Метонимия

Метонимия (гр. 'metonymіa' – ауыстыру, қайтадан атау) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету. Метафорада ауыспалы, астарлы мағына екі нәрсенің ұқсастығы негізінде туындаса, метонимияда олардың жалғастығы, айрықша белгісі арқылы пайда болады. Мысалы, әйелді – “ақ жаулық”, әскерді – “қол”, бүркітті – “ақиық, мұзбалақ”, қылышты – “наркескен” деп айту метонимияға жатады.
Метонимия сөз образдылығы мен ойды ықшамдау мақсатында қолданылады. Мысалы, Абай “Үйі мәз боп қой сойды, Сүйіншіге шапқанға” дегенде сүйінші сұраған жандардың баспанасын емес, адамдарын айтады. Тілімізде мифологиялық метонимиялар да кездеседі: Парнас – поэзия мен музыка мекендейтін тау аты, ПегасЗевстің қанатты тұлпары, ақындарды рухтандырушы. Метонимия тілге жаңа сөз қоспайды, бұрынғы бар сөзге жаңа мағына үстейді немесе оның қолдану аясын кеңейтеді. Метонимияда әдет-ғұрыпқа, діни ұғымға байланысты сөздер алғашқы атауымен айтылмай, басқа сөздермен ауыстырылады (табу, эвфемизм): Тетелес, Шырайлым, ит-құс, жан тапсырды, қолды болды, т.б. Метонимия заттар мен құбылыстар атауын нақты мағынадағы байланысына қарай алмастырады. Метонимия мен оның бір түрі меңзеудің арақатынасын білу аса маңызды, жалпының орнына жалқыны немесе бөлшегі арқылы бүтінді тану меңзеуге жатса, басқа ауыстырулар метонимия бола алады.[1]

Метонимия қызметіндегі атаулар мынадай реттерде ауысып отырады:

  • 1) бір табақ ет жеді (тамақ), сұйықтың орнына ыдыс атауының: табақ (бір табақ жеді);
  • 2) заттың жасалатын материалының атауы: шыны (шыныға құйды - стаканға құйды, шөлмекке құйды);
  • 3) тұрғындардың орнына қоныс атауы: ауыл (бүкіл ауыл жиналды - бүкіл ауыл тұрғындары жиналды);
  • 4) қимылдың орнына қимыл нәтижесінің атауы: аялдама (автобус аялдамаға келді - автобус аялдайтын жерге келді);
  • 5) қатынасушылардың орнына сол әлеуметтік оқиғалар мен шаралардың атауы: конференция (конференция шешім қабылдады - конференцияға қатынасышулар шешім қабылдады);
  • 6) ғылым, білім салаларының орнына сол ғылым, білім нысандарының немесе керісінше, ғылым мен білім нысандарының орнына сол ғылым, білім салалары атауларының қолданылуы: синтаксис (біріншіден, бұл грамматиканың бір саласы ретінде жұмсалады; екіншіден, грамматиканың осы саласы зерттейтін нысандардың атауы ретінде де жұмсалады);
  • 7) әлеуметтік ұйым, мекемелердің мүшелердің орнына сол мекеме, ұйымдардың атаулары пайдаланылады: кеңшар - кеңес шаруашылығы (кеңшар) көктемгі егіске әзір - кеңшар (кеңес шаруашылығы) жұмысшылары көктемгі егіске әзір;
  • 8) сезімге әсер ететін оқиғаның орнына эмоционалдық сөздің қолданылуы: тамаша (тамаша болды - тамаша концерт болды);
  • 9) оқиға, шығарманың орнына сол оқиға, шығарманың авторының аталуы: Әуезов, Төлебаев (Әуезовті оқыдым — Әуезов әңгімелерін оқыдым; Төлебаевты тыңдадым — Төлебаевтың операсын тыңдадым), бірақ Әуезов қызық екен немесе Төлебеав мұңды екен сияқты сөйлемдерде метонимияның қызметі жоқ және сөйлем мүлдем басқа мазмұнды баяндап кетеді. Метонимияның эллипсистік түрлері тілімізде жиі кездеседі. Бұлар көп жағдайда ауызекі сөйлеу барысында немесе көркем әдебиеттегі кейіпкерлердің сөздерінде ұшырасып отырады. Сондай-ақ эллипсистік метонимия көрші сөйлемдердің мазмұнынан түсінікті болып отырады: бастың дәрісі - бас аурудың дәрісі. Саған не болды? - Басым (басым ауырып тұр). Ол жүректен (жүрек ауруынан) қиналып жүр т.с.с.[2]

Әдебиет

  • Нұржекеева Л., Метонимияның лингвистикалық табиғаты, А., 1992;
  • Аханов К., Тіл біліміне кіріспе, А., 1996;
  • Әдебиеттану, терминдер сөздігі, А., 1998;
  • Салқынбай А., Абақан Е., Лингвистикалық түсіндірме сөздік, А, 1998.

Пайдаланылған cілтемелер

  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
Алмастыру (метонимия)

Алмастыру (метонимия) деп бір-бірімен өзара, іштен байланысты екі құбылыстың, бұйымның, нәрсенің атын бірінің орнына бірін ауыстырып қойып жұмсауды айтамыз. Бұл орайда Абай алмастырудың сан қилы, алуан түрлі үлгілерін тауып, шеберлікпен пайдаланған. Мыс.,

«Күшік асырап, ит еттім,

Ол балтырымды қанатты.

«Біреуге мылтық үйреттім,

Ол мерген болды, мені атты».«Күшік асырап, ит еттім». Ақын бұл жерде іс-әрекеті жауыздыққа ұласқан жалмауыз, қанішер жанды суреттейді. «Үйі мәз боп, қой сойды, Сүйіншіге шапқанға». Мұнда сүйінші сұрауға жүгірген адамдар мекендейтін тұрақ-үйдің өзі емес, ақын сол үйдің ішіндегі адамдарды айтқан. «Имансыздық намазда - Қызылбастың салған жол. Көп шуылдақ не табар, Билемесе бір кемел?» Немесе «Единица - жақсысы, Ерген елі бейне нөл. Единица нөлсіз-ақ, Өз басындық болар сол. Единица кеткенде, Не болады өңкей нөл?» Абайдың қызылбас дегені - дұшпанды, шуылдақ дегені - көпшілікті, единица дегені - көшбастаушы көсемді айтқаны.

Ауыспалы мағына

Ауыспалы мағына — сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы. Этимологиялық тұрғыда ол негізгі (тура) мағынадан өрбиді. Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет сәйкестілігі негіз болады. Мысалы, “түзу ағаш үйге тіреу, түзу жігіт елге тіреу” (мақал) деген сөйлемде тіреу сөзі алғашқысында негізгі (тура), екіншісінде ауыспалы мағынада, қолданылған.

Сөздің ауыспалы мағынада қолданылу тәсілдеріне метафора, метонимия, меңзеу, қызмет бірлігі т.б. жатады. Сөздердің қызмет бірлігі бойыншаауыспалы мағынада қолданылуы олар бейнелейтін заттар мен құбылыстардың тұлғасы, түрі мен түсі, басқа да белгілері жағынан әр түрлі бола тұрып, атқаратын қызметтері бір болуына байланысты. Мысалы: жүру сөзі кезінде бір ғана мағынада қолданылып, кейін түрлі қозғалыс түрлерінің бәрінің атауына айналған.

Бейнелеу құралдары

Бейнелеу құралдары – әдебиетте көбінесе бұл ұғым сөз колдану тәсілдері, бейнелі сөздер, мысалы, жалпы түрде құбылту деп аталатын метафора, метонимия, әсірелеу, тұспалдау, астарлау, теңеу, эпитет және стильдік айшықтар, дыбыстық қайталамалар деген мағынада қолданылады. Бейнелеу тәсілдері, әрине, бұдан әлдеқайда кең, мол. Кейіпкерлерді мінездеу, сөйлету, портрет жасау, табиғат көріністерін суреттеу, оқиғаны әртүрлі өрістету осының бәрінде бейнелеу тәсілдері қолданылады. Әдеби тілдегі сөз байлығы түгелдей бейнелеу құралдары қай ұлт әдебиетінде болса да негізгі сөз қорына, сөз байлығына байланысты түзіліп қалыптаспақ. Оның өзгешелігі халықтың айналадағы дүниені көркемдік ой-сезіммен қабылдауына, яғни бейнелі ойлау жүйесіне, оның алуан түрлі болып келуіне байланысты. Бейнелі, суретті ойлау мүмкіндігі, әрине, айнала дүниенің ұзақ мүмкіндігі, айнала дүниені ұзақ жылдар, тіпті көне заманнан бастап бергі уақыт ішінде байқау, аңғару жолымен бекіп тұрақтамақ. Және ол көбіне-көп сол халықтың өмір-тіршілігіне, істейтін кәсібіне байланысты түзілмек. Айнала табиғат, географ, орта да бұған әсер етеді. Осындай әр алуан жағдайлардың жиынтығы халықтың ойлау, сөйлеу кейпін, қалпын анықтайды.

Көркем әдебиетте оны қолдану да, бейнелеу тәсілдерінің сырын ұқтырады. Жеке алып зерттегенде әртурлі бейнелеу құралдарын ажыратуға мүмкіндік туады. Сонымен бұл құралдар ұзақ жылдар бойы санаға енген, дәстүр болып кеткен әдет-ғұрып, тұрмыс-салтқа тығыз байланысты. Бейне суреттерді, ғажайып теңеу, метафораларды қолдануда жазушы, қаламгерге үлкен білгірлік, шеберлік, тапқырлық керек. Мысалы, А.Пушкиннің қыс, көктем, күз жайындағы белгілі өлеңдері тек Пушкинге ғана тән, басқа халық ақыны дәл сол тақырыпты басқаша жырлап, табиғаттың, тіршіліктің басқа көрінісіне жүгінер еді. Бейнелеу құралдары қаламгердің байырғы тіл байлығына сүйене отырып, оның сөзден өрнек жасауына мүмкіндік береді.

Дәстүр және жаңашылдық

Дәстүр және жаңашылдық

Кеннинг

Кеннинг — көне норвег әдебиетінде поэзияда қолданылатын метафоралық сөйлемшенің атауы. Кеннингтер көп жағынан епитеттерге және сөздік формулаларға ұқсас болып келеді. Олар көне герман батыр жырларында жиі кездеседі.

Метафора

Метафора (грек metaphora – ауыстыру) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы. Метафораны сөз өнері (поэтика, риторика), эстетика, логика, философия, тіл (стилистика, лексикология, психолингвистика) ғылымдары зерттейді. “Метафора табиғатында жұмбақтылық бар” (Аристотель). Сөз өнерінде метафораның символикалық, эмоционалдық ерекше мәні бар. Абай өлеңдеріндегі “жастықтың оты”, “жүректің көзі”, “дүние есігі” деген Метафоралармен қатар дәстүрлі қолданыстағы метафоралар кездеседі: жан азығы, табиғат-ана, өмір-өзен, өмір сыбағасы, асау толқын, т.б. Ойды әсерлі жеткізу мақсатында метафора қолданылады:

“Қолына алып шашақты сан мың найза, Жауынгер күн келеді жалаулатып”

“Қасқа бұлақ, қасыңнан неге кеттім?! Не деген жел айдаған көбелекпін?” (М.Мақатаев).Ол мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері, қанатты сөздерде жиі кездеседі. Метафораның кейбір түрлері теңеуге жақындайды. Мысалы, тас жүрек. Бірақ онда теңеудегідей екі нәрсені салыстырудан гөрі сезім, әсер жақындығын көрсету басым. Көбіне ондай екі нәрсенің бірі айтылып, екіншісі емеурінмен білдіріледі.

“Ақын – жел, есер, гулер жүйрік желдей, Ақын – от, лаулап жанар аспанға өрлей” (Мағжан).

Мұнда ақынды желмен, отпен жәй ғана салыстырып қоймай, соған балап айту бар. Метафора тілді байытуға қызмет етеді, синонимдерді, көпмағыналықты, терминдік жүйені және эмоциональды-экспрессивті лексиканы дамытады. Мысалы: билік тізгіні, ғасыр перзенті, көңіл көкжиегі, жан айғайы, жер кіндігі, үміт жібі, т.б. Тілдегі қолданыс аясына қарай жеке қолданыстағы метафора және тұрақты метафора болып бөлінеді. Әдебиеттегі ізденістер нәтижесінде “метафоралық роман” деген соны термин қалыптасып келеді.Метафора әрдайым ауыспалы мағынада жұмсалады. Соның өзінде кемінде екі мағына болуы мүмкін. Сонысына байланысты метафора екі түрлі қызмет атқарады: белгілі бір затқа, құбылысқа немесе адамға сипаттама беру және сол заттың, құбылыстың немесе адамның атын атау (номинация). Бірінші жағдайда метафора сөйлем ішінде баяндауыш болады да (Сен қасқыр екенсің), екінші жағдайда бастауыш немесе толықтауыш болады (Қасқыр қайда кеткен? Ол қасқырмен көп байланыса берме). Сөйлеу практикасында қалыптасып қалған аң атаулары ғана (аю, түлкі, қоян, доңыз, қой, ит т. б.) ғана емес, метафора қызметінде адам болмысындағы, қызметіндегі әр алуан жайлар алына береді (бастық, чиновник, ғұлама, әкім т. б.). Мундай жайлар, сөйлеу жағдайында анық байқалып отырады; (Мынауың дайын тұрған ғұлама ғой! - Өзір ғұламалық ертерек шығар, бірақ түбінде болып қалатын да сыңайы бар).

Сөз айшықтары

Сөз айшықтары орыс. фигуры речи — сөйлеудін әсемдігін, мәнерлілігін, экспрессивтік мәнің күшейтетін синтаксистік құрылымдардың формалары, ұзақ уақыт бойы қалыптасқан, жиі қолданылатын амал-тәсілдер. Оларға: шендестіру, қайталау, параллелизм, риторикалық сұрақ-жауап, дауыс ырғағы т. б. жатады. Сөз айшықтары адамның сөйлеу шеберлігін, зерделілігін, тіл байлығын көрсетеді."Сөз айшықтары" термині эр түрлі мағынада қолданылады, бірақ оны лингвистикалық мағынада қалыптастыру үрдісі бар. Фигура риториканың поэтикалық семантикамен байланысты негізгі бөлімі ретінде қарастырылып, мағынаны өзгертудің, нормадан ауытқудың құралы деп түсіндіріледі. Зат пен оның атауы арасындағы табиғи байланыс барлығына күмән келтірген элеаттық Философиялық мектептін өкілдері (б. з. д. 6—5 ғасырлар) мұндай байланыстың шарттылығын ескерігі, бұрынғыдан өзгеше, стилистикалық жағынан бейтарап жаңа формалар жасауға болады деп жорамалдаған. Белгілі бір мазмұнды эр түрлі тілдік формалармен (айшықты оралымдармен) беруге болатындығын мойындау стилистикалық қажетті формаларды тандау идеясына және оларды тындаушының жан дүниесіне эсер ету мақсатында қолдануға алып келді. Сөйтіп, тіл әзінің айшықты оралымдары арқылы тыңдаушыға психикалық әсер етудін құралына айналады. Сөз айшықтары туралы ілімнің бастауында "фигура" терминің сөйлеу құрылымына жатқызған Аристотель тұр. Аристотель мен оның жолын куушылар Сөз айшықтарын алғаш рет зерттеу объектісі етті. Эллинизм дәуірінде Сөз айшықтары термині қолданыска толық енген. Оның толық топтастырылуы Цецилий (1 ғасыр) шығармаларында берілген.

Сөз айшықтарының антикалық топтастырылуында екі принципке мән берілген:

Бірі — семантика-стилистикалық принцип, оған Сөз айшықтарының дәлдігі (жіктеу, санамалау, қайталау, сөйлеудің қатандығы, майдалығы, шапшандығы, қызулығы, маңыздылығы) жатады,

Екіншісі — құрылымдық принцип, оған Сөз айшықтарын өзгерту, қосымшалармен үстемелеу, қысқарту, орын ауыстыру, қарама-қарсы қою т.б. жатады. Сөз айшықтарымен мақсаты бір троптардың топтастырылуы да осыған құсас.Мәтін лингвистикасының қалыптасуы, танбалар жүйесі туралы біртұтас ғылымның пайда болуы, мәтін мен риторикаға тілдік дәстүрдің енгізілуі Сөз айшықтарын жаңаша қарауға, ен алдымен Сөз айшықтары мен стилистикалық (риторикалық) айшықтардың ара қатынасын анықтауға мүмкіндік берді.

Мәтіннің лингвистикалық теориясында Сөз айшықтары деп парадигма жасайтын кез келген қарапайым синтаксистік типтердің сөйлеу практикасы кезінде көрінуін айтады. Бұл мағынада бейтарап мәтінге бейтарап Сөз айшықтары, яғни қарапайым синтаксистік типтер сәйкес келеді.

Троп

Троп (гр. tropos – айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз қолданысы) немесе құбылту – атаудың немесе мағынаның ауыспалы түрде қолдану тәсілі. Сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп жеткізу тәсілі болып табылады. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет.

Заттар мен құбылыстардың алуан түрлі өзгеріс-күйлері, қимыл қозғалыстары, реңктері болады. Троп солардың бәрін біршама дәл бейнелеуге қызмет етеді. Риторика мен стилистикада троп түрлері ежелден қарастырылып келеді. Квинтилиан оның 7 түрін атап көрсетсе, М.В. Ломоносов 11 үлгісін ұсынған, ал А.А. Потебня 3 түрі бар екенін айтады. А.Байтұрсынов троп түрлері туралы: “Тіл көрнекі болу үшін дерексіз нәрсе деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңлауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек.

Қалыпты түріндегі сөз ондай дәрежеге жету үшін түрлі әдістер істеледі. Ол әдістер негізгі түріне қарай үш топқа бөлінеді:

көріктеу,

меңзеу,

әсерлеу дейді.Троп түрлеріне көріктеу, меңзеу, теңеу, ауыстыру, бейнелеу, алмастыру, кейіптеу, бернелеу, әсірелеу, арнау, қайталақтау, шендестіру, дамыту, түйдектеу, бүкпелеу, кекесіндеу, т.б. жатқызылады. Троп сөздің нәзік иірімінің күш-қуатын ажарландырып, эмоционалды-экспрессивті мәнін бейнелі жеткізеді. Сөз бір мезгілде тура және астарлы мағынада қолданылады, бұлардың бір-бірімен байланысының өзі заттар мен құбылыстардың ұқсастығына қатысты келеді. Тілде троп түрлері өте көп, ол екі нәрсенің, не құбылыстың бір-бірімен сабақтастығы мен арақатынасын ашу негізінде жасалады (метонимия, синекдоха), не сипатталатын құбылыстың белгілерін екінші бір құбылыс ерекшеліктеріне ұқсату, ауыстыру тәсілі негізінде туындайды (метафора, теңеу), сондай-ақ троп бір нәрсені үлкейту не кішірейту, не сықақтау яки қарсы мағынада сипаттаумен, әсірелеу сарынымен де шендеседі (гипербола, литота, кейіптеу, ирония). Троп көркем әдебиет стилінде, публицистика мен ауызекі сөйлеуде жиі қолданыс тапқанымен, ғылыми-техникалық мәтіндерде, ресми іс қағаздарында қолданылмайды. Көркем мәтінде троптың бірнеше түрі бір мезгілде қатар қолданыла береді. Мысалы, Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да (Абай).

Тіл білімі саласының терминдері

Қазақстан Республикасы Өкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның мәжілісінде бекітілген терминдер. 2003 жылғы 2 шiлдедегi және комиссияның 2003 жылғы 24 желтоқсандағы мәжiлiсiнде бекiтiлген терминдер

Фразеологиялық тіркес

Фразеологиялық тіркес — құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін мағынасы ерікті сөздердің тіркесі, фразеологизмдердің түрлері, топтары. Фразеологизмге тән үш ортақ белгі мағына тұтастығы, тіркес тұрақтылығы, қолданылу тиянақтылығы айқын болғанымен, бұлар әр фразеологизмде бір-бірінен әрдайым анық ажыратыла бермейді. Кейбір белгілер әсіресе, мағына тұтастығы бірінде анық, айқын көрінсе, екіншісінде көмескі, үшіншісінде мүлде солғындау байқапады. Сондықтан фразеологизмді түр-түрге беліп топтастыру тіл білімінде ең күрделі қиын мәселелердің бірінен саналады. Фразеологизмдерді зерттеушілер В. Виноградовтың дәстүрлі топтастыруын негізге ала отырып, бірде тұрақты тіркестің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардың арақатынасына қарай жіктеп бөлсе, кейде құрылым- құрылысы жағынан, атқаратын синтаксистік қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады. Қалай дегенімен де фразеологизмдерді сыңарларының мағына тұтастығына қарап, Фразеологиялық тутастық, Фразеологиялық бірлік, Фразеологиялық тізбек деп үш топқа бөледі. Фразеологиялық тұтастықта (идиом) фразеологизмді құрастырушы сөздің бір-бірінің лексика-семантикалық мән- мағынасына ешбір қатысы болмай мүлде басқаша мағына береді. Мысалы, мурнынан шаншылу — қолы тимеу; жүрегі тас төбесіне шығу — (қатты қорқу) нағыз идиом мағынасындағы (Фразеологиялық тұтастық) тіркестер. Бұларды басқа тілге сөзбе-сез аударуға келмейді, беліп жаруға болмайды. Идиом терминін қазақ тілінде Фразеологиялық түйдектер (I. Кеңесбаев), фразалық тұтастықтар (К. Аханов, Ә. Болғанбаев) деп атаған.

Фразеологиялық бірлік — Фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Апайда құрамындағы сөздердің бірі екіншісімен қалайда бір мағынапық байланыстаболатындығын аңғартады. Себебі мұндай тіркестер о бастағы еркін тіркестің ауыспалы мағынада метафораланып Фразеологиялық бірлікке айналған. Мысалы, көзіне көк шыбын үймелету (басыну, қорлау), ақ түйенің қорны жарылу(молшылық). Аталған тіркестердің Фразеологиялық мағына жасауына ең алғашқы еркін тіркестегі тура мағына негіз болған. Кейде фразалық тұтастық пен Фразеологиялық бірлік арасындағы айырма- шылықтары байқала бермейтін фразеологизмдер де бар. Ғалымдар мұны тұрақты тіркес мағыналарының көнеленуіне байланысты деп түсіндіреді. Мысалы, ит басына іркіт төгілу (молшылық), құлаққа ұрған танадай (жым-жырт тыныштық). Қазақ тілі фразеологиясы фразеологизмдердің бұл екі тобын бір-біріне өте жақын тұратын сез тіркестері деп қарастырады. Орыс тіл білімінде идиомалар немесе анапит. мәндегі Фразеологиялық бірліктер деп атайды. Фразеологиялық тізбек— еркін мағынадағы сөздер тіркесінің Фразеологиялық қалпында екі сөздің тіркесуінен жасалып, езгеріссіз тізбек күйінде қолданылады. Мысалы,жандысөз, тас бауыр, жуан жұдырық, шикі өкпе. Бұлар сырт құрылымы жағынан күрделі сөздерге ұқсас. Күрделі сөздер үнемі номинативті атау мағынасында жұмсалса, Мысалы, су тиірмен, тас жол, төс қалта т. б. Фразеологиялық тізбектерде бағалауыштық, образдылық сипат бар. Олардың Фразеологиялық мағынапары метафора, теңеу, сапыстыру сияқты керкемдік тәсілдер арқылыауыспалы мағынада айтылуына байланысты. Апайда ауыспалы мағынада айтылып тұрған сөз тіркестерінің бәрін бірдей Фразеологиялық тізбектерге жатқызуға болмайды. Мысалы, Көңілсіз құлақ — ойға олақ (Абай). Жүргемін жоқ қайғының жүгін артып (Мұқағапи) — метафоралы тіркестер. Метафора, сирек те болса метонимия — керкемдік тәсілдер әдеби шығармапарда өзіндік ерекше сөз қолданысы. Сөйлеу тілінде қалыптасқан фразеологизмдер, идиомапар және образды сөздер — жасапуы жағынан метафоралы қолданыстан туған тіркестер.

Эвфемизм

Эвфемизм (грек. eu – жақсы, phemі – айтамын) – мағынасы тұрпайы сөздерді басқа атаумен ауыстырып, сыпайылап жеткізу. Эвфемизм қоғамдағы моральдық, этикалық норма негізінде қалыптасып, сыпайыгершілік пен әдептілікке байланысты туған. Эвфемизм – тілдегі ауыспалы мағынадағы сөздерді толықтырып отыратын көркемдеуіш, бейнелеуіш құралдардың бірі. Эвфемистік мағына тудырудың тәсілдеріне метафора, метонимия, синекдоха, символ, ирония, парафраза, эпитет сияқты топтармен қатар фразалық тіркес пен мақал-мәтелдер, сондай-ақ есімдік пен эллипс те жатады. Мысалы, “өлді” деудің орнына қайтыс болды, дүние салды, жан тәсілім етті, т. б. сөз орамдары айтылады. Сондай-ақ адамның дене мүшесіндегі кем-кетікті (саңырау – құлағының мүкісі бар), ауруды (қылтамақ – жаман ауру) басқа сөздермен ауыстырып қолданады. Тіліміздегі фразеологизмдердің көпшілігі Эвфемизмдер негізінде пайда болған. Мысалы, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шықты, тіл тигізді, сөзге келді, жүз шайысты сияқты тіркестер ұрысты, ренжісті, ауыр сөздер айтты деген мағынаны білдіреді.

Үнемдеу заңы

ҮНЕМДЕУ ЗАҢЫ — ежелгі дәуірден келе жатқан тілдік құбылыс. Белгілі бір дыбыстың, буынның, сөздің, сөйлемнің қысқартылып, ықшамдалып айтылуы. Буындардың, дыбыстардың бірте-бірте түсуі сөздің формасының өзгеруінен болады. Түркі тілдеріндегі сөздердің қысқару, ықшамдалу процесі әр түрлі болғандықтан, белгілі бір сөздердің морфологиялық, фонетикалық сипат алып түрленуі, құбылуы тіл тарихының жемісі болып саналады. Үнемдеу заңы тарихи жазба ескерткіштерде, қазіргі түркі әдеби тілдерінде және диалектілерінде көптеп кездеседі. Үнемдеу заңының әсерінен сөз басында, ортасында, аяғында кейбір дыбыстар бірте-бірте айтылмайды. Белгілі бір фонетикалық жағдайда дыбыстардың түсіп қалуы элизия деп аталады. Сөйлеуші ауызекі тілде дыбыстарды ғана емес, буындарды да түсіріп айтады. Мысалы, болып-боп, келіп-кеп, барамын-барам, көремін-көрем. Қатар келген екі буынның біреуінің түсіріліп айтылуы гаплология деп аталады.

Үнемдеу заңы жеке дыбыстар, жалаң түбірлердің құрамында ғана емес, сөз тіркестерінде де кездеседі. Әр қилы мағыналық, дыбыстық өзгеріске ұшырап, бір-бірімен белгілі дәрежеде үндесіп әрі ықшамдалып құралған күрделі сөзді кіріккен сөз дейміз. Сөйлеу процесінде іргелес, шектес келген екі немесе одан да көп сөздің міндетін бір-ақ сөз атқаратын құбылыс метонимия деп аталады. Сөйтіп, тілдік фактілер үнемдеу процесінің бүкіл тілдік жүйенің (фонетикадан синтаксиске дейінгі) барлық салаларын қамтитын заңдылық екенін анықтайды. Үнемдеу заңы сонымен қатар үндесу, ұқсату заңымен лингвистикалық үйлесім табады.

Әділ Құрманжанұлы Ахметов

Басқа мағыналар үшін Ахметов деген бетті қараңыз.

Әділ Құрманжанұлы Ахметов (23.5.1941 жылы туған, Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылы) – филология ғылыми доктор (1995), профессор (1997).

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.