Сүлеймен пайғамбар

Сүлеймен пайғамбар, Соломон (Үлгі:Hebrew Name ISO 259-3 Šlomo; араб.: سليمان Sulaymān; гр. Σολομών Solomōn) – пайғамбар, Дәуіт пайғамбардың (ғ.с.) Құран Кәрімде аты аталатын ұлы. Діни аңыздар мен хикаяларда Сүлеймен пайғамбардың (ғ.с.) ұланғайыр билік, орасан зор даңқ пен ілімнің иесі болып, жан-жануарлардың, тірі жәндіктердің тілін білгендігі айтылады. Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) билігінің зорлығы сонша ол патшалығымен қатар жануарлар әлеміне де билік жүргізіп, жындар да оған бағынып қызмет жасайды. Сүлеймен пайғамбар зор биліктің, сән-салтанаттың иесі бола тұра аса кішіпейіл, әділетті, тақуа, ақыл-парасатты адам болғандығы айтылады. Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) әкесі Дәуіт пайғамбардың тәлім-тәрбиесін алып, патшалық таққа отырмас бұрын да, патша болған соң да өзінің кемеңгерлігімен әділ биліктер айтқан. Оның заманында мыс кендері табылып, ғажайып салтанатты сарайлар, сәндік және шаруашылық бұйымдары жасалды.[1] Сүлеймен-бәни Исраил Пайғамбары. Құранда 10 жерде есімі бар. Аллаһ Тағала оған Пайғамбарлық та, патшалық та берген. Әкесі Дәуіт қаза болған жылы, 12 жасыңда таққа отырған. Дау-дамайда әкесінің қасында жүріп, әділ үкім айтуға үйренген. Көп ұзамай Пайғамбарлық қонған.

SolomonsTemple
Қолжазбаларға негізделіп жасалған Сүлеймен кесенесі сызбанұсқасы.

Кұстың тілін білетін, желді, жындарды жұмысқа қосатын кереметі (мұғжизасы) болған. Іргетасын Дәуіт Пайғамбар қалаған Байт ал-Мухаддас Сүлеймен патша болғасын төрт жылда салынып біткен. Бала патша одан қаражат та, күш-қуат та аямай жұмсап, айналасын қамалмен қоршатқан. Сүлеймен - салтанатын әлемнен асырған ірі патша. Соғыс қарулары да, соғысу тәсілі де жоғары болыпты. Ибн Йсхақ риуаятында Сүлеймен өзінің 52 жылғы қысқа өмірінің 40 жылын патшалықпен еткізді деген дерек беріледі.[2]

Ислам

мақалалар тізбегінің бөлігі


Mosque02

Құрандағы Ислам пайғамбарлары

Елшілер мен пайғамбарлар

Адам عليه السلام.pngИдрис عليه السلام.png
Нұх عليه السلام.pngҺуд عليه السلام.pngСалих عليه السلام.png
Ибраһимعليه السلام.pngЛұт عليه السلام.png
Исмаилعليه السلام.pngИсхақ عليه السلام.png
Йақубعليه السلام.pngЮсуф عليه السلام.png
Әйюб عليه السلام.png
Шұғайб عليه السلام.pngМұса عليه السلام.pngҺарұн عليه السلام.png
Зул-Кифл عليه السلام.pngДәуд عليه السلام.png • Сүлеймен عليه السلام.pngІлияс عليه السلام.png
Әл-Йаса عليه السلام.pngЮнус عليه السلام.png
Зәкәрия عليه السلام.pngЙахйа عليه السلام.png
Иса عليه السلام.png
Мұхаммед

Сүлеймен
Birthplace әл-Құдыс
Place of death әл-Құдыс
Ізашары Дәуіт пайғамбар
Ізбасары Rehoboam
Consort Naamah, Pharaoh's Daughter, around 1000 other wives and concubines
Offspring Rehoboam
Royal House House of David
Father Дәуіт пайғамбар
Mother Bathsheba

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Дереккөздер

  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
  2. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Бақсы

Eжелгі түсінік бойынша тылсым әлеммен байланыс жасай алатын, тәуіптік, балгерлік, сәуегейлік, көріпкелдік, сиқыршылық, т.б. ерекше қасиеттері бар адам (“шағатай” тілінде бақшы).

Бақсылық ертедегі шаман дінінен сақталған ұғым. Ол кезгі сенім-нанымда: жан иесі тұрпайы денеден және нәзік болмыстан тұрады. Адам өлген соң тұрпайы денесін тастап, нәзік болмысымен жан баласы көріп-біле алмайтын жаңа бір әлемге рух түрінде өтеді; ол әлем — фәни өмірдің жалғасы, сондықтан рух онда түрлі қалыпқа еніп, әрекет жасайды; бұлар табиғат құбылыстарына да әсер етіп отырады деп түсіндірілді. Қазақтар олардың жақсылық істерді басқаратындарын аруақ, періште, перизат, т.б. десе, жамандық істерді басқаратындарын пері, шайтан, жын, албасты, жезтырнақ, т.б. деп атайды. Осы көне сенім бойынша Бақсы — әлгі тылсым әлеммен байланысқа еніп, ондағы түрлі рухтарды өз қызметіне пайдалана алатын адам.

Бақсының “жын-перілерінің” аты болады. Жекелеген индивидиум ретінде қажетті кезде олар өз Бақсысының алдында әйел, шал, қыз, т.б. бейнелерде тізіліп тұрады-мыс. Бақсы сол шақырған жындарының “көмегімен” гипноздық өнер де көрсете алады. Қай жаққа қолын сілтесе, сол жақта 5 — 10 қадам жерде тұрған заттар қылышпен шапқандай кесіліп кете береді. Киіз үйдің туырлығы тілініп, кірпіш үйдің қабырғасы қақ айырылады. Көрермен жұрт мұның бәрі бақсы шақырған “жарғыш жындардың” әрекеті деп біледі. Қылыштың жүзімен жүреді. Шоқ темірді қолымен ұстап, тіліне қариды, өткір пышақпен өз мұрнын өзі “кесіп” тастайды. Ақыр аяғында денесінде бір де бір жара, не сызат, белгі қалмайды. Әйел бақсыны халық “елті” деп те атаған. Бақсыларға тән айрықша қасиеттердің бірі — емшілік (тәуіпшілік). Шығу тарихы отқа табыну мен шамандықпен тығыз байланысты психологиялық емдеу тәсілдерін әр елдің бақсылары сол халықтың өзіне тән ерекше әдістер арқылы қолданған. Мысалы, қазақ бақсылары қобызда ойнап, зарлы не қаһарлы үн, әуендер шығару, түсініксіз жыр жырлау, “жынын шақырып” зікір салу немесе гипноздық, жонглерлік, т.б. “керемет” көрініс, әрекеттер жасау арқылы жүйке жүйелеріне әсер ете емдейді. Табиғаттың құдіретті күштеріне иландырады, өзіне баурап алады. Әрине, бұл іс әркімнің қолынан келе бермейді. Ол үшін үлкен табиғи дарын, қасиет керек.

Бақсылар емшілікпен қатар балгерлікпен де шұғылданған. Олардың келешекті болжайтынына, адамның тағдырын шешіп, оның ойын сезіп тұратынына, өткен өмірін де ашық айтып бере алатынына, табиғи құбылыстар тудыра алатынына, жын-шайтандарды қуатынына халықтың белгілі бір бөліктері бұрын да, кейін де сенді. Оған негіз де жоқ емес еді. Адамның өз табиғатындағы ғылым ашпаған жұмбақтар әлі толып жатыр. 5 ғасырдағы ғұн патшасы Еділдің айналасында көптеген даңқты Бақсылар болған. Олар әрбір күрделі оқиғаларды күні бұрын болжап, патшаға жеткізіп отырады екен. 451 жылғы Каталаун шайқасының тағдырын бақсылар құмалақ ашып, бірнеше күн бұрын айтып берген. Болжам дәл келген.

Түркі-моңғол бақсылары бас киімді көбіне Америка құрлығындағы үндістердің көсемдері киетін “тымаққа” ұқсас етіп, құс қауырсындарынан қадап жасайды. “Жындармен” күрескен кезде бақсылардың киімдері сауыт ретінде түрлі тылсымдық рөл атқарады; Бақсылық тұқым қуалайды, ол адал, жаны таза, иманды адамдарға қонады, өз жолын дұрыс ұстай алмаса “қасиеті таяды” немесе “бақсылық буып” кемтар болып қалуы да мүмкін делінеді. Қазақта ең атақты Бақсы бағаналы Қойлыбай — барлығының пірі, қорғаушысы. Онан соң бағаналы Балақай Бақсы, Жанақ Бақсы, Көкшетау даласында Шөмен Бақсы, т. б. болған. Бақсыны басқа тілдерде: шаман, экстрасенс, мистик, йога, спиритуалист, т.б. деп атайды. Қазақ жеріне мұсылман діні ене бастағаннан кейін ел өмірінде бақсылардың алатын орны мен рөлі төмендеді. Коммунистік идеология кезінде Бақсылыққа мүлде жол берілген жоқ. Бақсы және бақсылық өнері туралы кейбір мәліметтер П.С. Паллас пен П. Рычковтың экспедиция жазбаларында (18 ғ.), бурят ғалымы Доржи Банзаровтың (1823 — 55), қазақ ғалымы Шоқан Уәлихановтың (1835 — 65), ағылшын философы Томас Карлейльдің (1795 — 1881) еңбектерінде кездеседі..

Дәуіт Пайғамбар

Басқа мағыналар үшін Дәуіт (айрық) деген бетті қараңыз.

Дәуіт - Пайғамбар.

Исраил қауымы Мұсадан (а.у.)-нан соң 300 жылдан аса Пайғамбарсыз қалып, ғамалиқалардың, арамейлердің және палестиндердің шабуылына тап болып тұрды. Соңғы кездері бәни Исраилдің әміршісі Талут (Шәул) болды. Ол палестиндерге соғыс жариялан, «Таурат» салынған Табутты (сандықты) тартып алды. Осы тұста Исраил қауымынан Дәуіт атты жас баһадүр шықты. Бала жігіт бір соғыста Жалутпен жекпе-жекке шығып, жеңді. Бұған риза болған Талут оған өз қызын қосты. Сан шайқаста жауларды жайратқан Дәуіттің аты шығып, беделі асты. Көп адам енді оны қолбасшы ғана емес, елбасы етуді талап етті. Бірақ ол патша тағына Талут қайтыс болған соң, 30 жасында отырды, 40 жасында Пайғамбарлық қонды. Қауымына Таурат тағлымдарын бұлжытпай орындатты.

Аллаһ Тағала оған самауи (көктен түскен) төрт кітаптың бірі Забурды түсірді. Забур - Аллаһның бірлігін, ұлылығын дәріптейтін, өлең үйқасты мадақ (қасида) кітабы. Дәуіт (а.у.) Оны өзінің әсем дауысымен оқығанда тыңдаушылар тебіреніп, төңірек түгел үн қосып кететін еді, деп дәріптеледі. Тәңірі оған темір қорыту өнерін дарытты. Пайғамбар қолында темір қамырдай иленуші еді дейтін риуаяттар бар. Дәуіт (а.у.) темірден қару-жарақ сауыт-сайман соғады екен. Сүлеймен пайғамбар осы Дәуіттің ұлы. Дау-шар, айтыс-тартыста Дәуіт оны жиынға қатыстырып, әділ үкім айтқызып, баулып өсірген.

Ибну Жадридің айтуынша Дәуіт жүз жасаған. Құранда бұл есім 16 жерде ауызға алынады.

Жын

Жын — (арабтық рухани, қазақ тілінде жын-пері, сайтан деп те айтылады) – мифологиялық бейне.

Табиғат заңынан тыс көзге көрінбейтін құпия жаратылысқа, жаман рухқа байланысты түсінік адамзат қоғамында өте ерте замандарда қалыптасқан. Ассириялықтар, вавилондықтар, мысырлықтар жынға сеніп, одан сақтанған. Ежелгі үнділер, қытайлар, гректер, парсылар сияқты көне түріктердің де "жаман рухтарға" сенгені мәлім. Дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан күл-қоқыс баспау, иесіз жұртқа түнемеу тәрізді, тағы басқа ырымдар ол орындарды "жындар жайлаған" деген сенімге байланысты туындаған. Есінен адасқан адамды "жын соқты", "сайтан шалды", "албасты басты" (Жынның бір түрі) деп есептеп, бақсы ойнатыпн, дұға оқытқан, ұшықтап емдеткен. Ақыл- есі дұрыс емес адамды "жынды" деп атаған.

Жын кейде адамдардың көзіне әр түрлі құбылыс (ешкі, ит, қыз, тағы басқа) кейпінде көрінеді депі санаған. Рухы биік адамдарға жынның шамасы келмейді делініп, әлсіз адамдар үшін өте қауіпті болып есептелген. Соған байланысты жыннан қорғану әдіс-тәсілдері мен ғұрыптар жиынтығы қалыптасқан. Бұл, әсіресе, қазақ ауыз әдебиетіндегі "қамшы" мен "қамшыгер" бейнесіне байланысты оқиғаларда көбірек көрініс тапқан. Сондай-ақ, қазақ ертегілері мен аңыздарында жындарға қатысты көптеген сюжеттер кездеседі. Қазақ мифологиясы бойынша, жындардың көптеген ерекшеліктері бар. Мысалы, алыс жерге бір сәтте барып келе алады. Адам баласы оларды көрмесе де олар адамдарды көріп қарап отыра алды.

Адам үшін тылсым құпия саналатын кейбір жайттарды біледі. Ұзақ өмір сүргендіктен тәжірибелері мол. Алайда жындар да ғайыпты біле алмайды. Жын түтінсіз оттан жаралғандықтан әр түрлі бейнеге ауысуға бейім. Әйтсе де ақыл-ой тұрғысынан адамнан кейін тұрады. Жындар ерікті және саналы тіршілік иесі, үйленіп ұрпақ жаяды. Адам жаратылмай тұрып, жер бетінің билеушілері солар болған. Жындар туралы Құран Кәрімде Алла тағаланың жындарды және адамзат баласын тек өзіне құлшылық ету үшін жаратқандығы айтылады. Сол үшін жындарға пайғамбарлар жіберілген. Сүлеймен пайғамбар жындарды бағындырып, олардың қабілетін пайдаланып, жұмысқа жекті, түрлі құрылыстар салғызды. Мұхаммед пайғамбар жындардың да пайғамбары. Жындардың бір тобы Мұхаммед пайғамбарды тындап, оған иманетті. Мұсылман және кәпір болып екіге бөлінетін жындардың гүл, ифрит сияқты бірнеше түрі бар. Ібілісте жындардың қатарына жатады. Сондай-ақ, жындардың арасында олардың көптеген көмекшілері бар.

Құран Кәрімде "жын-шайтандар" деп аталатын (әл-Әнғам сүресі, 112 аят) жындар адамдарды қорқытады, бойына үрей туғызып, көңіліне күдік ұялатады. Адамдарды адастырып, аздырып, иманның жолынан тайдыруға әрекет жасайды. Тың тыңдап, аспан әлемінен "сыр" ұрлап, естіген сөздерін жалғанмен араластырып, сиқыршылардың, балшы-бақсылардың және көріпкел тәуіптердің құлағына сыбырлайды. Мұндай жындар Құран оқылған жерден аулақ жүреді.

Ислам пайғамбарлары

Исламдағы пайғамбарлар (النبوة في الإسلام ән-Набууа фил-Ислам) Құран Кәрімде есімдері аталған пайғамбарлар, олар өзіне бұйырған пайғамбарлығымен қатар елші, ескертүші, Аллаһның үкімдерін жеткізүші-де болуы мүмкін. Адам пайғамбардан бастап ең соңғы Мұхаммед ﷺ пайғамбарға дейінгі пайғамбарлардың барлығы мұсылмандар.

Масжид әл-Ақса

Масжид әл-Ақса, Масджид ул-Ақса, әл-Ақса мешіті (арабша:المسجد الاقصى al-Masjid al-Aqsa, Үлгі:IPA-ar, — тым шалғайдағы ғибадатхана) — “Масжид ул-Харамнан” кейін Құдыс (Иерусалим) қ-нда салынған ең алғашқы мешіт.

Әл-Ақса мешітінің іргетасын Дәуіт Пайғамбар (ғ.с.) қалаған, құрылысты аяқтау үшін Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) Финикиядан сәулетшілер алдыртқан. Пайғамбар хадисінде мешіт құрылысына жындар да жегіліп, жеті жылда салынып біткен делінген. Әл-Ақсаны Ассирия әміршісі талқандап, парсы патшасы Кейқұсрау қалпына келтірді. Б. заманымыздың 70-жылдары римдіктер қайтадан қиратып, 123 жылы Византия патшасы қайта жөндеді. Мешіт әл-Ақсаның шынайы мәртебеге ие болуы ислам дінімен тікелей байланысты. Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) хадисінде зиярат етуге болатын үш мешіттің бірі ретінде аталған Масжид әл-Ақса (һижра бойынша 16 жылға дейін) мұсылмандар үшін құбыла саналды. Құран Кәрімнің “әл-Ісра” сүресінде Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) миғраж түні Мешіт әл-Ақсаға барып, намаз оқығандығы жайлы айтылады. Әл-Уәлид тұсында (705 —715) мешіт зәулім ғимаратпен алмастырылды, көп ұзамай (780) зілзаладан зардап шеккен ғимаратты Әбу Жапар Мансұр мен Мәһди бин Мансұр халифалар қайта қалпына келтірді. Мешіттің көл. 105 70 м, оңт. қабырғасы әл-Харам аш-Шарифпен жапсарласқан. Масжид әл-Ақса 12 ғасырдың басында король сарайы болды, 1128 жылы Балдуин ІІ оның бір бөлігін рыцар орденіне сыйға тартты. Жөндеу жұмыстары кезінде ғимарат көп өзгеріске ұшырамай, бастапқы қалпын сақтаған. Масжид әл-Ақса орналасқан мекен қазір Израиль мемлекетінің аумағында. 1988 жылы Израиль әскері Ақса мешітін басып алған.

Сад сүресі

Сад сүресі (араб.: سورة ص‎) (Сад әрпі) Қасиетті Құран Кәрімнің 38ші сүресі, 88 аяттан тұрады және 1 сәжде.

Сүлік

Сүлік (лат. Hirudinea) – буылтық құрттар типінің бір классы.Тіршілік ететін 400 түрі белгілі, еркін қозғалатын жыртқыштар немесе жануарлардың қанымен қореқтснстін эктопаразиттер. Сүліктерде сегменттер саны тұрақты, параподиялары, кылтандары болмайды. Бас (простомиум) және аналь ( пигидиум) бөлімдері жок. Денесінің алдыңғы және артқы жағында сорғыштары дамыған. Целом қуысы редукцияланып, лакунарлық жүйеге айналған. Ішкі мүшелерінің арасы паренхимаға толы. Көпшілігі гермафродиттер, тікелей (личинкасыз) дамиды.

Қазақ ауыз әдебиеті мен араб әдебиеті байланысы

Қазақ ауыз әдебиетіне қасиетті Құран Кәрім қиссаларының тигізген әсері./ - Ұлықбек Алиакбарұлы. Шымкент-2011. 136-бет.

Пікір жазғандар: ф.ғ.д., профессор: Керімбек Сыздықов және ф.ғ.д., профессор Қыдырәлі Саттаров.

Қазақ халқы фольклор саласында айтарлықтай табыстарға жеткен болса, дін мен діни тәрбие салаларында анағұрлым кешеуілдеп келеді. Дін мен қазақ халық әдебиетінде ешқандай байланыс жоқ сияқты болып көрінуі мүмкін. Дегенмен олай емес, қазақ ауыз әдебиетін Қасиетті Құран кәрім қиссаларының тигізген әсері өте көп.

Қолыңыздағы еңбекте Құран қиссаларының қазақ ауыз әдебиетіне тигізген әсерлері, Құрандағы фольклоризм мәселелері қамтылған. Мәселен: Бәдір, Ухуд, Исра-Миғраж, Жүсіп-Зылиха, Қыдыр ата секілді дастандардың құран аяттарымен байланыстары жайлы айтылған. Оңтүсітк өңірінің шайырлары, Мәделі, Майлықожа, Құлыншақ Кемелұлы, Молда Мұса, Шәді Төре шығармаларының араб әдебиетімен байланыстары жайлы зерттеулер жасалған.

ББК 82.3 (Қаз) ISBN 9965-903-06-9 «Алтын алқа» баспасы © Ұ.Алиакбарұлы.

Ән-Нәмл сүресі

ән-Нәмл сүресі (араб.: سورة النمل‎) (Құмырсқалар) Қасиетті Құран Кәрімнің 27-ші сүресі, 93 аяттан тұрады.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.