Ираклион

Ира́клион (Гера́клион) (гр. Ηράκλειο) — Грекиядағы қала, Крит аралының әкімшілік орталығы. Грекиядағы үлкен қалалар арасында төртінші орын алады. Көне грек мифологиясының кейіпкері Гераклдың құрметіне аталған.

Қаланың негізі шағын айлақтың орнында қаланған. 824 жылы араб әскері қаланы басып алып, 140 жыл бойы иеліктерінді болады. Сол кезде қала атауы Хандак болған. Қаланы қорғау үшін арабтар мықты қабырғалар салып, оны орлармен қоршады («хандак» араб тілінен аударғанда «ор» деген мағына береді).

Осман империясының құрамында болған уақытта қала атауын Хандакас болады. 19 ғасырдың басында Хандакас өзінің тарихи Гераклея атын иемденеді, кейін Ираклион. Халық тұрғындарын көтерілісшілерге көмектескені үшін қырғынға (1828 жылы және 1897 жылы) ұшырайды.

Қала
Ираклион
Ηράκλειο
Arsenał Heraklion 860
Әкімшілігі
Ел

 Грекия

Статусы

Әкімшілік орталық

Периферия

Крит

Ауданы

Ираклион

Ішкі бөлінісі

5 аудан

Димарх

Янис Куракис (Γιάννης Κουράκης)

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

824

Алғашқы дерек

1 ғасыр

Бұрынғы атаулары

Хандак, Мегало Кастро, Кандия, Хандакас, Гераклея

Координаттары

35°20′ с. е. 25°08′ ш. б. / 35.333° с. е. 25.133° ш. б.   Координаттар: 35°20′ с. е. 25°08′ ш. б. / 35.333° с. е. 25.133° ш. б.   

Жер аумағы

20 км²

Уақыт белдеуі

UTC+2, жазда UTC+3

Тұрғындары
Тұрғыны

173 450 [1] адам (2011)

Тығыздығы

8 673 адам/км²

Ұлттық құрамы

гректер

Конфессиялар

православтар

Ресми тілі

грек

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

2810

Пошта индекстері

70x xx, 71x xx, 720 xx

Автомобиль коды

HK, HP

heraklion-city.gr
 (грек) (ағыл.)

Ираклион картада
Ираклион
Ираклион

Бауырлас қалалар

Дереккөздер

  1. Population Census of Greece 2011  (ағыл.)

Сыртқы сілтемелер

MetroJet

MetroJet (заңды атауы — ООО «Авиакомпания „Когалымавиа“») — чартерлік тасымалдау қызметін атқарған ресейлік әуе компания. Әуе компанияның штаб-пәтері Мәскеу қаласында орналасты. Негізгі әуежайы мәскеулік «Домодедово» болды. 2017 жылдың 23 сәуріне сәйкес компанияның бас директор Сергей Мордвинцев болып табылады. 2016 жылы 16 наурыз Ресей Федералды әуе көлігі агенттігі (Росавиация) әуе компанияға ішкі және халықаралық рейстерді орындауға тыйым салды.

Гиоргиос Самарас

Гиоргиос Самарас (гр. Γιώργος Σαμαράς; 21 ақпан 1985, Ираклион) — грекиялық футболшы, шабуылшы. 2008, 2012 жылдары Еуропа чемпионатына, 2010, 2014 жылдары әлем чемпионатына қатысқан.

Грекия

Грекия (гр. Ελλάδα [eˈlaða] тыңдау, ежелгіде — гр. Ελλάς [eˈlas] тыңдау), ресми — Грек Республикасы (гр. Ελληνική Δημοκρατία [eliniˈci ðimokraˈti.a]) — Еуропа оңтүстігінде, Балқан түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Албаниямен, бұрынғы югославиялық Македония республикасымен және Болгариямен, солтүстік-шығысында — Түркиямен шектеседі. Шығысы мен оңтүстігін Эгей теңізі, батысын — Ион теңізі шайып жатыр. Осы елді мекендейтін юнандар (гректер) атымен аталған.

Грекия, Грек Республикасы — Еуропаның оңтүстік-шығысында, Балқан түбегінің оңтүстігі мен соған шектесіп жатқан Ион, Жерорта және Эгей теңіздеріндегі ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер аумағы — 132,0 мың км². Халқы — 10,5 млн. Астанасы — Афина қаласы (3,5 млн.). Тұрғындарының 95%-дан астамы гректер, қалғандары: түрік, албан, т.б. Ресми тілі — грек тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Ел аумағы әкімшілік-аумақтық жағынан 51 номға бөлінеді. Үлкен қалалары: Салоники, Патрай, Ираклион, Волос. Ақша бірлігі — драхма. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. 1975 ж. 11 маусымда қабылданған ел конституциясы бойынша, Грекия президент басқаратын парламенттік республика болып табылады (президентті парламент сайлайды). Ұлттық мерекесі — Тәуелсіздік күні (1821, 25 наурыз).

Грекия жерінің басым бөлігі таулы-қыратты. Климаты жерортатеңіздік субэкваторлық. Қыс айларындағы орташа температура 4 — 11ӘС, ал жаз айларында 24 — 28ӘС. Өзендері шағын, суы аз. Жерінің 15%-ын орман алып жатыр. Жауын-шашын мөлшері 350 — 1500 мм аралығында.

Алғашқы грек мемлекеттері біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта пайда болды. 395 жылдан ежелгі Грекия жері Византия империясына бағынды. 15 ғасырдан бастап Осман сұлтандығына қосылды. 1821 — 29 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысынан және 1828 — 29 жылдардағы орыс-түрік соғысынан кейін Грекия 1830 ж. тәуелсіздікке қол жеткізді. 1-дүниежүзілік соғыс кезінде Антанта жағында болды. 1941 ж. елді Германия мен Италия әскерлері басып алды. 2-дүниежүзілік соғыс аяқталысымен елде азамат соғысы басталды (1946 — 49). Ол аяқталған соң, 1952 ж. Грекия НАТО-ға мүше болды. 1967 ж. үкімет билігі әскери хунтаның қолына көшті. 1974 ж. болған жалпыхалықтық ереуілден кейін, әскерилер биліктен кетіп, демократиялық институттар қалпына келтірілді, жаңа конституция қабылданды. 1992 ж. қараша айында Грекия Еуропалық одаққа толық мүше болып қабылданды.

Грекия — орташа дамыған индустриальды-аграрлы мемлекет. Жан басына шаққанда жылдық орташа табыс мөлшері — 7100 доллар Ұсақ жекеменшік кәсіпорындар да көп. Экономикасының жетекші салалары: тамақ, химия, тау-кен, металлургия өнеркәсіптері және цемент шығару. Кейінгі жылдары электроника мен кейбір машина түрін жасау тез дамып келеді. Ауыл шаруашылығында, негізінен, жүзім, жеміс-жидек, зығыр, дәнді дақылдар өсіріледі. Бұған қоса сауда флоты мен туризм жақсы дамыған. Грекия — сауда флоты жағынан дүние жүзіндегі жетекші елдердің бірі. Елге жыл сайын 10 млн-нан аса туристер келіп, қазынаға 4 млрд. доллардан аса кіріс кіргізеді. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Италия, АҚШ, Франция, Сауд Арабиясы. 1992 ж. 1 қазанда Қазақстанмен дипломатиялық қатынастар орнатты.

Астанасы — Афина қаласы.

Батыс өркениеті бесігі болап танылған, тарихтағы алғашқы демократиялық мемлекет. 1981 жылдан бастап – ЕО, 1952-ден бастап — НАТО мүшесі.

Грекия қалаларының тізімі

Грекия қалаларының тізімі:

Айос-Николаос

Агринион

Александруполис

Амфиса

Аргостолион

Арта

Астипалея

Афины

Верия

Волос

Гревена

Драма

Закинтос

Игуменица

Ираклион

Кавала

Каламата (қала)

Кардица

Карпенисион

Карловаси

Карпатос

Кастория

Катерини

Керкира

Килкис

Китира

Козани

Комотини

Коринф

Кос

Ксанти

Ламия

Лариса

Лефкас

Ливадия

Марафон

Месолонгион

Миконос

Милос

Мирина

Митилини

Наксос

Нафплион

Паллини

Парос

Патры

Пиргос

Пирей

Полийирос

Портохели

Превеза

Ретимнон

Родос

Салоники

Самос

Серре (қала)

Сития

Скиатос

Скирос

Спарта

Спеце

Тира

Трикала

Триполи

Уранополис

Фарсала

Филиатра

Флорина

Халкида

Ханья

Хиос

Эдесса

Элефсис

Эрмуполис

Янина

Янница

Кадеттер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты

Кадеттер арасындағы әлем чемпионаты - 1977 жылдан бастап жыл сайын швейцариялық жүйесімен өткізіледі; 1974 және 1976 жылдары Әлем кубогы ойнатылды. Чемпионатқа қатысу үшін 1980 жылға дейін, жас санаты 17 жасқа дейін ойыншыларға рұқсат етілді, 1981 жылдан 16 жастан егде емес ойыншылар қатыстырыла бастады. Кеңестік ойыншылар чемпионатқа 1976 жылдан қатысатын болды.

Кносс

Кносс (гр. Κνωσός, лат. Cnossus, ежелі атауы минойлық тілде — KA-NU-TI) - Криттағы ежелгі қала.

Миной өркениеті кезінде Крит елінің астанасы болған. Әлемдік тарихи мұра ретінде белгілі сарайлардың ішіндегі күрделісі әрі көркемі болған қала Ираклион қаласының қасында орналасқан. Кносс ежелгі қалалардың қатарына қосылады, тарихи деректерге сүйенсек адамдар бұл жерге соңғы Тас дәуірінде қоныстанған.

Крит

Крит (гр. Κρήτη) — Жерорта теңізіның шығыс бөлігіндегі арал, Грекияға қарайды. Ұзындығы 260 км, ені 12 – 55 км, ауданы 8,3 мың км². Солт. жағалауы жиі тілімделген, оңт. жағасы тік жарлы. Жері таулы келеді. Батысында Лефка, орталығында Ида (‘’2456 м’’), шығысында Дикти (‘’2148 м’’) массивтері жатыр. Бұлар көбіне әктастан, тақтатастан түзілген; карст құбылысы байқалады. Жер сілкінулер жиі болып тұрады. Климаты жерортатеңіздік. Емен, қарағай, кипарис, шалғын өседі. Аралда темір кентасы мен қоңыр көмір кен орындары бар. Басты қалалары мен порттары: Ираклион, Ханья.

Крит университеті

Крит университеті (гр. Πανεπιστήμιο Κρήτης) — Ираклион мен Ретимнон қалаларында орналасқан аралдағы ірі университет.

Университет 1973 жылы ашылған, алайда толық оқу процессі 1977—1978 жж. басталды. Қазіргі уақытта университетте шамамен 13 мың адам білім алуда, оның 2 мыңы аспиранттық дайындықтан өтіп жатыр.

Ретимнонда тарих, археология, философия және әлеуметтану, филология бөлімшелері орналасқан. Ираклионда — биология, информатика, математика, қолданбалы математика, технология, физика бөлімшелері орналасқан. 1981 жылы Крит университетінің табиғи тарихы мұражайы салынды, ол университеттің бөлігі болып саналады.

Миной өркениеті

Миной өркениеті — қола дәуірінің б.з.б. 2700-1400жж. аралығында Критті қамтыған өркениет. Бұл өркениеттің негізін үндіеуропалықтар құраған.

Никос Казандзакис

Никос Казандзакис (гр. Νίκος Καζαντζάκης; 18 ақпан 1883, Ираклион, Түркия иелігі — 26 қазан 1957, Фрайбург) — грек жазушысы. Критте туған. 1902 жылы Афинаға келеді. Онда заң факультетінде оқиды. 1907 жылы Парижге келіп, философияны зерттеп, А. Бергсонның дәрістерін тыңдайды.Грекияға оралып, философиялық еңбектердің аудармасымен айналысады. Елдерде журналист болып қызмет атқарады (Франция, Германия – 1922-1924, Италия, Ресей – 1925-1927, Испания – 1932, Кипр, Египет, Чехословакия, Қытай, Жапония және т.б. )

Лейкемиядан қаза тапты. Ираклион қаласыны қабырғасының жанында жерленген. Православ шіркеуі жерлеуден бас тартады.

Құлыптасында: «Ешнарсеге үміттенбеймін. Ешнарседен қорықпаймын. Мен азатпын» (гр. Δεν ελπίζω τίποτα. Δε φοβούμαι τίποτα. Είμαι λέφτερος) деген жазу бар.

ОФИ (футбол клубы)

ОФИ (грек. ΌΦΗ - Όμιλος Φιλάθλων Ηρακλείου, ағыл. Omilos Filathlon Irakleiou — Ираклион жанкүйерлер клубы) — Грекияның Ираклион қаласындағы футбол клубы. Өз алаңындағы ойындарын "Панкрито" стадионында өткізеді.

Клуб 1925 жылы құрылған. Құрамында әр жылдары Роланд Гомес (Коста-Рика), Дерек Боатенг (Гана) секілді атақты футболшылар да ойнады.

Россия (әуе компаниясы)

«Россия» әуе компаниясы (орыс. ОАО «Авиакомпания „Россия“») — ресейлік әуе компаниясы. Әуе компаниясының негізгі ұшулары Санкт-Петербург қаласынан жүзеге асырады.

Эгей теңізі

Эгей теңізі (гр. Αιγαίο Πέλαγος; түр. Ege Denizi) — Жерорта теңізі алабындағы жартылай тұйық теңіз. Балқан түбегі, Кіші Азия мен Крит аралы аралығында орналасқан.

Грекия мен Түркия жағаларын шаяды. Солтүстік-шығысында Дарданелл бұғазы арқылы Мәрмәр теңізімен, оңтүстігінде ұсақ аралдар аралығындағы көптеген бұғаздар арқылы Жерорта теңізімен жалғасқан. Аумағы 191 мың км2. Плиоцен мен плейстоценнің аяғында су астына шөккен құрлық (Эгеида) үстінде орналасқан. Ең терең жері – 2561 м. Аралдары көп (Солтүстік және Оңтүстік Спорад, Киклад топ аралдары, т.б.). Судың температурасы беткі қабаттарда қыста 11 – 16С, жазда 22 – 25С. Тұздығы 37 – 38‰. Толысуы жарты тәуліктік (1 м-ге дейін). Жағалауы шығанақтармен және қойнаулармен тілімделген. Балық ауланады.Эгей теңізі арқылы Қара теңіз порттарынан Оңтүстік Еуропа, Солтүстік Африканың порттарына, Таяу Шығысқа және Орта Шығысқа, Суэц каналы арқылы Үндістанға және Оңтүстік-Шығыс Азия порттарына су жолдары өтеді. Ірі порттары – Пирей, Салоники, Ираклион (Грекия), Измир, Шанаққала (Түркия).

Қазақстан футбол клубтары еурокубоктардағы көрсеткіші

2002 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан UEFA-ның 52-ші мүшесі болып қабылданды. Қазақстан футбол федерациясын Еуропа футбол қауымдастықтары одағы құрамына қабылдау туралы шешім Стокгольмде өткен УЕФА конгресінде бекітілген. Содан бері бұл күн Қазақстан футболы күні ретінде аталып өтіледі. Осы шешімнен кейін Қазақстан футбол клубтары 2002/03 жж. маусымнан бастап еурокубоктерде өнер көрсету құқығына ие болды.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.