Реза Шаһ Пехлеви

Реза Шах Пехлеви[1] (16.3. 1878, Иран, Мазендеран — 26.7.1944, Оңтүстік Африка Республикасы, Йоханнесбург қ.) — Иран шахы (1925 — 41), Пехлеви әулетінің негізін салушы. 1921 ж. 21 ақпанда әскери төңкерісті ұйымдастыруға қатысты. 1921 — 23 ж. әскери министр, 1923 — 25 ж. премьер-министр болды. 1925 ж. 12 желтоқсанда Құрылтай жиналысы оны Иран шахы етіп жариялады. Мемлекет билігін орталықтандыру шараларын жүзеге асырған ол Иранның экон., саяси-мәдени, оқу-ағарту саласына, сот пен әскерге реформалар жүргізді. Оның тұсында елдегі демокр. партиялар мен ұйымдар қатал жазаланды. 30-жылдардың орта шенінен бастап фаш. Германиямен жақындасты. 1941 ж. Кеңес өкіметі мен Ұлыбритания әскерлері Иран аумағына кіргізілгеннен кейін биліктен бас тартып, шетелге кетуге мәжбүр болды. Оның орнына үлкен ұлы Мохаммед Реза келді.

Rezashah
Реза Шах Пехлеви

Дереккөздер

  1. Қазақша энциклопедия 7 том.
  • Политическая история государств Азии и Африки, М., 1996.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.