (Ватикан мен Мюнхен) зор даңққа бөленген. Бұл мүсіндерге мүсіншінің сүйген жары, әйгілі Фрина ару үлгі болған. Пракситель Аполлонды кесірткеге садағын кезеп тұрған қалпында (Ватикан) сомдап, аңшылық пірі Артемиданы (Лувр) және бейжай демалып отырған Сатирды (Капитолий музейі, Рим) бейнелеген.

Родос

Родос (гр. Ρόδος, лат. Rhodus) — Эгей теңізіндегі Оңтүстік Спорадтар аралдар тобының құрамындағы ірі арал. Грекияға қарайды. Аралдың көпшілік бөлігі—маквис, қарағай, кипарис, емен ормандары және бау-бақша. Дәнді дақыл, жүзім, цитрус жемістері өсіріледі. Мал шаруашылығы, балық және губка аулау дамыған. Негізгі портты қаласы — Родос.

Түркия

Түркия (түр. Türkiye), ресми аталуы Түркия Республикасы (түр. Türkiye Cumhuriyeti) — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-ші орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 80.810.525 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара, Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен және Армениямен, батысында Болгариямен, Грекиямен, оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.

Халкидики

Халкидики (гр. Χαλκιδική, Chalkidikē, Khalkidhiki) — қазіргі Грекияның солтүстік-батысында Эгей теңізінің солтүстік-батыс жағалауындағы түбек.

Халкидики — танымал еуропалық шыпажай аймағы.

Чешме

Чешме (түр. Çeşme) – Түркиядағы Измир қаласының батысынан 80 км қашықтықта, Эритрея түбегінде, гректің Хиос аралына қарама-қарсы орналасқан қала. .

Ежелгі заманда Кирни атты грек қаласы болған. Осы жерде 1770 жылы Ресей Жерорта теңізі эскадрасы түрік флотын қиратып, осы оқиға Чешмен теңіз соғысы атауымен белгіленген.

1922 жылы қала халқының тұрғыны 17 мың адамды құраған, басым көпшілігі гректер.

Қазіргі Чешме Эгей теңізі бойындағы курортты аймақтардың бірі. Алтынкум – қаладан 10 км қашықтықта орналасқан Чешмедегі атақты жағажайлардың бірі.

Эвбея

Эвбея (гр. Εύβοια) — Грекиядағы Эгей теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауына таяу орналасқан арал, Грекияға қарайды. Балқан түбегінің шығыс жағалауы бойымен 170 км-ге созылған. Құрлықпен көпір арқылы жалғастырылған. Аумағы 3,9 мың км². Жағалары тік жарқабақты, саяз қойнаулы. Негізінен әктастан түзілген. Жер бедерінде тектоникалық қазаншұңқырлар үстінде қалыптасқан жағалау және ішкі жазықтармен бөлінген үстірттер басым. Ең биік жері Дирфис тауы (биіктігі 1743 м). Жерортатеңіздік бұталар мен орман өседі. Егін (бидай, жүзім) және зәйтүн бағы өсіріледі. Басты қаласы – Халкис.

Ұлы Антиох ІІІ

Ұлы Антиох ІІІ (грек. Antіochos Megas) (б.з.б. 242 — 187) — Селевки әулеті мемлекетінің билеушісі (б.з.б. 223 — 187).

Таққа отырғаннан кейін 220 — 214 ж. Персия, Мидия мен Кіші Азиядағы көтерілістерді басып-жаныштады. 219 ж. Египетке қарсы соғыс бастаған ол Келесирия, Финикия мен Палестинаны басып алды. Алайда Рафия түбіндегі шайқаста (217 ж.) жеңіліске ұшырап, жаулап алған жерлерінен айрылып қалды. 212 — 205 ж. шығысқа жасаған жорықтары нәтижесінде Парфия мен Грек-Бактрия патшалығы бағындырылып, үнді патшасымен одақ жасалды. Осы жорықтардан кейін 203 ж. Ұлы Антиох ІІІ Египеттен Палестинаны тартып алды, одан кейін Кіші Азия қалалары мен Фракияны басып алуға әрекеттенді. Бұл 192 — 188 ж. Пергам және Рим мемлекеттерімен соғысуға алып келді. 190 ж. Магнесия түбінде жеңіліске ұшыраған Ұлы Антиох ІІІ Рим республикасы және оның одақтастарымен (Пергам, Родос, т.б.) Апамей шартын (б.з.б. 188 ж.) жасасты. Шарт бойынша Ұлы Антиох ІІІ Тавр тауынан батысқа қарайғы жерлерден бас тартуға мәжбүр болып, Римге 15 мың талант көлемінде контрибуция және Пергамға өтемақы төлеуге міндеттенді. Ұлы Антиох ІІІ пен оның мұрагерлеріне Жерорта т-нде әскери флот пен жауынгерлік пілдер отрядын ұстауға тыйым салынды. Апамей шарты Селевки әулетінің Эгей теңізі алабындағы ықпалын толық жойып, патшалықты екінші дәрежедегі державаға айналдырды. Ұ. А. ҚҚҚ Элимаидадағы Бел құдайдың ғибадатханасын талан-таражға салып, тонау кезінде жергілікті тұрғындардың қолынан қаза тапты.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.