Карбонат

Көмір қышқылы - Н2С03 әлсіз, екі негізді, тұрақсыз қышқыл. Ол тек ерітіндіде ғана болады. Әлсіз электролит, диссоциациялану дәрежесі 0,17%.[1]

Carbonate-3D-balls
Карбонат

Алынуы:

  1. көмірқышқыл газын суда ерітіп

  1. тұзынан күшті қышқылмен әсер етіп:

Екі негізді болғандықтан сатылы диссоциацияланады:

Н2С03↔ Н+ + НС03
НС03- ↔ Н+ + С032-

Көмір қышқылы екі түрлі тұз түзеді, олар гидрокарбонаттар (NaHC03, Са(НС03)2) және карбонаттар деп аталады (СаС03, MgC03)

Химиялық қасиеттері:

Көмір қышқылы индикаторлар түсін өзгертеді, қышқылдарға[2] тән химиялық реакцияларға түседі, екі негізді қышқыл ретінде сілтілермен орта және қышқыл тұз түзіледі:

Н2С03 + NaOH = NaHC03 + Н20
Н2С03 + 2NaOH = Na2C03 + 2Н20

Карбонаттардың суда еритін тұздары екі сатыда гидролизденеді:

  •  : Na2C03 ↔ 2Na+ + С032-
НОН ↔ Н+ + ОН-
----------------------------------
CO32- + НОН ↔ НС03 + ОН-
Na2C03 + НОН ↔ NaHC03 + NaOH
  • NaHC03 ↔ Na+ + НС03-
НОН ↔ Н+ + ОН-
HC03 + НОН ↔ Н2С03+ ОН-
----------------------------------------
NaHC03 + НОН → NaOH + Н20 + С02

Бұл тұз гидролизденгенде орта негіздік болады: С(ОН ) > C(H+).

Карбонат ионына сапалық реакция:

Na2C03+ Са(ОН)2 = СаС03↓ + 2NaOH Суда еритін карбонаттар әк сүтімен әрекеттесіп, ақ түсті тұнба береді.

Са2+ + С032- = СаС03

Қолданылуы:

  • NaHC03 ас содасы - тамақ, шыны өндірісінде
  • К2СО3 сақар - сабын алуда
  • СаС03, MgC03 - құрылыс материалдары[3]

Таралуы

Жер қыртысының шамамен 1,7%-ын (массасы бойынша) құрайды. Ең көп таралған және жынысқұрушы минералдар қатарына жататындар — кальцит (СаС03) және доломит (СаС03.МgС03).

Бұлар әктастар және доломиттер деп аталатын шөгінді карбонатты тау жынысытарды құрайды. Аталған тау жынысытардан гөрі сирегірек ұшырасатын карбонатты тау жынысы өкілдері:

Дереккөздер

  1. Химия: Усманова М. Б., Сақариянова Қ. Н. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2009. - 288 бет. ISBN 9965-34-929-0
  2. Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69
  3. “Қазақ Энциклопедиясы”
  4. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2

Сыртқы сілтемелер

Азурит

Азурит (фр. l’azur — лазурь, көк тас) — карбонаттар класына жататын минерал. Химиялық формуласы Cu(CO3) 2[OH]2. Сингониясы моноклинді. Кристалдық құрылымы — координаттық. Кристалдары жапырақша, қысқа призма пішіндес. Агрегаттары түйіршікті, қабыршақты. Түсі көк, шыныдай жылтыр. Қаттылығы 3,5-4, меншікті салмағы 3,7-3,9 г/см3. Мыс кен орындарының тотыққан белдемінде түзіледі. Азуриттің серіктестері — таза мыс, малахит, куприт. Ерте замандардан Жезқазған өңірінде әшекей тас ретінде өндірілген. Азурит мыс кентасы ретінде, сондай-ақ көк бояу, көк дәрі (тотияйын) жасауға қолданылады.

Азурит — мыс минералдарының бір түрі. Әдемі көкшіл түсіне орай, азурит әшекей бұйымдар жасауға қолданылады.Сингониясы моноклиндік, призма формасында. Кристалдық

бейнесі, тағы басқа түрлері де, жаратылысы да малахитқа ұқсас.

Оптикалық оңқай; 2u = 68°, Ng=1 , 8 3 8 , Nm = 1,758, Np = 1,730.

Жаратылысы. Азурит көбінесе малахиті бар парагенезисте кездеседі.Азурит мыстың оттекті қосылыстарымен бірге металлургияда қорытылады. Ол көк бояу алу үшін химия өнеркәсібінде қолданылады.

Кендері малахитпен бірге кездеседі.

Актиний

Актиний (лат. Actinium), Ac — Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің 7-ші периодының ІІІ тобына жататын радиоактивті элемент. Реттік саны — 89. Ең ұзақ уақыт өмір сүретін изотопы 227Ac, жартылай ыдырау уақыты — 22 жыл.Актинийді 1899 жылы А. Дебьерн уран рудаларын өңдеу қалдықтарында тапқан. Радийді нейтрондармен атқылау арқылы актинийді алады.

Алебастр

Алебастр (гр. ἀλάβαστρος - күйдірілген бор) —

минерал, гипстің қардай ақ ұсақ түйіршікті түрі;

құрылыс гипсі, байланыстырушы тұтқыр материал. Ол табиғи гипсті (CaSO4 2H2O), ангидритті (CaSO4) және кейбір құрылыс өнеркәсібіндегі қалдықтарды 140-1900С температурада күйдіріп, ұнтақтау нәтижесінде алынады. Алебастрдан сылақ езбесі, құйма қалыптары, құрылысқа қажетті бөлшектер, гипстік құйматас, едендік тақта, жасанды мәрмәр әзірленеді. Алебастр медицинада сынықты емдеу кезінде пайдаланылады. Қағаз, бояу, металл, цемент өндірісінде қолданылады.==Дереккөздер==

Аммоний

Аммоний, NH4+ – аммиактың судағы ерітіндісінде түзілетін атомдар тобы; бір зарядты катион. Тұрақсыз, қыздырғанда аммиакқа және суға ыдырайды. Мүсәтір спиртінің (NH4OH) және А. тұздарының құрамына кіреді.

Анкерит

Анкерит – карбонаттар класының минералы. Химиялық формуласы: Са(MgFe)(CO3)2. Құрамында әр түрлі арақатынастағы темір мен магний бар, қоспа ретінде марганец кездеседі. Анкериттің құрамында магний аз түрі сидеронит, ал темір аз түрі қоңыр шпат деп аталады. Әдетте сопақ ромбоэдр кристалдар, тығыз ұсақ дәнді агрегаттар түзеді. Түсі ақ, сұр, қоңырқай сары. Шыныдай жылтыр. Қаттылығы 3,5 – 4,5, сынғыш, меншікті салмағы 3,9 г/см3. Орал мен Алтайдың гидротермаль ды кварцты желілерінде сульфидті және сидеритті кентастармен бірге кездеседі.

Арагонит

Арагонит – карбонаттар класындағы минерал. Химиялық формуласы: CaCO3. Ромбылық сингонияда кристалдары призма және ине тәріздес болып түзіледі. Агрегаттары шыбықша немесе шоқ сәулеше тарамдалады, тамшы тәрізді және оолитше бөлшектенеді. Арагонит ақ, кейде сарғыш, жасыл және күлгін түстес әрі шыныдай жылтыр болып келеді. Қаттлығы 3,5 – 4,0, сынғыш, меншікті салмағы 2,9 – 3,0 г/см3,қаттылығы — 3,5—4 жіктілігі (010) жетілген, (011), (ПО)жетілмеген. Төменгі температуралы минерал болғандықтан гидротермальды процестің соңғы сатыларында түрлі экзогендік процестер әсерінен түзіледі.Арагонит төмен температуралы гидротермалық процестер мен моруға үшыраған ультранегізді және негізді жыныстарда, әкті туфтарда, гипсті қаткабаттар мен күкірт кендерінде кездеседі. Түсі әдемі түрлері әшекейтас ретінде пайдаланылады.

Висмутин

Висмутин – сульфидтер класының минералы. Хим. формуласы Bі2S3. Ромбылық сингонияда призма, таяқша тәрізді кристалдар, түйірлі масса, сеппе, талшық сияқты агрегаттар құрайды. Түсі ақ, қорғасындай сұр, металдай жылтыр. Қатт. 2,0 – 2,5, менш. салм. 6,7 – 6,8 г/см3, электр тогын өткізбейді. В. гидротермальды-желілі және жапсарлы-метасоматитті кендерде түзіледі, жеке кендері сирек кездеседі, көбіне қалайы, вольфрам, күшәла кендерінде жеке элементті висмут түрінде немесе арсенопирит, халькопирит және басқа минералдармен бірге кездеседі. Тотығу белдемінде оңай бұзылып оксид немесе карбонат түрлеріне өзгереді. В-нен висмут металы алынады.

Витерит

Витерит – карбонаттар класының минералы. Хим. формуласы ВаСО3. Осы минералды ашқан ағылшын минералогы В.Витрингтің есімімен аталған. Ромбылық сингонияда призма немесе ине тәрізді кристалданады. Шар немесе бұршақ тәрізді агрегаттар түрінде кездеседі. Түсі ақ немесе сұр, сарғылт реңді, кейде түссіз, шыныдай жылтыр. Қатт. 3 – 3,5, морт сынғыш, менш. салм. 4,2 – 4,3 г/см3. В. кен орындарында кальцит, доломит, барит минералдарымен және қорғасын, мырыш, темір сульфидтерімен парагенездік байланыста кездеседі. В. көп мөлшерде шоғырланғанда барий кентасы ретінде пайдаланылады.

Доломит

‎Доломит (француз геологы Д.Доломьенің есімімен аталған) – 1) карбонаттар класының минералы [CaMg (СО3)2]. Тригональдық сингонияда кристалданады. Кристалдары ромбоэдр, призма пішіндес. Ірі кристалды агрегаттары гидротермальдық түзілімдер мен қайта кристалданған карбонатты қабаттарда кездеседі. Түсі сұрғылт ақ, кейде сарғыш, қоңыр немесе жасыл реңді болады. Қаттылығы 3,5 – 4, меншікті салмағы 2,85 г/см3, шыныдай жылтыр, морт сынғыш; 2) негізінен Доломит минералынан тұратын шөгінді карбонатты тау жынысы. Негізгі қоспалары кальцит, ангидрит. Доломит әдетте әктаспен бірге кездеседі және құрамындағы Доломитің мөлшеріне байланысты әктас Доломит (95 – 75%) және Доломитті әктас (50%-дан аз) болып бөлінеді. Егер негізгі қоспа – ангидрит болса, тау жынысы ангидритті Доломит, саз болса Доломиті мергель, құм болса құмды Доломит деп аталады. Доломит кембрийге дейінгі және палеозой шөгінділерінде кең таралған. Ол металлургияда (отқа төзімді материал, флюс ретінде), шыны өнеркәсібінде, глазурь және ақ магнезит әзірлеуде, сондай-ақ ауыл шаруашылығында топырақтың қышқылдығын азайту үшін қолданылады.

Кальций

Кальций IV период, II топтың негізгі топшасының элементі. Реттік немірі 20, ендеше ядросында 20 протон мен 20 нейтроны бар (Аr=40), электрондарының жалпы саны да 20. Кальцийдің электрондық формуласы ls22s22p63s23p64s2, валенттілік электрондары 4s2 болғандықтан кальций косылыстарында II валентті.

Кальцит

Кальцит– карбонаттар класының минералы. Химиялық формуласы CaCO3, құрамында аздаған Mg, Fe, Mn, Zn, Cо, Sr, Ba қоспалары болады. Тригональдық сингонияда кристалданады, жеке кристалдары ромбоэдр, скаленоэдр, қалақ пішінді масса құрап, тығыз және түйірлі, талшық, топырақ тәрізді масса және сталактит, сталагмит түрінде кездеседі. Қаттылығы 3, меншікті салмағы 2,8 г/см3, шыныдай жылтыр, морт сынғыш; түссіз, ақ және қоспаларына байланысты түсі өзгереді. Кальциттің Исландия шпаты

, мәрмәр ониксі, атлас шпаты деген түрлері бар. Кальций гидротермальдық, метасоматикалық, жанартаулық тау жыныстарының қуыстары мен жарықтарында, карбонатиттерде, ультранегізді жыныстардың үгілу қыртысында, әктас, бор, мергель, мәрмәр құрамында кездеседі. Ол флотация әдісімен байытылады. Кальций құрылыста, металлургияда, химия өнеркәсібінде, электртехникада, т.б. салаларда қолданылады. Мәрмәр ониксі әшекейлік бұйымдар жасауда, ақаусыз мөлдір Исландия шпатының кристалдары оптикалық приборларда қолданылады.

Карбонат түзілу

Карбонат түзілу - мұхит, теңіз және көл түптеріндегі шөгінділер (тұнбалар) құрамында карбонаггардың түзілуі. Бұл процестің ең көп тараған түрлері — биогендік және хемогендік карбонаттардың түзілуі.

Магнезит

Магнезит (лат. magnesіa — магнезия) — минерал, карбонаттар класының кальцит тобына жатады. Химиялық формуласы MgCO3, MgО — 47,82%, СО2 — 52,18%, изоморфты қоспа түрінде Fe, сирек түрінде Mn, Ca болады. Механикалық қосындылар ретінде халцедон, сазды заттар, су, доломит кездеседі. Магнезит ақ, сарғылт, кейде құрамындағы қоспаларға байланысты көгілдір сұр, қара сұр, қоңыр, қара болып келеді, шыныша жылтырайды. Қаттылығы 4,0 — 4,5, тез сынады, тығыздығы 2900 — 3100 кг/м3. Магнезит гипспен бірге тұзды шөгінділерде, талькпен аралас магмалық ультранегізді тау жыныстары арасында кездеседі. 1000 С температураға дейін қыздырғанда 92 — 94% көмір қышқылын жоғалтып, химмялық активті ұнтаққа айналады. Бұл ұнтақ каустикалық магнезит деп аталады. Ол магнезиялық тұтқыр цемент, жасанды каучук, пластмасса, вискоза, т.б. жасауға, түрлі химия өңдеу процестерінде, т.б. қолданылады. Температураны 1500 — 1650 С-қа дейін қыздыру арқылы химия процестер әсеріне берік, отқа төзімді (2800 С-қа дейін) Магнезит ұнтағы алынады. Одан болат балқыту пештерінің табаны мен түрлі металлургия пештерінің бөліктері жасалады.

Малахит

Малахит (гр. malache — мальва, өсімдік түсіндей жасыл жапыраққа ұқсастығымен аталған) — минерал, карбонаттар класына жатады. Химиялық формуласы Cu2[CO3](ОН)2, CuO — 71,9% (Cu — 57,4%), СО2 — 19,9%, Н2О — 8,2%, аз мөлшерде СаО, Fe2O3, SіO2, т.б. кездеседі. малахиттің түсі ашық жасыл, көгілдір жасыл, қою жасыл, қаттылығы 3,5 — 4,0, сынғыш, тығыздығы 3900 — 4100 кг/м3. Малахит табиғатта ірі мыс кендерінің жер бетіне жақын тотық қабаттарында болады. Үлкен шоғырлы жиынтықтары (50 т-ға дейін) сирек кездеседі, олар негізінен 18 — 19 ғасырларда Ресейде (Төменгі Тагил|Төменгі Тагил аймағында), Чилиде өндірілген. Түрлі зергерлік және әшекейлік көркем бұйымдар жасауда қолданылады. Ұсақталған түрлерінен бояу, тотық минералдарымен аралас бөлшектерінен мыс өндіріледі. Қазақстанда Қоңырат, Жезқазған, т.б. мыс кендерінің тотық қабаттарында өндірілген ірі малахит бөлшектерінің эталондары Геологиялық ғылымдар институтында сақталған.

Родохрозит

Родохрозит (грекше сһroma – түс), марганец шпаты — карбонаттар класының минералы.

Химиялық формуласы МnСO3, құрамы — MnO — 61,7%, CO2 — 38,3%;

қоспалары: Mg, Zn, Fe, кейде Co. Тригондық сингонияда кристалданып, сирек кездесетін ромбоэдр типтес кристалл түзеді.

Радиалды тарамдалған немесе сферолит құрылымды шар, бүйрек пішінді агрегаттар құрайды.

Түсі алқызыл, қызыл, ақ, сұрғылт-ақ, жасыл сұр, түсінің өзгеруі құрамындағы Mn иондарының мөлшеріне байланысты;

шыныдай жылтыр, қаттылығы 3,5 — 4,0, тығыздығы 3,6 — 3,7 г/см3, жіктілігі бір бағытта жетілген, морт.

Родохризит Қазақстанда гидротермалды желілерде кварц, вольфрамит, марганец кентастарымен бірге Қараоба, Жәйрем, Жезді, Үшқатын кен орындарында кездеседі. Родохризит химия өндірісінде, шойын мен болат шихта, ферромарганецтер балқытуда қолданылады.

Смитсонит

Смитсонит (ағылшын минерологы Дж.Смитсонның (1765 — 1829) құрметіне аталған), мырыш шпаты — карбонаттар класының минералы. Химиялық формуласы: ZnCO3, құрамында ZnO — 64,9%, CO2 — 35,1%; қоспалары: Fe, Mn, Cd, Mg, Pb. Тригондық сингонияда кристалданып, ромбоэдр, скаленоэдр пішінді кристалдар түзеді. Агрегаттары түйірлі немесе топырақ тәрізді масса, іркінді түрінде болады. Түсі ақ, сарғыш, сұр, қоңыр; шыныдай жылтыр, қатт. 4 — 4,5, тығызд. 4,3 — 4,4 г/см3. Смитсонит әк тастарда орналасқан мырыш, полиметалл кендерінің тотығу белдемінде сфалерит есесінен түзіледі. Смитсонит Қазақстанда Қаратау полиметалл кендерінен (Ащысай, Байжансай, Мырғалымсай, т.б.) табылды. Смитсонит тің көп шоғыры — мырыш кентасы.

Церуссит

Церуссит (лат. cerussa — бояу), қорғасынның ақ кентасы — карбонаттар класына жататын минерал.

Ұйық

Ұйық — 1) қазіргі сушаралардағы суға қаныққан майда түйірлі, нығыздалмаған шөгінді. Табиғи жағдайларда ағатын күйде болса, кептіргенде қатты дене қасиеттеріне ие болады.

Ұйық — көптеген шөгінді таужыныстар қалыптасуының бастапқы сатысы. Түйірөлшемдік құрамы бойынша негізінен пелит (лай) шөгінділерге жатады. Ұйық теңіздік және континенттік (көл, батпақ ұйығы) болып жіктеледі. Генезисі бойынша терригендік (сазды, сынықты), биогендік (карбонат, кремнийлі, диатомды, глобигеринді және т.б.) және хемогендік ұйықтар бөлінеді; 2) көне динамикалық жіктеме бойынша — құрамында 30-50% < 0,001 мм фракциялар бар шөгінді (грунт).

Әктас

Әктастар — шөгінді тау жыныстары; негізінен, кальциттен СаСO3 тұрады. Барлық шөгінді тау жыныстарының 20%-ін құрайды. Әктастар жоғары температураның әсерінен қайтадан кристалданып, мәрмәрға айналады. Олар көбінесе теңіз түбінде түзіледі. Металлургияда, құрылыста, химия өнеркәсібінде пайдаланылады.

Әктас – кальциттен, кейде арагониттен тұратын кең таралған шөгінді тау жынысы. Құрамында қоспа ретінде сазды минералдар, халцедон, кварц, глауконит, пирит, гипс, ангидрит, т.б. кездеседі. Әктастар негізінен саяз теңіздер мен қолтықтарда, кейде тұщы көлдерде қалыптасады. Жаратылысы жағынан әктастар органогенді, хемогенді (химиялық), кесекті және криптогенді болып түзіледі. Органогенді әктастар жәндіктер мен өсімдіктердің қалдықтарынан қалыптасады. Жәндік қалдықтарынан тұратынын зоогенді, ал өсімдіктен тұратынын фитогенді әктастар дейді. Хемогенді әктастар қалыңдығы тұрақты қабаттар, конкрециялар құрайды. Олардың түстері әр түрлі (ақ, күңгірт сұр, қара, т.б.) болып келеді. Химиялық әктастар саяз теңіздерде, көлдерде қалыптасады. Кесекті әктастар әр түрлі өлшемді карбонатты кесектер мен үгінділерден тұрады. Криптогенді әктастарға жаратылысы белгісіз, өзгерген әктастар жатады. Олар кристалл түйірлі болады. Әктас – негізгі құрылыс материалдарының бірі. Ол қара металлургияда флюс ретінде, химия өнеркәсібінде (сода, карбид, минералдық тыңайтқыштар өндіру үшін), қант, шыны, цемент өндірістерінде қолданылады. Әктастың Қазақстанда көптеген кен орындары (Саяқ, Ақтас, Керегетас, Ақжар, т. б.) бар.

Өзінің қалыптасу тегіне орай I. бірнеше түрлерге болінеді: 1) биотекті (органотекті) I. жәндіктер мен өсімдіктердің карбонатты қаңқалары есебінен қалыптасады; 2) хемотекті I. су кұрамындағы карбонаттардың химиялық тұнба ретінде шөгуі нәтижесінде түзіледі; 3) қайта кристалданған I. алғашында ұсақ түйіршікті немесе құрылымсыз масса түрінде қалыптасқан карбонаттардың өз құрамын өзгертпей-ақ ірі түйіршікті жыныстарға айналуы салдарынан түзіледі; 4) түйіртпекті (кластикалық,; кластотекті) I. карбонат түйіршіктерінің су алабы түбіне бірте-бірте шөгуі нәтижесінде қалыптасады; 5) тастума I. өте сирек ұшырасады, бұлардың болмысын өзгермелі жыныстар құрамындағы өзге минералдар есебінен кальций карбонатының жаңадан туындау нәтижесі деп түсіну керек.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.