Мәрмәр теңізі

Мәрмәр теңізі [1] түр. Marmara, аты ақ мәрмәрдің бай өндірісі болған аралға байланысты шыққан, грекше Пропонтида (Propontіs, pro — алдыңғы және pontos — теңіз)] — Атлант мұхитының Еуропа мен Кіші Азияның аралығындағы жерорта теңізі. Солтүстігінде Босфор бұғазы арқылы Қара теңізбен, оңтүстігінде Дарданелл бұғазы арқылы Эгей теңізімен жалғасады. Ауданы 11472 км². ұзындығы 280 км, енді жері 80 км. Суының орташа көлемі 4 мың км3, ең терең жері 1273 м. Еуропа, Азия және Африка құрылықтарын бөліп тұратын жер қыртысының ірі жарылыстарынан пайда болған. Ірі аралдары — Мәрмәр, Принц, тағыда басқа. Ердек, Бандырма, Гемлік шығанақтары бар. Мәрмәр теңізіне Симав, Қожабаш өзендері құяды. Суы қатпайды, беткі қабатының орташа температурасы 9ӘС, ал жазда 29ӘС-қа дейін жетеді. Мәрмәр теңізінің гидрологиялық режимі бұғаздары арқылы Қара және Эгей теңіздері суының алмасуына байланысты. Тұздалуы солтүстігінде 20%, оңтүстігінде 25 — 26%. Флора мен фаунасы Жерорта теңізіне ұқсас. Теңізден балық (скумбрия, сардины, тағы да басқа) ауланады. Мәрмәр теңізі арқылы Қара теңізден Жерорта теңізіне өте маңызды су жолдары өтеді. Жағалауында Ыстанбұл, Ізмір портты қалалары және курорттар орналасқан.

Buyukada 1
Ыстанбұлдық Адалар аймағы. Бююкада аралындағы порт.

Дереккөздер

  1. Қазақ Энциклопедиясы
Азия

Азия (ассириялықтар тілінде, мағынасы – асу, шығыс) — Жер шарының ең үлкен бөлігі. Еуропамен қосылып, Еуразия құрлығын құрайды.

Балқан түбегі

Балқан түбегі — Оңтүстік Еуропадағы түбек. Жерінің ауданы 505 мың км². Құрлықтағы шартты шекарасы Дунай, Сава өзендері арқылы Триест шығанағына дейін созылады. Кіші Азиядан Мәрмәр түбегі, Босфор, Дарданелл бұғаздары арқылы бөлінген. Солтүстіктен (45° с. е.) оңтүстікке (Тенарон мүйісі) дейін 950 км-ге созылған. Ең енді жері 1260 км. Батысында Адрия, Ион, шығысында Эгей, Мәрмәр, Қара түбектерімен шектеседі. Жағалары қатты тілімденген. Жер бедері негізінен таулы-қыратты болып келеді. Стара-Планина, Рила, Родоп, Динар таулары бар. Абс. биіктігі 2925 м (Рила тауы). Солтүстік пен шығысында (Жоғары және Төменгі Фракия, Салоники, Фессалий) ойпаттар орналасқан. Таулар әлпілік қатпарлану кезінде күшті өзгеріске ұшыраған герциндік массивтің бөліктерінен құралған гранит, гнейс, кристалдық тақтатастан тұрады. Балқан түбегінің қазіргі жер бедері неоген кезеңінің соңы, төрттік кезеңде қалыптасқан; оңтүстігінде жер сілкінулер жиі байқалады. Сынап (Хорватия), мыс (Шығыс Сербия), боксит (Адрия түбегі жағалауы), хром (Албания, Македония), т.б. кендері бар. Түбектің оңтүстік жерортатеңіздік, ішкі бөліктері мен солтүстігіне қоңыржай құрлықтық климат тән. Қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде —1—2°С (тауларда —5°С-тан төмен), оңтүстікте 3°С. Шілденің орташа температурасы солтүстікте 22°С, оңтүстікте 27°С. Таулы бөлігінде жауын-шашынның жылдық мөлшері 1000—1500 мм. Ірі өзендері: Марица, Морава, Дунай және Сава. Өзендерінің ағыны қатты, суы мол. Қарстық көлдер көп. Рила тауында мұздықтық көлдер, Дунай аңғарында ескі арналық көлдер бар. Оңтүстігінде субтропиктік қоңыр және қарбонатты топырақ, Адрия түбегі жағалауы қызыл түсті (терра-роса) топырақ, солтүстігінде орманның қызылқоңыр топырағы, Марица өзенінің ойпатында қара топырақ тараған. Балқан түбегінің Жерорта түбегі жағалауы өсімдік дүниесіне бай (6,5 мың түр). Оңтүстіктегі төменгі белдеуде Маквис бұталы орманы, 400 — 500 м-лік белдеуде жалпақ жапырақты орман, түбектің солтүстік пен ішкі аудандарында еменді орман, одан биік белдеулерде қылқан жапырақты ормандар өседі. Жазықтарда далалық өсімдіктер тараған. Ауыл шаруашылық дақылдарынан жүгері, бидай, темекі, оңтүстігінде зәйтүн, цитрустар, анар өсіріледі. Балқан түбегінде Болғария, Босния және Герцеговина, Албания, Македония, Грекия, Хорватия, Югославия мемлекеттері және Румыния мен Түркияның бөліктері орналасқан.

Босфор бұғазы

Босфор бұғазы, Қаратеңіз бұғазы — Қара және Мәрмәр теңіздерін жалғастыратын, Еуропа мен Азия құрлықтары аралығындағы су айдыны. Ұзындығы 30 км, орташа ені 2 км, фарватерінің ең таяз жері 20 м. Жағасы биік, тік жарлы. Табиғи қойнауларының ішіндегі ең қолайлысы — “Алтын мүйіз” қойнауы (Еуропалық бөлігінде). Жағалауында Түркияның ең ірі қаласы — Стамбұл орналасқан. Боспор бұғазының экон. және стратегиялық маңызы зор. Бұғаз арқылы ТМД елдерінен, оның ішінде Қазақстаннан әлемдік рынокқа мұнай, астық, түсті металдар, т.б. өнімдер тасымалданады.

Дарданелл бұғазы

Дарданелл бұғазы (гр. Δαρδανέλλια) немесе Геллеспонт (лат. Hellespontus — көне грек атауы) немесе Чанаккале бұғазы (түр. Çanakkale boğazı) — Азия мен Еуропаны бөліп тұрған бұғаз. Мәрмәр және Эгей теңіздерін жалғастырады.

Ұзындығы 120 км, ені 1,3 км-ден 27 км-ге дейін кеңейеді. Фарватеріндегі ең саяз жер 29 метр. Жағалауы құмтас пен әктастан түзілген. Мәрмәр және Эгей теңіздері суының тұздылығы мен тығыздығы әр түрлі болғандықтан, бұғаздан екі қарама-қарсы бағытта ағыстар өтеді.

Дарданелл бұғазының азиялық жағалауында Түркияның Гелиболу (Галликоли), Еуропалық жағалауында Чанаккале порттары орналасқан. Дарданелл бұғазының экономикалық әрі стратегиялық маңызы зор. Бұғаз арқылы Қазақстаннан тауар (мұнай, астық, түсті металдар, т.б.) тиеген кемелер әлемнің бірқатар елдеріне сапар шегеді.

Еуразия

Еуразия — Жер шарындағы ең үлкен құрлық.

Еуропа

Еуропа (гр. Ευρώπη, семит тілінің “эреб” — “батыс” сөзінен шыққан, Ежелгі Грекияда Эгей теңізінің батысындағы жерлер осылай аталған) — Еуразия құрлығының батысын алып жатқан дүние бөлігі. Азиямен бірге Еуразия құрлығын құрайтын әлем бөлшегі.

Аумағы 10 млн. км2 жуық, халқы 826 млн. адам (2000, Ресейді қоспағанда). Азиямен арадағы шекарасы шартты түрде алынған. Ол құрлықта Орал тауы, Жем өзенін бойлай Каспий теңізіне дейін, одан әрі Кума және Маныч өзендері бойымен Донның сағасына жетіп, Азов, Қара теңіздерге ұласады. Одан арғы шекарасы Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Еуропа солтүстігінде Солтүстік Мұзды мұхитпен және оның Кара, Баренц, Ақ, Норвег теңіздерімен, батысы мен оңтүстігінде Атлант мұхитымен және оның Балтық (Балт) пен Солтүстік теңізі, Ирланд, Жерорта теңіздерімен қоршалған. Оңтүстік-шығысында тұйық Каспий теңізі орналасқан. Дүние бөлігінің құрлықтағы қиыр шеттері: солтүстігінде — Нордкин мүйісі (71°08′ с. е.), оңтүстігінде — Марроки мүйісі (36° с. е.), батысында — Рока мүйісі (9°31′ б.б.), шығысында — Байдарацк кірмесіне таяу Полюстік Оралдың шығыс жақ етегі (67°20′ ш. б.). Еуропаға кіретін аралдар мен топаралдардың жалпы аумағы 730 мың км2. Ірілері: Жаңа Жер аралы, Франц-Иосиф жері, Шпицберген, Исландия, Британия, Ирландия, Корсика, Сардиния, Сицилия, Крит, т.б. Еуропаның жағалаулары (жалпы ұзындығы 38 мың км) қатты тілімденген. Түбектер Еуропа аумағының 1/4-ін құрайды. Олар: Пиреней, Апеннин, Балқан, Скандинавия, Кола, Ютландия және Қырым түбектері. Жағрапиялық ортасының координаттары: 47°56′18″ N 24°11′18″ Eуропа Су шекарасы Атлант және Арктика мұхиттары және олардың теңіздерімен шектеседі. Аралдардың аумағы шамамен 730 мың км. Орташа биіктігі 300 м, ең жоғарғы нүкте — 5642 м. (Мәнгі тау не Эльбрус тауы). Жер аумағының көбі — жазықтық (ірілері — Шығыс Еуропа, Орта Еуропа, Орта және Төменгі Дунай, Париж бассейні), таулары — жер аумағының 17%-ын алып жатыр (бастылары — Альпілар, Карпаттар, Пиренейлер, Апенниндер, Орал таулары, Скандинав таулары, Балқан түбегі таулары). Сөнбеген жанартаулар Исландияда және Жерорта теңізінің аумағында орналасқан. Аумақтың көбінде қоңыржай климат (батыста — мұхиттік, шығыста — қарлы және салқын қысты континенталды), солтүстік аралдарда — субарктикалық және арктикалық, Оңтүстік Еуропада — жерорталық. Арктика аралдарында, Исландияда, Скандинав және Альп тауларында — мұз басу (оледенение) (аумағы 116 мың км2. Негізгі өзендері: Еділ, Днепр, Дон, Печора, Солтүстік Двина, Дунай, Висла, Одра, Эльба, Рейн, Луара, Рона, Тахо. Негізгі көлдері: Ладога, Онега, Чуд, Венерн, Балатон, Женева. Арктика аралдарында және Арктика мұхиты жағалауында — арктикалық шөлдер және тундралар, оңтүстікке қарай — орманды тундралар, тайгалы, аралас және қалыңжапырақты ормандар, орманды далалар, далалар, субтропиктік жерорта ормандары және бұталар; оңтүстік-шығыста — шөлейттер.

Түркия

Түркия (түр. Türkiye), ресми аталуы Түркия Республикасы (түр. Türkiye Cumhuriyeti) — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-ші орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 80.810.525 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара, Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен және Армениямен, батысында Болгариямен, Грекиямен, оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.

Қара теңіз

Қара теңізі (орыс. Чёрное море, түр. Kara deniz, грек. Роntos Euxenos) — мейірбан теңіз, Атлант мұхиты алабына жататын теңіз. Кіші Азия мен Еуропа аралығында жатыр. Жағалауында Түркия, Болгария, Румыния, Украина, Ресей, Грузия елдері орналасқан. Батысында Босфор бұғазы арқылы Мәрмәр теңізі мен, одан әрі Дарданелл бұғазы арқылы Эгей және Жерорта т-дерімен, солт-нде Керч бұғазы арқылы Азов теңізі мен жалғасады. Ауданы 420,3 мың км². Ұзындығы 1148 км, ені 615 км, ең терең жері 2211 м. Жағасының ұзындығы 4074 км және аз тілімделген. Батысы мен солт. батысында жағасы жайпақ, кей жерінде жыралы. Шығысы мен солт. бөлігіндегі Қырым түбегінің жағасыны таулы болып келеді. Ірі шығанақтары: Каркинит, Каламат, Днепр-Буг, Днестр. Аралдары (ірілері — Березань, Змеиный) аз. Теңізге Дунай, Днепр, Оңт. Буг, Рионн, Чорох, т.б. өзендер құяды. Қ. т. палеогеннің аяғынан неоген мен антропогенге дейінгі аралықта қалыптасты. Қалыптасуының алғашқы сатысында Каспий теңізімен біртұтас су айдыны болып, төмен плиоценнің аяғында Кауказ жотасының көтерілуінен екіге бөлінген. Қара теңіз құрлық ортасында жатқандықтан климаты континенттік. Ауаның қаңтардағы орташа температурасы: солтүстік-батысында -2.6- 3˚С, оңтүстігінде 6-9˚С, батысында -1.4˚С және солтүстігінде -25 -30˚С-қа жетеді. Жауын-шашынның орташа мөлш. 300 — 2500 мм. Тұзд. ашық бөлі-гінде 17,5 — 18,5%о, өзен-дер сағасы маңында 9 — 2%о, дейін азаяды. Суының шалқып-шегінуінен деңгейінің ауытқуы солт.-батысында 2 м-ге жетеді, Қырым жаға-сында 40 — 60 см. Өсімдік пен жануарлар дүниесі жылы әрі құрамында оттек мол судың беткі қабатында шоғырланған. Теңіз түбіндегі өсімдіктердің құрамында балдырлардың 258 түрі, 125 м тереңдіктегі қабатта фитопланктонның 284 түрі бар. Қара теңізде жануарлардың 1500-дей түрі тіршілік етеді, соның ішінде балықтың 180 түрі (қортпа, бекіре, шоқыр, хомса, тюлька, кефаль, камбала, устрица, скумбрия, т.б.), акула бар. Қ. т. жағалауындағы елдерді бір-біріме байланыстарын үлкен су жолының бірі.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.