Суэц каналы

Суэц каналыЖерорта теңізі мен Қызыл теңізді жалғастыратын халықаралық маңызы бар жасанды су жолы. Ұзындығы 161 км, ені 120 м-ден (Суэц – Исмаилия порттары аралығында) 318 м-ге (Исмаилия – Порт-Саид аралығында) дейін, тереңдігі фарватерінде 18 м-ге жетеді. 1859 – 1869 жылдары салынып (1967 – 1976 жылдары Египет-Израиль қақтығысына байланысты жабылды), 1980 – 1982 жылдары қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Төменгі Египеттің су жолдары жүйелерімен (Исмаилия каналы – КаирНіл; 145 км) байланысқан; ауыл шаруашылдығы жерлерін суландыру желісі (Аббасия, 38 км) тартылған. Канал арқылы жылына 80 млн. т жүк (негізінен мұнай мен мұнай өнімдері, қара және түсті металл кентастары) тасымалданады. Суэц каналы Азия мен Африка арасындағы географиялық шартты шекара болып саналады. (Африка мен Азияның Синей түбегін бөліп жатыр).[1]

Dynamap suez
Суэц каналы
Iss016e019375
Суэц каналы

Дереккөздер

  1. "Қазақ Энциклопедиясы"

Тағы қараңыз

Араб-Израиль соғыстары

Араб-израиль соғыстары — Израиль мен араб елдері арасында, негізінен, 1948 — 49, 1956, 1967, 1973 және 1982 жылдары болған ірі әскери жанжалдар.

1947 ж. 29 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы Палестина терр-нда араб және еврей мемл-терін құру жөнінде шешім қабылдаған күні арабтар мен еврейлер арасында алғашқы қақтығыс өтті. Ол кезде (1947) Палестинада 1,2 млн. араб, 650 мың еврей болды. Палестинадан ағылшын әскерлері әкетілгеннен кейін Израиль мемл-нің құрылғандығы жария етілді (14.5.1948). Оның шекарасы әлі анықталмай тұрып, ертесінде-ақ еврейлер мен арабтар арасында бірінші соғысқа жол ашқан қарулы шайқастар басталып кетті. Израильдің астыртын қарулы күштері арабтар тұратын мекендерге шабуыл жасап, аса қатыгездікпен жүздеген адамдарды қырып салды. Мысыр, Трансиордания, Ирак, Сирия және Ливан әскерлері еврейлерге тиесілі емес оңт. және шығыс Палестинадағы жерлерді басып алды. Израильдықтар Иерусалимге апаратын басты жолға және Мысыр — Палестина шекарасы бойына бақылау орнатты (1949).

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі миссиясының соғысты тоқтату жөніндегі әрекеттері нәтиже бермеді, еврей террористері БҰҰ-ның уәкілі граф Фольк Бернадотты қастандықпен өлтірді. 1949 жылдың ақпан — шілде айларында араб елдері мен Израиль бірнеше бітім келісімдеріне қол қойды. Ол құжаттар бойынша Израильдің уақытша шекарасы анықталып, Газа Мысырдың бақылауында қалды, Трансиордания Иордан өз-нің батыс жағалауындағы жерлердің бір бөлігін қосып алып, Иордания аталды. Иерусалим қ-н араб және еврей аймақтарына бөлу жөніндегі БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімі (29.11.1947) құпталды. Соғыс нәтижесінде Палестина арабтары Израиль басып алған жерлердегі ата қоныстарын тастап кете бастады. 50-жылдардың орта кезінде Мысырпен батыс елдері арасындағы қатынас шиеленісіне түсті. АҚШ Мысырға қысым көрсетпек болып, Асуан бөгетін салуға қаржылай көмек беруден бас тартты. Оған жауап ретінде Мысыр президенті Абдель Насер Суэц каналын мемл. меншігі деп жариялады. Осыдан кейін Лондонда жиналған 22 мемл-тің бас қосуында Суэц каналының бұрынғы халықаралық статусын қалпына келтіру және каналды бірлесіп басқару жөнінде шешім қабылданды. Насер бұл ұсынысты орындаудан бас тартқаннан кейін Израиль, Ұлыбритания мен Франция оны өкімет билігінен күшпен тайдыруға әрекеттенді.

29 қазанда Израиль әскерлері Мысырдың Синай түбегіндегі бекіністеріне шабуыл жасады. Соғысқа Израиль жағында Ұлыбритания мен Франция араласты. 31 қазанда ағылшын-француз қарулы күштері Мысыр жерін бомбалады. 5 қарашада ағылшын-француз әскерлері Порт-Саид маңына шоғырландырылды. Бірақ Суэц каналы мәселесін әскери жолмен шешудің мүмкін еместігі БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында айқын көрінді (1956). Франция мен Ұлыбритания өз әскерлерін алып кетуге мәжбүр болды. Желтоқсанда Израиль әскерлері басып алған жерлерден әкетілді. Арабтар мен Израиль арасындағы қақтығыстар 1967 ж. жаңа соғыс өртіне ұласты. Ол тарихқа “алты күндік соғыс” деген атпен енді. 1967 жылдың 5—11 маусымында Израиль көптеген араб қыстақтарын қырғынға ұшыратып, Мысыр, Сирия және Иорданияның 1,5 млн. тұрғыны бар 66642 км² жерін, Иерусалимнің шығыс бөлігін басып алды. Араб елдері АҚШ пен Ұлыбританияға мұнай шығаруды тоқтатып, Суэц каналын жапты. КСРО Израильмен дипломат. қатынастарын үзді. Араб елдері басшыларының Хартумдағы (1967 ж., тамыз-қыркүйек) кездесуі, БҰҰ Бас Ассамблеясының төтенше сессиясы (1967 ж. шілде) Израильдің қарулы күштерінің уақытша бітім шебінен сөзсіз әкетілуін талап етті.

Израильдің басып алған жерлерді босатпауы, мұнайдың үлкен саясат құралына айналуы арабтар мен еврейлер арасындағы қарым-қатынасты күрделілендіре түсті. Мұнай өндіруші жеті араб елі Израильге жақтасқаны үшін АҚШ пен Голландияға мұнай шығаруға эмбарго жариялап, 1 баррель (159 л.) мұнай бағасын бұрынғыдан 70(-ке көтерді. Мысырмен Сирия өз әскерлерін КСРО көмегімен қайта жарақтандырды, Израиль АҚШ-тан қару-жарақ алды. 1973 ж. 6-25 қазанда болған үшінші соғыста Мысырәскерлері Суэц каналынан өтіп, сириялықтар Голан биігінде жеңіске жетті. Алайда, қарсы шабуыл барысында Израиль әскерлері Мысыр майдан шебін бұзып өтіп, сириялықтарды Дамаскіден 30 км кейін шегіндірді. 25 қазанда КСРО мен АҚШ-тың араласуы нәтижесінде Мысыр, Сирия, Израиль арасында бітімге қол қойылды, оның орындалуына бақылау жасау БҰҰ күштеріне тапсырылды. Мысыр1967 жылғы соғыста айырылып қалған Синай түбегін Мысыртің жаңа президенті Ануар Саадаттың Израильмен жасаған Кэмп-Дэвид келісім шарты нәтижесінде ғана қайтарып алды (1982). Израиль әскерлері Синай түбегінен әкетілген соң еврейлер мен палестиналық арабтар арасындағы жанжал-қақтығыстар қайта өрбіді. 1982 жылдың маусым айында Израиль тікұшақтары Бейрутты және Палестина азаттық ұйымының базалары орналасқан оңт. Ливанды бомбалады. 14 маусымда Израильдің мұздай қаруланған жаяу әскерлері Ливан жеріне басып кіріп, Бейрутті қоршауға алды. Бұл соғыста да Израиль әскерлері Ливаннан халықар. күштердің талап етуімен шығарылды (1985 ж., маусым). Мұнан кейін де (1987 ж. 9 желтоқсанда, т.б.) Израиль басып алған жерлерде бірнеше қанды оқиғалар болып өтті. Израиль езгісіне қарсы халықтың жаппай бой көтеруі (“интифада”) өрістеді.

Афроеуразия

Афроевразия (кейде Афразия немесе Еврафразия) — Африка мен Еуразия материктерін қосатын (Еуразия сондай-ақ Азия мен Еуропаға бөлінеді) жер бетіндегі суперконтинент және жер сілемі. Ауданы 84,980,532 шаршы шақырымға жетеді. Шамамен 5,7 миллиард адам немесе әлем халқының 85% мекендейді. Ол сондай-ақ, Жаңа әлем деп аталатын Америкаға қарсы Ескі Әлем деп аталады.

Афроевразия континенті сэр Хэлфорд Джон Маккиндердің «Тарихтың географиялық осі» мақаласында ұсынған Дүниежүзілік арал деген атаумен де айтылған. Терминнің аясына материктен тыс аралдар мен архипелагтар кірмейді.

Гамаль Абдель Насер

Гамаль Абдель Насер (араб.: جمال عبد الناصر‎ — Джамāль ‘Абд ан-Нāсыр, Гамаль Абдэль-Насер; 1918 жылы 15 қаңтар, Александрия, Египет — 1970 жыл, 28 қыркүйек, Каир) — египеттің армия офицері, Мысырда 1954-1956 жылдары министрдің орынбасары, 1956-1970 жылдары президент болған.

Жастайынан британдықтарға қарсы сөз сөйлеген. Армия офицері ретінде мелекет басында генерал Мұхаммед Нагиб болғанда, монархия құлағанда (1952), әскери төңкерісті басқарады. Мұсылмандық туыстық оған қастандық ұйымдастырып, ол сәтсіз болды.

1956 жылы ата заң қабылданып, Мысыр бірпартиялы жүйедегі социолистік мемлекет болуына келісім беріліп, ал ол президент болды. Сол жылы Суэц каналы (Суэц дағдарысы) ұлттандырылып, АҚШ пен Ұлыбритания көмек көрсетуге ұсынысын қайтарып алғанда, Асуан құрылысына кеңес үкіметінен көмек берілді.

Сонан соң Мысыр британдықтардың, француз және израйл соғысына төзімділік көрсетеді. Харизматикалық тұлға ретінде Біріккен Араб Республикасы Сериямен қысқа мерзімді уақытта тұтас араб елін басқаруға тырысады (1958-61).

Ол жүрек талмасынан қайтыс болғанда Арабтардың кедейленген алтыкүндік соғысын күшпен тоқтатып, АҚШ, Мысыр мен Израилдің арасында бейбітшілік жоспарын қабылдады. Оның мұрагері Анвар Садат болды.

Даг Хаммаршельд

Даг Яльмар Агне Карл Хаммаршёльд (швед.Dag Hjalmar Agne Carl Hammarskjöld, Dag Hammarskjöld (ақпарат); 29-маусым 1905 — 18-қыркүйек 1961) — қаржы министірлігінде және Швеция банкінде, кейіннен шетел істері жөніндегі миністірлікте әртүрлі қызмет атқарған мемлекет қайраткері; 1953 жылдан өмірінің соңына дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы қызметінде болған. БҰҰ өткізген (1956 жылы Мысырда) алғашқы қайырымдылық шарасының ұйымдастырушысы.

Сонымен қатар ақын, журналист әрі эссе шебері ретінде танымал. 1954 жылдан Швед академиясының мүшесі. Дүниеден өткен соң 1961 жылы дүниежүзілік Нобель сыйлығының лауреаты атағы берілді.

БҰҰ-ның Конгода өткен қайырымдылық шараның ұйымдастырылуы барысында Солтүстік Родезиядағы әуе апатында қаза болды. Апаттың нақты себептері мен жағдайлары әлі күнге дейін белгісіз.

Жемал паша

Жемал паша , Үлкен Ахмет (1872, Түркия, Мидилли аймағы — 1922, Грузия, Тбилиси) — Түркияның әскери және саяси қайраткері. Әскери дәрігер отбасында дүниеге келген. 1895 жылы Әскери академияны бітіргеннен кейін, штаб капитаны шенінде қызмет жолын бастады. 1899 жылдан Салоник қаласында түрік офицерлерінің жасырын “Өрлеу” қоғамына мүше болып, жас түріктер төңкерісіне белсене араласты. 1911 жылы Аданна облысы Бағдат ауданының әкімі болып тағайындалды. Балқан соғысына қатынасып, полковник шеніне ие болды. Соғыс аяқталғаннан кейін Стамбұлдағы орт. штабта қалдырылды. 1914 жылы генерал шенін алып, мемлекеттік кеден коммитетінің бастығы қызметін атқарды. 1916 жылы корпус генералы шенін алып, 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында Талат, Энвар пашалармен бірге “үштік” құрып, барлық мемлекеттік органдарға өз бақылауларын орнатты. Білімі мен тәжірибесі көптігіне байланысты Жемал паша “үштіктің” ішіндегі негізгі тұлғаға айналды. Ол 4-армия қолбасшысы ретінде Сирия, Ливия, Палестина, Иордания т.б. Таяу Шығыс елдерінде болған әскери операцияларға басшылық жасады. Бірақ Суэц каналы үшін болған соғыста ағылшындардан жеңіліс тауып, армиясы тарап кетті. Өзі Стамбұлға жасырын келіп, бір топ жолдастарымен Еуропаға кетті де, Германияға барып тұрақтады. Көп ұзамай Ауғанстанға барып, тұрақты армия құру үшін көп күш-жігер жұмсады. Түркияда ұлт-азаттық қозғалыс басталғаннан кейін еліне қайтып оралып, Ататүріктің негізгі кеңесшілерінің біріне айналды. Шебер ұйымдастырушы ретінде жаңадан құрылып жатқан түрік армиясын реформалауға ат салысты. Өмірінің соңғы жылдарында Армения мен Грузияда коммунистердің билігін орнатпау үшін үлкен күш-жігер жұмсады. Жасырын жүру мақсатында сақалын қоя беріп, “сақалды” деген лақап есімге ие болды. Осы жұмыста жүргенде Тбилиси қаласында қастандықпен өлтірілді. Ататүріктің өтініші бойынша, мәйіті Тбилисиден туған жері Ерзурумға әкелініп жерленді.

Жерорта теңізі

Жерорта теңізі — Атлант мұхитының Еуразия мен Африка құрлықтары арасындағы теңізі. Гибралтар бұғазы арқылы Атлант мұхитымен, Босфор бұғазы арқылы Қара теңізбен, Суэц каналы арқылы Қызыл теңізбен жалғасады. Ауданы 2505 мың км², орташа тереңдігі 1498 м, ең терең жері 5121 м. Жерорта теңізінің еуразиялық жағалауы қатты тілімденген. Онда түбектер және аралдармен бөлінген шағын Альборан, Балеар, Лигурий, Тиррен, Адрия, Ион, Эгей және Кипр теңіздері орналасқан.

Теңіз алабына Қара, Азов, Мәрмәр теңіздері де кіреді. Ірі шығанақтары: Валенсия, Лион, Генуя, Таранто, Сидра (Үлкен Сирт), Габес (Кіші Сирт). Ірі аралдары: Балеар, Корсика, Сардиния, Сицилия, Крит және Кипр. Теңізге ірі Ніл, По, Рона, Эбро өзендері құяды. Жас альпілік геосинклинальдік аймақта орналасуына байланысты, түпкі бедері күрделі. Ең ірі қазаншұңқырлары: Алжир-Прованс, Орталық қазаншұңқыр және Геллен шұңғымасы. Тиррен теңізінің қазаншұңқырының төңірегінде сөнген және әрекетті жанартаулар бар.

Бүкіл Жерорта теңізі аймағына субтропиктік климаттың “жерортатеңіздік” деп аталатын ерекше типі тән: қысы ылғалды әрі жылы, жазы құрғақ және ыстық. Судың беткі қабатының температурасы ақпанда теңіздің солтүстігінде 12° С-тан оңтүстікте 18° С-қа дейін, тамызда батысында 20 — 25° С-тан оңтүстік-шығысында 28 — 30° С-қа дейін көтеріледі. Су көп буланады, сондықтан тұздылығы жоғары. Батысында 36ү-ден, шығысында 39,5ү-ге дейін құбылады. Толысу толқынының биікт. 0,1 — 0,5 м, Тунистің шығысында 1,7 м-ге жетеді. Негізгі ағыс Гибралтардан Ливанның жағасына дейін Африканы бойлап өтеді. Оқшау теңіздерде су циклондық айналым жасайды. Теңізде балықтың 550-дей түрі бар. Сардина, тунец, макрель, скумбрия, т.б. ауланады. Жерорта теңізінің Адрия және Эгей теңіздерінің қайраңдарында мұнай, газ өндіріледі.

Теңіз арқылы аса маңызды халықаралық теңіз жолдары өтеді. Басты порттары: Барселона (Испания), Марсель (Франция), Генуя, Неаполь, Венеция, Триест (Италия), Риеака (Югославия), Пирей және Салоники (Грекия), Бейрут (Ливан), Александрия, Порт-Саид (Египет), Триполи (Ливия), Алжир (Алжир). Түркия жағалауында дүние жүзіне әйгілі курорттар бар. Жерорта теңізінің жағалауында Испания, Франция, Италия, Монако, Мальта, Хорватия, Босния және Герцоговина, Югославия, Албания, Грекия, Түркия, Кипр, Сирия, Ливан, Араб елдерінің аумағы, Израиль, Египет, Ливия, Тунис, Алжир, Марокко елдері орналасқан.

Ирак

Ирак (араб.: العراق‎, Үлгі:Lang-kur), ресми атауы — Ирак Республикасы (араб.: جمهورية العراق‎, Үлгі:Lang-kur) — Оңтүстік-Батыс Азияда, Тигр және Евфрат өзендері бойында орналасқан мемлекет. Жер көлемі 444 мың км². Халқы 183.9 млн. адам (2017). Тұрғындарының 75%-ы арабтар, 20%-ы — күрдттер, қалғандары түрікмендер, ассириялықтар, парсылар, армяндар, т.б. Қала халқы 68,1% (1997). Мемлекеттік тілі — араб тілі. Халқының 62%-ы — ислам дінінің шиит бағытын, 34%-ы сунит бағытын ұстанады. Астанасы — Бағдат қ. (3 млн-нан астам). 1970 ж. қабылданған конституциясы бойынша Революциялық кеңестің төрағасы елдің Президенті және Жоғарғы Бас қолбасшы қызметін қатар атқарады. Заң шығарушы орган — бір палаталы Ұлттық кеңес, 250 депутаттан тұрады. Елдің ұлттық мейрамы — 17 шілде, Ұлттық Республика күні және Тәуелсіздік күні (1958). Ирак 18 провинциядан (мухафаз) тұрады. Ақша бірлігі — Ирак динары.

Лондон конференциясы

Лондон конфенренциясы (1956) – Суэц каналы жөніндегі мәселені талқылауға арналған конференция. 1956 жылы 16-23 тамызда Лондонда өтті. Оған 22 елдің – КСРО, АҚШ, Англия, Франция, ГФР, Швеция, Норвегия, Дания, Италия, Нидерланд, Түркия, Испания, Португалия, Үндістан, Индонезия, Иран, Пакистан, Шри Ланка, Эфиопия, Жапония, Жаңа Зеландия және Австрия – өкілдері қатынасты. Египет конференция жұмысына қатысудан бас тартты. Англия мен Франция Египет үкіметінің Суэц каналы және канал компаниясын национализациялау туралы декретті жоққа шығарып, каналды өз қолдарында ұстапқалуға тырысты. Бұл мәселені талқылау күткендегідей нәтиже бермеді. Конференция мәжіліс протоколдарын өзінің председателі арқылы Египет үкіметіне табыс етуге келісті. Батыс державаларының конференциядан сыртқары құрған «бестік комитеті» Суэц каналын басқару жөнінде халықаралық арнаулы орган құрып, Египетті каналды пайдалану праволарынан айыруды ұсынды. Империалистердің бұл әрекеті де сәтсіздікке ұшырады.

Мумбаи

Мумбаи (маратхи मुंबई, хинди मुम्बई, ағылш. Mumbai) немесе Бомбей — Махараштра шт. әкімшілік орталық, Батыс Үндістан, халық саны - 11 914 398 адам (2001); қала маңындағылармен 16 368 084 адам.. Жарты бөлігі Мумбаи аралында орналасқан, тағы бір бөлігінде айлақ бар, екінші жағы Арабия теңізімен ұласып тұр.

Бұл аталмыш теңіздегі Үндістанның басты айлағы және дүниежүзіндегі ең үлкен әрі тығыз қоныстанған қалалардың бірі. 1534 жылы қалаға португалдықтар иелік еткен. 1661 жылы ІІ Карлға тұрмысқа шыққан Ектерина Брагансаның жасауы ретінде Англияға өтті.

1668 жылы Ост-Үнді компаниясына сыйға берілген болатын, 1672 жылы бұнда компания басшылығы орналасты, 1708 жылы ол Үндістандағы ағылшын иелігінің орталығы болды. 1869 жылы Суэц каналы ашылғаннан кейін Бомбей дамып, Үндістанның көлік орталығына айналды.

Үндістанның экономикалық, қаржы, сауда, мәдениет және білім, сондай-ақ кино индустриясының орталығы болып отыр.

Мысыр

Мысыр (көне мысырша: Km.t; коптша: Ⲭⲏⲙⲓ – Kīmi; араб.: مصر‎ – Miṣr; масрише: Máṣr), ресми түрде Мысыр Араб Республикасы — Африка құрылығының солтүстік-шығысын және Азиядағы Синай түбегін алып жатыр.

Транспорт географиясы

Транспорт географиясы – географиялық еңбек бөлінісінің негізгі саласы. Көліктік тасымалдың аумағы мен құрылымы, көлік желісі мен жүк тасқындарының географиясы өндіргіш күштердің орналасуын көрсетеді, көлік (көлік-географиялық) үдерісті сипаттайтын экономикалық географияның тарауы.

Көліктің өзі де кәсіпорындарының, салалардың, аудандардың және елдердің мамандануы мен кооперациялануына жағдай туғыза отырып, осы орналасуға пәрменді ықпал жасайды. Соның арқасында көлік қандай болсын өндіріс үрдісінің табиғи жалғасы қызметін атқарады.

Бүкіл қатынас жолдары, көлік кәсіпорындары және көлік құралдары қосылып, дүниежүзілік көлік жүйесін құрайды. Бүкіл дүниежүзілік көлікте 100 млн-нан астам адам жұмыс істейді. Дүниежүзілік көлік желісінің жалпы ұзындығы 32 млн шақырымнана асады. Жыл сайын дүниежүзілік көліктің барлық түрлерімен 100 мың тоннадан астам жүк және 1 трлн-ға жуық жолаушы тасымалданыды. Бұл тасымалдарға әлденеше млн көлік құралдары қатынасады.

Дүние жүзіндегі бірінші метрополитен жолы 1863 ж. Лондон да, екіншісі – 1868 ж. Нью-Йоркте салынды. Қазіргі кезде метроплитендер дүние жүзінің 70 қаласында жұмыс істейді. Ең ұзыны Лондон, Нью-Йорк, Париж, Мәскеу метрополитендерінің жолдары.

Автомобиль көлігі қала ішіндегі және қала маңындағы жолаушы тасымалында алдыңғы орын алады. Пайдаланудың оралымдығының, арқасында оның қалааралық және халықаралық жолаушы тасымалындағы ролі артып келеді.

Теңіз көлігі халықаралық сауданың басым көпшілік бөлігін қамтамасыз етеді, әуе көлігі жолаушыларды орта және әсіресе алыс қашықтықтарға тасуда үлкен орын алады.

Құбыр көлігі. Мұнай, табиғи газ көп өндірілетін немесе олар мол тұтынылатын елдер мен аймақтарда барынша дамыған.

Теңіз көлігі географиясына дүние жүзілік теңіз трассаларының аса маңызды тораптары халықаралық теңіз каналдары өте үлкен әсерін тигізеді. Бұл бірінші кезекте олардың ішіндегі аса маңыздылары – Еуропа мен Азия порттарының арасындағы жолды 2-3 есе қысқартатын Суэц каналы мен Панама каналына қатысты. Сонымен бірге Ла-Манш, Гибралтар, Ормуз, Малакка т.б. теңіз бұғаздары үлкен роль атқарады.

Көліктің жыл сайын айналадағы ортаға кері ықпалы да өсіп келеді. Атмосфераны басты ластаушы автомобиль көлігі, автомобильдердің дүние жүзілік паркі 500 млн машинадан асты. Атмосфераны әуе көлігіде әлденеше мың ұшақтың шлейфтерімен, темір жол көлігі, қатты бөлшектермен ластайды. Көліктің осы түрлері “шуымен ластайды”, құрлық жол көлігі жерді бөліп алады. Су көлігі гидросфераның ластануының маңызды көзі, ол әсіресе мұнай алып жүретін флоттың жұмысымен байланысты.

Фидаи

Фидаи («Өзін-өзі құрбандыққа шалғай

адам») - қауым басының тапсырмасын орындау үшін үнемі өз өмірін өзі құрбандыкқа

шалғай исмаилшыларды осылай атаған.

XX ғ. мұсылман елдерінде азаттық жолында күреске шыққандар да өздерін осылай

атап жүр. Мәселен, Иран төңкерісі кезінде

(1905 - ІІ) Тебризді қорғағандар, Суэц каналы аймағында ағылшындарға қарсы

қарулы күреске шыққандар, Палестинадағы

қарсыласушылардың қарулы тобының мүшелері, Ирандағы шаһ билігіне қарсы

шыққандардың ұйымының мүшелері осындай атаққа ие. Қазір, көбінесе Палестина партизандары Фидаи саналады.

Эгей теңізі

Эгей теңізі (гр. Αιγαίο Πέλαγος; түр. Ege Denizi) — Жерорта теңізі алабындағы жартылай тұйық теңіз. Балқан түбегі, Кіші Азия мен Крит аралы аралығында орналасқан.

Грекия мен Түркия жағаларын шаяды. Солтүстік-шығысында Дарданелл бұғазы арқылы Мәрмәр теңізімен, оңтүстігінде ұсақ аралдар аралығындағы көптеген бұғаздар арқылы Жерорта теңізімен жалғасқан. Аумағы 191 мың км2. Плиоцен мен плейстоценнің аяғында су астына шөккен құрлық (Эгеида) үстінде орналасқан. Ең терең жері – 2561 м. Аралдары көп (Солтүстік және Оңтүстік Спорад, Киклад топ аралдары, т.б.). Судың температурасы беткі қабаттарда қыста 11 – 16С, жазда 22 – 25С. Тұздығы 37 – 38‰. Толысуы жарты тәуліктік (1 м-ге дейін). Жағалауы шығанақтармен және қойнаулармен тілімделген. Балық ауланады.Эгей теңізі арқылы Қара теңіз порттарынан Оңтүстік Еуропа, Солтүстік Африканың порттарына, Таяу Шығысқа және Орта Шығысқа, Суэц каналы арқылы Үндістанға және Оңтүстік-Шығыс Азия порттарына су жолдары өтеді. Ірі порттары – Пирей, Салоники, Ираклион (Грекия), Измир, Шанаққала (Түркия).

Эль-Ариш

Эль-Ариш қаласы (Египет) – Египеттегі Солтүстік Синай провинциясының орталығы және ірі қалалардың бірі. Халық саны 141 595 адам (2006 жылғы халық санағы бойынша). Қала Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан. Қаланы негізгі туристік орталық десе болады. Жағалауы таза және көгілдір сулармен және ақ құмдарымен әйгілі. Сонымен қатар қалада Суэц каналы университетінің бірнеше факультеті бар.

Эт-Тур

Эт-Тур қаласы (Египет) – Египеттегі Оңтүстік Синай провинциясының әкімшілік орталығы

.

Халық саны 16 129 адам (2007 жылғы халық санағы бойынша). Халқының көпшілігі Савалаха, Аликат, Мазина, Ауарама, Саид, Карараша, Джибалия және Хувитат бедуин тайпаларынан шыққан. Қызыл теңіздегі Суэц шығанағында орналасқан. Оңтүстік Синай провинциясындағы ең көне қала. Қалаға жақын жердегі Эль-Вади ауылда перғауындар заманынан бері сақталған ескерткіштер бар. Мамлюктер кезінде Тур Қызыл теңіздегі елдің басты порты, ал Суэц каналы тек әскери порт болған. Дегенмен Суэц каналы Осман империясы кезінде сауда порты ретінде маңызы арта түсіп, Египетке тұзды балықты тасымалдайтын негізгі порт болды да кейін бұл маңызын жоғалтқан.

Қызыл теңіз

Қызыл теңіз — Үнді мұхитының Арабия түбегі мен Африка аралығындағы құрлық аралық теңіз. Суэц каналы арқылы солтүстік жағындағы Жерорта теңізімен, Баб-әл-Мандеб бұғазынан Аден шығанағына және Араб теңізіне ұласады.

Үнді мұхиты

Үнді мұхиты — Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық және Атлант мұхиттарынан кейінгі үшінші мұхит. Көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда, Азия, Африка, Австралия және Антарктида құрлықтарының аралығында.

Үнді мұхиты планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан.Жердің су бөлігінің 20% алып жатыр. Мұхит солтүстігінде Еуразиямен шектеседі.Мұхиттың жағасы аз тілімденген.Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары,Арабия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады.Аралдары біршама аз.Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар.

Еуропалықтар Үнді мұхиты арқылы XV ғасырда ғана тұрақты жүзе бастады.Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұңғыш рет арабтар жасаған.География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497-1499 жж)бері жинала бастады. XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізінде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген.

XIX ғасырдың соңында мұххитты комплексті зерттеу жұмысы басталады.Әрине мұның бәрі дұрыс болып табылады!

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.