Түркия

Түркия (түр. Türkiye), ресми аталуы Түркия Республикасы (түр. Türkiye Cumhuriyeti) — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-ші орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 80.810.525 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара, Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен және Армениямен, батысында Болгариямен, Грекиямен, оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.

Түркия Республикасы
түр. Türkiye Cumhuriyeti
Flag of Turkey Emblem of Turkey
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Yurtta Barış, Dünyada Barış
(қаз.
«Жұртта бейбіт, Дүниеде бейбіт»
Әнұран: «İstiklâl Marşı»
Turkey (orthographic projection)
Тарихы
Тәуелсіздік күні 29 қазан 1923 жыл
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі Түрік тілі
Елорда Анкара
Ірі қалалары Ыстанбұл, Анкара, Измир, Бурса, Адана, Газиантеп, Анталья, Конья
Үкімет түрі Президенттік республика
Президенті
Вице-президенті
Ұлттық мәжілісспикері
Режеп Ердоған
Фуат Октай
Мұстафа Шентоп
Мемлекеттік діні Зайырлы мемлекет
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 36-шы орын
783 356 км²
1,3
Жұрты
• Сарап (2018)
Тығыздығы

82 003 882[1] адам (19-шы)
105[2] адам/км² (107-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

$2,274 трлн.[3] $ (13-ші)
27,391[3] $ (45-ші)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

706,237 млрд.[3] $ (17-ші)
8,507[3] $ (60-шы)
АДИ (2017) 0,791[4] (жоғары) (64-ші)
Этнохороним түрік, түріктер
Валютасы Түрік лирасы (TRY, 949 коды)
Қосымша мәліметтер
Әуе компаниясы Turkish Airlines
Интернет үйшігі .tr
ISO коды TR
ХОК коды TUR
Телефон коды +90
Уақыт белдеулері UTC+3

Географиясы

Tuerkei topo
Түркия ғарыштан көрінісі
KackarDagi fromNorth hory
Тавр таулары

Жағрафиялық орны, табиғат жағдайы. Түркия дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекет. Жерінің 97 % -ы Азияда, ал 3 %-ы Еуропада жатыр. Батысы мен шығысы 1600 км-ге, солтүстігі мен оңтүстігі 550 км-ге созылған. Жағалауын солтүстігінде Қара теңіз, батысында Эгей теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңізі сулары шайып жатыр. Жағрафиялық орнының ерекшелігі - Еуропа мен Азия құрлықтарының тоғысқан жерінде орналасқандығы. Босфор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа құрлықтарын жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-ында Түркия Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның нышаны сияқты.

Босфор, Дарданелл бұғаздары мен Мәрмәр теңізі халықаралық маңызы бар су жолдары. Босфор, Дарданелл бұғаздары тек Азия мен Еуропа арасындағы шекара емес, сонымен қатар Қара теңізді Дүниежүзілік мұхитпен жалғастырып жатқан су жолы жүйесі. Түркияның «Анадолы» деп аталатын бөлігі Кіші Азия түбегінде, қалған бөлігі Еуропаның Балқан түбегінде орналасқан. Босфор бұғазының жарлауытты жағалауларында Түркияның үлкен ірі портты қаласы Ыстамбұл орналасқан.

Түркияның құрлықтағы шекарасының ұзындығы 618 км, шығысында Армения, Грузия, Әзірбайжан, Иранмен оңтүстігінде Ирак, Сириямен, батысында Грекия, Болгариямен, солтүстігінде Қара теңіз арқылы Румыния, Украина, Ресей Федерациясымен шектеседі.

Жер бедері

Түркияның Еуропадағы Шығыс Фракия немесе Румеслей деп аталатын бөлігі биіктігі 1000 м-дей үстіртті төбелі болып келеді. Азия бөлігін ( Кіші азия немесе Анадолы ) түгелдей Кіші азия таулы қыраты алып жатыр. Елде ойпатты жерлер аз, тек теңіз жағалаулары мен өзен атырауларында онша үлкен емес жерлерді қамтиды. Қара теңіз жағалауына қатарласа ұзындығы 1000 км-ге созылған Понти таулары алып жатыр. Понти тауларының орташа биіктігі 2500 м., шығысындағы Качкар тауының биіктігі 3931 м. жартасты болып келетін альпілік шатқал тармақтарын асып өтетін тау аңғарларының болмауы елді мекендердің қарым-қатынасын қиындатады.

Түркияның оңтүстігінде Жерорта теңізі жағалауында Тавр күрделі тау жотасы орналасқан. Тавр таулары Батыс, Орталық және Шығыс Тавр жоталары болып бөлінеді.

Батыс Тавр таулары. Анталья бұғазы мен ойпатын доға тәрізді қоршап жатыр. Ең биік жері Бедағ ( 3086 м.) тауы. Тау жоталары арасында тұщы көлдерден Бейшехир, Эгридир, Сугла, ал тұзды көлдерден Аджиғөл, Ақшекер бар.

Орталық Тавр тау жоталары Батыс Тавр тауларына қарағанда жер бедері альпілік және биік болып келеді. Көптеген тау жоталарының биіктігі 3000 м-ден биік батысында Жерорта теңізіне жарасты болып құлай енеді. Мерсин тауының оңтүстігінде Адана аллювиальды ойпаты орналасқан.

Шығыс Тавр. Тау жоталары Мұрат өзені мен Ван көлінен Шығыс шекараға дейінгі аралықта жатыр. Осы аралықта Джило тау торабының биіктігі 4168 м. Тау жоталары Фыратт және Джиле өзендерінің аңғарымен тілімделген. Шығыс Таврдан оңтүстікке қарай кең алқапты Диярбақыр қазаншұңқыры алып жатыр. Шығыс Анадолының табиғаты әсем, теңіз деңгейінен 1720 м биіктікте Ван көлі орналасқан.

Елдің солтүстік шығысында Армения Республикасымен шекаралас ауданда Түркия Республикасының ең биік шыңы Үлкен Ағры тауы орналасқан. Ол сөнген жанартау, оның биіктігі 5165 м. Үлкен Ағры тауының қасында тағы бір сөнген жанартау Кіші Арғы ( 3925 м.) орналасқан. Түркия аумағының көп жер бөлігі сейсмикалық аймаққа жатады. Эгей теңізі аумағы мен елдің шығысында жер сілкінулер жиі болып тұрады.

Пайдалы қазбалары

Түркия жерінде 100-ден астам түрлі пайдалы қазбалар кездеседі. Олар: хром, мұнай, тас көмір және т.б. Елде темір, қорғасын, мырыш, сынап кендері көп. Тұз көлінде көп тұз өндіріледі.

Климаты

Түркия — Континентік климат белдеуінде орналасқан тау елі. Ел орталығында климат шұғыл-континенттік. Қыста суық болады, ал жазда ыстық. Тек қана теңіз жағалауында климат Субтропикалық болады. Жерорта мен Эгей теңіздерінде ауа райы өте ыстық болады. Осы аумақты Жерортатеңіздік климат белдеуі алып жатыр. Жаздын орташа температурасы + 29-31 С° құрайды. Қыста жауын-шашын көп жауады. Ауа температурасы +15 С°. Ашық күн болмайды. Ауасы салқын болуы мүмкін. Қар өте сирек жауады. Жерорта теңізі жағалауында орташа температура +18 С°. Эгей теңізінде ауа-райы салқын тек қана қыс айларында болады. Жазда өте ыстық. Орташа ылғалдылық 60% құрайды. Қара теңізде климат қоныржай-теңіздік. Мұнда көп жауын-шашын болады. Жазда ашық күн көп болады, ал қыста жиі-жиі жауын-шашын жауады. Оңтүстiк-шығысты Тропикалық климат белдеуі алып жатыр. Мұнда жауын-шашын өте аз жауады және жыл бойы ыстық болады.

Ішкі сулары

Түркияның жер бедерінің әр түрлі болуына байланысты ішкі сулары да әркелкі таралған.

Республика аумағында ішкі сулар бірнеше түрге бөлінеді. Олар: өзендер, көлдер, жер асты суы, мұздықтар және бөгендер мен каналдар.

Өзендері

Түркия аумағында ірілі-ұсақты көп өзен бар. Олардың ішінде бір ғана өзеннің (Қызылырмақұзындығы 1000 км-ден асады. Басқа өзендер: Ефрат, Сакария, Мұрат, Қарасу, Тигр).

Республиканың барлық өзендері Қара теңізге және Эгей теңізіне құяды.

Көл мен бөгендері

Түркияда көлдер және бөгеттердiң жиыны орналасқан. Елдiң 11% аумағын көл және батпақтар алып жатыр. Бұл көлдердiң көпшiлiгi Мәрмәр және Жерорта теңiздері, Орталық және Шығыс Анадолы өлкелерінде жайғасқан. Ірі көлдері Ван (ұзындығы 119 км, аумағы 3755 ш.ш.), Тұз (80км, 1665 ш.ш.), Эгридир (50км, 482 ш.ш.), Бейшехир (45км,650 ш.ш.) және т. б.

Өсімдіктері мен жануарлары

Түркияда өсімдіктердің 6 700 түрлері бар. Үштен екі түрлері тек қана осы жерде өседі. Қара теңіз жағасында қалың орман өсіп тұр. Осы жерде Армян емені, сәнді үйеңкі және шамшат өседі. Жерорта теңіз жағасында бұта көп және жерортатеңіздік қарағайлар өседі. Ал грек жанғағы, бадам және емен сирек кездеседі. Эгей теңізі жағалауында мәңгі жасыл ағаштар өсіп тұр. Орталығында құрғақшылыққа төзімді бұталар мен ағаштар бар.

Елде жануарлардың көп түрлері бар. Тау ормандарында марал, кербұғы, елік, жабайы шошқа, қабылан мен аюлар кездеседі. Далада бауырымен жорғалаушылар тіршілік етеді.

Тарихы

Troy1
Аңызға айналған Троя қабырғалар

XI ғасырдың соңында Кіші Азия түбегіне Орта Азиядан оғыздардан тараған көшпенді селжұқ тайпалары кірді. Сол кездегі ірі, қуатты Византия империясы да оларға тойтарыс бере алмады. 1071 жылы Манцикерт (түрікше Маназкерт) маңындағы шайқаста селжұқтар византиялықтарды күйретті. Нәтижесінде селжұқтар олардың Кіші Азиядағы, Сирия мен Палестинадағы иеліктерін тартып алды.

Бірақ та Ирак, Иран, Сирия, Палестина, Кіші Азияны қамтыған Селжұқ империясы біраздан кейін бірнеше бөлікке бөлінді. Оның Кіші Азиядағы бөлігі өзін Конья сұлтандығы деп жариялады, оның астанасы Конья (бұрынғы Иконий) қаласында болды. Крестшілердің жорықтарына, Кіші Азия мен Қиыр Шығыстың корольдіктеріне (Антиохия, Кіші Әрменстан, т.б.) тойтарыс бере алған Конья сұлтандығын 1318 жылда Хулагу хандығы құлатты.

Соған дейін, XII ғасырдың басында, Шыңғысханның және оның ұрпақтарының шабуылдарынан құтылып, Хорасаннан, Сырдария жағасынан Сүлеймен шахтың басшылығымен оғыздардан тараған қайы тайпасы Арменияға, одан кейін, оның баласы Ертұғырыл бейдің кезінде Кіші Азияға көшіп кетті де, Конья сұлтаны Ала-ад-дин Кейқубат Византиямен соғыста көмектесті, сондықтан ол оғыз қайыларына Ангора(Анкара) мен Брусса (Бурса) қалаларының арасындағы жерлерді берді.

Ертұғырылдың баласы Осман бей Византиямен күресте оның Кіші Азиядағы көптеген жерлерін тартып алды. Содан кейін, 1299 жылы Осман Конья сұлтандығынан тәуелсіздігін жариялап, Осман империясын құрды.

Босфор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа материктерін жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түркия Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның символы сияқты. Босфор бұғазының жарлауытты жағалауларында Түркияның үлкен ірі портты қаласы Ыстамбұл орналасқан. Ертеде Ыстамбұл Шығыс Рим империясының (Византияның) елордасы болған. Қала ол кезде Константинополь деп аталатын, 1453 жылы қаланы түріктер басып алып, жаңадан Ыстамбұл деп атаған. Генерал Мұстафа Кемал Ататүріктің басқаруымен түрік халқының ұлт – азаттық көтерілісі нәтижесінде (1918 – 1923 ж.) 1923 жылы қазанның 29-да Түркия Республикасы құрылып, Түркия Республикасының тұңғыш президенті болып Мұстафа Кемал Ататүрік сайланды.

Түркияның әкімшілік бөлінуі

Аудандар:

  • Эгей ауданы
  • Қара теңіз ауданы
  • Орталық Анатолия ауданы
  • Шығыс Анатолия ауданы
  • Мәрмәр ауданы
  • Жерорта теңіз ауданы
  • Оңтүстік-Шығыс Анатолия ауданы

Ірі қалалар

Орыны Қала 1990 2000 2007 2008 2009 Провинция
1 Ыстамбұл 6 629 431 8 803 468 10 861 463 10 878 360 10 895 257 Ыстамбұл (ил)
2 Анкара 2 583 963 3 203 362 3 842 737 3 894 182 3 945 627 Анкара (ил)
3 Измир 1 758 780 2 232 265 2 644 531 2 672 126 2 699 721 Измир (ил)
4 Бурса 834 576 1 194 687 1 537 040 1 589 530 1 642 020 Бурса (ил)
5 Адана 916 150 1 130 710 1 506 272 1 517 787 1 529 302 Адана (ил)
6 Газиантеп 603 434 853 513 1 192 023 1 235 815 1 279 607 Газиантеп (ил)
7 Конья 513 346 742 690 973 791 980 973 988 155 Конья (ил)
8 Анталья 378 208 603 190 877 945 911 497 945 049 Анталья (ил)
9 Кайсери 425 776 536 392 775 594 781 119 786 644 Кайсери (ил)
10 Мерсин 481 459 633 691 692 300 696 518 700 736 Мерсин (ил)
11 Эскишехир 413 082 482 793 581 408 599 796 618 184 Эскишехир (ил)
12 Диярбакыр 373 810 545 963 613 332 613 821 614 310 Диярбакыр (ил)
13 Денизли 237 918 357 557 465 947 479 381 492 815 Денизли (ил)
14 Шанлыурфа 276 528 385 588 472 238 468 993 465 748 Шанлыурфа (ил)
15 Самсун 322 982 388 509 459 781 461 640 463 499 Самсун (ил)
16 Эсеньюрт 70 280 148 981 335 316 373 017 410 718 Стамбул (ил)
17 Малатья 270 412 381 081 419 212 411 181 403 150 Малатья (ил)
18 Адапазары 272 039 283 752 382 226 390 624 399 022 Сакарья (ил)
19 Кахраманмараш 228 129 326 198 380 805 385 672 390 539 Кахраманмараш (ил)
20 Эрзерум 242 391 361 235 361 160 359 752 358 344 Эрзурум (ил)
21 Ван 155 623 284 464 331 986 342 139 352 292 Ван (ил)
22 Элязыг 204 603 266 495 319 381 312 584 305 787 Элязыг (ил)
23 Батман 147 347 246 678 293 024 298 342 303 660 Батман (ил)
24 Султанбейли 82 298 175 700 272 758 282 026 291 294 Стамбул (ил)
25 Измит 190 741 195 699 285 470 287 970 290 470 Коджаэли (ил)
26 Сивас 223 115 251 776 294 402 288 693 282 984 Сивас (ил)
27 Гебзе 159 116 253 487 270 614 274 271 277 928 Коджаэли (ил)
28 Маниса 158 928 214 949 281 890 278 967 276 044 Маниса (ил)
29 Балыкесир 170 589 215 436 241 404 247 072 252 740 Балыкесир (ил)
30 Санджактепе 46 013 144 351 223 755 227 602 231 449 Стамбул (ил)
31 Тарсус 187 508 216 382 229 921 228 471 227 021 Мерсин (ил)
32 Трабзон 161 886 214 949 230 693 220 860 211 027 Трабзон (ил)
33 Чорум 116 810 161 321 202 322 206 572 210 822 Чорум (ил)
34 Чорлу 74 681 141 525 190 792 200 577 210 362 Текирдаг (ил)
35 Каяпынар 10 958 68 150 166 905 185 626 204 347 Диярбакыр (ил)
36 Османие 122 307 173 977 180 477 189 112 197 747 Османие (ил)
37 Адыяман 100 045 178 538 191 627 193 250 194 873 Адыяман (ил)
38 Кютахья 130 944 166 665 212 934 202 118 191 302 Кютахья (ил)
39 Кырыккале 185 431 205 078 193 526 192 341 191 156 Кырыккале (ил)
40 Антакья 123 871 144 910 186 243 188 310 190 377 Хатай
41 Бейликдюзю 15 202 97 985 186 789 185 633 184 477 Стамбул (ил)
42 Бююкчекмедже 54 475 97 615 144 666 163 140 181 614 Стамбул (ил)
43 Искендерун 154 807 159 149 177 294 176 374 175 454 Хатай
44 Айдын 107 011 143 267 168 216 171 242 174 268 Айдын (ил)
45 Ұшак 105 270 137 001 172 709 173 053 173 397 Ушак (ил)
46 Арнавуткёй 42 749 98 930 141 143 156 333 171 523 Стамбул (ил)
47 Ақсарай 90 698 129 949 153 570 161 323 169 076 Аксарай (ил)
48 Испарта 112 117 148 496 184 735 175 815 166 895 Испарта (ил)
49 Афьон 95 643 128 516 159 967 163 207 166 447 Афьонкарахисар (ил)
50 Инегёль 73 258 119 710 154 698 158 575 162 452 Бурса (ил)

Туризм

Түркияда туристік сервис өте жақсы дамыған. Елде көп теңіздік курорттар мен көз тартарлық орындар бар. Ең әйгілі орындар. Олар:

  • Ыстамбұл — (түр. Istanbul) - Ислам мен Византиялық мәдениет мұралары.
  • Каппадокия — (түр. Kappadokya) -Түркияның ең ғажап жері. Каппадокия - бұл табиғи мұраларға бай өлке.
  • Эгей теңізі — (түр. Ege denizi) - Антикалық мұралары және қираған көнегрекиялықтар мен римдік ескі қалалар.
  • Жерорта теңізі — (түр. Ak deniz) - Теңіздік курорттар Түркияның оңтүстік жағасы.

және т.б

Галерея

Anit Kabir (6526103103)

Аныткабір

Kocatepe Mosque Ankara

Анкара мешіті

State Painting and Sculpture Museum of Ankara

Этнография

Pamukkale00

Памуккале

Eskişehir-Aycan

Көше

Turkishcoffee

Түрік кофе

Celsus-Bibliothek2

Эфес қаласы

Cappadocia March 2006

Каппадокия қаласы

Kappadokien002-01

Каппадокияның ландшафты

Whirlingdervishes

Дәруіштер

Қызықты мәліметтер

  • Түркияның бастамасымен ЮНЕСКО Әлем Мәдени мұрасы тізіміне 1982 жылдан бері Ыстамбұлдың тарихи жерлері, Сафранболу қаласы, Хаттушаш Хэт астанасы, Немрут тауы, Ксантос Летон, Дивриги Ұлы мешіті мен емханасы, Троя ежелгі қаласы, Памуккале Хиераполис, Гөреме Ұлттық саябағы мен Каппадокия алынған болатын.[5]
  • Ыстамбұл - бұл екі құрлықтың, Еуропа мен Азияның арасында орналасқан жалғыз қала. Мыңдаған жылдар бойы Ыстамбұл тарихтағы үш империяның астанасы болды. Олар: Рим, Византия және Осман империялары. Көптеген археологтар мен інжілшілтер Нұх пайғамбардың кемесi Шығыс Түркиядағы Арарат тауында қалған деп есептейді. Әлемдегі барлық орман жаңғағының 70%-ын Түркия өндіреді. Хазіреті Мария өмірінің соңғы жылдарын Түркияда өткізді.

Дереккөздер

  1. The Results of Address Based Population Registration System, 2018. Turkish Statistical Institute.
  2. Annual growth rate and population density of provinces by years, 2007–2015. Turkish Statistical Institute.
  3. a b c d World Economic Outlook Database, April 2019. International Monetary Fund.
  4. 2018 Human Development Report.
  5. Қайнар көз
Анкара

Анкара (түр. Ankara, гр. Άγκυρα) — Түркия Республикасының елордасы, екінші ең үлкен қаласы. Халқының саны жағынан Ыстамбұлдан кейін, жер көлемі жағынан Конядан кейін екінші орын алады. халық саны — 4.9 миллион адамдар жетеді.

Араб тілі

Араб тілі — семит тілдерінің ішіндегі сөйлеушілер саны жағынан бірінші орын алатын, әлемде 422 миллионға жуық адам сөйлесетін тіл. Араб тілі негізінен араб елдерінде және Түркия, Сенегал, Чад, Эритрея елдерінде таралған. Араб тілі Құранның тілі болғасын мұсылмандардың арасында қасиетті тіл саналады және кейбір құлшылықтар (мыс.: намаз) араб тілінен басқа тілде орындалмайды. Сонымен қатар араб тілі кейбір араб елдеріндегі христиандардың діни жоралғылары орындалатын тіл. Орта ғасырлық яһуди дініне арналған еңбектердің көбісі осы араб тілінде жазылған. Ислам дінінің таралып, мұсылмандардың көптеген елдерді билеуіне байланысты араб тілінің да мәртебесі жоғарылап, араб тілі саясат, әдебиет пен ғылымның тіліне айналды. Араб тілі түрік, урду, албан, малай мен индонезия тілдеріне, кейбір африкалық тілдерге (хауса, суахили), европалық тілдерге (испан, португал, мальта тілдері) көп әсер етті.

Араб тілі араб елдерінде, Эритрея, Чад пен Израиль елдерінде ресми тіл саналады. Араб тілі БҰҰ-ның алты ресми тілінің бірі боп табылады.

Араб тілі лексикалық жағынан ең өнімді тілдерге жатады. XIII ғ. жазылған Ибн Манзурдың «Лисан әл-араб» кітабында 80 мыңға жуық сөздік жинақталған. Мысалға XVIII ғ. жазылған Сэмюель Джонсонның ағылшын тілі сөздігінде 42 мың сөз бар.

Араб тілі 28 әріптен құралған. Бірақ кейбір тіл ғалымдары «һамза» белгісін әріп ретінде санап, араб әліппесі 29 әріптен тұрады деп санайды. Араб тілінің басқа тілдерден айырмашылығы — парсы және иврит тілдері сияқты араб жазуы оңнан солға жазылады.

Байлар-Жандар

Байлар-Жандар — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре деректері бойынша, Орта жүздің Қоңырат тайпасының Көктіңұлының (Тәңірберген) үш баласы болған, олар (Абатқұл, Жабатқұл, Қара). Абатқұлдан Байыс, Боғыз, Тайыс, ал Боғыздан Байдербіс пен Жандербіс тарайды.

Байлардан - КөшікКөбек,

Құланшы,

Елбақ-Қойбақ.

Жандардан - Сырымбет, Қарабала, Шора пальцы, Жолдербіс, Мама-Сүйіндік, Қазаяқты, Көлеген, Байжігіт, Баймұрат.

«Жандарлар» Евразия құрлығында, Түркі халықтарының құрамында көптеп кесдеседі. «Жандарлар» тіл үндестігіне байланысты, әр халықта әр қалай аталады. Мысалға: Жандар, Яндар, Чандар, Шандар, Түркия мемлекеті Анадолы да Жандароғұллары деген атпен белгілі. Жандароғұллары Түркия (Осман ) империясын құруда маңызды рөл атқарған тайпалардың бірі, (Исфандиярогуллары деп те айтылады). Солтүстік Кавказ, Дағестан республикасында Құмық халқының құрамында 40-мыңдай Джандар тайпасының өкілдері Каякент,Кайтағ аудандарында тұрады. Қарақалпақ халқының құамындағы Жандарлар, Жанлар деген атпен белгілі. Ресей, Башқұрт халқының құрамында Байлар-Жандар тайпасының, Байлар руы жасайды. “Жандар” тайпасы қытай деректемелерінде Янтор, Янто деген атпен белгілі. Қытай деректерінен алынған мәліметтерге сүйенсек Қыпшақ мемлекетінің негізін қалаушы қуатты екі Сир (Сыр) мен Янтор(Жандар) тайпалары болған. Атақты Шынғысханның анда дос дала баты,гурхан Жамуха осы жандар тайпасының өкілі болған.

Бірінші дүниежүзілік соғыс

Бірінші дүниежізілік соғыстың шығу себептері және оның сипаты

Империалистік дәуірде жеке елдердің біркелкі дамымауының нәтижесінде бірінші дүниежүзілік соғыс болды. XX ғасырдың басында халықаралық жағдай күрт шиеленісіп, ірі мемлекеттер арасындағы бақталастық күрес күшейді. Англия дүниежүзілік шеберхана атанған дәрежесінен өнеркәсібі дамудағы бірінші орнынан айрылды. Елдің басын біріктіру арқасында және Француз–прусс соғысының нәтижесінде бес миллиард марк контрибуция алған Германия өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп, өнеркәсіп өнімдерін шығаруда Англияны үшінші орынға ығыстырып, дүние жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. 1912 жылы мысалы, Германияда 17,6 миллион тонна шойын қорытылса, Англияда 9 миллион тонна ғана болды. Экономикалық қуатының шапшаң өсуін пайдаланған жас герман империалистері жаңа нарықтық аймақтарды алуға, отарланған жерлерді қайта бөлісуге, еуропалық континентте билік жүргізуге тырысты.

Германияның күшеюі Еуропадағы басқа ірі мемлекеттерді абыржытты. Әсіресе отарлап алған жері жеткілікті әрі өнеркәсібі ерте дамыған, байырғы империалистік елдерді ― Франция мен Ресейді қатты алаңдатты. Оның үстіне герман–австриялық одақ шартына қол қойылды, оған Италияның қосылуы жас герман империалистерінің Еуропадағы салмағын күшейтті. Осы құрылған үштік одаққа жауап ретінде орыс-француз одағы пайда болды. Бұл еуропалық мемлекеттерді екі антогонистік топқа бөліп, екі жақты шешуші шайқасқа дайындыққа кірісті.

Алайда, британиялык басқарушы топтар осы екі тогопистік одаққа деген қарым катынасын бірден айқын ұстаған жоқ. Өйткені, ағылшын империалистерінің француз және ресейлік империалис-теріне қарағанда қарама кайшылықтары күрделі еді. Тіпті Англия алғашқы империалистерінің Еуропадағы ықпалының өзінің орыс және француз бақталастарын әлсіз деп ессптеді. Ресейді әлсірету мақсатымен британиялық басшылар 1902 жылы ағылшын-жапон одақ шартын жасады. Жапония мұны өзінің Ресейге қарсы соғысында шебер пайдаланды.

Дегенмен, германдық сауданың өсуі, оның жаңа нарықтарды иемденіп, одан ағылшын бұйымдарын ығыстыра бастауы Англия мен Германия арасындағы қатынасты қиындата түсті.

Германияның қуатты әскери-теңіз флот құру үшін бағдарлама жасауы Англияның сыртқы саясатына күрт өзгерістер енгізді. 1904 жылы бұл елде Франциямен жақындасу үшін ірі қадамдар жасалды. Бұл Англия мен Ресей арасындағы қарым-катынастардың жақсаруына алғы шарт жасадьі. Патша өкіметі Антантаға тәуелді еді. 1908 жылы оның шет елдерге борышы 8 миллиард сомға тең болды. Оның үстіне Ресей Англия меи Францияның көмегі арқасында бұғаздарды пайдалануға үміт етті. Ал Антанта Германиямен үлкен соғыс бола қалған жағдайда Ресейдің ірі -әскери күшін пайдаланбақ еді. Бірақ ағылшын-орыс қатынастарын жақсарту ісі қиындыққа түсті. Ең алдымен олар өздерінің Иран, Ауғанстан, Тибеттегі бақталасты істерін реттеді. Ақырында орыс-француз одағы мен ағылшын–француз Антантасы бірігіп, үштік келісімге айналды.

Бір-біріне қарама-қарсы Үштік Одақ пен Үштік келісімнің құрылуы басты империалистік мемлекеттер арасындағы күресті одан әрі үдетті. Алайда, одақ қүрамына кірген мемлекеттер арасындағы өзара қайшылықтар жойылған жоқ. Мәселен, Италия мен Австрия–Венгрия монополистерінің өзара қақтығыстарының өршуі нәтижесінде Италия өзі кірген Үштік Одақтан 1909 жылдан бастап іргесін аулақ сала бастады. Ал, Австрия–Венгрия ақырында Герман империялистерінің жандайшабына айналды.

Үштік келісімдегі жағдай да осындай еді. Өзара қырқыс тоқталмаганымен, күш алып келе жатқан жас герман империализмі алдында біршама жұптарын сақтай білді. Мысалы, Мароккадағы імпериалистік билік үшін таластың арты 1911 жылы герман-француз соғысына айналу қаупі туған кезде Англия батыл түрде Францияны қолдады. Германия шегінуге мәжбүр болды, оның солтүстік Африкада отарларға ие болу ойы іске асқаң жоқ.

Антанта Үштік Одаққа жік салу арқылы әлсіретуге тырысты. Оған 1911 жылғы Түрік–Италия соғысын пайдаланды, Антанта Италияны қолдады. Ал Германия Түркияға көмек көрсете алмады. Себебі Австрия–Венгрия, Италия және Германия одақтастар еді. Соғыстың нәтижесінде Италия Ливияны билеу құкына ие болды.

Екі империалистік блоктардың арасындағы күрес 1912–1913 жылдары Балқан соғыстарында жалғасып ақырында бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуын тездетті. Бірінші Балқан соғысы (9.Х.1912—30.V.1913) Балқан одағы мен Түркия арасында болды. Балқан одағының құрамына Болгария, Сербия, Грекия және Черногория кірді. Оның құрылуына Ресей мен Антанта белсене қатысты. Осы Одақ арқылы олар Германияның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ықпалын әлсіретуге тырысты. Алайда, бұл бағытта Англия екіұшты саясат жүргізді. Ол бұл ауданда Германияны әлсіреткісі келгенімен, Ресейдің ықпалының өсуін қаламады да, Түркиядан біржола қол үзгісі келмеді және Ресейдің бұғаздарды пайдалану ниетіне онша қолдау жасамады. Ірі мемлекеттерден қолдау таппаған Түркия жеңілді. Лондон бітімі бойынша Түркия Стамбул мен Шығыс Франциядағы шағын жерден басқа барлық еуропалық аймағынан айырылды. Германия тағы да батылсыздық көрсетті. Соғыстан Балкан одағы нығайып шықты. Болгарияның шоқтығы биіктеді. Балкан түбегінде Антанта бағыты күшейді.

Әйтсе дс Балкан одағының мемлекеттері өз жеңістерінің нәтижелерін бөлісе алмады. Оны Герман-Австрия топтары пайдаланып, болгар-серб одағын кұлатудын бар амалын істеді. Олар Болгарияны қолдады. Ал Сербия мея Грекия оған қарсы жасырын келісімге келді. Екінші Балкан соғысына әкеп соқты (29.VI—10.VIII.1913). Онда Грекия, Сербия және Черногория Болгарияға қарсы соғысты. Оларға Румыния мен Түркия қосылды. Соғыс Болгарияның женілуімен аяқталды.

Бухарест бітімі бойынша Болгария Румынияға Оңтүстік Македония және Батыс Фракеяның бір бөлігін, Сербияға Солтүстік Македонияны тұтас дерлік берді.

Балкан соғыстары жалықтарға қайғы-қасірет әкелді. Онда Черногория 11,9 мың, Грекия 68 мың, Сербия 71 мың, Болгария 156 мың, Түркия 156 мың адамынан айырылды.

Бұл соғыстың қорытындысында герман дипломатиясы жетістіктерге жетті. Балкан Одағы жойылды. Болгария Антанта ықпалынан кетті. Оның есесіне Румыния Австрия ықпалынан кетіп, Ресеймен жақындасты. Сөйтіп, Балкан түбегіндегі бірінші топ – Сербия, Черногория, Грекия және Румыния Антантадан қолдау тапты, екінші топ Болгария мен Түркия Германиямен бірікті.

Төніп келе жатқан соғысты АҚШ өзінің экономикалық және саяси бағытын нығайтуға пайдалануға тырысты. Олардың өкілі полковник Хауз екі блокты бір-бірінс айдап салудың бар амалын жасады. Алдымен ол АҚШ (бейтараптық сақтайды деп жариялады, ал соғыс бола қалған жағдайда Англия Ресей үшін соғысқа кіріспеуі мүмкін деген болжам жасады. Мұндай тұжырымдар Герман империалистерінің үмітін арттырып, оларды соғысқа итсрмеледі.

Осы жагдайда 23 маусымда Сараевода австрия тағының мұрагері принц Франц Фердинанд өлтірілді. Венада қатты абыржушылық байқалды. Австрия үкіметі бір айға жуық үн-түнсіз жатып алды. Тек қана Германияның желпінтуінен ғана шілде айында Сербияға қарсы үзілді-кесілді талап қойылды. Ол қойылған он шарттың тоғызын қабылдайтынын мәлімдеді. Тек тергеу ісін жүргізу үшін австриялықтарды өз жерлеріне жіберуге қарсы болды да, барлық даулы мәселелердің төрелігін Гааглық трибунал шешсін деп сауал салды.

Алайда Австрия–Венгрия 28 шілдеде Сербияға соғыс жариялады. Оған жауап ретінде Ресей мобилизацияға кірісті. Германия 1914 жылдың 1-ші тамызында Ресейге, тамызда Францияға соғыс жариялады. 5-ші тамызда Англия ресми түрде соғысқа кірісті. Осы жағдайда АҚШ бейтараптық сақтады. Ал Түркия мен Болгария австро-германдық блок жағына шықты.

Бірінші дүниежүзілік согыстың басталуына Германия мен Англия арасындағы антогонизм шешуші роль атқарды. Осы басты қайшылықпен қатар Германия мен Францияның Эльзас және Лотарингия үшін, Германия мен Ресейдің Константинополь және бұғаздар үшін, Ресей мен Түркияның Армения және Константинополь үшін, Австрия мен Ресейдің Балкан үшін, Австрия мен Италияның Албания үшін талас-тартыстары себеп болды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс сипаты жағынан әділетсіз, жаулаушылық, империалистік соғыс болды. Мемлекеттер жаулау-шылық саясат жүргізді. Соғыс ірі мемлекеттердің империалистік катынастарынан туды. Олар отарлар мен ұсақ елдерді қайта бөлісу үшін ұрыс дала ұрыс даласына шықты. Бұл соғыста екі қақтығыс алдыңғы шепте тұрды. Бірі Англия мен Германия, екіншісі Герман мен Ресей арасында болды. Осы үш ірі мемлекет бірінші дүниежүзілік соғысты бастаушылар болды. Ал қалғандары олардың одақтастары еді. Соғыс шеңберіне біртіндеп құрамында бір жарым миллиардтан астам халық бар 38 мемлекет кірді. Төрттік одаққа Германия, Германия отарларымен, Австрия-Венгрия, Түркия мен Болгария кірді. Ал Антантаға — Англия, Ресей, Франция, Бельгия, АҚШ, Португалия, (бәрінің де отарлары бар) Сербия, Жапония, Румыния, Грекия, Черногория және басқа елдер енді. Империалистік соғысқа байланысты армия қатарына 77 миллион адам шақырылды. Оның ішінде Германия – 13,2 миллион, Австрия-Венгрия – 9 миллион, Түркия – 1,8 миллион, Болгария – 1 миллион, Ресей – 19 миллион, Англия – 9,4 миллион, Франция – 8,1 миллион, Италия – 5,6 миллион, АҚШ – 3,9 миллион, Румыния – 1 миллион және тағы басқалар.s

Грузия

Грузия, Гүржістан немесе Гүржия, Грузия Республикасы (грузинше საქართველო [sɑkʰɑrtʰvɛlɔ], Сакартвело) — Еуропа құрлығының оңтүстік-шығысында, Кавказ тауының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. 66 әкімшілік ауданға бөлінеді. Құрамына Абхаз (1931) және Аджар (1921) республикалары енеді. Шекарасы Ресей, Әзірбайжан, Түркия мемлекеттерімен шектесіп жатыр. Жер көлемі — 69,7 мың км². Халқы — 63 млн. (1995). Тұрғындарының 70,1%-і грузиндер (гүржілер). Бұдан басқа армяндар (8,1%), орыстар (6,3%), әзірбайжандар (5,7%), осетиндер (3%), абхаздар (1,8%), гректер, украиндар, т.б. тұрады. Астанасы — Тбилиси қаласы (1,2 млн.). Халқының көпшілік бөлігі — христиан дінінің православие тармағын ұстанады, қалғандары мұсылмандар мен католиктер. Ресми тілі — грузин тілі. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. Конституциясы 1995 ж. 24 тамызда қабылданған. Ұлттық ақшасы — лари 1995 ж. қыркүйек айынан айналымға енгізілген. Ұлттық мейрамы — мемлекеттің тәуелсіздіктің қалпына келтірілген күні (26 мамыр, 1918 ж.).

Жерорта теңізі

Жерорта теңізі — Атлант мұхитының Еуразия мен Африка құрлықтары арасындағы теңізі. Гибралтар бұғазы арқылы Атлант мұхитымен, Босфор бұғазы арқылы Қара теңізбен, Суэц каналы арқылы Қызыл теңізбен жалғасады. Ауданы 2505 мың км², орташа тереңдігі 1498 м, ең терең жері 5121 м. Жерорта теңізінің еуразиялық жағалауы қатты тілімденген. Онда түбектер және аралдармен бөлінген шағын Альборан, Балеар, Лигурий, Тиррен, Адрия, Ион, Эгей және Кипр теңіздері орналасқан.

Теңіз алабына Қара, Азов, Мәрмәр теңіздері де кіреді. Ірі шығанақтары: Валенсия, Лион, Генуя, Таранто, Сидра (Үлкен Сирт), Габес (Кіші Сирт). Ірі аралдары: Балеар, Корсика, Сардиния, Сицилия, Крит және Кипр. Теңізге ірі Ніл, По, Рона, Эбро өзендері құяды. Жас альпілік геосинклинальдік аймақта орналасуына байланысты, түпкі бедері күрделі. Ең ірі қазаншұңқырлары: Алжир-Прованс, Орталық қазаншұңқыр және Геллен шұңғымасы. Тиррен теңізінің қазаншұңқырының төңірегінде сөнген және әрекетті жанартаулар бар.

Бүкіл Жерорта теңізі аймағына субтропиктік климаттың “жерортатеңіздік” деп аталатын ерекше типі тән: қысы ылғалды әрі жылы, жазы құрғақ және ыстық. Судың беткі қабатының температурасы ақпанда теңіздің солтүстігінде 12° С-тан оңтүстікте 18° С-қа дейін, тамызда батысында 20 — 25° С-тан оңтүстік-шығысында 28 — 30° С-қа дейін көтеріледі. Су көп буланады, сондықтан тұздылығы жоғары. Батысында 36ү-ден, шығысында 39,5ү-ге дейін құбылады. Толысу толқынының биікт. 0,1 — 0,5 м, Тунистің шығысында 1,7 м-ге жетеді. Негізгі ағыс Гибралтардан Ливанның жағасына дейін Африканы бойлап өтеді. Оқшау теңіздерде су циклондық айналым жасайды. Теңізде балықтың 550-дей түрі бар. Сардина, тунец, макрель, скумбрия, т.б. ауланады. Жерорта теңізінің Адрия және Эгей теңіздерінің қайраңдарында мұнай, газ өндіріледі.

Теңіз арқылы аса маңызды халықаралық теңіз жолдары өтеді. Басты порттары: Барселона (Испания), Марсель (Франция), Генуя, Неаполь, Венеция, Триест (Италия), Риеака (Югославия), Пирей және Салоники (Грекия), Бейрут (Ливан), Александрия, Порт-Саид (Египет), Триполи (Ливия), Алжир (Алжир). Түркия жағалауында дүние жүзіне әйгілі курорттар бар. Жерорта теңізінің жағалауында Испания, Франция, Италия, Монако, Мальта, Хорватия, Босния және Герцоговина, Югославия, Албания, Грекия, Түркия, Кипр, Сирия, Ливан, Араб елдерінің аумағы, Израиль, Египет, Ливия, Тунис, Алжир, Марокко елдері орналасқан.

Измир

Измир (түр. Izmir екінші атауы Смирина, гр. Σμύρνη) — Түркияның батысында, Измир шығанағының жағалауындағы қала. Измир кішкентай таулы төбешіктермен қоршалған. Халық саны (2005 жылы, 3,5 миллион адам) бойынша Түркиядағы үшінші орында тұрған және Ыстамбұлдан кейінгі екінші үлкен портты қала. Измир елінің әкімшілік орталығы, Жерорта теңізінің су алабындағы ең көне қала, Түркия Республикасының маңызды өнеркәсіп және мәдени орталығы. Измир (Смирина) – Гомердің отаны болып атануға үміткер қалалардың қатарында.

Кипр

Кипр (гр. Κύπρος, түр. Kіbrіs), Кипр Республикасы (гр. Κυπριακή Δημοκρατία, түр. Kіbrіs Cumhurіetі) — Батыс Азияда, Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде өзі аттас аралда құрылған мемлекет. 1974 жылдан бері 2 бөлікке бөлінген. Жалпы жер көлемі – 9251 км². Халқы – 754 мың (1999). Оның 180 мыңнан астамы Солтүстік Кипр Түрік Республикасында тұрады. Жалпы арал тұрғындарының 78%-ы – гректер, 18%-ы – түріктер, қалғандары басқа халықтар. Ресми тілдері: грек және түрік тілдері. Халқы ислам дінін және христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Астанасы – Лефкоша қаласы 1960 ж. қабылданған конституциясы бойынша, Кипр екі этникалық мемлекет құрылымнан тұруға тиісті болды. Ел президентін аралдың грек тұрғындары, ал вице-президентін түріктер өздері сайлауға міндеттенді. Президент пен вице-президент өздеріне тікелей бағынатын Министрлер Кеңесін құруға құқылы болды. Заң шығарушы органда да екі этникалық топқа жеке-жеке бөлек орындар берілді. Бірақ, екі этникалық топтар арасындағы қақтығыстардың нәтижесінде, түріктер 1963 жылдың желтоқсан айынан сайлауға қатыспай, 1989 ж. 15 қарашада дербес Солтүстік Қыбыр түрік республикасын құрды.

Кіші Азия

Кіші Азия (түр. Anadolu — Анадолы) — Азияның батыс бөлігіндегі түбек, қазіргі Түркия аумағының ортаңғы бөлігі. Анатолия деп көбінесе Түркияның азиялық иеліктерін атайды (еуропалық иеліктері — Румелия).

Грек тілінде Анатолия атауы (көне грекше: ἀνατολή) күн шығыс, шығыс мағыналарын білдіреді.

Ресми тіл

Ресми тіл

— заң, сот, оқу, т.б. ресми кеңсе қызметінде мемлекеттік тілмен қатар қолданылатын негізгі тілдердің бірі. Әдетте, көп ұлтты елдердің конституцияларында кейбір тілге ресми мәртебе берілгені белгіленіп отырады.

Мысалы, Испания конституциясында (1978) кастиль наречиесі Ресми тіл ретінде қабылданған, сонымен қатар испан тілінің басқа да наречиелері автон. аймақтарда Ресми тіл деп жарияланған. Кей елдерде (Азия, Африка) жергілікті ұлт тілімен қатар бұрынғы метрополия тілдері де (ағылшын, француз, т.б.) ресми тіл болып қабылданған (Үндістан). Еуропа елдері, АҚШ, Жапония, Түркия, Ресей секілді мемлекеттерде Ресми тіл мен мемл. тіл ұғымдары бір-біріне сәйкес келіп, ауысып қолданыла береді. Кей елдерде бұл ұғымдарға жеке түсініктер беріліп, дараланған, мұндай жағдайда Ресми тілдің мемл. тілден айырмашылығы:мемлекеттік тіл конституция бойынша мемлекеттің қамқорлығында болады;

мемлекеттік тілді меңгеру мектепке дейінгі оқу-тәрбие мекемелерінде, орта, арнайы және жоғары білім беретін оқу орындарында міндетті деп саналады;

мемлекеттік тіл — сол елдің мемлекет, қоғамдық, саяси, экономика, әлеум. аяларында кеңінен қолданылатын басты тіл. Ресми тілдің қолданылу аясы мемл. тілге қарағанда тар, функционалды рөлі ерекше көрсетілмейді. Сондай-ақ Ресми тіл кейбір ұлт-ұлыстардың бір аймақта шоғырланып өмір сүруіне байланысты белгіленуі мүмкін.

Сенегал Ұлттық футбол құрамасы

Сенегал Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол турнирлерінде Сенегалдың намысын қорғайтын ұлттық құрама. ФИФА және КАФ мүшесі. 2002 жылғы Африканың күміс жүлдегері. 2002 жылы әлем чемпионатының 1/4 финалына дейін жетіп, Түркия құрамасынан қосымша уақытта ұтылып қалды. Басқарушы орган - Сенегал футол федерациясы.

Түркия Ұлттық футбол құрамасы

Түркия Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Түркияның атынан сынға түсетін ұлттық құрама. Әлем чемпионатына 2 рет, Еуропа чемпионатына 3 рет қатысқан. Жоғары нәтижелері: ӘЧ — жартылай финал (2002), ЕУРО — жартылай финал (2008). 2003 жылы Конфедерациялар кубогына қатысып, үшінші орынға ие болған.

Түрік тілі

Түрік тілі — дүние жүзі бойынша 80-85 миллион адам сөйлейтін тіл, түркі тілдерінің ішіндегі ең көп тарағаны. Түрік тілінде сөйлеушілер негізінен Түркияда шоғырланған, Кипр, Болгария және Шығыс Еуропаның басқа да аймақтарында да тұрады. Батыс Еуропадағы, әсіресе Германиядағы бірнеше миллион иммигрант қауымы да түрікше сөйлейді.

Түрік тілі Орталық Азияда пайда болған, оның алғашқы жазба ескерткіштері шамамен 7-8 ғасырларда жазылған. Батыста бүгінгі түрік тілінің ізашары —Османлы түрікшесі Османлы империясының кеңеюімен бірге тарап отырды. 1928 жылы Ататүрік реформаларының кезінде Османлы әліпбиі латын әліпбиінің фонетикалық вариантымен алмастырылды. Сонымен бірге, жаңадан құрылған Түрік тілі қоғамы тілдегі араб және парсы тілдерінен енген сөздерді түріктің төл сөздерімен немесе түркі түбірлерінен құралған жаңа сөздермен алмастыру науқанын бастады.

Түрік тілінің басты ерекшеліктері — үндестік заңы және агглютинация. Түрік тіліндегі негізгі сөз тәртібі: SOV (яғни, бастауыш — толықтауыш — баяндауыш). Түрік тілінде екінші жақ есімдіктерінің анайы және сыпайы түрлері қолданылады (яғни сен-сіз бойынша айырмашылық). Түрік тілінде грамматикалық тектер жоқ.

Ыстанбұл

Ыстанбұл (тур. İstanbul — [isˈtanbuɫ]), — ертеде Визáнтий, кейіннен Константинóполь — Түркияның аса ірі қаласы, негізгі сауда, өнеркәсіп және мәдениет орталығы, елдің басты портты қаласы. Бір-бірімен көпірлер және туннельдер арқылы байланысып тұрған, оны еуропалық (негізгі) және азиялық бөліктерге бөлетін Босфор бұғазының жағалауларында орналасқан. Халық саны бойынша, Еуропадағы алғашқы миллионер-қала. Рим, Византия, Латын және Осман империяларының бұрынғы астанасы.

Қазақша Уикипедия

Қазақша Уикипедия — Уикипедияның қазақ тіліндегі бөлімі. Ол 2002-жылдың 3-маусымынан бастап жұмыс жасап келеді.

Бұл Уикипедияның ерекшелігі — 3 түрлі әліпбимен жазылады: кириллица (Қазақстан, Ресей, Моңғолия), төте жазу (Қытай, Иран) және латын жазуы (Түркия). Бірнеше әліпби бойынша жазылатын Уикипедиялар қазақша Уикипедия тәжірибесіне жүгінуде.

Қазақша Уикипедияда қазіргі уақытта 18 әкімші бар.

Қара теңіз

Қара теңізі (орыс. Чёрное море, түр. Kara deniz, грек. Роntos Euxenos) — мейірбан теңіз, Атлант мұхиты алабына жататын теңіз. Кіші Азия мен Еуропа аралығында жатыр. Жағалауында Түркия, Болгария, Румыния, Украина, Ресей, Грузия елдері орналасқан. Батысында Босфор бұғазы арқылы Мәрмәр теңізі мен, одан әрі Дарданелл бұғазы арқылы Эгей және Жерорта т-дерімен, солт-нде Керч бұғазы арқылы Азов теңізі мен жалғасады. Ауданы 420,3 мың км². Ұзындығы 1148 км, ені 615 км, ең терең жері 2211 м. Жағасының ұзындығы 4074 км және аз тілімделген. Батысы мен солт. батысында жағасы жайпақ, кей жерінде жыралы. Шығысы мен солт. бөлігіндегі Қырым түбегінің жағасыны таулы болып келеді. Ірі шығанақтары: Каркинит, Каламат, Днепр-Буг, Днестр. Аралдары (ірілері — Березань, Змеиный) аз. Теңізге Дунай, Днепр, Оңт. Буг, Рионн, Чорох, т.б. өзендер құяды. Қ. т. палеогеннің аяғынан неоген мен антропогенге дейінгі аралықта қалыптасты. Қалыптасуының алғашқы сатысында Каспий теңізімен біртұтас су айдыны болып, төмен плиоценнің аяғында Кауказ жотасының көтерілуінен екіге бөлінген. Қара теңіз құрлық ортасында жатқандықтан климаты континенттік. Ауаның қаңтардағы орташа температурасы: солтүстік-батысында -2.6- 3˚С, оңтүстігінде 6-9˚С, батысында -1.4˚С және солтүстігінде -25 -30˚С-қа жетеді. Жауын-шашынның орташа мөлш. 300 — 2500 мм. Тұзд. ашық бөлі-гінде 17,5 — 18,5%о, өзен-дер сағасы маңында 9 — 2%о, дейін азаяды. Суының шалқып-шегінуінен деңгейінің ауытқуы солт.-батысында 2 м-ге жетеді, Қырым жаға-сында 40 — 60 см. Өсімдік пен жануарлар дүниесі жылы әрі құрамында оттек мол судың беткі қабатында шоғырланған. Теңіз түбіндегі өсімдіктердің құрамында балдырлардың 258 түрі, 125 м тереңдіктегі қабатта фитопланктонның 284 түрі бар. Қара теңізде жануарлардың 1500-дей түрі тіршілік етеді, соның ішінде балықтың 180 түрі (қортпа, бекіре, шоқыр, хомса, тюлька, кефаль, камбала, устрица, скумбрия, т.б.), акула бар. Қ. т. жағалауындағы елдерді бір-біріме байланыстарын үлкен су жолының бірі.

Әзірбайжан тілі

Әзірбайжан тілі (әз. Azərbaycan dili) (кейде әзери тілі, әзірбайжан түрікшесі деп те аталады) — оңтүстік-шығыс Азияда, яғни ең алдымен Әзірбайжан мемлекетінде және Иранның солтүстік-шығысында тараған түркі тілдеріне, соның ішінде оғыз тармағына жататын тіл. Түрік тіліне өте жақын тіл.

Әзірбайжан тілі ортағасырлық оғыз түркі тайпаларының батысқа қарай көшуінің нәтижесінде пайда болып, араб және парсы тілдерінің зор ықпалына ұшыраған.

Ол біртіндеп сол аймақтың байырғы тілдерін ығыстырып шығарып, Сафауид династиясы орнағанға дейін сонда үстем тілге айналды.

Тілдің тарихи дамуын екі кезеңге бөлуге болады: ерте (16-18-ші ғасырлар) және жаңа (18 ғасырдан қазірге дейін). Ерте кезеңдегі әзірбайжан тілінде парсы-араб тілдерінен енген сөздер, сөз тіркестері және синтактикалық құрылымдар көбірек болған. Сонымен бірге ерте кезеңнің тілінде оғыз ықпалының басым болуымен қатар қыпшақ элементтерінің ықпалын да байқауға болады. 18 ғасырдан бастап әзірбайжан тілі баспасөз және ғылым тіліне айнала бастады, сол себепті ол бір стандартқа келтіріліп, тілдегі көптеген парсы және осман элементтері қолданыстан шыға бастады.

Өзбектер

Үлгі:Infobox Ethnic group

Өзбектер (өз. O’zbek, O’zbeklar) — Өзбекстан елінің негізгі халқы. Жалпы саны 30 млн-дай адам [дереккөзі келтірілмеген] (2012). ТМД шеңберінде, соның ішінде Тәжікстанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Түрікменстанда көп тұрады. Солтүстік Ауғанстанда, ҚХР-да, т.б. алыс шет елдерде де өмір сүреді.

 
Түркия

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.