Измир

Измир (түр. Izmir екінші атауы Смирина, гр. Σμύρνη) — Түркияның батысында, Измир шығанағының жағалауындағы қала. Измир кішкентай таулы төбешіктермен қоршалған. Халық саны (2005 жылы, 3,5 миллион адам) бойынша Түркиядағы үшінші орында тұрған және Ыстамбұлдан кейінгі екінші үлкен портты қала. Измир елінің әкімшілік орталығы, Жерорта теңізінің су алабындағы ең көне қала, Түркия Республикасының маңызды өнеркәсіп және мәдени орталығы. Измир (Смирина) – Гомердің отаны болып атануға үміткер қалалардың қатарында.[1][2][3]

Izmir panorama from Kadifekale
Измирдің панорамасы

Дереккөздер

  1. STEWART LECTURE ON SMYRNA MASSACRE DEEPENS UNDERSTANDING OF SPILEOS SCOTT’S BLOODLINES ART INSTALLATION AT ALMA
  2. AT FULLER, LITTLE-KNOWN HORRORS OF SMYRNA COME TO LIFE
  3. Author Marjorie Dobkin talks at Brown U. about the burning of Smyrna
1896 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары

Жазғы Олимпиада ойындары 1896 (ағылш. 1896 Summer Olympics, фр. Jeux Olympiques d'été de 1896, гр. Θερινοί Ολυμπιακοί Αγώνες 1896; ресми атауы — I Олимпиаданың ойындары; өткізілу кезінде I Халықаралық Олимпиада ойындары деп аталған) — қазіргі заманғы алғашқы жазғы Олимпиада ойындары. Афина (Грекия) қаласында 1896 жылдың 6 - 15 сәуір күндері аралығында өткізілді. Жарысқа 14 елден келген 241 спортшы қатысқан, әйелдерге жарысқа қатысуға рұқсат етілмеді.Бұл Ойындардың қазіргі ойындардан көптеген айырмашылықтары бар — Олимпиада оты және алтын медальдарды тапсыру рәсімі сияқты дәстүрлер болған жоқ..

Алтай

Алтай (моңғ. Алт — алтын) — Оңтүстік Сібір мен Орталық Азиядағы географиялық аймақ.

Алтайлықтар — түрік халқы, негізінен Ресей Федерациясынның Алтай Республикасында тұрады.

Балыкесір

Балыкесір — Түркияның батысындағы ил.

Бергама

Бергама ( түр. Bergama) – Түркияның Измир иліндегі қала және аудан..

Мақтадан жасалған киім-кешектерімен, алтын бұйымдарымен, атақты бергам кілемдерімен аты шыққан.

Эгей теңізінен 26 км қашықтықта, Бакырчай өзенінің жағалауындағы қала. Батысында Дикили, оңтүстігінде Алиага, шығысында Кынык ауданымен, солтүстігінде Балыкесир илімен шекаралас. Антика заманында қазіргі Бергам қаласының солтүстік-батысында ең ірі Пергам қаласы орналасқан.

Рим дәуірінде Пергам қаласы өркендеу шыңына жетіп, қала халқының саны 150 000 адамды құраған.

Волгоград

Волгоград — Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік-шығысындағы қала, Волгоград облысының әкімшілік орталығы. Халық саны – 1 018 790 адам1589-1925 жылдар аралығында Царицын, ал 1925 пен 1961 жылдары — Сталинград деп аталды.

Грек-түрік соғысы

Грек-түрік соғысы (1919-22) - түрік халқының шетелдік басқыншылардан өз елін азат ету жолындағы соғысы. 1-дүниежүзілік соғыста жеңіліске ұшыраған Осман сұлтандығына Антанта елдері (Ұлыбритания, Франция, Италия) әскер кіргізіп, ең маңызды аудандарын басып алды. Одақтастар Стамбул қаалсын, бұғаздарды, Шығыс Дракияны, Анталия мен оның төңірегіндегі аудандарды иеленді. 1919 жылы15 мамырда Антанта елдерінің қолдауымен Грекия Измир қаласымен төңірегін бағындырды. Антанта елдері Осман сұлтандығын өзара бөліп алуға кірісті. Мұндай озбырлыққа шыдамаған түрік халқы генерал Мұстафа Кемалдың бастауымен ұлт-азаттық көтеріліске шықты. Олар Анкара үкіметін құрып, сұлтан төңірегінен біржолата бөлініп шықты да, шетел басқыншыларымен ашық соғысқа кірісті. Антанта елдері жаңа ұлттық үкіметті талқандауды Грекия үкіметіне тапсырды, әрі оған осы еңбегі үшін Измир қаласы мен оның тоңірегіндегі аймақты бермекші болды. 1920 жылы 22 маусымда грек әскерлері шабуылға шығып, партизан жасақтары негізінде құрылған түрік әскерлерін кері шегіндіріп, Балықесир, Бурса қалаларын жаулап алып, Анкараға қарай шабуылға шықты. Грек армиясының 2-тобы еуропалық аймақта шабуылдап, Шығыс Франция аймағын басып алды. 1921 жылдың басында жаңадан құрылған тұрақты түрік армиясы Иненю қалашығы түбінде 1-рет жеңіске жетіп, гректердің шабуылын уақытша тежеді. Антанта елдерінің көмегіне сүйенген гректер адам күші мен материалдық-техникалық жағынан басым болды. 1921 жылы грек армиясының құрамында 96 мың сарбаз, 5600 пулемет, 345 зеңбірек болса, түріктер жағында 51 мың сарбаз, 440 пулемет, 162 зеңбірек болды. 1921 жылы жазда гректер шабуылды қайта бастады. Шілде айында олар Эскишехир, Кютахия, Афьон- Карахисар қалаларын басып алып, тамыз айында Сакария өзеніне жетіп, Анкараға қауіп төндірді. Майдан шебі Анкара қаласынан 30^10 шақырым жерде түрды. Ұлттық халық жиналысы Мұстафа Кемалға төтенше билік беріп, Бас қолбасшы етіп бекітті. 1921 жылы 23 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында Сакария өзені бойында шешуші шайқас болды. 21 күнге созылған қанды қырғында түрік әскерлері грек басқыншыларын талқандап, шешуші жеңіске жетті. Бұл жағдай Түркияның халықаралық жағдайын тұрақтандырып, халықтың еңсесін көтерді. 1921 жылы қазан айында Франция Мұстафа Кемал үкіметімен келісімге қол қойды. Италия үкіметі соғыс әрекеттерінен бас тартуға мәжбүр болды. 1922 жылы тамыз айында түрік әскерлері Батыс Анадолы жерін гректерден азат ету үшін үлкен шабуыл бастады. 9 қыркүйекте Измир қаласы, 13 қыркүйекте Анадолы түбегі жаудан толық азат етілді.

Лион

Лион (фр. Lyon [ljɔ̃], — Франция қаласы, Рона-Альпы аймағының және Рона департаментінің әкімшілік орталығы. Сонымен қатар, 14 кантондардың орталығы. Лионның 6 елді мекені бар.

Лион қаласы «Үлкен Лионның» (фр. Grand Lyon орталығы болып есептеледі, немесе Лион қаласындағы қауымдастығының орталығы, оның ішіне 57 әкімшілік бірлік кіреді.

Мендерес

Мендерес (түр. Menderes) – Түркиядағы Измир иліндегі аудан. .

Ауданның негізі 1989 жылы қаланған. Солтүстігінде Измир қаласымен (Газимир, Нарлыдере, Гюзәлбахче аудандарымен), батысында Сеферихисар ауданымен, шығысында Торбалы ауданымен, оңтүстік-шығысында Селчук ауданымен шекаралас. Түркиядағы тарихи маңызға ие қалалардың бірі.

Мәриям

Мәриям (арабша— діндар әйел) — Дәуіт Пайғамбардың ұрпағы, Иса пайғамбардың анасы. Исламда парасатты, әулие әйел ретінде ерекше құрметтеледі. Құран Кәрімнің “Мәриям”, “Әли ұымран” сүрелері Мәриям мен Иса пайғамбар өміріне арналған. Онда Мәриям дүниеге келмей тұрып, әкесі Имранның қайтыс болғаны, анасы Ханна Жаратқаннан жалбарынып сұрап алған перзентін Құдыстағы ғибадат үйіне тәрбиеленуге бергені жайлы айтылған. ұибадатханада өскен Мәриям тәрбиесі сонда қызмет істейтін жездесі Закария пайғамбарға жүктеледі. Ертелі-кеш құлшылық ететін Мәриям ның жанына ешкім келмесе де, Закария тағам әкелгенде, оның маңайы жемістерге толы болады. Таңданыс білдіргендерге Мәриям “Оны маған Аллаһ жіберді. Расында Алла қалаған адамына өлшеусіз ризық береді” деп жауап қатады (3/37). Құдіреті шексіз Аллаһ бірде Мәриямға Жәбірейіл періштені жіберіп, әкесіз бала жарататындығын және оның адамзатқа мұғжиза мен мейірім ретінде келетіндігін жеткізеді (19/16 — 19; 21). Аллаһ әмірімен жүкті болған Мәриям Иса пайғамбарды жырақта жүріп босанады (19/22 — 26). Мұғжиза саналатын құндақтаулы сәбиімен еліне оралған ол өзін қаралап даттай бастағандарға аузы беріктігін айтып, сұрақтардың сәбиге қойылуын өтінеді, сонда нәресте “Рас, мен Аллаһның құлымын. Маған кітап беріп, пайғамбар қылды” дейді (19/27 — 33). Мәриямның қашан және қай жерде қайтыс болғаны белгісіз, Түркияның Измир қаласының маңында қабірі бар.

Селен Сойдер

Мюкерре́м Селе́н Сойде́р (түрікше. Selen Soyder, 26 желтоқсан 1986, Измир) —түрік моделі , актрисасы , Мисс Түркия 2007.

Түркия

Түркия (түр. Türkiye), ресми аталуы Түркия Республикасы (түр. Türkiye Cumhuriyeti) — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-ші орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 80.810.525 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара, Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен және Армениямен, батысында Болгариямен, Грекиямен, оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.

Түркиядағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізімі

ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімінде Түркияның 13 нысаны бар (2014 жылғы мәліметі бойынша). Бұл нысан тізімге 11 нысан мәдени, 2 - аралас критерийлар бойынша іліккен. Бұдан басқа, 2014 жылғы жағдайына сәйкес Түркия аймағындағы Әлемдік мұра тізіміне 52 нысан үміткер ретінде тіркелген.

Ульсан

Үлгі:ЕМ-Оңтүстік Корея

Ульсан (кор. 울산광역시?, 蔚山廣域市?) — Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығыс жағында, Жапон теңізінің жанында, Пусаннан 70 кмлометр солтүстікке қарай орналасқан қала. Географиялыө координаталары: 35°33′00″ с. е. 129°19′00″ ш. б.35.55000° с. е. 129.31667° ш. б. / 35.55000; 129.31667 .

Урла

Урла ( түр. Urla) – Түркиядағы Измир иліндегі қала және аудан. .

Урла түбегінің мойнағында орналасқан. Қала солтүстік-батысында Карабурун, батысында Чешме, оңтүстік-шығысында Сеферихисар аудандарымен, шығысында Измирдегі Гюзәлбахче ауданымен шекаралас.

Антика заманында осы жерде ежелгі Клазомен қаласы орналасқан еді. Кейін Византия империясының, Айдыногуллары атты селжұқ бейлігінің құрамында болып, аяғында Осман империясының билігіне өтеді.

Фатих Текке

Фатих Текке (түр. Fatih Tekke; 9 қыркүйек 1977 жыл, Трабзон, Түркия) — түрік футболшысы, шабуылшы. Ресей және Түркия клубтарында, Түркия Ұлттық құрамасында ойнаған. Қазір бапкерлікпен айналысады.

Түркия және Ресей чемпионы.

Шымкент

Шымкент — Қазақстандағы қала, Республикалық маңызы бар қала, 2018 жылдың 19 маусымына дейінгі Түркістан облысының орталығы.

Тұрғыны шамамен 1 млн адам (2018 жыл). Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда тұрғыны жөнінен 2-ші орында (Алматыдан кейін). Осымен қатар, Шымкент Қазақстанның негізгі өнеркәсіп, сауда және мәдени орталықтарының бірі болып табылады.

Шәміл Бисенғалиұлы Әбілтай

Шәміл Әбілтай (24.2.1948 жылы туған, Атырау облысы Дендер ауданы Толыбай құмы, Қарақызыл қыстауы) – күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998 жылы).Атырау музыка училищесін домбыра мамандығы (1972 жылы) бойынша бітірген. 1972 – 75 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясында күйші-лектор ретінде қызмет істеді. 1975 – 85 жылдары еркін шығармашылық еңбекпен айналысады және Қазақ радиосының бас редакторы (1985 – 88 жылдары), ал 1994 жылдан халықаралық. Құрманғазы қорының төрағасы болған.

“Ұлытау” атты күй-кітабы мен “Ордабасы” дейтін күйтабағы шықты. Қазақ телевизиясы бойынша “Yкілі домбыра”, “Домбыра дастан” бағдарламаларын жүргізді.

Әбілтаев –

“Домалақ ана”,“Шақшақ Жәнібек”,“Бекет Ата”,“Қыдыркезген Қызылқұм”,“Елбасы” күйлерінің,“Қожа Ахмет Иасауи”, “Жер ұраны – Ұлытау”,“Ордабасы”,“Құрманғазы – күй дүлдүл”, “Мұстафа Шоқай туралы толғау”, “Түркістан”,«Бір ауыз сөз»,«Күй ата» музыкалық-толғауларының авторы.Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1980 жылы). 1994 жылы Измир қаласында (Түркия) өткен түрік халықтарының дүниежүзілік құрылтайында озан (жыршы) атағын алған. « Жастар одағы» сыйлығының иегері (1980). 1994 жылы Түркияның Измир қаласында өткен түрік халықтарының дүниежүзілік құрылтайында озан ( жыршы- жаршы) атағын алған.

Әбілтайдың композиторлық шығармалары негізінен тарих тағылымына баса назар аударумен әрі оны қазақ елінің тәуелсіздігімен ұштастыру болып табылады. Әбілтай Оғыландыдағы әулие күмбезінде түнегенде «Бекет ата» күйін шығарған.

Эгей теңізі

Эгей теңізі (гр. Αιγαίο Πέλαγος; түр. Ege Denizi) — Жерорта теңізі алабындағы жартылай тұйық теңіз. Балқан түбегі, Кіші Азия мен Крит аралы аралығында орналасқан.

Грекия мен Түркия жағаларын шаяды. Солтүстік-шығысында Дарданелл бұғазы арқылы Мәрмәр теңізімен, оңтүстігінде ұсақ аралдар аралығындағы көптеген бұғаздар арқылы Жерорта теңізімен жалғасқан. Аумағы 191 мың км2. Плиоцен мен плейстоценнің аяғында су астына шөккен құрлық (Эгеида) үстінде орналасқан. Ең терең жері – 2561 м. Аралдары көп (Солтүстік және Оңтүстік Спорад, Киклад топ аралдары, т.б.). Судың температурасы беткі қабаттарда қыста 11 – 16С, жазда 22 – 25С. Тұздығы 37 – 38‰. Толысуы жарты тәуліктік (1 м-ге дейін). Жағалауы шығанақтармен және қойнаулармен тілімделген. Балық ауланады.Эгей теңізі арқылы Қара теңіз порттарынан Оңтүстік Еуропа, Солтүстік Африканың порттарына, Таяу Шығысқа және Орта Шығысқа, Суэц каналы арқылы Үндістанға және Оңтүстік-Шығыс Азия порттарына су жолдары өтеді. Ірі порттары – Пирей, Салоники, Ираклион (Грекия), Измир, Шанаққала (Түркия).

Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы

Үлгі:Infobox Geopolitical organisation

Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы аймақтың ынтымақтастық даму құқығына ие, 1985 жылы құрылған Үкіметаралық аймақтық ұйым болып есептеледі. ЭЫҰ үш құрылтайшысы мемлекеттің Иран Ислам Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы және Түркия Республикасының Измир шартының келісімі бойынша қол қойылған устав аясында әрекет жасады.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.