Пирей

Пирей (гр. Πειραιάς) — Грекиядағы қала, жол торабы, ірі порт және өнеркәсіп орталығы. Эгей теңізіндегі Сароникос шығанағының солтүстік-шығыс жағалауында. Халқы 187,4 мың (1971). Машина жасау, химия, цемент, жеңіл, тамақ, алюминий, керамикалық бұйымдар шығару, кеме жасау және жөндеу кәсіпорындары, ЖЭО бар.

Қала
{{{қазақша атауы}}}
гр. Πειραιάς
Piraeus Mikrolimano1
Әкімшілігі
Ел

 Грекия

Ішкі бөлінісі

4 аудан

Тарихы мен географиясы
Бұрынғы атаулары

Шымкент, Черняев

Координаттары

37°58′00″ с. е. 23°38′00″ ш. б. / 37.96667° с. е. 23.63333° ш. б.   Координаттар: 37°58′00″ с. е. 23°38′00″ ш. б. / 37.96667° с. е. 23.63333° ш. б.   

Жер аумағы

11 км²

Биіктігі

2 м

Климаты

субтропикалық

Тұрғындары
Тұрғыны

175 697 адам (2001)

Тығыздығы

16 171 адам/км²

Ұлттық құрамы

гректер

Конфессиялар

православие

Ресми тілі

грек

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

210

Пошта индекстері

185 xx

Автомобиль коды

BE, BZ, YI, YK, YM, YN, ZN, ZP

pireasnet.gr

Пирей картада
Пирей
Пирей

Заман өзгерісі

Rembetes Karaiskaki 1933
German bombing of Piraeus
Port of Piraeus
Piraeus Mikrolimano3
Piraeus harbor 3-2004

Демография

Жыл Қала Муниципалитет
1951 186 088
1961 183 957
1971 187 458 439 138
1981 196 389 476 304
1991 182 671 456 865
2001 175 697 466 065

Бауырлас қалалар

Мемлекет Жылы Бауырлас қала
Ресей - Ресей Архангельск
АҚШ 1982 Америка Құрама Штаттары Балтимор
Грузия - Грузия Батуми
Румыния - Румыния Галац
Франция 1984 Франция Марсель
Украина 1993 Украина Одесса
Чехия - Чехия Острава
Аргентина - Аргентина Росарио
Қытай - Қытай Шанхай
Ресей 1968 Ресей Санкт-Петербург
Болгария - Болгария Варна
АҚШ - Америка Құрама Штаттары Массачусетс
Луизиана - Литва Вильнюс

Спорт

Peace and Friendship stadium 2014
Бейбітшілк және достық стадионы
  • Футбол клубы «Олимпиакос»
Karaiskakis Stadium Piraeus Olympiacos-Arsenal
Олимпиакос стадионының іші
  • Баскетбол клубы «Олимпиакос»

Қала әкімдері

  • Kyriakos Serfiotis (1835–1841)
  • Petros Skylitsis-Homiridis (1841–1845) and (1848–1854)
  • Antonios Theoharis (1845–1848)
  • Loukas Rallis (1855–1866)
  • Demetrios Moutzopoulos (1866–1874)
  • Tryfon Moutzopoulos (1874–1883) and (1895–1903)
  • Aristides Skylitsis (1883–1887)
  • Theodoros Retsinas (1887–1895)
  • Pavlos Damalis (1903–1907)
  • Dimisthenis Skylidis-Homiridis (1907–1914)
  • Anastasios Panagiotopoulos (1914–1932)
  • Mihail Rinopoulos (1932)
  • Athanasios N. Miaoulis (1932)
  • Sotiris Stratigis (1932–1928)
  • Michail Manoussos (1938–1941)
  • Georgios Andrianopoulos (1951–1966)
  • Georgios Kyriakakos (1966–1967)
  • Aristidis Skylitsis (1967–1974)
  • Vasilios Zeppos (1974–1975)
  • Anastasios Voulodimos (1975–1978)
  • Georgios Kyriakakos (1978–1982)
  • Ioannis Papaspyrou (1982–1986)
  • George Andrianopoulos (1987–1990)
  • Stelios Logothetis (1991–1998)
  • Christos Agrapidis (1999–2006)
  • Panagiotis Fasoulas (2007–2010)
  • Vasilis Michaloliakos (2011–2014)
  • Ioannis Moralis (2014-

Кино

Пирейде түсірілген фильмдер:

  • Stella (1955 )
  • The Angry Hills
  • Never on Sunday
  • The Red Lanterns
  • The Burglars

Әйгілі тұлғалар

  • Даларас, Йоргос ( 1949) — композитор
  • Матфеопулос, Димитриос (1861—1923) — грек армиясының генерал-лейтенанты
  • Иоаннис Малокинис (1880—1942) — алғашқы Олимпиада жеңімпазы
  • Вандорос, Спирос (1887-1940) - суретші
  • Эмилий Веакис — грек актёрі
  • Катина Паксино (1900—1973) — киноактриса (Оскар сыйлығының жүлдегері)
  • Парнис, Алексис ( 1924) —жазушы
  • Кунеллис, Яннис ( 1936) —грекиядан шыққан италияндық суретші
  • Анастасий (Архиепископ Тиранский)]] (род. 1924) —православты шіркеудің архиепископ Албанской
  • Михалис Капсис ( 1973) — футболист, Грекия ұлттық құрама ойыншысы— Европы 2004 жеңімпазы
  • Костас Мартакис (1984) — әнші
  • Толис Воскопулос —әнші,актер
  • Иконому, Михалис (гр. Μιχάλης Οικονόμου 1888 — 1933) –грек суретшісі ,импрессионист.
  • Криарас, Эммануил (гр. Εμμανουήλ Κριαράς 1906 — 2014) — грек филологі және лексикографі XX ғасыр.

Галерея

Piraeus map 1908

Карта Пирея, 1908

Peiraias budynek 3

Қала

Peiraias wiezowiec

Пирей Тауэр

Karaiskakis Faliro monument

Монумент Георгиосу Караискакису

Hellenic Maritime Museum frontyard

Сыртқы көрініс Эллинского Морского Музея Фритиде

Agios Konstantinos Piraeus

Шіркеуші „Св. Константина и Елена“

Piraeus Kastella1

Кастелла

[1] [2]. [3]. [2].

Дереккөздер

  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том
  2. a b Железные дороги Греции
  3. World Gazetteer: Piraieús – profile of geographical entity including name variants. World Gazetteer. Басты дереккөзінен мұрағатталған 31 мамыр 2012. Тексерілді, 27 желтоқсан 2008.
Альвред Финнбогасон

Альвред Финнбогасон (исл. Alfreð Finnbogason; 1 ақпан 1989, Рейкиявик, Исландия) — исландиялық футболшы, Германияның "Аугсбург" клубы мен Исландия Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы.

Антониос Никополидис

Антониос (Адонис) Никополидис (гр. Αντώνης Νικοπολίδης; 14 қаңтар 1971, Арта, Грекия) — грекиялық футболшы, қақпашы, футбол жаттықтырушысы. Грекия жастар құрамасының бапкері. 2004 жылғы Еуропа чемпионы.

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 1999

1999 жылдың қараша айының 21-28 күндері аралығында, Грекияның Пирей қаласында өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатына 626 атлет қатысқан.

Бибрас Натхо

Бибрас Натхо (ивр. בִּיבְּרָס נַאתְכוֹ‎; 18 ақпан 1988, Кфар-Кама) — израильдік футболшы, Израиль Ұлттық футбол құрамасы мен "Партизан" (Белград) клубының жартылай қорғаушысы.

Душан Баевич

Душан Баевич (босн. Dušan Bajević; 10 желтоқсан 1948 жыл, Мостар, Югославия) — югославиялық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы.

Жерорта теңізі

Жерорта теңізі — Атлант мұхитының Еуразия мен Африка құрлықтары арасындағы теңізі. Гибралтар бұғазы арқылы Атлант мұхитымен, Босфор бұғазы арқылы Қара теңізбен, Суэц каналы арқылы Қызыл теңізбен жалғасады. Ауданы 2505 мың км², орташа тереңдігі 1498 м, ең терең жері 5121 м. Жерорта теңізінің еуразиялық жағалауы қатты тілімденген. Онда түбектер және аралдармен бөлінген шағын Альборан, Балеар, Лигурий, Тиррен, Адрия, Ион, Эгей және Кипр теңіздері орналасқан.

Теңіз алабына Қара, Азов, Мәрмәр теңіздері де кіреді. Ірі шығанақтары: Валенсия, Лион, Генуя, Таранто, Сидра (Үлкен Сирт), Габес (Кіші Сирт). Ірі аралдары: Балеар, Корсика, Сардиния, Сицилия, Крит және Кипр. Теңізге ірі Ніл, По, Рона, Эбро өзендері құяды. Жас альпілік геосинклинальдік аймақта орналасуына байланысты, түпкі бедері күрделі. Ең ірі қазаншұңқырлары: Алжир-Прованс, Орталық қазаншұңқыр және Геллен шұңғымасы. Тиррен теңізінің қазаншұңқырының төңірегінде сөнген және әрекетті жанартаулар бар.

Бүкіл Жерорта теңізі аймағына субтропиктік климаттың “жерортатеңіздік” деп аталатын ерекше типі тән: қысы ылғалды әрі жылы, жазы құрғақ және ыстық. Судың беткі қабатының температурасы ақпанда теңіздің солтүстігінде 12° С-тан оңтүстікте 18° С-қа дейін, тамызда батысында 20 — 25° С-тан оңтүстік-шығысында 28 — 30° С-қа дейін көтеріледі. Су көп буланады, сондықтан тұздылығы жоғары. Батысында 36ү-ден, шығысында 39,5ү-ге дейін құбылады. Толысу толқынының биікт. 0,1 — 0,5 м, Тунистің шығысында 1,7 м-ге жетеді. Негізгі ағыс Гибралтардан Ливанның жағасына дейін Африканы бойлап өтеді. Оқшау теңіздерде су циклондық айналым жасайды. Теңізде балықтың 550-дей түрі бар. Сардина, тунец, макрель, скумбрия, т.б. ауланады. Жерорта теңізінің Адрия және Эгей теңіздерінің қайраңдарында мұнай, газ өндіріледі.

Теңіз арқылы аса маңызды халықаралық теңіз жолдары өтеді. Басты порттары: Барселона (Испания), Марсель (Франция), Генуя, Неаполь, Венеция, Триест (Италия), Риеака (Югославия), Пирей және Салоники (Грекия), Бейрут (Ливан), Александрия, Порт-Саид (Египет), Триполи (Ливия), Алжир (Алжир). Түркия жағалауында дүние жүзіне әйгілі курорттар бар. Жерорта теңізінің жағалауында Испания, Франция, Италия, Монако, Мальта, Хорватия, Босния және Герцоговина, Югославия, Албания, Грекия, Түркия, Кипр, Сирия, Ливан, Араб елдерінің аумағы, Израиль, Египет, Ливия, Тунис, Алжир, Марокко елдері орналасқан.

Кевин Миральяс

Кевин Антонио Жоэль Жислен Миральяс и Кастильо (ис. Kevin Antonio Joel Gislain Mirallas y Castillo; 5 қазан 1987 жыл, Льеж) — бельгялық футболшы, Италияның "Фиорентина" клубының шабуылшысы.

2007-17 жылдары Бельгия құрамасында ойнады.

Константинос Митроглу

Константинос «Костас» Митроглу (гр. Κωνσταντίνος Μήτρογλου; 12 наурыз 1988, Кавала) — грекиялық футболшы, Грекия Ұлттық футбол құрамасы мен "Галатасарай" клубының шабуылшысы.

Кристиан Карамбё

Кристиан Лали Карамбё (фр. Christian Lali Karembeu; 3 желтоқсан 1970(19701203), Лифу, Жаңа Каледония) — франциялық футболшы, жартылай қорғаушы, 1998 жылғы әлем, 2000 жылғы Еуропа чемпионы. Океания аумағынан шыққан үздік футболшылардың бірі.

Карамбенің тегі канак, Жаңа Каледонияның Лифу қаласында туған. Бала күнінде жергілікті "Гайтча" клубында ойнап жүріп, "Нант" скауттарының көзіне түседі де, "Нант" футбол академиясына қабылданады.

Жаңа Каледония құрамасы сапында ойнауға да мүмкіндігі болған. Бірақ өз ұлтын әлемге таныту мақсатында Франция құрамасынан келген ұсынысты қабыл алған.

Кәрім Ансарифард

Кәрім Ансарифард (парсыша: کریم انصاری‌فرد‎, [[:Media:Fa-کریم انصاری فرد.ogg|]] ; 3 сәуір 1990, Ардебиль, Иран) — иран футболшысы, тегі әзірбайжандық, «Олимпиакос» футбол клубы мен Иран құрамасының шабуылшысы.

Олег Валерьевич Протасов

Олег Валерьевич Протасов (укр. Олег Валерійович Протасов; 4 ақпан 1964, Днепропетровск, Украин КСР, КСРО) — КСРО және Украина футболшысы, шабуылшы. Қазір бапкерлікпен айналысады.

1990 жылы әлем чемпионатына қатысып, үшінші турда Камерунның қақпасын бір гол соқты.

КСРО тараған соң Украина құрамасы сапында бір ойын өткізді.

Олег Владимирович Блохин

Олег Владимирович Блохин (укр. Олег Володимирович Блохін; 5 қараша 1952 жыл, Киев, Украина КСР, КСРО) — кеңес футболшысы, шабуылшы. Кеңестік футбол тарихындағы көптеген рекордтардың иесі. Футболшы карьерасын аяқтаған соң, бапкерлікті қолға алды.

Кеңес футболы тарихындағы ең үздік теңбілдоп шеберлерінің бірі. 1975 жылғы «Алтын Доп» иегері. 1972 жылы халықаралық дейгейдегі спорт шебері атағын алды. 1975 жылы КСРО Еңбек сіңірген спорт шебері атанды. 2005 жылы Украинаның еңбек сіңірген бапкері атағын иеленді. КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, КСРО Кубогының бес дүркін иегері, УЕФА Кубоктары Кубогының екі мәрте иегері. КСРО футбол құрамасының қатысқан ойындар саны мен, соғылған голдар есебінен рекордшы. «Алтын Допты» иеленген Кеңес Одағының үш футболшысының қатарында. «Григорий Федотов клубы үшін 200 гол соққан» тұңғыш футболшы. 2010 жылдың күзіндегі мәлімет бойынша « Григорий Федотов Клубы үшін 300 гол» межесін бағындырған жалғыз футболшы. 19 жыл бір команда үшін өнер көрсеткен футболшы. 1990 жылы футбол карьерасын аяқтады.

Олег Блохин Кеңес Одағы чемпионатында 432 ойын өткізіп, 211 гол соққан. Бұл қайталанбас рекорд . 400-шы голды 1986 жылдың тамызында Алматыда «Қайраттың» қақпасына соққан.

Бұдан бөлек КСРО құрамасының сапында 112 рет ойнап, қарсыластар қақпасына 42 доп тоғытқан. Бұл көрсеткіштердің екеуі де күні кешеге дейін посткеңестік кеңістікте рекорд саналып келді.

Кеңестік дәуір кезінде кеңінен танымал болған Юрий Рыбчинскийдың сөзіне жазылған Геннадий Татарченконың «Виват, король!»әні осы Олег Блохинге арналып шығарылған. Оның ерлігі мен өшпес ізін мадақтау мақсатында.

О.Блохин 1990 -2002 жылдары Грекия футбол клубтарын жаттықтырды. 2003-2007 жжылдары, 2011 жылдың көктемінен 2012 жылдың күзіне дейін Украина құрама командасының бас бапкері қызметін атқарды. О.Блохинның арқасында ел құрамасы 2006 жылғы әлем біріншілігінде ширек финалға өткен. Украина құрама командасы тарихында тұңғыш рет әлем футбол командаларының ұздік сегіздігінен көрінді.

Олимпиакос (футбол клубы)

«Олимпиакос» (грек.:ΠΑΕ Ολυμπιακός Σύνδεσμος Φιλάθλων Πειραιώς) — Грекия футбол клубы, Пирей қаласынан. Грекиядағы ең үздік үш клубтың бірі ("Панатинайкос" және АЕК клубтарымен бірге)

Клуб 1925 жылы ағайынды бес жігіт: Яннис, Динос, Йоргос, Василиос және Леонидас Адрианопулостардың ұйымдастыруымен құрылды. Клуб алғашқы жылдары-ақ Пирей чемпионатында өте табысты ойнағaн. 1930-31 маусымда тұңғыш рет Грекия чемпионы атанды. Команданың өз алаңы саналатын "Гиоргос Караискакис" стадионы сол кезде іргесін қалады.

Оскар Кардосо

Оскар Рене Кардосо (ис. Óscar René Cardozo; 20 мамыр 1983, Хуан-Эулохио-Эстигаррибия) — парагвайлық футболшы, шабуылшы.

Ривалдо

Ривалдо (толық аты Ривалдо Витор Борба Феррейра порт-бр. Rivaldo Vítor Borba Ferreira; 19 сәуір 1972 жыл, Паулиста, Пернамбуку , Бразилия) — бразилиялық футболшы, шабуылшы. Бразилия Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.

Стелиос Яннакопулос

Стилианос (Стелиос) Яннакопулос (гр. Στέλιος (Στυλιανός) Γιαννακόπουλος; 12 шілде 1974 жыл, Афина) — грекиялық футболшы, жартылай қорғаушы. Грекия Ұлттық футбол құрамасы сапында 1997-2008 жылдары ойнады. 2004 жылғы Еуропа чемпионы. Қазір жаттықтырушылықпен айналысады. 2016 жылдан бері "Кифисия" футбол клубының жаттықтырушылары.

2005 жылы Конфедерациялар кубогына, 2008 жылы Еуропа чемпионатына қатысқан.

Эрик Абидаль

Эрик Силвен Абидаль (фр. Éric Sylvain Abidal, 11 қыркүйек 1979 жыл, Лион, Франция) — француз футболшысы, қорғаушы.

Яя Туре

Ньеньери Яя Туре (фр. Gnégnéri Yaya Touré; 1983 жылы 13 мамырда Буаке қаласында туылды) — Кот-д’Ивуарлық футболшы, Кот-д’Ивуар ұлттық құрамасының экс-жартылай қорғаушысы. Інісі Коло Туре мен Ибрагим Туре де футболшы.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.