Тунис

Тунис (араб.: تونس‎), ресми атауы — Тунис Республикасы (араб.: الجمهورية التونسية‎, әл-Джумхуриййа ат-Тунисиййа) — солтүстік Африкадағы, Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан мемлекет. Аумағы 163,6 мың км². Халқы 9,3 млн. (2003). Астанасы – Тунис қаласы. Әкімшілік-аумақтық жағынан 20 уәлаятқа бөлінеді. Халқының 98%-ын арабтар мен берберлер, қалған бөлігін еуропалықтар (негізінен француздар мен италиялықтар) құрайды. Ресми тілі – араб тілі. Дінге сенушілердің 98%-ы – суннит бағытындағы мұсылмандар. Мемлекеттік басқару формасы – республика. Мемлекет басшысы – президент, ол бір мезгілде Мемлекеттік Кеңестің басшысы болып табылады. Заң шығарушы органы бір палаталы парламент – Депутаттар палатасы. Ақша бірлігі – тунис динары. Ұлттық мейрамы – ұлт күні – 20 наурыз (1956). Біріккен Ұлттар Ұйымының (1956), Африка Бірлігі Ұйымының (АБҰ) (1957) мүшесі.

Тунис Республикасы
араб.: الجمهورية التونسية
Flag of Tunisia Coat of arms of Tunisia
Байрақ Елтаңба
Әнұран: «Humat al-Hima»
Location Tunisia AU Africa
Тарихы
Тәуелсіздік күні 20 наурыз 1956 жыл (Франциядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі араб тілі
Елорда Тунис
Ірі қалалары Тунис, Сус, Сфакс
Үкімет түрі Президенттік республика
Президенті
Премьер-министрі
Ұлттық халықтарассамблеясы төрағасы
Беджи Каид Эс-Себси
Юсеф Шахед
Мохаммед Эн-Насер
Мемлекеттік діні Ислам Әһл әс-Сунна бағыты
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 91-ші орын
163 610 км²
5,0
Жұрты
• Сарап (2017)
Тығыздығы

11 434 994[1] адам (79-шы)
63 адам/км² (133-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

144,222 млрд.[2] $
12,369[2] $
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

41,662 млрд.[2] $
3,573[2] $
АДИ (2017) 0,735[3] (жоғары) (95-ші)
Валютасы Тунис динары
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .tn
ISO коды TN
ХОК коды TUN
Телефон коды +216
Уақыт белдеулері UTC+1, Central European Time және UTC+2

Табиғаты

Аумағының 1/3 бөлігіне жуығын Атлас таулары (ең биік жері – 1544 м) мен тауаралық үстірт (Солтүстік және Биік Тель) алып жатыр, қалған бөлігінде қыраттар мен ойпатты жазықтар басым. Фосфорит, мұнай, темір кентастарының кен орындары бар. Тунистің көп бөлігінің климаты – жерортатеңіздік субтропиктік, оңтүстігінде – тропиктік. Солтүстігінде қаңтар айының орташа температурасы 10°С, шілдеде 26°С болса, оңтүстігінде тиісінше 21 және 33°С. Жауын-шашынның ең көп мөлшері (жылына 1000 – 1500 мм) таулар мен солтүстік Тель үстіртіне, солтүстік пен Оңтүстік бөлігінде 400-ден 600 мм-ге дейін түседі. Елдегі ең ірі Меджер өзені жер суару мен электр қуатын өндіруге пайдаланылады. Тауларда мәңгі жасыл ормандар, маквис тектес бұталар, жазықтарда – сирек шөптесін өсімдіктер өседі. Ашкель, Бу-Хедма, т.б. ұлттық бақтары бар.

Тарихы

Біздің заманымыздан бұрын 12 ғасырда Тунис аумағында финикиялық колониялар пайда болды. Олардың ішіндегі негізгісі – Карфаген. Біздің заманымыздан бұрын 2 ғасырда римдіктер Тунистің солтүстік-батыс бөлігін, кейіннен қалған бөлігін жаулап алды. 5 ғасырдан бастап Тунис вандалдардың, соңынан Византияның билігінде болды. 8 ғасырдан бастап Араб халифатының құрамына енді. 909 – 1160 жылы Тунис Фатимидтер мемлекетінің, 1229 – 1574 жылы Хафсидтер әулетінің билігінде болды. 1574 – 1881 жылы Осман сұлтандығының құрамына кіріп, 1881 – 1956 жылы француз протектораты. 1956 жылдың наурызынан бастап тәуелсіз мемлекет.

Экономикасы

Тунис – Африкадағы салыстырмалы түрде дамыған тау-кен өнеркәсібі бар аграрлы ел. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық мөлшері 1820 АҚШ долларына тең (2003). Тунис экономикасының негізін мұнай, фосфорит өндірісі мен туризм құрайды. Ел аумағының 32%-ы ауыл шаруашылығына қолайлы. Ауыл шаруашылығының негізгі саласы – егіншілік. Бидай, қара бидай, зәйтүн ағашы, құрма, цитрустық жемістер, жүзім өсіріледі. орталығы және Оңтүстік аудандарда мал шаруашылығы басым (қой, ешкі, ірі қара мал). Аздаған мөлшерде ағаш дайындалады. Балық кәсіпшілігі (жылына 84 т), электр өндірісі, өңдеуші өнеркәсіп дамыған. Қолөнер өндірісі (кілемдер, қышқұмыра бұйымдары) бар. Негізгі порттары: Тунис, Сфакс, Бизерта, Габес, Сехира. Экспортқа тоқыма, тері, фосфорит, эәйтүн майын, шарап, ерте пісетін көкөніс, мұнай мен мұнай өнімдерін шығарады. Машиналар мен құрал-жабдықтар, азық-түлік пен тұтыну тауарларын әкеледі. Негізгі сауда серіктестері: Франция, Италия, Германия, АҚШ, Бельгия, Ливия, Жапония.[4]

Дереккөздер

  1. National Institute of Statistics-Tunisia. National Institute of Statistics-Tunisia (2019). Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 қыркүйек 2015.
  2. a b c d Tunisia. International Monetary Fund.
  3. 2018 Human Development Report. United Nations Development Programme (2018). Тексерілді, 14 қыркүйек 2018.
  4. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Айюб әулеті

Айюб әулеті — Таяу Шығыстағы билеушілер әулеті. Мысырда Фатима әулеті биліктен кеткеннен кейін Айюб ибн Шадидің баласы Салах ад-Дин негізін салған (1170).

Айюб әулетінің ұрпақтары Мысырды (1171 — 1250), Дамаскіні (1186 — 1260), Халебті (1186 — 1260), Хамды (1178 — 1341), Хомсты (1178 — 1262), Месопотамияны (1200 — 45), Оңтүстік Арабстанды (1173 — 1223) биледі. Салах ад-Дин өлген соң іштей бақталастық, мамлүктердің ереуілдері, ішкі экономика байланыстың әлсіздігі салдарынан мемлекет ахуалы бірте-бірте құлдырап, Айюб әулетінің билігі жойылды.

Алжир

Басқа мағыналар үшін Алжир (айрық) деген бетті қараңыз.

Алжир (араб.: الجزائر‎ әл-Джазаир), толық атауы Алжир Халық Демократиялық Республикасы (араб.: الجمهورية الجزائرية الديمقراطية الشعبية‎ әл-Джумхурия әл-Джазаирия ад-Димукратия аш-Шаабия) — Солтүстік Африкадағы мемлекет. Жерорта теңізінің батысында орналасқан. Батысында Мароккомен, Батыс Сахарамен, оңтүстігінде Нигериямен, шығысында Ливия және Туниспен шектеседі. Жері 2,42 млн. км². Халқы 34 млн. адам (2018). Негізгі халқы — алжирліктер — 14,8 млн адам (барлық халықтың 98,4%-і). Халықтың 99%-ін мұсылман сунниттер құрайды. Мемлекеттік тілі — араб тілі. Ірі қалалары мен порттары: Алжир, Оран, Константина, Аннаба, Беджана. Астанасы — Алжир қаласы 15 әкімшілік уәлаятқа бөлінеді.

Африка Футбол Конфедерациясы

Африка Футбол Конфедерациясы (КАФ) (фр. Confédération Africaine de Football; ағылш. Confederation of African Football (CAF)) — африкалық континеттегі футболды басқаратын қауымдастық. 53 қатысушы-мемлекетке арнап Африка ұлттарының кубогы, Конфедерация кубогы және КАФ чемпиондар лигасы сияқты турнирлер ұйымдастырушысы болып табылады. әлем чемпионатына іріктеу жарыстарының өткізілуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, УЕФА-мен бірге Меридиан кубогы деген жастар турнирін өткізеді.

1957 жылы негізі қаланды, әлем чемпионатына кепілдік үлестемесін алғаш рет 1970 жылы алды. Штаб-пәтері Мысырдағы 6 Октябрь атындағы қалада орналасқан.

«Африкалық жыл футболшысы» жылма-жылдық сыйлығымен марапаттап отырады.

Африка Ұлттары Кубогы

Африкалық ұлттар кубогы (Африка кубогы) (фр. Coupe d'Afrique des nations, CAN, ағылш. Africa Cup of Nations — Африкадағы басты ұлттық футбол жарысы,(КАФ)тың бақылауында өткізіледі. Алғашқы турнир 1957 жылы болды,яғни КАФ-тың құрылғанына қанша болса бұл турнирге де осынша болды.

Турнир жеңімпазы Конфедерациялар кубогына жолдама алады.

Бенин

Бенин (фр. Bénin), толық ресми түрі Бенин Республикасы (фр. République du Bénin, 1975 жылға дейін Дагомея) — Батыс Африкадағы мемлекет. Солтүстікте Буркина-Фасо және Нигермен шекаралас, шығыста — Нигериямен, батыста — Тогомен. Астанасы — Порто-Ново, бірақ басшылық Котонуда орналасқан, Бениндегі ең ірі қала.

Габон

Габон (фр. Gabon [ɡaˈbõ]), толық ресми атауы — Габон Республикасы (фр. République gabonaise) — Орталық Африкадағы ел болып, Франция елінің бұрынғы отары. Африка континентіндегі ең бай және тұрақты мемлекет болып ессептеледі. Елордасы— Либревиль қаласы.

Гана

Гана (ағылш. Ghana) немесе Гана Республикасы (ағылш. Republic of Ghana) — Батыс Африкадағы мемлекет. Ұлттар достастығығы мүшесі. Батысында Кот-д’Ивуармен, солтүстік-бытысы мен солтүстігінде — Буркина-Фасо, ал шығыстан — Тогомен шектеседі. Оңтүстігін Гвинея шығанағы шайып тұр.

Джибути

Джибути (араб.: جيبوتي‎), ресми атауы Джибути Республикасы (Үлгі:Lang-ar2) — Африканың солтүстік-шығысында, Африка мүйізінде орналасқан мемлекет. Эфиопиямен, Сомалимен және Эритреямен шектеседі.

Жерорта теңізі

Жерорта теңізі — Атлант мұхитының Еуразия мен Африка құрлықтары арасындағы теңізі. Гибралтар бұғазы арқылы Атлант мұхитымен, Босфор бұғазы арқылы Қара теңізбен, Суэц каналы арқылы Қызыл теңізбен жалғасады. Ауданы 2505 мың км², орташа тереңдігі 1498 м, ең терең жері 5121 м. Жерорта теңізінің еуразиялық жағалауы қатты тілімденген. Онда түбектер және аралдармен бөлінген шағын Альборан, Балеар, Лигурий, Тиррен, Адрия, Ион, Эгей және Кипр теңіздері орналасқан.

Теңіз алабына Қара, Азов, Мәрмәр теңіздері де кіреді. Ірі шығанақтары: Валенсия, Лион, Генуя, Таранто, Сидра (Үлкен Сирт), Габес (Кіші Сирт). Ірі аралдары: Балеар, Корсика, Сардиния, Сицилия, Крит және Кипр. Теңізге ірі Ніл, По, Рона, Эбро өзендері құяды. Жас альпілік геосинклинальдік аймақта орналасуына байланысты, түпкі бедері күрделі. Ең ірі қазаншұңқырлары: Алжир-Прованс, Орталық қазаншұңқыр және Геллен шұңғымасы. Тиррен теңізінің қазаншұңқырының төңірегінде сөнген және әрекетті жанартаулар бар.

Бүкіл Жерорта теңізі аймағына субтропиктік климаттың “жерортатеңіздік” деп аталатын ерекше типі тән: қысы ылғалды әрі жылы, жазы құрғақ және ыстық. Судың беткі қабатының температурасы ақпанда теңіздің солтүстігінде 12° С-тан оңтүстікте 18° С-қа дейін, тамызда батысында 20 — 25° С-тан оңтүстік-шығысында 28 — 30° С-қа дейін көтеріледі. Су көп буланады, сондықтан тұздылығы жоғары. Батысында 36ү-ден, шығысында 39,5ү-ге дейін құбылады. Толысу толқынының биікт. 0,1 — 0,5 м, Тунистің шығысында 1,7 м-ге жетеді. Негізгі ағыс Гибралтардан Ливанның жағасына дейін Африканы бойлап өтеді. Оқшау теңіздерде су циклондық айналым жасайды. Теңізде балықтың 550-дей түрі бар. Сардина, тунец, макрель, скумбрия, т.б. ауланады. Жерорта теңізінің Адрия және Эгей теңіздерінің қайраңдарында мұнай, газ өндіріледі.

Теңіз арқылы аса маңызды халықаралық теңіз жолдары өтеді. Басты порттары: Барселона (Испания), Марсель (Франция), Генуя, Неаполь, Венеция, Триест (Италия), Риеака (Югославия), Пирей және Салоники (Грекия), Бейрут (Ливан), Александрия, Порт-Саид (Египет), Триполи (Ливия), Алжир (Алжир). Түркия жағалауында дүние жүзіне әйгілі курорттар бар. Жерорта теңізінің жағалауында Испания, Франция, Италия, Монако, Мальта, Хорватия, Босния және Герцоговина, Югославия, Албания, Грекия, Түркия, Кипр, Сирия, Ливан, Араб елдерінің аумағы, Израиль, Египет, Ливия, Тунис, Алжир, Марокко елдері орналасқан.

Ливия

Ливия (араб.: ليبيا‎), ресми атауы Ливия мемлекеті (араб.: دولة ليبيا‎) — Солтүстік Африкадағы мемлекет. Жер аумағы 1,76 млн. км². Халқы 5,4 млн. адам. Негiзгi халқы – арабтар мен берберлер (97%), сонымен қатар гректер, түрiктер, италиялықтар, үндiлер, т.б. да мекендейдi. Астанасы – Триполи қаласы. Дiнi – исламның сүннит бағыты. Мемлекеттік тiлi – араб тiлi. Iрi қалалары мен порттары: Тобрук, Триполи, Бенгази, Марса аль-Бурейка. Конституциясы бойынша жоғары атқарушы орган қызметiн Жоғарғы Халықтық комитет атқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы – жалпыға бiрдей Халықтық Конгресс. Ұлттық мейрамы – 1 қыркүйек (1969) – Төңкерiс күнi. 1955 жылдан БҰҰ-ға мүше. Ақша бiрлiгi – ливиялық динар.

Ливияның жер бедерi, негiзiнен, үстiрттi келген құмды тасты жазық. Шығысында Ливия шөлi жатыр. Климаты тропиктiк. Солтүстігіне субтропиктiк климат тән. Жерорта теңізі жағалауының жазы ыстық, қысы жұмсақ. Қаңтардың орташа температурасы 11 – 18°С, шiлдеде 27 – 35°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм. Кейбiр аудандарында бiрнеше жыл қатарынан жаңбыр жаумайды.

Біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 7-ғасырларда қазiргi Ливияның батысында финикиялық қала-мемлекеттер, ал шығысында грек колониялары пайда болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 5-ғасырда Ливияны Карфаген, кейiннен римдiктер жаулап алды. 533 ж. Византия империясының құрамына ендi. 643 ж. Араб халифатына қосылды. Ливия 16 – 19-ғасырларда Осман империясының құрамында болды. 1911 – 12 ж. Италия-түрiк соғысының нәтижесiнде Ливия Италия билiгiне өттi. 1934 ж. Ливия ресми түрде Италияның отары болып жарияланды. 2-дүниежүзілік соғыс кезiнде Ливиядағы немiс, италия әскерлерiнің жеңiлiсiнен кейiн (1943) елдi француз, ағылшын әскерлерi басып алды. 1949 ж. қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Ливияға тәуелсiздiк беру туралы шешiм қабылдады. 1950 ж. Ұлттық Құрылтай жиналысы Ливия Конституциясын бекiттi. 1951 ж. 24 желтоқсанда Ливия Бiрiккен Тәуелсiз Корольдiгi жарияланды. 1969 ж. 1-қыркүйекте Ливияда Муаммар Каддафи бастаған әскери төңкерiс болды. Төңкерiсшiлер елдi Ливия Араб Республикасы деп жариялады. 1977 жылдың 3 наурызынан бастап мемлекет Ливия Араб Социалистiк Халықтық Жамаһириясы болып аталады. Қазақстан мен Ливия арасында 1992 ж. дипломатиялық қатынас орнады. Ливия экономикасының негiзiн мұнай өнеркәсiбi құрайды. Мұнай өндiрудің көлемi жөнiнен Ливия Африкада 6-орынды иеленедi. Ауыл шаруашылығы төменгi дәрежеде дамыған. Дәндi дақылдар, құрма ағаштары өсiрiледi. Мұнай және мұнай өнiмдерiн экспорттап, азық-түлiк пен өнеркәсiп тауарларын шеттен әкеледі.

Мавритания

Мавритания (араб.: موريتانيا‎ – «әл-Муритания» ), толық атауы Мавритания Ислам Республикасы (араб.: الجمهورية الإسلامية الموريتانية‎ – «әл-Джумхурия әл-Исламия әл-Муритания») — Батыс Африкадағы мемлекет. Жер аумағы 1,03 млн км². Халқы - 3 359 185 адам (2012 ж.). Негізгі тұрғындары маврлар (80%), оған қоса волоф, тукепер, зенага сонинк, т.б. халықтар тұрады. Астанасы — Нуакшот қаласы. Ресми тілі — араб тілі. Діни сенімдері бойынша ислам сүнниттері. Конституциясы бойынша елді президент басқарады (1997 жылдан Мауйя Ульд Сид Ахмед Тайя). Заң шығарушы органы — екі палаталы парламент — Сенат пен ұлттық жиналыс. Ұлттық мерекесі — 28 қараша — Тәуелсіздік күні (1960). Ақша өлшемі — угия.

Әкімш. жағынан 12 ауданға бөлінеді. 1961 жылдан БҰҰ-на, 1963 жылдан Африка Бірлігі ұйымына (АБө) мүше.

Марокко

Марокко (араб.: المغرب‎‎‎ — әл-Мағриб — «батыс», Мағриб әл-Акса — «алыс батыс», Мағриб деп аталады) — Мағриб патшалығы, әл-Мәмләкә әл-Мағрибия Солтүстік-Батыс Африкадағы мемлекет. Толық ресми атауы — Мағриб Патшалығы (араб.: المملكة المغربية‎‎‎ — әл-Мәмләкә әл-Мағрибия). Араб тілінен аударғанда Мағриб - батыс, яғни, "Батыс Патшалығы" (бұл Арабтардың батыстағы мемлекеті) деген мағына береді.

Жер аумағы 446,5 мың км². Халқы 30,1 млн. (2000). Ресми тілі — араб тілі, сонымен қатар француз тілі кеңінен қолданылады. Халқы негізінен ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады. Астанасы — Рабат қаласы. Әкімшілік жағынан 35 провинцияға және 8 префектураға бөлінген. Мағриб — конституциялы монархиялы ел. Мемлекет және үкімет басшысы — патша. Жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы парламент (Өкілдер палатасы және өлттық жиналыс). Ақша бірлігі — дирхем.

Руанда

Руанда Республикасы — Шығыс Африкада орналасқан мемлекет.

Сахара

Сахара (араб.: صحراء‎‎‎) — жер бетіндегі ең үлкен шөл. Ауданы 9 065 000 км². Сахара Солтүстік Африкада 10 мемлекеттің территориясында орналасқан: Мысыр, Ливия, Тунис, Алжир, Марокко, Батыс Сахара, Мавритания, Мали, Нигер, Чад, Судан.

Солтүстік Африка

Солтүстік Африка (араб.: شمال أفريقيا‎) БҰҰ макроаймақтық бөлінісі бойынша Африканың аймағы болып табылады. Аумағы - шамамен 10 млн км². Бұл аймақта Африканың ең ірі мемлекеттері орналасқан:

Алжир

Мысыр

Батыс Сахара

Ливия

Мавритания

Марокко

Судан

Тунис

Оңтүстік СуданБірнеше мемлекеттің ғана аумағы 1 млн км²-ден кем, ал Африканың осы бөлігінде орналасқан ең ірі елдер — Алжир, Судан және Ливия — 1,5 млн км²-ден едәуір асады.

Сонымен қатар, кейде Канар аралдарын, Эритреяны, Эфиопияны және Мадейраны Солтүстік Африкаға жатқызады.

Сьерра-Леоне

Сьерра-Леоне Республикасы — Батыс Африкадағы мемлекет.

Тунис Ұлттық футбол құрамасы

Тунис Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол жарыстарында Тунис мемлекетінің намысын қорғайтын Ұлттық құрама. Басқарушы орган - Тунис Футбол Федерациясы. ФИФА және КАФ мүшесі. Әлем чемпионатына қатысқан жылдары: 1978, 1998, 2002, 2006, 2018.

2004 жылғы Африка чемпионы.

 
Тунис

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.