Плиоцен

Плиоцен. Неоген жүйесінің жоғарғы бөлімі.[1]

Дереккөздер

  1. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.
Антракотерийлер

Антракотерий (лат. Anthracotherіdae) – шошқатәрізділер отряд тармағына жататын қазбадан табылған сүтқоректі жануарлар тұқымдасы.

25 туысы анықталған. Антракотерийдің қаңқа сүйектері Еуропа мен Азия, Солтүстік Америкада эоцен – плиоцен дәуірінен, Солтүстік Африкада олигоцен, Қазақстанда Торғай қолатында орта олигоценнен, Асқазансор қазба фаунасы маңында жоғарғы олигоцен дәуірінің шөгінді қабаттарынан табылған. Антракотерийлердің үлкендігі кішкене доңыздан бегемоттың дене мөлшеріне дейін болған. Аяғы 4 саусақты, ит тісі ірі, жоғ. азу тістері бес бұдырлы. Негізінен суда да, жерде де тіршілік еткен. Антракотерийлерден бегемоттар шыққан.

Апшерон ярусы

Апшерон ярусы - Кавказ алды аймағы, Шығыс Кавказ, Еділ өңірі, Каспий маңы, Жайық өңірі, Батыс Түрікменстан аумақтарында кеңінен таралған аймақтық ярус.

Лектостратотегі — Баку қаласының маңында, Баилов мүйісінде. Кұмдардан, саздардан, мергельдерден, ізбестастардан, бақалтастардан тұрады. Қалыңдығы 2000 м-ге дейін. Жәндіктер (тіржандар) қалдығын зерттеу нәтижесінде жіктелген.

Көнелігі соңғы плиоцен;

плиоценнің және төрттік жүйенің шекаралары төменірек жылжытылуына байланысты ерте-төрттік түзілімдер ретінде де қаралады.Шығыс Кавказ және Батые Түрікменстан аумақтарында мұнайкіріктіруші қойнауқат болып табылады.

Гиппарион фаунасы

Гиппарион фаунасы – миоцен – плиоцен дәуірінде тіршілік еткен сүтқоректілер. Гиппарион фаунасы құрамында ең көп таралғаны – гиппарион жылқысы, фаунаның аталуы да осыған байланысты.

Гиппарион фаунасының қазба қалдықтары Үндістаннан, Қытайдан, Моңғолиядан, Оңт. Еуропа елдерінен, сондай-ақ Шығыс және Солт. Қазақстаннан табылған. Қазбадан: тасбақалар (Emys, Mauremys, Sarmatemys), кемірушілер (Steneofіber Monosaulax, Mіmomus, Promіmomus), жыртқыштар (Machaіrodus, Percrocuta), тастұяқтылар Hіpparіon, Aceratherіum (кейінгі түрлері) Chіlotherіum, Sіnotherіum], жұптұяқтылар (Lagomeryx, Mіotragocerus, Samotherіum, Palaeotragus) табылды. Бұлар ылғалды дала, тоғайлы аймақтарда, өзен-көл жағалауларында тіршілік еткен. Г. ф-ның геол. қабаттардың салыстырмалы жасын анықтауда маңызы зор.

Гиппариондар

Гиппарион (лат. Hipparion) – жойылып кеткен үш тұяқты жылқы тұқымдасы.

Шамамен бұдан 2 – 12 млн. жылдар бұрын миоцен – плиоцен дәуірінде Оңт. Америка мен Австралиядан басқа құрлықтарда тіршілік еткен. 100-ге жуық түрлерінің қаңқасы табылған. Тұрқы есектен ірілеу, қазіргі жылқыдан кішілеу, шоқтығына дейінгі биікт. 1,5 м-дей болған. Олардың ортаңғы, үшінші аяғы негізгі тірек қызметін атқарған, ал екінші және бірінші тұяқтары қысқа әрі кішкентай болғандықтан жұмсақ, батпақ жерлерде ғана тіреуіш болған. Қазіргі жылқыларға қарағанда аяқтарындағы буынаралық иілім көбірек, ал тістері ұсақ, жоғ. жақ тістеріндегі «протокон» эмаль сызықтары басқаларға жалғаспай, дөңгелек болған. Гиппариондардың бұл ерекшеліктері олардың ылғалды, тоғайлы далаларда, өзен-көл аймақтарында тіршілік етіп, жұмсақ шөптермен қоректенгенін көрсетеді. Қазақстанда Гиппарионның сүйектері – Павлодар облысынан (Ертіс өз-ні жағасынан), Алматы обл-нан (Ботамойнақ және Есектартқан асуларынан), Қостанай облысынан (Түлкісай қорғанынан), Шығыс Қазақстан облысынан (Қалмақбай қорғанынан), т.б. жерлерден табылған.

Гомфотериялар

Гомфотерия - ет тұмсықтылар отрядының қазбадан табылған бір туысы. Гомфотерийндің сүйектері алғаш рет Францияда орта миоцен кезеңінен, кейін Азияда төменгі миоцен –орта плиоцен дәуірінен, Батыс Европада төменгі шөгінділерінен, Аврикада төмне миоцен Солтүстік Америкада жоғары миоцен-төменгі плиоценнен белгілі. Жер жүзінде он шақты түрі тіршілік еткен. КСРО-да Қазақстанда (Жыланшық өзеннің орта сағасында), Қырымда орта миоцен шөгінділерінен табылған. Гомфотерийдің дене тұрқы пілге ұқсас болған. Ол өсімдік жапырақтарымен қоректенген.

Дала алақоржыны

Дала алақоржыны (лат. Lagurus lagurus) – кеміргіштер отрядының аламантәрізділер тұқымдасына жататын тышқан. Қазба қалдықтары төменгі плиоцен дәуірінен сақталған. Сары алақоржын (Eolagurus luteus) - туыстас түрі. Дала алақоржынының дене тұрқы 96 – 125 мм, салмағы 18 – 46 г болады. Арқасында төбесінен құйрығына дейін созылып жатқан қара жолағы бар. Қазақстанның солтүстік жартысындағы орманды-дала, шөлейтті-далалы аймақтарда (Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстары), оңтүстік-шығыс таулы аудандарда (Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары) кездеседі. Дала алақоржынының бірнеше іні болады. Қысқы ұйқыға жатпайды. Жылына 6 рет (1 – 14-тен) балалайды. Астық, бағалы жемшөп өсімдіктерімен қоректенгендіктен алақоржын шарушылығына зиян келтіреді.

Дамандар

Дамандар систематикалық жағынан тұяқтыларға жақын, ұсақ жануарлар. Алдыңғы аяғында төрт, артқы аяғында үш саусағы және тұяғының рудименті болады.Африканың төменгі олигоценінен және Еуропаның теменгі плиоцен кезендерінен белгілі. Дене тұрқы 30-60 см, салмағы 1,5 нан 4,5 кг дейін. Сыртқы пішіні кеміргіштерге ұқсас, бірақ филогенетикалық жағынан ет тұмсықтыларға жақын. Құйрығы қысқа немесе мүлдем жоқ. Жоғарғы ерні қақ айрылған. Алдыңғы аяқтары төртсаусақты, ал артқы аяқтары үшсаусақты, тұяқтәрізді тырнақтары бар. Жоғары күрек тістері кіреукесіз, ішкі жағында әрдәйім өсуде болады; диастемасы бар. 3 тұқымдасы, оның ішінде 1 қазіргі кездегісі, 2-3 туысы, (7-12 түрі), Африкада және Азияда, (Аравия түбегінен Сирияға дейін) таралған. Ормандарда, (жекеленіп) және 4,5 мың м. биіктікте таулы аймақтарды, (топ- тасып) мекендейді. Құрлық немесе ағаш-бұталарда, жылдам қимылды жануарлар. Өсімдік қоректілер. Жылына бір рет 1-3 дейін ұрпақ береді. Ет үшін ауланады.

Егіндікөл ауданы

Егіндікөл ауданы – Ақмола облысының оңт.-батысындағы әкімшілік бөлініс.1970 ж. Атбасар және Қорғалжын аудандарының ықшамдалуына байланысты құрылған. 1970 – 97 ж. Краснознамен ауданы аталып келді. Жер аумағы 5,4 мың км². Тұрғыны 7,5 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,4 адамнан келеді (2006). Аудандағы 16 елді мекен 8 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Аудан орталығы – Егіндікөл аулы. Егіндікөл ауданы Сарыарқаның орт. бөлігінде, Есіл өзен мен Теңіз – Қорғалжын ойысы аралығында орналасқан. Жер бедері негізінен жазық, тек орт. (бөлігі) сайлы-жыралы, белесті келген (абсолют биіктігі 400 м). Жерінің көпшілігін жоғ. плиоцен мен төм. антропоген жүйелерінің көлді-аллювийлі шөгінділері жапқан. Кен байлықтарынан гипс, құм, гипсті саз кездеседі. Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы –18°С, кейде – 40°С-қа дейін төмендейді. Шілденің орташа температурасы 21°С. Кейде оның максимумы 42°С-қа дейін жетеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 – 300 мм. Өзендер сирек кездеседі. Терісаққан өзенің саласы – Талдысай өзенің бастауы және жазда құрғап қалатын бірлі-жарым еспелер ғана бар. Аудан аумағында көптеген суы тұщы және ащы көлдер орналасқан. Бастылары: Қожакөл, Жалманқұлақ, Егіндікөл, Жосалы, Жарлыкөл, Самарбай, Ұзынкөл, Алакөл (тұзды), т.б. Жер асты сулары 50 – 100 м тереңдікте жатыр және тұздылығы жоғары болғандықтан (3 – 10 г/л) пайдалануға жарамайды. Сондықтан ауданның барлық елді мекендеріне Нұра өзенен су құбыры тартылған. Аудан жерінде карбонатты қызыл қоңыр топырақ кең тараған. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде аудан жерінің басым бөлігі жыртылған. Өсімдіктерден сұлыбас, селеу, бетеге, жусан, көл жағаларында түрлі шөпті шалғын, бидайық, өлең, қамыс, т.б. өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, қоян, суыр, ондатр, күзен, сарышұнақ, аламан тышқаны, қосаяқ; құстардан кезқұйрық, күйкентай, бозторғай, көлдерде қаз, үйрек, аққу, қасқалдақ, қызғыш, тауқұдірет, жылқышы, шіл, тырна, бөдене мекендейді. Ірі елді мекендері: Абай. Бауманское, Спиридоновка, Қоржынкөл, Буревестник, Жалманқұлақ, Ұзынкөл, Полтавское. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жері 518,8 мың га, оның 346,2 мың га-сы жыртылған, 1,0 мың га-сы шабындық, 171,5 мың га-сы жайылым. Аудан Егіндікөл – Астраханка – Макинск – Щучинск – Көкшетау автомобиль жолы арқылы облыс орталығымен және Егіндікөл – Новочеркасское – Астана автомобиль жолы арқылы Астана қаламен байланысады. Егіндікөл – Атбасар темір жол тармағы арқылы Астана – Қараталды темір жол магистралімен жалғасқан.

Мезопитек

Мезопитек - қазбадан табылған төменгі сатыдағы тар танау маймылдардың қалдықтары. Төменгі плиоцен қабатынан Оңт. Еуропа мен Алдыңғы Азияда табылған. Мезопитектің қаңқасы қазіргі маймылдарға ұқсас ғылыми зерттеулер жүргізуде маңызы бар.

Нандулар

Нандулар (лат. Rhea) – қырсыз төсті құстардың нандутәрізділер отрядының жалғыз туысы.

Жоғарғы плиоцен дәуіріне тән қазба қалдықтары Бразилияда табылған. Қазір Оңтүстік Американың далалы, шөлейтті аймақтарында кездеседі. Нандулардың 2 түрі бар: кәдімгі нанду (Rhea amerіcana) және Дарвин, немесе кіші, нандуы (Pterocnemіa pennata). Бұлардың биіктігі 170 см-дей, салмағы 25 кг-дай. Аяқтары үш саусақты. Қанаттары жақсы жетілген, бірақ ұшпайды. Жақсы жүгіреді және жүзеді. Бүкіл денесін қауырсындар (онша тығыз емес) жауып тұрады. Төс сүйегінің қыры жоқ. Нандутәрізділер топтанып тіршілік етеді, полигамды, көбейер кезде жеке шағын топтарға бөлініп, онда бір қоразы, 5 – 7 мекиені болады. Бір ортақ ұяға 30-ға жуық жұмыртқа салады, оларды қоразы (35 – 40 күндей) басып шығарады. Нандутәрізділер өсімдіктердің жапырақтарымен, бүршігімен, тұқымдарымен және ұсақ омыртқасыздармен қоректенеді. Еті, қауырсыны және жұмыртқасы үшін нандутәрізділер өте көп ауланған. Сондықтан саны аз. Дарвин нандуы қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген.

Неоген кезеңі

Неоген кезеңі - кайнозой эрасының ұзақтығы 24,6 млн. жылмен өлшенетін екінші (ортаңғы) геологиялық кезеңі. Бұдан 23 — 1,6 млн. жылдар бұрынғы уақыт аралығын қамтыған.Неогенген терминін австрия ғалымы М.Гернес енгізген (1853). Неоген миоцен және плиоцен бөлімдеріне жіктеледі. Миоценнің төм. және ортаңғы бөлімдері теңіздік шөгінділерден, ал жоғарғы бөлігі гипсті жыныстардан құралған. Плиоцен горизонттарының төм. бөлігі саздардан, жоғ. бөлігі құмды жыныстардан құрылады. Жерорта теңізі бойындағы (Италия, Грекия) плиоцен жыныстары құрамында жанартаулық жыныстар мол тараНеогенн. Мұхитпен кейде қосылып, кейде одан бөлінген Қара теңіз бен Каспий теңізі аймақтарының тұйық алаптарындағы төм. және ортаңғы миоценнің бөліктері майкоп сериясының саз қат-қабаттарының жоғарғы бөлігінен құралған. Плиоцен басында Қара теңіз бен Азов теңіздері орнында Каспийден оқшау орналасқан, суы тұзды Понт, кейін Киммерий көлдері болды. Бұл кезде Кавказда континенттік және жанартаулық жыныстар жиылды, Оңтүстік-Батыс Азияда континенттік тұнбалар, Индонезияда теңіздік, континенттік, жанартаулық жыныстар шоғырланды. Жер тарихында. алып жас таулардың (альпі қатпарлықтары) көтерілген, ұлғайған, теңіз айдындарының сарқылып, шаралары шөгінділерге толған кезеңі. Неогеннің аяғында континенттер мен мұхиттар осы күнгі қалпына келді. Неогеннің теңіздік шөгінділері Қазақстан жерінде Арал, Каспий теңіздерінің маңында ғана кездеседі. Неогеннің континенттік шөгінділері Тұран плитасы мен Тянь-Шань аймағын, т.б. өңірлерді алып жатыр. Неоген ағымында дала, орманды дала, тайга және тундралық өсімдіктер пайда болып, кеңінен дамыды. Құрлықтағы организмдердің құрамы қатты өзгерді. Сүтқоректілер фаунасы айтарлықтай өзгеріске түсті. Қазіргі жыртқыштар, тұяқтылар мен тұмсықтылардың жаңа түрлері пайда болды. Мысалы, миоценде аю, гиена, құндыз, ит, борсық, мостодонт, мүйізтұмсық, қой пайда болса, ал плиоценде күзен, піл, гиппопотам, бұғы, гиппарион үш тұяқты жылқы (плиоцен соңында олар осы күнгі жылқы түріне айналды)] пайда болды. Қазақстанның, Еуропаның жоғарғы миоцен түзілімдерінде қазіргі шимпанзелерге ұқсас маймылдар – дриопиктердің қалдықтары табылған; мергель, әктас қабаттары бар малтатас, құм, қиыршықтас, саз жыныстары көп тараған. Кен байлықтардан мұнай мен газ (Парсы – Месопотамия мен Кордильера – Анд, Иран, Сахалин, т.б.), көмір кен орындары (барлық құрлықтарға таралған), темір кен шоғырлары (Керчь), т.б. әр түрлі тау жыныстары кездеседі.

Рамапитек

Рамапитек - қазбадан табылған адам тәрізді маймыл. Рамапитектің қазба қалдығы Үндістанда 1934 және 1935 жылы төменгі плиоцен шөгінділерінен табылған. Рамапитектің морфологиялық ерекшелігі төменгі жақ биік емес, ит тісі мен 1-күрек тісі арасындағы бос жер тар, жалпақ біткен азу тістері аласа бұдырщықты. Бұлардың барлығы рамапитектің ертедегі гомонидтерге ұқсастығын көрсетеді.

Текес артезиан алабы

Басқа мағыналар үшін Текес (айрық) деген бетті қараңыз.

Текес Артезиан алабы , Алматы облысының оңтүстік-шығысында орналасқан. Ауданы 1,8 мың км². Батыс бөлігі – Текес ойысы. Гидрокарбонатты сульфатты, кальцийлі-натрийлі тұщы су (минералдығы 0,15 – 0,9 г/л) жоғары плиоцен мен антропогеннің аллювий-пролювий текті шөгінділерінде жиылған. Барлау ұңғымаларының тереңдігі 24 – 230 м, су шығымы тәулігіне 430 – 1700 м3. Алаптың болжамды ғасырлық қоры 19 миллиард м3 мөлшерінде анықталған. Пайдаланылатын қоры тәулігіне 1,5 миллион м3, мұның ішінде толық барланғанының тәуліктік шығымы 170 мың м3. Теріскей Алатаудың мұздықтары суымен толысады. Алап суы елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге, егін суаруға пайдаланылады.

Тұран плитасы

Тұран плитасы, Тұран тақтасы – Қазақстанның батыс өңірінен орталық бөлігіне дейін және Орталық Азияны қамтып жатқан ірі тектоникалық құрылым. Тұран плитасына Қазақстан жерінде Тұран ойпаты, Үстірт, Маңғыстау және Бозащы түбектері, Арал маңы, Оңтүстік Торғай өңірі және Орталық Азияның (Өзбекстан мен Түрікменстанның кей аймақтары және Ауғанстанның солтүстік) біраз құрылымдары кіреді. Батысы Каспий тенізімен, шығысы Сарыарқа және Тянь-Шань қатпарлы өлкелерімен, оңтүстік Торғай ойысы арқылы Батыс Сібір плитасымен шектесетін 2 млн. км2 аймақты алып жатыр.

Тұран плитасы табанының құрылысы өте күрделі, көлденең қимасы үш түрлі құрылымдық қабаттан тұрады:

қатпарлы іргетас;

аралық қабат;

платформалық тыс.

Хилотерий

Хилотерий (Chіlotherіum) — мүйізсіз мүйізтұмсықтардың жойылып кеткен туысы. Хилотерийлер Еуразияда миоценнің екінші жартысынан плиоценнің ортасына дейін (шамамен 3 — 10 млн жылдар аралығы) тіршілік еткен. Хилотерий гиппарион фаунасының негізгі бір өкілі болып саналады. Хилотерийдің өздеріне тән ерекшеліктері: мүйізі және күрек тістері болмаған, төменгі иегіндегі алдыңғы екі айрық тістері сорайып шығып тұрған. Денесі ірі, ұзындығы 3 м-дей, аяқтары қысқа және жуан, ал денесі бегемотқа ұқсас болған. Батпақты жерлерде тіршілік етіп, шөппен қоректенген. Плиоцен дәуіріндегі құрғақшылық әсерінен өзен, көл суларының тартылуы Хилотерийлердің жойылып кетуіне әкелген. Хилотерийлердің қазба қалдықтарының Қазақстандағы ең көп табылған жері — “Қаздар қонысы”. Бұл жерден табылған қаңқалар Хилотерийдің ғылымға белгісіз, жаңа түрі болып анықталды. Осыған ұқсас түрлер Арқалық қаласы маңынан, Ойсылқара өзені жағасынан, т.б. неоген кезеңінің шөгінді қабаттарынан табылды. Бұрын Қытайдан табылған түр Алматы облысындағы Ботамойнақ тау өткелінен де табылды.

Эгей теңізі

Эгей теңізі (гр. Αιγαίο Πέλαγος; түр. Ege Denizi) — Жерорта теңізі алабындағы жартылай тұйық теңіз. Балқан түбегі, Кіші Азия мен Крит аралы аралығында орналасқан.

Грекия мен Түркия жағаларын шаяды. Солтүстік-шығысында Дарданелл бұғазы арқылы Мәрмәр теңізімен, оңтүстігінде ұсақ аралдар аралығындағы көптеген бұғаздар арқылы Жерорта теңізімен жалғасқан. Аумағы 191 мың км2. Плиоцен мен плейстоценнің аяғында су астына шөккен құрлық (Эгеида) үстінде орналасқан. Ең терең жері – 2561 м. Аралдары көп (Солтүстік және Оңтүстік Спорад, Киклад топ аралдары, т.б.). Судың температурасы беткі қабаттарда қыста 11 – 16С, жазда 22 – 25С. Тұздығы 37 – 38‰. Толысуы жарты тәуліктік (1 м-ге дейін). Жағалауы шығанақтармен және қойнаулармен тілімделген. Балық ауланады.Эгей теңізі арқылы Қара теңіз порттарынан Оңтүстік Еуропа, Солтүстік Африканың порттарына, Таяу Шығысқа және Орта Шығысқа, Суэц каналы арқылы Үндістанға және Оңтүстік-Шығыс Азия порттарына су жолдары өтеді. Ірі порттары – Пирей, Салоники, Ираклион (Грекия), Измир, Шанаққала (Түркия).

Қабыланқыр

ҚАБЫЛАНҚЫР– Үстірттің оң түстікнде орналасқан үстіртті жазық. Қазақстан мен Түрікменстан мемлекеттері аралығында, сол түстік-батыстан оң түстікке қарай доғаша иіліп 190 км-ге созылып жатыр. Абсолют биіктігі 305 м, енді жері 45 км-ге жетеді. Қазақстан бөлігіндегі абсолют биіктігі 229 м (Құлантақыр тауы). Жер қыртысы орта плиоцен дәуірінің әктас, теңіздің сазды-батпақты шөгінділерінен түзілген. Құлантақырдың кемерленіп келген батысын бойлай сол түстіктен оң түстікке қарай 100 км-ге созылған Гекленқұм (Қарасор) соры жайласқан. Үстірттің жер бедері қиыршықты-сазды келген жазық. Оның сұр, сортаң сұр топырағында қара сексеуіл, тетір, баялыш, бұйырғын, тасбұйырғын, т.б. шөлдің сораң өсімдіктері өседі. Шығысында Қабыланқыр қорығы орналасқан (Түрікменстанда, 570 мың га). Батыс бөлігінің табанында минералд. 3 г/л-ден астам тұзды көлшіктер мен қайнар бұлақтар кездеседі. Қорықта қарақұйрық, қарақал, т.б. жануарлар мекендейді.

Қабыршақтас

ҚАБЫРШАҚТАС, ұлутас – теңіз жәндіктерінің бүтін немесе үгілген қабыршақтарынан құралған органик. шөгінді жыныс. Кеуектілігі, көлемдік салмағының жеңілдігі, жылуды аз өткізгіштігі, тілуге және жонуға икемділігі – Қабыршақтастың бағалы құрылыстық қасиеттері. Қазақстанда құрылыстық тілме тастардың негізгі қоры плиоцен шөгінділердегі әктасты Қабыршақтастармен байланысты. Бұл шөгінділер Маңғыстау мен Үстіртте кеңінен тараған. Мұнда әктасты Қабыршақтастардың 17 кен орны барланған. Жетібай, Маңғыстау, Өзен, Форт-Шевченко, Қызылтұран, т.б. карьерлерден қаптама тақталар, Қабыршақтас блоктары алынады. Бұл өнімдер құрылыста үй-ғимарат қабырғаларын жабу үшін кеңінен қолданылады.

Қарабас (шоқы)

Қарабас – Ақмола облысы Қорғалжын ауднының оңтүстік-шығысында орналасқан эллипс тәрізді шоқы. Абсолюттік биіктігі 415 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 1,5 км-ге созылған, енді жері 1 км. Солтүстік-шығыс беткейінен басқа жерлері көлбеу. Плиоцен кезеңінің тау жыныстарынан түзілген. Жер қыртысын көлді-аллювийлі шөгінділер жапқан. Карбонатты қоңыр топырақты сортаң далада ксерофитті түрлі шөпті-бетегелі-селеулі өсімдіктер өскен.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.