Жылжыма

Жылжыматопырақ массалары мен тау жыныстары шоғырының тау-төбе баурайынан өзінің ауырлық күші әсерінен етекке қарай орын ауыстыруы, сырғуы; беткейдің шайылуынан, сейсмикалық дүмпулерден және т.б. себептерден болады.[1]

Landslide (near Novinki, Nizhny Novgorod Region) (6)
Жылжыма салдары

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Берілістер қорабы

Берілістер қорабы (орыс. Коробка передач) — беріліс қатынастарының баспалдақты өзгеруі тісті берілістердің ажыратылып-қосылуымен жүзеге асырылатын көп буынды механизм. Берілістер қорабы металл кескіш білдектің жетекші білігі айналуының түрақты жиілігі кезінде жетектегі біліктің айналу жиілігін өзгертуге арналған, мысалы, металл кескіш білдектердің негізгі жону қозғалысының жетегі. Берілістер ауыстыру тәсілі бойынша жылжыма тісті жиынтығы бар берілістер қорабы (жұдырықшалы және тісті жалғастырғышты), үйлестіргіштері бар тісті жалғастырғышты, үйкеліс түзілімді жалғастырғышты жөне тежегішті, бос жүріс жалғастырғышты болып бөлінеді.

Беткейлік процес

Беткейлік процес - беткейлердің пішіні мен эволюциясына әсер ететін процестер жиынтығы. Беткейлік процесдің сипаты мен қарқындьшығы тектоникамен, геологиялық құрылысымен, климатымен, жердің су режімімен және тағы да басқалары факторлармен анықталады. Беткейлік процес беткей түзу және беткей қалыптасу процестеріне бөлінеді. Біріншісіне тектоникалык козғалыстар, өзен эрозиясы, абразия, эолдық, антропогендік процестер жатады, екіншісіне гравитация, беткейлік ағын, тау жыныстарының үгілуі, ағынды су, жылжыма, опырьюма, солифлюкция арқылы үгілу өнімдерінің төмен карай орын ауыстыруы, олардың беткейлер баурайында жинақталуы және борпылдак материалдың одан әрі тасымалдануы жатады.

Биші орман

'Биші орман' – діңі бұралып немесе бір жағына иіле біткен ағаштар өсетін орман. Биші орман жылжыма және термокарст құбылыстар кең тараған аудандарда жиі кездеседі. Қазақстанда мұндай орман Көкшетау маңында бар.

Жарықтар

Жарықтар - тұтас тау жыныстарының әр түрлі себептермен жарылуы әсерінен болшектенген бөліктерінің араларында пайда болған ыдырау сызықтары. Пайда болуы тұрғысынан тектоникалық Жарықтар және бейтектоникалық Жарықтар болып екі түрге бөлінеді. Тектоникалық Жарықтарға тектоникалық айырылымдар, кливаж; бейтектоникалық Жарықтарға үгілу Жарықтары, опырылма Жарықтары, жылжыма Жарықтар жатады.

Жылжыма (Салазки)

Жылжыма - білдектің немесе машинаның жұмыс органы орналасқан және өнделетін тетікке, бұйымға немесе объектіге қатысты орын ауыстырып отыратын түзілімі; жұмысшы орган орнатылған және өңделінетін бөлшекке, бұйымға немесе объектіге қатысты қозғалыста болатын станок немесе машина тетігі.

Жылжыма үстіңгі, төменгі және револьверлі болып бөлінеді.

Жыртылыс

Жыртылыс. Тау жыныстарының жыртылысқа ұшырай отырып, сол жыртылу жазықтығы арқылы бөлшектенген геологиялық денелердің әрлі-берлі қозғалыстарға ұшырауымен сипатталтын тектоникалық бұзылыс түрлерінің жалпылама атауы. Жарылыспен бөлшектенген тау жынысы бөлшектерінің (Ж. қанаттарының) қозғалу бағыты мен жыртылу жігінің сипаттарына (еңістену бұрышына) орай Жыртылыстар бірнеше түрге жіктеледі:

шапшымалар;

сырғымалар;

көлбемелер;

жылжымалар;

қаусырмалар:

сұғынбалар;

көлбемелер;

ырсимала;

жылжымалысырғыма;

сырғымалы-жылжыма.

Көшкін

Көшкін – таудың құлама беткейімен төмен қарай орасан жылдамдықпен сырғитын қар немесе мұз массасы. Қар көшкіні қалың қар жаууының, қардың қарқынды еруінің, жаңбыр жауудың, тереңдік қылаудың борпылдақ түзілімі бар қар қабатының қайта кристалдануының әсерінен беткейдегі қар беріктігі бұзылғанда пайда болады. Жылжу сипаты бойынша оны жылжыма, науалық және секірмелі көшкіндер деп бөледі. Құрғақ қардан көшкін жүрген кезде, оның алдыңғы жағында жан-жаққа тарап үлгеретін ауа толқыны пайда болады. Қар көшкіндері өзінің бұрынғы тапталған жолы бойынша жүреді, көл. 2 млн. м3-ге дейін, ал күшінің соққысы 60 – 100 т/м3-ге дейін барады. Көшкін жиі болатын тауларда (Іле, Жетісу Алатаулары, т.б.) көшкіннен қорғау жүйелері (қардан қорғайтын қалқандар, қауіпті беткейлерді артиллериямен атқылау және т.б.) құрылады, орманды кесуге тыйым салынады. Көшкін қауіпті беткейлерге ағаш отырғызылады. Мұз көшкіндері, тік аспалы мұздықтардың опырылып, төмен қарай жылжуынан пайда болады.

Лайлы ағыс

Лайлы ағыс — суспензиялық ағыс — жүзгіндермен қаныққан, тығыздығы жоғары болатын теңіздер мен мұхиттардың түптеріндегі гравитациялық ағыстар. Жер сілкінуінің өсерінен, қатты ағынды өзен тасқыны кезінде, су асты каньондар- дың жағалық ағыстардың тасқынын өзіне бұрып алған кезде, соңдай-ақ су астындағы жылжыма кездерінде пайда болады.

Суффозиялық жылжым

Суффозиялық жылжыма (сырғыма)— суффозияның (беткейлерде бұлақтар түрінде шығатын жер асты суларының таужыныстардың майда бөлшектерін шайып шығару процесі) дамуы нәтижесінде жаралады, үстінде жатқан таужыныстардың орнықтылығын азайтады.

Тұнбалану

Тұнбалану – жер бетіндегі шөгінділердің барлық түрлерінің тұнбаланатын заттектердің жылжыма, салынды немесе еріген (ауа немесе су ортасында) күйінен жылжымайтын (тұнба) күйге өту кезінде түзілуі. Тұнбалану құрлықта, мұхит, теңіз, өзен, кез келген суқоймалардың түбінде болады. Антропогендік ластануға байланысты тұнбалану кезінде кейбір жерлерде улы заттектердің, кейде мысалы, ауыр металдардың әдеттен тыс жоғары концентрациясы пайда болады; 2) тұнбалы шөгінділер, органикалық шөгінділер, судағы қосылымдар. Өзендегі, ұңғымадағы, жабық құбырдағы, гидротехникалық және гидромелиорациялық құрылыстардағы қайырлану түрі.

Құю-тығындау автоматы

Құю-тығындау автоматы- өнөркәсіп орындарында сүт, айран, су-сын және минералды сулар, шарап т. б. сұйықтар құйылған бөтелкелердің аузын тығыңмен бекітетін машина. Бұл автомат құю конвейері бойында орна-ласады. Конвейер бойында Қ.-т. а-нан басқа да (мыс., бөтелкелер жуу машинасы, құю, саиа тексеру және эти-кетка жабыстыру) автоматтары орналасады. Шарап өндірісінде полиэтилен тығындар бекітетін ПУА-71, металл тығындарға арналған УА-2 М авто-маттары пайдаланылады. УА-2 М бір соғ-та 200 бөтелкені тығындайды. Ар-наулы шанақтан түсетін тығындар жылжыма арқылы бөтелкенің аузына тірелген кезде кривошипті механизммен бекітіледі. Механизмнің әрбір қозғалысы кезінде шанақтан бір тығын түседі. Тағамдық және сусындық сұйықтарды сапалы құю үшін вакуумды конвеперлер қайдаланылады, Бұл конвейерде ВУА типті тығындау автома-ты жұмыс істейді. Қ.-т. а. сыйымд. 0,25 л-ден 1 л-ге дейінгі бөтелкелерді ағаш,полиэтилен, темір, қалайы, картонтығындармен бекіте алады.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.