Родос

Родос (гр. Ρόδος, лат. Rhodus) — Эгей теңізіндегі Оңтүстік Спорадтар аралдар тобының құрамындағы ірі арал. Грекияға қарайды. Аралдың көпшілік бөлігі—маквис, қарағай, кипарис, емен ормандары және бау-бақша. Дәнді дақыл, жүзім, цитрус жемістері өсіріледі. Мал шаруашылығы, балық және губка аулау дамыған. Негізгі портты қаласы — Родос.[1]

Родос
гр. Ρόδος
Эгей теңізінде Родос аралының орналасқан жері
Эгей теңізінде Родос аралының орналасқан жері
Сипаттамасы
Ауданы1401,459 км²
Ең биік нүктесі1215 м
Тұрғындар (2011 жыл)115 490 адам
Халық тығыздығы82,407 адам/км²
Орналасуы
36°10′ с. е. 28°00′ ш. б. / 36.167° с. е. 28.000° ш. б.   Координаттар: 36°10′ с. е. 28°00′ ш. б. / 36.167° с. е. 28.000° ш. б.   
АрхипелагДодеканес
АкваторияЭгей теңізі
Ел Грекия
АймақОңтүстік Эгей аралдары
АуданРодос
Brown 804000 pog.svg
Родос

Дереккөздер

  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том
Airbus A300

Airbus A300 - жақын- және ортамагистральды көпорынды жолаушы ұшағы. Еуорпалық Airbus Industrie консорциумының алғашқы ұшағы. Сонымен қатар ол әлемдегі ең алғашқы екі қозғалтқышты кеңфюзеляжды ұшақ.

I Сүлеймен

I Сүлеймен (осм. سليمان اول‎ — Süleymân-ı evvel; ақындық лақап аты — Мүхибби (түр. Muhibbî); 6 қараша 1494 — 7 қыркүйек 1566) — Османлы мемлекетінің 10-шы сұлтаны, Ислам халифатының 75-ші халифі, ақын, зергер, қолбасшы. Османлы мемлекетінің ең ұлы сұлтаны. Оның тұсында ел өзінің шарықтау шегіне жетті. Жер ауданы екі есеге ұлғайды (6 557 000 км²-ден 14 893 000 км²-ге дейін), мемлекеттік басқарма, ғылым, өнер (әсіресе, сәулет өнері) жоғары деңгейге шықты, көптеген мешіттер (мысалы, Сүлеймение мешіті), медреселер, хаммамдар (мысалы, Хүррем сұлтан хаммамы) салынды, уақыптар ашылды (мысалы, Рүстем паша қоры), Османлы мемлекеті Батыс пен Шығысты байланыстыратын ірі транзиттік державаға айналды, Паргалы Ибраһим паша, Матрақшы Насух әпенді, Қызыр Қайыреддин паша, Тұрғыт рейс, Пір рейс, Мимар Синан, Тастыжалы Жақия, Дамат Рүстем паша, Соколлы Мехмет паша есімді атақты мемлекеттік қайраткерлер, өнер адамдары, ғалымдар I Сүлейменнің тұсында өмір сүрді.

Айя София

Айя София — Ыстанбұлдағы мұражай ғимараты. Көне сәулет өнерінің үлгісі. Iргетасы император Константиннің бұйрығы бойынша 325 жылы қаланған. Оны 10 мың жұмыскер 5 жылда салып бітірген. Содан бері түрлі жағдайларда талай рет қирап, талай рет қалпына келтірілген.

Аристотель

Аристотель ("Aristotle") (көне грекше: Ἀριστοτέλης; б. з. б. 384 ж., Стагира (Орталық Македония), Колхида түбегі — б.з.б. 322 ж. 7 наурыз, Халқида, Еубея аралы) — ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Ескендір) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие.

Ол ғылым мен парасаттың көптеген тақырыптарын жүйелі әрі жан-жақтылы зерделеп, жаратылыс пен өмірдің түрлі құбылыстарына нақты ғылыми зерттеулер жасап, артына сүбелі еңбектер жазып қалдырды. Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады, олардың арасында физика, метафизика, поэтика, театр, музыка, логика, риторика (шешендік өнері), саясат, этика, эстетика, биология, зоология және экономика қатарлылар айрықша аталады. Ол қалдырған пәлсапалық пайым жүйесі мен ғылыми зерттеу дәстүрі кейінгі мұсылмандық және христиандық мәдениетке, шығыс-батыс өркениетіне айрықша ықпал етті. Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы өзінің «Ескендір» поэмасында Ескендірдің көзтоймастығына салыстырмалы Аристотельдің ғажайып даналығын айқын сипаттайды.

Сократ, Платон, Аристотель үштігі ежелгі грек пәлсапасының шыңы ретінде айырықша құрметпен аталады.

Аристотель ең алғаш этика, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді толық қамтитын жан-жақты пәлсапалық жүйені құрды.

Аристотельдің түрлі физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, ренессанс дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол Ньютон физикасына орын берді.

Оның алты кітаптан тұратын «Органоны» ойлау әдісін қарастыратын логиканы тұңғыш рет пәлсапалық деңгейге көтерді. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде ХІХ-шы ғасырда формалды логика ғылымы қалыптасты.

Аристотельдің метафизикалық ілімі иудаизм және ислам пәлсапаларына зор ықпал етті. Ал оның мәсіхшілік пәлсапаға әсері, әсіресе Шығыс Ортодокс шіркеуінің пәлсапасына және Рим-Католик шіркеуінің схоластика мектебіне ықпалы қазірге дейін жалғасып келе жатыр. Аристотель этикасы — Ниқомах этикасы деп те аталады, қазіргі заманға дейін айтарлықтай маңызға ие. Дегенмен ұлы ойшылдың барлық мұрасы түгел айқындалды деуге болмайды, Аристотель пәлсапасының түрлі қырлары әлі де терең зерттелу үстінде.

Биология ғылымдарында ол жасаған кейбір зерттеулердің дұрыстығы тек ХІХ ғ. ғана расталды. Аристотель - Гиппократтың шәкірті, пәлсапа ілімінің бірінші ұстазы ретінде сол кездегі басқа да ойшыл ғалымдармен қатар барлық ғылымдардың, оның ішінде морфологияның дамуына да зор үлес қосты. Аристотель салыстыру әдіснамасын пайдалана отырып, жануарлардың 500-ден аса түрлерінің дене құрылысын зерттеу жасап, морфологиялық ғылыми тұжырымдар туғызды. Аристотель жануарлар денесінің еркін қозғалысын мидың басқаратынын, сүйекқаптың маңызын, жүрек пен қан тамырлар байланысын дұрыс түсініп, жүйкені басқа мүшелерден ажырата білді. Аристотель өзінің ғылыми еңбектерімен салыстырмалы анатомияның, зоологияның және эмбриологияның негізін қалаған болатын.

Аристотель мұсылман ғалымдарына да жете таныс болды. Көптеген шығармалары орта ғасырда араб тіліне аударылды. Шығыс ойшылдары Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд қатарлы Аристотель танушы, Аристотель ілімін жалғастырушы ойшылдар мұсылман перипатетиктері Аристотельді зерттеу мен ғаламды пәлсапалық және ғылыми тануды қатар жалғастырды. Аристотель құрметтеліп «Бірінші Ұстаз» ("The First Teacher" المعلم الأول) деп дәріптелді. Ал, екінші ұстаз — түркі-қыпшақ ойшылы Әл-Фараби болатын.

Аристотель кезінде көптеген өте көркем шығармалар мен диалогтар (Цицерон оның әдеби стилін «алтын өзен» деп атаған) жазса да, оның жазбаларының көпшілігі бізге дейін жетпеген. Оның кейбір еңбектері біресе табылып, біресе қайта жоғалып отырды. Кейбір пайымдаулар бойынша, оның жазбаларының тек бестен бірі ғана сақталған. Қазіргі өлшем бойынша, Аристотельдің шамамен 3000 беттей еңбегі сақталған, олар әлемнің көптеген тілдеріне аударылды. Қазақ тілінде Мәдени мұра бағдарламасы бойынша оның Метафизика, Этика секілді еңбектері аударылды.

Бодрум

Бодрум (түр. Bodrum) — Мугланың провинциясындағы портты қаласы. Түркияның оңтүстiк-батысында Гёкова шығанақ жағасы орналасқан .Сайт карияны Галикарнас деп аталды көне замандады және көне дүниенiң жетi кереметтерiмен Мавсола, бiр кесене тұрғын-үйге белгiлi болды. Бодрум яхталар үшiн 15 ғасырда кресшi жауыңгер салынған айлақ және кемежайға түрлермен су болып қалды. Құлып су асты археологиясының мұражайы қосады және бiрнеше мәдени фестивальлер жылдың iшiнде орналастырған. Қала 2009 жылдағы 118 237-шi тұрғынды алды. Бодрум қаласы теңіз деңгейінен 30-50 метр биіктікте орналасқан..

Гомер

Гомер (көне грекше: Ὅμηρος; б. з. д. 12-8 ғ. ш.) — Ежелгі Грекияның эпикалық ақыны. Өлеңдері мен дастандарын ел аралап жүріп, ішекті аспаптың әуеніне қосылып, айтып шығарған. Г. шығармаларының кейбір тұстары, соның ішінде «Илиада», «Одиссея» дастандары 8-7 ғ-да-ақ кең тараған. Абайдың Жиырма жетінші сөзінде Гомер аты аталады. Ұстазы Сократ Хакім ғалым шәкірті Аристодимнен өнеріне ел таңданарлықтай кімдерді білетінін, олардың қандай өнерімен танымал екенін сұрағанда, Гомерді жұрт бәйітшілдігі (ақындығы) үшін құрметтейтінін айтып, оның есімін бірінші атайды.

Гомер өмірдерегін зерттеушілер оны “ионий отарларының бірінде туған болуы керек” деп, шығу тегін ионий гректеріне жақындат­қанымен, бұлтартпастай дәлел келтіре алмайды. “Кейінгі заман гректерінің өзі Гомердің қайда туғанынан бейхабар. “Грек антологиясындағы” Смирна, Хиос, Колофон, Пилос, Аргос, Итака, Афины – жеті қала Гомердің отаны деп аталады”, деп көрсетеді “Илиада” эпосын зерттеуші А.И.Зайцев (Гомер. Илиада. Л, 1990. 399-б). В.П.Яйленко: “Тағы бір ұлы ақын Гомер есімі Кіші Азия халықтарының сөзінен шыққан. Грек тіліне ауысқанда ол “соқыр” деген мағынаға ие болған” деседі. Көптеген зерттеушілер Гомер есімі ақынның шын есімі екеніне күдік келтіргенмен, ол Гомер аталса керек. Гректерде мұндай кісі аты жоқ, гректер оның мағынасын мүлде ұқпайды. Сондықтан “тұтқын”, “соқыр” деп түсіндіруге тырысады...Ұлы ақын грек болмай, жастайынан грек тілін меңгерген “варвар” болуы да ғажап емес” деп тұжырады (В.П.Яйленко...33-б, А.И.Зайцев... 400-б).

Страбон мәліметінше: эолийліктердің қаласы Смирнада (Измирде): “төрт бұрышты айлақта Гомер храмы және ағаштан ойылған Гомер мүсіні бар. Гомерді меншіктеуге олардың себебі жеткілікті. Гомерик аталған мыс ақша шығарған да осылар”, деп мәлімдейді (Страбон. М, 1994. ХІV, 1, 3, 7. 604-б).

Сонымен, Гомердің эолийлік (алаштық) Смирнада тууы басқа топшылауларға қарағанда негіздірек көрінеді.

Ғажабы сол – Гесиод пен Гомердің айтысқаны туралы дерек сақталған. Екі ұлы ақын шақырумен Евбейге барып, Халкидон патшасы Амфидамантты жерлеу кезінде айтысқан. Оны Плутарх жазып кеткен. Амфидаманттың інісі Паниданың шешімімен жеңіс соғыс пен жаугершілікті жырлаған Гомерге емес, еңбек пен диқаншылықты дәріптеген Гесиодқа берілген. Бұл оқиғаны Гесиод “Еңбек пен күндер” поэмасында жазып қалдырған. “Алдын ала шақырылған соң, ақылды Анфидаманттың құрметіне өткізілген айтысқа қатысу үшін Халкидаға бардым. Ұлдары мол сыйлық атаған екен. Сонда құлақты аспалы ошақты жеңіп алып, Геликон лираларына сыйға тарттым” деп баяндалған (В.П.Яйленко...35 б).

Грекия қалаларының тізімі

Грекия қалаларының тізімі:

Айос-Николаос

Агринион

Александруполис

Амфиса

Аргостолион

Арта

Астипалея

Афины

Верия

Волос

Гревена

Драма

Закинтос

Игуменица

Ираклион

Кавала

Каламата (қала)

Кардица

Карпенисион

Карловаси

Карпатос

Кастория

Катерини

Керкира

Килкис

Китира

Козани

Комотини

Коринф

Кос

Ксанти

Ламия

Лариса

Лефкас

Ливадия

Марафон

Месолонгион

Миконос

Милос

Мирина

Митилини

Наксос

Нафплион

Паллини

Парос

Патры

Пиргос

Пирей

Полийирос

Портохели

Превеза

Ретимнон

Родос

Салоники

Самос

Серре (қала)

Сития

Скиатос

Скирос

Спарта

Спеце

Тира

Трикала

Триполи

Уранополис

Фарсала

Филиатра

Флорина

Халкида

Ханья

Хиос

Эдесса

Элефсис

Эрмуполис

Янина

Янница

Грекиядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі

ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімінде Грекияның 17 нысаны бар (2014 жылғы мәліметі бойынша). Бұл нысан тізімге 15 нысан мәдени, 2 аралас критерийлар бойынша іліккен. Бұдан басқа, 2014 жылғы жағдайына сәйкес Грекия аймағындағы Әлемдік мұра тізіміне 8 нысан үміткер ретінде тіркелген.

Дорийлықтар

Дорийлықтар немесе доряндар (грек. Δωριεῖς) - ертедегі негізгі грек тайпаларыны бірі; алғашқыда Орталық Грецияны мекедеген.

Ежелгі гректің дорийлық диалектінде сөйлеген.

Б.з.б. 1200 жылдар шамасыда рулық қоғам ыдырап, тайпалар арасындағы соғыс жиілеген кезде, Дорийлықтар Грецияның отүстік-батысына ығысқан. Пелопонестің оңтүстік-батысыдағы Лакоика, Арголида, Киурия, Мессения т.б. аймақтар мен Крит, Родос, Феру,Мелос, Кос аралдары т.б. Дорийлықтардың билігіне көшті.

Дорийлықтардың негізгі мемлекеттері:

Спарта

Коринф

Мегары

Эгина

Крит полистары

Аргос.

Оңтүстік Италия колониялары

Мегара колониялары

Византий (қазіргі Стамбул);

Понтий Гераклеясы

Сицилия

Ферадағы Киренаиктегі жердімекендері.

Көне дүние өнері

Көне дүние өнері , Жерорта т. маңайындағы (әсіресе Ежелгі Грекия мен Римде) Алдыңғы Азияның Қара т-бен шектесетін елдерінде б.з.б. 1-мыңжылдық пен б.з-дың 5 ғ-на дейінгі кезеңде дамыған. К. д. ө. тарихта өшпес із қалдырып, басқа елдерге ықпал еткен көне Шумер, Мысыр мәдениетінен және осы маңайда тұрған түркі тілдес халықтарға жақын этрус, аландар өнерінен бастау алады. К. д. ө. негізінен адамның сұлулығы мен асқақ рухын, жасампаздығын бейнелеуге ұмтылды. Сәулетті сарайлар (Парфенон, Гера ғибадатханалары, Афина акрополі, т.б.) салынып, мүсіндер (Родос – Гелиос, Афина мүсіні, т.б.) сомдалды. Осы кезеңде сәулет және мүсін өнерінің әйгілі шеберлері өмірге келді (Иктин мен Калликрат, Поликлет пен Мирон, Фидий және Пракситель, т.б.). Кейінгі дәуірде К. д. ө. басқа елдер өнерінің дамуына біршама ықпал етті; қ. Грекия, Рим империясы.

Марафон шайқасы

Марафон шайқасы —Грек-парсы соғыстарындағы (б.з.б. 500 — 449 ж.) басты шайқастардың бірі. Б.з.б. 492 ж. көктемде Ахемен әулетінің өкілі Дарий І патша Мардония қолбасшы бастаған әскерді Грекияны жаулап алуға аттандырды. Афон мүйісіндегі қатты дауыл кезінде парсылар 300-дей кемесінен айырылып, кері қайтуға мәжбүр болды. Парсылар бұл жолы Фракияны басып алумен шектелді. 490 жылы көктемде қолбасшылар Датис пен Артаферннің басшылығымен парсы әскерлері теңіз жолымен Грекияға жаңа жорыққа аттанды. Парсылар Эгей теңізіндегі Родос, Наксос және Делос аралдары арқылы Эвбея аралына жетті. Аралды басып алған парсы әскері Афиныдан солтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымнан аса қашықтықта орналасқан Марафон жазығына келіп түсті. Марафон шайқасы 13 қыркүйек күні басталды. Мильтиад бастаған Афины және Платеялық грек әскерінің (11 мың адам) негізгі бөлігі жазыққа енер тұста әскери сапқа (фалангаға) тұрғызылды. Таудың орманды сілемдері мен арнайы тосқауылдармен қоршалған шептің қос қанатына парсы атты әскеріне тойтарыс бере алатын үздік, жақсы қаруланған жауынгерлер орналасты. Гректер кемелерден түскен парсы әскерлеріне (20 мыңдай адам) қарсы шабуыл жасады. Бірақ парсылардың жаяу садақшылары шабуылға тойтарыс беріп, гректер шебін осал тұсынан бұзып өтті. Бұл кезде гректердің таңдаулы жасақтары қос қанаттан парсының атты және жаяу әскеріне күйрете соққы беріп, орталықта шабуылдаған жауды ығыстыра бастады. Парсылар теңізге қарай шегініп, қашуға мәжбүр болды. Сөйтіп, гректер аздаған шығынға ұшырай отырып, күші басым жауды жеңіп шықты. Жеңісті хабарлау үшін Афинаға сүйінші сұрауға жіберілген жауынгер қалаға тоқтамай жүгіріп жетіп, қуанышты жеткізісімен өліп кеткен. Жауынгердің құрметіне, 1896 жылдан бастап Марафондық жарыс олимпиада бағдарламасына енгізілді.

Родос Колосы

Родостағы алып мүсін (колосс) - Артемида мавзолейі мен ғибадатханасының кіші замандасы болатын. Біздің жыл санауымызға дейінгі 304 жылы Александр Македонский державасының мұрагері, Алдыңғы Азия мен Сирия билеушісінің ұлы – Деметрий Полиоркет Кіші Азия жағалауына тиіп тұрған шағын аралдың тұрғындарын ұзақ уақыт қоршауға алған соң кейін шегінеді.

Родостықтарға тізе бүктіру үшін Полиоркет сол кездің ең жетілген әскери техникасын қалаға әкеледі. Қаланы қоршаған әскердің мақтан тұтары гелеополид деп аталатын аттамалы көпірі бар, тас ата алатын, шабылушыларын түсіретін алаңқай бар қамал бұзғыш қару болатын. Темірмен қаптап тастаған гелеополидтіүш мың төрт жүз жауынгер қозғалысқа келтіретін.

Полиоркет сәтсіз шабуылдан соң гелеополидті аралдың жағасына тастап кетеді. Міне, осы керемет қалаға қыруар пайда келтіріп қана қоймай, даңқа да бөлейді. Қалаға ағылып келіп жатқан саудагерлар гелеполидті сатып алу үшін мол қаржы ұсынады. Одан түскен қаржыға Родостың желеп- жебеушісі – Гелиостың мүсінін орнатуға пәтуаласады.

Мүсінді құюды Лисипптің шәкірті, мүсінші Хареске тапсырады. Харес Гелистың тұрған қалпын бейнелеуді ұсынады. Сол қолынан сусып төгілген жамылғының бір ұшы жерге жетіп, оң қолын маңдайына тигізген қалпы қиырға қарау керек болды. Рас, мұндай тұрыс дәстүрліүлгімен үйлеспейтін, алайда, құдайдың қолын алға создырса алып мүсіннің орнықсыз болатынын Харес біледі.

Отыз алты метрлік зор мүсінге иығана деңгейлес темір арқалықпен бекітілген үлкен үш тас бағана негіз болды. Бағаналардың түбі мүсіннің екі аяғы мен жамылғы арқылы тұғырға орнатылады. Ал, иықпен және белмен деңгейлес тұстары көлденең діңгектермен ұстатылған.

Алып мүсін айлақтың жағасында ақ мәрмәрмен өрілген жасанды төбемен бірге көтеріледі. Он екі жыл бойы ешкім көре алмайды. Өйткені, мұсіннің қаңқасына кезекті қола жапырағы кигізілгенде, шеберлерге ыңғайлы болу үшін төңірегіне үйілген топырақ биіктетіліп отырған. Кейін бос топырақ алынғанда ғана родостықтар өздерінің желеп жебеуші құдайын көріп, басындағы нұр шашқан шірге сұқтана қарайды.

Жарқыраған құдай мүсіні Родосқа келе жатқан жолаушының көзіне қиырдан шалынатын. Алайда, жарты ғасыр өткенде Родосты қиратқан аса зор жер сілкінісі алып мүсінді де құлатқан. Мүсіннің ең осал жері қос тізесі болып шығады. Осыдан «балшық аяқты мүсін» деп келетін мәтел қалған.

Родостықтар алып мүсінді тұрғызбақ болады, бірақ ештеңе өнбейді. Алып мүсін келімді кетімді қызықтайтын аралдағы ең басты белгі болып айлақ жағалауында жата береді. Бағы тайған алыпты біздің заманымыздың бірінші ғасырында Үлкен Плиний келіп көрген. Мүсіннің бас бармағына ілеуде біреудің ғана құшағы жететіні Плинийді қайран қалдырады. Рим әдебиетіндегі аңыз бойынша, ол алғашқыда айлақ үстінен асқақтап көтеріліп тұрғанда, үлкендігі соншалық, қалаға келетін кемелер оның екі аяғының ортасынан өтеді екен дейді.

977 жылы ақшаға мұқтаж болған араб билеушісі бір көпеске сатқанға дейін қақ бөлінген алып мүсін Родос аралында мың жыл жатады. Ал, көпес мүсінді қайта балқыту үшін бірнеше бөлікке бөліп, таза қоланың өзін 900 түйеге теңдеп әкетеді.

Софистер

Софистер - "даналықтың", "шешендіктің" кәсіби үстаздары ретінде көрінген ежелгі грек философтарын осылай атаған (б.з.б. V г.). Софистердің бірегей мектебі болған жоқ. Діннен бас

тарту, табиғат кұбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық және

әлеуметтік релятивизм — олардың ортақ көзқарасы болып табылады. Софистердің негізгі тобы ("аға" Софистер) құл иеленушілік демократияны жақтады. Оларға ортақ касиет — табиғатты жалпы материалистік тұрғыдан түсіндіру.

Текирдаг

Текирдаг (қала) – Түркияның солтүстік-батысындағы қала.

Текирдаг илінің әкімшілік орталығы. Түркияның Еуропа бөлігінде орналасқан. Халық саны 108 000 адам (2000 жылғы санақ қорытындысы). Текирдаг – бірнеше тарихи атауға ие болған қала. Родосто (Ρωδόστο) немесе Радестус (Ραιδεστός); Византия иелігінде болған кезде қала атауы – Византия (Βισάνθη); Осман кезеңінде Текфук Даг аталып, қазіргі атауы осының негізінде қалыптасты. Қаланың тарихы б.з.д. 4000 жылдан басталған. Сомос аралының тұрғындары ежелгі Родос қаласының негізін қалаған. 813 жылы қалада Болгарлардың Византия империясымен, 1206 жылы Латын империясымен шайқастары өтеді. 1306 жылы Осман түріктері қаланы жаулап алып, Эдирне уәлаяты құрамына кіргізеді. Түркия және Балқан түбегі елдері одағының арасындағы бейбіт келісімге сәйкес қала Бірінші Балқан соғысынан кейін Болгарияның құрамына кіреді. Бірнеше айдан кейін қала қайтадан Түркияға беріледі. 1918 жылы Бірінші Ұлы Отан Соғысы аяқталғаннан кейін қала грек әскерлерінің басқаруында болып, Сверск келісіміне сәйкес Грекияның құрамына кіреді. Бірақ 1922 жылғы Лозан келісіміне сәйкес Грекия қаланы Түркия Республикасына беруге мәжбүр болады.

Шығыс Рим империясы

Шығыс Рим империясы немесе Византия империясы (395-1453) ( Батыс тарихшылары XIX ғасырда Шығыс Рим империясы атауының орнына Византия империясы деген атау берген. Византия халығы өздерін ромей деп атаған) — 395 – 1453 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет.. Алғашында «Ромейлер империясы» деп аталған. Византия атауын Батыс тарихшылары XIX ғасырда енгізген.

Эллинизм

Эллинизм — ертедегі грек құл иеленушілік қоғамның соңғы, аяқталған кезеңі болды. Грекия тарихындағы бұл тарихи кезең Александр Македонскийдің (біздің заманымызға дейінгі 356—323 жылдар) бүкіл Грекияны жаулап алуымен тығыз байланысты болды. Ол он жыл ішінде, біздің заманымызға дейінгі 334 жылдан 324 жылға дейін, Кіші Азия жағалауынан Үндістан шекараларына дейін, Қара теңізден араб сахараларына дейінгі ұланөғайыр жерді басып алды. Ежелгі дүниеде дөл осындай орасан зор мемелекет ешуақытта да болып көрмеген болатын. Сөйтіп, грек мәдениеті тарихында эллинизм кезеңі басталды. Бұл дәуір Александр Македонский державасының барлық жерінде грек мәдениетінің таралу дәуірі болды, яғни бұл кезеңді Шығыс және Батыc елдері мәдениетінің тогысу кезеңі десек те қателеспеген болар едік. Өздерін парсы билеушілерінен азат еткені үшін Египет абыздары Александрды күн құдайы Амонның перзенті деп жариялады. Ал Александр өзін Македонияда да, Грекияда да құдай деп санауға әмір берді. Ұлы Александрдың бұл зор мемлекеттің құрылымында грек мәдениеті жетекші орында болды. Барлық заманның дерлік ең ірі қолбасшысы және жиһангері ретінде даңққа бөленген, ұлы Александр отыз үш жасында дүние салды. Ол өлгеннен кейін (біздің заманымызға дейінгі 323 жыл) бұл империя ыдырап, бірнеше патшалық династиялар құрылды.

Сауданың қаулап өсуі, әсіресе Шығыста жаңа қалалардың дүниеге келуіне зор ықпал етті. Мысырдағы Александрия, Сириядағы Антиохия мен Кіші Азиядағы Перғам эллиндік елдердің мәдени орталықтарына айналды. Шығыс елдерінде грек қалаларының пайда болуы Мысыр мен Вавилонның мәдени мұрасымен, ғылыми жетістіктерімен гректердің кеңірек танысуына даңғыл жол ашса, ал өз кезегінде жаулап алынған халықтар грек мәдениетін қабылдады. Сөйтіп, Грекияның сан ғасырлар бойы жинақталған мәдени жемістерінің шығыс өркениетімен өзара ұштасуының зор тарихи маңызы болды. Эллинизм дәуіріне дейінгі кезеңдердің өзінде-ақ шығыс елдерін аралаған грек көпестері мен теңізшілері пирамидалар мен храмдардың аса қомақтылығына, патша сарайларының сән-салтанатына, дарынды шеберлердің қолынан шыққан монументтік мүсіндер мен әсем етіп салынған қабырғалық өрнектерге таң-тамаша қалатын. Өз кезегінде Грек қалаларының бай құлиеленушілері Шығыс шеберлерінің аса сәнді маталарын, металдан жасалынған көркем бұйымдарын да жоғары бағалаған. Одан қалды гректерді Ежелгі Шығыс халықтарының діни ұғымдарынан туған мифологиялық туындылары да барынша баурап алды, тіпті эллиндік мифологияға ұқсас нышандар да табылды. Мысыр мен Алдыңғы Азия өнерінің сәндік өрнектеріне еліктеу ою-өрнектерді таңдаған кездерде айқын сезілді. Ежелгі Шығыс мифологиясы бейнелерінің ықпалымен архаикалық құмыра өрнектеу өнерінде арыстан денелі, әйел басты, құс қанатты сфинкстер, қанатты жылан, құйрықты дию-пері адамдар, бүркіт басты, қанатты арыстандар-грифондар, өлгендердің аруағы болып есептелінетін адам басты құстар — сиреналар және тағы да басқалары пайда болды.

Сонымен Шығыстың ежелгі мәдениетімен жанасу жағдайында грек мәдениеті жаңа сатыға көтерілді. Жаңа мемлекеттер өзінің күш-қуатын орнықтыру мақсатында бұрын-соңды болып көрмеген көлемде қалалар салу ісін қолға алды. Ел билеушілері өз сарайларының сән-салтанатына ерекше мән берді және өз үстемдіктері мен даңқын арттыру үшін өз маңына өнер мен ғылым өкілдерін топтастырып, өз сарайларын мәдени орталыққа айналдыруға барынша күш салды. Жер-жерден жиналған ірі ғалымдар мемлекет есебінен ғылыми жұмысстар жүргізді. Сондай ғалымдардың, өнер адамдарының ең көп шоғырланған жерлерінің бірі — Алексаңдриядағы патша сарайындағы ғылыми орталық болып саналатын Мусейон болды. Бүгінгі «музей» сөзінің шығу тегі осы муза ордасымен сабақтас. Мұнда Архимед, Эвклид сияқты талай ғұлама адамдар ғылыми жұмысстармен айналысты. Муздар храмы тез арада халықаралық академияға, ірі ғылыми мәдени орталыққа айналды. Бұл дәуірдегі ғылыми жаңалықтардың басым көпшілігін Александрия ғалымдары ашты. Мысалы, Эвклид геометрияның бастауы туралы еңбек жазды, Гиппарх іргелі жұлдыз каталогын құрастырды, географ Эратосфен жер шеңберін біршама дәл анықтады, астроном Аристрих Самоский тұңғыш рет жер мен планеталар күнді айналады деген данышпандық болжам айтты. Ең бастысы — Александрияда дүние жүзіндегі кітаптардың басым көпшілігі шығарылды, дәлірек айтқанда, ғылымның барлық саласынан шығармалар жинақталған 700 мың папирус орамы бар өйгілі кітапхана орналасты.

Біздің ойымызша, эллинизм өнерін бірыңғай тұтас өнер деп қарастыруға болмас. Өйткені, бұл дәуірде Александрияда, Пергамда, Грекияда, Родос аралында, Сирия қалаларында дербес өнер дөстүрлері болды. Бірақ оған қарамастан сәулет, мүсін және сурет өнерлері бүкіл орасан зор эллиндік дүниеде гүлдене берді.

Біздің заманымызға дейінгі II ғасыр өмір сүрген атақты мүсінші Александр (Агесандр)дың қолынан шыққан Париждегі Лувр музейінің мақтанышы «Милос Венерасы» деген атпен тарихқа енген Афродитаның мүсіні қазір бүкіл дүние жүзіне белгілі болып отыр. Бұл мүсіннің өн бойында грек өнерінің ғасырлар бойғы үздік жетістіктері ғажайып үндестік тапқан. Махаббат құдайының бұл сырлы бейнесі өзінің маңғаздылығымен де, нөзіктігімен де көрген адамды бірден баурап алады.

Әлемнің жеті ғажайыптарының қатарындағы «Александрия шырағы» эллинистік дүниенің сауда жолдарының орталығымен қатар, эллинизм мәдениетінің ордасы болғандықтан «Жаңа Афины» деген атаққа ие болған Александрияда тұрғызылды. Бұл жағдай эллинизм дәуіріне біртұтас жобамен салынған алғашқы қалалардың бірі болып саналатын Александрияның даңқын одан әрі арттыра түсті. Шырақ биіктігі 120 метрлік, үш қабатты мұнара сияқтанып салынды, ұшар басында теңіз әміршісі Пассейдонның қола мүсіні орналастырылды. Шырақтың айналып тұратын жүйесі күмбезде жанған оттың жарығын одан әрі күшейте түскен, соның арқасында от 60 шақырым жерден көрінетін болған. Пырақ Александрияның әрі бекінісі, әрі қарауыл мұнарасы болған, мұнараға астрономиялық жабдықтар, желбағар (флюгер), сағат орнатылған. Рим империясы құлағаннан кейін шырақ төңірегіне жарық шашуын тоқтатты, ең соңыңда жер сілкінісінен күйреді. Көне шырақтың қалдықтарын кейіннен түріктер бекіністер салуға пайдаланған, ол бекіністі қазіргі уақытта да көруге болады.

Грек өнерінің соңғы айтулы мәдени ескерткішінің бірі — Троялық абыз Лаокоон мен оның балаларының апат болуын бейнелейтін мүсіндер тобы. Бұл таңғажайып өнер туындысын жасаушылар родостық шеберлер — Агесандр, Полидор және Афанодор болды. Мүсін сюжеті Трояның күйреуі жөніндегі аңызхикаядан алынған.

Эллинизм дәуірінде дін саласында жаңа құбылыстар байқалды. Солардың бірі кейбір ежелгі шығыс елдеріне төн, патшаны құдай дөрежесінде мадақтауға негізделген — монархтарға табынушылық болды. Патшалық етуші монархтар мен олардьщ әйелдері құдайлар деп таныльш, оларға құдайлардай сый-құрмет көрсетіліп, храмдар салынды. Эллинистік діннің екінші бір белгісі — «Тағдырға табынушылық» адамдарға үстемдік етуші табиғат пен қоғамның сұрапыл күштері жайындағы гректердің ескілікті ұғымдарымен байланысты өмірге келді. Бірақ эллинистік дінге ерекше тән қасиет — синкретизм еді (гректік және шығыстың діни ұғымдарының түрлі элементтерінің өзара араласып кетуі).

Қорыта келгенде, ежелгі грек мәдениетінің шұғыласы антика өркениетінен анағұрлым кеш пайда болып, ғасырлар бойы өз сәулесін түсіріп келеді. Біздің заманымызға дейінгі ГУ ғасырда пайда болған эллинистік мемлекеттер көп уақыт өмір сүрген жоқ, өйткені біздің заманымызға дейінгі II—I ғасыр өзінде-ақ олардың көпшілігін құлиеленушілік Римнің қалың қолы жаулап алды. Дәл осы тұстан бастап қазіргі Италия мемлекетінің жері көне мәдениеттің орталығына айналды. Сөйтіп антика өнерінің жаңа тарауы болып есептелетін Ежелгі Рим мәдениеті басталды.

Эсхилдың «Жалбарынушылар» трагедиясы

Эсхилдың «Жалбарынушылар» трагедиясы

Эсхилдың «Жалбарынушылар» трагедиясы формасы жағынан архаикалық болып келеді. Мәтіннің жартысынан көбін хор партиялары алады. Трагедияда Эсхил озбырлық, зорлық-зомбылыққа қарсы тұрады. Афиндық бостандықты шығыс деспотизміне қарсы қоя отырып, халқының келісімінсіз ешқандай шешім қабылдамайтын идеалды ел билеушісін көрсетеді.

Қысқаша сюжетіне тоқталатын болсақ, Зевс пен Ионың ұлы Эпафтың Бел деген ұлынан Египт және Данай есімді балалары болады. Данай Ливияда патшалық құрса, Египт Ніл бойын жайлаған елге билік жүргізеді. Египттың бірінен бірі асқан сымбатты, күшті елу ұлы, ал Данайдың айдай сұлу елу қызы болды. Египт ұлдары Данай қыздарына ғашық болып, оларға үйленгісі келеді. Бірақ Данай патша өз бауырының балаларына қыздарын қосқысы келмеді, оның үстіне қыздары да бұл ұсынысты қабылдамайды. Бұған ерегіскен Египт ұлдары Данайға қарсы соғыс ашады. Олардан жеңіліп қалған Данай патша бас сауғалап, құдайлардан көмек сұрап, 50 ескекті кеме жасап, теңізбен қашады. Алғаш Родос аралына келіп тоқтап, онда ғибадатхана салып, құдайларға құрбандық бергенімен, мұнда көп қала алмай, Грекия жағалауларына қарай жүзіп кетеді. Сөйтіп, әжелері Ионың жұрты шұрайлы Арголидаға келіп тұрақтайды. Данай да, қыздары да осында пана табуға үміттенеді. Оларға Арголида патшасы Пеласг та Египт патшаның қаһарынан құтқарып қалуға уәде береді. Бірақ Пеласг та, оның халқы да Данай қыздарын қорғау жолында көп зардап шегіп, көп адамынан айрылып, Пеласгтың өзі Қиыр Шығысқа қашып құтылды.

Барлық амалы таусылған Данай Египт ұлдарына қыздарын беруге шешім қабылдайды. Бірақ Данай қыздарының нендей шешімге келгенін, бұл неке арқылы Египт ұлдары өздерінің ажал құшатындығын білмейді. Шат-шадыман той жасап, той жырларын шырқап, үйлену тойын жасайды. Той бітіп, түн қараңғылығы орнап, ел ұйқыға жатқанда, Данай қыздары әкелері берген қанжарларын күйеулерінің кеудесіне сұғып, аяусыздықпен өлтіреді.

Данай патшаның тек кіші қызы мейірбан Гипермнестра ғана өз күйеуі – сұлу Линкейді өлтіруге қимай, оны оятып, сарайдан шығарып жібереді. Гипермнестраның өз әмірін орындамағандығына әкесі қатты ызаланып, оны ауыр шынжырмен бұғаулап, терең зынданға тастайды.

Бүкіл Арголида ақсақалдары бас қосқан кеңесте Гипермнестраға өлім жазасы кесілгенімен, махаббат құдайы сұлу Афродита келіп, Гипермнестраны құтқарып қалады. Зевс құдай Данайдың басқа қыздарына өлім жазасын кескен жоқ. Бірақ Данай қыздарының тағдыры бірдей болған жоқ.

Өз некесіне адалдығын сақтап, қолын қанға боямаған Гипермнестраға құдайлар Линкейге қосылуға рұқсат беріп, бұл некеге өздерінің батасын беріп, олардан қаһарман ұрпақтар тарады. Ал басқа 49 қызы тірі қалғанымен, құдайлар жіберген жазадан құтыла алмады. Күйеулерін өлтіріп қанішер болғандығы үшін олар Аидтың қара түнек патшалығындағы түбі жоқ құмыраны суға толтыруға тиіс болды. Әрине, бұл ешуақытта бітпейтін мәңгілік азап екендігі түсінікті. Яғни, Данай қыздарына да «Сизиф еңбегі» секілді ауыр жаза берілді. Жер асты өзенінен күні-түні су тасып құйғанымен, қыздар әлі күнге түпсіз ыдысты толтыра алмай, берекесіз еңбек етуде.

Бұл трагедияда көтерілген мәселе – қан тазалығы мәселесі. Бұл біздің қазақ халқында да бар дүние. «Жеті атаға» дейін қосылмайтын, қыз алысып, қыз беріспейтін қазақ үшін бұл трагедияның тартысы да, мәні де өте түсінікті. Данай патша қанша қарсылық көрсетіп, өз бетінше әрекет жасап көргенімен, құдайларға қарсы келе алмады. Әрі кіші қызы да махаббат деген ұлы сезімнің шырмауына түсті. Сондықтан да Данай патша жеңілді. Жалпы, автор бұл драмасында неке құру мәселесіндегі еркіндікті, жастарға таңдау беру құқығы мәселесін көтерген деуге болады.

Трагедия қысқа эпизодтардан тұрады, сахнада екі персонаж әңгімелесіп отырады. Пьесада негізгі рөлді хор алады. Сюжетінің көнелігіне қарап, алғашында зерттеушілер бұл Эсхилдың ең алғашқы трагедиясы деп есептеген. Бірақ, 1952 жылы Египет құмдарынан табылған папирус фрагменті бұл трагедияның жазылған уақыты шамамен б.з.б. 463 жылдар екендігін көрсетті.

Ұлы Антиох ІІІ

Ұлы Антиох ІІІ (грек. Antіochos Megas) (б.з.б. 242 — 187) — Селевки әулеті мемлекетінің билеушісі (б.з.б. 223 — 187).

Таққа отырғаннан кейін 220 — 214 ж. Персия, Мидия мен Кіші Азиядағы көтерілістерді басып-жаныштады. 219 ж. Египетке қарсы соғыс бастаған ол Келесирия, Финикия мен Палестинаны басып алды. Алайда Рафия түбіндегі шайқаста (217 ж.) жеңіліске ұшырап, жаулап алған жерлерінен айрылып қалды. 212 — 205 ж. шығысқа жасаған жорықтары нәтижесінде Парфия мен Грек-Бактрия патшалығы бағындырылып, үнді патшасымен одақ жасалды. Осы жорықтардан кейін 203 ж. Ұлы Антиох ІІІ Египеттен Палестинаны тартып алды, одан кейін Кіші Азия қалалары мен Фракияны басып алуға әрекеттенді. Бұл 192 — 188 ж. Пергам және Рим мемлекеттерімен соғысуға алып келді. 190 ж. Магнесия түбінде жеңіліске ұшыраған Ұлы Антиох ІІІ Рим республикасы және оның одақтастарымен (Пергам, Родос, т.б.) Апамей шартын (б.з.б. 188 ж.) жасасты. Шарт бойынша Ұлы Антиох ІІІ Тавр тауынан батысқа қарайғы жерлерден бас тартуға мәжбүр болып, Римге 15 мың талант көлемінде контрибуция және Пергамға өтемақы төлеуге міндеттенді. Ұлы Антиох ІІІ пен оның мұрагерлеріне Жерорта т-нде әскери флот пен жауынгерлік пілдер отрядын ұстауға тыйым салынды. Апамей шарты Селевки әулетінің Эгей теңізі алабындағы ықпалын толық жойып, патшалықты екінші дәрежедегі державаға айналдырды. Ұ. А. ҚҚҚ Элимаидадағы Бел құдайдың ғибадатханасын талан-таражға салып, тонау кезінде жергілікті тұрғындардың қолынан қаза тапты.

Әлемнің жеті кереметі

Әлемнің жеті кереметі - біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайын Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері.

Олар:

Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.

Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.

Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.

Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған.

Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.

Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Родос алабы, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы жер сілкінісі кезінде қираған.

Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.Бұл алғашқы "Әлемнің жеті кереметіне", "Екінші 7 керемет", "Табиғаттың өзіндегі 7 керемет", "Қиял-ғажайып 7 керемет", т.б. "кереметтер" қосылып келеді.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.