Иврит тілі

Иври́т тілі (עִבְרִית) — еврейлердің тілі, семит тобына кіреді, Израилдің мемлекеттік тіліиудаизмнің дәстүрлі тілі. Бүгінгі иврит тілі XX ғасырдың басында Израиль мемлекетінің ресми және екі ауыз тілі ретінде қайта жаңғыртылды.

Еврей халқының материалдық және рухани мәдениеті

Еврей, бастапқы атауы және көне еврей халықтарынан тарайтын әртүрлі елдерде тұратын халықтардың жалпы этностық атауы (орыс тілінде).

Еуропа мен Америкада тұратын еврейлердің көпшілігі индоеуропалық тілдер әулетінің герман тобына жататын идиш тілінде сөйлейді. Израильде еврейлердің көп бөлігі семит әулетіне жататын иврит тілінде сөйлейді. Балкан мен Таяу шығыстағы еврейлердің бір бөлігі роман тобына жататын испаноль (ладино) тілінде сөйлейді.

Ивритше Уикипедия

Ивритше Уикипедия (ивр. ויקיפדיה: האנציקלופדיה החופשית‎) — Уикипедияның иврит тіліндегі бөлімі. Ол 2003 жылдың 8 шілдеден бастап жұмыс жасап келеді.

Израиль

Израиль (ивр. יִשְׂרָאֵל‎, араб.: إِسْرَائِيل‎), ресми — Израиль мемлекеті (ивр. מְדִינַת יִשְׂרָאֵל‎ Мединат Исраэль, араб.: دَوْلَة إِسْرَائِيل‎ Даулят Исра’иль) — Таяу Шығыс елі, Азия мен Африканы қосып тұр. Георафиялық орналасуы бойынша – мемлекет Азияның оңтүстік-батысында орналасқан.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 1947 жылы 29 қарашадағы Палестинаны бөлу жөніндегі шешімі бойынша берілген жер көл. 14 мың км², ал 1948 – 49 жылдары араб-израиль соғыстары барысында басып алған жерлерін қосқанда 20,7 мың км².

Израилдің астанасы – Иерусалим қаласы, дегенмен қаланы толық бақылау БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше елдер тарапынан мойындалған жоқ.

Иерусалим көне карталарда әлемнің орталығы болып бейнеленген. Бұл қаланың жасы үш мың жылдан астам. Еврейлер үшін Иерусалим қаласы Израильдің өзі болып есептеледі; бұл Давида мен Соломон шіркеуінің атақты орны. Еуропа халқының мәңгілік астанасы. Христиандар үшін Христостың соңғы күндерін сүрген және керілу мен жанданған жері, сондай-ақ құпия сырдың орны. Мұсылмандар үшін қасиетті Әл-Қудждің атымен көкке ұшқан күні. Иерусалим үш қаланың бір қала болып көрінгені тәрізді. Қаланың бүгінгі көрсінісі: Батыс Иерусалим – еврей анклавы; Шығыс Иерусалим – онда негізінен арабтар қауымы тұрады; бұл конгломераттың ортасында Көне қала орналасқан.

Семит тілдері

Семит тілдері - Таяу Шығыс және Солтүстік Африкада 270 миллионнан астам адам сөйлейтін Афро-Азия тілдес халықтар тілінің тармағы. Бүгінгі күні Семит тілдес халықтарының ішінде ең кең таралғаны Араб тілі болып табылады. (206 миллион), Амахар (27 million), Иврит тілі (шамамен 7 миллион), Тигриния тілі (6.7 миллион), және Арамаик (шамамен 2.2 миллион).

Заманәуи семит тілдерінің ішінде ең кең таралған түрлері:

араб тілі (шамамен 240 млн. адамға туған тіл болып табылады, сөйлейтіндердің жалпы саны шамамен 300 млн. адам)

амхар тілі (25 млн.)

тигринья (9млн.)

иврит (8млн.)

ассирлік жағаарамейлік (1-2 млн.)

малтий тілі (371900)

Тель-Авив

Тель-Авив — (ивр. תֵּל אָבִיב-יָפוֹ‎; және Тель-Авив; араб.: تل أبيب‎) — Израильдін ең үлкен қаласы. Жерорта теңіздің ең үлкен курорт, порт. Жеорта теңізден шығыс жағасында орналасқан. Халық саны — 403700 адамдар. Тель-Авив мәдинет және экономикалық, туристтік қала. Қалада суб-тропикалық, жерорта теңіздік климат болып тұр. Қыста жаңбыр жауады. Ауа-Райы жылы тұрады. Орташа температурасы + 13,3 С. Қар сирек болады. Жаз өте ыстық және ұзақ болады.

Чикаго әлеуметтану мектебі

Чикаго әлеуметтану мектебі — ХХ ғасырдың 20-30 жылдары дәурендеген әлеуметтану ағымы болып, негізінен АҚШ-тың Чикаго университетінің Роберт Парк (Robert Ezra Park), Эрнст Берджесс (Ernest Burgess) және басқалары құрған қала әлеуметтануы (urban sociology) мектебі. Олар әсіресе криминологияға сандық анализ әдіснамасын қолданып қала және қала маңы жастарының қылмыс өткізуі құбылыстарына нақты зерттеу жүргізді. Осы себепті ХХ ғасырдың алдыңғы жартысында Чикаго қаласы криминологиялық әлеуметтануды зерттеудің орталығына айналды.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.