Түрік тілі

Түрік тілі — дүние жүзі бойынша 80-85 миллион адам сөйлейтін тіл, түркі тілдерінің ішіндегі ең көп тарағаны. Түрік тілінде сөйлеушілер негізінен Түркияда шоғырланған, Кипр, Болгария және Шығыс Еуропаның басқа да аймақтарында да тұрады. Батыс Еуропадағы, әсіресе Германиядағы бірнеше миллион иммигрант қауымы да түрікше сөйлейді.

Түрік тілі Орталық Азияда пайда болған, оның алғашқы жазба ескерткіштері шамамен 7-8 ғасырларда жазылған. Батыста бүгінгі түрік тілінің ізашары —Османлы түрікшесі Османлы империясының кеңеюімен бірге тарап отырды. 1928 жылы Ататүрік реформаларының кезінде Османлы әліпбиі латын әліпбиінің фонетикалық вариантымен алмастырылды. Сонымен бірге, жаңадан құрылған Түрік тілі қоғамы тілдегі араб және парсы тілдерінен енген сөздерді түріктің төл сөздерімен немесе түркі түбірлерінен құралған жаңа сөздермен алмастыру науқанын бастады.

Түрік тілінің басты ерекшеліктері — үндестік заңы және агглютинация. Түрік тіліндегі негізгі сөз тәртібі: SOV (яғни, бастауыш — толықтауыш — баяндауыш). Түрік тілінде екінші жақ есімдіктерінің анайы және сыпайы түрлері қолданылады (яғни сен-сіз бойынша айырмашылық). Түрік тілінде грамматикалық тектер жоқ.

Түрік тілі
Türkçe 
Айтылуы: IPA: [ˈt̪yɾkˌt͡ʃe]
Сөйлеу орны: Түркия, Солтүстік Кипр, Болгария, Македония, Қособа, Румыния, Кипр, Әзірбайжан тағы да Германия, Франция, Нидерланд, Аустрия, Өзбекстан, Құрама Патшалық, АҚШ, Бельгия, Швейцария, Италия
және түрік шетжұрты тұратын басқа елдерде 
Аумағы: Анадолы, Кипр, Балқан түбегі, Кавказ, Орталық Еуропа, Батыс Еуропа
Барлық сөйлеушілері: 80-85 млн (ана тілі ретінде) 
Әлемдегі қатары: 19 (ана тілі ретінде)
Тіл ұясы: Алтай (даулы)
 Түркі
  Батыс түркі
   Оңтүстік-батыс тобы (оғыз)
    Батыс оғыз
     Түрік тілі 
Жазу әдісі: Латын әліпбиі (Түрік варианты
Ресми күйі
Ресми күйі бар жері: Түркия, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Кипр, Македония республикасы*, Қособа**
*Түрік тілінде сөйлейтіндердің саны 20 %-дан асатын аудандарда.
**Түрік тілі өңірлік тілдердің біреуі болады.
Реттеушісі: Түрік тілі қоғамы
Тіл белгілері
ISO 639-1: tr
ISO 639-2: tur
ISO 639-3: tur 
MapOfTurkishSpeakers

Түрік тілділер көп тұратын елдер.
(Шартты белгілерін көру үшін картаны шертіңіз)

Классификациялануы

TurkicLanguages
Түркі тілдерінің ана тілі ретінде сөйлеушілер саны бойынша жіктелуі

Түрік тілі гагауз және әзери тілдерімен бірге Оғыз тілдерінің батыс тобына жатады. Ал оғыз тілдері болса, 30 тірі тілден тұратын және Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Сібірде тараған түркі тілдерінің оңтүстік-батыс тобын құрайды. Кейбір тіл ғылымы мамандары түркі тілдерін одан кеңірек алтай тілдеріне жатады деп ойлайды.[1] Түрік тілінде сөйлейтіндер түркі тілдерінде сөйлейтіндердің шамамен 40%-ын құрайды.[2] Түрік тілінің үндестік, жалғаулардың сөз түбіріне тізіліп кете беруі (агглютинация) секілді белгілері басқа да түркі тілдеріне және жалпы алтай тілдеріне тән белгілер.[2] Түрік тілі және әзери, түрікмен, қашқай және гагауз тілдері сияқты басқа оғыз тілдері бір-біріне түсінікті болып келеді.[3]

Тарихы

Ең алғашқы түркі жазбалары қазіргі Моңғолияның жерінде орналасқан. Көктүрік хандығының кезінде Соғды әліпбиімен жазылған Бұғыт жазбалары 6-шы ғасырдың екінші жартысына жатқызылған.[4][5] 732 мен 735 жылдар аралығына жатқызылатын монументалды Орхон жазбалары сол ерте кезеңнің тағы бір маңызды ескерткіші болып табылады. Орыс археологтары Орхон өзені аңғарының төңірегінде осы ескерткіштер мен оларға тиісті тас бағаналарды 1889-1893 жылдар аралығында біртіндеп тапқан соң ондағы жазбалардың Көнетүркі жазуын қолданылып Көне түркі тілінде жазылғаны анықталды. Орхон әліпбиіндегі әріптердің сырт кейпі герман руналарына ұқсағандықтан олар Түркі руналары немесе руна тәріздес деп аталып кетті.[6]

Көне түркіше
Türk Oğuz beğleri, budun, eşidin; üze Kök Tengri basmasar, asra yir telinmeser, Türk budun, ilinin, törünün kim artatı(r)?
Қазіргі түрікше
Türk Oğuz beyleri, budun, işitin; üzeride Gök Tanrı basmasa, altta yer delinmese, Türk budunu, ülkeni, töreni kim atar?

Ерте орта ғасыр дәуірінде болған Түркі жорықтарының кезінде түркі тілдерінде сөйлейтін халықтар бүкіл Орталық Азияны түгел жайлап, Сібірден Еуропаға және Жерорта теңізіне дейінгі аралықты өздеріне қаратты. Оғыз түріктеріне жататын салжұқтар 11-ші ғасырда өздерінің тілі — оғыз түркі тілін Анатолияға алып келді. Уақыт өте дәл осы тілден қазіргі түрік тілі өрбіп шықты.[7] Дәл сол 11-ші ғасырда түркі тілдерінің алғашқы ғылыми зерттеушісі болып саналатын Қашғарлы Махмуд түркі диалектілерінің толық сөздігін және олардың таралуын көрсететін картаны қамтитын «Диуани лұғати-түрк» атты еңбек жариялады. (Османлы түрікшесінде: Divânü Lügati't-Türk).[8]

Османлы түрікшесі

Османлы империясының ізашарлары болып саналатын Қарахан мемлекеті мен салжұқ түркілері 950-ші жыл шамасында Ислам дінін қабылдаған соң осы мемлекеттердің ресми тілінде араб және парсы тілдерінен енген көптеген кірме сөздер пайда болды. Османлы кезеңіндегі түрік әдебиетіне, әсіресе Османлы диуан поэзиясына парсы әдебиеті қатты әсер етті. Османлы империясы кезіндегі (шамамен 1299-1922 жылдар) әдеби және ресми тіл түрік, араб және парсы тілдерінің қоспасы болып, өзімен замандас сөйлеу тілінен елеулі айырмашылығы болды. Сол себепті ол тіл Османлы түрік тілі деп аталады.

Тіл реформасы және қазіргі түрік тілі

Literacy-1924-Turkey
Түркиядағы тіл реформасына дейінгі сауаттылық деңгейі (1927). 1950 жылы сауаттылық деңгейі ерлер арасында 48.4%, әйелдер арасында 20.7%-ға дейін көтерілді..[9]

Түркия Республикасының негізі қаланған соң және жазу реформасы басталған соң 1932 жылы Мұстафа Кемал Ататүріктің пәрменімен Түрік тілі қоғамы (TDK) ұйымы құрылды. Оның мақсаты ретінде түрік тілі бойынша зерттеулер жүргізу болып белгіленді. Жаңадан құрылған осы қоғамның қолға алған алғашқы істерінің бірі — араб және парсы тілдерінен кірген кірме сөздерді түрік баламаларымен алмастыру болды.[10] Баспасөзде кірме сөздердің қолданылуына толығымен тыйым салу арқылы қоғам тілден бірнеше жүз сөзді аластатты. Қоғамның түрік тіліне енгізген сөздердің көпшілігі түркі түбірлеріне негізделген жаңа сөздер болса да, жаңадан енгізілген сөздердің кейбіреулері ғасырлар бұрын қолданыстан шығып қалған көне түркі сөздері болатын.

Тілдің осы кенет өзгеруінің арқасында Түркиядағы кәрі және жас буындардың сөз қорларының арасында айырмашылық пайда болды. Дүниеге 1940-шы жылдарға дейін аяқ басқан буындар араб және парсы сөздерін көбірек қолданатын болса, одан кейінгі буындар жаңадан енгізілген ұғымдарды пайдаланатын болды. Бір ерекше қызық жайт, Ататүріктің өзі 1927 жылы Түркия парламентінің алдында сөйлеген аса салтанатты сөзін Османлы мәнерінде сөйлеген, бірақ ол сөздің тілі қазіргі ұрпаққа түсініксіз болғаны сонша, оны үш рет: 1963, 1986 және 1995 жылдары қазіргі түрікшеге аудару керек болды.[11] Адамның түрік тіліне деген көзқарасынан оның саяси көзқарасы да көрінеді: консервативті топтар күнделікті тілде ескірген сөздердің көбірек қолданылуын қолдайды.

Соңғы бірнеше онжылдықтың ішінде TDK (ТТҚ) жаңа ұғымдарды және жаңа технологияларды білдіретін жаңа сөздерді тілге енгізумен айналысып келеді. Олардың көбі, әсіресе ақпарат технологиясына қатысты ұғымдар тарап кетті. ТТҚ-ның жасанды естілетін сөздерді шығарғаны үшін сынға ұшырап қалатын кездері де болып тұрады. Бұрынырақ ұсынылған жаңа сөздер, мысалы fırka (саяси партия) сөзінің орнына ұсынылған bölem сөзін жалпы жұртшылық онша жақсы қабылдай қойған жоқ (тіпті fırka сөзінің өзі де былай қойылып, француз тілінен енген parti сөзі қолданылатын болды).Көне түркі тілінен алынған сөздердің кейбіреулері ерекше мағыналарға ие бола бастады; мысалы betik сөзі бастапқыда «кітап» деген мағынада қолданылатын, бірақ енді компьютер ғылымындағы «скрипт» (компьютер бағдарламасының бір түрі) деген мағынаға ие болды.

ТТҚ енгізген сөздердің кейбіреулері өздерінің бұрынғы мағыналас сөздерімен қатар қолданыла береді. Көбінесе бұл кірме сөздің мағынасы өзгергенде болады. Мысалы, парсы тілінен енген dard (درد «қиналу») сөзі түрікше «қиындық», «күрделі мәселе» деген мағынаға ие болатын, ал түріктің төл сөзі ağrı тәндік ауырсынуды білдіреді. Ескі сөздер және оларды алмастыру үшін енгізілген жаңа сөздердің мысалдары:

Османлы түрікшесі Қазіргі түрікше Қазақша аудармасы Түсініктеме
müselles üçgen үшбұрыш üç («үш») және «созу», «жақ» дегенді білдіретін көне түркі сөзі
tayyare uçak ұшақ uçmak («ұшу») етістігінен құралған. Басында әуежайды осылай атау ұсынылған болатын.
nispet oran арақатынас Ескірек сөз де, жаңа сөз де қазіргі тілде қатар қолданылады. Жаңа сөз көне түркі тілінің «ор-» (ору, кесу) деген түбірінен шыққан.
şimal kuzey солтүстік Көне түркі тілінің kuz («суық та қараңғы жер», «көлеңке» деген мағынадағы сөзінен шыққан). Бұл Орта түркі тілінен алынған.[12]
Teşrini-evvel Ekim Қазан (ай) ekim сөзі қазақтың «егін» сөзімен түбірлес. Түркияда астық дақылдарын қазіргі кезде де қазан айында себеді.

Үлгі:Mainlist

Жағырапиялық таралуы

TurkishRoadSign-WelcomeToEurope Modified
Ыстамбұлдағы Босфор көпірінің еуропалық шетіндегі «Еуропа құрлығына қош келдіңіз!» деген түрікше жазуы бар жол белгісі. (Фото 2006 жылы 28-ші Еуразиялық марафонның кезінде алынған.)

Түрік тілі — түрік халқының және шамамен 30 елде тұратын түрік диаспорасының ана тілі. Түрік тілді азшылық топтар бұрын толығымен немесе жарым-жартылай Османлы империясының иелігінде болған Болгария, Кипр, Грекия (әсіресе батыс Тракияда), Македония республикасы, Румыния және Сербия сияқты елдерде бар.[13] Екі миллионнан астам түрік тілділер Германияда тұрады, Франция, Нидерланд, Аустрия, Бельгия, Швейцария және Құрама Патшалықта да үлкен-үлкен түрік тілді қауымдастықтар бар.[14] Мәдени ассимиляцияға ұшыраулары себебінен этникалық түріктердің барлығы бірдей түрік тілінде ана тіліндегідей жатық сөйлей бермейді.

Түркиядағы түрік тілін ана тілі ретінде сөйлейтіндердің саны 60-67 миллион шамасында, бұл бүкіл халық санының 90-93%-на тең, дүниежүзі бойынша болса түрік тілі 65-73 миллион адамның ана тілі болып табылады.[2][15] Түрік тілін ана тілі немесе екінші тіл ретінде Түркияның барлық дерлік азаматтары сөйлей алады, қалған бөлігі күрд тілінде сөйлейтіндердің үлесіне тиеді (1980 жылы шамамен 3 950 000 адам).[16] Алайда Түркиядағы азшылық этникалық топтардың өзі де түрік тілін ана тіліне тең деңгейде біледі.

Ресми дәрежесі

Түрік тілі Түркияның ресми тілі және Кипрдің ресми тілдерінің бірі. Ол Косоводағы Призрен аймағында ресми статусқа ие (бірақ басты емес). Македония республикасындағы бірнеше қалалық аумақтарда да түрік тілді жұртшылықтың шоғырлануы бойынша ресми статусқа ие.

Дереккөздер

  1. Gordon, Raymond G., Jr. (ed.) Ethnologue: Languages of the World, Fifteenth edition. Language Family Trees - Altaic (2005). Тексерілді, 18 наурыз 2007.
  2. a b c Katzner
  3. Language Materials Project: Turkish. UCLA International Institute, Center for World Languages (Ақпан 2007). Тексерілді, 26 сәуір 2007.
  4. Bazin (1975), 37-45
  5. Alyılmaz Cengiz On the Bugut Inscription and Mausoleum Complex // Eran ud Aneran. Studies presented to Boris Il'ic Marsak on the occasion of his 70/th birthday / Matteo, C., Paola, R., Gianroberto, S. — Venice: Cafoscarina, 2006. — ISBN 8875431051.
  6. Ishjatms
  7. Findley
  8. Soucek
  9. Taeuber, Irene B. (сәуір 1958). "Population and Modernization in Turkey". Population Index 24 (2): 110. Үлгі:OCLC. http://links.jstor.org/sici?sici=0032-4701%28195804%2924%3A2%3C101%3APAMIT%3E2.0.CO%3B2-Z. Retrieved 2007-04-27. Lay summary – JSTOR.
  10. Мында: Lewis (2002) түрік тілінің реформасы туралы егжей-тегжейлі баяндалады.
  11. Алғашқы екі аударманы мына жерден көріңіз: Lewis (2002): 2-3. Үшінші аударманы мынадан көріңіз: Bedi Yazıcı Nutuk: Özgün metin ve çeviri (Ататүріктің сөйлеген сөзі: түпнұсқа мәтіні және аудармасы). Тексерілді, 28 қыркүйек 2007.(Түрікше)
  12. Mütercim Asım Burhân-ı Katı Tercemesi — İstanbul.(Түрікше)
  13. Gordon, Raymond G., Jr. (ed.) Ethnologue: Languages of the World, Fifteenth edition. Report for language code:tur (Turkish) (2005). Тексерілді, 18 наурыз 2007.
  14. Center for Studies on Turkey, University of Essen The European Turks: Gross Domestic Product, Working Population, Entrepreneurs and Household Data (PDF). Turkish Industrialists' and Businessmen's Association (2003). Тексерілді, 6 қаңтар 2007.
  15. TNS Opinion & Social (Ақпан 2006), Special Eurobarometer 243 / Wave 64.3: Europeans and their Languages, European Commission Directorate of General Press and Communication, http://ec.europa.eu/public_opinion/archives/ebs/ebs_243_en.pdf, retrieved 2007-03-28
  16. Gordon, Raymond G., Jr. (ed.) Ethnologue: Languages of the World, Fifteenth edition. Report for language code:kmr (Kurdish) (2005). Тексерілді, 18 наурыз 2007.

Уикимедиа жобаларының түрік жарияланымдары

Сыртқы сілтемелер

Анкара

Анкара (түр. Ankara, гр. Άγκυρα) — Түркия Республикасының елордасы, екінші ең үлкен қаласы. Халқының саны жағынан Ыстамбұлдан кейін, жер көлемі жағынан Конядан кейін екінші орын алады. халық саны — 4.9 миллион адамдар жетеді.

Бурса

Бурса (түр. Bursa) — Анадолының солтүстік-батысындағы ірі қала, Ыстамбұл, Анкара және Измирден кейін төртінші ең үлкен қала, және Бурса облысының орталығы.

2000 жылдық санақ бойынша қала тұрғындары 1 194 687 адам болды, негізінен түрік. XX ғасырдың басына дейін юнан тілі басым болған. Бұрынғы аты Пруса және Брусса; түрікше қаланы Ешіл Бурса (Yeşil Bursa — «Жасыл Бурса») деп те атайды.

395 жылдан 1326-ға дейін қала Византия империясына бағынған, 1326-да византиялықтарды қиратқаннан кейін Бурса Осман халифатының қолына өтеді. 1326—1365 — жас Осман мемлекетінің астанасы. Екінші юнан-түрік соғысында 1919—1922 қала юнан әскерімен 1920-дың жазында жауланған, 1922-нің соңында Түркиеге кері өткен. 1922-ші жылдан Түркияның құрамында.

Василий Васильевич Радлов

Василий Васильевич Радлов (Фридрих Вильгельм) (17 қаңтар 1837, Берлин — 12 мамыр 1918, Санкт-Петербург)— Ресей шығыстанушысы, этнограф, археолог, Петербург Ғылым Академиясының академигі (1884).

Полиция қызметкерінің отбасында дүниеге келген.

Жасында гимназияда оқыған, Берлин университетін бітірген (1858). Осы тұста ол араб тілі, парсы тілі, түрік тілі, татар тілі, моңғол, манчжур, қытай тілі, т.б. тілдерді үйренді.

Радлов 1858 ж. Ресейге көшіп келіп, Алтай өлкесінде мұғалім болды.

Кейіннен Қазан оқу бөлімінің татар, қазақ, башқұрт мектептерінің инспекторы (1871 — 84) музейінің директоры

Азия (1885 — 90) музейінің директоры

антропология және этнография (1894 — 1918) музейінің директоры

Орталық және Шығармалары Азияны зерттеу жөніндегі орыс комитетін құрушылардың бірі, оның басшысы (1903 — 18) болды.

Диуани лұғат ат-түрк

Диуану лұғат-ит-түрк — Қашғарлы Махмұд 1072-1074 жылдары Бағдат қаласында жазған түркіше-арабша сөздік. Ол түркі тілдері бойынша ең ауқымды және ең маңызды ежелгі тіл жәдігері. Оның қолжазба нұсқасы 638 беттен тұрады, онда 9000-нан астам түркі сөзінің араб тіліндегі егжей-тегжейлі түсіндірме-аудармалары қамтылған. Түркілердің тарихы, жағырапиялық таралуы, тайпалары, диалектілері және дәстүрлеріне бойынша қосымша мәліметтер берілген.

Классикалық араб лексикографиясының қағидалары бойынша дайындалған бұл сөздік Қашғарлы Махмұттың түркі тілі туралы білімінің ауқымдылығын ғана емес, араб филологиясы ғылымы бойынша дайындығының да көлемді екендігін айғақтайды.Сөздіктің қазір бізге келіп жеткен жалғыз ғана жазба нұсқасы 1266 Дамаск (Шам) қаласында жаңадан көшіріліп жазылып, оны тек 1915 жылы ғана Әли Емірі ефенді Ыстамбұл қаласында кездейсоқ тауып алады. (Одан бұрынғы ғасырларда Антеплі Айни және Кәтіп Челеби сияқты ғалымдар сондай кітаптың бар екендігі туралы айтқан болатын.) Әли Емірінің көшірмесі 1917 жылы Талат пашаның (1874-1921) қолдауымен және Кіліслі Рифат білгенің (1873-1953) бақылауымен басылып шығып, бүкіл дүние жүзінің түркологтарының назарын өзіне аударды. 1928 жылы түрколог Карл Брокельманн сөздіктің егжей-тегжейлі түсініктемелермен жабдықталған алман тіліндегі аудармасын жариялады. Бесім Аталайдың қазіргі түрік тіліне аудармасын 1940 жылы Түрік тілі қоғамы басып шығарды. Соңғы жылдары шыққан Данковтың аудармасында соңғы ғылыми деректердің негізінде жасалған жаңа өзгерістер орын алған.

Кайсери

Кайсери (қала) (түр. Kayseri; гр. Καισάρεια Кесария; арм. Մաժաք Мажак) – Түркиядағы Эрджияс жанартауының етегіндегі қала. Кайсери илінің әкімшілік орталығы. Ежелгі заманда Кападок Кесареясы, Цезарея, Мазака, Евсевия атауларымен аталған. Кападок билеушілерінің резиденциясы, христиан дінін тарату орталығы болған. Каподокия рим провинциясына айналғаннан кейін қала Кесарея деп аталған. Валент императоры кезеңінде Каппадокия бірнеше провинцияларға бөлінгеннен кейін, Кесарея Cappadociae primae астанасы болады. 1080 жылы түрік-селжұқтары қаланы жаулап алады. 200 жыл шамасында Рум сұлтандығының құрамында болған. 1515 жылы Осман империясына кіреді.

Османлы мемлекеті

Осман империясы (осм. دولت عالیه عثمانیه‎ — Devlet-i Âliyye-i Osmâniyye) — Еуропа, Азия және Африка құрлықтарында орналасқан ортағасырлық көпұлтты мемлекет.

Мемлекет XV-XVII ғасырларда үш құрлыққа (Еуропа, Азия, Африка) жайылып, оңтүстік-шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африканың басым бөлігін билеген; батыстағы Марокконың Атлант жағалауынан шығыстағы Парсы шығанағының жағалауына дейін, солтүстіктегі Украинадан оңтүстіктегі Сомалиға дейінгі аймақты қамтып жатқан.

Бұл мемлекет алты ғасыр бойы Батыс пен Шығыстың қарым-қатынас жасасуының бел ортасында болып келді. Құдіретінің шарықтау шыңында Османлы мемлекеті 42 уәлияттардан тұрып, оған бағынышты Валахия, Молдова және Трансильвания князьдіктері оған алым-салық төлеп отырды. Бүгін Ыстамбұл (түр. İstanbul) деген атпен белгілі Константиние (осм. قسطنطينيه‎ — Konstantîniyye) қаласын өзінің елордасына айналдырған Османлы мемлекеті көп жағынан бұрынғы жерортатеңіздік өркениеттердің, атап айтқанда Рим империясының және Шығыс Рим империясының ислами мұрагері деп атауға болады. Османлылар да өздерін Ежелгі Рим мен Ислам мәдениетінің жалғастырушылары деп, яғни «мәдениеттердің бірігуі» арқылы «бүкіләлемдік мемлекеттің» билеушілері ретінде қарастырды.

Османлы түрік тілі

Османлы тілі (осм. لسان عثمانی‎ — Lisân-ı Osmânî) — Ұлы Османлы Мемлекетінің әкімшілік және әдеби тілі ретінде қолданылған тіл. Оның құрамында араб және парсы тілдерінен енген кірме сөздердің саны өте қомақты. Соның салдарынан османлы тілі елдің білім деңгейі төменірек азаматтарына онша түсінікті болмады. Алайда біртіндеп түрік сөйлеу тілі османлы түрікшесінің қатты ықпалына шалдықты.

Печенег тілі

Печенег тілі — орта ғасырларда шығыс Еуропаны мекендеген печенегтердің тілі. Қазір өлі тілдер қатарына жатқызылады.

Бұл тілдің түркі тілдерінің ішіндегі оғыз тармағына жатуы әбден мүмкін, бірақ бұл тілде жазылған құжаттардың тапшылығы және оның «ұрпақ тіл» қалдырмай жоғалып кетуі оның нақты классификациясын қиындатады.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (түр. Kuzey Kıbrıs Türk Cumhuriyeti, сонымен қатар қысқартылған бейтарап атауы Солтүстік Кипр түр. Kuzey Kıbrıs) — Жерорта теңізіндегі Кипр аралда орналасқан мемлекет.

Түркия

Түркия (түр. Türkiye), ресми аталуы Түркия Республикасы (түр. Türkiye Cumhuriyeti) — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-ші орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 80.810.525 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара, Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен және Армениямен, батысында Болгариямен, Грекиямен, оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.

Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы

'TÜRKSOY (түр. Uluslararası Türk Kültürü Teşkilatı , ТҮРКСОЙ) — Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы.

1993 ж. 12 шілдеде Алматыда келсімге құрылтайшы елдердің өкілдері қол қойған.

Түркия Республикасы ұйымның арқаушы елі болып тағайындалды. TÜRKSOY ұйымының ресми қызмет тілі — түрік тілі. Бас кеңсесі Анкара (Түркия) қаласында орналасқан.

1994 ж. бастап Полад Бүлбүл Оғлы, Әзірбайжан Республикасының Мәдениет министрі, үш рет (1994, 1997, 2000 жж.) халықаралық ұйымның Бас директоры болып сайланған.

Түркі тілдері

Түркі тілдері — Шығыс Еуропадан, Сібір мен Батыс Қытайға дейінгі кең аумақта тұратын 180 млн. адамның ана тілі, 210 млн. адамның екінші тілі боп табылатын, көбі бір біріне өте жақын болған 40 тілден тұратын тілдер тобы. Түркі тілдер жанұясы Алтай тілдері әулетіне жатады. Қазақ тілі соның бірі боп табылады.

Көрнекті түркітанушы Н.А. Баскаков Түркі тілдері-нің фонет., граммат. ерекшеліктерін сол тілде сөйлейтін халықтардың тарихи даму, геогр. орналасу жағдайымен ұштастыра отырып, бұл тілдердің тарихын төмендегідей кезеңдерге бөледі:

) алтай дәуірі;

) ғұн дәуірі;

) көне түркі дәуірі (5 – 6 ғ-лар);

) орта түркі дәуірі немесе негізгі түркі тайпаларының қалыптасу кезеңі;

) жаңа түркі дәуірі немесе түркі халықтарының қалыптасуы мен даму дәуірі (16 – 19 ғ-лар);

) ең жаңа дәуір (20 ғ.) немесе түркі тілдерінің Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі даму дәуірі.Алайда оның екі дәуірі болғанын тұспалдап айтуға болады:

) Орал-алтай тілдерінің ортақ дәуірі, бұл – көптеген ру мен тайпа тілдерінің бөлінбеген кезеңі;

) Орал және алтай тілдерінің бір-бірінен бөліну кезеңі, бұдан соң түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур және корей-жапон тілдерінің тармақтарға бөліну дәуірі.Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді.

Сөзге жұрнақ пен жалғаулар бірінің артынан бірі қосылу арқылы сөз формасы өзгертіледі. Сөйлем бастауыш-толықтауыш-баяндауыш ретінде құрылады.

Жүз жылдар бойы түркі халықтары көшпелі өмір салтын өткізгендіктерінен, өзара және де басқа тілдес халықтармен араласып, өз тілдеріне және көршілес халықтардың тілдеріне зор әсер еткен. Әсіресе моңғол, славян және парсы тілдерімен ықпалдасу өте терең болған.

Бұл ықпалдасу әр бір тіл тобы мен топ ішіндегі тілдердің тарихи дамуын біраз өзгерткен салдарынан, түркі тілдерінің классификациясының бірнеше жүйесі бар. Бүгінгі күндері ең кең қабылданған классификация жүйесі А.Н. Самойловичтің классификациясы боп танылғанмен кейбір жағдайлар әлі де пікірталас тудыруда.

Түрікше Уикипедия

Түрікше Уикипедия(түр. Türkçe Vikipedi) — Уикипедияның түрік тіліндегі бөлімі. Ол 2002 жылдың 5 желтоқсан күнінен бастап қызмет етіп келеді. 2004 жылы ғана мақала саны 100-ге жеткен болатын.

2007 жылы түрікше Уикипедия «Алтын Өрмекші» (түр. Altın Örümcek) марапатын ұтады.

2007 жылдың наурыз айында мақала саны 50 000 жетіп, 25-ші орынға көтеріледі.

Қазіргі уақытта түрікше Уикипедияның мақалалар саны 335 863. Тіркелгендер 1 049 163, олардың 729 соңғы 30 күнде әлдебір іс-әрекет жасаған, ал 23 қатысушы әкімші дәрежесіне ие. Жалпы өңдеу саны - 21 070 494. Тереңдігі жағынан үлкен бөлімдегі Уикипедиялар арасында түрікше Уикипедия жақсы көрсеткішке ие. Мақаларға көп өңдемелер жасау жағынан 5-орында тұр.

Түркі тілдес Уикипедия бөлімдерінің мақала саны бойынша барлық түркі тілдес Уикипедия бөлімдерінің қосынды көрсеткішінен өзара үлесі суретте (төмендегі) көрсетілген.

Ыстанбұл

Ыстанбұл (тур. İstanbul — [isˈtanbuɫ]), — ертеде Визáнтий, кейіннен Константинóполь — Түркияның аса ірі қаласы, негізгі сауда, өнеркәсіп және мәдениет орталығы, елдің басты портты қаласы. Бір-бірімен көпірлер және туннельдер арқылы байланысып тұрған, оны еуропалық (негізгі) және азиялық бөліктерге бөлетін Босфор бұғазының жағалауларында орналасқан. Халық саны бойынша, Еуропадағы алғашқы миллионер-қала. Рим, Византия, Латын және Осман империяларының бұрынғы астанасы.

Экмеледдин Ихсаноғлы

Экмеледдин Ихсаноглу (26.12.1943, Египет), 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ислам конференцияның бас хатшысы.

Татарстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (2010).

МГИМО құрметті докторы

(2006).

«Айн Шамс» Каир университін тамамдады.

1966—1970 жж. «Айн Шамс» түрік тілі және әдебиеті оқытушысы.

1970—1980 жж. Анкар университетінің оқытушысы.

1984—2000 жж. Стамбул университетінде тарих және ғылым кафедрасында оқытушы.

Ғағауыз тілі

Ғағауыз тілі — ғағауыз халқының тілі. Түркі тілдерінің оғыз тобына жатады. Негізінен Молдованың Ғағауыз Ери автономиясында таралған. Ғағауыз тілінде сөйлейтіндер 150 мың адам. Жақын тілі түрік тілі. Ғағауыз тілі түрік, түркімен және әзірбайжан тілдеріне барынша жақын. 2012 жылы ЮНЕСКО ғағауыз тілін жоғалып бара жатқан тілдер қатарына косты. Ғағауыз тілі Молдавияда (Ғағаузия),Украинаның Одесса облысында, содай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан кейбір аумақтарында таралған. Ғағауыз тілінде сөйлеушілердің саны-160 мыңнан астам адамды құрайды.Мысалы, Молдавияда 2004 жылы өткен санақ бойынша ғағауыздар ресбуплика халқының 4,4% пайызын құрап, 147 мың адам болған. Оның ішінде Ғағаузияда 127,8 мың адам тұрған. Молдавия ғағауыздарының 92,3%-өз ана тілі ретінле ғағауыз тілін, ал 5,8%- орыс тілін көрсеткен.

Ғұн тілі

Ғұн тілі, Ғұн сөзі делініп жүрген атаулардың көбісі ертедегі Қытай жылнамаларында сақталған адам аттары, атақ-лауазым, жер-су, ру-ұлыс атаулары мен ішінара қару-жарақ, мал және мал өнімдері, музыка аспаптарының атаулары ғана. Қазіргі қолда бар деректерге қарағанда

Қазақстанның тілдері

Қазақстан — көпұлтты мемлекет. Қазіргі таңда 67% құрайтын қазақтардан басқа бұл мемлекетте 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр.7-бап

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi.

Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.

Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.

  Алтай тілдері

Түркі тілдеріМоңғол тілдері • Тоңғыс тілдері • Жапон тілі*Корей тілі*
Ескертпе: *Жапон тілі мен корей тілінің Алтай тілдеріне жататын-жатпайтыны туралы бірыңғай пікір қалыптасқан жоқ. Тағы қараңыз: Пуйо тілдері.
Оғыр
Ұйғыр
Қыпшақ
Оғыз
Арғы
Солтүстік-шығыс

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.