Эвбея

Эвбея (гр. Εύβοια) — Грекиядағы Эгей теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауына таяу орналасқан арал, Грекияға қарайды. Балқан түбегінің шығыс жағалауы бойымен 170 км-ге созылған. Құрлықпен көпір арқылы жалғастырылған. Аумағы 3,9 мың км². Жағалары тік жарқабақты, саяз қойнаулы. Негізінен әктастан түзілген. Жер бедерінде тектоникалық қазаншұңқырлар үстінде қалыптасқан жағалау және ішкі жазықтармен бөлінген үстірттер басым. Ең биік жері Дирфис тауы (биіктігі 1743 м). Жерортатеңіздік бұталар мен орман өседі. Егін (бидай, жүзім) және зәйтүн бағы өсіріледі. Басты қаласы – Халкис.[1]

Эвбея
гр. Εύβοια
Халкида
Халкида
Сипаттамасы
Ауданы3661,637 км²
Ең биік нүктесі1743 м
Тұрғындар (2001 жыл)193 720 адам
Халық тығыздығы52,905 адам/км²
Орналасуы
38°30′00″ с. е. 24°00′00″ ш. б. / 38.50000° с. е. 24.00000° ш. б.   Координаттар: 38°30′00″ с. е. 24°00′00″ ш. б. / 38.50000° с. е. 24.00000° ш. б.   
АкваторияЭгей теңізі
Ел Грекия
АймақОрталық Грекия
Brown 804000 pog.svg
Эвбея
Euboea
Эвбея.
Egglezonisi Euboea
Эвбея.
Euboea NE
Эвбея.

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
Архилох

Архилох (көне грекше: Ἀρχίλοχος, лат. Archilochus; б.з.б 680 ж., Парос — б.з.б.640 ж.) — Ежелгі Грекияның Сатиралық ақыны. Архилох шығармаларының тек үзінділері ғана сақталған. Солаға қарағанда жалынды жыршы болғандығы байқалады. Архилох өлеңдері нақты адамдарға арналған. Архилох поэзиясы ар, адамгершілік, ерлік жайындағы ақсүйектер түсінігіне қарсы бағытталған.

Эгей теңізіндегі Парос аралында туған. Әкесі - Телесикл, ақсүйек, әйгілі азамат, шешесі - Энипо, фракияның күңы. Некесіз туған Архилох өз отанында әлеуметтік қорғау болмайтындығын біліп, жалдамалы жауынгер мансабын таңдаған.

Бірнеше шайқастарға: Фасос аралындағы, Фракиядағы, Наксос аралындағы - қатысып, ақырында Эвбея аралындағы шайқаста қаза болады.

Архилохтың шығармалары өз кезенінде кең таралған: Афиныдағы Олимпиада ойындарында Архилохтың Гераклға арналған әнұраны дәстүрлі айтылатыны белгілі, Аристофан өз шығармаларында Гомермен бірдей Архилохтың дәйексөздерін келтіреді. Горацийдің шығармаларында Архилохтың өлеңдеріндегі әдеби бейнелері қолданылады.

Ежелгі Грекияда Архилохты ұлы лирикалық ақын ретінде құрметтеп, Гомермен бірдей көрген. Отанында оны халық қаһарманы ретінде қабылдаған. Б.з.б. V ғасырда Парос аралында Архилохтың құрметіне ғибдатхана соғылған, оның қалдықтары біздің күндерге дейін жеткен. Б.з.б. 100 ж. оның жерлесі Сосфей Архилохқа ескерткіш қойған.

Грек халқының мәдениеті

Гректер, эллинес (өздерінше атауы). Қазақстандағы саны – 12703 адам (1999 ж.).

Ежелгі Грекия

Ежелгі Грекия немес Эллада гр. Ελλάδα) — б.з.б. III мыңжылдықтан б.з.б. I ғасырына дейін болған ежелгі грек мемлекеттері жерінің жалпы аты; Балкан түбегінің оңтүстігін, Эгей теңіздегі аралдарды, Фракия жағалауын, Кіші Азияның батыс өңірін ала орналасқан.

Грек отаршылдығы дәуірінде (б.з.б. 8-6 ғ. бұл мемлекеттер өз ықпалын Италия, Шығыс Сицилия, Оңтүстік Франция жеріне, Африканың солтүстік жағалауына (Киренаикаға), Қара теңіз бен Азов Теңізінің бұғаздары мен жағалауларына дейін таратып, сол жерлерде грек отарлары ашылған.

Тарихшылардың көбісі Ежелгі Грекияны батыс өркениетінің негізін салушысы ретінде қарастырады. Ежелгі Грекия өркениеті әлемдік демократияның отаны ретінде, батыс философияның, архитектураның, мүсіндеменің, поэзияның, театрдың және ғылымдардың негізгі принциптерінің негіздеуші, Олимпиады ойындардың бастаушысы болып есептеледі. Грек мәдениеті Рим империясының мәдениетінің дамуына, яғни жалпы еуропалық мәдениетінің дамуына үлкен әсер еткен.

Марафон шайқасы

Марафон шайқасы —Грек-парсы соғыстарындағы (б.з.б. 500 — 449 ж.) басты шайқастардың бірі. Б.з.б. 492 ж. көктемде Ахемен әулетінің өкілі Дарий І патша Мардония қолбасшы бастаған әскерді Грекияны жаулап алуға аттандырды. Афон мүйісіндегі қатты дауыл кезінде парсылар 300-дей кемесінен айырылып, кері қайтуға мәжбүр болды. Парсылар бұл жолы Фракияны басып алумен шектелді. 490 жылы көктемде қолбасшылар Датис пен Артаферннің басшылығымен парсы әскерлері теңіз жолымен Грекияға жаңа жорыққа аттанды. Парсылар Эгей теңізіндегі Родос, Наксос және Делос аралдары арқылы Эвбея аралына жетті. Аралды басып алған парсы әскері Афиныдан солтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымнан аса қашықтықта орналасқан Марафон жазығына келіп түсті. Марафон шайқасы 13 қыркүйек күні басталды. Мильтиад бастаған Афины және Платеялық грек әскерінің (11 мың адам) негізгі бөлігі жазыққа енер тұста әскери сапқа (фалангаға) тұрғызылды. Таудың орманды сілемдері мен арнайы тосқауылдармен қоршалған шептің қос қанатына парсы атты әскеріне тойтарыс бере алатын үздік, жақсы қаруланған жауынгерлер орналасты. Гректер кемелерден түскен парсы әскерлеріне (20 мыңдай адам) қарсы шабуыл жасады. Бірақ парсылардың жаяу садақшылары шабуылға тойтарыс беріп, гректер шебін осал тұсынан бұзып өтті. Бұл кезде гректердің таңдаулы жасақтары қос қанаттан парсының атты және жаяу әскеріне күйрете соққы беріп, орталықта шабуылдаған жауды ығыстыра бастады. Парсылар теңізге қарай шегініп, қашуға мәжбүр болды. Сөйтіп, гректер аздаған шығынға ұшырай отырып, күші басым жауды жеңіп шықты. Жеңісті хабарлау үшін Афинаға сүйінші сұрауға жіберілген жауынгер қалаға тоқтамай жүгіріп жетіп, қуанышты жеткізісімен өліп кеткен. Жауынгердің құрметіне, 1896 жылдан бастап Марафондық жарыс олимпиада бағдарламасына енгізілді.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.