Теңіз

Disambig gray.svg Басқа мағыналар үшін Теңіз (айрық) деген бетті қараңыз.

Caspian Sea from orbit
Каспий теңізі

Теңізмұхиттың құрлыққа сұғына кіріп орналасқан немесе оның өзге бөліктерінен құрлық жағалаулары, түбектер немесе аралдармен бөлектеніп жатқан кішігірім бөлігі. Теңіз деп кейбір ірі көлдерді де атайды (мысалы, Арал, Каспий, Өлі теңіздер). Мұхитпен байланысына және гидрологиялық жүргісінің ерекшеліктеріне қарай — теңіз ішкі, шеткі, араларалық, ал географиялық орнына қарай — материкаралық және материкішілік болып бөлінеді.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
Ақ теңізі

Ақ теңізі (орыс. Белое море) — Солтүстік Мұзды мұхиттың құрлыққа сұғына еніп жатқан ішкі теңізі. Ауданы 90 мың км2, орташа тереңдігі 67 м, ең терең жері 350 м (Кандалакша қолтығында). Жағасы шығанақтармен қатты тілімделген. Олардың ірілері: Мезень, Солтүстік Двина, Кандалакша. Аралдары көп, олардың бастылары: Соловец, Моржовец, Мудьюг. Теңізге Солтүстік Двина, Онега т.б. көптеген ұсақ өзендер көп мөлшерде тұщы су құяды. Сондықтан теңіздің беткі қабатының тұздылығы 25-26ү. Судың беткі қабатының температурасы 60-тан 14—150С-қа жетеді. Қыс айларында мұз құрсап жатады. Толқынының биіктігі ашық теңізде 1,1—3,5 м, Мезень қолтығында 10 м. Балықтардан майшабақ, семга, нәлім, теңіз аңдарынан итбалық ауланады. Порттары: Архангельск, Онега, Беломорск, Кандалакша. Ақ теңіз Балтық каналы арқылы Балтық теңізімен, Еділ—Балтық су жолы арқылы Азов, Каспий және Қара теңізбен жалғасады.

Ақмола облысы

Ақмола облысы — Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1939 жылы құрылған. 1961 – 92 жылдары Целиноград облысы болып аталды.

Жер аумағы 146,2 мың км². Тұрғыны 738 611 адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,05 адамнан келеді (2018). Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. 14 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. 10 қала, 13 кент, 245 ауылдық әкімшілік округ бар. Әкімшілік орталық – Көкшетау қаласы. Ақмола облысы Сарыарқаның солтүстік-батыс бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысындағы дала белдемінде орналасқан. Жерінің басым бөлігі абсолюттік биіктігі 400 м-ден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық. Солтүстігінде Көкшетау қыратының сілемдері (Сандықтау, Домбыралы, т.б. аласа таулар) орналасқан. Облыстың батыс, орталық, шығыс бөліктерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Оңтүстік-батысында Теңіз-Қорғалжын ойысы бар. Облыстың батыс жағында Есіл өзеніне дейін Торғай үстіртінің шығыс шеті еніп жатыр. Есіл өзенінің оң жағалауы Атбасар, сол жағалауы Теңіз жазықтарымен шектеседі. Оңтүстік-шығысында орманды, көркем Ерейментау өңірі орналасқан. Оның негізгі бөлігі жартасты, қырқалар тізбегінен (100 – 500 м) тұрады. Жерінің геологиялық құрылымы каледон және герцин қатпарлығы кезеңінде қалыптасқан. Палеозой дәуірінің соңында континенттік түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған тегістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке мезозой дәуірінде бірте-бірте қыраттарға айналды. Облыс жері негізінен палеозойдың метаморфтанған тақтатастарынан, кварциттерінен, құмтастарынан, альбитофириттерінен, әктастарынан, конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузивті (гранит, диорит, габбро, т.б.) және эффузивті жыныстар кең таралған. Байырғы жыныстарды неоген мен төрттік дәуірлердің сарғылтым шөгінділерінің қалың қабаттары жауып жатыр.

Баренц теңізі

Баренц теңізі (норв. Barentshavet, 1853 жылға дейін Мурман теңізі, Мурман) — Солтүстік Мұзды мұхиттың шеткі теңізі. Голландияның теңіз саяхатшысы В.Баренцтің құрметіне аталған. Еуропаның солтүстік жағалауы мен Шпицберген, Франц-Иосиф жері, Жаңа Жер аралдарымен шектесіп, Ресей мен Норвегия жағалауларын шаяды. Вайгач және Кальгучев аралдары аралығындағы оңтүстік-батыс бөлігі Печора теңізі деп аталады. Бұғаздар арқылы Кар тауларымен, Ақ теңізбен жалғасады.

Теңіз құрылықтық шельфте орналасқан. Аумағы1424 мың км², көпшілік бөлігінің тереңдігі 360 — 400 м, ең терең жері — 600 м. Жағалауы қатты тілімделген, биік жартасты (фьордтар), тек шығысындағы Канин түбегі аз тілімделіп, жайпақ келген. Негізгі шығанақтары: Порсангер-фьорд, Варангер-фьорд, Мотов, Кола, Печора және Чеш. Аралдары аз, ең үлкені — теңіздің оңтүстігіндегі Колгуев аралы. Теңізге Печора және Индига өзендері құяды. Атлант мұхитының жылы ағысы әсерінен теңіздің оңтүстік-батыс бөлігі қатпайды, ақпан айында суының жоғарғы қабатының температурасы 3—5°С. Солтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында мұз әдетте жыл бойы жатады, тек кейбір жылдары ғана теңіз мұздан толығымен арылады. Теңіздің тұздылығы 32—35‰. Баренц теңізінде жарты тәуліктік су толысуы байқалады, Кола түбегі жағасында оның көтерілу биіктігі 6,1 м-ге жетеді.

Баренц теңізі көлік және балық шаруашылығы үшін үлкен маңызға ие. Балықтың 114 тен астам түрі кездеседі. Теңізде балық аулау кәсібі (треска, майшабақ, пикша, сайда, теңіз алабұғасы, камбала) пальтус және кеме қатынасы жақсы дамыған.

Негізгі порттары:

Варде (Норвегия),

Мурманск (Ресей), т.б.Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Петсамо оның жалғыз мұз қатпайтын порты болғандықтан, Баренц теңізіне шығу үшін Финляндияның да құзыры болды. Радиактивті қалдықтарды өңдейтін норвег зауыттарының қызметіне байланысты теңіздің радиактивті лайлануы шешілуі қиын мәселеге айналып отыр. Соңғы уақытта Баренц теңізінің Шпицбергенге қарайғы теңіз шельфі Ресей Федерациясы мен Норвегия арасында аумақтық даулардың нысанына айналып отыр.

Гидрология

Гидрология — су туралы ілім. Гидросфераның қасиетін, динамикасын және жердің географиялық қабығындағы басқа элементтермен өзара байланыстылығын зерттейтін ғылым. Зерттейтін объектілері бойынша ол құрлық гидрологиясы және мұхиттар мен теңіздер (океанология) гидрологиясы болып екіге бөлінеді. Сумен қамтамасыз ету, электр қуатын алу, егін суару, көпірлер салу тағы басқалар. мәселелерді шешу жөнінде гидрологияның маңызы өте зор. Гидрология(гидро... және грек. logos – ілім) – табиғи суларды, оларда өтіп жатқан процестерді, олардың атмосферамен, литосферамен және биосферамен байланысын зерттейтін ғылым. Гидрологияның зерттеу нысандарына мұхиттар, теңіздер, өзендер мен көлдер, бөгендер, батпақтар, мұздықтар, топырақ және жер асты суларының физика-химия қасиеттері жатады. Жалпы Гидрология мұхиттар Гидрологиясына (мұхиттану) және құрлық Гидрологиясына жіктеледі. Құрлық Гидрологиясы зерттеу нысандары бойынша: өзендер Гидрологиясы; көлдер мен бөгендер Гидрологиясы (лимнология); батпақтар Гидрологиясы (гельматология); жер асты суларының Гидрологиясы (гидрогеология); мұздықтар Гидрологиясы (гляциология) болып, ал зерттеу бағыты мен әдіс-тәсілдеріне қарай жалпы Гидрология, гидрография, гидрометрия, инженер Гидрология және Гидрологиялық болжам салаларына жіктеледі. Мұхиттану немесе мұхиттар Гидрологиясы – дүниежүз. мұхитта өтіп жатқан физика, химия, геология және биология процестерді зерттейді. Мұхиттану мұхит физикасына (физ. мұхиттану, теңіз физикасы), мұхит биологиясы мен геологиясына, мұхит гидрографиясына, т.б. бөлінеді. Республика аумағындағы 85 мың өзен мен маусымдық жылғалар, 48 мыңнан астам көлдер, үлкенді-кішілі жүздеген бөгендер мен тоғандар, т.б. су объектілерінің Гидрологиялық жағдайы олардың география орнына, жер бедеріне және климатқа тығыз байланысты қалыптасқан. Қазақстан жерінің жазық бөлігінде жиналған қар жамылғысындағы су ресурстары, қардың еру режимі, қар түсу мен қар еру кездеріндегі метеорология жағдайлар мен топырақтың гидрофизика ахуалы, т.б. факторлар мен деректер әр жыл сайын шығатын гидрология жылнамаларда жарияланып отырады.Гидрология — табиғи суларды және оларда болатын құбылыстар мен процестерді зерттейтін ғылым саласы. Жер туралы ғылымдар санатына жатады. Геофизикамен, географиямен (көбіне физикалық географияның бөлігі деп қарастырылады), сондай-ақ геология және биология ғылымдарымен тығыз байланысты. Гидрология пәніне гидросфера суының барлық түрлері: мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, батпактар, топырақ және жер асты сулары, сондай-ақ атмосфера сулары жатады. Зерттейтін нысандары бойынша Гидрология құрлық гидрологиясы және мұхитзерттеу болып бөлінеді. Гидрология XVII ғасырда қалыптаса бастады.

Жерорта теңізі

Жерорта теңізі — Атлант мұхитының Еуразия мен Африка құрлықтары арасындағы теңізі. Гибралтар бұғазы арқылы Атлант мұхитымен, Босфор бұғазы арқылы Қара теңізбен, Суэц каналы арқылы Қызыл теңізбен жалғасады. Ауданы 2505 мың км², орташа тереңдігі 1498 м, ең терең жері 5121 м. Жерорта теңізінің еуразиялық жағалауы қатты тілімденген. Онда түбектер және аралдармен бөлінген шағын Альборан, Балеар, Лигурий, Тиррен, Адрия, Ион, Эгей және Кипр теңіздері орналасқан.

Теңіз алабына Қара, Азов, Мәрмәр теңіздері де кіреді. Ірі шығанақтары: Валенсия, Лион, Генуя, Таранто, Сидра (Үлкен Сирт), Габес (Кіші Сирт). Ірі аралдары: Балеар, Корсика, Сардиния, Сицилия, Крит және Кипр. Теңізге ірі Ніл, По, Рона, Эбро өзендері құяды. Жас альпілік геосинклинальдік аймақта орналасуына байланысты, түпкі бедері күрделі. Ең ірі қазаншұңқырлары: Алжир-Прованс, Орталық қазаншұңқыр және Геллен шұңғымасы. Тиррен теңізінің қазаншұңқырының төңірегінде сөнген және әрекетті жанартаулар бар.

Бүкіл Жерорта теңізі аймағына субтропиктік климаттың “жерортатеңіздік” деп аталатын ерекше типі тән: қысы ылғалды әрі жылы, жазы құрғақ және ыстық. Судың беткі қабатының температурасы ақпанда теңіздің солтүстігінде 12° С-тан оңтүстікте 18° С-қа дейін, тамызда батысында 20 — 25° С-тан оңтүстік-шығысында 28 — 30° С-қа дейін көтеріледі. Су көп буланады, сондықтан тұздылығы жоғары. Батысында 36ү-ден, шығысында 39,5ү-ге дейін құбылады. Толысу толқынының биікт. 0,1 — 0,5 м, Тунистің шығысында 1,7 м-ге жетеді. Негізгі ағыс Гибралтардан Ливанның жағасына дейін Африканы бойлап өтеді. Оқшау теңіздерде су циклондық айналым жасайды. Теңізде балықтың 550-дей түрі бар. Сардина, тунец, макрель, скумбрия, т.б. ауланады. Жерорта теңізінің Адрия және Эгей теңіздерінің қайраңдарында мұнай, газ өндіріледі.

Теңіз арқылы аса маңызды халықаралық теңіз жолдары өтеді. Басты порттары: Барселона (Испания), Марсель (Франция), Генуя, Неаполь, Венеция, Триест (Италия), Риеака (Югославия), Пирей және Салоники (Грекия), Бейрут (Ливан), Александрия, Порт-Саид (Египет), Триполи (Ливия), Алжир (Алжир). Түркия жағалауында дүние жүзіне әйгілі курорттар бар. Жерорта теңізінің жағалауында Испания, Франция, Италия, Монако, Мальта, Хорватия, Босния және Герцоговина, Югославия, Албания, Грекия, Түркия, Кипр, Сирия, Ливан, Араб елдерінің аумағы, Израиль, Египет, Ливия, Тунис, Алжир, Марокко елдері орналасқан.

Кавказ

Кавказ (Қап тау) — батыста Қара теңіз бен Азов теңізінен, шығыста Каспий теңізіне дейін созылып жатқан таулы өлке. Солтүстігінде Кума-Маныч ойпатымен шектеледі. Оңтүстігінде шекара айқын емес – Алдыңғы Азия таулы қыраттарына ұласып жатады. Ресей, Грузия, Әзірбайжан және Армения мемлекеттері жерінде орналасқан. Негізгі бөлігі – Үлкен Кавказ тау жүйесі (Эльбрус тауы, 5642 м). Оның Солтүстік етегінен Кума-Маныч ойпаңына дейінгі жер Кавказ алды деп аталады. Оңтүстік Колхида ойпаты мен Кура ойпаты Үлкен Кавказды Кавказ сырты таулы қыратынан бөледі. Таулы қыраттың Солтүстік және Солтүстік-шығыс шеткі тізбектері Кіші Кавказ тау жүйесін құрайды, Оңтүстік ішкі бөлігі Армян (Джавахет-Армян) жанартаулы қыратына жатады (Арагац тауы, 4090 м). Кавказ – альпілік қатпарлану кезеңінде көтерілген тау. Климаты қоңыржай және субтропиктік белдеулердің шекарасындағы орнымен тығыз байланысты. Кавказдың батыс бөлігінде – қоңыржай континенттік, далалық шығысында – құрғақ, континенттік, Колхида мен Ленкорань ойпаттарында – ылғалды субтропиктік, Кура – Аракс ойпатында – құрғақ субтропиктік, биік тау бастарында – биік таулық салқын белдеулер қалыптасқан. Үлкен Кавказдағы мұздықтардың жалпы ауданы 1428 км². Өзендері Каспий т. (Кура, Сулак, Терек, Кума), Қара теңіз (Риони, Ингури) және Азов т. (Кубань) алаптарына жатады. Ең ірі көлі – Севан. Үлкен Кавказ бен Кіші Кавказдың беткейлерін орман алып жатыр (емен, шәмшат, граб, шырша, майқарағай). Одан жоғарыда субальпілік және альпілік шалғындар, Джавахет – Армян таулы қыратында тау даласы қалыптасқан. Колхида мен Ленкорань ойпаттарына ылғалды субтропиктік орман тән. Кавказ мұнай, газ, қара және түсті металл кендеріне, минералдық су көздеріне бай. “Севан” ұлттық саябағы және бірнеше қорықтар бар. Кавказдың курорттық маңызы зор және альпинизм мен туризм дамыған аймақ.

Кар теңізі

Кар теңізі — Солтүстік Мұзды мұхиттың Еуразия жағалауындағы шеткі теңізі. Жаңа Жер, Франц-Иосиф және Солтүстік Жер аралдарының аралығында. Теңіз Кара қақпасы мен Маточкин Шар бұғаздары арқылы Баренц теңізімен, Вилькицкий, Шокальский бұғаздары арқылы Лаптевтер теңізімен байланысады.

Ауданы 883 мың км², су көлемі 98 мың км³, орташа тереңдігі 111 м, ең терең жері 620 м. Әулие Анна шұңғымасы құрлықтық қайраңда жатыр. Ұсақ аралдар көп (Ушаков, Визе, Известия ЦИК, Арктикалық институт, т.б.).

Судың беткі қабатының температурасы көпшілік бөлігінде жыл бойында 0 °С маңында, оңтүстік бөлігінде ғана жазда 3 – 6 °С-қа дейін көтеріледі. Жыл бойы дерлік түгелдей қатады, жазда да мұздан толық арылмайды.

Тұздылығы солтүстігінде 33 – 34‰, оңтүстігінде, өзен сағаларына жақын маңда 10 – 12‰.

Толысу жарты тәулік сайын қайталанады. Балық ауланады (нәлім, сиг, камбала тұқымдастары). Кара теңізі Солтүстік теңіз жолының бір бөлігі. *Басты порты – Диксон.

Каспий теңізі

Каспий теңізі (орыс. Каспийское море, әз. Xəzər dənizi, парсыша: دریای خزر‎ — Daryâ-ye Xazar, түрікм. Hazar deňzi) — Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Грузияда Каспи қаласы қазір де бар. Сонымен бірге Гиркан (I ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т.б. тарихи атаулары бар. Олар соңғы үш мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары.

Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың км2. Оның беті теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері - 435 км, ал енсіз жері - 193 км. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің нсағалауын шайып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан үлесіне - 29% (2340 км), Ресейге - 9%, Әзірбайжанға - 20%, Түрікменстанға - 21%, Иран Ислам Республикасы - 14% тиеді.

Каспий теңізіне 130-ға жуық өзендер мен ағынды сулар Құнды. Олардың теңізге қүятын жиынтық ағыны жылына орташа есеппен 300 км3. Осы мөлшердің 80%-ы Еділ өзені- нің, 5%-ы - Жайықтың үлесіне тиеді. Ағынның 10-11%- ын Батыс жағалаудағы өзендер Терек, Сулак, Самур, Кура және т.б. береді. Қалған 4-5%-ы Иран жағалауы өзендерінен келеді. Шығыс жағалауларда тұрақты ағын сулар жоқ.

Кот-д’Армор

Кот-д’Армор (фр. Côtes-d’Armor, тура мағынасында «теңіз жағалауы») — Францияның батысындағы департамент, Бретань аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 22. Әкімшілік орталығы — Сен-Брие. Халық саны 598, 357 мың адам (департаменттер арасында 43-ші орын, 2015 ж.).

Көл

Көл — тікелей теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербес ойыстар. Ауқымды кеңістікті қамтитын, суы ащы көл түрлері теңіз деп аталып жүр (Каспий, Арал теңіздері). Жер шарындағы көлдердің жалпы ауданы 2,1 млн. км2 (құрлық ауданының шамамен 1,4%-ы). Ондағы жинақталған судың көлемі 176 мың км3, оның 52%-ы тұщы су, 48%-ы ащы су. Көлде эндемик түрлер, кейде реликт түрлер тіршілік етеді. Жер шарының ең ірі көлі – Каспий теңізі, ең терең көлі – Байкал. Қазақстанда Каспий мен Аралды қоспағанда, 48262 көл бар, олардың жалпы ауданы 45032 км2.

Мұхит

Мұхит (Әлемдік мұхит) — гидросфераның негізгі бөлігі. Мұхит, Дүниежүзілік мұхит (гр. okeanos — мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен).

Жер шарында төрт мұхит бар: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды. Кейбір ғалымдар Антарктида маңы суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке бөледі.

Нор (департамент)

Нор (фр. Nord, тура мағынасында — «солтүстік») — Францияның солтүстігіндегі департамент, Нор-Па-де-Кале аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі — 59. Әкімшілік орталығы — Лилль. Департаменттің оңтүстік бөлігінде француз тілінің «ш’ти» (фр. le ch'ti) деп аталатын пикарди диалектісін қолданады.

Саз

Саздар — құрамының басым көпшілігін сазды минералдар құрайтын, дәнекерленіп қатаймаған шөгінді тау жынысытар.

тау жынысы саздарға жатқызылуы үшін оның құрайтын түйірлердің кем дегенде 30 пайызы диаметрі 0,005 мм-ден аспайтын тозаңдар түрінде болуы шарт.

Аққыштык қасиеті бар, сумен араластырылған ұнтағы қамырға ұқсайтын массалар құрайды және мұндай массалар кепкеннен кейін де өз пішінін сақтап қала алады.

Күйдірілген саздар қатты және берік тастақ күйге ауысады. Жаратылыс жағдайына (генезисіне) орай сынықты және химиялық саздарды даралауға болады;

түзілімдену ортасына байланысты теңіз, лагуна, атырау, өзен, көл саздары, сулық-мұздықтық саздар және элювийлік саздар жекеленеді; минералдық құрамына орай каолонитті, гидрослюдалы, монтмориллонитті, палыгорскитті және полиминералды саздар белгілі.Саздар — батпақтар немесе грунт суларымен ылғалданатын ылғал шалғындар (Орта Азияның таулары мен тауалды өңірлеріндегі).

Сен-Маритим

Сен-Маритим (фр. Seine-Maritime) — Францияның солтүстік-батысындағы департамент, Жоғарғы Нормандия аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі — 76. Әкімшілік орталығы — Руан. Халық саны 1,239 млн адам (департаменттер арасында 10-шы орын, 1999 ж.). 1955 жылдың 18-ші қаңтарына дейін департамент Төменгі сена аталып келген.

Теңiз деңгейiнен биіктігі

Абсолюттiк биiктiк (лат. толық, тәуелсіз) — жер бетінің кез келген нүктесінен теңіз деңгейіне дейінгі аралықтың тік бағытта өлшенетін қашықтық мөлшері; өлшеу нүктесі теңіз деңгейінен жоғары болған жағдайда абсолюттiк биiктiк көрсеткіші оң мағыналы, ал төмен болған жағдайда теріс мағыналы болып шығады.Абсолют биіктік - мемлекеттік геодезиялық торда қабылданған бастапқы деңгейлік беттен тік сызық бойынша берілген нүктеге дейінгі қашықтық. Қазақстанда абсолют биіктік Кронштадт футштогының нөлінен есептеледі. Санмен көрсетілген абсолют биіктік абсолюттік биіктік белгі деп аталады. Әр түрлі биіктікте жүргізілген деңгейлік беттер бір-бірімен өзара параллель емес, сондықтан параллельдік еместікті есепке алу әдісіне байланысты нүктенің биіктігін анықтағанда абсолют биіктік ортометриялық, нормалық және жуықтық, сондай-ақ арнайы есептерді шешкенде серпінділік (динамикалық) деп ажыратылады. Абсолют биіктік нивелирлеу әдісімен анықталады. Мұхит деңгейінен жоғары жатқа абсолют биіктік нүктелері оң деп, ал одан төмені тедадиі саналады.

Абсолюттік биіктік — жергілікті жердің метрмен есептегендегі теңіз деңгейінен биіктігі (бұрынғы КСРО-да Балтық теңізінің деңгейінен жоғары нүкте есепке алынды). Топографиялық карталарда нүктенің абсолюттік биіктігі "жазу" деп аталады. Екі нүктенің абсолюттік биіктіктерінің айырымы (жергілікті жердің бір нүктесінің екіншісіне карағаңда биік болуы) салыстырмалы биіктік деп аталады.

Түркия

Түркия (түр. Türkiye), ресми аталуы Түркия Республикасы (түр. Türkiye Cumhuriyeti) — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-ші орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 80.810.525 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара, Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен және Армениямен, батысында Болгариямен, Грекиямен, оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.

Франция департаменттері

Департаменттер (фр. départements) Францияның және оның ортары болған біраз елдің қатарында негізгі аумақтық-әкімшілік бірлігі болып саналады. Әдеттегідей, құрлықтаық Франциядағы департаменттердің аумағы 4000-нан 8000 км²-ді құрайды. Халқы саны 100 мыңнан 1 млн адамға дейін жетуі мүмкін. Департаменттер француздық революция кезінде алфавиттік тәртіп бойынша ресми түрде нөмірленген (қазіргі кезде алфавиттік тәртіптен тыс ерекшеліктер бар).

Ғасыр

Ғасыр — 100 жылға тең уақыт бірлігі. Грегориан күнтізбесіне сәйкес алғашқы ғасыр 1 жылдың қаңтардың 1 басталып желтосанның 31де аяқталған.

стратиграфияда, яғни тарихи геологияда: жікқабат деп аталаты тау жынысы қабаттары жиынтығының түзілу мерзіміне сәйкес келетін уақыт өлшемі. Бірнеше ғасыр қосылып заман құрайды. Геологиялық ғасыр мөлшерлік тұрғыдан өзгермелі болатындығын, яғни әрбір жік қабатгың түзілу мерзімі әр түрлі екендігін Ғасырлық тербелістер ауытқулар теңіз деңгейінің, құрлықтың (эпейрогендік қозғалыстар нәтижесінде), климаттың, көл бетінің, мұздықтар шетінің кезеңдік жоне ұзақ кезендік ауытқулары.

Қара теңіз

Қара теңізі (орыс. Чёрное море, түр. Kara deniz, грек. Роntos Euxenos) — мейірбан теңіз, Атлант мұхиты алабына жататын теңіз. Кіші Азия мен Еуропа аралығында жатыр. Жағалауында Түркия, Болгария, Румыния, Украина, Ресей, Грузия елдері орналасқан. Батысында Босфор бұғазы арқылы Мәрмәр теңізі мен, одан әрі Дарданелл бұғазы арқылы Эгей және Жерорта т-дерімен, солт-нде Керч бұғазы арқылы Азов теңізі мен жалғасады. Ауданы 420,3 мың км². Ұзындығы 1148 км, ені 615 км, ең терең жері 2211 м. Жағасының ұзындығы 4074 км және аз тілімделген. Батысы мен солт. батысында жағасы жайпақ, кей жерінде жыралы. Шығысы мен солт. бөлігіндегі Қырым түбегінің жағасыны таулы болып келеді. Ірі шығанақтары: Каркинит, Каламат, Днепр-Буг, Днестр. Аралдары (ірілері — Березань, Змеиный) аз. Теңізге Дунай, Днепр, Оңт. Буг, Рионн, Чорох, т.б. өзендер құяды. Қ. т. палеогеннің аяғынан неоген мен антропогенге дейінгі аралықта қалыптасты. Қалыптасуының алғашқы сатысында Каспий теңізімен біртұтас су айдыны болып, төмен плиоценнің аяғында Кауказ жотасының көтерілуінен екіге бөлінген. Қара теңіз құрлық ортасында жатқандықтан климаты континенттік. Ауаның қаңтардағы орташа температурасы: солтүстік-батысында -2.6- 3˚С, оңтүстігінде 6-9˚С, батысында -1.4˚С және солтүстігінде -25 -30˚С-қа жетеді. Жауын-шашынның орташа мөлш. 300 — 2500 мм. Тұзд. ашық бөлі-гінде 17,5 — 18,5%о, өзен-дер сағасы маңында 9 — 2%о, дейін азаяды. Суының шалқып-шегінуінен деңгейінің ауытқуы солт.-батысында 2 м-ге жетеді, Қырым жаға-сында 40 — 60 см. Өсімдік пен жануарлар дүниесі жылы әрі құрамында оттек мол судың беткі қабатында шоғырланған. Теңіз түбіндегі өсімдіктердің құрамында балдырлардың 258 түрі, 125 м тереңдіктегі қабатта фитопланктонның 284 түрі бар. Қара теңізде жануарлардың 1500-дей түрі тіршілік етеді, соның ішінде балықтың 180 түрі (қортпа, бекіре, шоқыр, хомса, тюлька, кефаль, камбала, устрица, скумбрия, т.б.), акула бар. Қ. т. жағалауындағы елдерді бір-біріме байланыстарын үлкен су жолының бірі.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.