Керамика

Керамика(грек. keramіke – қыш өнері, keramos – саз) – қыш-саз бен олардың минералды қоспаларымен араласқан, сондай-ақ тотықтармен, т.б. органикалық емес қосындылардан (карбидтер, боридтер, нитридтер, силицидтер, т.б.) күйдіріліп жасалған бұйымдар мен материалдар. Керамика тұрмыстың барлық салаларында: үй тұрмысында (әр түрлі ыдыстар), құрылыста (кірпіш, қыш, құбыр, тақта, т.б.), техникада, т. ж., су және әуе көлігінде, мүсін өнерінде т. б. кеңінен қолданылады. К-ның негізгі технол. түріне құрылыстық кірпіш, терракота, майолика, фаянс, фарфор жатады.[1]

Саратов Радищевский музей 07

Керамика дегеніміз не?

Керамика - қыштан керамиқалық бұйымдарды жасау өнері. Көзеші күнделікті шыныаяқ пен тәрелкелерді 5000 жылдан аса уақыт бойына жасап келеді. Керамикалық бұйымдардың үлгілері ретінде саз балшықтан жасалған табақшаларды, гректік және қытайлық құмыралар мен бастарды, сонымен қатар саз мүсіндерді алуға болады. Боялған және лакталған фарфор ( кәрлер ) ( керамикалық бұйымдардың ең әдемі түрі ) Қытайда шамамен 1300 жыл бұрын жасалған.[2]

Тарихы

Керамика адамзат өмірінде ертеден пайдаланылған. Ежелгі замандарда, атап айтқанда палеолит, неолит дәуірінде (б.з.б. 5-мыңжылдық) жасала бастап, ғасырлар өткен сайын технологиясы күрделене түскен. Саздан түрлі бұйым жасап, оның беріктігін арттыру үшін күйдіру ісі кең таралған. Керамика жасауды әр халық өз бетімен ойлап тапқандықтан, олардың өзіндік ерекшеліктері де бар. Халқы мен заманына тән ерекшелігі, әр түрлі ою-өрнектер мен таңбалардың, тіпті, кейде жазулардың болуы бұларды бағалы тарихи ескерткіштер қатарына жатқызады. Ең алғашқы керамикалық бұйым ас пісіру және сақтау үшін қолданылатын ыдыс түрінде жасалған. Күйдіру арқылы беріктігін дамытып, әдемілік үшін ыдыстың қалың бүйірлеріне әр түрлі оюлар салған. Энеолит дәуірінен бастап (б.з.б. 3 – 2-мыңжылдық) жазу да жазады. Б.з.б. 4 – 3 мыңжылдықта Мысыр, Бабыл және Таяу Шығыс елдерінде сыртына шыны тектес қабат күйдіріліп бекітілген (глазурьленген) керамикалық заттар кездесе бастайды. К-ны тек ыдыс-аяқ жасауда ғана пайдаланбай, одан кітап беттерін (Ежелгі Шумер, б.з.б. 4-мыңжылдықта), түрлі адамдар мен хайуандардың, т.б. мүсіндерін (Ежелгі Мысырда, Грекияда, Қытайда, Орталық Азияда) жасаған. Б.з.б. 3 – 1-мыңжылдықта түрлі түсті өрнектелген архит. кірпіштер шыққан. Керамиканың ежелгі заманда дамыған жерлері Оңт. Шығыс Азия, Орт. Азия елдері, Ежелгі Мысыр болды. Осы елдерден кейін грек саяхатшылары Шығыстың ұлы өркениетті мәдениетімен танысып, оның озық үлгілерін өз елдерінде жасауға, орнықтыруға асықты. Керамиканың даму тарихында ежелгі гректердің орны ерекше. Б.з.б. 1-мыңжылдықтан бері грек шеберлері шығыс үлгісіндегі керамика жасауды қолға алып, өзіндік әдіспен дамыта білді. Соның нәтижесінде Ежелгі Грекия, Римде керамика жасаудың мектептері қалыптасты, жүздеген шеберханалар жұмыс істеді. Олардың өнерінің өзге халықтарға да ықпалы мол болды. Керамика қазіргі Қазақстан аумағында ежелден (б.з.б. 17 – 15 ғ-лардан бастап) өзіндік белгімен, әдіспен дамыды. Осы кезеңде қазіргі қомша, текемет өрнектеріне ұқсас белгілер салынған ыдыстар күнделікті өмірде орын алды. Ал б.з.б. 10 – 6 ғ-ларда (Беғазы – Дәндібай мәдениеті) беті глазурьленген, түрлі түсті айшықтары бар ыдыстар пайда болды. Б.з. 6 – 12 ғ-ларында керамикалық ыдыстар жасайтын орындар (цехтар) ежелгі Шаш, Тараз, Сауран, т.б. қалаларда көптеп бой көтерді. Осы кезеңде шағын пішінді әр түрлі жануарлардың, адамның керамикалық мүсіншелері жасалды. Сонымен бірге астық сақтайтын хумдар (ірі, биікт. 1 – 1,5 м. болатын қыш ыдыс), су құбырлары жасалды (Отырар, 8 – 12 ғ-лар). Орт. Қазақстандағы Алаша хан, Жошы хан, Тараз маңындағы Айша бибі, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауидің мазарлары керамикалық материалдармен безендірілген.

Қазіргі таңда

Қазақстанда қазіргі заманғы керамика өндірісі 20 ғ-дың 50-жылдарынан бастап өрістеді. Күйдірілген кірпіш өндіретін жүзден астам қыш зауыты іске қосылды. Алматыдағы керамикалық тәжірибе зауыты алуан түрлі сәндік, тұрмыстық бұйымдар шығарды. Астана техникалық фарфор зауыты, керамика комбинаты, Фарфор зауыты, Ленгердегі керамикалық құбыр з-ты, Қапшағай фарфор зауыты заманауи талаптарға сай керамикалық бұйымдар шығарады.

Craft-1181

Осы заманғы керамикалық бұйымдар мен материалдар қолданылатын орны мен қасиеттеріне, негізгі шикізатына немесе күйдірілген керамиканың фазалық құрамына қарай жіктеледі. Шикізаттардың құрамы мен күйдіру темп-расына байланысты керамикалық заттар тығыз (су сіңіруі 5%-тен аз) және кеуек (су сіңіруі 15 – 25%-ке жетерлік) болып екі топқа бөлінеді. Құрылымына қарай ірі түйірлі (құрылыстық және шамот кірпіштер) және ұсақ түйірлі (фарфор, фаянс) деп ажыратылады. Керамика өндірісінің негізгі шикізаты – саз. Саз ішінде мөлш. 5 мм-ден астам тастар болса, машинадан өткізіліп не тазартылады, не уатылады. Ұсақ түйірлі керамикалық бұйымдар даярлау үшін күйдіргенде түсі ағаратын балшықтар, ақ саздар (каолиндер), кварц, дала шпаты, т.б. қоспасыз сапалы шикізаттар қолданылады. Керамикалық масса дайындалуы жағынан сұйық, илемдік, жартылай құрғақ болып келеді. Керамиканы қалыпқа құю әдісі бұйымның түріне қарай таңдап алынады. Отқа төзімді кірпіш, тыстамалық тақталар секілді қарапайым бұйымдар құрғақ майда массадан нығыздалып жасалады. Үй қабырғасына пайдаланылатын кірпіш, қабырғаны қалайтын блоктар және қуыс қыштар, құрғату құбырлары, т.б. иленді массадан ирек шнекті вакуум престер көмегімен дайындалады. Фарфор-фаянс бұйымдары автоматты, жартылай автоматты машиналармен иленді массаны гипс қалыптарға құю арқылы жасалады. Қалыпталған керамикалық материалдар күйдіруден бұрын кептіріледі. Күйдіру процесінде керамикалық массадан гигроскоптық су бөлініп шығады және саз құрамындағы минералдар хим. өзгеріске ұшырайды. Күйдіру температурасы жоғарылаған сайын керамика құрылымы тығыздалып, беріктігі артып, қуыстары азая түседі. Күйдіру температурасы массаның құрамына, алынатын бұйым түріне және қасиеттеріне қойылатын талаптарға байланысты 900С-тан (құрылыс қышы) 2000С-қа (отқа төзімді материалдар) дейін, ал күйдіру мерзімі 2 – 3 сағаттан бірнеше тәулікке дейін жетеді. Кейбір керамика бұйымдарын жасау (тыстама тақталар, фарфор, фаянс, т.б.), жоғарыда аталған процестермен бітпейді, жылтыратпалау (глазурьлеу), тегістеу, бояу, сурет салу, т.б. өңдеу жұмыстарын қажет етеді. Республикада керамикалық материалдар технологиясы саласындағы зерттеулер 20 ғ-дың 30-жылдары Құрылыс және құрылыс материалдары ғыл.-зерт. ин-ттарында басталды. Кейінірек Қазақ химия-технол. ин-тында, Қазақ минералдық шикізат ғыл.-зерт. ин-тында, Металлургия және кен байыту ин-тында жүргізілді (С.М. Зубаков, М.Ф. Назаренко, Б.Н. Бабин, А.А. Балакирев, Г.А. Нечистых). Хим.-минерал. құрамы, технол. қасиеттері жан-жақты зерттеліп, оның негізінде республикадағы саз шикізатының өнеркәсіптік қоры анықталды. 20 ғ-дың 70 – 80-жылдары Алматы құрылыс материалдарын жобалау ғыл.-зерт. ин-тында (С.Т. Сүлейменов, С.С. Тәкібаева) Қазақстанның орта ғасырлардағы архит. ескерткіштеріндегі керамикалық құрылыс материалдарын нақты хим.-петрогр. зерттеулер жүзеге асырылды. Көне құрылыс материалдарына ұқсас жаңа жоғары сапалы материалдар: кірпіш (беріктілігі 15 – 30 МПа), түрлі-түсті жылтыратпа (глазурь), майолика тақталар, жылтыратпа оюлы бұйымдар, т.б. өндірісінің технологиясы мен құрамы анықталды. Жергілікті шикізаттан ескерткіштерді қалпына келтіруге керамикалық материалдар дайындау Түркістан қайта қалпына келтіру шеберханасында жолға қойылған. Осындай жұмыстар нәтижесінде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі қайта қалпына келтіріліп, республикалық маңызы бар мұражай ашылды. [1]

Сыртқы сілтемелер

Пайдаланылған әдебиет:

  1. a b Қазақ энциклопедиясы
  2. Сұрақ және жауап. Энциклопедия

Сұрақ және жауап. Энциклопедия

Ванадий

Ванадий - элементтердің периодтық жүйесінің 5 топ элементі.

1801 жылы алғаш рет Мексика минерологы А.М. дель Рио ашқан, 1830 жылы швед химигі Н.Г.Сефстрем темір рудаларынан жаңа элемент алып, оны скандинавия мифологиясындағы сұлулық құдайы Ванадистің құрметіне ванадий деп атаған. 1869 жылы ағылшын химигі Г.Роско хлорлы ванадиді (VCL2 ) сутекпен әрекеттестіріп, таза 95%- дық ванадий бөліп алады. Ванадий – ашық сұр түсті металл. Қалыпты жағдайда химиялық активтігі өте нашар, ал жоғары температурада ұнтақ күйіндегі ванадий оттек, азот, хлор, күкірт т.б. элементтер мен оңай әрекеттеседі, болатқа қосқанда оның мықтылығы артады.

Ол көбіне автомашиналар өндірісінде мотор, цилиндр, білік т.б. жасауға жұмсалады. Ванадийдің темірмен қоспасы – феррованадий түрінде өндіріледі. Өндірісте Ванадий қосылыстарының маңыздысы Ванадий ангидриті V2O5 –қызғылт түсті, суда, сілтілерде жақсы еритін қатты зат. Бұл күкірт қышқылын понтан әдісімен өндіргенде катализатор ретінде кең түрде пайдананылады. Ванадий Қазақстанда Тараз қаласының маңындағы Қаратауда бар. Ванадийдің басқа қосылыстары мұнайдан бензин алуда, спиртті тотықтырып, сірке қышқылын және резина, шыны, керамика бояу, сурет материалдарын өндіруде, медицинада қолданылады.

Ванадий шашыраған элементтерге жатады және табиғатта еркін түрде кездеседі. Жер қыртысындағы ванадий мөлшері 1,6⋅10-2%, мұхиттар суда 3⋅10-7%. Магмалық жыныстардағы ванадийдің ең жоғары орташа құрамы габбро мен базальттарда (230-290 г/т) байқалады. Шөгінді жыныстарда ванадий биолиттерде (асфальттарда, көмірлерде, битуминозды фосфаттарда), битуминозды тақтатастарда, бокситтерде, сондай-ақ оолитті және кремнийлі темір кендерінде кездеседі. Ванадийдің ионды радиустарының жақындығы және темір мен титанның магмалық жыныстарында кеңінен таралған гипогенді процестерде ванадий толығымен шашыраңқы күйде болуына және өз минералдары құрмауына әкеледі.

Галлий

Галлий (лат. Gallіum), Ga – элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 31, ат. м. 69,72;5,9 г/см3, балқу t 29,8°С, қайнау t 2237°С, күмістей . Г-ді 1875 ж. француз химигі П.Э. Лекок де Буабодран ашып, оны Франция құрметіне Г. деп атаған. Қалыпты температурадағы ауада Г. тұрақты. Қышқылдарда, сілтілерде ериді, амфотерлі қосылыстарында +1, +2, +3 валентті, тұрақтысы +3. Қалыпты жағдайда хлор және броммен, қыздырса оттек, күкірт және йодпен әрекеттеседі. Г. алюминий, мырыш, темір, қорғасын, германий, титан кендерінде және мұхит суларында кездеседі. Оның негізгі минералы – галлит (CuGaS2). Г-ді алюминий, мырыш, кадмий, германий, т.б. өндіріс қалдықтарынан экстракция, электролиз, т.б. әдістермен алады. Г. оның құймасы және қосылыстары радиоэлектроникада, шыны, (арнаулы оптикалық айна дайындау), керамика өндірісінде, электрвакуумдық және лазерлік техникада, медицинада қолданылады. Қайнау және балқу температураларының арасы алшақ болғандықтан Г-ден жоғары температура өлшейтін термометр жасайды.

Галлий-Қос геохимиялық табиғатқа ие типтік шашыраңқы элемент. Оның кристаллохимиялық қасиеттерінің басты тұқым түзуші элементтерімен (Al, Fe және т.б.) жақындығына және изоморфизмнің кең мүмкіндіктеріне байланысты галлий Кларктың едәуір көлеміне қарамастан үлкен шоғырлануды құрмайды. Бөлінеді келесі минералдар жоғары мазмұны галлий: сфалерит (0-0,1 %), магнетит (0-0,003 %), касситерит (0-0,005 %), анар (0-0,003 %), берилл (0-0,003 %), турмалин (0-0,01 %), сподумен (0,001—0,07 %), флогопит (0,001—0,005 %), биотит (0-0,1 %), мусковит (0-0,01 %), серицит (0-0,005 %), лепидолит (0,001—0,03 %), хлорит (0-0,001 %), дала шпаты (0-0,01 %), нефелин (0-0,1 %), гекманит (0,01—0,07 %), натролит (0-0,1 %). Теңіз суындағы галлий концентрациясы 3⋅10-5 мг / л

Дәнекерлеу

Дәнекерлеу — қосылатын (біріктірілетін) металл жиектерін жоғары, бірақ балқу температурасынан темен температураға қыздырып, жиек аралығына балқыған металл беріліп кристалдандыру нәтижесінде біртұтас қосылыс қалыптастыру.

Дәнекерлеу пісірудің бір түріне жатады, бірақ пісірулерден айырмашылығы бар. Негізгі айырмашылығы қосылатын металл жиектері балқытылмайды, дәнекердің балқу температурасы негізгі металл балқу температурасынан төмен болып алынады. Атомдар аралық байланыспен қатар адгезиялық байланыс қалыптасады. Дәнекерлі қосылыстың беріктігі пісірілген қосылыстан төмен болады.Қосылыстың беріктігі көп жағдайда қосылатын беттердің дәнекерленуіне байланысты. Металдарды дәнекерлеу кезінде дымқылдау сапасы әдетте беттің тазалығына байланысты — онда металл тотықтары немесе органикалық майлар мен майлар болмауы тиіс. Ластануды жою, беттік керілуін төмендету және дәнекердің ағуын жақсарту үшін флюстер немесе бетті белсендірудің ультрадыбыстық әдістері қолданылады. Металл емес беттерді (керамика, шыны) немесе тез балқитын дәнекермен дәнекерлеу кезінде химиялық флюстер дымқылдандыруға көмектеспейді, сондықтан беттің ультрадыбыстық активтендірілуін қолданады.

Жегіде

Коррозия (лат. corrosio — «жегіде»)- қоршаған ортаның әсерінен метал бетінің бүлінуі. Бұл кез келген материалдың қиратулары (металдар, ағаш, керамика, полимер). Себебі: конструкциялық материалдардың термодинамиялық орнықсыздығы.

Мысалы:

судағы оттексіз коррозиясы: 4Fe + 6Н2О + ЗО2 = 4Fe(OH)3

Кампания (Италия)

Кампа́ния (итал. 'және Үлгі:Lang-nap) — Италиядағы әкімшілік аймақ.

Каолинит

Каолинит– силикаттар класындағы сазды минерал. Химиялық формуласы Al4[Sі4O10](OH)8. Қытайдағы фарфор сазы өндірілетін Коо-Лин тауының атымен аталған. Түсі таза күйінде ақ, көкшіл, қоспаларына қарай – қызыл, қара, ашық жасыл. Қатты 1 – 3, менш. салм. 2,6 г/см3. Каолинит топырақ құрамында, үгілу қабаттарында, ылғалды климат жағдайында континенттік су алаптары түбінде түзілген көмірлі тау жыныс қабаттарында кездеседі. Каолиниттің диккит және накрит деген полиморфтық түрлері бар. Бұл минералдарды 650 – 800°С-қа дейін қыздырғанда толығымен судан арылады. Каолинит керамика өндірісінде, фарфор мен фаянс, металлургияда шамот кірпішін, бұрғылау ерітіндісін дайындауға, құрылыста, қағаз өндірісінде, алюминий тотығын алуда қолданылады.

Каолинит негізінен алюмосиликатты таужыныстардың морылуынан және төмен температуралы метасоматозда пайда болады.

Кен орны

Кен орны, кен байлықтары – мөлшері мен сапасы жағынан өндірістік игеруге тиімді жер бетіндегі немесе қойнауындағы минералдық заттардың шоғыры. Кен орындары жер қыртысындағы әр түрлі геологиялық процестер нәтижесінде түзіледі. Табиғаттағы түзілу тегіне қарай Кен орындары магмалық (тереңдегі, эндогендік), метаморфтық және шөгінді(жер бетіндегі, экзогендік) болып үш топқа бөлінеді. Магмалық Кен орындары интрузивті массивтердің ішінде, олардың алғашқы қалыптасуына бейімделе қабат пішіндес денелер түзеді немесе жарықшақтарды толтырып, желілер түрінде қалыптасады. Бұл топқа хром, титан, ванадий, фосфор, никель, кобальт, мыс, платина, т.б. Кен орындары жатады. Магмалық Кен орындарының топтамалары: жапсарлық кендер мен гидротермальдық кендер. Метаморфтық Кен орны тау жыныстарының өзгеріске ұшырауынан түзіледі. Бұл топқа темір, марганец, никель, кобальт, боксит, каолин, уран, фосфор, т.б. Кен орындары жатады. Шөгінді Кен орындары тау жыныстарының өзен, көл, мұхиттардың түбінде шөгуі салдарынан пайда болады. Оған ас тұзы, калий тұзы, бораттар, тас көмір, т.б. Кен орындары жатады. Халық шаруашылығында пайдалануына қарай Кен байлықтары негізгі 3 топқа бөлінеді: металдық кендер (металлургияда шикізат ретінде қолданылатын темір, марганец, қорғасын, мырыш, т.б. кентастар), бейметалдық кендер (керамика, силикат, құрылыс материалдары, слюда, асбест, графит, тұз кентастары, т.б.), жанғыш кендер (мұнай, тас көмір, газ). Кен орындары жер бетінен төмен қарай орналасуына қарай ультраабиссальдық (10 – 15 км-ден көп), абиссальдық (3 – 5 км-ден 10 – 15 км-ге дейін), гипабиссальдық (1 – 1,5 км-ден 3 – 5 км-ге дейін) және жер бетіне жақын (1 – 1,5 км) болып бөлінеді. Қазақстандағы Кен орындарын іздеу мен ашу, оларды барлауда КСРО ғылым академиясының Қ.И. Сәтбаев бастаған ғалымдар И.И. Бок, Г.Н. Щерба, А.Қ. Қайыпов елімізде бірінші рет Қазақстанның металлогениялық болжам картасын жасап, республика аумағында Кен орындарының орналасу заңдылықтарын негіздеді.

Лигурия

Лигу́рия (итал. 'және Үлгі:Lang-lij) — Лигурия теңізінің солтүстік жағалауындағы Италияның административті ауданы.

Пегматит

Пегматит (грек. pegmatos — бекіту, байланыс) — ірі түйірлі магмалық гипабиссал тау жынысы. Пегматит желі, ұя, шток, линза тәріздес денелерді құрайды. “Пегматит” терминін ғылымға француз ғалымы Р.Аюи (1743 — 1822) енгізген (1801). Пегматиттер ұшпалы құраушыларға бай қалдық магманың ұзақ уақыт кристалдануынан немесе пневматолитті-гидротермалық ерітінділердің тереңнен жасаған әсерінен (тау жыныстардың қайта кристалдануынан) қалыптасады. Пегматиттің ішіндегі кең тарағаны қышқыл (гранит, диорит, т.б.), сілтілі (сиенит, нефелинді сиенит, т.б.) түрлері, қалғандары сирек кездеседі. Бұлардың бәріне ірі түйір, кейде еврей жазуына ұқсас бітесе өскен құрылым тән; құрылысы белдемді, ішкі жағы кең, әр түрлі көлемдегі кристалдардан тұрады, шетіне қарай түйірлері ұсақталып кетеді. Қышқыл Пегматиттер денесінде 300-ден астам әр түрлі минерал түрі кездеседі. Қалыптасу тереңдігіне қарай олардың құрамы да өзгереді: 6 км-ден астам тереңдікте слюдалы, 4 — 6 км-де сирек металды, 3 — 4 км-де хрустальды болады. Қышқыл Пегматит құрамына мусковит, биотит, турмалин, апатит, сподумен, топаз, т.б. минералдар кіреді. Сілтілі Пегматит нефелин, микроклин, эгирин, натролит, сілтілі қоңыр амфибол, содалиттерден тұрады, аз бөлігін циркон, малакон, пирохлор, сфен, т.б. минералдар құрайды. Қышқыл П. керамика өндірісінде пайдаланылады. П. Қазақстанда Мұғалжар, Сарыарқа, Алтайда кең тараған.

Сан-Марино

Сан-Марино (Сан-Марино Мәртебелі Республикасы) Eуропада Италияда орналысқан ел.

Италия аумағымен қоршалған. Жер аумағы 61 км². Халқы 519,9 мың адам (2018). Тұрғындары: сан-маринолықтар (80%) мен италиялықтар (18%). Басым көпшілігі католик дінін ұстанады. Астанасы — Сан-Марино қ. Әкімш. жағынан 6 округке бөлінеді. Ресми тілі — италия тілі. Мемлекет билігі әрбір 6 айда капитан-регенттері тағайындалатын 2 депутатқа жүктеледі. Мемл. жоғ. атқарушы органы — бір палаталы Үлкен бас кеңес. Ақша бірлігі — италия лирі.

Сан-Марино Титано тауында орналасқан (ең биік нүктесі 749). Климаты субтропиктік жерортатеңіздік. Қаңтардағы орташа температурасы 0 — 12°С, шілдеде 20 — 28°С. Жылдық жауын-шашын мөлш. 800 — 900 мм.

Сан-Мариноның негізі 301 ж. қаланды деп саналады. Аңыз бойынша Сан-Мариноны далмац. тас қалаушы Марино қалаған, кейіннен ол “қасиеттілер” қатарына жатқызылған (“сан” деген қосымша осыдан шыққан). 11 — 13 ғ-ларда Сан-Марино аумағы сатып алынған көрші жерлер есебінен кеңейтілді. 1600 ж. конституциясы қабылданды. 1631 ж. Рим папасы ресми түрде мемлекет ретінде мойындады. Біртұтас Италия мемлекеті құрылғаннан (1861) кейін, Сан-Марино онымен достық, көршілік қатынас туралы шарт (1872, 1897 және 1953 ж.) жасасты. Шарт бойынша Сан-Марино Италия протекторатын мойындады. Италияда фашистердің өкімет басына келуіне байланысты (1922) республикада фаш. элементтер жандана бастады. 2-дүниежүз. соғыс кезінде Сан-Марино бейтараптық жариялады. 1944 ж. 4 қыркүйекте Сан-Марино аумағын фаш. неміс әскерлерлері басып алды. 1944 ж. қыркүйектің аяғында оларды ағылшын-америка әскері қуып шықты. 1966 жылдың аяғында елдегі демокр. күштердің қысымымен қазіргі сайлау жүйесі қалыптасты.

Сан-Марино экономикасының негізгі саласы туризм ұлттық табыстың 60%-ын береді. Мата тоқу, цемент, қағаз, былғары, металл өңдеу, химия, мебель, керамика кәсіпорындары бар. Экспортқа — вино, сувенир, машина бұйымдарын шығарып, сырттан өндіріс шикізатын, отын ресурстарын алады. Негізгі сауда серіктесі: Италия.

Силикаттар

Силикаттар (лат. sіlex — шақпақ) — кремнийлі қышқылдардың тұздары. Силикаттардың құрамында [SіO]4 тетраэдрлік иондар немесе тетраэдрлардың бір-бірімен қосылуының нәтижесінде түзілген күрделі иондар болады. Силикаттар — табиғатта кең тараған, жер қыртысы массасының шамамен 3/4 бөлігі мен барлық белгілі минералдардың шамамен 1/3 бөлігін құрайды (дала штаттары, слюдалар, саз, сирек кездесетін берилл, бертрандит, поллуций, циркон, т.б.). Силикаттар — керамика, цемент, әйнек, асбест, содалар, кейбір металдарды алудағы негізгі шикізат;

Химиялық тұздар әдісі бойынша барлық силикаттарды әр түрлі кремний қышқылдарының тұздары деп қарайды. Соған байланысты силикаттарды оттекті кремний тұздарының топтарына беледі.

Кристалдық құрылыс әдісі бойынша силикаттарды ішіндегі [SiО4] бөлшектерінің өз ара байланысқан құрылысына қарай бөледі.

Теллур

Теллур(Tellurіum), Te – элементтердің периодтық жүйесінің VI тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 52, атомдық массасы 127,60. Табиғатта 8 орнықты және массалық саны 107-ден 134-ке дейінгі 14 жасанды изотопы бар. Теллурды венгр геологы Ф.Мюллер (1740 – 1825) ашқан (1782). 1798 жылы неміс ғалымы М.Г. Клапрот (1743 – 1817) осы жаңалықты бекітіп, (латынша tellurіs – Жер) элементке “теллур” атын берді. Жер қыртысындағы салмақ мөлшері 110–7%. Басты минералдары: алтаит, теллурвисмутит, тетрадимит, калаверит, креннерит, гессит, теллурит. Ерітінділері аморфты қоңырқай ұнтақ түрінде тұнады, кристалдық торы гексогоналды. Теллур күмістей сұр түсті, металдық жылтыры бар элемент, тығыздығы 6,24 г/см3, балқу t 449,8С, қайнау t 990С, шалаөткізгішаруашылығы Тотығу дәрежесі 2, +4, +6 , сирек +2. Галогендермен, концентрлі HNO3, H2SO4-пен, қыздырғанда О2-мен әрекеттеседі. Теллурдың бірнеше әлсіз қышқылдары (H2Te, H2TeO3, H6TeO6) белгілі. Теллурды көбінесе мыс электролитті қоқырлардан алады. Оны шалаөткізгіш ретінде, қорғасынның механикалық қасиетін жақсарту, шойынды ағарту үшін, шыны-керамика өнеркәсібінде, т.б. қолданады.

Фарфор

Фарфор - күйіктас (керамика) түрі.

Хромтау ауданы

Хромтау ауданы— Ақтөбе облысының солтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1935 ж. құрылған.

Жер аумағы 12,9 мың квадрат километр.

Тұрғыны 42,0 мың адам (2006).

Аудандағы 38 елді мекен 1 қалалық және 12 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы – Хромтау қаласы.

Аудан жері Мұғалжар тауының қырқалы-төбелі солтүстік-батыс бөлігін қамтиды. Батысы мен орталық. тұсы көтеріңкі дөңес келген. Ең биік жері 487 м. Шығысы мен оңтүстік-шығысы сай-жыралармен тілімделген жазық. Бұл жағы Торғай үстіртінің біраз бөлігін алып жатыр. Аласа келген Никельтау (432 м), Бақай (436 м), Шұқыртау (462 м), Бәйментау (456 м), Әулиемола (320 м), т.б. таулары бар. Жер қойнауынан хромит, никель, мыс, мырыш, тас көмір, құрылыс материалдары барланған.

Ауданның климаты тым континенттік. Қысы суық, ызғарлы, жазы жылы әрі қуаң. Қаңтар айындағы ауаның жылдық орташа температурасы –16 — 18°С, шілдеде 21 — 23°С. Қыс айларында температура кейде –44°С-қа дейін төмендейді, ал жаз айларында 42C-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері. 250 — 300 миллиметр. Аудан жерімен Жақсы Қарғалы, Ор, Қызылқайың, Ойсылқара, Ақтасты, Дүбір, Сармырза, Қарабұтақ, Тамды, т.б. өзендер ағады. Ор, Жақсы Қарғалы өзендерінде шағын бөгендер салынған. Өзендері түгелдей дерлік Жайық және Елек өзендерінің саласы саналады.

Аудан жерінің топырағы негізінен құрғақ дала белдеміне тән сұр, сортаңды сұр (оңтүстік.-батысы мен оңтүстік-нде) қоңыр, бозғылт қоңыр (кейде қызғылт қоңыр) топырақ болып келеді. Өзен аңғарларында шалғынды сұр, шалғынды қоңыр топырақ қалыптасқан. Өсімдік жамылғысын боз, бетеге, жусан, ши, тал, су айдындары бойын қамыс, құрақ құрайды. Жануарлар дүниесінде қасқыр, түлкі, қоян, суыр, сарышұнақ, аламан, т.б. дала ландшафтысына тән аң-құстар мекендейді. Хромтау ауданында халық біркелкі қоныстанған. Халықтың 1 квадрат километрге шаққандағы орташа тығыздығы 3,2 адам.

Тұрғындарының 50%-ы қалада тұрады. Ірі елді мекендері Хромтау қаласы (21,2 мың адам), Дөң (2,5), Ақжар (2,1), Бөгетсай (1,6), Қопа (0,9), т.б. Аудан халқының басым бөлігін (73%) қазақтар құрайды. Одан басқа орыс, украин, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Ауданда 1995 жылға дейін астық өндіруге, биязы жүнді қой және етті-сүтті мал, жылқы, көкөніс, картоп өсіруге маманданған 5 ұжымшар, 6 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі нарықтық экономикаға өтуге байланысты жекешелендіріп, 3 АҚ, 7 ӨК, 96 ЖШС және 1200-ден астам шаруа қожалықтары құрылды. Ауданда ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 346,8 мың га, оның ішінде жыртылатын жер 124,5 мың га, шабындығы 2,7 мың га, жайылымы 219,3 мың гектар. Мал шаруашылығында 35,1 мың қой мен ешкі, 2,0 мың жылқы, 5 мың түйе болды (2006). Аудан өнеркәсібінің негізін хромит кені негізінде жұмыс істейтін “Дөң кен байыту комбинаты” құрайды. Одан басқа бірнеше ірі кәсіпорындар (“Керамика”, “Рахат-21” АҚ-дары, “Сауда орталығы”, “Әділ” ЖШС-тері, т.б.) жұмыс істейді. Соңғы жылдары құрылыс саласындағы кәсіпорындар (қыш, кірпіш, әйнек, темір-бетон з-ттары, т.б.) іске қосылды. Әлеуметтік-мәдени салада жалпы білім беретін 38 мектеп, 1 кәсіптік-техикалық мектеп, 3 балабақша, кеншілер мәдениет үйі, мешіт, стадион, 32 мәдениет мекемесі, ауданы. мекемелер, аурухана, 29 фельдшафт-акушерлік пункт, “Мұғалжар” демалыс базасы, 5 тарихи-археологиялық және табиғат ескерткіштері бар. Аудан жерімен респликалық маңызы бар Атырау — Қандыағаш — Алтынсарин — Жітіқара — Қостанай т. ж., Орал — Ақтөбе — Хромтау — Қостанай автомобил жолы өтеді.

Шикізат

Шикізат —

бұрын еңбек әрекетіне түскен және одан әрі өнделуге тиіс еңбек заттары (мысалы, қазылған кеніш, қырқылған жүн); әдетте, шикізат қайсыбір өнеркәсіп саласына: жеңіл, тамақ, т.б. арналған деп ұғынылады;

табиғи ресурстардың, негізінен, пайдалы қазбалардың өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Бұлайша ұғынуда шикізат — табиғи ресурстардың ендігі пайдаланылатын немесе технологиялық тұрғыдан өндіріске тартылуы мүмкін бөлігі.Бірнеше түрлері сараланады:

борлық шикізат (бор алу үшін қолданылады, каолиндік шикізат (керамика мен отқа төзімді материалдар алуда, сондай-ақ, бірқатар технологиялық процестерде қолданылады), цемент шикізаты және т.б.

Қаңлылар

Қаңлы мемлекеті - Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады.

Сырдария, Талас өзендері бойында орналасты. Саны 600 мың адам, 120 мың әскерімен Орталық Азиядан келген. Астанасы Битян қаласы болған.

Құбыр

Құбыр – көлденең қимасы көбінесе, сақина тәріздес болып келетін өзегі қуыс бұйым; көлденең қиындысы сақиналы, іші қуыс, негізінен үлкен ұзындықты болатын бұйымдар.Құбыр металл, керамика, асбест-цемент, кірпіш, темір-бетон, ағаш, әйнек, каучук, пластикалық массадан, т.б. материалдардан жасалады.

Құрылыс материалдары

Құрылыс материалдары — үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Негізгі құрылыс материалдарының түрлері:

табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар, т.б.);

органикалық (битум, қарамай, синтетикалық шайыр, т.б.) және бейорганикалық (цемент, әктас, гипс, т.б.) байланыстырғыш материалдар;

жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика, бетон, темір-бетон, асбест-цемент, темір, шыны және силикаттан жасалған бұйымдар);

ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.);

металдан жасалған бұйымдар (көтергіш және қоршау құралымдары, құбырлар, рельстер, т.б.);

синтетикалық шайырлар мен пластмассалар (линолеум, пенопласт, т.б.).

Әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік, т.б. құрылыс материалдары жасалынады. Органикалық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады. Ағаш жаңқасынан жұқа әшекейлік тақталар жасау үшін байланыстырғыш заттар ретінде синтетикалық шайырлар пайдаланылады. Бейорганикалық заттардың ішіндегі ең негізгісі – цемент. Одан бетон, темір-бетон, асбест-цемент, құрылыс қоспалары сияқты құрылыс материалдары жасалады. Әктастан бу қысымымен алынатын силикаттық бетон, кірпіш әрі құрылыстық қоспалар дайындалады.

Жасанды құрылыс материалдары жасалу технологиясына қарай байланыстырғыш заттар көмегімен жасалатын бетон, темір-бетон, асбест-бетон, асбест-цемент, силикаттық бетондар мен кірпіш, құрылыс қоспалары; саз топырақтан (балшықтан) күйдіру арқылы алынатын керамикалық құрылыс материалдары; құмды түрлі қоспалар қосып балқыту арқылы алынатын кеуек материалдар, ситалдар, минералдық мақталар болып бөлінеді. Жасанды құрылыс материалдарының негізгі бір түрі – металдар. Олар құрылыста әр түрлі құралымдар (көпірлер, өндірістік құрылыстар, жер сілкінісіне шыдамды құрылыстық қаңқалар және темір-бетон арматуралар, т.б.) жасауға пайдаланылады. Ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдарға ағашты механикалық өңдеу барысында алынатын материалдар (бөренелер, кесілмелі материалдар, паркет, фанера, т.б.) кіреді. Металдардан, негізінен, болат илемі құрылыста кеңінен қолданылады. Олардан темір-бетондарға қажетті арматуралар, ғимараттың каркастары, көпірдің құрылыстық өткіндері, жылыту жүйелері, жабын материалдары, т.б. жасалады. Әлемдік практикада ең алғаш Қазақстанда жаңа керамикикалық “золокерам” материалдары жасалып, өндіріске енгізілді.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.