Температура

Температура (лат. temperatura – араластырылуға тиісті, өлшемдес болу, қалыпты күй)[1] – макроскопикалық жүйенің термодинамикалық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама. Егер оқшауланған немесе тұйықталған жүйе термодинамикалық тепе-теңдік күйде болса, онда оқшауланған немесе тұйықталған жүйенің кез келген бөлігінде температура бірдей болады. Ал егер жүйе тепе-теңдік күйде болмаса, онда жылу (энергия) оның температурасы жоғары бөлігінен температурасы төмен бөлігіне қарай ауысып, белгілі бір уақыт өткеннен кейін жүйенің барлық бөліктеріндегі температура өзара теңеседі. Молекула кинетикалық теория тұрғысынан тепе-теңдіктегі жүйенің температурасы сол жүйені құрайтын атомдардың, молекулалардың, т.б. бөлшектердің жылулық қозғалысының қарқындылығын сипаттайды. Мысалы, классикалық статистикалық физиканың заңдарымен сипатталатын жүйе үшін бөлшектердің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы жүйенің абсолют температурасына тура пропорционал болады. Бұл жағдайда температура дененің жылыну (қызу) дәрежесін сипаттайды. Жалпы жағдайда температура жүйе энергиясының энтропия бойынша алынған туындысымен анықталады және ол әрқашан оң болады. Осылай анықталған температура абсолют температура немесе термодинамикалық шкала температурасы деп аталады. Бірліктердің халықаралық жүйесінде абсолют температураның бірлігіне кельвин (К) қабылданған. Көп жағдайда температураны Цельсий шкаласы (t) бойынша өлшейді. Ал t және Т бір-бірімен: t=T-273,15К теңдігі арқылы байланысқан (мұнда Цельсий градусы кельвинге тең). Дене температурасы термометр арқылы өлшенеді.[2]

Annual Average Temperature Map
Әлемдегі жылдық орташа температура
Механический термометр
Механикалық термометр
MonthlyMeanT
Ұзақ уақыттық орташа айлық жер беті ауа температурасы картасы Mollweide проекциясында.

Температуралық шкаласы

Температуралық шкаласы- қалыпты кысым кезінде мұздың еру нүктесі нөл градусқа, ал қайнау нүктесі - 80 градусқ теӊ.

Кельвин температуралық шкаласы

Кельвин температуралық шкаласы- температура бірлігі ретінде кельвин алынатын термодинамикалык температуралык шкала.

Ремюр температуралық шкаласы

Ремюр температуралық шкаласы - қалыпты қысымда мұздың еру нүктесі нөл градуска, ал судың кайнау нүктесі 80 градуска сәйкес келетін температуралык шкала. Муздын еру температурсы 0 градуска сайкес келеды.

Фаренгейт температуралық шкаласы

Фаренгейт темературалық шкаласы - қалыпты қысымда мұздың еру нүктесі 32 градуска, ал судың кайнау нүктесі 212 градуска сэйкес келетін температуралық шкала.

Цельсий температуралық шкаласы

Цельсий темературалық шкаласы - калыпты кысымда мұздың еру нүктесі нөл градуска, ал судың кайнау нүктесі 100 градуска сәйкес келетін температуралык шкала.[3]

Сілтемелер

  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
  2. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  3. Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
Атмосфера

Басқа мағыналар үшін Атмосфера (мағына) деген бетті қараңыз.

Атмосфера (гр. ατμός — «бу» және гр. σφαῖρα — «шар») - жердің ауа қабығы. Атмосфера – ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физико-химиялық және биологиялық процестердің жүріуінің шарты және метеорологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосферадағы жекелеген құрамдастардың қатынасы оның радиатцияға, жылу және су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфераның газдық құрамы, су буы және әр түрлі қоспалар жер бетіне күн радиациясының өту деңгейін және жер маңы кеңістігіндегі жылуды ұстап тұруды анықтайды. Егер атмосферада қоспалар болмаса, онда жер бетіндегі орташа жылдық температура +15º С емес, -18ºС болар еді. Атмосфераның орташа қалыңдығы - 150 км.

Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді.

Атырау

Басқа мағыналар үшін Атырау (айрық) деген бетті қараңыз.

Атырау — Атырау облысының әкімшілік орталығы, Қазақстанның батысында, Жайық өзенінің бойында орналасқан қала. Қаланың негізі 1640 жылы қаланған.

Ауа райы

Атмосфераның жер бетіне таяу қабаты- тропосфераның белгілі бір жердегі белгілі бір қысқа мерзімдік (тәулік, апта, ай) жай-күйін ауа райы дейді. Атмосфера қысымы, температура, ылғалдылық, жауын-шашын және жел ауа райының элементтері.

Ауа температурасы

Ауа температурасы – атмосфера-ның жылулық күйін сипаттайтын метеорологиялық өлшемдердің бірі. А. т. метеорол. ст-ларда жерден 2 м биіктікте, күн сәулесі түспейтін арнаулы үйшікте психрометрлік термометрмен, ал экспедициялық жағдайда аспирациялық термометрімен өлшенеді. А. т. ауа райына байланысты үнемі өзгеріп отырады. Жер шарында А. т-ның таралуы – Күн радиациясының жер бетіне жетуіне және сіңуіне, жер бедерінің сипатына және сәуле шашуына, сондай-ақ жалпы атмосфера айналымына байланысты. Жер бетінде байқалған ең төм. температура Антарктидада («Восток» ст-сында – 89,2°С), және Якутияда (Оймякон – 71°С), ал ең жоғ. температура (58°С) әл-Әзизияда (Ливия) тіркелген. Тропосфера қабатының жоғ. шекарасында (12 км) температура – 70°С-қа дейін төмендейді. Ал стратосферада (13 – 50 км) озон қабатының ультракүлгін сәулесін жұтуынан ауа температурасы 5°С-қа дейін көтеріледі. Одан жоғ. қабаттарда температура төмендейді. Тропосферада А. т. тік бағытта (әрбір 100 м сайын) шамамен 0,5 – 0,7°С-қа төмендейді. Тәулік бойында А. т-ның ең жоғ. нүктесі сағат 15-те, ең төм. нүктесі күн шыққаннан кейін 45 мин өткен кезде байқалады. Қазақстанда қаңтардың орташа температурасы солт-те (Петропавл қ.) – 19С, оңт-те (Шымкент қ.) – 4°С. Республикамыздың шығысында (Марқакөл көлі маңында) қыстың кейбір күндері ауаның температурасы – 55°С-қа төмендейді. Шілде айының орташа температурасы Қазақстанның көпшілік жерінде ең жоғ. температура 32°С-қа, қиыр оңт-те кейбір айларда 47°С-қа жетеді.

Бельгия

Бельгия (нидер. België, ХФӘ: [ˈbɛlɣijə]; фр. Belgique, нем. Belgien), толық ресми атауы — Бельгия Корольдігі (нидер. Koninkrijk België, фр. Royaume de Belgique, нем. Königreich Belgien) — Батыс Еуропада орналасқан елі. Оңтүстігінде Франциямен, шығыста Германия және Люксембургмен, солтүстігінде Нидерландмен және бастыста Солтүстік теңізімен шектеседі. Белгия – НАТО, ЕО мүшесі. Нидерланд және Люксембургмен ол Бенелюкс экономиялық одағына кіреді.

Белгияны екі ұлт – валлондар мен фламандар мекендейді. Белгияға тұнғыш келген адам мекемелердің маңдайшаларындағы тақтайлар, көрсеткіш атаулының бәрі екі тілде: французша (валлондардаң тілі) және фламанша жазылғанына назар аударады.

Мемлекеттік атауы 'Belgium' көне Римдың «Gallia Belgica» провинциясынан келеді. Тарихынан Белгия, Нидерланд және Люксембург бір регионға кіреді, осы регион Еуропада «Төмен елдер» деп аталады.

Гелий

Гелий (лат.: Helium) —, Не – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы химиялық элемент; ат. н. 2, ат. м. 4,0026. Гелийді 1868 ж. француз астрономы Ж.Жансен мен ағылшын астрономы Дж. Н. Локьер күн сәулесінің спектрінен тапқан, 1895 ж. ағылшын химигі У.Рамзай радиоактивтік клевеит минералынан бөліп алған. Қалыпты жағдайда Гелий – бір атомды түссіз, иіссіз, инертті газ, қайнау t – 268,93°С, тығызд. 0,178 г/л. Сұйық Гелий кванттық сұйықтықтарға жатады, себебі оның атомдары макроскопиялық көлемде кванттық қасиет көрсетеді. Сұйық 4Не (бозе-сұйықтық) 2,17 К° температура мен 0,005 МПа қысымда фазалық өзгеріске ұшырап, Не І және Не ІІ сұйықтықтарына ыдырайды. Не ІІ – аса аққыш сұйықтық, өте жіңішке түтікшелерден ешқандай үйкеліссіз ағып өтеді. Оның мұндай қасиетін 1938 ж. П.Л. Капица ашқан. Не І қатты қайнаса, Не ІІ баяу қайнайды, бұл ерекшелік Не ІІ-нің өте жоғары жылу өткізгіштігімен байланысты. Сұйық 3Не (ферми-сұйықтық) абсолюттік нөл температура мен 3,4 МПа қысымда аса аққыштық қасиетке ие болады. Сұйық Гелий басқа сұйықтықтарға қарағанда қалыпты қысым мен 0°К температурада қатпайды, оның кристалдануы үшін өте жоғары (2,5 МПа астам) қысым қажет. Газ күйіндегі Гелий пластмассадан, шыныдан және кейбір металдардан жасалған қоршаулардан жеңіл өтіп кетеді. Гелийді табиғи газдар қоспасын арнаулы аппараттарда төмен температурада басқа газдардың барлығын сұйылтып барып алады. Газ күйіндегі Гелий металдарды жоғары температурада кесу, пісіру, балқыту процестерінде; жартылай өткізгіштер өндіруде, тағамдарды консервілеуде қолданылады. Сұйық Гелий ғылыми-зерттеу жұмыстарында төмен температурадағы процестер үшін салқындатқыш ретінде және өте төмен температураны өлшейтін термометрлерді толтыру үшін пайдаланылады.

1868 жылдың 18 тамызы француз ғалымы Пьер Жансен, гунтур Үнді қаласында толық күн тұтану кезінде, бірінші рет күннің хромосферасын зерттеді. Жансенде спектроскопты Күн тәжінің спектрін тек тұтылғанда ғана емес, әдеттегі күндері де байқауға болатындай етіп баптай алды. Келесі күні Күн протуберанцтарының спектроскопиясы сутегі — көк, жасыл-көгілдір және қызыл сызықтармен қатар-Жансенмен және оны d натрий сызығына байқаған басқа астрономдармен алғаш қабылданған өте жарқын сары сызықты анықтады. Жансен бұл туралы дереу француз Ғылым Академиясына жазды. Кейіннен күн спектріндегі ашық-сары сызық натрий сызығымен сәйкес келмейді және бұрын белгілі химиялық элементтердің ешқайсысына тиесілі емес.

Германия

Германия (нем. Deutschland), ресми атауы — Германия Федеративтік Республикасы (нем. Bundesrepublik Deutschland), ГФР (нем. BRD) — Орталық Eуропада 16 жеке не жартылай тәуелсіз федералдық жерлерден тұратын ел.Германия Федеративтік Республикасы - орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Кейбір түркі тілдерінде Алмания болып та аталады. Жер аум. 356,96 мың квадраттық км. Халқы 232 млн. Астанасы 1991 жылдан Берлин қаласы (3,46 млн.). Халқының 94 %-і немістер (1998). Ресми тілі - неміс тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің протестант және католик тармағын ұстанады. Германия 16 аймақтан (жерден) құралған федеративті республика. Әр аймақтың өз конституциясы, парламенты және үкіметі бар. Федеральдік президент арнайы шақырылған, бундестаг және ландтагтар (әр аймақтың парламенттері) мүшелерінің бірде санынан құралған федеральдік жиналыста 5 жыл мерзімге сайланып отырады. Президент мемлекет басшысы ретінде халықар. жиындарға қатысады, шет елдермен келісімшарттарға қол қояды, елшілерді, федеральдік соттарды тағайындайды, т.б. Елдегі атқарушы билікті федеральдік канцлер жүргізеді. Жоғ. заң шығарушы органы теңіздік, ал оңт.-шығысының климаты қоңыржай-континттік болып келеді. Қаңтардағы орташа температура 0, ал шілде айында 16 - 17, оңт-нде 20 - 22. Жауын - шашынның орташа жылдық мөлшері 500 - 600 мм, тау бөктерлерінде 1000 - 2000 мм.

Деформация

Деформация (ағылш. deformation) — сыртқы күштер, температура, фазалық түрленуі және ылғалдылықтың т.б. әсерінен пішіні мен өлшемдерінің өзгеруі барысында дене бөлшектерінің орнын ауыстыруына алып келетін үдеріс.

Кернеуді арттырғанда деформация әсерінен дене толық бұзылуға алып келуі де мүмкін. .Материалдардың деформацияға және әсер етуші күштерге төзімділігі олардың механикалық қасиеттерімен сипатталады.

Қандай да бір деформация түріне ұшырауы оған әсер еткен күшпен сипатталады.

Ет

Ет — малдың бүтін ұшасы немесе ұшаның жеке мүшелері; құнды тағамдық өнім. Бұлшық ет, май, сіңір және сүйектіндерінен тұрады. Қоректілігі жағынан ең құнды әрі жұмсақ бұлшық ет тіндері омыртқа, арқа, белдеме, жамбас тұстарында болады. Бұлшық ет тіндерінде орта есеппен 73-77% су, 18-21% ақуыз, 1-3% май, 1,7—2% экстракты азотты заттар, 0,9—1,2% экстракты азотсыз заттар, 0,8—1,0% минералдық тұздар, сонымен бірге Вр В2 В6 РР және т.б витаминдер болады.'

Бұлшық ет тінінің ақуызында адам организміне қажетті амин қышқылдары түгелдей кездеседі. Экстракты заттар етке жағымды хош иіс беріп, ас қорыту бездерінің қызметін жақсартады. Бұлшық ет тіндеріне қарағанда, сіңір тіндерінде қоректік заттар шамалы. Қоректілігі жағынан ең төмені — сүйек тіндері. Еттің калориялылығы май тіндерінің мөлшеріне байланысты. Қоректілігі және дәмдік сапасы бойынша, ең тәуірі, бірінші категориядағы ет, онда ақуыз — 14—19%, май — 12-15%. Майы аз ет дәмсіз болады. Майдың өте көп болуы да еттің қоректілік, дәмдік сапасын төмендетеді. Егер май бұлшық ет тіндерінде белгілі бір қатынаста болса, яғни май етпен қабаттасып бір ет, бір май болып орналасса, онда еттің дәмі мен сапасы жақсарады.

Ет — ет комбинатында сорғыған (ұшаны мүшелеген соң табиғи жағдайда немесе тоңазытқышта 6 сағаттай сақталған және сорғыған), салқындатылған (еттің ішіндегі температура 0—4° С-қа дейін жеткізіледі), мұздатылған (6° С-дан аспайтын температурада тоңазытылған) қалыпта сақталады. Сиыр етінің ұшасы үш сұрыпқа бөлінеді: бірінші сұрыпқа — сан еті, жамбас, белдеме, арқа, жауырын, төс; екінші сұрыпқа — мойын мен төстік; үшінші сұрыпқа — ауыз омыртқа мен кәрі жілік және асықты жіліктің басы жатады. Қой мен ешкі еттері екі сұрыпқа бөлінеді:

біріншісі — жамбас, белдеме, жауырын-арқа;

екінші сұрыпқа — мойын омыртқа, асықты, кәрі жіліктердің басы жатады.

Жұлдыздық шама

Жұлдыздық Шама, көрінерлік Жұлдыздық шама – аспан шырақтарының (жұлдыздар, планеталар, Күн, т.б.) сәулесінің Жер бетінің жазықтығында (шырақтар сәулесіне перпендикуляр орналасқан) жасайтын жарықталынуының өлшемі; аспан шырағы жалтырауының өлшемі. Жұлдыздық шама ұғымын алғаш рет б.з.б. 2 ғасырда Гиппарх енгізген. Гиппарх жай көзбен көрінетін жұлдыздардың бәрін олардың жалтырауы бойынша (ең жарық жұлдыздарды 1-шамаға, ал ең бәсеңдерін 6-шамаға жатқызып) шартты түрде 6 Жұлдыздық шамаға бөлген. Жұлдыздық шама (m) өзінің жарықталынуына (Е) сәйкес мына өрнектен анықталады: m=klgE+C0, мұндағы k – коэффициентінің мәні ағылшын астрономы Н.Р. Погсонның (19 ғ-дың ортасы) ұсынысы бойынша – 2,5-ке тең деп қабылданған және ол жұлдыздық шама шкаласының қадамын анықтайды, ал С0 тұрақтысы – оның нөлдік пункті. Жұлдыздық шамасы 5 бірлікке өзгергенде жарықталыну 100 есе өзгереді. Мұның үстіне шырақ неғұрлым жарығырақболса, оның Жұлдыздық шамасын өрнек-тейтін сан да соғұрлым аз болады. Жұлдыздық шамалардың мәндері оң да, теріс те болуы мүмкін.

Өлшеу әдістемесіне қарай Жұлдыздық шама: визуалдық (тікелей көзбен анықталатын) Жұлдыздық шама, фотографиялық Жұлдыздық шама, фотоэлектрлік Жұлдыздық шама және радиометриялық Жұлдыздық шама болып ажыратылады; 2) 10 парсек стандарт қашықтықтағы аспан шырағының Жұлдыздық шамасын абсолют Жұлдыздық шама деп атайды. Абсолют Жұлдыздық шама (көрінерлік Жұлдыздық шамадан өзгешелігі) шырақтардың физикалық қасиеттерін, жарқырауын сипаттайды. Абсолют Жұлдыздық шама (М) көрінерлік Жұлдыздық шамамен (m) төмендегі өрнек арқылы байланысқан: M=m+5–5 lgr, мұндағы r – пк-пен өлшенген шыраққа дейінгі қашықтық.

Жұлдыздардың жарықтылығы.

Астрономдар жұлдыздарға дейінгі қашықтықты анықтағаннан кейін, жұлдыздардың көрінетін жарқырауы олардың қашықтарының айырмашылықтарынан ғана емес, сондай-ақ олардың жарықтылықтарындағы айырмашылықтарынан екенін анықталды.

Астрономиядағы жарықтылық - уақыт бірлігінде астрономиялық объектің (ғаламшар, жұлдыз, галактика және т.б.) шығаратын жалпы энергиясы. Абсолюттік бірліктерде (SI - Вт) немесе Күн жарықтылығының бірліктерімен (L☉ = 3.82 × 1026 Вт) өлшенеді.

Егер екі жұлдыздың жарықтылығы бірдей болса, бізден алшақтау жатқан жұлдыздың көрінерлік жарқырауы төмендеу.

Жұлдыздар жарықтылығымен оншақты миллиардтаған рет ерекшеленуі мүмкін. Жұлдыздық шамасымен бұл айырмашылық 26 бірлікті құрайды.

Жарықтылығы өте үлкен жұлдыздарының абсолюттік мәндері теріс және M = -9 ға дейін жетеді. Мұндай жұлдыздар алыптар мен аса алыптар деп аталады. «Алтын Балықтың S» жұлдызының сәулеленуі Күннің сәулеленуінен 500,000 рет әлдеқайда күшті, оның жарықтылығы L = 500,000 L☉, M = +17 (L = 0.000013 L☉), ергежейлі жұлдыздар ең төмен сәулелену қуатына ие.

Жұлдыздың жарықтылығына не әсер етеді?

Жұлдыздағы сәулелену көзі не болып табылады? Жұлдыздан шыға алатын барлық энергиясы жұлдыздын ядродағы термоядролық синтез реакцияларында пайда болады. Гравитация қысымымен сутегі атомдары гелий атомына бірігіп үлкен мөлшерде энергияны босатады. Алып жұлдыздарда сутегі ғана емес, сонымен қатар гелий - кейде одан да ауыр элементтер, тіпті темір де, күйдіріледі. Энергия бірнеше есе артады.

Ядролық реакция кезінде шығарылатын энергия мөлшері жұлдыз массасына тікелей тәуелді - ол қаншалықты үлкен болса, соншалықты гравитация жұлдыздың ядросын қысады, және соншалықты көп бір мезгілде сутегі гелийге айналады. Бірақ жұлдыздың жарықтылығы тек қана атом энергиясымен байлансысты емес - соңында, оны сыртқа шығару керек.

Мұнда сәуле шығару ауданын қарастыруымыз керек. Оның әсері энергияны тасымалдау процесіне өте үлкен, ол тіпті күнделікті өмірде оңай тексеріледі. Қыздырылған шамның жібі 2800 °C дейін қыздырылып, 8 сағат бойы жұмыс істесе, бөлмедегі температураны едәуір өзгертпейді, ал 50-80 °C температурасы бар кәдімгі қыздырғыш батарея бөлмені айтарлықтай қыздыруға мүмкіндік береді. Энергияның тиімділігі - энергияны шығаратын беттер аудандарының айырмашылығына байланысты.

Жұлдыз бетінің және оның ядросы бетінің аудандарының қатынасы көбіне шамның және батареяның аудандарының қатынасына сәйкестіріледі - аса алып қызыл жұлдыз ядросының диаметрі жұлдыздың жалпы диаметрінің оннан бір бөлігі ғана болуы мүмкін. Осылайша, жұлдыздың жарқырауына оның сәулеленетін бетінің, яғни жұлдыздың бетінің ауданы қатты әсер етеді. Мұнда температура өте маңызды емес. Альдебаран жұлдызының бетіндегі жылуы Күн фотосферасының температурасынан 40% -ға аз, бірақ оның үлкен өлшемінің арқасында оның жарықтылығы Күннің жарқырауынан 150 есе артық.

Коэффициент

Коэффициент(лат. co – бірге, бірлесіп және effіcіens – жасап шығаратын) – әріптік өрнектегі сандық көбейткіш, белгісіздің кез келген дәрежесіндегі белгілі көбейткіші немесе айнымалы шаманың тұрақты көбейткіші. бірмүшелігіндегі Коэффициент–3/4; х2+2рх+q=0 теңдеуіндегі х2-тің Коэффициенті 1, ал х-тің Коэффициенті 2р-ға тең; l=2r формуласындағы Коэффициент 2-ге тең болады. у=kx+b түзу сызық теңдеуіндегі Коэффициент саны бұрыштық Коэффициент деп аталады. Ол түзудің Ох осіне еңкею бұрышының тангенсін көрсетеді. Физика заңдарды өрнектейтін формулаларда Коэффициенттің айрықша аттары болады, мысалы, үйкеліс Коэффициенті, көлемдік ұлғаю Коэффициенті, т.б.

Кюрасао

Кюрасао (нидер. Curaçao, папьяменто:Kòrsou) — Венесуэланың жағалауының маңында Кариб теңізінің оңтүстік бөлігінде орналасқан арал және 2010 жылдан бастап Нидерланд корольдігінің тәуелді аймағы. Аймақ аумағы — 444 км². Халқы — 154 843 адам (2014). Астанасы және ірі қаласы Виллемстад.

Арал Кіші Антилья аралдарының тобындағы үлкендігінен Маргарита аралынын кейін екінші болады. Кюрасао аралының маңында, 11 км қашықтықта кішкене елсіз арал - Кіші Кюрасао - орналасқан. Бұл арал да әкімшілік бағынуы Кюрасаоға карайды.

Климаты — субэкваториалды, орта жылдық температура +30 °C. Қаңтар айындағы ең төмен температура: +26…+28 °C. Жаңбырлы кезең: қыркүйектен желтоқсанға дейін. Жауын-шашын көлемі жылына 500—600 мм.

Молдова

Молдова, Молдова Республикасы (молд. Moldova, Republica Moldova

) — Оңтүстік-Шығыс Еуропада орналасқан мемлекет. Жер көлемі 33,7 мың км². Халқы 4,43 млн. адам. Астанасы – Кишинев қаласы. Ресми тілі – молдован тілі. Негізгі халқын молдовандар құрайды (70%). Сонымен бірге, украиндар, орыстар, гагауздар, еврейлер, болгарлар, т.б. тұрады. Негізгі ұстанатын діні – христиан дінінің православие тармағы. Мемлекет басшысы – Президент. Үкімет басшысы – премьер-министр. Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы парламент (Жоғарғы кеңес). Ақша бірлігі – лей. Ұлттық мейрамы – 27 тамыз — Тәуелсіздік күні.

Шығыс Еуропа жазығының Днестр мен Прут өзендері аралығында орналасқан. Жері жоталы, жазықты келеді. Орталығын Кодра қыраты алып жатыр. Ең биік нүктесі – Баланешты тауы (429 м). Днестр өзенінің оң жағалауы – Днестр маңы қыраты (биіктігі 250 – 345 м), сол жағалауы – Подоль қыратының қиыр шеті және солтүстігінде Солтүстік Молдовия жазығына ұласады. Молдованың оңтүстігіндегі Оңтүстік Молдовия жазығы Қара теңіз маңы ойпатына жалғасады. Климаты – қоңыржай континенттік; қысы қысқа, қары жұқа, жазы ұзақ, ыстық келеді. Жаздағы орташа температура 22°С (шілде айында 40°С-қа дейін), қыстағы орташа температура –3 – 5°С (қаңтар айында –30°С-қа дейін). Жылдық жауын-шашын мөлшері 370 – 500 мм. Өзендері – Қара теңіз алабына жатады. Ірі өзендері – Днестр (Молдова жеріндегі ұзындығы – 657 км), Прут (Молдова жеріндегі ұзындығы – 695). Ірі көлдері – Белеу, Драчеле, Ротунда және т.б. Кеме қатынасы жақсы дамыған. Аумағының 75%-ы қара топырақты, 9%-ы орманды алқап болып келеді. Әктас, гипс, шынылық құм (әйнек), мұнай-газ, т.б. табиғи байлықтар бар.

Мәскеу

Басқа мағыналар үшін Мәскеу (айрық) деген бетті қараңыз.

Мәскеу (орыс. Москва́, (айтылуы )) — Ресей Федерациясының астанасы. Ресейдің еуропа бөлігінің ортасында, Мәскеу өзенінің жағасында орналасқан. Жер аумағы 1000 км2. Климаты қоңыржай континенттік. Орташа температура қаңтарда –10,2 °C, шілдеде 18,1 °C; жылдық жауын-шашын мөлшері 600 мм-ге жуық. Мәскеу – дүние жүзіндегі ең ірі қалалардың бірі. Халқы 11,5 млн (2011). Мәскеу – 13 – 14 ғасырларда Владимир Суздаль ұлы князьдіктерінің, 15 ғасырдың соңғы ширегінен 1712 жылға дейін бір орталыққа бағынған орыс мемлекетінің, 1918 жылы наурыздан – 1922 жылдың желтоқсанға дейін РКФСР-дің, 1922 жылы желтоқсаннан – 1992 жылға дейін КСРО-ның астанасы болды. Мәскеу аумағындағы алғашқы қоныстар б.з.б. 2-мыңжылдықта пайда болды. 10 – 11 ғасырларда мұнда шығыс славян тайпасы – вятичтер қалашығы орналасты.

Мәскеу қаласының туу туралы статиктикасы (1350-2009)

Самарий

Самарий (лат. Samarіum), Sm — элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 62, ат. м. 150,40; лантаноидтар қатарына жатады. Табиғатта тұрақты 6 изотопы бар. С-ді 1879 ж. француз химигі П.Э. Лекок де Буабодран (1838 — 1912) самарскит минералынан тапқан. Монацит, бастнезит, лопарит, самарскит, гадолинит, ортит минералдарының кристалдық торына изоморфты қоспа ретінде кіреді. Күміс тәрізді жұмсақ металл; тығызд. 7,54 г/см3, балқу t 1072°С, қайнау t 1800°С. 917°С-тан төмен температурада кристалдық торы ромбоэдрлық (Sm), ал температура одан жоғарыласа кубтық (Sm). Хим. активті, тотығу дәрежелері +2, +3. Ауада тұрақты, бөлме температурасында сумен, галогендермен, HCl, HNO3, H2SO4-пен әрекеттеседі. Самариді SmF3 тұзынан тотықсыздандырып алады. Магнит мен кобальт құймаларының негізгі құраушысы Самарий люминесценттік шамдардағы стартерлардың электродтары ретінде қолданылады.

Р. Рысқалиева

Сібір

Сібір (орыс. Сибирь) — Азияның Орал таулары мен Тынық мұхит жағалауының және Солтүстік Мұзды мұхит жағалауы мен Моңғолия шекарасы, Сарыарқа етегі аралығындағы бөлігі.

Тантал

Тантал (лат. Tantalum, Та) – элементтердің периодтық жүйесінің V тобындағы хим. элемент, ат. н. 73, ат. м. 180,948. Ауыр, қиын балқитын, көкшіл ашық сұр металл. Тығызд. 16,6 г/см3, балқу t 2014ӘС, қайнау t 5500ӘС. Табиғатта ниобиймен (Nb) бірге кездеседі.

{{

| аты = Танта́л / Tantalum (Ta)

| символ = Ta

| номер = 73

| сурет =

| атомная масса = 180,9479

| радиус атома = 149

| энергия ионизации 1 = 760,1 (7,88)

| конфигурация = [Xe] 4f14 5d3 6s2

| ковалентный радиус = 134

| радиус иона = (+5e) 68

| электроотрицательность = 1,5

| электродный потенциал = 0

| степени окисления = 5

| плотность = 16,654

| теплоёмкость = 25,39

}}

{{

| теплопроводность = 57,5

| температура плавления = 3269

| теплота плавления = 24,7

| температура кипения = 5 698

| теплота испарения = 758

| молярный объём = 10,9

| структура решётки = кубическаяобъёмноцентрированая

| параметры решётки = 3,310

| отношение c/a =

| температура Дебая = 225,00

}}

Термодинамика

Термодинамика (грек. θέρμη - "жылу", δύναμις - "күш") - физика ғылымындағы жылудың жұмыс және басқа энергия түрлерімен арадағы қарым-қатынасын зерттейтін тармағы. Термодинамика — тәжірибелерден жинақталған нәтижелерге сүйенетін феноменологиялық ғылым. Ол көптеген құрамдас бөліктерден тұратын макроскопиялық жүйелер - термодинамикалық жүйелерді зерттейді. Мұндай жүйелерде жүретін процестер макроскопиялық шамалар, мысалға қысым немесе температура арқылы сипатталады және олар молекулярлық деңгейде қолдануға келмейді.

Термодинамика заңдылықтары жалпы сипатта қолданылады және заттардың атомдық деңгейдегі құрылымына тәуелді емес. Сондықтан термодинамика ғылым мен техниканың энергетика, қозғалтқыштар, фазалық ауысу, химиялық реакциялар, секілді көптеген салаларында қолданылады.Термодинамиканың физика мен химияның бірқатар салаларында, химиялық технология, аэроғарыштық технология, машина жасау, жасушалық биология, биомедициналық инженерия секілді алуан түрлі салаларда алатын орны ерекше.

Филиппиндер

Филиппиндер (ағылш. Philippines, Үлгі:Lang-tl), ресми атауы — Филиппиндер Республикасы (ағылш. Republic of the Philippines, Үлгі:Lang-tl) — Оңтүстік-шығыс Азиядағы мемлекет. Тынық мұхиттағы Индонезия мен Тайвань арасында орналасқан көптеген аралдардан тұрады.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.