Кіші Азия

Кіші Азия (түр. Anadolu — Анадолы) — Азияның батыс бөлігіндегі түбек, қазіргі Түркия аумағының ортаңғы бөлігі. Анатолия деп көбінесе Түркияның азиялық иеліктерін атайды (еуропалық иеліктері — Румелия).

Грек тілінде Анатолия атауы (көне грекше: ἀνατολή) күн шығыс, шығыс мағыналарын білдіреді.

Кіші Азия
түр. Anadolu
AnatolieLimits
Сипаттамасы
Ауданы506 000 км²
Орналасуы
39° с. е. 32° ш. б. / 39° с. е. 32° ш. б.   Координаттар: 39° с. е. 32° ш. б. / 39° с. е. 32° ш. б.   
Түбекті шаятын акваторияларЖерорта теңізі, Қара теңіз
Ел Түркия
Brown 804000 pog.svg
Кіші Азия
Інжір

Інжір (Fіcus carіca) – тұт тұқымдасына жататын субтропиктік жеміс ағашы. Інжірдің биіктігі 4 – 8 м, діңінің диаметрі 0,2 – 0,4 м. Тамыры жақсы дамыған, жас сабақтары жасыл, сүтті-шырынды, жапырағы ірі. Жемісі етжеңді, жеміс шоғырының ішінде ұсақ жаңғағы болады, жемісінің салм. 32 – 77 г. І. – қос үйлі өсімдік. Аталық ағашын капфирикус, ал аналығын фиг деп атайды. І. гүлін бластофага арасы тозаңдандырады. Ол болмаған кезде қолдан тозаңдандыру жүргізіледі. І-дің көптеген сұрпының жеміс шоғыры партенокарпты. Аналық ағаштардың көпшілігі 2 рет жеміс береді. Біріншісі шілдеде, екіншісі тамыздан қарашаға дейін піседі. Ылғалды жерде жаздың ыстығына төзімді, топырақ талғамайды, бірақ қара шірігі мол саздақ топырақта жақсы өседі. І. ағашы 100 – 200 жыл өмір сүреді. Оның 2 – 3 жылдық көшеттері жеміс бере бастайды. 50 – 80 жылға дейін өнімі мол болады (әр ағаш 20 – 100 кг). І. Жерорта теңізі жағалауында, Кіші Азия түбегінде, Иранда, Солт. Батыс Үндістанда, Кавказ сыртында, Орта Азия елдерінде жабайы түрлері, ТМД елдерінде (Әзірбайжан, Грузия, Армения), Ресейде (Краснодар өлкесі, Қырым), Орта Азия елдерінде қолдан отырғызылған түрлері өседі. Жас жемісінде 12 – 23% қант, 0,5 – 4,2% пектин заты, 3,4 – 7,4% клетчатка, С, В1, В2 витаминдері, каротин, кальций, темір және фосфор мол. Жемісін жас күйінде кептіріп, тосап, джем, компот жасап, тағамға пайдаланады. Кепкен жемісінде 50 – 77% қант болады. ТМД елдерінде Смирнский-2, Калимирна, Далматский, Чапла, Сочинский-7, Кадота, Адриатский сұрыптары аудандастырылған. І. тұқымынан, қалемшеден, тамырсабақтарынан өсіріледі.

Азия

Азия (ассириялықтар тілінде, мағынасы – асу, шығыс) — Жер шарының ең үлкен бөлігі. Еуропамен қосылып, Еуразия құрлығын құрайды.

Гомер

Гомер (көне грекше: Ὅμηρος; б. з. д. 12-8 ғ. ш.) — Ежелгі Грекияның эпикалық ақыны. Өлеңдері мен дастандарын ел аралап жүріп, ішекті аспаптың әуеніне қосылып, айтып шығарған. Г. шығармаларының кейбір тұстары, соның ішінде «Илиада», «Одиссея» дастандары 8-7 ғ-да-ақ кең тараған. Абайдың Жиырма жетінші сөзінде Гомер аты аталады. Ұстазы Сократ Хакім ғалым шәкірті Аристодимнен өнеріне ел таңданарлықтай кімдерді білетінін, олардың қандай өнерімен танымал екенін сұрағанда, Гомерді жұрт бәйітшілдігі (ақындығы) үшін құрметтейтінін айтып, оның есімін бірінші атайды.

Гомер өмірдерегін зерттеушілер оны “ионий отарларының бірінде туған болуы керек” деп, шығу тегін ионий гректеріне жақындат­қанымен, бұлтартпастай дәлел келтіре алмайды. “Кейінгі заман гректерінің өзі Гомердің қайда туғанынан бейхабар. “Грек антологиясындағы” Смирна, Хиос, Колофон, Пилос, Аргос, Итака, Афины – жеті қала Гомердің отаны деп аталады”, деп көрсетеді “Илиада” эпосын зерттеуші А.И.Зайцев (Гомер. Илиада. Л, 1990. 399-б). В.П.Яйленко: “Тағы бір ұлы ақын Гомер есімі Кіші Азия халықтарының сөзінен шыққан. Грек тіліне ауысқанда ол “соқыр” деген мағынаға ие болған” деседі. Көптеген зерттеушілер Гомер есімі ақынның шын есімі екеніне күдік келтіргенмен, ол Гомер аталса керек. Гректерде мұндай кісі аты жоқ, гректер оның мағынасын мүлде ұқпайды. Сондықтан “тұтқын”, “соқыр” деп түсіндіруге тырысады...Ұлы ақын грек болмай, жастайынан грек тілін меңгерген “варвар” болуы да ғажап емес” деп тұжырады (В.П.Яйленко...33-б, А.И.Зайцев... 400-б).

Страбон мәліметінше: эолийліктердің қаласы Смирнада (Измирде): “төрт бұрышты айлақта Гомер храмы және ағаштан ойылған Гомер мүсіні бар. Гомерді меншіктеуге олардың себебі жеткілікті. Гомерик аталған мыс ақша шығарған да осылар”, деп мәлімдейді (Страбон. М, 1994. ХІV, 1, 3, 7. 604-б).

Сонымен, Гомердің эолийлік (алаштық) Смирнада тууы басқа топшылауларға қарағанда негіздірек көрінеді.

Ғажабы сол – Гесиод пен Гомердің айтысқаны туралы дерек сақталған. Екі ұлы ақын шақырумен Евбейге барып, Халкидон патшасы Амфидамантты жерлеу кезінде айтысқан. Оны Плутарх жазып кеткен. Амфидаманттың інісі Паниданың шешімімен жеңіс соғыс пен жаугершілікті жырлаған Гомерге емес, еңбек пен диқаншылықты дәріптеген Гесиодқа берілген. Бұл оқиғаны Гесиод “Еңбек пен күндер” поэмасында жазып қалдырған. “Алдын ала шақырылған соң, ақылды Анфидаманттың құрметіне өткізілген айтысқа қатысу үшін Халкидаға бардым. Ұлдары мол сыйлық атаған екен. Сонда құлақты аспалы ошақты жеңіп алып, Геликон лираларына сыйға тарттым” деп баяндалған (В.П.Яйленко...35 б).

Дарий I

Дарий І, Дариуш, Дараявауш – Ахемен әулетінен шыққан парсы патшасы. Б. з. д. 522 – 486 ж. аралығында патшалық құрған. Дарий І-нің тұсында патшалыққа парсылар мен мидиялықтардан басқа Кіші Азия мен Кавказ, Орта Азия, Қос өзен аралығы, Сирия мен Палестина, Мысыр қарады.

Ел

Ел — қазақша екі мағына беретін термин:

ел-мемлекеттің синонимі ретінде қолданылатын термин;

аймақ; физикалық география мен геоморфологиялық түсінік бойынша аумақтардың ірі аймақтық бөліктері, өзіне топ қайталанбайтын жалпылама сипаты болатын аудандаудың бөлігі. Физикалық-географиялық немесе геоморфологиялық түсінік бойынша аймақтың саяси-әкімшілік шекараға тәуелсіз өз шекарасы болады. Аймақ бірнеше физикалық-географиялық провинцияларды немесе облыстарды біріктіреді де, өз алдында аймақтар тобына бірігеді. Физикалық-географиялық аймақтарға Орыс жазықтығы, Орал, Батыс Сібір ойпаты, Орта Сібір таулы үстірті, Оңтүстік Сібір таулары, Кіші Азия, Армян және Иран таулы қыраттары, Апеннин Италиясы, Жерортатeңіздік аймақтар және тағы басқа жатады.

Ибн Баттута

Әбу Абдаллаһ Мұхаммед Ибн Баттута (24.2.1304, Танжер қ. — 1377, Фес қ. қазіргі Марокко) – араб саяхатшысы.

Оның Қырым мен Алтын Орда иеліктерінде болып, жазған мақалалары, Өзбек ханның сарайы туралы хабарламалары түрік халықтарының тарихы үшін өте құнды деректер. Ол 30 жыл бойы саяхат жасаған (1323—53). Арабияда (Сауд Арабиясы түбегінде), Египетте, Иранда, Кіші Азия түбегінде, Орталық Азия мен Ауғанстанда, Үндістанда, Индонезияда, Қытайда, Суданда, Испанияда, Қырым мен Ресейде болған. Оның Қырым мен Алтын Орда иеліктерінде болғаны туралы мақалалары, Өзбек ханның сарайы туралы хабарламалары түрік халықтарының тарихы үшін өте құнды деректер. Деректердің бірінде Өзбек ханның әйелі грек ханымына еріп Константинополь қ-на барған сапары жайлы және саяхатшының сол қаланы толық баяндағаны жазылады. Батуттаның Иранға жасаған саяхаты жөніндегі әңгімесі Хулагу әулеті билеген Иранның жағдайын көрсетеді. Үндістанда болғанын түгел суреттеп жазған еңбегі (ол Дели сұлтаны Мұхаммед Тұғлақтың сарайы жанында сот болып қызмет істеген) ерекше назар аударарлық. Одан кейін ол мұсылман Испаниясында (1349 — 52) болды. Оның 1352 — 53 ж. Батыс және Орталық Суданға жасаған саяхаты туралы есебі өте бағалы. Батутта Мали мемлекетін және Батыс Африканың оған жапсарлас жатқан өлкелерін тұңғыш рет (Еуропа саяхатшыларына дейін) түбегейлі баяндап берді. Өмірінің аяғына дейін ол Мароккода тұрған.

Марко Поло

Марко Поло, итал. Marco Polo (1254, Венеция — 1324, сонда) — Италия саяхатшысы. Орта ғасырларда Азия туралы аса бай геогр. және тарихи мағлұматтар қалдырған. 1271 — 75 ж. әкесі Никколо Поло мен ағасы Маттео Полоға еріп, Қытайға саяхат жасаған. Жерорта теңізі, Палестина, Кіші Азия, Ирак, Иран, Памир тауы және Қашғария арқылы 3 жылдан аса жол жүріп, Пекинге жеткен.1271-1275 ж.ж. олар теңізбен Кіші Азияның оңтүстік-шығыс жағалауына келіп жетті,осы жерден Қытай құрлығына табан тіреді. Қытайда 17 жыл тұрды. Моңғол ханы Құбылайдың қарамағында болып, Қытайды аралады. Қызмет бабымен Үндістанға жүзіп барып қайтты.Қытайда Полоның «мансабы өрледі»,қызметімен Құбылай ханға қатты ұнап,елдің әр аймағына орын ауыстыра жүріп,Құбылай ханға 15 жыл қызмет етті.Ол ел басқарудың күрделілігі мен тиімділігіне,мәселен,пошта жүйесіне қатты таңданды.Осы жүйенің арқасында салт аттылар санаулы сағаттар ішінде патшалықтың ен шалғайдағы бұрышынан астанаға хабар жеткізетін(пошта жүйесін 300000 ат қамтамасыз етті) 1295 ж. теңіз жолымен Оңтүстік Азияны айналып өтіп, Жерорта т. арқылы еліне қайтып оралды. Генуямен арадағы соғыста тұтқынға түскен. Тұтқында отырған кезінде түрмеде бірге отырған кәсіби жазушы пизалық Рустичеллоға өзінің естеліктерін жаздырған. М. П. еңбегі бүкіл Азия, Солт. Еуропа және бірқатар Африка елдерінің географиясы, тарихы және халқы туралы құнды мағлұмат береді.Бұл кітап орасан табысқа ие болды және XIV-XVI ғ.ғ теңізшілерге,картографтарға,жазушыларға айтарлықтай әсер етті.Христафор Колумб Америкаға алғаш теңіз сапары кезінде оны өзімен бірге алып жүрді.Қытайға тап болған жағдайда кәдеге жарар деп дәмеленді. 14 — 15 ғ-ларда бұл естеліктер Еуропаның бірқатар елдерінің тілдеріне аударылып,Азия картасын жасауға негіз болды. 15 — 16 ғ-ларда испан және португал экспед-ларын ұйымдастырушылар М. П-ның еңбегінен Азия құрлығы батыстан шығысқа қарай созылып жатқандығын білді. Сөйтіп Еуропаның батыс және Азияның шығыс жағалауы бір-біріне жақын, Еуропадан батысқа қарай жүзген саяхатшы Үндістан жағалауынан шығады деген қорытынды жасалды. Мұндай сенім Х.Колумбтың Американы ашуына себеп болды.

Марко Поло орыс жері туралы былай деп жазды:»Шеті шалқыған теңізге дейін созылып жатқан үлкен ел...Теңіз бетінде де бірнеше аралдар бар.Бұл жерде гректер ұстанатын христиан ағымындағы адамдар тіршілік етеді.Қарапайым және өте көрікті халық...»

Оңтүстік-Батыс Азия

Басқа мағыналар үшін Азия (айрық) деген бетті қараңыз.

Жер шарындағы ең ірі дүние бөлігі болып саналатын Азия дүниенің төрт бұрышымен шектесіп жатыр. Оның жерінің ауданы 44 млн км², халықының саны 3,5 млрд-тан асады. Азия – қазіргі әлемдік діндердің пайда болған ошағы.

Табиғаты мен шаруашылығының сипатына қарай Азия бірнеше ірі аймақтарға бөлінеді: Оңтүстік-батыс Азия, Оңтүстік Азия, Орталық және Шығыс Азия, Солтүстік Азия, оңтүстік-шығыс Азия.

Оңтүстік-Батыс Азия, Еуропа, Азия, Африка дүние бөліктерінің тоғысқан жерінде орналасқан ерекше аймақ. Оңтүстік батыс Азия елдері Кіші Азия, Арабия түбектері мен Иран таулы қыратын алып жатыр құрамына Түркия , Кипр, Иран , Ирак, Ауғанстан, Араб әмірлігі, Йемен, Оман, Катар, Бахрейн, Кувейт кіретін бұл аймақты «Таяу Шығыс» деп атайды.

Таулардың ең биігі – Гиндикуш таулары. Таулы қыраттардың ең биігі – Армян таулы қыраты. Жер қыртысындағы күшті жарыллар әсерінен жанартау атқылауларына ұшыраған. Қазіргі кезде жанартаулық әрекет бәсеңдеген, бірнеше сөнген жанартаулар бар. Ең ірісі – Үлкен Арарат (5165м). Армян таулы қыратының солтүстігінде Кавказ таулары орналасқан. Түбектің Жерорта теңізі жағалауы арқылы терең тектоникалық жарылыс өтеді. Осы жарылыс бойында Жер шарының теңіз деңгейінен ең төмен жатқан бөлігі – Өлі теңіз (–403 метр) орналасқан.

Таулар Парсы шығанағына қарай саты түрінде аласарып, қатты майысқан Месопотамия ойпатына ұласады. Бұл ойпаттың атауы «Екі өзен аралығы» деген мағнаны білдіреді, ойпат арқылы Тигр және Евфрат өзендері ағып өтеді. Оңтүстік–Батыс Азия тас көмірмен түсті металдарға бай. Жерорта теңіз жағалауында субтропиктік жерортатеңіздік. Кавказға ылғалды және құрғақ субтропиктік, ал кіші Азия түбегінің ішкі аудандарымен Иран таулы қыратына құрғақ субтропиктік климат тән. Оңтүстік Батыс Азия – қазіргі әлемдік ислам, христиан, иудаизм діндерінің бесігі.

Палеоген кезеңі

Палеоген – бордың алдында, неогеннен кейін келетін 65,5-32,03 млн жыл аралығындағы кайнозой заманын құрайтын екі кезеңнің алғашқысы (Халықаралық стратиграфия комиссиясы, 2004).

Палеоген кезеңі палеосен, еосен және олигосен дәуірлеріне бөлінеді.

ПАЛЕОГЕН палеоген дәуірі, палеоген кезеңі (палео… және грек. genos – тегі, жасы) – кайнозой эрасының алғашқы кезеңі және осы кезеңде жаралған жыныстар қабатының жиынтығы. Палеоген 65,5 млн. жыл бұрын басталып, 23,0 млн. жыл бұрын аяқталған. Оны ағылшын ғалымы Ч.Лайельдің (1797 – 1875) ұсынуымен 1834 ж. Халықаралық геологиялық конгресте қазіргі палеоген мен неогенді біріктіріп, үштік жүйе деп атады; алғаш ғылымға неміс геологы К.Науман енгізді (1866). Палеогенді зерттеу Г.П. Палластың, Н.А. Соколовтың, А.П. Павловтың есімдерімен байланысты. Қазақстанда Палеогенді зерттеуге Н.Н.Костенко леулі еңбек сіңірді. Палеоген палеоцен, эоцен, олигоцен бөлімдеріне бөлінеді, ал ярустық жіктелуі әр елде әр түрлі.

Страбон

Страбон (б.з.б. 64/63, Амасия, Кіші Азия, – б.з. 23/24) – ежелгі грек географы, тарихшы. Грекия, Кіші Азия, Италия және Египетке саяхат жасаған. Ол қазіргі күнге жетпеген 47 кітаптан тұратын “Тарихи жазбалардың” (онда б.з.б. 146 жылдан – б.з.б 31 жылы шамасына дейінгі оқиғалар баяндалған) және 17 кітаптан тұратын “География” атты еңбектің авторы. “Географияның” 7-кітабының Македония мен Фракияға арналған бөлігінен басқа барлық кітаптары сақталған. Бұл еңбектің тек алғашқы 2 кітабы теориялық сипатта, қалған бөлігі сол дәуірдегі елдер мен аймақтарды суреттеуге арналған (3 – 6-кітаптар Испания, Галлия, Британия, Италия, Сицилия; 7 – 10-кітаптар Солтүстік және Шығыс Еуропа, Солтүстік Балқан, Грекия; 11 – 14-кітаптар Солтұстік және Шығыс Қара тау маңы, Кіші Азия; 15 – 17 кітаптар Үндістан, Месопотамия, Арабия, Египет туралы). Онда сол кездегі көптеген елдер мен халықтардың тұрмысы мен мекені туралы мол мағлұмат берілген. Әсіресе, Азия скифтері және Каспий жағалауы халықтарының тарихы, этнографиясы туралы жазған еңбектерінің құны ерекше. Сондай-ақ Кавказ өңірі және Боспор патшалығы толық баяндалған. Страбонның еңбегі тарихи-географиялық шығарманың тұңғыш тәжірибесі және құнды тарихи деректемесі болып табылады. Әдеб.: Арский Ф.Н. Страбон, М., 1974; Қазақтар, 7-т. А., 1998.

Таулы қырат

Таулы қырат — мегарельефтің формасы; биікте жоталар мен таулы үстірттер аралас кездесетін, таулы аймақтың бір түрі. Мысалы, Памир, Тянь-Шань, Алдыңғы — Азиялық (Кіші Азия, Армян, Иран), Орталық Азия (Тибет, Цайдам) таулы қыраттары. Кейде таулы қырат деп тек осындай мегаформалардың ішкі тегістелген бөлегін, яғни таулы үстіртті айтады.

Таулы үстірт

Таулы үстірт — жер бедері үлгі немесе макрорельеф формасы. Таулы үстірттердің кепшілігі таулы қыраттардың ішкі беліктері болып табылады. Мысалы, Кіші Азия таулы қыратындағы Анатолий таулы үстірті, Памир таулы қыратындағы Шығыс Памир таулы үстірті тағы басқалар. Оларды соңғы уақыттардағы қозғалыстардың әсерінен жоғары деңгейге көтерілген таудың жазық бөліктері деуге болады. Таулы үстірттердің жиі сақталып қалуы, оның бетінде бұзылуға төзімді берік қабаттар мен лавалық жамылғылардың барлығына байланысты. Бұл жағдайда ол беті жазық үстіртке ұқсас келеді. Мысалы, Орта Сібір таулы үстірті осыған жатады.

Темір дәуірі

Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен сәйкес келетін бұл кезеңді ғылым тарихында «темір дәуірі» деген тұрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғ-дың ортасында К. Томсен (Дания) ұсынды. Біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезең арасында темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар осы металмен байланысты. Дегенмен, темір ұзақ уақыт бойы аз таралған әрі қымбат металл болып қала берді. Тек б.з.б. 1-мыңжылдықта ғана темір металлургиясын қолданысқа кеңінен ендіру қолға алынды. Қазіргі заманда да темір еңбек құралдары жасалатын бірден-бір маңызды металл болып қалуда, сондықтан қазіргі дәуір де темір ғасырына жатады. Осы себептен, тарихи-археологиялық кезеңдемеде «ерте темір дәуірі», одан кейінгі кезеңге қатысты «орта ғасырлар дәуірі» деген атаулар қолданылады. Ерте темір дәуірі біздің заманымыздан бұрын 8–7 ғасырлардан бастап, ерте орта ғасырлар дәуіріне дейінгі кезеңді, яғни б.з. 6-ғ-ына дейінгі уақытты қамтиды.

Ерте Темір дәуірінде суғармалы егіншілікке негізделген көне шығыстық өркениет елдерінде (Месопотамия, Алдыңғы Азия, Кіші Азия, Үндіқытай, Солтүстік Африка, тағы басқа) мемлекеттік жүйе мен саяси институттардың нығаю үдерістері жедел қарқынмен дамыды. Еуропада Рим, Грек өркениеттері қалыптасып, латен, гальштат сияқты аса көрнекті мәдениеттер гүлденді. Мал шаруашылығының жаңа түрлеріне көшу далалық табиғат жүйесінің ерекше жағдайларында өмір кешкен қола ғасыры тайпалары экономикасының дамуының нәтижесі болып табылады. Қазақстан аумағында шаруашылықтың бұл түрінің негіздері қола дәуірінің соңғы кезінде, Беғазы-Дәндібай заманында қаланды.

Ерте Темір дәуірі басталысымен, Еуразия далаларында ірі тайпалық бірлестіктер қалыптасты. Олардың мүдделерінің қақтығысы, айналасындағы отырықшы-егінші халықтармен қарым-қатынастарының өзіндік түрлері қоғамның белгілі дәрежеде әскериленуіне әкелді. Үлкен «патшалық» обалары, яғни қайтыс болған ауқатты адаммен бірге қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекейлер сияқты өзінің құндылығымен мәнді болып саналатын бұйымдар бірге жерленген күрделі құрылымды ірі обалар тұрғызылды. Жалпы алғанда, далалық белдеуде ерте Темір дәуірінің соңына қарай қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық үдерістердің барысы, саяси оқиғалар мен ағымдардың тоғысы біздің заманымыз 1-мыңжылдығының 2-жартысына қарай Түркі әлемінің түбегейлі тарих сахнасына шығуына алып келді.

Түркия

Түркия (түр. Türkiye), ресми аталуы Түркия Республикасы (түр. Türkiye Cumhuriyeti) — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-ші орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 80.810.525 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара, Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен және Армениямен, батысында Болгариямен, Грекиямен, оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.

Шығыс Рим империясы

Шығыс Рим империясы немесе Византия империясы (395-1453) ( Батыс тарихшылары XIX ғасырда Шығыс Рим империясы атауының орнына Византия империясы деген атау берген. Византия халығы өздерін ромей деп атаған) — 395 – 1453 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет.. Алғашында «Ромейлер империясы» деп аталған. Византия атауын Батыс тарихшылары XIX ғасырда енгізген.

Шөлейт

Шөлейт – аридтік климат жағдайында қалыптасатын ландшафт түрі. Далаға және шөлге тән өсімдік түрлері аралас кездеседі. Солтүстік және Оңтүстік жарты шардың қоңыржай, субтропиктік және тропиктік белдеулерінде таралған. Шығыс жарты шардың қоңыржай белдеуінің Шөлейті – Каспий ойпатының батысынан Ордостың (Қытай) қиыр шығысына дейінгі 10 мың км-ге созылған; субтропиктік және тропиктік белдеулердегі Шөлейт – Сахарада, Оңтүстік және Оңтүстік-батыс Африкада, Арабия түбегінде, Кіші Азия мен Иран таулы қыратында, Үнді алабында, Австралияның ішкі бөлігінде кездеседі. Батыс жарты шардың қоңыржай белдеуінің Шөлейті – Сеңгір таулардан шығысқа қарай 1300 км-ден астам алқапты қамтиды; субтропиктік және тропиктік белдеулердегі Шөлейт – Колорадо үстіртінде, Үлкен алапта, Мексика таулы қыратында, Анд тау¬ларынан шығысқа қарай жатқан бөлігінде қалыптасқан. Шөлейтте климат өте қуаң, булану жауын-шашын мөлшерінен әлдеқайда артық болады. Жер беті суы мардымсыз. Ағын суы шағын өзен мен жылғалардан тұрады. Ащы сулы шағын көлдер көп. 2 м тереңдікте грунт суы кездеседі. Шөлейт бедері адырлы, құм бұйратты келеді. Қоңыржай белдеудегі Шөлейтте борпылдақ жыныстар шоғыры, субтропиктік, тропиктік шө¬лейттерде карбонатты берік жабындылы, қатты бедер пішіндері басым. Топырағы бозғылт қызыл қоңыр. Өсімдік жамылғысы ылғал тапшылығына төзімді шөп және бұта түрлерінен тұрады. Қоңыржай белдеу Шөлейтнде боз, бетеге, еркекшөп, жусан, қараған, Австралияның субтропиктік Шөлейтнде спинифекс, эвкалипт, т.б. өседі. Жануарлар дүниесінде пржевальский жылқысы, құ-лан, бөкен, кемірушілер мен бауырымен жорғалаушылардың көптеген түрлері, т.б. кездеседі. Мал ш-нда Шөлейттің жайылымдылық маңызы зор; қала Шөлейт белдемі.

Эгей теңізі

Эгей теңізі (гр. Αιγαίο Πέλαγος; түр. Ege Denizi) — Жерорта теңізі алабындағы жартылай тұйық теңіз. Балқан түбегі, Кіші Азия мен Крит аралы аралығында орналасқан.

Грекия мен Түркия жағаларын шаяды. Солтүстік-шығысында Дарданелл бұғазы арқылы Мәрмәр теңізімен, оңтүстігінде ұсақ аралдар аралығындағы көптеген бұғаздар арқылы Жерорта теңізімен жалғасқан. Аумағы 191 мың км2. Плиоцен мен плейстоценнің аяғында су астына шөккен құрлық (Эгеида) үстінде орналасқан. Ең терең жері – 2561 м. Аралдары көп (Солтүстік және Оңтүстік Спорад, Киклад топ аралдары, т.б.). Судың температурасы беткі қабаттарда қыста 11 – 16С, жазда 22 – 25С. Тұздығы 37 – 38‰. Толысуы жарты тәуліктік (1 м-ге дейін). Жағалауы шығанақтармен және қойнаулармен тілімделген. Балық ауланады.Эгей теңізі арқылы Қара теңіз порттарынан Оңтүстік Еуропа, Солтүстік Африканың порттарына, Таяу Шығысқа және Орта Шығысқа, Суэц каналы арқылы Үндістанға және Оңтүстік-Шығыс Азия порттарына су жолдары өтеді. Ірі порттары – Пирей, Салоники, Ираклион (Грекия), Измир, Шанаққала (Түркия).

Қара теңіз

Қара теңізі (орыс. Чёрное море, түр. Kara deniz, грек. Роntos Euxenos) — мейірбан теңіз, Атлант мұхиты алабына жататын теңіз. Кіші Азия мен Еуропа аралығында жатыр. Жағалауында Түркия, Болгария, Румыния, Украина, Ресей, Грузия елдері орналасқан. Батысында Босфор бұғазы арқылы Мәрмәр теңізі мен, одан әрі Дарданелл бұғазы арқылы Эгей және Жерорта т-дерімен, солт-нде Керч бұғазы арқылы Азов теңізі мен жалғасады. Ауданы 420,3 мың км². Ұзындығы 1148 км, ені 615 км, ең терең жері 2211 м. Жағасының ұзындығы 4074 км және аз тілімделген. Батысы мен солт. батысында жағасы жайпақ, кей жерінде жыралы. Шығысы мен солт. бөлігіндегі Қырым түбегінің жағасыны таулы болып келеді. Ірі шығанақтары: Каркинит, Каламат, Днепр-Буг, Днестр. Аралдары (ірілері — Березань, Змеиный) аз. Теңізге Дунай, Днепр, Оңт. Буг, Рионн, Чорох, т.б. өзендер құяды. Қ. т. палеогеннің аяғынан неоген мен антропогенге дейінгі аралықта қалыптасты. Қалыптасуының алғашқы сатысында Каспий теңізімен біртұтас су айдыны болып, төмен плиоценнің аяғында Кауказ жотасының көтерілуінен екіге бөлінген. Қара теңіз құрлық ортасында жатқандықтан климаты континенттік. Ауаның қаңтардағы орташа температурасы: солтүстік-батысында -2.6- 3˚С, оңтүстігінде 6-9˚С, батысында -1.4˚С және солтүстігінде -25 -30˚С-қа жетеді. Жауын-шашынның орташа мөлш. 300 — 2500 мм. Тұзд. ашық бөлі-гінде 17,5 — 18,5%о, өзен-дер сағасы маңында 9 — 2%о, дейін азаяды. Суының шалқып-шегінуінен деңгейінің ауытқуы солт.-батысында 2 м-ге жетеді, Қырым жаға-сында 40 — 60 см. Өсімдік пен жануарлар дүниесі жылы әрі құрамында оттек мол судың беткі қабатында шоғырланған. Теңіз түбіндегі өсімдіктердің құрамында балдырлардың 258 түрі, 125 м тереңдіктегі қабатта фитопланктонның 284 түрі бар. Қара теңізде жануарлардың 1500-дей түрі тіршілік етеді, соның ішінде балықтың 180 түрі (қортпа, бекіре, шоқыр, хомса, тюлька, кефаль, камбала, устрица, скумбрия, т.б.), акула бар. Қ. т. жағалауындағы елдерді бір-біріме байланыстарын үлкен су жолының бірі.

Әліпби

Әліпби немесе Алфавит (гр. ἀλφάβητος – жазу нұсқасы) —

Тілде оның құрылмасын жазу үшін пайдаланылатын белгілі бір тәртіп бойынша орналасқан таңбалар жиынтығы;

Есептеу жүйесінде пайдаланылатын барлық символдар жиынтығы;

Есептегіш техникада — берілген жиында өзгермейтін болып қабылданған, берілген тілде кез келген хабарды құрастыруға болатын символдардың (әріп, цифр және басқа шартты таңбалар) жиынтығы.

Алфавит ақпаратты кодтау үшін пайдаланылатын таңбалардың шектеулі жиынтығы. Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелерде пайдаланылатын алфавит мысалдары ретінде мыналарды атап өтуге болады:Z33 алфавиті — орыс алфавитінің 32 әрпі және бос орын;

Z256 алфавиті - ASCII және ААК-8 (КОИ-8) стандарттық кодтарға кіретін символдар;

Бинарлық алфавит — Z2={0,1}; сегіздік алфавит немесе он алтылық алфавит;

Әліпби – жазуда қолданылатын әріптердің белгіленген тәртіп бойынша орналасқан жиынтығы. Әріптердің рет тәртібін де білдіреді. Ұғымды белгілейтін идеограмма жазудан, сөзді бейнелейтін логограмма жазудан әліпбилік жазудың жүйесі мүлде бөлек. Жазудың әліпбилік үлгісін, яғни таңбаның бір ғана дыбысқа (фонемаға) сәйкес келуін біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңыншы жылдардың ортасында семит халықтары ойлап тапқан. Семит тілдерімен туыстас көлбеу сызықты (курсив) арамей (көне семит тілі) әліпбиі Таяу және Орта Шығыс елдерінің бәріне дерлік тарады. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 – 4 ғасырларда Кіші Азиядан Үндістанға дейінгі билік құрған Ахемен әулеті билеген парсы мемлекетінде қолданылған парсы-арамей жазуы (парфян, соғды, хорезм жазуларына негіз болған), еврейлердің шаршы жазуы, сирия-арамей жазуы (манихей, несториан, яковит жазуларына негіз болған), жол асты, жол үсті дәйекшелерімен толықтырылған араб жазуы, т.б. арамей жазуының жергілікті тармақтарына жатады. Түзу сызықты финикий әліпбиі бастапқы түрінде Кіші Азия, Грекия, Италия, т.б. елдерде қолданылды. Ал көне грек әліпбиі бірнеше тілдердің жазу-сызуына негіз болды. Византия жазуы, копт (христиан мысырлықтар), гот, славян жазулары көне грек әліпбиінің Шығыс тармақтарына жатады. Ал италий, этрус, көне герман сына жазуы, т.б. батыс грек әліпбиінің тармақтары болып саналады. Бұлардың ішінде этрус әліпбиі латын әліпбиіне негіз болған. 8 – 13 ғасырларда Орталық Азиядағы түркілердің арамей-сирия тармағынан тараған несториан, манихей жазуларымен жазған жазба ескерткіштері болды. Сондай-ақ парсы-арамей тармағына жататын соғды әліпбиі Шығыс Түркістанда кеңінен қолданылған көне ұйғыр әліпбиіне негіз болған. Ал көне ұйғыр әліпбиі негізінде 13 ғасырдан кейін тұңғыс-манжұр жазулары қалыптасты. Түркі халықтарының әлемге әйгілі Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің әліпбиіне соғды жазуы негіз болған деген де пікір бар. Ал орыс шығыстанушысы Николай Аристов түркі әліпбиін ешбір бөгде әліпбидің ықпалынсыз, түркі таңбалары негізінде туған төл жазу деп санайды. Жазу-сызу мен сауаттылық дінмен тығыз байланысты болды. Арамей жазуы зороастрашылдық, сирия-арамей жазулары яковит, несториан (христиан секталары), манихей діндерімен байланыста тарады. Араб әліпбиі мұсылман дінінің, ислам мәдениетінің кеңінен таралуына байланысты көптеген түркі халықтарының жазу-сызуына негіз болды. Қазақ жазба мұраларының көпшілігі араб әліпбиі арқылы біздің заманымызға жетті. 1912 жылы Ахмет Байтұрсынұлы араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуына алғаш реформа жасады. Ол қазақ жазуы тарихында «жаңа емле» (төте жазу) деп аталып, халықты сауаттандыруда ірі бетбұрыс жасады. Әліпби 1913 жылдан бастап мұсылман медреселерінде, 1929 жылға дейін кеңестік мектептерде қолданылды. 20 ғасырдың 20-жылдары аяғында әліпбиді ауыстыру жайлы түркі, қазақ зиялылары арасында айтыс жүріп, Байтұрсынов реформалаған әліпби қолданыстан шығарылды. Шығыс Түркістандағы (ҚХР) – Шыңжаң автономиялық ауданындағы қазақтар Байтұрсынов әліпбиін қазіргі кезге дейін қолданып келеді. 1929 жылы КСРО құрамындағы түркі халықтары латын әліпбиіне көшірілді. 1940 жылы Кеңес Одағы халықтары біртекті әліпбиді қолдануы қажет деген саясатпен орыс әліпбиі қолданысқа енгізілді. Орыс тілінде жоқ қазақ тілі дыбыстарының таңбалары кирилл таңбаларына ұқсастырылып (қ-к, ғ-г, ө-о, ң-н,) қабылданды. Бұл әліпбидің қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін толық таңбалай алмауына байланысты кейінгі жылдары қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру мәселесі көтерілуде.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.