Еуропа одағы

Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО) — Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі.

Еуропа одағы (ЕО) — халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Аустрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған. Еуропа одағы еуропалық қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951, осы ұйым Еуропа одағының құрылуына негіз қалады), Еуропалық экономикалық қауымдастықтың (1957 жылы Рим келісімшарты бойынша құрылған бұл ұйым “Ортақ рынок” деп те аталады), сондай-ақ, Атом энергиясы жөніндегі еуропалық қауымдастықтың (1957 жылы құрылған) қарым-қатынастары негізінде жұмыс істейді. Кейіннен бұл Одаққа – Польша, Мажарстан, Чехия, Словакия, Словения, Хорватия, Эстония, Латвия, Литва елдері мүше болды. Еуропа одағы аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еуропалық актіде (1987), Маастрихт келісімшартында (1992) және Амстердам келісімінде (1997) көрсетіліп айқындалған. Соңғы жылдары Еуропа одағы мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту; кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта теңізі жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру; әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді. 1999 жылдың бірінші қаңтарынан бастап (алғашқы кезекте он бір мемлекет: Аустрия, Бельгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Португалия, Финляндия, Франция) есеп айырысу операциялары үшін тепе-теңдік қасиеті бекіндірілген бірегей еуро (1996 жылға дейін ЭКЮ) валютасын енгізді. 2002 жылдан бастап қолма-қол төлемдерге арналған тиындар мен банкноттар айналымға қосылмақшы. Еуропа одағының жалпы органдары қатарына Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент, Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы, т.б. жатады. Еуропалық Одақ әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. 1995 жылдың қаңтарында Еуропалық Одақ комиссиясының штаб-пәтері орналасқан Брюссель қаласында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ және оның мүше мемлекеттерінің арасында серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға Еуропа одағы ТАСИС бағдарламасы шеңберінде үлкен көмек көрсетіп отыр. Бұл бағдарлама 1991 жылдан бастап орындалуда.

Дамуы

Федералдандыру Еуропалық қауымдастықтың және Одақтың дамуының бүгінгі күнге дейінгі дамуының басты үрдісі болып отыр:

  • ЕО-ың ішкі бірыңғай нарығы қалыптасқан жалпы нарықты құру, яғни, "осы Келісім ережелеріне сәйкес тауар, қызмет және капитал айналымы еркін жүргізілетін ішкі шекарасыз кеңістік" орнату (Еуропалық Қауымдастық құру жөніндегі Келісімнің 4-бабы);
  • Экономикалық және валюталық одақ орнату. Оның негізі ЕО бірыңғай ақша бірлігінің - еуроның (бұл процеске әзірше өз үлттық валюталарын айналымда қолданатын ¥лыбритания, Дания және Швеция, сондай-ақ ЕО-ның 10 жаңа мүше-мемлекеті қосылған жоқ) енгізілуі;
  • Шенген кеңістігін құру және осы Шенген келісімінің негізінде шетелдіктерге бірыңғай визаны енгізу;
  • Еуропалық Одақ институттарының әртүрлі салаларда ортақ саясат жүргізуі: ЕО-ның ортақ аграрлық сая¬сатын, бәсекелестік саясатын, көші-қон, көлік, экологиялық және т.б. саясаттарын жүргізу;
  • Еуропа одағы қүқын - мүше- мемлекеттердің, заңды түлғалардың және қарапайым азаматтардың қатысуымен қоғамдық қатынастардың маңызды салаларын реттейтін өзіндік қүқық жүйесін қалыптастыру;
  • Tұрақты, құқықтық байланысы ретінде Одақтың азаматтық институтын құру;
  • Одақ азаматтарының негізгі қүқықтық ережелері бекітілген жаңа кешенді дерек көзі - 2000 жылы қабылданған Еуропалық Одақтың негізгі қүқықтар жөніндегі Хартиясы.

XXI ғасырдын басында Еуропа одағы қайта қүрулардың жаңа кезеңіне өтті, оның мақсаты - үйымды тиімді қызмет ету жолын қалыптастыру және демократияландыра түсу. 2002 жылы "Одақтың болашағы жөнінде Конвент" шақырылды. 2004 жылы Конвент Еуропа Одағының Конституциясын жасады.

Еуропа одағының әлеуметтік саясаты

Еуропа одағытың әлеуметтік саясаты - Еуропалық Одақ елдерінде әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі. Қазіргі әлемдегі әлеуметтік саясаттың дамуының ғаламдық үрдістері ең алдымен, аймақтық деңгейде қалыптасуда. Осы орайда едәуір ілгері кеткен, үлгі боларлықтай әлеуметтік жағдайлар туғызып отырған Еуропа аймағы, мүндағы әлеуметтік саясаттың ең басты үйымдастырушы әрі бірыңғайландырушы факторы - үздіксіз ықпалдасушы халықаралық бірлестік - Еуропа Одағы. Еуропа Одағы елдерінде қазіргі кезде бүгінгі әлемдегі ең жетілген әлеу¬меттік қамту жүйесі орныққан, оның негізі XX ғасырдың алғашқы жартысында қаланды. 1957 жылы Еуропалық экономикалық қауымдастық қүра отырып, мүше-мемлекеттер келісім-шартта "жүмысшылардың еңбек жағдайын, өмірлік стандарттарын жақсартуға жәрдем көрсету" туралы ортақ келісімді бекітті. Әлеуметтік жүйені үйлестіру тек шаруашылық саладағы шаралардың нәтижесі бола қоймайды. Экономикалық іс-шаралармен қатар, әлеуметтік саланы реттеу жүмыстары жасалуы керек. Осылайша, экономикалық іс- қимылдың әртүрлі қырларын жалпы реттеу саясатымен қатар, ЕО қүзырына кіретін элементтердің қүрамдас бөлігі "жүмыспен қамтамасыз ету саясаты" ( ЕО жөніндегі Келісімнің 3-бабы), сондай-ақ "денсаулық сақтау саласындағы саясат" (ЕО жөніндегі Келісімнің 3-бабы) үстанды. ЕО-ның әлеуметтік саласында үйлестірілген саясат жүргізудің маңыздылығы екі өзара байланысты себептің салдары. Ол ортақ нарықтың әлеуметтік мақсаттары және ЕО қызметінің барлық бағыттарында "өз міндеті ретінде Қауымдастық шеңберінде жүмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғауды, әиелдер мен ерлердщ тең қүқықтылығы, өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеруді белгілеуімен" негізделеді (ЕО жөніндегі Келісімнің 2-бабы). ЕО жүргізіп отырған әлеуметтік саясаттың қүқықтық негізі "Қауымдастық саясаты" қүрылтай келісімінің 3-бөлімінің тараулар мен тармақтарының ережелері болып табылады. Әлеуметтік саясат саласында ЕО өкілеттігінің қайнар көздері: ЕО жөніндегі Келісімнің VIII тараудың "Жүмыспен қамту" бөлімі, XI тараудың екі бөлімі - 1 бөлім "Әлеуметтік ережелер" және 2 бөлім "Еуропалық әлеуметтік қор", сондай-ақ XIII бөлім - "Денсаулық сақтау".

ЕО-ның ортақ әлеуметтік саясатын жүргізуде жеке адамның әлеуметтік қүқықтарына арналған бірнеше қүжаттар аса маңызды:

  • Еуропалық әлеуметтік хартия, 1961 жылы Еуропа Кеңесінің қамқорлығымен қол қойылып, 1996 жылында қайта қаралған;
  • 1989 жылы еңбекшілердің негізгі әлеуметтік қүқықтары туралы Қауымдастық Хартиясы;
  • 2000 жылы ЕО-ның негізгі қүқықтар жөніндегі Хартиясы.

Қауымдастықтың әлеуметтік саясатын қалыптастыруда 1992 жылда әлеуметтік саясат жөніндегі Келісімнің тарихи маңызы зор. Маастрихт Келісімінен кейін ықпалдасудың жаңа айналымына өткен ЕО елдері әлеуметтік саладағы институттардың өкілеттігін кеңейту қажеттігі туралы уағдаласты. 1997 жылы Амстердам келісімі әлеуметтік саясат жөніндегі Келісімнің барлық негізгі ережелерін ЕО жөніндегі Келісімнің сәйкес баптарының қүрамына біріктірді. Келісім 1992 жыл күшін жойды. ЕО жөніндегі Келісімге сәйкес Еуропалық қауымдастықтың әлеуметтік саясатының мақсаттары: жүмыспен қамту, өмір сүру мен еңбек жағдайын жақсартуға жәрдемдесуді өзара үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкерлер мен еңбекшілер арасындағы диалог, нақтылы әлеуметтік қорғау, кедейленумен күрес, жүмыспен қамтудың жоғары дәрежелі жағдайына қолайлылық туғызу.

Еуропа одағы институттары

Еуропа одағы институттары - Еуропалық Одақтың негізгі міндеттерін жүзеге асырушы қүзырлы органдар. Еуропалық Одақ Институттары бір мезгілде Еуропалық қауымдастықтың әрқайсысының: Еуропалық қауымдастықтың, Еуропалық көмір және болат бірлестігі, Атом энергиясы бойынша Еуропалық Қауымдастық институттары ретінде де қызмет етеді. Осылайша, "Еуропалық Одақ институты" және "Еуропалық қауымдастық институты" ұғымдары синонимдер болып табылады. Еуропалық Одақ институттарына: Еуропалық Кеңес, Еуропалық Парламент, Еуропалық комиссия, Еуропалық Сот, Еуропалық санақ палатасы, Экономикалық және әлеуметтік комитет, Аймақтар комитеті, Еуропалық орталық банк, Еуропалық инвестициялық банк, Еуропа одағы омбудсманы, Еуропол жатады.

Еуропа одағы құқы

Еуропа одағы құқы — [EULaw; European Union Law] — Еуропалық қауымдастық пен Еуропалық Одақ шеңберіндегі еуропалық ықпалдасудың дамуы негізінде пайда болған ерекше қүқықтық феномен. Еуропа одағы қүқы халықаралық қүқық пен мемлекетшілік қүқықтың түйіскен жерінен пайда болған ерекше қүқық тәртібі. Еуропа одағы қүқының автономдығы Еуропалық қауымдастықтар Сотының бірқатар шешімдерімен бекітілген. "Еуропалық Одақ қүқы" үғымы 1990-шы жылдардың басында Еуро- одақтың пайда болуымен қатар қолданыла бастады.

Еуропалық ықпалдастық

Еуропалық ықпалдастық - Еуропаның бірлесуін мақсат тұтатын қүрылымдық және саяси процесс. Оның идеологиялық негізі - Еуропаның (континент немесе нақтылы географиялық аймақ ретінде емес, саяси-мәдени үғым ретінде) саяси біртүтастығы Рим империясынан, ал, діни тұтастығы - IV ғасырдың б.д.д. христиандықтың осы империяда қоғамдық-саяси күшке айналуынан бері орныққан деген сенім болып табылады. Ӏс жүзінде V ғысырдың Батыс Рим империясы жойылғанынан кейін аумағы бірте-берте тарылып, 1453 жылы оның астанасы - Константинополь - османдықтардың иелігіне өтіп, жоқ болып кеткенінше, империялық бірліктің "қүдіреттілігі" Византияда (Шығыс Рим империясы) сақталды.[1]

Еуропа одағы
Flag of Europe {{{Септік}}} елтаңбасы
Байрақ Елтаңба
Еуропа одағы мемлекеттік әнұраны
European Union without internal borders

EU on a globe
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдері Ағылшын тілі, Француз тілі, Нидерланд тілі, Дат тілі, Эстон тілі, Finnish, Неміс тілі, Грек тілі, Мажар тілі, Irish, Италиян тілі, Литва тілі, Поляк тілі, Португал тілі, Испан тілі, Швед тілі, Болгар тілі, Slovene, Словак тілі, Румын тілі, Латыш тілі, Мальта тілі, Хорват тілі және Чех тілі
Елорда Бруссел
Экономикасы
Валютасы Фунт стерлинг, Swedish krona, Danish krone, złoty, Bulgarian lev, Czech koruna, Hungarian forint, Lithuanian litas, Romanian leu, Gibraltar pound, Еуро, Deutsche Mark, Irish pound, Austrian schilling, Belgian franc, Italian lira, Luxembourg franc, Dutch guilder, Croatian kuna, peseta, Finnish markka, Portuguese escudo, Greek drachma, Slovenian tolar, Cypriot pound, Maltese lira, Slovak koruna, Estonian kroon және Лат
Қосымша мәліметтер
Уақыт белдеулері Western European Time, Western European Summer Time, Central European Time, Central European Summer Time, Eastern European Time және Eastern European Summer Time
ШвейцарияИсландияЛихтенштейнНорвегияКосоводағы БҰҰ уақытша әкімшілік жөніндегі миссиясы (UNMIK)АлбанияБосния және ГерцеговинаМакедония РеспубликасыЧерногорияМолдавияСербияҚазақстанБелоруссияУкраинаРесейГрузияӘзірбайжанАрменияВатиканСан-МариноМонакоАндорраТүркияХорватияБолгарияҰлыбританияРумынияЧехияДанияМажарстанЛатвияЛитваПольшаШвецияКипр РеспубликасыИрландияАвстрияБельгияЭстонияФинляндияФранцияГерманияГрекияИталияЛюксембургМальтаНидерландПортугалияСловакияСловенияИспанияЕуропалық еркін сауда ассоциациясыЕуроны қолдану келісіміШенген келісіміЕуропалақ экономикалық аймақОратлық-Еуропалық еркін сауда ассоциациясыЕуропа КеңесіЕуропалық ОдақЕуроаймақ
Мемлекеттердің еуропалық келісімдерде және ұйымдарда қатысуы.
EC-EU-enlargement animation
EO 1952 - 2013
Shield of the European Union
EO-ның туы

Дереккөздер

  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

Абхазия

Абхазия (абх. Aҧсны; толық ресми атауы Абхазия Республикасы, абх. Аҧсны Аҳәынҭқарра) — халықаралық құқықтық статус бойынша жартылай танылған мемлекет. Басты Кавказ жотысының оңтүстік беткейінің солтүстік-батысында және Қара теңіздің оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан.

Грузияның әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша – Абхазия Автономиялық Республикасы. Абхазия және Оңтүстік Осетияны грузин үкіметі бақыламайды, бірақ Америка Құрама Штаттары мен Еуропа одағы Грузия елінің бөлшегі ретінде және ол аймақтарды Ресей басып алған деп бағалайды.

Америка Құрама Штаттары

Америка Құрама Штаттары (ағылш. United States of America), жиі қолданылатын түрі АҚШ (ағылш. USA) немесе Құрама Штаттар (ағылш. United States, U.S., ауызекі тілде — Америка) — Солтүстік Америкадағы мемлекет. Аумағы 9,5 млн км² (әлемде 4-ші орын). Халқы — 179 млн адам (2018, әлемде - 3-ші орын). Астанасы — Вашингтон қаласы. Тұрғын халқының саны жағынан ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Филадельфия, Детройт, Бостон, Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питсбург, Балтимор, Сиэтл. Халықтың 66%-ы – протестанттар, 26%-ға жуығы католиктер. Үкімет пен мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы орган – палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы парламент (конгресс).

Батыс Еуропа

Еуропаның батысында орналасқан аймақ. Аумағы — 3,7 млн км². Халқы — шамамен 390 млн адам.

Батыс Еуропа Одағы

Батыс Еуропа Одағы (БЕО) - Париж келісімінің (1954 жылы) шешімдеріне сәйкес 1955 жылы құрылған әскери-саяси одақ. Штаб-пәтері - Брюссельде (Бельгия). Құрамына Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Грекия, Франция, ГФР, Испания, Португалия және үш мүдделес қосалқы (ассоциациялық) мүше - Түркия, Норвегия, Исландия, олардан басқа бақылаушы бес мемлекет - Ирландия, Дания, Австралия, Швеция, Финляндия енеді. Батыс Еуропа Одағы қызметі кеңесшілік сипатта. Оған мүше елдердің басым көпшілігі әрі НАТО әрі Еуропа одағының мүшелері. Батыс Еуропа Одағы космос ракеталарын жедел игеріп, жердің жасанды серіктерін жасау, одақ қарулы күштерін құрып, оны атом қаруымен жарақтандырып, НАТО қарулы күштерінің қарамағына беру саясатын жүргізді. 1984 жылдан бастап жылына екі рет Батыс Еуропа Одағына мүше елдер өкілдерінің кездесулері шақырылады. 1991 жылы желтоқсандағы Маастрихт декларациясы Еуропа одағымен Батыс Еуропа Одағы арақатынасын айқындаса, 1995 жылы мамырда Лиссабон кездесуінде одақтың қарулы күштері әлуетін көтеру мәселелері қарастырылған. Батыс Еуропа Одағының Бас органы - Кеңес, сессиясына сыртқы істер министрлері, қажет жағдайда қорғаныс министрлері де қатысады. Тұрақты кеңесте елшілер күнделікті жұмыспен айналысады. Бас секретариат одақтың барлық органдарының қызметін үйлестіреді.

Батыс еуропалық одақ (БЕО) - 1955 жылы қүрылған әскерисаяси үйым (1948 жылғы Батыстық Одақтың қайта қүрылуы нәтижесінде пайда болған).

Бразилия

Бразилия (толық ресми атауы — Бразилия Федеративті Республикасы, порт. República Federativa do Brasil, тыңдау ) — Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет. Жері – 8,5 млн. км². Халқы 189 млн. адам (2007). Халқының этникалық құрамы: ақ нәсілдер – 54,7%, зәңгілер – 5,89%, мулаттар – 38,45%. Бұған қоса 3 млн-нан астам иммигранттар (жапон, италиялық, неміс, араб, француз, т.б.) тұрады. Астанасы – Бразилиа. Мемлекеттік тілі – португал тілі. Халқының көпшілігі христиан дінін ұстанады. Ұлттық мейрамы – жетінші қыркүйектегі Тәуелсіздік күні.

Германия

Германия Федеративтік Республикасы (нем. Bundesrepublik Deutschland — Германия Федерациялық Республикасы) — Орталық Eуропада 16 жеке не жартылай тәуелсіз федералдық жерлерден тұратын ел.

Германия Федеративтік Республикасы - орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Кейбір түркі тілдерінде Алмания болып та аталады. Жер аум. 356,96 мың квадраттық км. Халқы 232 млн. Астанасы 1991 жылдан Берлин қаласы (3,46 млн.). Халқының 94 %-і немістер (1998). Ресми тілі - неміс тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің протестант және католик тармағын ұстанады. Германия 16 аймақтан (жерден) құралған федеративті республика. Әр аймақтың өз конституциясы, парламенты және үкіметі бар. Федеральдік президент арнайы шақырылған, бундестаг және ландтагтар (әр аймақтың парламенттері) мүшелерінің бірде санынан құралған федеральдік жиналыста 5 жыл мерзімге сайланып отырады. Президент мемлекет басшысы ретінде халықар. жиындарға қатысады, шет елдермен келісімшарттарға қол қояды, елшілерді, федеральдік соттарды тағайындайды, т.б. Елдегі атқарушы билікті федеральдік канцлер жүргізеді. Жоғ. заң шығарушы органы теңіздік, ал оңт.-шығысының климаты қоңыржай-континттік болып келеді. Қаңтардағы орташа температура 0, ал шілде айында 16 - 17, оңт-нде 20 - 22. Жауын - шашынның орташа жылдық мөлшері 500 - 600 мм, тау бөктерлерінде 1000 - 2000 мм.

Грек тілі

Грек (ελληνικά — гректердің ана тілі, Балқан түбегіне тән Үнді-Еуропалық тіл. Үнді-Еуропалық тілдер ішінде тәуелсіз, жеке тармақ құрайды. Бұл тіл 34 ғасырлық жазбаша құжатталған тарихы бар Үнді-Еуропалық тілдердің ең ежелгісі.. Ол өзінің ежелгi түрінде Көне Грек әдебиетінің классикалық және християндық Жаңа Келісім тілi болып табылады. Жаңа түрінде бүгінгі Грекия мен Кипрдің ресми тілдері болып келедi, әлемнің түкпір-түкпірін есептегенде 20 миллионға жуық халық осы тілде сөйлейді. Грек әліпбиінде жазылады.

Еуро

Еуро € — Еуропалық одақтағы 19 елдің (Аустрия, Алмания, Бельгия, Грекия, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Португалия, Нидерланд, Словения, Словакия, Финляндия, Франция, Эстония). ресми валютасы. Сондай-ақ еуро 9 мемлекеттің, соның ішінде Еуропада орналасқан 7 мемлекеттің ұлттық валютасы болып табылады. Алайда, Еуропалық одақтың қатысушыларына қарағанда, осы 9 мемлекет Еуропалық орталық банктің ақша-несие саясатына әсер ете алмайды және өз өкілдерін олардын жетекші органдарына бағыттай алмайды.

Индонезия

Индонезия (индон. Indonesia), ресми атауы — Индонезия Республикасы (индон. Republik Indonesia) — Малай архипелагында және Жаңа Гвинея аралының батыс жағында орналасқан Оңтүстік-шығыс Азиядағы мемлекет. 5 ірі және 30 кішігірім арал топтары (барлығы 17 508 арал) кіретін Малай архипелагы дүниежүзінің ең үлкен архипелагы болып есептеледі. Аталған архипелаг Үнді мен Тынық мұхиттарының түйіскен жерінде орналасқан, және Азия мен Аустралия ұүрлыұтарының арасында көпір болуда. Ресми атауы: Индонезия Республикасы. Аумағы: 1,91 млн. шаршы шақырым. Астанасы: Джакарта (9,5 млн. адам), басқа ірі қалалары - Сурабая, Бандуң, Медан, Семараң. Ресми тілі: индонезия тілі, сонымен қатар ағылшын тілі кеңінен таралған. Ақшасы: индонезиялық рупия, 1 АҚШ доллары шамамен 13000 рупия турады. Ұлттық мейрам: 17 тамыз (тәуелсіздік жарияланған күн, 1945 ж.).

Канада

Канада (ағылш. Canada [ˈkænədə] тыңдау; фр. Canada [kanadɑ] тыңдау) — Солтүстік Америка құрлығында орналасқан алып мемлекет. Астанасы – Оттава қаласы. Канада өзінің жерінің кең-байтақтығымен ғана емес, сондай-ақ көптеген арктикалық архипелагты аралдарымен ерекшеленеді. Канаданың жағалауларын Атлант мұхиты, Тыных мұхиты және Солтүстік Мұзды мұхит шайып жатыр. Көрші елдерінің ең үлкені АҚШ, одан басқа Даниямен (Гренландия аралы) және Франциямен (Сен-Пьер и Микелон (франц. Saint-Pierre-et-Miquelon) аралдары қауымдастығы) көршілес орналасқан. Канаданың АҚШ-пен шектесетін оңтүстік және Альяскадағы солтүстік батыс шекарасының ұзындығы 8893 км. құрайды.

Корея Республикасы

Корея Республикасы (кор. 대한민국?, 大韓民國? Тэханмингук), бұрын Корей Республикасы деп аталған, ресми бекітілген қысқартылған атауы Корея (кор. 한국?, 韓國? Хангук немесе кор. 대한?, 大韓? Тэхан, таңғы балғындық елі) — Корей түбегінде орналасқан Шығыс Азиядағы мемлекет. Астанасы — Сеул. БАҚ өкілдері жиі қолданатын, мемлекеттің бейресми атауы — Оңтүстік Корея.

Маастрихт келісімі

Маастрихт келісімі - 1992 жылы Маастрихт қаласында (Нидерланд) бекітілген Еуропа Одағына мүше елдер арасындағы келісімшарт. Бұл келісімнің негізінде Еуропалық Одақ аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары айқындалды. Маастрихт келісіміне сәйкес, Еуропалық Қауымдастық Еуропалық Одақ аталатын болды.

Нидерланд тілі

Нидерланд тілі — батыс-герман тілдерінің бірі, 20 млн. Адам сөйлейді.

Нидерландияда және Францияның солтүстігіндегі кішігірім аудан халқы суринаменің, Н.А.аралдарының мемлекеттік тілі және Флиманд тілі Белгия королдігі, басқа атауына қарамай, сол тіл болып табылады, екі мемлекетте де нидерланд тіліаталады; екі мемлекетте де орфография мен грамматикаға күш түсіріп, көңіл бөледі. Көптеген нидерланд тілінің өкілдері өз диалектісін де, өз диалектісінен тыс Голландияның ірі қалалары тұрғындарының сөйлеу тіліне негізделген әдеби норманы меңгерген. Фламанд тілінде (немесе «нидерланд» Белгияда осылай атайды) дыбыстық және лексикалық ерекшеліктер бар.

Поляк тілі

Поляк тілі (język polski — еңзык польски) — батыс славян тілдеріне жататын Еуропаның ең ірі тілдерінің бірі.

Сейшель аралдары

Сейшель Аралдары Республикасы (фр. République des Seychelles, ағылш. Republic of Seychelles, Үлгі:Lang-crs) — Мадагаскар аралының солтүстік-шығысындағы аралдарға орналасқан шағын мемлекет. Жер аумағы 405 км². Халқы 79 мың (2000), негізгі тұрғындары креолдардан басқа негрлер, үнділер, қытайлар, ағылшындар. Ресми тілі — креол, француз, ағылшын тілдері. Халқының 80%-ы католиктер. Мемлекет басшысы президент. Жоғары заң шығарушы органы — Ұлттық жиын (бір палаталы парламент). Астанасы — Виктория қаласы. Әкімшілік жағынан 23 ауданға бөлінеді. Ақша өлшемі — сейшель рупиясы.

Ірі аралдары: Маэ, Праслен, Силуэт, Ла-Диг. Ең биік жері — Мери-Сейшелуа шыңы (915 м) Маз аралында. Климаты субэкваторлық, теңіздік. Ауаның орташа айлық температурасы 26 — 28С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 4000 мм. Орталық бөлігінде мәңгі жасыл тропиктік орман өседі. Алып тасбақа, құстардың көптеген түрлері мекендейді.

Сейшель Аралдарынан 16 ғасырдың басында португал теңізшілері ашты. 18 ғасырда француздар отарлады. 18 ғасырдың аяғына қарай ағылшындар басып алып, 1810 ж. Англияның иелігі болып жарияланды. 1814 ж. көршілес британ иелігі Маврикиямен біріктірілді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін, әсіресе 1960 — 70 ж. елде ұлт-азаттық қозғалысы күшейді. 1970 ж. елге ішкі автономия берілді. 1976 ж. 28 шілдеде тәуелсіз республика болып жарияланды. 1977 ж. әскери төңкеріс болып, бір партиялы мемлекетке айналды. 1993 ж. жаңа конституциясы бекітіліп, демократиялық даму жолына түсті.

Сейшель Аралдары — аграрлық ел, экономикасында балық аулау кәсібі мен туризм басты орын алады. Кокос пальмасы, темекі, эфир майлы өсімдіктері өсіріледі. Ірі кәсіпорындары жоқ, тұрмыстық бұйымдар жасайтын шағын шеберханалар ғана бар. Теңіз және әуе порты — Виктория. Сырттан күріш, астық, қант, мұнай өнімдерін, тұтыну тауарларын сатып алып, экспортқа балық, эфир майлы өсімдіктерді шығарады. Негізгі сауда серіктестері: Еуропа Одағы елдері, АҚШ, Оңтүстік Африка Республикасы.

Тасис

"Тасис" бағдарламасы - еуропалық одақтың жетекшілігімен даярланған. "Тасис" бағдарламасының мақсаты – ТМД елдеріне (Балтық) жағалауы елдерінен басқа) нарықтық экономикаға өту, демокр. қоғам қалыптастыру кезеңіндегі қиындықтарды шешуге жәрдемдесу. Бағдарлама қайтарымсыз негізде жұмыс істейді. Оның шеңберінде еуропалық тәжірибе мен жергілікті кәсіби дағды, білімді үйлестіре отырып мемлекеттік және жеке ұйымдарға “ноу-хау” тапсырылады. "Тасис" бағдарламасы тікелей ақшалай қаражат бермейді, бағдарлама кеңесшілер, сарапшылар жіберу, қажетті зерттеулер жүргізу, кәсіби даярлау және оқыту, құқық-тық база қалыптастыру, жобалар жасау түрінде, яғни техникалық жәрдем береді. Сонымен бірге бағдарлама өзге халықаралық ұйымдардың инвестициялық ресурстарына жол ашады.

1995 ж. 23 қаңтарда Брюссель қаласынданда Қазақстан мен Еуропалық одақ (ЕО) арасындағы өзара серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылды. Бұл келісімді мақұлдау туралы заң 1997 ж. 26 мамырда қабылданып, 1999 ж. 1 шілдеде күшіне енді. Келісім Қазақстан мен ЕО арасындағы саяси, экон. және мәдени байланыстарды дамытуға бағытталған негізгі құжат болып табылады. Ол екі тараптың да демократияны, адам құқығының сақталуын, заң үстемдігін және нарықтық экономиканы нығайтуға деген ұмтылысын үйлестіреді. Сондай-ақ жүйелі саяси диалогқа, ашық сауда және инвестициялық режимдерге жол ашады, Қазақстанның халықар. стандарттарға өтуіне септеседі. Сонымен қатар келісімде 27 бағытта бірлесе қызмет ету қарастырылған. Келісімде қарастырылған бағыттарды жүзеге асырудың негізгі құралы "Тасис" бағдарламасы болып табылады.

Қазақстанға 2002 жылға дейін "Тасис" бағдарламасы шеңберінде техникалық көмек “Бистро” (100 мың ЕВРО көлеміндегі жобалар); мемлекттік билік органдарына, Парламентке саяси және құқықтық кеңесшілік ету; “Темпус” (Қазақстан мен ЕО жоғары оқу орындарының тәжірибе алмасуы); “Лиен” (азаматтық қоғам); қалалардың өркендеуі бағдарламалары бойынша көрсетілді. Сонымен қатар ЕО серіктес елдер үшін мемлекетар. бағдарламалар даярлады: “Иногейт” (Каспий маңы елдеріне мұнай құбырларын жақсарту және жаңа бағыттарда құбырлар жүргізу үшін инвестиция тартуға септесу); “Трасека” (Еуропа мен Орт. Азия арасындағы тасымал өткелін дамытуға инвестициялық және техникалық көмек көрсету жобалары); экол. бағдарлама; “Eurostat” (статистика саласында бірлесу).

1991 жылдан бері ЕО "Тасис" бағдарламасы шеңберінде Қазақстанға 119,5 млн-нан астам АҚШ доллары көлемінде қайтарымсыз негізде қаражат жолдады. Қазақстанда техникалық көмек көрсетудің басым бағыттары ретінде: институционалды, заңшығарушылық, әкімш. реформаларға септесу; ауыл шаруашылық және ауыл шаруашығы өндірісі; инфрақұрылымдарды дамыту; экономиканың дамуы және жеке сектор; қоршаған ортаны қорғау салаларына көмек көрсетілді. Сондай-ақ статистика саласындағы реформаларға, саяси кеңесшілікке, кеден қызметін жетілдіруге, “Темпус”, “Лиен”, “Бистро” бағдарламаларына қаражат жұмсалды. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау мин-нің халықаралық экономикалық және қаржылық қатынас департаменті сыртқы көмекті үйлестіру бөлімі ТАСИС-тің Қазақстандағы Ұлттық үйлестіруші бюросы болып табылады.

Бюро ЕО-ның техникалық көмегін үйлестіру барысында көмек қабылдаушыларды хабардар етеді, сұрауларды іріктейді, еуропалық тараптармен келіссөздер жүргізеді, жобалардың мониторингін жасайды, көмек жобаларының тиімді орындалуын қамтамасыз етеді, орындалған жобаларды бағалауды іске асырады.

Украин тілі

Украин тілі (українська мова) — шығыс славян тілдерінің бірі.

Финляндия

Финляндия (Мемлекеттің атауы фин және швед тілдерінде дыбысталуы фин. Suomi, швед. Finland; ресми атауы Финляндия Республикасы, фин. Suomen tasavalta, швед. Republiken Finland) — Еуропаның солтүстігінде орналасқан мемлекет. 2018 жылғы көрсеткіш бойынша халық саны 5 522 858 адамды құрап отыр, жер аумағы — 338 430,53 км². Әлем бойынша халық саны бойынша 115-ші, жер бойынша 64-ші орында тұр.

Астанасы әрі ең ірі қаласы — Хельсинки. Мемлекеттік тілдері — фин және швед тілдері. Аланд аралдарда швед тілі, ал солтүстікте саам тілдері кең тараған.

Парламенттік-президенттік республика. 5 ақпан 2012 жылдан бастап президент Саули Нийнистё елді басқарады. Солтүстік паспорт одағы (1952), Солтүстік кеңес (1956), Еуропа одағы (1995) және Шенген келісімі (1996) сынды одақтарға мүше. 6 желтоқсан 1917 жылдан бастап тәуелсіз ел болып саналады.

Шығысында Ресеймен, солтүстік-батыста — Швециямен және солтүстікте — Норвегиямен шектеседі. Елдің оңтүстік пен батыс жағалаулары Балтық теңізі мен Фин және Ботния шығанақтары шайып жатыр. Эстониямен теңіз арқылы шектеседі.

2010 жылы Newsweek журналы бойынша Финляндия «Әлемнің үздік елдері» (ағылш. The world's best countries) тізімі бойынша бірінші орында болған, ал 2011-2014 жылдар аралығында америкалық «Fund for Peace» қоры елді «Әлемдегі ең тұрақты мемлекет» ретінде бағалаған.

Шенген келісімі

«Еуропа Одағының бірқатар елдері арасында төлқұжаттық және кедендік бақылауды алып тастау туралы келісімі» (Шенген келісімі деген атпен мәлім) — құжатқа 1985 ж. маусымда Люксембургдың Шенген деген жерде Еуропаның жеті мемлекеті: Бельгия, Голландия, Люксембург, Франция, Алмания, Португалия және Испания қол қойған болатын. Ол 1995 ж. наурызда күшіне енді.

Қазіргі уақытта Шенген визасы аумағына Еуроодақтың 13 елі — Аустрия (1995 ж.), Белгия, Алмания, Грекия, Дания (1996 ж.), Испания (1991 ж.), Италия (1990 ж.), Люксембург, Голландия, Португалия, Швеция (1996 ж.), Финляндия (1996ж), Франция және Еуроодаққа қосылмаған 3 мемлекет — Швейцария, Исландия (1996 ж.) және Норвегия (1996 ж.) кіреді.

Словакия, Словения, Эстония, Мажарстан, Латвия, Литва, Мальта, Польша және Чехия 2007 жылғы желтоқсанның 31-інде өздерінің құрлықтағы жолдарын, ал 2008 жылғы наурыздан бастап әуе жолдарын ашады. Осылайша 2007 жыл аяғында Шенген аймағы тағы жаңа 9 елмен кеңімек.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.