Леон (Испания)

Леон (ис. León) — Испаниядағы қала, аттас провинцияның әкімшілік орталығы. Халық саны 2013 жылғы санақ бойынша 130 601 адамды құрады. «Киелі Яков жолы» бағдарына кіреді.

Тарихы

Б.з.б 29 жылы римдік VI Жеңістік легион (Legio VI Victrix) әскерлері лагері ретінде құрылған. Б.з 74 жылы VII Қос легионның лагерімен сыйыстырылған. Леонның қазіргі атауы — Legio («легион») латын тілінен туынды. Қала Империяның соңғы кезеңінде осы легиондардың штаб-пәтері болған, сондай-ақ жақын маңда өндірілетін алтынмен саудалау орталығы болып та қызмет атқарған. 540 жылы қала вестготтардың королі Леовигильдпен басып алынды, ал 717 жылы — маврлармен жаулап алынды. Дегенмен ол Реконкистаның барысында қайта алынған қалалардың бірі және 742 жылы Астурия патшалығының бөлігіне айналды. Ақырында аттас корольдіктің астанасына айналды.

  • 988 жылы [ Самора] мұсылмандармен ойпандалған. Қиян-кескі шабуылдан кейін мұсылмандар Леонға баса-көктеп кірген. Граф Гонсало Гонсалестің басшылығында христиандар, көрсеткен ерліктеріне қарамастан барлығы талқандалды.
Catedral de León
Собор

Көрікті орындары

  • Бернесги өзенінің жағалауында, Сан-Маркос көпірінің түбінде орналасқан Сан-Маркос алаңы 
  • Санто-Доминго шіркеуі
  • Сида гүл бағы
  • Романдық Сан-Исидро базиликасы
  • Леон соборы
  • Епископий сарайы

1979 жылы Леон университеті құрылған. 2005 жылғы мәліметтер бойынша 13 мың студент саналады.

Сілтемелер

Мәскеу халықаралық университеті

Мәскеу халықаралық университеті - Ресейдегі жоғарғы оқу орны.

Эрнан Кортес

Фернандо Кортес де Монрой и Писарро Альтамирано (ис. Fernando Cortés de Monroy y Pizarro Altamirano), немесе Эрнан Кортес (ис. Hernán Cortés), кейде Фернандо, Эрнандо, Фернан деп те аталады; 1485—1547) — Мексиканы жаулап алған және Ацтектердің мемлекеттігін жойған испан конкистадоры. Еуропаға алғашқы рет ваниль және шоколадты алып келген адам.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.