Тас дәуірі

Тас дәуірі – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 2,6 млн - б.з.б. 3 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Тас дəуірі ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған.

Tas1
Tas2

Кезеңдері

Қазақстанның тас дәуірі мынадай кезеңдерге (мәдениеттерге) бөлінеді:

Палеолит

Палеолит. Ежелгі тас дәуірі.

1) Ерте палеолит (төменгі) - б.з.б. 2,6 млн-б.з.б. 40 мыңжылдықтар.

а) Олдувэй (ертедегі немесе төменгі палеолит) - б.з.б. 2,6-800 мыңжылдықтар.

ә) Ашель - б.з.б. 800-140 мыңжылдықтар.

б) Мустье (орта палеолит) - б.з.б. 140-40 мыңжылдықтар.


2) Кейінгі палеолит (жоғарғы) - б.з.б. 40-12 мыңжылдықтар.

Мезолит

Мезолит (ортатас дәуірі немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) - б.з.д. 12-5 мыңжылдықтар.

Неолит

Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 5-3 мыңжылдықтар. Осындай археологиялық терминдермен қатар, сол дәуірлердің геологиялық атаулық белгілері бар. Палеолиттің барлық кезеңдері плейстоценге, ал мезолит пен неолит - голоценге жатады.

Ерекшелігі

Тас дәуірі мен қола дәуірі арасында жатқан ерекше дәуір энеолит деп аталады. Бұл кезеңнің шекарасы немесе хронологиялық шектеуі әлі толық анықталмаған, дегенмен де ол шамамен- б.з.д. 3 - 2 мыңжылдықтар аралығында орын алады.

Ертедегі тас дәуірі

Ертедегі тас дәуірі - адамның және оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Палеолит дәуірінде адамдардың қоғамдық ұйымдары өте күрделі және ұзақ даму жолынан өтті. Бастапқы кезеңде жабайы үйір пайда болды. Ол ерте ашельге сәйкес келеді. Осы кезеңде бірте-бірте жаңа әлеуметтік организмнің, яғни алғашқы қауымның пайда болуының алғы шарттары қалыптаса бастады. Іс жүзінде алғашқы қауымның жетілген түрлері тек кейінгі палеолитте ғана қалыптасады. Ол, көптеген зерттеушілердің пікірінше, прогрессивтік дамудың алғашқы айқын нышандарының бірі болып, неандертальдықтардың қазіргі адам түріне айналу кезеңімен түспа-тұс келді.

Мәдениеті

Олдувайлық мәдениет

Олдувайлық мәдениет - бұл "Homo habilis" деп аталған ертедегі адамның («іскер адам») өмір сүрген уақыты. Олдувайлық кезең өзінің ұзақтығымен (шамамен 2 млн. жыл) палеолиттің басқа да кезеңдерін бәрін қосқаннан да асып түседі.

Бұл кезде тас бұйымдардың негізгі бөлігін жаңқалар құраған, ал құралдардан сол кезең мәдениетіне сәйкес чопперлер мен чопингтер болған. Ағылшын тілінде чоппер және чопинг «шабатын құрал», «балта», «кесу механизмі» дегенді білдіреді. Чоппер - бұл тақыр тас кесінділерінен (өзен жұмыр тасы немесе домалак тастар), немесе жуан тастың жаңқасынан жасалған, кесетін жағы дөңес немесе жазық, тек бір беті (жағы) ғана өңделген, дөрекілеу келген кескіш сайман. Чоппингте - соған ұқсас, бірақ екі беті де өңделген дөрекі құрал. Жаңқалар деп негізінен тастарды өңдегенде алынатын қалдық түрлерін айтады, бірақ еңбек және аңшылық құралдары және кесуші тас бұйымдар солардан жасалады деу қате болады. Дайын бұйымдарды жасау үшін тасты қашауға шой балға пайдаланылды.

Олдувай дәуірінде адамдар әлі отты қолдануды білмеді.

Ашельдік мәдениет

Ашельдік мәдениет 3 кезеңге бөлінеді: ерте, орта және соңғы ашель. Ерте ашельдік тұрақтарда, олдувайлық ескерткіштер сияқты, чопперлер, чопингтер т.б. кездесіп отырған. Бірақ бұл жерде жаңа, өзгеше құрал - қол шапқышы пайда бола бастаған.

Палеолит жайлы әдебиеттерде «қол шапқыш» терминінің орнына екі беті де өңделген құралды білдіретін «бифас» термині жиі қолданылып жүр. Бірақ «бифас» термині «қол шапқыштан» гөрі кеңірек ұғым. Олар орта, кейінгі ашельге және мустьеге тән және сонда кездеседі, сонымен қатар, шабуға емес, кесуге, қырқуға арналған және сүңгінің ұштығы есебінде қолданылды. Одан басқа осы кездері тас бұйымдарды шабатын құрал - кливер пайда болады. Шапқыш сияқты, ол да екі жағынан да қашалған құралға, яғни бифасқа жатады. Палеолит туралы әдебиеттерде кливерлерді кейде көлденең жүзді шапқыш, кескіш деп те атаған.

Дегенмен, ерте ашельдің тас артефактарының негізгі бөлігін әртүрлі кескіш, қырғыш, тескіш т.б. құралдар бола алатын жаңқалар құрады. Бұл кезеңнің адамдары аңшылықпен, терімшілікпен айналысты. Балық аулау мен теңіз моллюскаларын жинаумен де айналысу тәжрибесі жинақталды, енді от та таныс бола бастады. Ерте ашельдің жасы 700-300 мың жыл.

Орта және соңғы ашель

Орта және соңғы ашелдегі (б.зд. 300-150 мың ж.) тас жинақтарда алдыңғы дәуірдегі барлық еңбек және аңшылық құралдар сақталды, бірақ оларды жасаудың жаңа прогрестік белгілері пайда бола бастады. Бұл алдымен жіңішкере бастаған шапқыштардан білініп тұрды. Анығырақ техникалық прогресс әсіресе, леваллуалық тас өңдеу техникасында және леваллуалық нуклеус, жаңқалар жөне пластинкаларда байқалып отырды. Леваллуалық техниканың мағынасы неде? Бұл кезде кейін құралдарға айналатын жаңқалар мен пластиналарды сындырып алуды бастамас бұрын, әуелі нуклеустарды барлық жағынан алдын-ала мұқият қашап алатын болды. Бұл техниканың негізгі өзгешелігі осында еді.

Ертедегі палеолит үшін леваллуа техникасының таралуы ірі техникалык төңкеріс болды. Орта және соңғы ашель тас жинақтарында өткен дәуірде-ақ пайда болған майда құралдар - қырғыш, жонғыш, бұрғы т.б. болды. Бұл кезеңнің ескерткіштерінде тас шоқпарлар, найзалар т.б. кездеседі.

Соңғы ашель дәуірі көптеген зерттеушілер орта палеолит деп белгілеген мустьемен ауысты. Қазақстан үшін мустье 150-120 - 40-35 мың жылдар аралығында өтті. Ашельдің соңында және мустьелік дәуірге кешкенде адамның физикалық құрылысында түбірлі өзгерістер болған деп есептеледі. Осы кезде ежелгі "Ноmo erеktus" ("тiк жүрген адам") архантроптары палеоантроптарға айналған. Бұл - ғылымда белгілі мустьелік неандарталь адамдарының уақыты.

Ашелден мустьеге ауысар кезінде адамдардың құрылысында ғана емес, оның тас өңдеу техникасында, өмір сүру жағдайында, шаруашылығында да өзгерістер болған. Леваллуалық техника тас бұйымдарды жасау барысында басым бола бастады. Ұзақ уақыттар бойы мустьелік дәуірде тас құралдарының тек қана үш түрі - мустьелік үшкір ұшты құрал, мустьелік қырғыш және соңғы ашельдік түрдегі екі беті де өңделген кішкене шаппа болды деп жалпы мойындалып келді. Бірақ ғалымдардың көп жылдар бойғы зерттеулері мустьеде бірнеше ондаған түрлі бұйымдардың болғанын дәлелдейді, олардың ішінде негізгілерінен ойықты және тісті құралдар, қырғыш, кескіш, жарықшық және басқалары бар.

Алғашқы аң аулау шаруашылығы мустьеде жоғары деңгейге жете бастады, оның терімшілікке қарағандағы маңызы анағұрлым артты. Аң аулау шаруашылығындағы прогресті тұрақтарда табылған жануарлардың сүйектерінің көптігінен көруге болады. Сонымен қатар, осы кезде құс және балық аулау кәсіптерінен де тәжірибе жинақталды.

Мустьелік дәуірде мекендеу сипаты да өзгерді. Адамдар бұрынғыдай өздерінің қоныстарын ашық аспан астында, өзен бойында жайғастыруды жалғастыра отырып, сонымен қатар, жиірек жартас астына, үңгірге қарай ауыса бастады.

Соңғы палеолит

Соңғы палеолит (40-35 мың жыл - б.з.д. 10-мыңжылдық). Бұл адамның жер шарындағы климаттық аймақтарда кеңінен орналасу және нәсілдердің, нәсіл топтарының қалыптасу уақыты болды.

Ойлауға қабілетті адамның пайда болуы мен соңғы палеолит дәуіріндегі адам қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің әрі қарай дамуы арасында тура байланыстың болуы әбден мүмкін. Бұл құбылыс қоғамдық қарым-қатынастың ілгері дамуымен, рулық қоғам қалыптасу үдерісімен, адамдар ұжымындагы қоғамдық ұйымның алғашқы айырықша формасы - рулықтың (алғашқы туыстық рудың) пайда болуымен тығыз байланысты. Туыстық ұйым барлық жерде аналық жүйелі және аналық тарапты болған, ал әйел қоғамда жоғары орында тұрған деп пайымдалады. Осылайша аналық ру, өзара қандық туыстық байланыспен және анасы бойынша есептелетін туыстық арқылы бірігетін адамдардың экзогамдық тобын құрды. Әйелдердің қоғамдық өмірдегі жоғарғы жағдайы отбасындағы қауымдық шаруашылыктың ерекшеліктерінен, әйелдердің ұрпақ жалғастыратын рөлінен келіп шыққан еді.

Ертедегі адамдардың идеологиялық танымдарындағы ошақтың ұйтқысы, оның басшысы ғана емес, берекелі сақтаушысы да болған әйелдерге табыну ғұрпы кездейсоқ құбылыс емес.

Соңғы палеолит дәуіріндегі адамдардың дүние танымы күрделілене бастады. Осы кезде жануарлардың бейне-сипатын меңгеру арқылы оларға билік ету сенімі арқылы шыққан жатқан аңшылық магия кең тарала бастады. Осы ғұрыптың, яғни аңшылық магиясының әмбебаптық құралы ретінде сол кезде алғашқы қауымдық өнер пайда болған деп пайымдалады. Оның басты тақырыбы әртүрлі жануарларды бейнелеу. ою-өрнек және мүсіндеу (скульптура) болған. Алғашқы өнердің туындыларының ішінде қасиетті жердің, ананың берекелілігі мен кұнарлылығын бейнелейтін сүйектен немесе жұмсақ тастан ойылған әйелдер мүсіндері тарайды.

Жер бетінде өмір сүрудің жалғасы ретіндегі жанның және адамның өлгеннен кейінгі өмірі туралы түсінік дами келе күрделі дәстүрлік рәсімдердің пайда болуына әкелді. Өлген адамның денесіне қызыл минерал бояу себілді, оның кеудесіне тесілген ұлу қабыршақтары мен жыртқыштың тістерінен жасалған әшекейлер тағылды, ақтарына мамонттың азуынан жасалған білезіктер кигізді, киімдерін моншақ тізбектерімен кестеледі. Адамды жерлегенде шақпақ тас пен сүйектен жасалған бұйымдарды оның жанына қоса салатын болды.

Мезолит

Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) пышақ пішінді пластинкаларды, оның ішінде микропластинкаларды бөлу техникасының өте жоғары дамуымен ерекшеленеді. Осы кезеңде пышақ пішінді пластинкадан құралдар жасау өте кең таралды.

Құралдар

Әртүрлі микролиттерді дайындау, оның ішінде геометриялық бейнелі құралдар - сегменттер, трапециялар, үшбұрыштар, тікбұрыштар, параллелограммдар өндірісі кеңінен дами бастайды. Микролиттер дайындауда қолданылатын микроқиятын техника дамиды. Балта, шот балта, қашау сияқты кесу құралдарын, макролиттік арнаулы құралдар - кетпен, қайла жасау кең таралады.

Кейбір мезолиттік мәдениеттерде тас қаруларды тегістеу техникасы, бұрғылау мен аралау техникалары пайда болады.

Палеолитпен салыстырғанда түрлі сүйек индустриясы қалыптасады. Мезолиттік уақыттың тұрақтарында әртүрлі сүйек және мүйізден жасалған гарпундар, садақтар мен сүнгілердің ұштары, пышақтар, қанжарлар, балта мен шот және оларға муфталар, т.б. көптеп кездеседі. Осы құралдардың кейбір түрлері мезолитте ғана жасалынған.

Өнердің сипаттарында да өзгерістер болды. Соңғы палеолитке тән жартастарға жазу біршама азайды. Өнерде шартты-тұспалды сипаттағы бағыт ұлғаяды. Геометриялық оюлар кеңінен таралады. Оюдың негізгі элементтері түрлі сызықтар, нүктелер, штрихтер, "шыршалар", иректер, торлар, т.б. болды. Оюды жүргізуде көбіне ойып түсіру және бұрғылау техникасы пайдаланылды. Зооморфты және антропоморфты бейнелерден тұратын ұсақ пластика кеңінен таралды.

Соңғы палеолитпен салыстырғанда қоныстану түрақтары да өзгеріп отырған. Көптеген мезолиттік қоныстар көбіне кедей бұйымдарымен, жұқа мәдени қабатымен ерекшеленетін уақытша, маусымдық тұрақтарда тұрды. Ірі қоныстар өте аз кездеседі. Қазба кезінде табылған үйлер қалдығы әдетте қарапайым күрке тәріздес құрылыс болып келеді, ал соңғы палеолитке тән жертөле немесе жартылай жертөлелер тек солтүстіктегі суық аймақтарда кездеседі.

Мәдениеті

Мезолиттік материалды мәдениеттің айырықшылықтары осындай болды. Ол кейбір палеолиттік техникалық жөне технологиялық әдістердің одан әрі дамуымен және өзгеруімен, сондай-ақ, мезолитте пайда болған жаңа құралдар түрлерін жасау әдістерінің таралуымен сипатталады.

Экономиканың негізі болып аңшылық қала береді (бұнда өткен уақытпен екі арадағы үлкен сабақтастық жатқаны күмәнсіз). Бірақ, оның сипаты тез өзгеріп отырады, өйткені соңғы палеолитпен салыстырғанда адамның өзінің қоршаған ортаға бейімделу әдісі де өзгереді. Соңғы палеолиттегі орын алған ірі жаңалық - садақ - мезолитте негізгі аңшылық қару ретінде толығымен қалыптасады. Соңғы палеолитте мүлдем белгісіз болған сыналы құралдар дамиды, олардың түр-түрі тарайды. Мезолиттегі аң аулау нысандары мезолит мәдениетінде өмір сүріп жатқан түрғындардың орналасуына қарай, яғни нақты экологиялық ортаға байланысты қалыптасады. Палеолиттегі кең таралған тәсіл - аңды қамап ұстау сақталады, бірақ оның тек эпизодтық формасы ғана қалады. Аңшылықтың соңғы мезолитте құс аулау сияқты жаңа арнайы формасы пайда болды. Мұндай түрлі аңшылық шаруашылығының дамуы палеолит адамдарына таныс емес еді. Бұл кезеңде өндірмейтін, яғни өнімді тек табиғаттан алатын шаруашылық барынша өрістеген еді. Неолиттік экономикаға тән артық өнім жинау деңгейінің алғы шарттары осы кезде-ақ пайда болады.

Сол мезолит кезінде балық аулау тура мақсатты түрде қалыптасады, оны қайық, түрлі ауларды жасау сияқты маңызды жаңалықтардың пайда болғаны дәлелдейді. Мезолит кезінде жануарларды үйге үйретудің кейбір формалары өріс ала бастауы мүмкін, өйткені ол кезде үй иттерінің таралғаны белгілі.

Сөйтіп, экономикалық тұрғыдан да мезолиттің соңғы палеолиттен аң аулау әдістері, оның түрлері, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуы арқылы анық байқалатын көп айырмашылықтары бар.

Неолит

Неолит кезеңінің басталуы б.з.д. 7-мыңжылдықтың екінші жартысына және 6-мыңжылдықтың басына сәйкес келеді. Бұл - тас өңдеу техникасының гүлденген кезі. Еңбек құралдарын өндірудегі орасан зор мамандандыру өтіп жатты. Сығып өңдеу техникасын жетілдірумен қатар, тасты өңдеудің жаңа технологиялық әдістері толығынан қалыптасты: жалтыратып өңдеу, бұрғылау және аралау. Тас балталар, шоттар, дәнүккіштер, келі, келсаптар жасала бастады. Нефриттен, яшмадан, серпентиниттен және де тастың басқа да түрлерінен көптеген әшекейлер - білезік, алкалар дайындау өрбіді.

Шаруашылығы

Неолит кезеңінің ең маңызды белгілерінің бірі - ол табиғаттағы дайын өнімді алу шаруашылығын ауыстырған малшылық пен егіншіліктің пайда болуы еді. Шаруашылықтың осы жаңа түрлерінің пайда болуының адамдар қоғамының дамуында орасан зор маңызы болды, адамның еңбек ету аясын кеңейтті және де оның мінезін сапалы түрде өзгертті.

Адамның мың жылдаған экономикалық даму тарихы ең алдымен осы екі шаруашылықты жетілдіру тарихымен тығыз байланыста болғаны айқын.

Неолит кезеңіндегі тұрғындардың қол жеткізген даму деңгейі басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың пайда болуына себепші болды. Осы кезде тау-кен ісі алғашқы бастау алады. Қыш құмыра жасау, тоқымашылық дамиды. Неолит кезеңінің әлеуметтік жағдайында рулық қоғам өмір сүрді, онда ұжымдық еңбек және өндіріс құралдарына жалпы меншік билік етті. Сонымен бірге бұл кезеңде қоғамдық ұйымдастыру формаларының жоғары дамуы орын алды: тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылды. Тайпалар қандас туыстар біріккен, шаруашылықтары да біріңғай сипатты бірнеше рулық қоғамдардан, яғни рулықтардан тұрды.

Мәдениеті

Осы неолит дәуірінде болашақтағы жаңа деңгейдегі мәдениеттің, яғни дамыған қола дәуірі қоғамының бастапқы алғы шарттары немесе негіздері құрылды.

Әдебиетте ежелгі тайпалар шаруашылығындағы осы кезеңдегі түбірлі өзгеріс «неолиттік революция» деген атақ алды. Азық өндіруге көшу, жеуге келетін өсімдіктерді, әсіресе астық тұқымдастарды саналы түрде өсіру, малдарды үйрету, өсіру және сұрыптау адамдардың отты меңгергеннен кейінгі тарихындағы ұлы экономикалық революция болып табылды. Ол адамның өзінің қол астындағы азықтың сенімді және бай көздерін пайдалануына керемет мүмкіндіктерді бере отырып, оның тарапынан тек күш салуды ғана талап ететін мүмкіндікті ашты.

Неолиттік тайпалардың бұл дәуірдегі түрлі мәдени ареалдарында даму деңгейлері біркелкі болған жоқ. Далалық аймақтарда айтарлықтай өзгеріс бола қоймады, мұнда бұрынғыдай аңшылық және балық аулау тіршіліктің негізгі көзі болып қала берді. Ауа райының континенталдылығы халықтың өсуіне жағдай туғыза алмады, және де мұндағы табиғи қорлар (тамақтың «дайын көздері») халықтың қажетін өтеуге толық жетіп отырды.

Тұрақтар

Неолитте Қазақстан аумағында бұлақтық тұрактар кең тараған, өйткені оның қуаңдалалы аймақтарында ірі өзендер желісі аз. Бұлақтардағы тұрақтар уақытша, маусымды сипатта болады. Қуаңдалалық Қазақстандағы неолиттік ескерткіштердің ерекшеліктерінің бірі - ашық түрдегі тұрақтардың көп болуы.

Барлық тұрақтардан жергілікті материалдан жасалған тас құралдар табылған: садақ пен найзаның ұштары, балта, қашау, пышақ, қырғыш. Белгілі бір құралды жасағанда тас жыныстарын бөліл іріктеу орын алған. Шикізаттың әр түрлілігі оларды өңдегенде және жетілдіргенде әр түрлі техникалық әдістерді дамытуға әсерін тигізген. Қазақстандағы неолиттік ескерткіштер бірнеше аумақтық топқа бөлінеді, ол мәдениеті жағынан бір-біріне жақын туыстас тайпалардың өмір сүру аудандарына сәйкес болуы мүмкін.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақстан тарихы (Ерте заманнан қазіргі кезге дейін) 4-томдық. - Алматы. Т. 1, 1996.
Ақ Орда (мемлекет)

Ақ Орда - Алтын Орданың шығысындағы протоқазақтық ұлыс, кейіннен тәуелсіз мемлекет.

Ақсу-Арыс

Ақсу—Арыс — тас дәуірінің орны. Шәуілдір ауылынан батысқа карай 10 км, Арыс және Ақсу өзендерінің Сырдарияға құяр сағасындағы екінші сөреден табылған.

1974 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының тас дәуірін зерттеумен шұғылданатын отряды (жетекші Х.Алпысбаев) тапқан. Ақсу—Арыс ескерткішінің материалдары толық жарияланған жоқ. Х.Алпысбаев ғылым есебінде ғана азды-кемді мағлұматтар келтірген. Тас құралдарын (тас жаңқа, қол шапқы, өзектас, т.б.) зерттеуші кейінгі мустье уақытына жатқызған. Тас коллекциясындағы бірқатар тас жаңқалары екінші рет өңделген.

Ежелгі дәуірдегі Қазақстан

Тас дәуірі палеолит, мезолит және неолит болып үшке бөлінеді. Әуелгі палеолиттің өзі үш дәуірге бөлінеді. Олар олдувай (2,6 млн.-700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың -150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың -31-30 мың жыл бұрын) дәуірлері. Тас құралдарының мынадай түрлері болды: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, пышақтар.

Кіші жүз

Тағы қараңыз: Қазақ жүздері

Кіші жүз – Қазақстанның батыс аймағын мекендеген рулар мен тайпалар одағы. Қазақ халқының этникалық құрамына енеді.

Көл қонысы

Көл қонысы - Қостанай маңындағы неолит қонысы.

Мезолит

Мезолит (мезо… және грек. lіthos – тас) — орта тас ғасыры, палеолит пен неолит аралығындағы тас дәуіріне жататын кезең. Бұл терминді 19 ғасырдың 70-жылдарының аяқ кезінде швед ғалымы О.М. Торелль енгізді. Еуропа мезолитті шамамен б.з.б. 9 — 5-мыңжылдықтарды, Таяу Шығыста ол б.з.б. 10 — 7-мыңжылдықтарды қамтиды. Ғалымдар арасында мезолиттің тарихи-мәдени, хронологиялық шегі жөнінде әртүрлі пікірлер бар. Материалдық мәдениеттің даму тұрғысынан қарағанда мезолит палеолиттің жалғасы болып табылады, бірақ бұл дәуірде өнім өндірудің алғышарттары қалыптаса бастайды, ол өз кезегінде мезолитті неолит дәуірімен тығыз байланыстыра түседі. Сондықтан бірқатар археологтар бұл термин орнына эпипалеолит (палеолиттен кейінгі), ал кейінгі мезолитке протонеолит сөзін қолданып келді. Кейбіреулері жоғары палеолит пен мезолитті қосып миолит деп те атады. Мамандардың көпшілігі тас өңдеу техникасындағы ерекшеліктер арқылы мезолитті басқа дәуірлерден ажыратуға болады деген пікірді ұстанды. Тас құралдарын дайындау мезолитте одан әрі жетіле түсті. Сегмент, трапеция, үшбұрыш түріндегі ұзындығы 1 — 2 сантиметр геометриялық шақпақтас құралдары шыға бастады (Микролит). Палеолиттен мезолитке көшу ауа райындағы өзгерістерге, ең алдымен, бірнеше мыңжылдықтарға созылған мұз дәуірінің аяқталуына байланысты. Б.з.б. 10-мыңжылдықтар шамасында қазіргіге жақын гидрографиялық торап, фауна мен флора пайда болды. Адамзат тарихындағы ең алғашқы экономикалық дағдарыс палеолит дәуірінің соңында болып өтті. Бұл кезде адамдар саны арта түсті. “Мамонттық фауна” құрамына кіретін жануарлар түрлері жойылды. Бұрынғы аңды қаумалап ұстау, қуалап аулау, тағы басқа аңшылық әдістер маңызын жойды. Осы кезде мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы — садақ пен жебе пайда болды. Ол ұсақ әрі жүйрік аңдарды, тіпті құстарды да аулауға мүмкіндік берді. Оның ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуындағы шын мәніндегі төңкеріс болды. Енді жекелеген аңшылар қауымға онша тәуелді болмай, өзі-ақ аң аулауға шыға алды. Нәтижесінде қауымдар ыдырап, кезбе аңшылықтың рөлі күшейді. Голоцен кезеңінде жылынған күн терімшіліктің маңызын арттырып, неолит заманында қалыптасқан егіншіліктің алғышарттарын жасауға ықпалын тигізді. Мұздық ерігеннен кейін судың мол болуы балықтардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туғызды. Бұл балық аулау тәсілдерін жетілдіруге ықпал жасады. Адамдар иілген қармақтарды, ауды, гарпундарды пайдаланып, балық аулаумен айналысты. Алғашқы қайық түрлері мен ескектер жасалынды. Ит қолға үйретілді. Ежелгі адамның өмір салты өзгерді, аң аулауға қолайлы алаптарды іздестіріп жиі қоныс аударып отырды. Қазіргі таңда Қазақстан жерінен мезолит ескерткішінің 50 шақты орны табылған. Олар негізінен Оңтүстік Қазақстан жерінен (Жаңашілік 1 — 3, Маятас, Бөген, тағы басқа), Қаратаудан (Соркөл, Шаханта, тағы басқа), Есіл маңынан (Мичурин, Боголюбово — 2, Явленко — 2, тағы басқа), Атбасар төңірегінен (Тельман-7, -8а, -9а, -14а, тағы басқа), Сарыарқадан (Әкімбек, Қарағанды-15, тағы басқа), Торғайдан (Тұз, Дүзбай-6, Евгеньевка, тағы басқа), Батыс Қазақстан облысынан (Сарыайдын, Шәуші, тағы басқа), Екібастұз төңірегінен (Талдыөзек-21, Шідерті, тағы басқа), Маңғыстаудан (Шақпақата-2, Қызылсу-1, тағы басқа) табылды. Қазақстан аумағында мезолит кезеңі осы кезге дейін аз зерттелген. Бұл уакытгың материалдык мәдениеті туралы алғашкы ақпарат 50-жылдарда ғана пайда болды25.70—80-жылдардағы В.Ф. ЗайберттіңЕсіл өңірінде, В.Н. Jlor- ішннің Қостанай маңы мен Торғайда жүргізген далалық зерттеу жұмыстары ғана мезолит және онын далалық өңірдегі айрықша белгілері туралы жалпы сипатта алғашқы түсініктер алуға мүмкіндік берді. 80-жылдардын аяғы мен 90-жылдардың басында Батыс және Оңтүстік Қазақстанда археологиялык зерттеулер жандандырылып, бірнеше жаңа тұрак ашылды.

Палеолиттен мезолитке (грекше «мезос» — орта деген сөзден шыққан) көшу климаттағы өзгерістермен ерекше болды. Бірінші кезекте бұл мұздықтардың еруімен байланысты. Бұл кезде қазіргісіне жақын гидрографиялық желі орнығып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қазіргісіне жақын құрамы қалыптасады. «Мамонттық» жануарлар түрлерінің жойылуы тамакқ табудың бұрынғы әдістерін (камалап аулау және т. б.) жарамсыз етіп, тіршілік кұралдарын қамтамасыз етудің жаңа әдістерін жедел іздестіру қажеттігін тұгызды. Мейлінше елеулі фауналық өзгерістер болган бір аймақтарда егіншілік және мал шаруашылыгы элементтері пайда болып, баскаларында балық аулау және жинау — аңшылык кәсібі калыптасады. Әдебиетте мезолиттің мейлінше әp түрлі хронологиялық шеңберлері мен оның ерекше сипаттамалары бар. Қазақстан аумағының далалық өңірі үшін ең қолайлысы мезолиттің б. з. б. X — VII мыңжылдықтар бойы болуын мойындау керек. Садақ пен жебенің кеңінен қолданылуын, еңбек құралдарын дайындауда сына техникасының таралуын, халықтың орың ауыстыруының артуын мезолиттің ең жалпы ерекше белгілері деп санауға болады. Мәдени-шаруашылық үлгілердің және еңбек құралдарын дайындау технологиясы сипатының аймақтық ерекшеліктері археологиялык мәдениетті бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

Тас ғасырының аяғына карай далалық-орманды далалық өңірдегі жабайы жануарлардың түр кұрамы едәуір артып: жылқы, коян, сутышқан, кұндыз, касқыр, түлкі, аю, кабан, елік, бұлан, қарақұйрык, киік, бизон, түр болды . Олардың арасында жануарлар үйірлерінің саны жеткіліктігіне байланысты сонау палеолит дәуірінде калыптаскан тобырлы түрде қамалап және қуалап аулау дағдысы жойылмады. Бірақ Қазақстан тұргындарының өмірінде аң аулаудың жеке әдістері жетекші маңыз алады.

Алғашкы аншылар жоғарғы палеолиттің өзінде-ақ жайғаскан жерлерінен аңды қамалап аулауға тиімді орындарға қоныс аударды. Бұл табиғат аймақтарының ауысуына ғана емес, халык санының ұлғаюына да байланысты: аң аулайтын жер таршылық етіп, тұрғындардың бір бөлігі барған сайын алыс солтүстікке, Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Орал озендерінің аңғарлары- на қоныс аударады. Мезолиттік тұрактар осы кезге дейін палеолитгік орындар табылмаған жерлерде пайда болады. Сонымен бірге бүкіл Қазақстан аумағында осы кезге дейін жиырма шақты ғана мезолиттік тұрактар мәлім және солар ғана жақсы зерттелген, ал палеолитгік (неғүрлым ертедегі) тұрактардың қазірдін өзінде тіркелгені жүзден астам. Бұл тұрғындар санының кемігенін білдірмейді. Ежелгі адамның өмір салты өзгерді, олар неғүрлым жиі қозғалып, аң аулауға қолайлы алаптарды іздестіріп жиі коныс аударып отырды. Сондықтан бүгінгі күні ортаңғы тас ғасырының тұрақтарын табуға байланысты қиындыктар туып отыр: өйткені олар көбінесе небәрі бір маусым ішінде ғана болып, олардың орнында материалдық калдыктар калмады деуге болады. Сонымен бірге б. з. б. VIII мыңжылдыкка карай қазіргісінен әлдеқайда жұмсақ болған жылы климат ұзақ мерзімді, жылы және баска тұрғын жайлар салуды қажет етпеді, сондықтан аңшылар өз тұрактарының орнын оңай әрі тез ауыстырып отырды. Қызылжар каласына жақын Есіл бойынан Мичурин, Боголюбов-2, Явленко-2 түрақтары табылды. Сәл оңтүстікте, Атбасар маңында—Тельман-7, — 8а, — 9а, — 14а, одан да оңтүстікте, Карағанды манында Әкімбек және Қараганды-15 тұрақтары бар. Көкшетау маңындагы далалық Шағалалы жағалауындағы Виноградовка-2а, — 12 тұрак- тары мәлім. Торгай ойпаңы ауданында — Дұзбай-6, Қостанай қаласы манында Дачная және Евгеньевка түрақтары орналаскан29.

Әлбетте тұрақтар өзендер мен көлдердің жағасына орналасатын. Жоғарыда айтылғанындай, тұргын үй кұрылыстарының калдыктары сақталмаган. Есіл өзені аңгарында көлемі 40—60 шаршы метр, каңқасының қабырғаларының бөренелері терең көмілмеген жеңіл, тік бүрышты кұрылыстар болған деп жорамалдауға ғана болады. Сондай-ақ лашық тәрізді тұрғын жайлар салынған, олардың орындарында шағын шұңқырлар ғана калган.

Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы — садақ. Шынына келгенде адамга ол жоғаргы палеолитте мәлім болған, бірақ оның кең таралуы жеке аң аулауға көшуге байланысты ғана мейлінше қажет болды. Садақ пен жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Сайып келгенде бұл ежелгі адамның шаруашылык өміріндегі түбірлі өзгерістерге жеткізді. Садак пен жебе барлық жерге дерлік тез таралды. Ол 10 мың жылдан астам уақыт бойы ең тез атылатын және ең жаңа кару болды. Оның найза мен шанышқыдан артықшылығы нысананы алыстан атуында ғана емес, сонымен катар ату әдістерінің алуан түрлі: тұрып та, жатып та, отырып та атуға болатындығында еді.

Мезолитте еңбек күралдарын дайындау техникасында да одан әрі принципті өзгерістер болды: олардың мөлшері тастың мөлшеріне байланысты болтан жоқ. Бұл қыстырма техникасының арқасында мүмкін болды. Оның мәні мынада еді: заттың (пышақтың, канжардың, жебе мен найза үшының) негізі сүйектен немесе ағаштан жасалды. Олардың негізінде ұзынша қиықтар-саңылаулар жасалып, оларға ұзындығы 2—1 см пышақ сияқты тасқалақшадан істелген өткір ұш салынып, қара маймен немесе қара майлы затпен бекітілді. Сөйтіп осындай қалақша бейімделген нұсқаның түпкі түрі ретінде (оның үстіне Қазақстан аумағында ғана емес, іс жүзінде бүкіл әлемде) кеңінен таралды. Бейімделген нұсқаны қосымша өндеу және оларды негізге немесе сапқа бекітудің әр түрлі әдістері арқылы іс жүзінде кез келген еңбек кұралын дайындауға болатын еді. Сол кезде олардың жаппай таралғандары мыналар: жебелердің, шанышкылардың, найзалардың үштары, тері өндеуге арналған қырғыштар мен сүргілер, пышақтар, әр түрлі түйреуіштер, теріні, сүйек пен ағашты өндеуге, саңылау тесуге арналған сүргілер мен біздер, кескіштер, жебе сабын өңдеуге арналған қырғылар. Тас сыныктары- нан көбінесе кырғыштар жасалған.

Қазақстан мезолиті ескерткіштерінен табылған материалдық калдықтар кешенінің Оңтүстік Орал, Батыс Сібір, Шығыс Каспий маңы өңірі ескерткіштерінен елеулі айырмашылықтары жоқ. Жебелер үштарының түріндегі және бейімделген нұсканы қосымша өндеу әдістеріндегі болмашы айырмашылықтарды ғана атап өтуге болады. Мысалы, Мичурин, Дүзбай-6, Дачная тұрақтарындағы геометриялык нысанда кыстырмалар жоқ. Сонымен бірге бұлардағы кыстырма қалақшалар тым шағындығымен ерекшеленеді, сондықтан «микролиттер» деп аталған. Бұл ерекшеліктер аумақтықта, хроноло- гиялык та бола алатын еді. Маңғыстау түбегінің мезолиттік мәдениетінің қалыптасуы туралы мәселе адамның Арал-Каспий суайрығын игеру тарихымен өзара тығыз байланысты31. Маңғыстаудың мезолипіктүрағы (Кызыл- су- 1 және баскалар) мен Солтүстік-Батыс (Айдабол тобы) және Оңтүстік- Батыс (Дефе-Шығанак) Үстірттің соларға жақын ескерткіштері ұшты қырғыштардың үлкен тобымен, жиектері ұсақ оймалы және иілген қырғылармен, ассимметриялы және сирек болса да симметриялы трапециялармен, «шағын кескіштермен», кескіштермен, сабынан суырылатын жапырақ сияқты жебе ұштарымен, қыстырмалармен, ұшы қиғаш өткір бізімен, қалакшалармен және қабаттары өнделген ұшы бар сынық тастармен сипатталады.

Неолит

Неолит, жаңа тас дәуірі (грек. neos – жаңа және lіthos – тас) – шамамен б.з.б. 5500 – 3000 жылдарды қамтитын тас дәуірінің ең соңғы кезеңі. Н-тің қалыптасуы мен аяқталуы жер шарының әр түрлі аудандарында әр қилы уақытта өтті. Еуропа, Азия мен Африканың көптеген табиғи-климаттық аймақтарында негізінен Неолиттің хронологиялық шеңбері б.з.б. 6 – 4-мыңжылдықтардан басталып, б.з.б. 3-мыңжылдықта аяқталды. Қазіргі мәліметтерге қарағанда Таяу Шығыстағы ең ежелгі егінші-малшылар мәдениеті б.з.б. 8 – 7-мыңжылдықтарға жатады. Қытайда б.з.б. 4 – 3-мыңжылдықта (Яншао), Еуропада (Македония) б.з.б. 7-мыңжылдықтың соңында пайда болды. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай — бұлақтык, өзендік, көлдік, үңгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді. Әдетте өзендік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір көп заттар табылады; мұның өзі бұл жерлерде адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғанын көрсетеді. Мүндай тұрақтардағы негізгі құрал-саймандар — пышақ тәрізді қалақтар және солардан жасалған заттар. Қазақстан аумағында бұлақтық тұрақтар неғүрлым көп тараған, өйткені шөл және шөлейт аймақтарда өзендер аз болады. Бұлақтардың жанындағы төрақтар — көбінесе кезбе аңшылардың уақытша маусымда тұрған жерлері. Қазақстанның шөл даласындағы неолиттік ескерткіштердің бір ерекшелігі сол, олардың көпшілігі — ашық үлгідегі тұрақтар. Барлық тұрақтарда жергілікті материалдардан жасалған тас құралдар — жебелер мен найзалардың ұштары, балталар, қашаулар, пышақтар, қырғыштар табылды. Белгілі бір құралдарды жасау үшін тастардың түрлері сараланып, іріктеліп алынатын болды. Шикізаттың алуан түрлі болуы оны ұқсатудың әр түрлі техникалық тәсілдерің дамытып, жетілдіруге себепкер болды. Қазақстанның неолиттік ескерткіштері бірнеше аумақтық топ құрайды, бұл топтардың мәдениеті жатынан бір-біріне жақын, туыс тайпалардың мекендеген аудандарына сай келуі ықтимал. Дала неолитің Ежелгі Шығыс елдерінің мәдениеті дамуының ұксас кезеңдерімен салыстырған кезде мезолит дәуіріне қарағанда бұл уақытқа карай түрлі аумақтарда тарихи дамудың біркелкі болмауы бұрынғыдан да айқын аңғарылатынын есте сақтау керек. Егер далада неолиттің хронологиялық шеңбері б. з. б. VI — IV мыңжылдықтың орта шені шегінде белгіленсе, Алдыңғы Азия үшін ол б. з. б. VIII — VI мыңжылдықтарды қамтиды. Өндіруші шаруашылықтың негіздері де нақ сонда қалыптасады. Әдебиетте алғашкы тайпалар шаруашылығындағы түбірлі өзгерістер «неолиттік революция» деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді, әсіресе дәнді өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге, өсіруге және іріктеуге көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін меңгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды. Ол адамның өз бақылауында болып, оған шексіз дерлік мүмкіндік беретін және одан мұны талап ететін неғұрлым бай және сенімді тамақ көзін пайдалануға мүмкіндік берді. Неолитте Ежелгі Шығыста дәнді дақылдардың барлық түрлері, көкіністердің, жеміс-жидектердің едәуір түрлері өсіріліп, қазіргі үй малының барлық түрлері қолға үйретілді деуге болады. Ал жылқы энеолитте Еуразия далаларында қолға үйретілді — бұл оқиғаны «неолиттік революцияның» маңызды компоненттерінің бірі деп атауға және оның аяқталуы деп қарастыруға болады. Бірақ далалық аймактың неолиттік қоғамының шаруашылығында ерекше өзгерістер әлі де бола қойған жоқ — мұнда бұрынғысынша тамақ табудың негізгі көзі аң және балык аулау болды. Сірә, континенттік климат халық санының артуына қолайлы болмай, табиғи ресурстар халык қажеттерін қанағаттандыруға әбден жеткілікті болса керек. Жерорта теңізінің неғүрлым жұмсақ және бірыңғай климаты аймақта демографиялық жағынан артық жағдай туғызып, Шығыс елдерінде адам аң, балық аулау мен жиын-терінге қоса косымша тамақ көздерін өте ертерек іздестіруге мәжбүр болды, өйткені коғамның қажеттері табиғи ортаның сол кезде болған мүмкіндіктерінен асып кеткен еді.

Орта жүз

Тағы қараңыз: Қазақ жүздері

Орта жүз – қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық және мәдени бірлестігі. Орталық және солтүстік шығыс Қазақстанды мекендеген қазақ тайпаларының одағы болған.

Палеолит

Палеолит (палео... және грек. lіthos – тас) – ежелгі тас дәуірі. Адам мен оның шаруашылығы қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы қауым адамы жабайы өсетін дәндерді, жеміс-жидектерді жинап, жануарларды аулаған.Палеолит дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапкы кезеңі алғашқы тобыр — бірлесіп корғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын-терін үшін бірлесу болды. Бұл әлеуметтік құрылым бейнесіздігімен, қоғамдық катынастардың жетілмегендігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге оған неке байланыстарының кейбір реттелгендігі тән болды. Алғашқы тобыр төменгі палеолиттің алдыңғы кезендерінің бірі — ашель дәуіріне сәйкес келеді. Ашель уақытында жаңа әлеуметтік организм — алғашқы қауымның алғышарттары бірте-бірте толыса бастайды. Ал мустье дәуірінде жынысы мен жасына қарай табиғи еңбек бөлінісі болады, қауымның бастапқы нысандары шыға бастайды. Әлеуметтік жағынан алғанда соңғы палеолиттегі адам ұжымы жаңа межемен — алғашқы кауымның толысқан нысандарының қалыптасуымен сипатталады.

Палеолит – қазбадан табылған ежелгі адамдардың, сондай-ақ қазбадан табылған, бірақ қазіргі уақытта құрып кеткен жануарлар дүниесінің өмір сүрген дәуірі. Ол алғашқы екі үлкен дәуірдегі төртінші геологиялық кезеңге – эоплейстоцен мен плейстоценге сай келеді. Палеолит дәуірінде жердің климаты, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қазіргіден әлдеқайда өзгеше болған. Палеолит дәуірінің адамдары қарапайым тас құралдарды пайдаланған, оны өндіруді және қыштан ыдыс жасауды білмеген. Олар аңшылықпен және тағамдық өсімдіктер жинаумен айналысты. Балық аулау жаңадан жандана бастаса, егіншілік пен мал шарушылығынан хабарсыз еді. Палеолит дәуірінің басталуы (2 млн-нан астам жыл бұрын) жерде адам тәріздес маймылдар түріндегі архантроптардың пайда болуына сай келеді (қ. Олдувэй мәдениеті). Палеолиттің аяқталуы б.з.б. 12 – 10 мың жылдар шамасы. Бұл – Палеолит пен неолит аралығындағы мезолитке өту кезеңі. Палеолит, негізінен, ежелгі (төменгі, ертедегі) және кейінгі (жоғарғы) Палеолит болып екіге бөлінеді. Ежелгі Палеолит шегі ертедегі археологиялық дәуір іздері ежелгіден бастап бөлшектенеді: Олдувэй (шелльге дейінгі немесе малтатас мәдениеті) адамзат тарихының басы; ежелгі ашель (аббевиль немесе шелль мәдениеті); орта және кейінгі ашель, мустье мәдениеті. Кейінгі Палеолит дәуіріндегі бөлшектену тек жергілікті сипат алды. Көптеген зерттеушілер Палеолитті екіге емес, үш бөлікке айырып, мустье мәдениетін орта Палеолитке жатқызады. Олдувэй дәуірінде Палеолиттік "Homo habіlіs" өмір сүрді. Ежелгі ашель мен орта және кейінгі ашель дәуірінде питекантроп, синантроп, т.б. архантроптар түрі, мустье мәдениеті кезінде неандертальдар (палеоантроптар) өмір сүрді. Кейінгі Палеолит кезінде қазіргі адам түрі "Homo Sapіens" (неоантроп) пайда болды.

Адам баласы Солтүстік Африкаға қоныстанды. Аляска, Калифорния жерлеріндегі ескерткіштердің ең ежелгісі кейінгі Палеолиттен ары аспайды. Зерттеушілер Американы адамдар б.з.б. 35 – 40 мың жылдар бұрын қоныстанған деп есептейді. Жапон аралдарын қашан қоныстанғандығы жайлы нақты мәлімет жоқ. Мұндағы 80-дей Палеолиттік ескерткіштердің жас шамасы 30 мың жылдан асады. Бұл кездегі анималистік үңгір бейнелеу өнерінде сүйек пен тастан антропоморфты мүсіндер қалдырған. Қазіргі таңда Палеолиттік бейнелеу өнері сақталған 40 шақты үңгірлер зерттелген (қ. Қап үңгірі). Палеолиттік өнер қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Ол суреттер, мүсін және графика арқылы бізге жеткен ежелгі адамдардың дүниетанымын бейнелейтін өнер туындылары ғана емес, байырғы адамдар өмірінен мәлімет беретін құнды дерек көздері болып табылады.

Мысалы, Палеолиттік әйелдер мүсіні сол замандағы адамдардың эстетикалық талғамын көрсетеді. Қазақстанда Палеолиттік өнер туындылары әлі табылған жоқ. Бірақ мұнда Африка мен Еуропадағы архантроптар, палеоантроптар мен неоантроптар замандастары өмір сүргендігін айғақтайтын деректер жеткілікті. Қазақстанда, соңғы мәлімет бойынша, 450-дей Палеолиттік ескерткіш орындары анықталған. Ең ежелгі ескерткіштер Қаратау жотасынан табылған. Мұндағы Тәңірқазған, Бөріқазған, Шабақты, Ақкөл, т.б. тұрақтар материалдары шелль-ашель дәуіріне жатады. Қаратау тас құралдары тұрпаттары және оларды өңдеу тәсілдері Африка, Үндістан, Пәкстан мен Қытай жерлерінен табылған бұйымдарға ұқсас. Ашель дәуірінің тұрақтары Орталық Қазақстаннан (Қойтас, т.б.), Ертіс алабынан (Қазыбай), Мұғалжар тауларынан, Маңғыстаудан көптеп табылған. Қаратау жотасынан (Тоқалы, Қызылрысбек, Алғабас, Үшбұлақ, Шабақты, Дегерес, т.б.), Орталық Қазақстан мен Жоғарғы Ертіс өңірінен (Обалысай, Мұзбел, Жаман Айбат, Қосмола, Батпақ-8, 12, Құдайкөл, Қанай, т.б.) ашель мен мустье замандарына жататын ескерткіштер зерттелген болатын. Мустье құралдарының негізгі түрлері үшкіртас пен қырғыштан тұрды. Кейінгі Палеолитте тас құралдарын жасау техникасы жетілдірілді. Мустье дәуіріндегі дөңгелек және үшкіл өзектастар орнына призма пішіндес өзектастар пайдаланылды. Бұл кез ескерткіштері (Уәлиханов атындағы тұрақ, Қарабас-3, Бұқтырма, Свинчатка) алдыңғы уақыттарға қарағанда аз зерттелген. Бірақ қолдағы мағлұматтар Қазақстанда адамзат қоғамы үздіксіз дами бергендігін дәлелдейді. Еуразияның кең-байтақ кеңістіктеріндегі шөл, шөлейт аймақ пен далаларда кейінгі 35 жыл ішінде тас ғасырының көптеген тұрақтары табылып зерттелді. Еуразияның куаңшылық аймағы бетінің кұрылысында асқар биік таулар мен қыраттардан бастап ойпат далаға дейінгі мейлінше алуан түрлі жер бедерлері бар. Әлбетте, жер бедері мен көрінісінің бұлайша алуан түрлі болуы мен олардың қуаң аймақта орналасуы ертедегі гоминидтер мекендерінің алуан түрлі ғана емес, сонымен қатар ұқсас болуына да жағдай жасады. Қуаңшылықты өңір аймақтарына эволюциядағы айырмашылық пен оның ұзаққа созылуы, жер аумағын игерудің бастапқы кезеңіндегі ерекшеліктер, сондай-ақ гоминидтердің шығуы мен эволюциясы тән. Бірақ қуаң аймақтың бір сипатты ерекшелігі бар, ол ашық (жер бетіндегі) үлгідегі тұрақтардың өте басым болуы. Олардың көбі кешенді болып келеді және адамдардың ежелгі бабаларының белгілі бір геоморфологиялык жағдайда өте ұзак уақыт (екінің бірінде жүз мыңдаған жылдар бойы) болған іздерін көрсетеді. Өзінің қуаң өңірдегі жағдайына, жер аумағының кендігіне және табиғи-ландшафтық өңірінің алуан түрлі, жер бедері үлгілерінің көп мөлшерде болуына қарай Қазақстан Еуразияның қуаң өңірінің палеолитін зерттеуге модель бола алады. Қазақстан аумағында ежелгі гоминидтер пайда болуының алғышарттарын адамзат тарихындағы өтпелі және ең маңызды кезендегі геологиялық-географиялық жағдайларды негізге ала-отырып іздестіру керек, ал ондай кезең плиоценнің екінші жартысы болып табылады. Ең ертедегі гоминидтердің Африка кұрлығынан бастап қазіргі қуаң өңір мен Сібір аумағына дейінгі кең-байтақ жерде анықталған іздері алғашқы адамдардың өте ауқымды кеңістікте қоныстанғаның дәлелдейді. Қазір бір нәрсе айқын: 1,5 — 1 млн жыл дәуірінде-ақ Каспий маңы ойпатының ашық кеңістіктерінде, Тұран далаларында, Моңғолия мен Солтүстік Қытайда гоминидтердің тұрақтары болған.

Тас дәуірі(Палеолит)

Тас дәуірі – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 1 млн. 800 мың – 8/7 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Т. д. ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған.Ертедегі тас дәуірі – адамның және оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Палеолит дәуірінде адамдардың қоғамдық ұйымдары өте күрделі және ұзақ даму жолынан өтті. Бастапқы кезеңде жабайы үйір пайда болды. Ол ерте ашелъге сәйкес келеді. Осы кезеңде бірте-бірте жаңа әлеуметтік организмнің, яғни алғашқы қауымның пайда болуының алғы шарттары қалыптаса бастады. Іс жүзінде алғашқы қауымның жетілген түрлері тек кейінгі палеолитте ғана қалыптасады. Ол, көптеген зерттеушілердің пікірінше, прогрессивтік дамудың алғашқы айқын нышандарының бірі болып, неандертальдықтардын кәзіргі адам түріне айналу кезеңімен түспа-тұс келді.Тас дәуірі үшке бөлінеді:1.Ежелгі тас ғасыры(палеолит),2.Орта тас ғасыры(мезолит),3.Жаңа тас ғасыры(неолит).Палеолиттің өзі үшке бөлінеді:1.Ерте палеолит(б.з.б. 2,5 млн жылдан 100 мыңжылдықтар арасы).2.Ортаңғы палеолит немесе мустьер дәуірі(б.з.б.100-40мыңжылдықтар арасы ).3.Кейінгі палеолит(б.з.б. 40-12 мыңжылдықтар).

Ташкент хандығы

Ташкент хандығы — Орта Азиядағы ортағасырлық қазақ мемлекеті.

Хандықтың тарихын бірнеше кезеңге бөлуге болады:

Бұхар хандығы құрамында.

Қазақ хандығының вассалы.

Тұрсын Мұхаммед ханның тәуелсіз билігі.

Түркістан (қала)

Түркістан (қаз. ٴتۇركىستان) — Қазақстандағы қала, Түркістан облысының әкімшілік орталығы. .

Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар. Бұл қалада Қожа Ахмет Ясауи өзінің уағызшылық қызметін жүргізген. Кесене аумағында Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Қанжығалы қарт Бөгенбай батыр тағы басқалар жерленген

Қаланың іргетасы біздің заманымыздың

1-мыңжылдықтың бас кезінде каланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дәуірі ескерткіштері — Шоқтас, Қошқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтан Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңіріндегідей Андронов мәдениетін жасаушылар тұрған. Түркістанның ежелгі аты — Ясы. Архео¬логтар ертедегі Ясының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. 7—12 ғасырлар- да Түркістан төңірегі Шауғар өңірі атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. 9 ғасырда қарлұқтар мен оғыздардың қол астында болды. Бұл өңірге 809-819 жылы аралығында Хорасан билеушісі әл-Манун, 10 ғасырдың соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық жорықтар жасаған. 12 ғасырдың 1-ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Ясы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Ясауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ-даңққа бөленді. Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан кейін оның қабірі басы¬на мазар тұрғызылды. Ол касиетті орын деген атқа ие болды. Қаланың Ұлы Жібек жолының бойында, Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы, географиялық жағдайдың қолайлылығы, сонымен бірге адамдардың мазарға төуөп етуі, сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті. Ясы қаласы туралы деректер 13 ғасырда жарык көрген Киракос Гандзакенцидің "Армения тарихы" атты еңбе¬гінде кездеседі. Бұл еңбекте Ясы қаласы Асон деген атаумен берілген. Ясы атауы 14 ғасырдан бастап тарихи шығармалардың беттерінде жиі көріне бастады. Шараф әд-Дин Әли Йездидің хабарларына қарағанда, 1388 жылы Ясыны Тоқтамыстың әскерлері талқандап, түрік тайпаларының қасиетті мекеніне айналған Қожа Ахмет Ясауи мазарын тонайды. Әмір Темір Тоқтамысты талқандағаннан кейін жаулап алған олжаның бір болігін Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салуға жұмсайды. Ясы орта ғасырларда Орта Азия ғимараттары үрдісі бойынша дамыды: қамал, шахристан, рабад қалыптасты.

15 ғасырдың 1-жартысында Шараф әд-Дин Әли Иезди Ясыны шағын елді мекен болды деп атап көрсетсе, ал 16 ғасырда Рузбехан Исфахани "Михманнаме-и Бухари" атты шығармасында Ясыны былайша суреттейді: "Аса қасиетгі Қожаның сағанасы орналасқан Ясы қаласы өрісі кең әрі құнарлы жер, Түркістан аймағының орталығы. Ясы қаласына тауарлар мен қымбат бағалы заттар жеткізеді де, сол жерде оларды сату басталады. Сондықтан ол көпестердің тең-тең жүктерін шешіп, саяхатшылар тобын ор елге аттандыратын орын болды". 15—17 ғасырларда зираттың төңірегіне ақсүйектер күмбездері салынып, олардың ішінде Рабига Сұлтан Бегім (15 ғ), Есімхан (17 ғ.) күмбездері ерекше маңызды болды. 1579 жылы Ясы қаласы Ақназар ханның иелігіне айналды. Түркістан Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болды. Сол кезден Ясы қаласы Түркістан деп атала бастады. 18 ғасырда жоңғар шапқыншылықтары каланы құлдыратып жіберді. 1819—64 жылы Түркістан Қокан хандығының қол астына қарады. Сол кезеңде Түркістан қаласының аумағы 10 гектарға жуық болды. Оны балшықтан соғылған қамал қоршап тұрды. Қабырғада 12 мұнара мен 4 қақпа болған. 19 ғасырдың 60-жылдары Түркістанда 20-ға жуық мешіттер, 2 медресе, базар, 22 су диірмені, 5 мыңдай тұрғыны болды. 1864 жылы 11 маусымда Түркістанды Ресей әскер¬лері жаулап алды. 1872 жылдан уездік қала аталды. 20 ғасырдың басында Түркістан 1400 гектардай жерді алып жатты. 1903 жылы Түркістанда темір жолы вокзалы салынды. 1908 жылы 3616 үй, 41 мешіт, 2 класты қалалық училище, қыздар училищесі, 1 медресе, 23 мектеп, 2 шіркеу болған. Қала халқы 1910 жылы 15236 адам болды. Өнеркәсіп және сауда орындарынан 1912 жылы мақта тазалайтын, 10 май шайқайтын, 8 сабын қайнататын, кірпіш зауытттары, 15 су диірмені жұмыс істеді. 1918 жылы 6—9 каңтар аралығында Түркістанда Сырдария облысы қазақтарының съезі етті. Съез¬де Сырдария облысының Алаш автономиясына қосылу моселесі каралды. Онда Сырдария қазақтары Алаш автономиясына қосылған жағдайда Түркістан қаласы Алаш астанасы болады деген шешім кабылданды. Түркістан қаласы 1928 жылдан Түркістан ауданының әкімшілік орталығы. Қалада жөндеу-механик, мақта тазалау, жем, кірпіш зауыттары, темір-бетон бұйымдарын шығаратын, тұр¬мыс қажетін өтейтін комбинаттар т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Саттар Ерубаев мұражайы қызмет көрсетуде. 1991 жылы "Әзіреті Сұлтан қорық-мұражайы" ашылды. Түркістанда орта білім беретін мектептерден баска, арнаулы білім беретін оқу орындары бар.

1991 жылы Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің негізі қаланып, қазіргі кезде еліміздегі жетекші білім беру ордасына айналды.

ЮНЕСКО шешімімен Түркістан каласының 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтілді (2000).

Абай «Жиырма жеті жасында...» деген өлеңінде сүйікті ұлы Әбдірахманның ғылым іздеп, білімін жетілдіру барысында Түркістан өлкесімен таныс болғандығы жөнінде айтады.

Хасан Алпысбаев

Хасан Алпысбаев (6.11.1928, Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 30.4.1978, Алматы) — ғалым, Қазақстандағы тас дәуірі археологиясының негізін қалаушы, алғашқы қазақ археологтарының бірі.

1950 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген. Алпысбаев өмірінің соңына дейін Қазақстан FA Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология институтында қызмет атқарды. 1957—1960 жылы Қаратау палеолит отрядын, 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының тас дәуірін зерттеумен шұғылданатын отрядын басқарды. Қаратау өңірінен 200-ден аса тас дәуірі тұрақтарын тауып, ғылыми айналымға енгізген. Отырар алқабындағы Жаңашілік, Маятас, Шілік, Тасқотан, т.б. көптеген ескерткіштерді ашып, зерттеген. Оңтүстік Қазақстан өңірі ежелгі адамдар мәдениетін сипаттайтын ірі ошақтардың бірі болғандығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеген.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды.

Қазақстан тарихы

Қазақстан тарихы — Қазақстан аймағында адамның пайда болғаннан бастап қазіргі заманға дейінгі болған оқиғалар.

Қазақтар

Басқа мағыналар үшін Қазақ (мағына) деген бетті қараңыз.

Қазақтар — Орталық Еуразияны мекендейтін түркітілдес этнос және ұлт. Дешті-Қыпшақ даласын мекендеген көптеген этностар мен этно бірлестіктердің өзара араласуының нәтижесінде қалыптасты. Қазақтар ретінде Қазақ хандығының құрылуымен белгілі бола бастады. Тілдік құрылымы жағынан Түркі тілдес халықтардың солтүстік-батыс қыпшақ тобына жатады. Қазақ тілінде сөйлейдi.

Қазақтар Қазақстанмен көршілес Моңғолия (Баян-Өлгей аймағы), Қытай (Іле Қазақ аутономиялық облысы), Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан елдерінің жерін бірыңғай қоныстаған. Қазақстандағы қазақтар саны 12 млн. адам (2017 ж), әлемде шамасында 17 млн. адам құрайды.

Қарашаш

Қарашаш - қазақтың Жиренше шешенге байланысты тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкері, Жиреншенің әйелі.

Қарашаш туралы ертегілердің сюжеттері, көбінесе, шешендік жұмбақтар сарыны негізінде құрылған. Қазақ фольклорында "Қарашаш" деген атпен әйгілі болған типті бейненің қалыптасу тарихы өте ұзақ. Ол шешендік, тапқырлық, даналық туралы ертегілердің болу, қалыптасу және даму тарихымен тығыз байланысты. Бұлардың ең арғы түп-тамыры жаңа тас дәуірі мен бастапқы металл дәуірінде орын алған дәстүрлі ырымдар мен сол ырымдарға негіз болған наным-сенімдерден туған. Сондай шешен, даналық туралы ертегілер кейіннен Қарашаш пен Жәнібек хан Жиренше туралы аңызда дамып, қалыптасты. Қарашаш бейнесі - өз бойына фольклорлық дәстүрдің түрлі ерекшеліктерін сіңірген күрделі бейне. Қарашаштың есімі әрқашан да Жиренше шешен атымен қоса айтылып жүреді. Жиренше шешенмен байланысты ертегілер орта ғасырлардың бастапқы кезеңдерінде шоғырланып, құрала бастаған. Осыған қарағанда, шешендік жұмбақ, дана қыз туралы сюжеттердің Қарашаш атымен байланыстырылуы да осы кезден басталған.

Қарақытай мемлекеті

Қарақытайлар мемлекеті (1128-1213). Қарақытайлар. Олардың құрылуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита) б.з. 4 ғ. жазба деректерде моңғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің территориясын мекендеген. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық мұхитқа дейінгі жер Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қол астына өтеді.

1125 ж. Сунь Қытайы мен Чжурцжень мемлекетінің біріккен күші Ляо империясын құлатады. Қидандардың бір бөлігі чжурчжендерге бағынады, ал қалғандары Елюй-Даши басқаруымен батысқа қарай Шығыс Түркістан мен Жетісуға таман - жылжиды. Олар енисей қырғыздарының жерін басып өтіп, Еміл өзенінің бойына жетеді. Сол жерге аттас қала салады. Қидандардың батыс бөлігі Жетісудың бір бөлігіне қарап, жергілікті түркі тілдес халықпен араласып кетуі нәтижесінде, келімсектер қара қытай аталып кетеді.

1128 ж. Қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнды иемденуші өздеріне қысым жасаушы қаңлылар мен қарлұқтарға қарсы шығады. Қарақытайлар көсемі Елу Дашы Баласағұнды басып алып, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Жетісу, оңтүстік Қазақстан, Мәуереннахр мен Шығыс Түркістан қарақытай мемлекетінің құрамына кіреді. Қарахандар әулетін қарақытайлар өз вассалына айналдырады.

Қарақытай мемлекетінің басшысы Гүрхан деп аталады. Оның ордасы - Шу озенінің алқабында болатын. Баласағұн орталық болып қала берді. Әскерде тәртіп қатал болған. Ел ішінде аула басынан салық жинай жүйесі енгізіледі - әр үйден бір динардан салық алып отырады. Гүрхан жақындарына жер-суды тарту етпейді, олар бәсекеші болып кетеді деп қауіптенді. Қарақытайлар Жетісудың оңтүстік бөлігін, Исфиджабтың солтүстік-шығыс аймағын, Құлжа өлкесін басқарады.

Бірінші гүрхан Елюй-Даши 1143 ж. қайтыс болды. 1169 ж. оның баласы - Елюй-Чжилугу - таққа отырады. Өзі христиан болғандықтан, мұсылман дініне қарсы шығады. Оның Жетісудағы мұсылман халқын бағындыру саясаты қарсылыққа толы болды. 1208 ж. бастап Жетісуға қоңыс аударған найман тайпалары да осы ішкі саясатты бұзбайды. Жетісу аймағы өзара қырқыстар, мұсылмандық қозғалыстар орталығына айналады. Жетісудағы осы жағдай 1218 ж. дейін, яғни Шыңғыс-ханның әскері келгенше созылды.

Ұлы жүз

Ұлы Жүз — қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық және мәдени бірлестігі.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.