Порт

Порт[1] (француз тілінде port, латын тілінде portus — гавань, айлақ) — 1) су толқындарынан табиғи не жасанды тосқауылдармен қорғалған, кемелердің аялдауына, оларға әр түрлі қызмет көрсетуге, жолаушылар мен жүк тасымалын қамтамасыз етуге арналып салынған теңіз, өзен, көл не су бөгені жағалауының сумен шектескен бөлігі.

Порт [2](французша: port — кемежай) — әдетте, толқын соғуынан қорғалған және кемелердің тоқтауы үшін арнайы жабдықталып, жүк тиеу-түсіру жұмыстары жүргізілетін теңіз, көл, өзен жағалауының бір телімі. Порт теңіз порты және өзен порты деп бөлінеді. Теңіз порты азаматтық порт және әскери порт болып бөлінеді. Әскери порт — әскери-теңіз базасының құрамдас бөлігі. Азаматтық портқа кемелердің жүк тасымалдауын қамтамасыз ететін сауда порты, балық аулау флотының базасы болатын балық порты, т.б. мысал бола алады. Порт акваториядан (су айдыны) және аумақтан (жағалаулық бөлік) тұрады. Акваторияға портқа кіретін су жолы, рейд, ішкі су алабы, ал аумаққа портқа келетін темір жол, автомобиль жолдары, көлік қызметін атқарушы құбырлар, жүк қоймалары, алаңдар, вокзал, қызмет және әкімшілік үйлері, т.б. кіреді. Порттың гидротехникалық құрылыстарына толқын бәсеңдеткіш, пирс, док, шамшырақ (маяк), т.б.; негізгі техникалық сипаттамаға айлақтың тереңдігі мен ұзындығы жатады. Порттың жүк айналымы, жүк қабылдап, өткізу қабілеттілігі, кеме айналымы оның көліктік-экономикалық сипаттамалары деп аталады. 2) кеме бортындағы жолаушыларды отырғызуға, түсіруге, жүк тиеп, түсіруге арналған саңылау. Ескі әскери кемелерде бортқа орналасқан зеңбіректерден оқ атуға арналған саңылау.

Порт сөзі мынадай мағыналарға жатуы мүмкін:

Seaport in Akko, Israel
Акко теңіз порты, Израиль

Дереккөздер

  • Қазақ энциклопедиясы
  1. Қазақстан энциклопедиясы, VII-том
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
Америка

Америка (ис. América, порт. América, фр. Amérique, кеч. Amirika, айм. Amërika, нидер. Amerika) — Америка-батыс жарты шардағы екі құрлықтан тұратын дүние бөлігі. Атлант және Тынық мұхиттары аралығында. Оның құрамына Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары, дүние жүзіндегі ең үлкен арал-Гренландия және тағыда басқа жағалауға жақын аралдар кіреді. Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американың бір-бірінен бөлек және дүниенің басқа бөліктерінен алыс жатуы ғана емес ірілігі, табиғат жағдайында зор айырмашылық болуы оларды жеке, дербес құрлықтар деп санауға негіз болады. Олар бір-бірінен Панама мойнағы арқылы бөлінеді. Екі материк аралығындағы Теуантепек пен Панама мойнақтарының аралығы және Вест-Үндістан аралдары Орталық Америкаға жатады.

Баия

Баия (порт. Bahia) — Бразилияның 26 штатының бірі болып табылады, мемлекеттің шығысында орналасқан.

Халық саны бойынша Сан-Паулу, Минас-Жерайс және Рио-де-Жанейро штаттарынан кейінгі төртінші орынды иеленеді.

Ауданы бойынша - бесінші орында.

Әкімшілік орталығы - Сальвадор қаласы.

Штаттың атауын португал тілінен аударғанда, "мүйіс" деген мағынаны береді.

Бразилия

Бразилия (толық ресми атауы — Бразилия Федеративті Республикасы, порт. República Federativa do Brasil, тыңдау ) — Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет. Жері – 8,5 млн. км². Халқы 189 млн. адам (2007). Халқының этникалық құрамы: ақ нәсілдер – 54,7%, зәңгілер – 5,89%, мулаттар – 38,45%. Бұған қоса 3 млн-нан астам иммигранттар (жапон, италиялық, неміс, араб, француз, т.б.) тұрады. Астанасы – Бразилиа. Мемлекеттік тілі – португал тілі. Халқының көпшілігі христиан дінін ұстанады. Ұлттық мейрамы – жетінші қыркүйектегі Тәуелсіздік күні.

Брест (Франция)

Бре́ст (фр. Brest) — Франция мемлекетінің батысында орналасқан қала,қаланың супрефектурасы Финистер. 2006 жылғы санақ бойынша қала тұрғындарының саны 144 мың адамды құраған. Брест қаласы Атлант мұхитының жағалауында, Бретань түбегінің батыс шетінде орналасқан. Қала Брест шығанағының солтүстік жағалауында орналасқан төбе бөктерінде жатыр. Брест қаласы Атлант мұхитының жағалауындағы маңызды сауда және әскери порт ретінде саналады.Брестте ірі әскери теңіз базасы бар.

Гуарда (округ)

Гвардия округі ( порт. Distrito da Guarda Distrito da Guarda ) - Португалияның шығысындағы округ. Аудан 14 муниципалитеттен тұрады. Ол 2 статистикалық аймақтар арасында бөлінеді: Солтүстік аймақ, Орталық аймақ.: 4 статистикалық бөлiнiсiнде көзделiп отыр, арасында бөлінген Бейра-Интериор-Норте, Дан-Лафойнш, Доуру, Серра-да-Эштрела. Ауданға сонымен қатар елордалық Үлкен Висеу ауданы кіреді. Бұрын Бейра Альта провинцияларына және Траз-у-Монтес-и-Алту-Доро аймағына енген - 5536 км². Халқы - 160 939 адам (2011). Халықтың тығыздығы 29,07 адамды құрайды / км². Әкімшілік орталығы - Гуарда қаласы.

Кампаньян

Кампаньян (порт. Campanhã) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Порту округінің құрамына кіреді. Порту муниципалитетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Үлкен Порту ірі қалалық агломерациясында орналасқан.

Португалияның Солтүстік аймақ регионына қарасты Үлкен Порту экономика-статистикалық субрегионының құрамына енеді. 2001 жылғы мәліметтер бойынша тұрғындарының саны 38 757 адамды құрайды. Алып жатқан жер аумағы 8,13 км² шамасында. Халық тығыздығы — 4 767,20 адам/км².

Ауданның қамқоршысы — Дева Мария.

Карсан

Карсан (порт. Carção) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Браганса округінің құрамына кіреді. Вимиозу муниципалитетінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Португалияның Солтүстік аймақ регионына қарасты Алту-Траз-уш-Монтеш экономика-статистикалық субрегионының құрамына енеді. 2001 жылғы мәліметтер бойынша тұрғындарының саны 525 адамды құрайды. Алып жатқан жер аумағы 27,6 км² шамасында. Халық тығыздығы — 19 адам/км².

Минас-Жерайс

Ми́нас-Жера́йс (порт. Minas Gerais) — Бразилияның шығысында орналасқан штат.

Шектесіп отырған штаттар: солтүстігінде Баия, шығысында Эспириту-Санту мен Рио-де-Жанейро, оңтүстігінде Сан-Паулу , батысында Мату-Гросу-ду-Сул мен Гояс; солтүстік – шығыстағы Федералдық бөліммен шағын шекараны құрайды. Әкімшілік орталығы — Белу-Оризонти қаласы.

Минас-Жерайс — Бразилия тұрғындары жағынан екінші орында және алып жатқан аумағы жағынан төртінші орында тұрған штат.

Штаттың атын португал тілінен аударғанда «Басты кен» деген мағынаны береді.

Мораш

Мораш (порт. Mouraz) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Визеу округінің құрамына кіреді. Тондела муниципалитетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Үлкен Визеу ірі қалалық агломерациясында орналасқан.

Португалияның Орталық аймақ регионына қарасты Дан-Лафойнш экономика-статистикалық субрегионының құрамына енеді. 2001 жылғы мәліметтер бойынша тұрғындарының саны 998 адамды құрайды. Алып жатқан жер аумағы 9,22 км² шамасында. Халық тығыздығы — 108,2 адам/км².

Ауданның қамқоршысы — Апостол Пётр.

Муру

Муру (порт. Muro) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Порту округінің құрамына кіреді. Трофа муниципалитетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Үлкен Порту ірі қалалық агломерациясында орналасқан.

Португалияның Солтүстік аймақ регионына қарасты Аве экономика-статистикалық субрегионының құрамына енеді. 2001 жылғы мәліметтер бойынша тұрғындарының саны 1 972 адамды құрайды. Алып жатқан жер аумағы 5,81 км² шамасында. Халық тығыздығы — 339,4 адам/км².

Параиба

Параи́ба (порт. Paraíba) — Бразилияның шығысында орналасқан штат. Солтүстікте Риу-Гранди-ду-Норти штатымен, батыста Сеара, оңтүстікте Пернамбуку штатымен шекаралады. Шығысын Атлант мұхиты шайып өтеді.

Әкімшілік орталығы — Жуан-Песоа қаласы.

Параиба- Бразилияның ең шығыс штаты, ал Жуан-Песоадағы Кабу-Бранку тек Бразилияның емес, сонымен қатар, Оңтүстік Американың ең шығыс нүктесі болып табылады.

Ауданы — 56439,838 км²

Халық саны — 3 млн 769.9 тыс. чел. (2009)

Пиауи

Пиауи (порт. Piauí) — Бразилияның солтүстік-шығысында орналақан штат. Мараньян және Токантинс штаттарымен батыста, Баия штатымен оңтүстікте, ал Сеара және Пернамбуку штаттырымен шығыста шекаралады. Штаттың солтүстігін Атлант мұхиты шайып өтеді.

Әкімшілік орталығы - Терезина қаласы.

Халық саны - 3 118 360.

Ауданы - 251576.6 км² (Бразилия бойынша 11 орында)

Тығыздығы жөнінен Бразилияда 18 орында - 12,40 адам./км²

Порт-Жуа

Порт-Жуа (фр. Porte-Joie) — Франциядағы коммуна. Жоғарғы Нормандия аймағына қарасты Эр департаментінде орналасқан. Андели округінің құрамына енеді. Алып жатқан жер аумағы 5,91 км² шамасында.

Коммунаның INSEE коды — 27471, пошта индексі — 27430.

Порт (Гар)

Порт (фр. Portes) — Франциядағы коммуна. Лангедок-Руссильон аймағына қарасты Гар департаментінде орналасқан. Алес округінің құрамына енеді. Алып жатқан жер аумағы 14,42 км² шамасында.

Коммунаның INSEE коды — 30203, пошта индексі — 30530.

Порт (Эр)

Порт (фр. Portes) — Франциядағы коммуна. Жоғарғы Нормандия аймағына қарасты Эр департаментінде орналасқан. Евре округінің құрамына енеді. Алып жатқан жер аумағы 9,44 км² шамасында.

Коммунаның INSEE коды — 27472, пошта индексі — 27190.

Португал тілі

Португал тілі (порт. língua portuguesa) — Үндіеуропа тілдері шоғырының роман тобына жататын тіл.

Португалия

Португалия (порт. Portugal), ресми атауы Португалия Республикасы (порт. República Portuguesa) — Оңтүстік-Батыс Еуропаның қиыр шетінде, Атлант мұхиты жағалауында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің батыс бөлігін және Азор, Мадейра аралдарын алып жатыр. Солтүстігі мен шығысында Испаниямен шектеседі, ал оңтүстігі мен батысын Атлант мұхиты шайып жатыр. Ел аты Порту (лат. Portus Cale — «жылы кемежай») қаласы атынан бастау алады. Жер көлемі 92,1 мың км². Халқы 10,1 млн. (2000). Халқының 99%-ы португалдар, қалғанын испандықтар мен бразилиялықтар құрайды.

Риу-Гранди-ду-Сул

Риу-Гранди-ду-Сул (порт. Rio Grande do Sul) — Бразилияның оңтүстік штаты.. Әкімшілік орталығы – Порту-Алегри қаласы. Солтүстігінде Санта-Катарина штатымен, оңтүстігінде – Уругваймен, шығысында Уругвай өзені арқылы – Аргентинамен шектесіп жатыр.

Риу-Гранди-ду-Сул Бразилия тарихында маңызды рөл атқарды. Дәл осы штат ел тарихындағы ұзаққа созылған Фарропиль революциясы азамат соғысының негізгі алаңы болады. Штат тұрғындарының басым бөлігін Португалия және Италиядан келген қоныстанушылар, ал қалған бөлігін – Испания, Франция, Германия және тағы да басқа ел халықтары құрайды.

Сан-Паулу

Сан-Паулу (порт. São Paulo) — Бразилиядағы қала. Әлемдегі үшінші ірі мегаполис, Латын Америкасындағы ең ірі қала, шүбәсіз биік мұнаралы ғимараттары бойынша бірінші қала. Халық саны — 7 216,3 млн. 1554 жылы негізі қаланған елді мекен бүгінгі күні кофе астанасы атанған.

Сан Паулу көп ұлтты қала, мұнда араб, жапон, италиандық кварталдар бар.

Санше

Санше (порт. Sanche) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Порту округінің құрамына кіреді. Амаранте муниципалитетінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Португалияның Солтүстік аймақ регионына қарасты Тамега экономика-статистикалық субрегионының құрамына енеді. 2001 жылғы мәліметтер бойынша тұрғындарының саны 523 адамды құрайды. Алып жатқан жер аумағы 3,39 км² шамасында. Халық тығыздығы — 154,3 адам/км².

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.