Неологизм

Неологизм– (гр. neos – жаңа, logos – сөз) – қоғамдағы саяси, мәдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар. Неологизм лексикалық және семантикалық. болып екіге бөлінеді. Лексикалық неологизмге жаңа ұғымдардың тууымен бірге пайда болған жаңа терминдер жатса, семантикалық неологизм деп сөзбе-сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған жеке мағынаны айтуға болады. Мысалы, кесте (таблица), шөгінді (осадки), т.б. Неологизм сөзжасамдық калькалау, (макроұя, кодтану), сондай-ақ морфологиялық, синтаксистік-морфологиялық, семантикалық-морфологиялық тәсілдер арқылы жасалып, тілдің сөздік құрамын байытады. Шет тілден енген сөздердің басым бөлігі өздерінің бастапқы мағынасын сақтайды, семантикалық жақтан өзгерістерге көп ұшырамайды. Неологизм төл сөздермен де беріле алады, сөздік құрамда бұрыннан қолданылып жүрген сөз тұлғалары жаңа мағынаға ауысып, жаңа ұғымды белгілеуге мүмкіндік алады. Алғашқыда неологизм ретінде танылған сөздер жалпыхалықтық қолданысқа түскен кезде неологизм болудан қалады. Мысалы, атом, теледидар, космос, ракета, редактор, анализ, т.б. Неологизм тілдің лексикалық құрамына ауызша және жазбаша түрде енеді. Ауызша енген сөздердің көпшілігі тұрмыс қажетіне, мәдениетке қатысты атаулар болса, жазбаша енген неологизм ғылым мен техниканың жетістіктеріне қатысты болып келеді. Қазіргі тілімізде жасалған неологизмнің көпшілігі сөз тіркестері түрінде келіп, анықтауыштық қатынаста болады. Мысалы, антропогендік фактор, компьютерлік жүйе, компьютер орталығы, т.б. АҚШ-та, Францияда, Жапония елдерінде неологизмді зерттейтін арнайы орталықтар құрылып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.[1]

Жасалу жолдары

Неологизм екі түрлі жолмен жасалады.

  • 1) Бұрын-соңды тілде болып көрмеген, жаңа ұғымдардың пайда болуымен байланысты. Мысалы, революция, колхоз, совхоз, кино,театр,телевизор, спутник, ракетчик, бригада, фермер т. б.
  • 2) Бұрыннан тілде бар атауларды жаңартып, ескіні жаңғыртып, жаңаша мән беріп, түрлендіріп қолдану негізінде пайда болады. Неологизмдердің ұлттық тілдің байып, дамуы үшін, оның жаңа мағыналы сөздермен толықтырылып отыруы үшін мәні зор.[2]

Әдебиет

  • Кеңесбаев Ісмет., Мұсабаев Ғ., Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика), А., 1962;
  • Қалиұлы Ғ., Болғанбайұлы Ә., Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы сөздігі, А., 2007.

Сілтемелер

Дереккөздер

  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
The Beatles

The Beatles — жеке қатысушылары "битл", сонымен қатар топ "керемет төрттік" және "ливерпульдік төрттік" деп аталады) Ливерпуль (Англия) қаласында 1960 жылы құрылған британ-ағылшын рок тобы болған. Музыка тарихында ең сәтті әрі сыншылардың тарапынан ең қадірленген топтардың бірі. 1962 жылдан бастап Битлз құрамына Джон Леннон (гитара, ән), Пол Маккартни (бас-гитара, ән), Джордж Харрисон (соло-гитара, ән) және Ринго Старр (соқпалы аспап, ән) кірген. Және мұнда әр түрлі кезеңдерде Пит бест,Стюарт Сатклифф мен Джимми Никол өнер көрсеткен.Скифл және рок'н'ролл-дан бастап, олар кейін әр түрлі жанрларды сынап көрген. Битлз тобының атағы мен мәртебесі "Битломания" феномені ретінде жаппай еліктенді. The Beatles композициялары Джон Леннон және Пол Маккартнидің ортақ қаламдарынан туған. Топтың тіршілік кезінде мүшелері өлен шығару қабілеттерін өте жоғары деңгейіне дамыған. Олардың ән қоржындарында 1963-1970 жылдары жарық көрген 13 альбом,211 әндері бар. Битлз тобының ықпалы бүкіл әлемде әрі Кеңес үкімет кезіндегі Қазақстанымызда да байқалды.

Блокбастер

Блокбастер (ағылш. blockbuster, block — квартал және bust — бұзу, яғни. "квартал бұзушы") — кино және театр өндірісіндегі өте танымал және коммерциялық табысты өнім. 1970-ші жылдардың ортасынан бастап термин көпшілік көрерменге арналған жоғары бюджеттік фильмдер жанрын, жиі голливудтық, атақты актерлер, прокатта болжалды жоғары табысқа ие (жүздеген миллион АҚШ доллары) белгілейтін болды. Блокбастер сөзінің фильмдерге қолданылатын қазақ тілінде синонимі супертриллер деген сөз. XXI ғасырдың басынан бастап, блокбастер деп кейде әдебиет және жалпы поп-мәдениетегі танымал және жоғары табысты шығармаларды, атай бастады.

Глокализация

Глокализация — глобализация (жаһандану) мен локализация (жергіліктену) терминдерінен құралған құйылысқан сөз және неологизм. Бұндағы сөз құраушы қос терминді қарама-қайшы ұғым ретінде емес, бірін-бірі толықтыратын үдеріс ретінде түсіну қажет.

Глокализация — әртүрлі бағыттағы үрдістердің қатар жүруімен сипатталатын экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамудың процесі: жаһандану аясында аймақтық ерекшеліктердің күтілетін жойылуының орнына олардың сақталып, күшеюі орын алады. Құйылысып кету және унификация орнына басқа бағыттағы құбылыстар күшейеді: сепаратизм, жергілікті өзгешеліктерге қызығушылықтың артуы, баяғы заманның дәстүрлері мен диалекттердің жандануы. Глокализация әлемдегі жаһандану үрдістерінің әсерінен жергілікті немесе аймақтық деңгейде туындайтын процесстерді білдіреді.

Постжаһандану

Постжаһандану - соңғы кездері көзқарастар, идеялар жиынтығына қатысты әдебиеттерде көп кездесетін, қазіргі жаһанданудың болашақтағы табиғи және әлеуметтік процестерінің әртүрлі даму сценарийін ұсынатын неологизм. Ұғымның әлі толық қалыптасқан мазмұны жоқ, дегенмен, шығу тегі жағынан "пост" қосымшасымен басталатын басқа да үғымдармен (постиндустриалды қоғам, постклассикалық емес ғылым, постмодернизм, постпозитивизм, постструктурализм және т.б.) қатарласты. Барлық жағдайда "пост" (кейін) қосымшасы, бұрыннан жақсы белгілі, нақтылы анықталған, өз атауы бар бір құбылыстың орнын басқан келесі құбылыс жайлы қолданылады. Осылайша, "индустриалды қоғам", "классикалық ғылым", "модернизм" және т.б. әбден қалыптасқан мазмұны бар. "Жаһандану" да енді осы қатарда тұр. Қалыптасқан шеңберден шығатын басқа жаңа шынайылық, жаңа анықтамаларды талап етуінен, "пост" қосымшасын қолданғанда бұрынғы қалыптасқан ұғымның негізінде өзге ұғым қалыптасады. Алайда, бұл жаңа сөздер жасау әрекетінің мүмкіндігі шектеулі, тілді дамыту, жетілдіру саласында өнімсіз, өйткені белгілі бір кезеңде тағы бір "пост" қосымшасы сүранады, сосын тағы... Қазіргі әдебиеттерде "пост" қосымшасын екі мәрте қолданған сөздер де кездеседі.

Психикалық аурулар

Шизофренияның этиологиясы мен патогенезі жеке нозологиялық бірлік ретінде бөлінгеннен кейінгі арнайы оқудың пәніне айналды. Э.Креплин шизофрения токсикоз, әсіресе, жыныс бездерінің қызметінің бұзылысынан болады деп санады. Шизофренияның токсикалық табиғатты идеясы кейінгі бірнеше зерттеулерде де жалғасын тапты. Сөйтіп, шизофренияның дамуын белок алмасуы бұзылысы мен науқас организмінде азот өнімдерінің жиналуымен байланыстырды. Бірнеше онжылдықтар бұрын шизофренияның токсикалық табиғатты идеясы осы аурумен науқастардың қан сарысуынан арнайы затты анықтаумен таныс болды. Бірақ шизофрениямен науқастарда арнайы заттың болу идеясы, мысалы тараксеина [Хисс Р., 1958], кейін дәлелденбеді. Шизофрениямен науқастардың қанында мембранотропты токсиндер анықталды. Айқын токсикалық фактор мен шизофрениялық процестің қатерлі болуы арасындағы кореляция анықталды. Бұл идея шизофренияның иммунологиялық гипотезін дамытты. Шизофрения кезіндегі жүйке жүйесіне кері әсер ететін активті фактор аутоантиген мен аутоантидене түзілуіне әкеледі, олар өз кезегінде ми тіндерін зақымдайды. Олардың саны ауру дың қатерлігіне байланысты. Соңғы кездері арнайы зерттеулер мен тәжірибелер арқасында шизофрения патогенезінде ОЖЖ-нің негізгі медиаторларының (дофамин, серотонин, норадреналин) алмасуының бұзылысы жатқаны анықталды. Нәтижесінде катехоламин, индол гипотезалары пайда болды. Біріншісі шизофрениямен науқастардың миындағы нейробиологиялық процестердің бұзылу механизмінде норадреналин мен дофамин дисбалансы жатқанымен түсіндіріледі. Индол гипотезасын ұстанушылар шизофренияның дамуын серотонин мен басқа индол туындыларының дисбалансымен түсіндірді. Шизофренияның дамуында тұқымқуалау факторларының ролі анықталды. Шизофренияның жақын туыстардың арасында даму жиілігі тұқымқуалау аурулары жоқ популяциялармен салыстырғанда едәуір жоғары. Сонымен, қазіргі уақыттағы мәліметтер шизофрения және онымен ұқсас психикалық бұзылыстар мультифакториальды және мүмкін болса полигенді табиғатты аурулар екенін дәлелдейді.

Клиникалық көрінісі. Шизофрения кез келген жаста дамуы мүмкін. Бірақ жиі жас кезде дамиды(20-23 жас). Және кейбір шизофренияның түрлерінің дамуына арнайы «оптимальды» уақыт болады. Мысалы, параноидты түрі 30 жастан жоғары кезде дамиды, ал неврозға ұқсас бұзылыстар, ойлау бұзылысы- жасөспірім мен жас кезде. Жиі преморбидті сипаттағы тұлғаның ерекшеліктері анықталады. Көбіне тұйықтық, физикалық белсенділігінің төмендігі, тәртіптілік, қиялға бейімділік, оңаша әрекеттерге көңіл бөлу (оқу, музыка тыңдау, коллекциялар жинау) жатады. Көп науқастар абстракты ойлауға жоғары қабілеттілікті көрсетеді, нақты ғылымды оңай меңгереді (физика, математика).

Аурудың алғаш пайда болғанын науқастың қалыпты өмір салтының өзгерісі көрсетеді. Ол өзінің бұрынғы сүйікті жұмыстарын ұмытады, туыстары мен достарына көз қарасын бірден өзгертеді. Бұрын тән болмаған қызығушылықтар пайда болады: философияға, дінге, этикаға, космологияға. Кейбір науқастар өзінің денсаулығына өте қатты мазаңдайды, ипохондриялықты көрсетеді, басқалары өздерін асоциальды ұстайды. Бұл процесс бұрынғы қоғамдық байланыстарының үзіліп, өршімелі аутизм дамуымен жүреді.

Манифестті кезеңнің белгілері көптеген клиникалық көріністерімен ерекшеленеді.

Ойлаудың бұзылысы шизофренияға ең тән белгі. Науқастар жиі басқарылмайтын ойлар легіне, ойлардың тоқтауына, «бітелуіне», параллельдігіне шағымданады. Осы құбылыстар науқасқа әңгімелесіп отырған адамды, оқығанды түсінуге кедергі болады. Жеке сөйлемдерден, сөздерден ерекше символды ойларды қағып алу, жаңа сөздерді шығару (неологизм) тән. Мәнсіз даналықпен айналысуға, ой толғауға (көп сөйлеу) бейімділік тән. Ауыр жағдайларда сөйлеу байланыссыздығы дамиды.Эмоционалдық бұзылыстар туыстарға бауыр басу мен жан ашу сезімдерін жоғалтумен басталады. Кейде ол туыстарды жек көрумен, қатыгез қатынаспен көрінеді. Уақыт өткен сайын сүйікті ісіне қызығушылық толығымен жойылады. Науқастар олақ болады, тіпті қарапайым тазалықты да сақтамайды. Науқастың міне-құлқы да айтарлықтай өзгереді. Тұйықтық ерте дамиды, туыстармен ғана емес, достарымен де байланыс үзіледі. Науқастар күтпеген қылықтарды жасайды, сөйлеу мәнері мен бетті қимылдату өзгереді. Бұлардың барлығы таныстарын таң қалдырады. Шизофренияға типті және әртүрлі сенестопатиялар тән. Сенестопатиялар ерсі, ерекше сипатта болады. Қабылдаудың бұзылысы есту галлюцинациясымен (жиі жалған галлюцинация) көрінеді. Бірақ кейде тактильді, иіс сезу, көру галлюцинациялары дамуы мүмкін. Аурудың типтік көрінісіне сандырақтың әртүрлі түрлері жатады- паранойялды, паранойдты, парафренді. Әсер ету сандырағы жиі псевдогаллюцинациямен бірге жүреді- Кандинский—Клерамбо синдромы. Қимыл-жігер бұзылыстары әртүрлі көріністермен жүреді. Ырықты қызметтің ең айқын бұзылысына кататоникалық синдром жатады, ол ступор мен қозумен көрінеді. Ступорлы жағдай кататоникалық қозу мен импульсивті қылықтармен үзілуі мүмкін. Кататоникалық синдром люцидті және онейроидты болып екіге бөлінеді. Люцидті кататония аурудың жағымсыз ағымын білдіреді және паранойдты шизофренияның соңғы кезеңдерінде жиі кездеседі. Онейроидты кататония аурудың жеделдігін көрсетеді және жиі реммисиямен аяқталады. Науқаста 1 сұраққа 2 пікір, 2 шешім болады (амбиваленттілік). Ол науқасқа дұрыс қимылдауға кедергі болады. Жиі ерік-жігері төмен болады (энергетикалық потенциалының редукциясы), ол әлсіздік, апатиямен аяқталады.

Параноидты түрі басқалардан жиі кездеседі. Аурудың кенет өзгеру белгілерімен қоса (аутизм, ойды құрастудың бұзылуы, эмоцияның төмендеуі мен орынсыздығы) осы түрдің клиникасының негізгі көрінісіне сандырақ жатады. Аурудың ағымы паранойялды, параноидты, парафренды синдромдар реттілігімен жүреді. Ауру жас және ересек кезеңде дамиды (25-40 жас). Эмоционалдық ақау көп жағдайда біртіндеп ұлғаяды және науқас туыстарымен байланысты ұзақ уақыт сақтайды. Көптеген науқастар ұзақ уақытқа еңбекке қабілеттілігін сақтайды, жанұясын сақтайды. Ауру ерте басталса сонша қатерлі ағымды болады.

Гебефрендік түрі - шизофренияның ең қатерлі түрлерінің бірі. Оның негізгі көрінісі- гебефрендік синдром. Диагноз балалық және ерсіз қимылдардың, ақымақтық түріндегі қозудың анықталуына негізделеді. Көңіл күйі бос, продуктивсіз эйфориямен, орынсыз күлкімен, агрессия, мәнсіз бұзылыстар, түсінбеушілік ұстамаларымен алмасады. Сөз сөйлеу реттілікті жоғалтады, қайталауларға, неологизмдерге толады, жиі сыни ұрысумен бірге жүреді. Іс-әрекеті қырсықтық пен негативизмге толы бағытсыз белсенділіктен тұрады. Науқастар қарапайым мәселелерді шеше алмайтын жағдайға жетеді, сондықтан үнемі бақылау мен күтуді қажет етеді. Ауру жасөспірім кезінде дамиды (13-15 жас) кейін ремиссиясыз өтеді.науқастар жұмысқа тұрмай мүгедек болып қалады.

Кататониялық түрі көбіне қимыл бұзылысымен сипатталды. Кататониялық ступор ұзаққа созылған ыңғайсыз, ерсіз, табиғи қалыпқа жатпайтын қалыпта тұрумен, шаршамаумен ерекшелінеді. Мысалы, басын жастықтан көтеріп жату (ауалы жастық синдромы), басты халатпен, жапқышпен жабу(капюшон синдромы). Бұл кезде бұлшық ет тонусы өте жоғары болады. Бұл науқастарға керек қалыпты алып, ұзақ сақтауына көмектеседі (каталепсия- балауызды ептілік). Науқастарға негативизм (ұсынысты, тілекке қарама-қарсы қимылды орындаудан бас тарту) мен мутизм (әңгімелесушінің сөзі мен бұйрығын түсіне алса да сөйлеудің толық жоғалуы) тән. Қимылсыздық стереотирті қозғалыспен- кататоникалық қозумен үзіледі. Кататонияның басқа көріністеріне әңгімелесушінің қимылын, пікір қайталау(эхопраксия, эхомимия, эхолалия), пассивті бағыну (нақты бұйрықты алғанынша қимылдамау) жатады.

Қарапайым түрі толық негативті симптоматикамен көрінеді. Ең жиі өршімелі апатико-абулиялық ақау кездеседі. Аурудың басында оқудан, жұмыстан бас тартады, қаңғыруға бейім болады, достары мен жанұясынан ажырайды. Кейін науқастар қоршаған ортада болып жатқан оқиғаларға мүлдем араласпайды, суық, эгоист болып кетеді; жинақтаған білім қорын жоғалтады, яғни интеллектің бұзылысын көрсетеді («шизофрениялық ақыл кемістігі»). Бұл түрге жасөспірім мен жастық кезде даму тән болады: ремиссиялық ағым, жылдам өршу, ерде мүгедектікке әкелу. Қарапайым шизофрения, гебефрения, люцидтік кататония ең қатерлі варианттарға жатады.

Шизофренияның ағымы. Ағымның типтері. А.А. Снежневскийдің жіктемесі бойынша 3 негізгі тип кездеседі: үзіліссіз, ұстамалы-прогредиентті, реккурентті. Үзіліссіз тип құрамына баяу былжырдан ауыр рогредиенттіге дейін жатады. Осы тип кезіндегі синдромдық спектрге невроз және психопатияға ұқсас синдромдар, сондай-ақ галлюцинаторлық, сандырақтық, кататониялық синдромдар атады. Ұстамалы-прогредиентті типіне үзіліссіз типтегі синдромдардың айқындалған қосарласуы тән. Ұстамаларға аффективті компоненттер қосылуы мүмкін. Паранойялды, параноидты, галлюцинаторлы, парафренды ұстамалар да дамуы мүмкін. Реккурентті тип айқын көрінетін полиморфты ұстамалармен сипатталады- таза аффективтіден сананың онейроидты күңгірттенуімен бірге кататониялық ұстама жатады. Көп науқастар өмірінде бір ғана жайылған ұстаманы басынан өткереді. Ұстаманың санына байланыссыз ауыр ақаулар бұл түрде дамымайды.

Емі Психотропты препараттармен емдеу қазіргі кездегі психикалық бұзылыстары айқын науқастарды емдеудің ең негізгі түрі болып саналады. Сандырақ, галлюцинация басым, қозу жағдайындағы айқын психикалық бұзылыстар кезінде нейролептиктерді қолданады- галоперидол, аминазин, трифтазин, азалептин және т.б. Кататоникалық симптоматика кезінде- этаперазин, мажептил, френолон, эглонил қолданылады. Шизофрения мен созылмалы сандырақтық бұзылыстар ұзақ емді қажет етеді. Бұл жағдайларда ұзақ әсерлі нейролептиктер қолданылады- модитен-депо, галоперидол-деканоат (инъекция 3-4 аптада 1 рет). Дозаны индивидуалды таңдайды және жеке сезімталдыққа байланысты ерекшеленуі мүмкін. Нейролептиктерді қабылдап жүрген, әсіресе, жо,ары дозаны, науқастарда неврологиялық кері әсер- нейролептикалық синдром дамиды: жалпы бұлшық еттік құрысумен, тремормен, жеке бұлшық еттердің спазмымен, бір орында отыра алмаумен, гиперкинездермен көрінетін дәрілік паркинсонизм дамиды. Бұл асқыныстарды алдын алу үшін антипаркинсондық ем- циклодол, акинетон және бензодиазепинді транквилизаторлар мен ноотропты препараттар қолданылады.

Невроз – өмірдегі жағымсыз жағдайларға тұлғаның реакциясы. Осы реакция нәтижесінде тұлға бұзылысы, сана және ес бұзылысы туындайды. Невроздардың келесі түрлері бар: неврастения, есіріктік невроз, жабыспалы қалып күй неврозы. Балалар неврозының этиологиясы: психикалық травма, биологиялық факторлар, психикалық факторлар, әлеуметтік факторлар. Невроз аурулары психогенияныд ең көп тараған түрі болып табылады. Невроздың ең бір елеулі ерекшелігі әдетте өзгеше дөрекі психозға, бейнелеуші, танымдық әрекеттің айқын бұзылуына соқтырмайтын, демек, мінез-кұлыктың айқын білінетін дұрыс емес күйлерін өзімен бірге тудырмайтын аурулы күйдің пайда болуы саналады. Дегенмен, бұл ауруда ағзаның үйреншікті қызметі едәуір қиындайды. Қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты оның әдеттегі нәзік тепе-теңдігі қиындайды. Невроздық симптомдардың клиникасы өте алуан түрлі, соған орай, невроздың сипатымен ғана емес, сондай-ақ оның даму сатысымен де сипатталады. Невроздар невроздық реакциялар: 1) неврастения; 2) истерия; 3) жабысқақ күйлердің неврозы болып бөлінеді. Невроздық күйлердің аралас көріністерінің де болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда белгілі бір невроздың диагнозы клиникалық жағынан басым жетекші синдромға қойылады. Неврастения адамға психикалық жарақаттық факторлар ықпал еткенде, бірақ үлкен күшпен емес, ұзаққа созылатын жағдайда, кейде бірнеше жыл бойына әсер еткенде болады. Үнемі психикалық зорлануды тудыратын мұндай жарақатты күй, мысалы, жанұядағы жиі болатын қолайсыздықтарға байланысты, сол сияқты жұмыстағы шиеленіскен қарым-қатынастан, жеке өмірдің сәтсіздігінен пайда болуы мүмкін. Неврастения ауруы негізінен 20-дан 40 жаска дейінгі адамдарда кездеседі. Әйелдерге карағанда еркектер жиі ауырады. Бұған тән симптом ашушаңдық болып табылады. Неврастениямен ауырған адам толқи бастап, бұрын өзі назар аудармаған ұсақ-түйектерді өз бойынан таба бастайды. Көшедегі шу, біреудің катты әңгімелескені, күлгені, кенет шыққан дыбыс, тіпті маңайдағылардың біреуінің түрі де — осының бәрі тітіркенуді туғызады. Ауру өзін ұстай алмайды, ашуланады, мақайындағыларға айқайлайды немесе жылапсықтайды. Бұл жағдайда әсерлену күші ете үлкен болмайды. Ашулану куйі сабасына тусу күйімен ауысады. Тітіркену әлсіздігі аталатын мұндай күй неврастениямен ауыратындарға өте тән болып келеді. Олардың ашулануы да, ашуларының басылуы да өте тез болады. Сол сияқты ұйқының бұзылуы да айрықша тән болып келеді. Ұйқы әдетте терең емес, үстіртін келеді, қымқиғаш түстер керіп, таяуда болған оқиғалар көрінісі пайда болады. Симптомдардың осындай бірыңғай болмауы неврастенияны екі түрге — ашуланғыштық және сарыуайымшылдық деген түрлерге бөлуге негіз береді. Жоғары дамыған жануарларда тәжірибе жасау жолымен алынған невроз тудыратын деректерді ескере отырып, И.П.Павлов неврастенияның осы аталған екі түріне алғаш рет патегенетикалық жағынан түсінік берді. Сонымен бірге мынадай да көзқарас бар: неврастения клиникасындағы айырмашылық дербес түрдің көріну; түріндегі емес, белгілі бір аурулық процестің әр түрлі сатыдағы көрінісі болып табылады. Истерия жедел, сондай-ақ азды-көпті әсер етуші әр түрлі психикалық тұрғыдан жарақаттаушы факторлардың ықпал етуімен пайда болады. Истериялық невроз патологиялық сипаттағы белгілері бар адамдарда тез пайда болады. Невроз түріндегі истерия белгілі бір жарақатты жағдайға реакция ретінде бұған дейін ешқандай истериялық белгісі болмаған адамда пайда болуы мүмкін. Истериялық невроз жастық шақта, бірақ көбінесе, әйелдерде жиі кездеседі. Бірақ бұл аурумен еркектер де аз ауырмайды. Истерияның негізгі белгілерінің бірі — үлкен сенгіштік пен аурудың өзін-өзі сендіруі. Осыдан келіп, симптоматикасындағы әдеттен тыс алуан түрліліктің болуы кеп шығады. Алуан түрлі истериялык, симптомдардың бәрін аурулардың мынадай топтары байқалатын схемаға бөлуге болады: 1) қимылдық кесел; 2) сенсорлық бұзылыстар мен сезімталдықтың бұзылуы; 3) вегетациялық бұзылыс-тар; 4) психикалық кеселдер. Ауру клиникасында бұл кеселдердің нағыз алуан түрде ұштасып келуі кездеседі. Қимылдық бұзылыстар. Истериялық талма, сол сияқты әр алуан түрдегі сал, парез, гиперкинез және басқалар түрінде көрінеді. Тірек-қимыл аппараты толық сақталғанның өзінде жүре алмауы мүмкін. Жүре алмайтын ауру тесекте жатып, аяғын қимылдата алады, аяғымен кез келген қозғалыс туғыза алады. Бірақ аяғынан тұруы мұң екен, босаңсып кетіп, адамның қолдарына сүйеніп қалады, сейтіп, өз аяғымен тұра алмайды. Кейде жүре алмайтын ауру мүлде тұрмастан төсекте бірнеше жыл өткізеді. Истериялық афонияның негізіне дауыс байланыстарының сал болуы жатады. Истерияға әр түрлі селкілдеген қимыл ретіндегі гиперкинездер тән болып келеді; Сенсорлық бұзылыстар немесе сезімталдықтың бұзылуы. Психикалық жарақат салдарынан истериялық соқырлық, меңіреулік, иіс, дәм сезімінің жоғалуы сияқты кез келген бұзылыстар пайда болуы мүмкін. Истериялық, ауырсынулар дененің әр түрлі бөліктерінде бас ауруы, ішкі ағзалардағы әр түрлі аурулар түрінде тұрақты орын алады да қарқындылығы жағынан да, сондай-ақ ұзақтығы жағынан да әр түрлі болып келеді. Вегетативтік бұзылыстар. Истерия кезінде тамақтың қысылып қалуы, өңештен астың журмеуі, ауа жетіспеушілікті сезіну, зәр жіберудің тежелуі, тегіс бұлшық еттің түйілуіне байланысты іс жүрмеу мен басқа да кеселдер кездеседі. Асқазан жолдарының қандай бір болмасын ауруына ішкі бас суйек қысымының жоғарылауына байланыссыз, бірақ қақпаның түйілуіне қатысты болатын истериялық құсу да байқалады. Мұндай құсу ас қабылдаған кез келген сәтте басталуы мүмкін, кейде асты көрген кезде де құсады, бірақ соған қарамастан әдетте шаршау сезімі мен жүдеуді туғызбайды.

Пуризм

Пуризм.

Пуризм ( лат. purus, «таза»)-ана тілін кез келген өзге тілдің әсерінен және нормаға түспеген тілдік элементтерден тілді тазарту және қорғау. Пуризмнің жағымды (табиғи ұлттық мәдениет пен тілдің дамуына қамқорлық, ана тілінің байлығын, оның сөзжасамдық қорын сарқа пайдалануға ұмтылыс) және жағымсыз (пуризмді қолдаушылардың сыңаржақтылығы, тарихи дамуды, қарқынды Тілдің дамуын түсінбеуі) жақтары бар. Қоғам дамуындағы маңызды өзгерістерге байланысты тіл құрамында да елеулі және шапшаң түрде жаңалықтар туындай бастаған кезеңдерде пуризм көрініс береді. Ол әдеби тілдің лексикасының тұрақтануын өзінің мақсаты етіп қойған, әдеби канонмен кінәланған оның барлық элементтерінен тазалау. Ең бірінші шет тілі сөздерінен тазалайтын әдеби тіл құрылуындағы бағыт В.И. Дальдың оған берген анықтамасы: «ережедегі, тілдің тазалығындағы, дұрыс жазылуындағы, басқа тілден кірген сөздерді қабылдамауындағы тым артық қатаңдық…

ТІЛДІК ПУРИЗМ. Тілдік пурист-ол тілдегі тазалықты сақтайтын, тілге енгізуге «болмайтын» сөздерді енгізбейтін адамдар. Тілдік пуристтар тек тіл және әдебиет оқытушылры болуы мүмкін емес, олардың тек орта білімі де болуы мүмкін. Сонымен қатар филологтардың арасында пуризмды жақтамайтындар және оны тіл үшін зиянды деп ойлайтындар көп, себебі біз тұрып жатқан ғасырда бүкіл әлем жаңаланып жатыр, ал тіл өзгеруде. Келесіде жас пуристке аз қолжетімді болып табылатын мысалдар келтірілген:

1) Қарапайым сөздер. Әдеби тілді меңгермеген қала тұрғындарының сөйлеуі және сөйлеуде ұшырасатын тілдік бірліктер. Қарапайым тіл термині орыс тіліне қатысты қолданылады. Француз қарапайым тілінде Арго мен Жаргон элементтері молынан кездеседі, сондықтан ол француз тілінің стильдік тармағы болып табылады; ағылшынша қарапайым тіл; бұл да –ағылшын тілінің функциональды-стильдік бір тармағы; Сленг; немісше қарапайым тіл-неміс тілінің функциональды және әлеуметтік белгілері бар күрделі кешенді құбылыс.Қарапайым тіл негізінен тұрмыстық жағдайды, тек қана ауызша нысанда көрініс табады, көркем әдебиетінің стильдік әлеуетін арттыру үшін жұмсала алады.

2) Жаргон. Ортақ мүдделеріне қарай топтасқан, шартты түрде дербес әлеуметтік топтың тілі; жаргон көбіне-көп жасанды түрде жасалған сөздерден тұрады, олардың жалпыхалықтық тілден айырмашылығы болады. Қоғамда өзгелерден қалып қойған немесе өздерінің кішкене әлемдерінде тұйықталған кішкене топтардың сөйлеу түрі. Кейде жаргон терминін кәсіби тіл ретінде түсінеді, бірақ филологтардың көбісі қабылданған кәсіби инструменттердің, процесстердің анықтамасын анық бөліп, жаргонды бөледі.

3) Экспрессивті айтылымдар. Негативті немесе ироникалық сипаттамасы бар сөздер.

4) Арамшөп сөздер . Одағай деңгейінде қолданылатын сөздер. Бұл сөздерсіз болмайды деген түсінік бар. «Тілдік арамшөптер» ретінде азғана өзгешеліктерді жеткізетін сөздер алынады.

5) Балағат айтылымдар. Әдеби тілге мүлдем кірістіруге болмайтын ұрысу, балағаттау үшін қолданылатын сөздер.

6) Варваризмдер. (грек. Barbaros бөгде,жатжерлік) тілді пайдаланушылардың тілінде ұдайы қолданылатын, алайда тілдің лексикалық құрамына енбеген, фонетикалық тұрғыдан бейімделген, тілді пайдаланушылар бөгде сөз деп танитын, өзге тіл өзді немесе сөз тіркесі. Мысалы ауызекі сөйлеу тілінде қолданылатын «значит, давай,мешать ету» қазақ тілі үшін варваризмдер болып саналады.Тілге жақында енген, жаргон ретінде де қолданылатын шетел тілі сөздері. Кейбір пуристтар варваризм ретінде жаргондарды қабылдамайды. Варваризм деп бір тілден басқа тілге аударылған варианты бар сөздерді атайды.

7) Неологизм. –жаңадан пайда болған ұғымды, затты немесе құбылысты атайтын жаңа сөз немесе сөз тіркесі. ХІХ ғ. 60-ыншы ж қазақ және орыс тілдері үшін космонавт, ракета жаңа сөз болды. Жалпы қолданысқа түскеннен кейін сөз неологизм болмайды. Қоғамдық қолданыста жақында енген сөздер және де оны көбісі түсіне бермейді.

Сөз

Сөз (орыс. слово, ағылш. word) – зат пен құбылыстың атын, түр-түсін, сапалық белгісін, амалын, қимыл-әрекетін таңбалаушы негізгі мағыналық-құрылымдық бірлік. Болмыстың тілдік атауы ретінде дыбыс пен мағына тұтастығынан тұрады. Сөзді құраушы бірлік – дыбыс, ал мағына – Сөздің ішкі мәні, мазмұны. Дыбыстық құрылым сөздің ішкі мәніне, ұғымға бағынышты болады. Сөз – тілдік категория, ұғым – логикалық категория. Ұғым сөз арқылы айтылады, бірақ сөз тілдегі барлық ұғымдарды білдіре бермейді. Одағай, шылау сөздерде мағына болғанмен, олардың ұғымға қатысы болмайды. Сөздің негізгі белгілері:

Құрылымдық тұтастығы: яғни, сөз белгілі бір дыбыс жиынтығынан тұрып, дайын күйінде жұмсалады;

Семантикалық тұтастығы: құрамында қанша буын не сөз болғанына қарамастан бір ұғымды анықтап, бір мағына береді;

Грамматикалық тұтастығы: сөз ішкі мағыналық құрылымына қарай грамматикалық топтарға бірігіп, грамматикалық категориялар негізінде түрленеді;

Танымдық тұтастығы: сөздің ішкі мағыналық құрылымы халықтық дүниетаным негізінде анықталады.Ішкі мағыналық құрылымы мен қызметіне қарай сөздер атау және көмекші сөздер болып бөлінеді. Атау сөздер зат пен құбылысты, болмысты оның ерекше белгілері арқылы таңбалайды; көмекші сөздерде мұндай атауыштық қабілет жоқ, олар қызметтік-грамматикалық мәнге ие. Сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары болады. Тілді жүйелі құрылым ретінде зерттеу сөзді анықтаудың төмендегідей міндеттерін көрсетеді: сөзді тілдік бірлік ретінде тану; оны анықтаудың негізгі шарттарын айқындау; сөздің мағыналық жағын зерделеу; лексиканың жүйелілігін зерттеу; сөздің лебіз бен мәтіндік бірлік ретіндегі ерекшелігін тану. Сөз жүйелі құрылым ретінде түрлі бағыттағы зерттеу нысаны болып табылады. Сөздер семантикалық-грамматикалық белгілері (сөз таптары), сөзжасамдық байланыстары (сөзжасамдық ұя), семантикалық қатынастары, мағыналық, концептік өрістері арқылы өзіндік тілдік жүйелерді құрайды.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.