Чешме

Чешме (түр. Çeşme) – Түркиядағы Измир қаласының батысынан 80 км қашықтықта, Эритрея түбегінде, гректің Хиос аралына қарама-қарсы орналасқан қала. [1].

Ежелгі заманда Кирни атты грек қаласы болған. Осы жерде 1770 жылы Ресей Жерорта теңізі эскадрасы түрік флотын қиратып, осы оқиға Чешмен теңіз соғысы атауымен белгіленген.

1922 жылы қала халқының тұрғыны 17 мың адамды құраған, басым көпшілігі гректер.

Қазіргі Чешме Эгей теңізі бойындағы курортты аймақтардың бірі. Алтынкум – қаладан 10 км қашықтықта орналасқан Чешмедегі атақты жағажайлардың бірі.

Дереккөздер

  1. http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A7%D0%B5%D1%88%D0%BC%D0%B5 Çeşme Interactive Map
Мыс кенорындарының өнеркәсіптік типтері

Мыстың өнеркәсіптік кен орындары арасында генетикалық белгілері бойынша магмалық, гидротермалық-шөгінді (стратиформдық) типтерге бөлінеді.

ТМД елдерінде негізгі өнеркәсіптік типтерге жататындар:

1. гидротермалық-шөгінді (қоры 34%, өндірісі 29%) – Жезқазған (Орталық Қазақстан), Удокан (Забайкалье), ал шетелде: Предсудетское (Польша), Мансфельд (Германия), Айнақ (Ауғанстан), Роан-Антилоп, Чамбиши, Нчанга (Замбия 12.10-сурет), Камото, Мусоши (Конго) және т.б.;

2. вулканогендік-шөгінді мыс-колчедан (қоры 17,5%, өндірісі 23%) – Дегтярь, Учалы, Гай, Симбай (Оңтүстік Орал), Уруп, Алаберды, Шамлунг (Кавказ); шетелде – Рио-Тимпо (Испания), Бор (Югославия), Эргани (Түркия), Болиден (Швеция), Кидд-Крик (Канада), Юнайтед-Верде (АҚШ) және т.б. кенорындар.

3. гидротермалық мыс-порфир (қоры 18%, өндірісі 16%)– Қоңырат, Бозшакөл, Шатырқұл (Қазақстан), Қалмақыр (Орта Азия), Каджаран, Агарак (Армения). Сор (Батыс Сібір). Шетелдерде ірі кенорындар белгілі жарлер: Болгария (Медет, Асарел), Иран (Сары-Чешме), Моңғолия (Эрдене), АҚШ (Кляймакс, Бингем), Канада (Валли-Копер), Перу (Токепала), Чили (Эль-Тениете, Чукикамата);

4. магмалық мыс-никельді (қоры 18%, өндірісі 16%) – магмалық ликвациялық сульфид мыс-никель рудалар жоғарыда қарастырылған ( никель, кобальт кенорындары тарауында).

Шетелде гидротермалық мыс-порфир (қоры 65%, өндірісі 60%), гидротермалық-шөгінді (20% және 18%) және вулканогендік-шөгінді мыс-колчеданы (8% және 11%) кенорындар басты орын алады.

Нұрғали Досымбекұлы

Нұрғали Досымбекұлы 1975 жылы 27 ақпанда Шымкент облысы Жетісай ауданы Ленин атындағы кеңшарында туған. Қазақ. Әкесі - Тұрлыбеков Досымбек (1918-1975), мал дәрігері болып жұмыс істеген. Анасы - Жүнісова Ұлқия (1928-1999), үй шаруасымен айналысқан. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік гуманитарлық университетінің мәдени-игілік қызметі факультетін бітірген (1996), оқытушы, орындаушы-аспапшы, оркестрдің және ұлттық аспаптар ансамблінің жетекшісі. Қазақ және орыс тілдерін меңгерген. Нұр Отан ХДП мүшесі (2005 жылдан). 1996 жылдан - Қожа Ахмет Йассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқытушы. 1999 жылдан - Мемлекеттік филармонияның әртіс-вокалисі (Астанада). 2005 жылдан бері - Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің көркемдік жетекшісі. 2006 жылдан - қазақ ұлттық музыка академиясының «Өнер эстрадасы» кафедрасының эстрада вокалы оқытушысы. «Жас қанат» республикалық жас орындаушылар конкурсы 2-ші сыйлығының (1998), Ш. Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» халықаралық фестивалі 1-ші сыйлығының (1998), «Жаһан дала» (Ақтау , 1999) және «Звезды белого месяца» халықаралық конкурстары 1-ші сыйлығының (Бурятия, 2003), Қазақстанның Жастар одағы сыйлығының (2003), «Астана - KZ» халықаралық конкурсы 1-ші сыйлығының (2007), «Песня огня» халықаралық этникалық эстрада конкурсы 3-ші сыйлығының (Хакасия, 2008), «Чешме» халықаралық конкурсы 2-ші сыйлығының (Түркия, 2009), «Восточный базар» халықаралық фестивалі

2-ші сыйлығының (Қырым, 2009), «Rzeszow Carpathia Festival» халықаралық конкурсының (Польша, 2010) лауреаты. «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар

фестивалі (1999), «Урал моно» халықаралық түрік тілді ұлттар фестивалі (Башкирия, 2002), «Бриллианты России» халықаралық конкурсы (Мәскеу қаласы, 2009) Гран-при иегері. Алматы қаласы әкімінен ұлттық дәстүрлерді сақтағаны үшін «Алтын қобыз» арнайы сыйлығымен марапатталған (1998). «Азия дауысы» халықаралық фестивалінің (2000), «Ыстықкөл» халықаралық фестивалінің (Қырғызстан, 2002) дипломанты. «Золотой шлягер» халықаралық конкурсының «¥лттық дәстүрлерді сақтағаны үшін» арнайы дипломының иегері (Белоруссия, 2003). Діни көзқарасы - ислам. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Ойдағыдай дамып келе жатқан мемлекет». Хоббиі - футбол. Сүйіп оқитын әдебиеті - Қазақстандық авторлардың шығармалары. Үйленген. Жүбайы - Тұрлыбекова Ботагөз Серікқызы, «Шалқыма» ұлттық би ансамбілінің солисі. Қыздары -Досымбекова Назым Нұрғалиқызы ( 2007 жылы туған), Досымбек Ақұлпа Нұрғалиқызы (2009 жылы туған).

Урла

Урла ( түр. Urla) – Түркиядағы Измир иліндегі қала және аудан. .

Урла түбегінің мойнағында орналасқан. Қала солтүстік-батысында Карабурун, батысында Чешме, оңтүстік-шығысында Сеферихисар аудандарымен, шығысында Измирдегі Гюзәлбахче ауданымен шекаралас.

Антика заманында осы жерде ежелгі Клазомен қаласы орналасқан еді. Кейін Византия империясының, Айдыногуллары атты селжұқ бейлігінің құрамында болып, аяғында Осман империясының билігіне өтеді.

Эрзурум

Эрзурум, Эрзерум, Арзерум (қала) (түр. Erzurum, көне атаулары: Карин, Карано, Каликала, Федосиополь, Ардзн-Рум, Арзен) – Түркияның солтүстік-шығысындағы қала, Эрзурум илының (ил — Түркияның әкімшілік бөлінісінің аталуы) әкімшілік орталығы. Халық саны 361 235 мың адам. Теңіз деңгейінен 1700 м биіктікте орналасқан. Климаты – қоңыржай. Қаладағы «Азизе Аныты» атты ескерткіш Ресей-Түрік соғысы кезінде қала тұрғындарының көрсеткен ерлігі үшін тұрғызылған еді. Қалада Түркияның атақты қолбасшысы Ататүрік атындағы университет бар.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.