Фонетика

Фонетика - (грек. phônçtіkуs – дыбыстық, дауыстық) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.
Осыған байланысты қазіргі Фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.[1][2]

Дыбысты зерттейтін бейтілдік ғылыми пәндермен салыстырғанда фонетика дыбыстық құбылыстарды тілдік қарым-қатынас үшін қажетті сөздер мен сөйлемдердің материалдық тұрпатын жасаушы тілдік жүйенің элементі ретінде қарастырады. Тілдің дыбыстық жағы мұндай қызметтен ажырап қалса, түсініксіз болады. Тіпті сөз ағымындағы жекелеген дыбыстардың өзі тілдің мазмұндық бірліктерімен байланыста, яғни фонеманың өкілі (варианты, аллофоны) ретінде ажыратылады. Мысалы, майсөк сөзі мәйсөк түрінде берілгенмен, алғашқы буындағы фонема а болады,
себебі қазақ тілінде май деген түбір бар да, мәй деген түбір жоқ.

Фонетика сөзінің мағынасы

Бүгінгі тіл білімінде фонетика сөзінің кең және тар мағынасы қалыптасқан. Кең мағынада фонетика тіл дыбыстарын зерттейтін ғылымның бір саласы, ал тар мағынада тіл дыбыстарының сөз ағымындағы, дыбысталған сөздегі көріністері мен әр түрлі құбылыстарын зерттейтін бөлімі дегенді білдіреді. Кең мағынадағы тіл ғылымының бір саласы ретінде фонетика жалпы және жеке немесе жекелеген тілдердің фонетикасы болып бөлінеді.

Places of articulation
Дыбыстың артикуляциялық аймағы.

Фонетиканың зерттеу тәсілдері

  • адамның дыбыстау аппаратының мүмкіндіктерін, дыбыстық бірліктердің акустикалық, артикуляциялық, перцепциялық ерекшеліктерін зерттеп, оларды айырым белгілеріне қарай таптастырады;
  • дыбыстардың әуендік, әуездік сипаттарын анықтайды;
  • дыбыстардың тіркесімділігін, буын ерекшеліктерін, олардың сөздегі үйлесімі мен үндесімін;
  • буын табиғатын, дыбыстардың буынға бірігу заңдылықтары мен сөз ағымының буынға жіктелуінің факторын;
  • сөздің фонетикалық ұйымдасуын, екпін мен үндестік заңын;
  • сонымен қатар тілдің интонациялық құралдары болып табылатын дауыс әуенін (негізгі тон жиілігін), қаттылығын (интенсивтілігін), жылдамдығын, әуезін, кідірістерді қарастырады.

Фонология

Дыбыстық жүйеде тілдің құрылымын зерттейтін тіл білімінің фонетика саласының үлкен бөлігі; Жекелеген тілдің фонетикасы осы мәселелерді нақты бір тілге қатысты қарастырады.
Жекелеген тілдің фонетикасы сипаттама немесе синхронды, тарихи немесе диахронды болып сараланады.

  1. Синхронды фонетика тілдің қазіргі жағдайындағы дыбыстарын, дыбыстық құбылыстарын, яғни дыбыстық жүйенің статикасынзерттейді
  2. диахронды фонетика тілдің дыбыстық жүйесі мен ондағы құбылыстардың тарихын, уақыт пен кеңістіктегі өзгерістерін, яғни динамикасын зерттейді.

Қазіргі Фонетикада палатография, интонография, спектрография, т.б. әр түрлі құралдарды пайдаланатын эксперимент тәсілдері, сондай-ақ [[электрондық-есептеуіш машиналар, компьютерлік бағдарламалар кеңінен қолданылады. Сонымен бірге Фонетиканың сөз дефектологиясы, калиграфия, логопедия, сурдопедагогика, графика мен орфография сияқты ғылымның басқа да салаларындағы қолданбалы мәні артып келеді.
Әсіресе, эксперименттік фонетика нәтижелері тілді автоматтандыру, адам сөзімен басқарылатын күрделі электронды жүйелер, жасанды интеллект мәселелері үшін құнды.

Фонетиканың жоғарыда аталған бағыттарының барлығы қазіргі қазақ тіл білімінде өз деңгейінде дамыған.

Фонетикалық дыбыстаңба

Фонетикалық дыбыстаңба, фонетикалық транскрипция (лат. латtranscriptio -қайта көшіріп жазу) — ауызша айтылған сөздің дыбысталуын неғұрлым дәл беру үшін қолданылатын жазу тәсілі.

Фонетикалық жазу

Фонетикалық жазу — дыбыстық жазу. Емле ережелерінің фонетикалық принципіне негізден жазу, яғни сөздерді айтылуы бойынша жазу. Қазақ жазуында түбір сөздердің көпшілігі айтылуы бойынша жазылады.

  • Мысалы: ара, ата, екі, көз, бас, құс, түн.

Фонетикалық заңдар

Фонетикалық заңдар — тілдің дыбыстық материясының қызметі мен дамуының заңдылықтары. Олар дыбыстық бірліктердің тұрақтылығын және үздіксіз болып отыратын өзгерістерін, өзара алмасуы мен тіркесуін реттеп отырады. Күнделікті сөйлеу процесінде болып отыратын құбылыстарды, аллофондық түрленулерді (варианттарды), дыбыстардың сөз құрамындағы позициялық алмасуларын тілдің дыбыстық материясының қызметіндегі заңдылыктар арқылы түсіндіруге болады. Аллофондық түрленулер көрші дыбыстардың әсеріне байланысты кез келген сөзде кездеседі.

  • Мысалы, қазақ тіліндегі екі дауысты дыбыстың арасындағы қатаң дауыссыздың ұяңдауы (қап-қабы, тап-табу), көрші дыбыстардың бір-біріне икемделуі (ерінбеу—ерімбеу, сөзшең — сөшшең). Тіл дыбыстарының даму заңдылықтарына сай дыбыстардың қалыптасқан тарихи алмасулары үздіксіз болып отыратын позициялық өзгерістердің тарихи тұрақтануынын нәтижесі болып табылады.
  • Мысалы: соқ — согым — сойу, семіз— семір, көз—көр, сөз — сөйле. "Фонетикалык заңдар" уғымын тіл біліміне жасграмматиктер енгізген. Олар Фонетикалық заңдарды бір тілдің диалектілеріндегі немесе тіл дамуынын әр түрлі кезеңіндегі (синхрондық күйіндегі) дыбыстардың үздіксіз сәйкесіп отыруынын формуласы деп есептеген. Фонетикалық өзгерістер тұрақты зандылықтар нәтижесінде болып отырады. Бірқатар фонетикалық өзгерістердің себебін тек тарихи тұрғыда түсіндіруге болады (маңдай — маңлай, көңіл — кеуіл, шоқ — чоқ, Шідерті — Шідерлі, Өлеңті— Өлеңді, Бұқтырма — Бүқтарма). Фонетикалық заңдардың барлық тілдерге тән түрлері де, тек белгілі бір туыс тілдерге тән түрлері де болады.

Фонетикалык сөз

Фонетикалық сөз — екпін түспейтін көмекші сөздермен, шылаулармен тіркесіп келетін дербес сөз.

  • Мысалы: Сен ғой, мың қаралы, ән сал.

Сілтемелер

Дереккөздер:

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
  2. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005. ISBN 9965-409-88-9
Acer Inc.

Acer Inc. ( [[Халықаралық фонетика әліппесі|/]]ˈeɪsər[[Халықаралық фонетика әліппесі|/]]; Үлгі:Zh, lit. Hongji Corporation) (LSE: ACID) — компьютерлік техника және электроника шығаратын Тайвань компаниясы.

Deloitte

Deloitte Touche Tohmatsu Limited ( [[Халықаралық фонетика әліппесі|/]]dəˈlɔɪt[[Халықаралық фонетика әліппесі|/]]), қысқаша Deloitte, әлемнің ең ірі төрт бухгалттерлік фирмаларының бірі. Басқалары: PricewaterhouseCoopers (PwC), Ernst & Young және KPMG.

Айни тілі

Айндардың тілімен шатастырмау керек.

Айни тілі (айни, эйну; абдал) - өз атауы Äynú (ئەينۇ) [ɛjˈnu], ұйғырша:Абдал тили/ئابدال تىلى, қытайша:艾努語|艾努语 (àinǔ yǔ) - түркі тілдерінің Ұйғыр тобына жататын тіл, ұйғыр тілінің диалекті де болып есептеледі. Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданында қолданады.

Айни тілінің лексикасында иран тілінің әсері қатты байқалса, фонетика мен грамматикасында түркі тілдердің белгілері басымды.

Айни тілін ана тілі деп есептейтін - эйну - 30 000 -нан аспайтын кіші этнос тобы. Қытайда ресми түрінде ұйғырларға қосылған.

Акустика (Лингвистикада)

Акустика (гр. akustіkos - есту) сөйлеу сигналының құрылымын, сөйлеудің қалыптасуын және адамның сөйлемді қабылдау процесін зерттейтін жалпы фонетиканың бөлімі.

Акустикалық фонетика (гр. akustіkos — естілім) — дыбыстардың жасалуы мен олардың естілуін, дыбыстық белгілерді, сондай-ақ дыбыс құрастыратын және оларды танып-білетін қондырғыларды жасайтын акустиканың бір бөлімі.

Акустикалық (гр. akustіkos есту) - есту арқылы қабылдауға жататындар.

Ағылшын тілі

Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) — Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл.

Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.

Ағылшын тілі — халықаралық тіл (де-факто - лингва франка). Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай мен испан тілінен кейінгі халық саны бойынша ана тілі ретінде ең көп пайдаланылатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.

Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады.

Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үндіеуропа тілдерінің батыс герман тілдеріне жатады. Ағылшын тілі құрылымы жағынан флективті. Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады. Канадада (француз тілімен қатар), Ирландияда (ирланд тілімен қатар) мемлекеттік қос тілдің бірі. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгісі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да 20 ғасырдың 50-жылдарынан бастап Абылай хан атында. Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері ун-тінде, өзге де жоғары және орта оқу орындарында Ағылшын тілі оқытылып мамандар дайындалды. Жеке пән түрінде мектеп бағдарламаларына енгізілді. Ағылшын тілінің түп-төркіні 5-6 ғ-да құрлықтан Британ аралына қоныс аударған англ, сакс, ют тайпалары мен аралдағы байырғы кельт (бриттер) тайпаларының тілі болып саналады. Ағылшын тілінің даму тарихы ежелгі ағылшындық (7-11 ғ.), орта (12-15 ғ.) және жаңа (15 ғ-дан бері) дәуір болып үш кезеңге бөлінеді. А.т-дегі жазба ескерткіштер 7-8 ғ-дан белгілі. Ол уақытта ағылшындар руна жазуын пайдаланып, тасқа, ағашқа, сүйекке ойып жазған. 6-7 ғ-да ағылшындар арасында христиан дінінің таралуына байланысты руна жазуы қолданыстан шығып, латын әліпбиі қолданыла бастады. Ағылшындар латын әліпбиін ілгері дамытып, оған W, J және V әріптерін қосты. 1066 ж. Англияны нормандар басып алды да, мемл. тіл — француз тілі болып, Ағылшын тілі қарапайым халықтың сөйлеу тілі есебінде сақталды. 1476 ж. Англияда ағылшын тілінде кітап басып шығару басталды. Бұл жағдай Лондон диалектісі негізінде ағылшынның жазба әдеби тілін қалыптастырды.

Ағылшын тілі британдық және американдық болып екі түрге бөлінеді. Британдық Ағылшын тілі өз ішінде шотландиялық, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік диалектілерге жіктеледі. 7-11 ғ-да англо-саксон тілінде 4 диалект болған: нартумбриялық, мерсиялық, уэссек және кент.

Ағылшын тілінің басты ерекшеліктері: а) фонетика жүйесінде дыбыстарының көпшілігі біресе созылыңқы, біресе қысқа айтылады. Осыған орай, Ағылшын тілінде сөз мағынасы бірсыдырғы өзгеріске түсуі мүмкін; б) морфол. саласындағы өзгешелік: сын есім мен сан есімнің барлық жалғаулары, яғни септіктері, сондай-ақ, зат есім мен етістік аффикстерінің көбі бұл күнде тарихи өзгерістерге түскен. Соған орай, Ағылшын тілінде сөз бен сөзді байланыстыратын предлогтар, артикльдер, сондай-ақ көмекші етістік сияқты жаңа тұлғалар, формалар (морфемалар) пайда болған. Ағылшын тілінің жазу ережелері мен сөздердің айтылуында айырмашылықтар бар. Орфографиялық ережелер бойынша бұрынғы және қазіргі ағылшын тіліндегі дыбыстардың өзгерістері жазуда қатаң сақталады.

.

Буын

Буын сөзінің бірнеше мағынасы бар:

Буын (фонетика) — сөйлеу мүшелерінің тұтастай қимылынан пайда болған бір немесе бірнеше дыбыстық тіркесі.

Буын (анатомия) — бір сүйекпен екінші сүйекті жалғастыратын аралық.

Грамматика

Грамматика (гр. 'grammatіke, γράμμα' – әріп, жазу) – тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің өзгеруі мен сөйлем құрылысын зерттейтін саласы.

Үлкен екі саласы бар:

морфология;

синтаксис.Грамматика ережелерді орнату жолымен тілдік категориялар арасындағы қатынас жүйесі. Орнатылған ережелер негізінде тілді құрайтын элементтер қалыптасады және бірігеді. Бұл элементтер анық болып көрінсе де, грамматикада теориялық ұғым болып табылады, «зат есім, етістік, сын есім» сияқты.Грамматика (грек. лат. grammatike (techne) — әуел баста әріптерді оқи алу және жаза білу енері, лат. gramma — әріп) —

тілдің ішкі (граммат.) құрылысы, яғни сөз тудыру, сөзжасам тәсілдерінің морфологиялық, сөз таптары мен түрлену формаларының, категорияларының, сөздің бір-бірімен байланысуы, сөз тіркесінің, сөйлем құрлысының жүйесі;

тілдің граммат. құрылысын, оның заңдылықтарын зерттейтін, яғни тілдегі сөз таптарын, олардың түрлену жүйесін, граммат. тұлғалары мен категорияларының, сөздің бір-бірімен тіркесу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркестері құрлысын, сездердің сөйлемдегі қызметін, сөйлем жүйесін зертттейтін тіл білімінің бір саласы.Граматика деген ұғым тілдің құрылысы ретінде де, ғылым ретінде де үш саладан тұрады:

сөзжасам процесінің тәсілдері — сөз тудырудың жолдары мен түрлері, тілдің сез байлығын молайту амалдары;

морфология — сөздің граммат. мағыналары мен формалары, граммат. категориялар, сөздің морфол. құрамы мен сөз таптары, олардың түрлену жүйесі мен сипаты;

синтаксис — сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысы, түрлері, сөйлемдегі сездердің қызметі.Мектеп оқулықтары мен кейбір зерттеулерде тілдің мәнді бөліктерін құрайтын дыбыстар жүйесіне, сөздер мен сейлемнің ырғақты әуеніне (интонация) байланысты фонет. құбылыстар да, дұрыс жазуға байланысты орфографияның, сөздегі дыбыстардың айтылуына байланысты орфоэпияның, сейлемде тыныс белгілерін дұрыс қоюға байланысты пунктуацияның мәселелері де Грамматика шеңберінде қаралады. Сөзжасамға тілімізде туып отыратын жаңа сездердің жасалу амал-тәсілдері, лексика-семантикалық яғни бөтен тілден сөз aлу, жаңа ұғымға байланысты сөз мағынасының өзгеруі арқылы жасалған туындылар, синтетикалық яғни қосымшалар арқылы жаңа сөз жасау, аналитикалық яғни сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі т. б. сөзжасам үлгілерінің өнімді-өнімсіз, құнарлы-құнарсыз түрлері, олардың заңдылықтарымен бірге бұрыннан да жасалып, қалыптасып кеткен сөздердің құрамдық-құрлыстық сипатын анықтау жатады. Тілдің грамматикалық құрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтауда оған тән басты-басты грамматикалық ұғымдарды, олардың сипатын айқындап алу қажет. Өйткені тілдің граммат. құрылысындағы белгілі жүйелер, заңдылықтар, атап айтқанда тілдегі сөздердің белгілі бір ортақ грамматикалық қасиеттері арқылы топ-топқа белінуі, сөйлеуде сол сөздердің бір-бірімен байланысқа түсуі, сейлем құрап, белгілі бір қызмет атқаруы негізгі грамматикалық ұғымдармен сипаттапады. Олар: грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория. Бұл үшеуі бір-бірімен диапектикалық байланыста және бірлікте болып, тілдің грамматикалық құрылысын құрайды да, қалған грамматикалық құбылыстар мен жүйелер осы ұғымдардан туындайды. Тілдің грамматикалық құрылысындағы осындай ерекшеліктері мен заңдылықтары әр дәрежедегі мектептерге оқулық ретінде ұсынылып жарияланған Грамматикаларда сипатталады. Орта мектептерге арналған оқулықтар нормативті Грамматика, ал жоғарғы оқу орындарына (институттар мен университеттерге) арналған оқулықтар мен академиялық басылымдар ғылыми Грамматика деп аталады. Нормативті Граматикада сөздердің грамматикалық мағынасының түрлену жүйесі болатындығы, сөз таптарына белінетіндігі, бір-бірімен байланысып, тіркесіп, сөйлем құрау қызметі, сөйлемнің құрылысы мен түрлері баяндалады. Ал ғылыми Граматикада осы құбылыстардың сипаты, заңдылықтары ғылыми тұрғыда анықталып, мәні ашылады, әрбір тілдік құбылыстың сипаты басқа тілдік құбылыстармен байланыста, себеп-салдарлық ыңғайда нақтылы зерттеулердің нәтижесінде сипатталады. Ғылыми Грамматиканың қатарына салыстырмалы-тарихи Грамматика да жатады. Ол туыстас тілдердің және әр дәуірдегі көне тілдің грамматикалық құрлысындағы тілдік құбылыстардың сәйкестіктерін салыстыра отырып, даму процестерін зерттеуге, ол тілдік құбылыстардың мәні мен сырын ашуға арналады.

Қазақ тілінің алғашқы Грамматикалары XIX ғасырдың екінші жартысынан орыс тілінде жарық көрді.Олар: Терентьев М., Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская, СПб., 1875; Катаринский В. Грамматика киргизского языка, этимология и синтаксис, СПб., 1897; Лаптев Н., Грамматика киргиз-кайсацкого языка, СПб., 1898; Мелиоранский П. М., Краткая грамматика казак-киргизского языка, фонетика и этимология, ч. I., 1894, ч II., 1897 т. б. Оқулық ретіндегі грамматикалар: Аманжолов С., Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. А., 1938; Аманжолов С., Сауранбаев Н., Қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. А., 1939; Аманжолов С., Бегалиев Ғ., Қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. А., 1950; Аманжолов С., Ұйықбаев И., Әбілқаев А., Қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. А., 1958; Балақаев М., Қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. I бөлім; А., 1949; Жұбанов Қ., Қазақ тілінің грамматикасы. I бөлім, А., 1936; Кеңесбаев I., Жиенбаев С., Қазақ тілі грамматикасы. I бөлім; А., 1950; Кеңесбаев I., Ысқақов А., Аханов К., Қазақ тілінің грамматикасы. I бөлім, А., 1961; Арғынов X. Қ., Қазақ тілі. 9-класқа арналған оқулық. А., 1973; Аханов К., Кәтембаева Б., Қазақ тілі. 5-класқа арналған оқулық. А., 1982; Аханов К., Айғабылов А., Қазақ тілі. 6-класқа арналған оқулық. А., 1985; Исаев С., Назарғалиева К., Қазақ тілі. 7-класқа арналған. А., 1991, 1993, 1994, 1995, 1996, 1997; Исаев С., Назарғапиева., Қазақ тілі, 6-сыныпқа арналған. А., 1994, 1996; Хасенов Ә., Қазақтілі. Ill бөлім; 8-класқа арналған оқулық. А., 1962; Әбуханов Ғ., Қазақ тілі лексика. Фонетика және морфология мен синтаксис. Педучилищеге арналған оқулық. А., 1960, 1967, 1982; Сауранбаев Н., Қазақ тілі. Педучилищеге арнапған. А„ 1953; Ғылыми Г. ретінде жарық көрген еңбектер: Қазіргі қазақ тілі. А., 1954; Қазақтілінің грамматикасы. Морфология. А„ 1967; Синтаксис. А., 1967; Кеңесбаев I., Мұсабаев Ғ., Қазіргі қазақ тілі. Фонетика, лексика. А., 1962; Ысқақов А„ Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1964, 1974; Маманов Ы., Қазіргі қазақ тілі. Етістік. А., 1966; Балақаев М., Қордабаев Т., Қазіргі қазақ тілі грамматикасы.

Синтаксис. A., 1961; Аханов К., Тіл білім негіздері. А., 1973, 1978; Аханов К., Грамматика теориясының негіздері. А., 1972 т.б.

Д

Д, д — кириллицаға негізделген әліпби әрпі.

Тілдің ұшы жоғарғы күрек тістердің түбіне тиіп, кері қайтуы әрі дауыс шымылдығының қатысуы арқылы жасалатын дауыссыз дыбысты таңбалайтын әріп.

Қазақ тілінде Д фонемасы жуан я жіңішке дауысты дыбыспен тіркесуіне қарай жуан (мысалы, адам, дана) және жіңішке (мысалы, дене, дән) болып айтылады. Д қазақтың байырғы сөздерінің аяғында жазылмайды, тек орыс тілі арқылы келген сөздердің соңында (мысалы, анод, катод) кездеседі. Кейде ауызекі тілде кейбір жеке сөздердің басында Д дыбысы Т-мен алмасын (деңіз-теңіз) айтылады.

Дауысты дыбыстар

Дауысты дыбыстар — дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялық ауаның кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар. Дауысты дыбыстар фонациялық ауаның көмейде керіліп тұрған дауыс шымылдығына соқтығуынан пайда болған дірілден жасалады. Дауысты дыбыстардың басты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе алатындығында. Қазіргі қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 9 дыбыстан құралған: а, о, е, ы, і, о, ө, ұ, ү. Дауысты дыбыстар айтылғанда жақтың, еріннің, тілдің қатысу дәрежесіне қарай: ашық — қысаң, еріндік — езулік, жуан — жіңішке болып бөлінеді.

Дифтоңдар — екі немесе үш дыбысты біріктіретін: и, у, ю, яМысалы: ми [мый], миіз [мійіз], мия [мыйа], тиым [тыйым], тию [тійіу], тию [тыйыу], жиын [жыйын], жиен [жійен], шипа [шыйпа], шие[шійе], сүю [сүйіу], сия [сыйа], би [бій], бидай [быйдай], зиян [зыйан], ию [ійіу], у [ұу], су [сұу] сурет [сүурет] .

Жуан дауыстылар — тілдің кейін жиырылуы арқылы жасалатын дауыстылар: а, о, (у), ұ, ы

Жіңішке дауыстылар — тілдің ілгері созылуы арқылы жасалатын дауыстылар: ә, е, (и), ө, ү, і

Ашық дауыстылар — тілдің таңдайға қарай төмендеп барып көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар, оларды айтқанда жақ кең ашылып, иек төмендейді. Қазақ тіліндегі ашық дауыстылар: а, ә, е, о, ө.

Қысаң дауыстылар — жақтың кең ашылмай, тілдің таңдайға қарай жоғары көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар. Қазақ тіліндегі қысаң дауыстылар: ы, і, (и), (у), ү.Еріндік дауыстылар — айтылуда еріннің алға қарай сүйірленуі арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: о, ө, ұ, ү, (у). Бұлар орыс тіліндегі әдебиеттерде "Лабиализованные гласные" деп те айтылады.

Езулік дауыстылар — айтылуда еріннің кейін тартылып, езудің жиырылуы арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: а, ә, е, э, ы, і, (и). Орыс тіліндегі әдебиеттерде "Нелабиализованные гласные" терминімен де беріледі.

Ежелгі грек тілі

Ежелгі грек тіл білімі орыс. древнегреческое языкознание — Грекияда туған тіл біліміндегі ой-пікір бүкіл Еуропа тіл ғылымының қалыптасып дамуына күшті әсерін тигізді. Тілге қатысты жазба материалдары б. з. д. 5 ғасыр шамасынан басталады.

Ежелгі грек тіл білімі Гомердің "Илиада" мен "Одиссея" жырларының тілін зерттеуден басталады. Көне заманнан сақталған бұл дастандартілі гректердін сөйлеу тілінен мейлінше алыстап, оларға түсініксіз бола бастаған сон, грек ойшылдары соны зерттеу, айкындаумен шүғылданған.

Ежелгі грек тіл білімі екі кезенге бөлініп қаралады. Онын бірі — философиялық кезен, екіншісі — филологиялық кезен. Бірінші кезен б. з. д. 5—3 ғасырлар арасын қамтиды. Бұл — Ежелгі грек тіл білімі қалыптасуының алғашқы кезені. Мұны қалыптастырушылар философтар болған. Олар тіл мәселелерін лингвистикалық тұрғыда емес, философия тұрғысынан сөз еткен, философияға тәуелді, соның ажырамайтын бір саласы деп есептеген. Нақты тілдік фактілерге сүйенбей, абстракты болжаулар, философиялық тұжырымдар жасаумен шұғылданған. Бұл бағыт Грек тарихындағы эллинизм дәуіріне дейін сакталды. Ежелгі Грек философтарының тілге қатысты мәселелерден ерекше сөз еткендері — атаудын табиғаты, зат пен онын атауы арасында қандай байланыс болатыны, тілдік қайдан, қалай пайда болғаны және тілдік грамматикасы мен логика арасындағы қарым-қатынас жөніндегі мәселелер. Гераклит бастаған философтар атау заттың табиғатына сәйкес жаратылыстан берілген, сөз — табиғат туындысы лесе, Демокрит бастаған философтар оған қарсы — зат пен оның атауы арасында табиғи байланыс болмайды, ол екеуінің арасындағы байланыс — шартты, кездейсок деген тұжырым жасады. Демокрит атаулардың жаратылыстан берілген табиғи еместігін тілдерде затты эр түрлі атаумен білдіретін синонимдердің және эр түрлі мағынаны білдіретін омонимдердің болатындығымен, көптеген заттардын тілдік атауларынын болмайтынымен немесе зат атауларының кейде өзгеріп кететінімен дәлелдейді.

Ежелгі Грек философтарының тілге байланысты сөз еткен екінші проблемасы — тілдің шығуы жөніндегі мәселе. Бұл мәселеде де олар дұрыс шешімге келе алған жок. Олардың бір тобы тілді дыбысқа еліктеуден шыққан десе, екінші бір тобы ертедегі адамдардың өзара келісуінен барып шыққан дегенді айтады. Тіл білімінде мұның алғашкысын дыбыска еліктеу теориясы десе, сонғысы келісім теориясы деп аталады.

Грек ғалымдары көтерген тағы бір проблема — грамматика мәселелері. Грамматиканы да алғашында философия, әсіресе логика ғылымына тәуелді, соның бір саласы ретінде, логикалық категориялардың көрсеткіші ретінде ғана қараған. Платон тілдегі сөздерді есім, етістік деп екі топка бөлсе, Аристотель алдынғы екеуінің үстіне жалғауыш дегенді қосып, үш топқа бөледі. Аристотель — грамматика мен логика арасындағы қарым-қатысты алғаш сөз еткен ғалым. Онын логика мен поэтика жөніндегі ілімі кейінгі заман оқымыстыларына да күшті ықпал жасады. Аристотель логиканы ұғым, пайымдау сияқты категорияларды зерттейтін ғылым деп анықтайды да, сөз табы деген — сөйлемнің элементтері, ал, сөйлем — есім мен етістіктің байланысы, бұл екі категория арасында елеулі өзгешеліктер бар: етістік шақты білдіреді, предикативтік қызмет атқарады, ал, есім септеледі, сөйлемде субъектілік қызмет атқарады дейді. Бірак Платон да, Аристотель де сөздерді тапқа бөлгенде, тілдік категория ретінде емес, логикалық категория ретінде қарайды. Соған қарамастан Аристотельдің лингвистикалық көзқарастары бұл ғылымның кейінгі замандардағы дамуына зор әсерін тигізді. Күні бүгінге Дейін қолданылып жүрген грамматикалық категориялардың, Терминдердің көпшілігі Аристотельден қалған.

Ежелгі грек тіл білімі өз дамуының ең биігіне Грекия тарихында эллинизм деп аталатын дәуірде көтерілді (бұл б. з. д. 3 ғ. мен б. з. 4 ғ. арасы). Тіл білімі тарихында грамматистердін Александрия мектебі деп аталатын бағыты осы дәуірде қалыптаскан. Бұл кезен Ежелгі грек тіл білімі тарихында филология дәуірі деп аталады. Бұл дәуірде грамматикалық ілім философияның, логиканың ықпалынан босанып, өзалды на дербес пән ретінде қаралды. Грамматика ілімін дамытушылар: Аристрах Самофракийский (б. з. д. 200—150 жылдары), онын шәкірттері Дионисий Фракийский, Аполлоний Дискол (б. з. 2 ғ.) болды. Аристрах тілдегі сөздерді есім, етістік, есімше, член (артикль), есімдік, предлог, үстеу, жалғаулық деп сегіз топка бөлген. Дионисий Фракийский негізгі сөз таптарының көптеген грамматикалық категорияларын, Аполлоний Дискол синтаксис мәселелерін зерттейді. Дегенмен, Ежелгі Грекияда морфологияға қарағанда синтаксис, фонетика, лексикология аз зерттелген.

Бұл дәуірдегі филология жазба ескерткіштерді жинап зерттеу ісімен ерекше шұғылданған. Ежелгі Грек дәуірінен келе жаткан зат пен оның атауы арасындағы қарым-қатынас жөніндегі талас бұл кезенде де болды, бірақ бұл тілдегі заңдылық тұрғысынан қаралды. Оны бардеушілер аналогистер, жокдеушілер аномапистер деп аталды.

Аномалистер (Ктатес Малое) зат пен оның атауы және грамматикалық категориялар арасында ұқсастық, заңдылық жоқ десе, аналогистер (Аристрах Самофракийский) тілде аналогияның рөлі ерекше, тілдік элементтерде аналогия жолымен бірыңғай, біркелкі болу тенденциясы кұшті, тілдегінің барлығы да белгілі заңдылыққа бағынады деді.

Тіл білімі тарихында елеулі мәні барлығына қарамастан, Ежелгі грек тіл білімінің әлсіз жақтары да мол болған. Тіл мәселелерін алғашқыда философия, логика ғылымдарына тәуелді, соның бір саласы ретінде қарады; тілдік категорияның өзгеріп, дамып отыратың тарихи кұбылыс екеніне жете мән бермеді; гректер өз тілінен баска тілді зерттемеді.

Латын тілі

Латын тілі (лат. lingua latīna) — Латиум және Ежелгі Римде Италикалық Латиндер сөйлеген антикалық Италик тілі..

Еуропалық тілдердің басым бөлігі секілді ежелгі Прото-Үнді-Еуропалық тілдің жалғасы. Этруск тілінің ықпалы мен Грек әліпбиін пайдалану латын тілінің Апеннин түбегінде қалыптасуына әсер етті. Қазіргі Роман тілдері латын тілі диалектісінің (дөрекі Латын) жалғасы. Сонымен қатар латын тілін көптеген студенттер, зерттеушілер мен шіркеу қызметшілері пайдаланады, және әлем бойынша кейбір білім беру институттарында әлі күнге дейін оқытылады.Латын тілін көптеген тіл семьяларында жаңа сөздер жасауда және биологиялық таксономияда да қолданады. Латын және оның жалғасы болып есептелетін Роман тілдері Италик тіл семьясының сақталып қалған жалғыз өкілдері. Италик тобының басқа өкілдері жазба ретінде сақталғанымен де, кейін Рим республикасы кезінде латын тілімен жұтылып кетті.

Таллий

Таллий ( [[Халықаралық фонетика әліппесі|/]]ˈθæliəm[[Халықаралық фонетика әліппесі|/]] Үлгі:Respell) - химиялық элемент. 1861 жылдың наурыз айында ағылшын ғалымы Уильям Крукс күкірт қышқылы өндірістерінің бірінде ауланатын шаңды зерттейді. Крукстың ойынша, бұл шаңның құрамында күкірттің аналогтары болып келетін селен мен теллур болуы мүмкін еді. Селенді тапқан ол, енді теллурды әдеттегі химиялық тәсілдермен таба алмады. Сол кезде Крукс сол заман үшін жаңа және сезімталдығы жоғары спектрлік анализ әдісін қолдануды жөн көреді.

Спектрдің құрамында ол белгілі элементтердің спектрлеріне сәйкес келмейтін ашық жасыл түсті жаңа жолақты байқайды. Бұл жолақ жаңа элементтің алғашқы хабаршысы еді. Соның нәтижесінде ол табылып, сәйкесінше латынша thallus, яғни «бүршік жарған бұтақ» деп аталды. Жас жапырақ түсті спектрлік жолақ таллийдің өзіндік белгісіне айналды.

Ал грек тілінен бұл сөзді аударғанда, ол «кенеттен табылған» деген мағынаны береді. Шынымен де таллийді кенеттен табылды деуге болады, оны ешкім іздемеп еді, ал ол өзі

табылды.

Таллий шашыраңқы элемент. Мырыш, мыс және темір алдау және колчедандарында, калий тұздары мен слюдтарда болады. Таллий-ауыр металл. Таллийдің жеті минералы ғана белгілі (cu, Tl, Ag)2se, лорандит tlass2, врбаит Tl4Hg3Sb2As8S20, гутчинсонит (Pb, Tl)S • Ag2S • 5As2S5, авиценнит Tl2O3), олардың барлығы өте сирек. Таллийдің басты массасы сульфидтермен және ең алдымен темір дисульфидтерімен байланысты. Пиритте ол 25% талданған үлгілерде орнатылған. Оның құрамында темір дисульфидтері жиі 0,1-0,2 % құрайды, ал кейде 0,5% жетеді. Галениттегі таллийдің мөлшері 0,003-тен 0,1% - ға дейін және сирек көп. Дисульфидтер мен галениттердегі таллийдің жоғары концентрациясы әктастардағы төмен температуралы қорғасын-мырыш кен орындарына тән. 0,5% - ға жететін таллийдің мөлшері кейбір сульфосолдарда байқалады.

Уэльс

Уэ́льс (i[[Халықаралық фонетика әліппесі|/]]ˈweɪlz[[Халықаралық фонетика әліппесі|/]] , [ˈkəmrɨ], ағылш. Wales [ˈweɪlz]; Еуропа елдерінде дәстүрлі түрде ат қойылғын, мысалы, фр. Pays de Galles) — Ұлыбританияның ең маңызды әкімшілік орталықтарының бірі. Уэльс Ұлыбританияның оңтүстік-батысында орналасқан, шығыста Англияның графтарымен шекараласып жатыр Чешир, Шропшир, Херефордшир және Глостершир,үш жағынан өзенмен қапталған: оңтүстігінде Бристол каналы , оңтүстік батыста — Әулие Георг бұғазы, солтүстік батыста — Ирланд өзені, солтүстік шығыста — Ди .

Фонема

Фонема (грек. рһопета - дыбыс) — сөздер мен морфемаларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға көмектесетін тілдін дыбыстык жүйесіндегі негізгі типтік бірлік, яғни дыбыс типі.

Мысалы: қазақ тілінде сөздің бір дыбысының түрленуі (мол — қол — сол — жол — бол — тол); бірқатар дауыссыздардың жуан буында жуан, жіңішке буында жіңішке айтылуы (ыс — іс, ас — ес); бір дыбыстың артық келуі (он — тон, ал — бал) сөздерді мағына және форма жағынан бір-бірінен ерекшелеп тұр. Фонемалы тілдерде Фонема саны әр түрлі болады.

Мысалы, қазақ тілінде 9 жалаң дауысты Фонема, 25 дауыссыз Фонема болса, орыс тілінде 6 дауысты, 35 дауыссыз Фонема бар.

Фонология

Фонология(гректің phone –дыбыс, logos – сөз, ілім) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жүйесінің құрылымдық және функционалдық заңдылықтарын зерттейтін саласы.

Халықаралық фонетика әліппесі

Халықаралық Фонетика Әліппесі (ағылш. International Phonetic Alphabet, IPA)

Ц

Ц, ц — кириллицаға негізделген әліпби әрпі. Тіл алды, жуан, қатан аффрикат дауыссыз дыбысты белгілейді.

Қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында кездеспеген. Орыс тілінен енген сөздер мен халықаралық терминдерге тән. Мысалы, цех, циклон .

Шотланд (кельттік) тілі

Шотландтық, гэльттік немесе (ескіше) гаэльттік тіл (өзіндік аты. Gàidhlig; ағыл. Gaelic, немесе Scottish Gaelic) — кельттік тілдердің гойделдік тармақтарының бірі, осы тілдің тасушылары кельттік халық (гэлдер) дәстүр бойынша Шотландияның таулы аймақтарында және Гебрид аралдарында өмір сүрді. Шотландияда тасушылардың саны 58 652 адам (2001 ж. санақ) және 500—1000 Канадада (провинция Жаңа Шотландия, көбінесе Кейп-Бретон аралында). АҚШ-та, Аустралияда, Жаңа Зеландияда, Оңтүстік Африка Республикасында тілдің тасушылардың кішігірім тобы бар. Әлемде сөйлейтіндердің жалпы саны әрең дегенде алпыс мыңнан асады.

Неміс тілдер тобындағы тіл - ағылшын тіліне жақын және Шотландия даласында таралған скотс тілімен шатастыруға болмайды.

Қазақ тілі

Қазақ тілі (төте: قازاق ٴتىلى, латын: qazaq tili) — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.

Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қарайым, қырымтатар тілдеріне жақын.

Қазақ тілі диалектілерге бөлінбейтіні ғылыми түрде дәлелденген. Барлық өлкелердің қазақтары бір-бірін жақсы түсінеді. Бірақ кейбір ғалымдардың пікірінше қазақ тілі 3 диалектіге бөлінеді: солтүстік-шығыс, оңтүстік және батыс (ескі үш жүздің орналасқан аумағы бойынша).

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.