Лагуна

Лагуна — 1) мұхиттың (теңіздің) бармен, құм қайырмен бөлініп тұрған және онымен біршама жіңішке бұғазбен немесе бірнеше бұғазбен косылған таяз сулы бөлігі. Теңізбен байланысы нашар немесе одан бөлек болғандықтан, Лагунаның теңізбен салыстырғанда тұздылығы басқаша (не тұзды, не тұщы) және өзіне тән лагуналық шөгінділері, сондай-ақ өзіндік фаунасы мен флорасы болады; 2) інжу кедертастары мен жағаның арасындағы немесе атолл ішіндегі теңіздің телімі.

Lagoon-of-venice-landsat-1
Венеция лагунасы

Лагуналық жаға

Лагуналық жаға - әр қырлы болып келетін барлық жаға сызықтары (қойнаудың, шығанақтың, т.б.) ашық теңізден құмды бармен, құм қайырмен немесе інжу кедертасымен қоршалған және жаға бойымен созылған лагуна тізбектерін құрайтын ингрессиялық жаға. Лагуналық жаға кейде мыңдаған км-ге дейін созылуы мүмкін (мыс., Мексика шығанағының жағалары, Каспий теңізінің шығыс жағалары мен Қара теңіздің Дунай өзенінен солтүстікке қарайғы жағалары, Сахалин мен Камчатка түбектерінде тараған жағалар).

Лагуналық шөкпелер

Лагуналық шөкпелер - таяз сулы тұйық немесе жартылай тұйық алаптардың лагуналарының кабатты және маусымдық шөкпелері. Оларға жақсы түзілген қабаттылық тән. Тұщылау лагуналарда шөгінділер құмды-сазды шөкпелерден (кейде шөкпе (сапрофель) мен шымтезегі бар), ал тұздылау лагуналар — карбонаттар мен галогенді түзілімдерден (әр түрлі тұздар, гипс, ангидрит) тұрады.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Ақтау

Басқа мағыналар үшін Ақтау (айрық) деген бетті қараңыз.

Ақтау — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы қала, Маңғыстау облысының орталығы. Қала теңіз және әуе порты болып табылады.

1964 жылдан 1991 жылға дейін украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне Шевченко аталған болатын.

Балтық теңізі

Балтық теңізі, (кейінгі латынша mare Baltіcum, ертедегі атауы Варяг теңізі) — Атлант мұхитының Еуропаға еніп жатқан теңізі. Ол Швеция, Финляндия, Ресей, Эстония, Латвия, Литва, Польша, Германия және Дания мемлекеттері жерлерімен шектеседі. Атлант мұхитымен Дания бұғазы арқылы жалғасады. Теңіз құрлықтық қайраңда орналасқан, негізгі бөлігінің тереңдігі 40 — 100 м (ең терең жері 470 м), ауданы 419 мың км² Солтүстік жағасы биік жартасты (шхер және фьорд типтес), оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағасы жайпақ, құмды (лагуна типті). Ірі шығанақтары: Ботни, Фин, Рига, Куршский, Гданьск, т.б. Ірі аралдары: Аланд, Моонзунд, Борнхольм, Готланд, Эланд, Сааремаа, Хийумаа, т.б. Теңізге Нева, Батыс Двина (Даугава), Неман, Висла, Одра өзендері құяды. Қыста судың жоғағы қабатындағы температурасы 1 — 3°С, жағасында 0°С-тан төмен, жазда 18—20°С. Батыс бөлігіндегі тұздығы 11‰, орталығында 6 — 8‰. Ботни шығанағының солтүстік бөлігі 210 күн, орталық бөлігі 185 күн; Рига шығанағы 80 — 90 күн, Дания бұғазы 16 — 45 күн қатып жатады; теңіздің орталық бөлігі қатпайды. Жел бағытының және ауа қысымының тез өзгеруінен су деңгейі кейде 1,5 — 3 м-ге дейін көтеріледі. Теңіздің тәуліктік толысуы 0,04 — 0,1 м. Балтық теңізінде Балтық майшабағы, камбала, салака, Атлант майшабағы, теңіз алабұғасы, Балт трескасы, т.б. тіршілік етеді. Балтық теңізі Еділ — Балтық су жолы арқылы Каспий теңізмен, ал, Беломор — Балтық каналы арқылы Ақ теңізбен жалғасады. Негізгі порттары: Санкт-Петербург, Таллин, Рига, Калининград, Гданьск-Гдыня, Щецин, Росток — Варнемюнде, Копенгаген, Мальме, Стокгольм, Турку, Хельсинки.

Гиа-Лопис-да-Лагуна

Гиа-Лопис-да-Лагуна (порт. Guia Lopes da Laguna) — Бразилиядағы муниципалитет, Мату-Гросу-ду-Сул штатында орналасқан. Оңтүстік-батыс Мату-Гросу-ду-Сул мезорегионының құрамдас бөлігі болып табылатын Бодокена экономика-статистикалық микрорегионының құрамына кіреді.

2006 жылғы мәліметтер бойынша тұрғындарының саны 12 555 адамды құрайды. Алып жатқан жер аумағы 1210,472 км² шамасында. Халық тығыздығы — 10,4 адам/км².

Ла-Армуния (комарка)

Ла-Армуния (ис. La Armuña) — Испания ауданы (комарка), Кастилия және Леон автономды бірлестігіне қарасты Саламанка провинциясының құрамына енеді.

Лагуна-Карапан

Лагуна-Карапан (порт. Laguna Carapã) — Бразилиядағы муниципалитет, Мату-Гросу-ду-Сул штатында орналасқан. Оңтүстік-батыс Мату-Гросу-ду-Сул мезорегионының құрамдас бөлігі болып табылатын Дорадус экономика-статистикалық микрорегионының құрамына кіреді.

2006 жылғы мәліметтер бойынша тұрғындарының саны 6190 адамды құрайды. Алып жатқан жер аумағы 1 733,845 км² шамасында. Халық тығыздығы — 3,6 адам/км².

Лагуна-де-Камерос

Лагуна-де-Камерос (ис. Laguna de Cameros) — Испаниядағы муниципалитет. Риоха автономды бірлестігіне қарасты Риоха провинциясының құрамына кіреді. Муниципалитет Тьерра-де-Камерос ауданында (комарка) орналасқан.

2010 жылғы мәліметтер бойынша тұрғындарының саны 139 адамды құрайды. Алып жатқан жер аумағы 41,60 км² шамасында. Провинцияның әкімшілік орталығына дейінгі қашықтығы — 46 км.

Қала қамқоршысы Санто Доминго де Силос болып саналады.

Лагуна түзілімдері

Лагуна түзілімдері. Теңіз жағалауын жиектей созылған,

ашық теңізден құмды кедергілермен оқшауланған су қоймалары болып табылатын

лагуналарда түзілген түзілімдер. Лагуна түзілімдері негізінен алғанда пелитті материалдардан

тұрады, бірақ олардың құрамы су қоймасына сырттан жеткізілген терригендік

материалдардың мөлшеріне және климат жағдайына тәуелді болып келеді.

Ірітүйірлі яки кесекті кластикалық материал әдетте лагунаға құятын өзендер

сағасында және лагуна мен теңізді бір-бірінен оқшаулайтын құмды кедергілер

өңіріңде жинақталады. Аңызақ климат жағдайында кластикалық шөгінділер мен

қатар эвапориттер, ал ылғалды климат жағдайында карбонатты түзілімдер

қалыптасады. Геологиялық қималарда лагуна түзілімдері біршама жиі ұшырасады, олар тас көмір және тұз кенорындарын кіріктіруі ықтимал.

Парамо-Леонес

Парамо-Леонес (ис. Páramo Leonés) — Испания ауданы, Кастилия және Леон автономдік округтеріндегі Леон провинциясының құрамына кіреді.

Пауло Дибала

Пауло Бруно Дибала (исп. Paulo Bruno Dybala; 15 қараша 1993, Лагуна-Ларга, Кордова) — аргентиналық футболшы , «Ювентус» футбол клубы және Аргентина Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы. Паулоның атасы-польшалық, ал көп ата-бабалары Италиядан.

Пахарес-де-ла-Лагуна

Пахарес-де-ла-Лагуна (ис. Pajares de la Laguna) — Испаниядағы муниципалитет. Кастилия және Леон автономды бірлестігіне қарасты Саламанка провинциясының құрамына кіреді. Муниципалитет Ла-Армуния ауданында (комарка) орналасқан.

2010 жылғы мәліметтер бойынша тұрғындарының саны 139 адамды құрайды. Алып жатқан жер аумағы 9,62 км² шамасында. Провинцияның әкімшілік орталығына дейінгі қашықтығы — 18 км.

Саз

Саздар — құрамының басым көпшілігін сазды минералдар құрайтын, дәнекерленіп қатаймаған шөгінді тау жынысытар.

тау жынысы саздарға жатқызылуы үшін оның құрайтын түйірлердің кем дегенде 30 пайызы диаметрі 0,005 мм-ден аспайтын тозаңдар түрінде болуы шарт.

Аққыштык қасиеті бар, сумен араластырылған ұнтағы қамырға ұқсайтын массалар құрайды және мұндай массалар кепкеннен кейін де өз пішінін сақтап қала алады.

Күйдірілген саздар қатты және берік тастақ күйге ауысады. Жаратылыс жағдайына (генезисіне) орай сынықты және химиялық саздарды даралауға болады;

түзілімдену ортасына байланысты теңіз, лагуна, атырау, өзен, көл саздары, сулық-мұздықтық саздар және элювийлік саздар жекеленеді; минералдық құрамына орай каолонитті, гидрослюдалы, монтмориллонитті, палыгорскитті және полиминералды саздар белгілі.Саздар — батпақтар немесе грунт суларымен ылғалданатын ылғал шалғындар (Орта Азияның таулары мен тауалды өңірлеріндегі).

Сан-Роман-де-Камерос

Сан-Роман-де-Камерос (ис. San Román de Cameros) — Испаниядағы муниципалитет. Риоха автономды бірлестігіне қарасты Риоха провинциясының құрамына кіреді. Муниципалитет Тьерра-де-Камерос ауданында (комарка) орналасқан.

2010 жылғы мәліметтер бойынша тұрғындарының саны 168 адамды құрайды. Алып жатқан жер аумағы 47,50 км² шамасында. Провинцияның әкімшілік орталығына дейінгі қашықтығы — 38 км.

Тьерра-де-Камерос

Тьерра-де-Камерос (ис. Tierra de Cameros) — Испания ауданы, Риоха автономдік бірлестігіндегі, Риоха провинциясының құрамына кіреді.

Тьерра-де-Пинарес

Тьерра-де-Пинарес (ис. Tierra de Pinares) — Испания тарихи облысы және ауданы, Сеговия және Вальядолид провинцияларының қиылысында орналасқан.

Уриэль Антуна

Карлос Уриэль Антуна Ромеро (ис. Carlos Uriel Antuna Romero; 21 тамыз 1997 жыл, Дуранго, Мексика) — мексикалық футболшы, Мексика Ұлттық футбол құрамасы мен "Манчестер Ситидің" "Лос Анжелес Гэлаксиге" жалға берілген жартылай қорғаушысы.

"Манчестер Сити" сапына 2017 жылы жазда "Сантос Лагунадан" ауысқанымен әлі күнге бір ойын да өткізбеді, себебі, дереу "Гронингенге" жалға кетті. 2019 жылы қаңтарда тағы да "Лос Анжелес Гелаксиге" жалға берілді.

Фелипе Балой

Фелипе Балой (ис. Felipe Abdiel Baloy Ramírez; 24 ақпан 1981 жыл, Панама) — панамалық футболшы, Панама Ұлттық футбол құрамасы мен "Мунисипаль" (Гватемала) клубының қорғаушысы.

Хоккайдо

Хоккайдо (жапон. 北海道 «солтүстiк теңiзге жол», 1868 жылға дейін Иессо, Эдзо, Матсмай) — Жапонияның ірі төрт аралының бірі. Көлемі жағынан Хонсю аралынан кейінгі екінші орында, аумағы 77,7 мың км2. Жағалауын Тынық мұхит, Охота және Жапон теңіздерінің суы шайып жатады. Хонсю аралынан Цугару, Сахалиннен Лаперуз бұғаздарымен бөлінген. Жағалауы тектоникалық жарылымдарға сәйкес келеді, аз тілімделген. Солтүстік-батыстан және солтүстік-шығыстан келетін тау тізбектері аралдың орта тұсында түйіседі. Солтүстік-шығыс жанартау тізбегі Курил жанартау доғасының жалғасы. Орталық бөлігінде биік орталық массив орналасқан (Асахи тауы , 2290 м). Ең ірі Ишикари ойпаты Осима түбегін аралдың басқа бөлігінен оқшаулайды. Оның жағаларын шектейтін жарылымдарды бойлап әрекетті жанартаулар (Усу, т.б.) орналасқан. Климаты қоңыржай, муссондық. Қысы Азия муссонының әсеріне байланысты суық. Қаңтардың орташа температурасы –3 — 11°С. Жазда келетін Тынық мұхит муссоны да температураны төмендетеді. Шілденің орташа температурасы 17 — 21°С. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 800 — 1500 миллиметр. Қыста қар жауады. Күзде тайфун жиі өтеді. Ірі өзендері — Исикари және Тесионың суы мол, су энергиясына бай. Лагуна және жанартау көлдері (Сарома, Куттяро, Сикоцу) таралған. Жерінің 60% орманды: солтүстігінің көпшілік бөлігін қылқан жапырақты (Сахалин майқарағайы, Хоккайдо шыршасы), оңтүстігін жалпақ жапырақты (емен, шамшат, үйеңкі) ормандар жапқан. Теңіз жағалауы ойпаттарын шалғындар мен батпақтар алып жатыр. Хоккайдо Жапонияның ағаш және ағаш өнімдерін дайындайтын негізгі ауданы. Тас көмір, мұнай, күкірт, темір кентастары өндіріледі. Ірі қалалары — Саппоро, Хакодате.

Шығанақ

Шығанақ – мұхит, теңіз, көлдің құрлыққа сұғына еніп жатқан және негізгі су айдынымен еркін, тұрақты су алмасатын бөлігі. Гидрологиялық және гидрохимиялық режимдері жағынан да шығанақ негізгі су айдынымен тығыз байланысты. Кей жағдайларда климаттың жергілікті ерекшеліктерінің және құрлықтық ағын әсерінен шығанақ суының беткі қабаттарында өзіндік гидрологиялық ерекшелік болуы мүмкін.

Қара лагуна

Black Lagoon (жапон. ブラックラグーン, қаз. қара лагуна) — манга және аниме жанрындағы сериал, премьерасы 2006 жылы сәуірдің 8-ші жұлдызында болды. Манга 9 томнан тұрады және 2009 жылы аяқталды. Сериалдар саны - 24. OVA форматындағы бөлімдер саны - 5. Аниме режиссёрі — Сунао Катабути, авторы — Рэй Хироэ.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.