Кедертас

Кедертас, риф (нидер. rіf, ағылш. reef)- Суасты немесе жоғарғы бөлігі су бетіне азын-аулақ шығып тұратын, кемелер қауіпсіздігіне ұдайы қатер туғызатын жартастар.

Кедертас қалыптастырушылар (кедертас құрылысшылары). Қаңқалары ізбестен тұратын, су алаптары түбіне жабыса өсуі нәтижесінде құжынама күйде тіршілік ететін, қазба күйінде тірі кезіндегі қалпын сақтайтын организмдер жиынтығы.[1]

Кедертас -

  1. кеме жүзуіне бөгет жасайтын су астындағы немесе су деңгейінен сол биік тұратын теңіздегі жартастар;
  2. тропиктік жылы теңіздердің тайыз жерлерінде тіршілік ететін інжулердің қаңқаларынан түзілген аралдар және су беті мен су астында таралған қырқалар.[2]
PamalicanAfterLiftOff
Reef

Үлкен тосқауыл риф

Үлкен тосқауыл риф – күндердің күнінде тірі жәндіктер салған, ең үлкен геологиялық түзіліс. Австралияның солтүстік-шығыс жағалауында орналасқан кедертас көлемі 340 мың шаршы шақырым және салмағы миллиард тонна. Бұл – Маржан теңізінің мөлдір көгілдір суында орналасқан, бірнеше мыңдаған рифтер жиынтығы. Өзінің алып көлеміне қарамай, бұл табиғат ғажайыбы титтей теңіз жәндіктерінен тұрады. Олардың қаңқалары мыңдаған жылдар бойы жиналып, қазіргі рифті түзген

Рифтің ішкі бөлігі – Рифтің теңізге шығып жататын шеті мұхиттан келеін үлкен толқындармен шайылады. Рифтер құздар тәрізді терең су астында орналасқан, соның нәтижесінде ірі балықтарға, қатырандарға көлемді қоректік орын болып табылады.

Рифтің сыртқы бөлігі – Рифтің толқыннан қорғалған ішкі бөлігі тыныш. Мұнда су таяз, әр жерде ашық құм жазықтығымен бөлінген маржан бақтары бар. Су қайтқан кезде маржандарың нәзік ұштары көрінеді   

Дереккөздер

  1. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов, 2000 жыл. — 328 бет.
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6

3. "Ғажайыптар әлемі" кітабынан

Інжулік имарат, інжу кедертасы

Інжулік имарат, інжу кедертасы - тропиктік теңіздердің аса терең емес (орташа 30-50 м-ден 1-2 м-ге дейін) тұстарында, судың тұздылығы қалыпты және температурасы 20°С-тан төмен емес жағдайда шоғыр (колония) інжу полиптері мен оларға ілескен организмдердің тіршілік әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан құрылма. Негізінен, інжулердің әкті қаңкаларынан, әкті балдырлардан, былқылдақденелілердің бакалшықтарынан тұрады. Інжулік имаратты көмкерме немесе жағалық кедертас, тосқауыл кедертасы, атолл және лагунаішілік кедертас деп төрт типке бөледі.

Жағалық кедертас

Жағалық кедертас — беті сатыланған кедір-бұдыр саяз сулық кедертас, маржан әктасынан тұрады, өсу үстіндегі маржандармен жабылған. Тікелей жағадан басталып, біртіндеп мұхитқа қарай төмендейді.

Кедертас белдемдерінің шөгінділері

Кедертас белдемдерінің шөгінділері — мұхиттағы кедертас белдемі шөгінділерінің фациялық кешенінің құрамына кіреді:

а) пелагиалық биогендік окті фораминифер және кокколит шөгінділері;

ә) су асты денудациясының өнімдерінен тұратын сынықты шөгінділер;

б) су асты жанартау атқыламаларының өнімдері.Кедертас белдемдерінің шөгінділері мұхит орталық жоталарының осьтік бөлігінде бедердің өте тілімденген, жоғары сейсмикалық белсенділік пен суасты вулканизм жағдайларында жаралады. Олардың қалыптасуында шөгінді массалардың суспензиялық ағындармен және су асты жылжымаларымен қайта түзілуі үлкен рөл атқарады.

Мұнай мен газдың тұтқыштары

Мұнай мен газдың тұтқыштары - өзінің

жатыс жағдайы мен өзін көмкеретін таужыныстармен ара-қатынасы тұрғысынан

мұнай мен газдың шоғырлануын және ұзақ

уақытқа сақталуын қамтамасыз ететін жинауыш бөлігі. Тұтқыштардың элементтері ретінде мұнай мен газ жинауыштары,

жапқыш және қалқа (экран) қарастырылады.

Іздестіру және генетикалық белгілеріне қарай тұтқыштар күмбездік тұрғыдан

қалқаланған, линза пішіндес болып бөлінеді.

Күмбездік тұтқыштар антиклиндердің

күмбездік бөлігінде, тұз күмбездерінің,

интрузиялардың үстінде, көмілген кедертас

массивтерінде, эрозиялық шошақтарда,

оларды бүркеуші жаппаларда түзіледі.

Қалқаланған тұтқыштар антиклиндердің

қанаттарында, литологиялық және

гидродинамикалық қалқалар пайда болған

моноклиндерде болады. Қалқаның жаралу

түріне қарай тектоникалық, стратигрфиялық,

литологиялық, гидродинамикалық тұрғыдан

қалқаланған тұтқыштар ажыратылады.

Линза пішіндес тұтқыштар құрылысы линза

тәрізді келген жинаушытарда қалыптасады.

Тасқауыл кедертас

Тасқауыл кедертас – жағадан біршама қашықта орналасқан маржан кедертастарының қырқасы, ол континент немесе арал саяз суында кездеседі.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.