Нарын жотасы

Нарын жотасыОңтүстік Алтайдағы таулы жота.

Нарын жотасы
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Оңтүстік Алтай жотасы

Пайда болған кезеңі

Палеозой

Ұзындығы

130 км

Биіктігі

2533 м

Орналасуы

50°06′ с. е. 84°19′ ш. б. / 50.100° с. е. 84.317° ш. б.   Координаттар: 50°06′ с. е. 84°19′ ш. б. / 50.100° с. е. 84.317° ш. б.   

Елдер

 Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті және Қатонқарағай аудандары жерінде

Нарын жотасы (Қазақстан)
Montanya.svg
Нарын жотасы

Географиялық орны

Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті және Қатонқарағай аудандары жерінде орналасқан.

Жер бедері

Жота батыстан шығысқа қарай 130 км-ге созылып жатыр. Ең биік жері шығыс бөлігінде (абсолюттік биіктігі 2533 м). Нарын жотасы Күршім және Нарын өзендерінің суайрығы саналады. Жотаның баурайынан Құрғаққайыңды, Жіңішке, Күршім, Нарын, Қиынсу, Қумырза, Маралды, Озерная, т.б. өзендер бастау алады.

Геологиялық құрылымы

Жота палеозой эрасының конгломераттарынан, әктас, құмтас, тақтатас, туф, порфирит және интрузивті граниттерден түзілген. Жер қойнауында түсті металл кентастарының кен орындары барланған.

Өсімдігі

Өсімдік жамылғысында 600 м-ден 1300 м-ге дейінгі биіктікте бетеге, жусан, т.б. далалық өсімдіктер, 1300 м-ден жоғарыда (солтүстік беткейінде) қайың, көктерек, одан жоғарыда шырша, самырсын, тау басында альпілік шалғын өседі. [1]

Дереккөздер

  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 том
Майсаз тауы

Майсаз - Нарын жотасындағы тау.

Қаратастау таулары

Қаратастау - Нарын жотасының оңтүстік-шығысындағы таулар.

Қаңсар

Қаңсар – Нарын жотасындағы тау.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.