Ежелгі грек мифологиясы

Эгей теңізі аймағында ежелгі тұрғындарының ой-санасында барша табиғат күштері мен құбылыстары аса құдіретті, мәңгі жасайтын тіршілік иелері құдайлар кейпінде бейнеленіп, адам баласына тән барлық сезімдермен (қуаныш, қайғы, ашу-ыза, қызғаныш, өшпенділік т.б.) керемет кіршіксіз адамдар түрінде елестеген.

Ежелгі грек мифтері ішінара тәңірілік әрекеттер туралы баяндаса, ішінара ғажайып құдірет-күш, ептілік пен батылдық дарыған әр алуан ерлі-зайыпты құдайлар ұрпағы есептелетін қаһармандардың ерліктері мен бастан кешкен оқиғаларын суреттеуге арналған. Жерорта теңізі әлемі халықтарының арасында кеңінен тараған бұл бағзы хикаялар мен аңыздарды римдіктер де пайдаланған. Жаңа дәуірде ол хикая аңыздар ежелгі грек мифологиясы дейтін ортақ атаққа ие болды.

Гректер құдайлар Грекияның ең биік тауы Олимпте тұрады деп сенді. Оларды Олимп құдайлары деп атады (Зевс және негізгі құдайлар). Гректер Олимптегі құдайлар тұрмысын шонжарлардың тұрмысына ұқсатты. Шонжарлар тайпаларды қалай басқарса, Зевс бастаған «Олимпиялықтар» адамдар мен табиғатты солай басқарды. Құдайлар да мансапқор, қатал, кекшіл келеді-міс. Құдайлар біреуді бай әрі шонжар, енді біреуді кедей, тағы біреуді құл етіп жаратқан. Кімде-кім құдайлар орнатқан тәртіпке қарсы шықса, ол адам құдайлардың қаһары мен аяусыз жазаға ұшырайды-мыс.

«Бұлт айдаушы» Зевстің еркімен жаңбыр жауады немесе қуаңшылық болады. Өзін ашуландырған адамдар мен құдайларды құдіретті Зевс алтын жебелермен – жай оғымен жайратады-мыс.

Гректер «Жерді тербетуші» – теңіз құдайы Посейдоннан қаһарлы Зевстен кем қырықпаған. Посейдон өзінің үш тісті орасан зор найзасымен жерді сілкінтіп, теңізге алапат дауыл тұрғызып, кемелерді суға батырып жібереді.

Күн құдайы Гелиос ақша қардай аппақ аттар жегілген алтын арбасымен аспанда жүріп өткенде күн туады-мыс. Жарық пен өнердің құдайы – Аполлон. Күзде өсімдіктердің қурауы мен көктемде табиғаттың жандануы құнарлылықтың әйел құдайы Артемидаға байланысты болған. Адам өлген соң, оның жаны жер асты патшалығының әміршісі қатыгез Аид билік ететін, өлген адамдардың қапас жер асты патшалығына түседі-міс. Аидтың аяғының астында үш басты төбет отырады, ол жер асты патшалығына келгендерді кіргізеді де, бірақ одан ешкімді де шығармайтын болған.

Гректер басты құдайларды мәңгі өлмейтін, сұлу, тұлғалы, алып адам бейнесінде елестетті. Ал орман құдайлары сатырларды үсті-бастары жүн басқан ешкі аяқты, ешкі құлақты адамдарға ұқсатты. Бұлақтардың әйел құдайларын қыз түрінде бейнелеп нимфалар деп атады. Шаруашылықтың әр саласының, егіншіліктің, мал шаруашылығының, аңшылықтың, қол өнердің әрқайсысының қамқоршы құдайлары бар деп саналды.Шарап жасау ісінің құдайы Дионис адамдарға жүзім өсіріп, шарап жасауды үйретсе керек. Оның құрметіне мейрамдар өткізіліп отырған.Гректер металл өңдеуді игере бастаған кезде ұсталардың жарылқаушысы – Гефест құдай туралы аңыз шықты. Гефест жер астындағы ұстаханада өзі жұмыс істейді екен. От пен түтін атқылап жатқан жанар таулар оның жер астындағы ұстаханасынан шығады. Гефест үстіне қолөнершілердің қарапайым киімін киеді, беті-қолы қап-қара, күйе болып жүреді-міс.

Сауда-саттықтың өркен жаюына байланысты оның жарылқаушысы – Гермес құдай пайда болды. Ол Зевстің тапсырмасын орындап, бір қаладан екінші қалаға ұшып жүрген. Сондықтан көбіне ол сандал, қалпақ киген қанатты адам кейпінде бейнеленген.

Зевстің әйелі Гера – неке, ана мен баланың қамқоршысы. Артемида – аңшылық құдайы, Аполлон – өнер, жарық құдайы, Афродита – сұлулық, махаббат құдайы, Арес – соғыс құдайы, Афина – қалалардың қамқоршысы, Тюхэ – бақыт құдайы, Ника – жеңіс құдайы, Фемида – заңдарды сақтаушы құдай, Мойралар – тағдыр құдайлары, өлім құдайы – Танат, ұйқы құдайы – Гипнос, Пан – орман құдайы, табиғаттың қамқоршысы, Эрида – араздық құдайы т.б..

Антикалық шығармаларда мифтік әңгімелер жиі кездеседі, әсіресе грек өнерінің көптеген шығармаларында құдайлар мен қаһармандар образы бейнеленген. Антикалық грек-рим мәдениеті осы заманғы барлық еуропалық халықтардың мәдени дамуына өте күшті ықпал жасады. Грек жазуы көптеген алфавиттерге негіз болды. Гректің толып жатқан сөздері қазіргі тілдерге де енді: «школа», «арифметика», «театр», «хор», история» т.б. Күнделікті әңгімеде ескі грек мифологиясынан алынған есімдер, атаулар, бейнелі сөздер жиі қолданылады: «титандық күрес», «молшылық мүйізі», «бүлік алмасы», «олимпиялық жайбарақаттық», «ахиллес өкшесі», «тантал азабы», «сизиф еңбегі» т.б. Грек есімдері – Петр – «тас», Алексей – «қорғаушы», Георгий – «егінші», Галина – «желсіз тымық теңіз айдыны». Қазіргі астрономиядағы көптеген планеталардың, жұлдыздар мен тұтас жұлдыздар шоғырларының аттары антикалық мифологиядан алынған.

Еуропаның әр түрлі елдерінің жазушылары, суретшілері мен сазгерлері грек мифологиясының эпизодтарын өз шығармаларына сюжет етті: С.Боттичелли («Венераның тууы», «Көктем» картиналары), Рубенс («Персей мен Андромеда»), Рембрандт («Даная»), Пуссен («Спящая Венера и Амур»), У.Шекспир («Венера мен Адонис»), Глюк («Орфей» операсы), В.А.Серов («Европаны ұрлау»), М. Врубель («Пан» картинасы).

Грек мифологиясының сюжеттері бойынша Мәскеуде Үлкен театр, Санкт-Петербург қаласында Мемлекеттік Эрмитаж, Петродворец т.б. (Кусково) сәулетті үйлер мен бақтар безендірілген. А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов өлеңдерінде мифологиялық кейіпкерлер жиі қайталанады.

Алыптар

Алыптар (көне грекше Τιτᾶνες) — ежелгі грек мифологиясында, екінші буынның құдайлары, Уранның ( Аспан) және Геяның ( Жер) балалары. Олардың 6 бауырлары мен 6 қыздар, өзара неке қиып, Құдайлардың жаңа буынын туды.

Амазонкалар

Амазонкалар — ежелгі грек мифтеріндегі жауынгер әйелдер. Қара теңіздің оңтүстік-шығыс жағында, Кавказ, Трапезунд, Азу таулары маңында өмір сүрген. Кейбір деректерде амазонка сөзі “омыраусыз, емшексіз” дегенді білдіреді. Қару-жарақ ұстауға қолайлы, әсіресе, садақ тартуға ыңғайлы болсын деп, жас кезінде қыздардың оң жақ омырауын күйдіріп не кесіп тастаған. А. шапқыншылық жорықтар жасап, бірте-бірте Қара т-дің солт. жағалауына, Кіші Азияға, Фракия мен Аттикаға, Африканың оңтүстігіне дейін жеткен. Страбо — : Амазондардың негізгі қаруы жақ, садақ, ай пішінді қалқан болған. Дулығасынан бастап бүкіл киімдері аң терісінен тігілген. Садақты алға да, артқа да бірдей ататын мерген болған дейді. Кейбір зерттеушілер (Ә.Қоңыратбаев т.б.) қарақалпақ халқының “Қырық қыз” эпосы мен грек мифтеріндегі Амазондар арасында ұқсастық бар деген болжам айтады. ; Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша олар сарматтарға (савроматтарға) ұқсас келген.

Амфитрита

Амфитрита (гр. Ἀμφιτρίτη) — ежелгі грек мифологиясында нереидтардың бірі, теңіз құдайы Нерей мен Дориданың немесе Океан мен Тефеяның қызы. Посейдонның әйелі және Тритон, Рода мен Бентесикиманың анасы.

Посейдонның оны әйелдікке алғысы келетіндігін біліп, ол Атлантаға қашып кетеді. Бірақ оны Посейдон жіберген дельфин ұстап алып, оны әміршісіне апарады.

Теңіз құдайы болғандықтан Амфитрита көбінесе арбада күйеуінің қасында отырғанын, тритондардың қасында не үстінде болып бейнеленетін. Амфитританы Посейдонмен бірдей ардақтаған. Бұл құдайға арнап Тенос аралында ғибадатхана тұрғызылған. Өнерде патшалық белгісіз немесе үш ашалы айырсыз оны басқа нереидтардан айыру өте қиын.

Пиндар оны «Алтын ұршықты иеленуші Амфитрита» деп атайтын. Кейде «Нереидтардың анасы» деп те аталады. Тесейге алтын венокты сыйлады.

Амфитританың құрметіне 1854 жылы ашылған Амфитрита Астероиді аталынды.

Антигона

Антигона (көне грекше: Ἀντιγόνη) — Ежелгі грек мифологиясындағы Фива патшасы Эдиптің қызы.

Соқыр әкесімен бірге өз еркімен айдауда болып, азап шеккен. Ол өлгеннен кейін еліне келеді де, Фиваға қарсы қару көтерген бауыры Полиниктің сүйегін рұқсатсыз жерлейді. Сол үшін патша оны мазардағы сардабаға тірідей салып, бекітіп тастайды. Сонда Антигона өзін-өзі өлтіреді .

Ата-анасына деген сүйіспеншіліктің шыңы, қайырымдылық пен қажырлылықтың үлгісі болған Антигонаның тағдырына Софокл өзінің ең таңдаулы трагедиялық шығармасын арнаған.

Аполлон (ежелгі Грекия)

Басқа мағыналар үшін Аполлон деген бетті қараңыз.

Аполлон (көне грекше: Ἀπόλλων) - ежелгі грек, рим мифологиясы мен дініндегі ем, сәуегейлік, данышпандық, өнер, күн тәңірі; Зевс пен Летоның (Латондар) баласы, Артемиданың (Ай) інісі (егіздің сыңары). Кейде оның атын Феб (көне грекше: Φοῖβος - "нұрлы"), кейде Мусагет (Μουσηγέτης- музаның серігі) деп атаған.

Арес

Арес (Арей) — көшпелі сақтар, сарматтар мифологиясындағы соғыс құдайы. Көне грек, рим авторларының жазбаларында айтылады. Геродот (б.з.б. 5 ғ.) өз еңбектерінде скифтер табынатын құдайлардың есімдері мен оларға сәйкес келетін көне грек құдайларының есімдерін атап көрсетеді. Онда А-тің грек тіліндегі есімі ғана беріліп, скифтердің өз тіліндегі аты айтылмаған. Скифтер барлық құдайлардың ішінде тек А-ке ғана ғибадатхана, зияратхана тұрғызған. А-ке арналған ғибадат орыны ені мен ұзындығы бірнеше жүз метрге жететіндей биік етіп ағаш сырықтардан жасалған, үстіңгі жағындағы төртбұрышты алаңқайдың үш жағы биік жар, бір жағынан ғана көтерілуге болады. Алаң ортасына көне семсер шаншылып қойылған. Оны скифтер А-тің өз бейнесі ретінде түсінді ме, әлде семсер соғыс қаруы болғандықтан соғыс құдайының сипаты ретінде қабылданып, А-тің бейнесі басқаша болды ма, ол туралы ғалымдар арасында ортақ пікір әзірше жоқ. Скифтерде жыл сайын мал (көбіне жылқыдан) кейде адамды (соғыста қолға түскен әр жүз тұтқынның біреуін) құрбандыққа шалып, қанын төбе үстіндегі семсерге құйып отырған. Мұндай зиярат орындары скиф жерінің барлық аймақтарында болған. Көне Рим тарихшысы Аммиан Марцеллин (4 ғ.) сарматтардың да жерге шаншылған семсер бейнесіндегі соғыс құдайы Марсқа (А-ке) табынатынын жазады, яғни сарматтардың да соғыс құдайының сипаты, оған табыну әдісі скифтердікімен бірдей болған.

Атлант

А́тлас немесе Атла́нт (көне грекше Ἄτλας) — ежелгі грек мифологиясындағы аспанды қолында ұстап тұрған, күшті алып.

Афродита

Афродита — ежелгі грек мифологиясындағы махаббат пен сұлулық пірі, Зевстің қызы. Мінезі мен шығу тегі жағынан шығыстық Аштартқа (Астартаға) жақын. Афродита түрліше аталған. Римдіктер оны Шолпан (Венера) деп пайымдаған. Афродитаның көне замандағы мүсіндерінен неғұрлым белгілілері: Лудовизи тағының бедері (біздің заманымыздан бұрын 5 ғасыр.), Алкамен Афродитасы (біздің заманымыздан бұрын 5 ғасыр), Праксительдің Афродита Книдскаясы (біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырдың ортасы), Медичи Афродитасы (біздің заманымыздан бұрын 3 ғасыр). Афродита (Шолпан) Милосская (біздің заманымыздан бұрын 3 — 2 ғасыр), Афродита Таврическая (біздің заманымыздан бұрын 3 ғасыр, Ленинградтағы Эрмитажда сақтаулы).

Ахилл

Ахилл немесе Ахиллес (көне грекше: Ἀχιλλεύς; гр. Αχιλλέας; лат. Achilles) — Гомердің "Иллиада" поэмасының каһарманы.

Трояны қоршаған гректердің бас батыры. Денесіне оқ, қылыш дарымайды. Өкшесі ғана осал. Осал жерді "Ахиллес өкшесіндей" деу содан қалған.

Гелиос

Гелиос немесе Гелий немесе Ээлиос) (көне грекше: Ἥλιος (Ἠέλιος)) — ежелгі грек мифологиясында күн құдайы, Гиперион (осы жерден оны лақабаты Гиперионид шықты) және Теян деген алыптардыңың баласы; кейбір нұсқаларда - Гиперион мен Ирифессаның баласы, Селена мен Эостың баласы.

Еврипирда Гелиостың кезінен бері, барлық затты көретін күн құдайы ретінде барлығын білетін көріпкел құдай Аполлонмен; осы жерден Гелиостың басқа есімі – Фебос. Сирсалық Ферекидада, Гелиосты Зевске ұқсатады, Феаген бойынша, Гефестпен, Аполлонмен және отпен ұқсастырады. Дионисиа Скитобрахион бойынша, Гелиостың өзі – Эриданда батырылған бала.

Коттаның сөйлегені бойынша, бес Гелиос болған:

Зевстің баласы, Эфирдің немересі.

Гиперионның баласы.

Гелиопольдағы Гефесттің баласы, Ниланың немересі.

Родостық батырлардың ұрпағы, Аканфо деген нимфа Родоста туған.

Колхидтағы Ээт пен Киркидің әкесі.Гелиос Гефестке Афродита Ареспен жатады деп айтады, осы үшін Афродита Гелиостың ұрпақтарына жау болды.

Персефонаны Аид ұрлап кеткенін Деметраға айтады.

Гомер бойынша, Гелиос – сиырдың жеті табынының және қойдың жеті табынының иегері. Оның сиырлары, Сицилиядағы Артемисияда тұрды және оларды Фаэтиса мен Ламптия нимфалары бақты. Әр таңда, аспанға көтерілгенде және әр кеш Океанға түскенде, Гелиос өзінің мәңгі жас жануарларына сүйсінеді.

Деметра

Деме́тра (ежелгі-грек. Δημήτηρ, немесе Δηώ) — ежелгі-грек мифологиясында құнарлықтың құдайы, егін шаруашылығының қорғаушысы. Олимпиялық пантеонның ардақты құдайы.

Дионис

Дионис, мифтік қаһарман. Ежелгі грек мифологиясы бойынша Зевстің баласы. Біздің заманымыздан бұрынғы 8-6 ғасырларда оған өсімдік (жүзім) тәңірісі ретінде табынған. Екінші аты Вакх (грекше Ваксһоз, латынша Бахус). Оның құрметіне Вакханал мейрамы өткізілген. Мұхтар Әуезов «Жалпы театр өнері мен қазақ театры» деген мақаласында грек құдайлары туралы мағлұматтар келтіріп, «қызық, сауық, ішкілік құдайы» Дионис дейді. Оның аспан мен жердегі судың, діннің құдайы болып, өсімдік шығарып, жаңа туыс туғызатын қасиет иесі екенін айтады. «Құдайға құлшылық, тілек ретінде әуелі құрбан шалады. Құрбандығы теке болатын. Сол текені шалып түрып, айналасына бар халық жиналып, Дионистің өмірі турасындағы әңгімелерді өлең қылып айтатын. Текені грекше «трагус» дейді. Бері келген заманда осы сөздерден әлгі «трагедия» деген сез шыққан» деп, әдебиет жанрының пайда болу тарихынан хабардар етеді. Ал Эс­хил, Софокл, Эврипид заманында Дионис мейрамы жаңғырып, сахнада, арнаулы театрда көрсетілетін болғанын айтады.

Зевс

Зевс (көне грекше: Ζεύς) — ежелгі грек мифологиясындағы жоғарғы әмірші құдай, барлық құдайлар мен адамдардың ең мәртебелі құдайы. Ол ежелгі рим мифологиясы бойынша Юпитер (латынша:Jupiter) деп аталған. Мифологиялық аңыз бойынша, Зевс алып Крон мен Реядан туған кенже бала. Оның әйелі – Гера. Әкесінің үстемдігін құлатып, бүкіл дүниенің жоғарғы билігін өз қолына алған. Алғашқыда Зевс аспан әлемінің әміршісі деп есептелсе, кейін гректер оған адамзат қоғамы тіршілігінің билігін де береді. Олимп тауы Зевстің жер-әлемге үстемдік жүргізетін тұрақты мекені. Грек аңыздары бойынша, Зевстен Аполлон, Афина, Артемида, Арейя, Афродита, Гермес, Гефест, Дионис, Персефона, т.б. құдайлар мен біраз батырлар (Геракл, Персей, т.б.) тараған.

Кронос

Кронос (грек "Κρόνος" - уақыт) - ежелгі грек мифологиясындағы Олимпке дейінгі ең ежелгі тәңірлердің бірі.

Аңыз бойынша, Уран мен Геяның (Жердің) баласы, алыптардың ең кенжесі. Әкесін тақтан түсіріп және мүгедек етіп, бүкіл әлемді өзі биледі. Өз қарындасы Реяның күйеуі, Гестанның, Деметраның, Гераның, Аидтың, Посейдонның, Зевстың және Хиронның әкесі. Кронос алғашында егіншілік құдайы болса керек. Оған табыну әсіресе Олимп пен Афиныда кеңінен тарады.

Ника

Ника — гректің жеңіс құдайы, титан Паланнтидің қызы және Стикс өзенінің құдайы бастапқыда Ника Афина мен Зевстің қолдарындағы кішкене бұйым деп суреттелген. Кейіннен ажалдылар мен құдайлар арасында елші ретінде, сосын жеңіс хабаршысы ретінде пальма бұтағы, сыпырғы немесе асатаяқ секілді суреттеледі. Жеңісті елдің үстімен ұшатын қанатты мүсін деп көп бейнеленген. Ежелгі Римде Виктория деп қаралаған.

Ниоба (Фороней қызы)

Басқа мағыналар үшін Ниоба деген бетті қараңыз.

Ниоба (көне грекше: Νιόβη κόρη του Φορωνέα) — көне грек мифологиясының кейiпкерi. Аргос патшасы Форонейдің және Теледиканың қызы. Зевс патшасымен төсектес болған алғашқы ажалды жан, әйел.. Кейбір деректерде Инахтың әйелі және Форонейдің анасы Алкменаның 16-шы буынындағы ата-тегі. Балалары: Аргос және ( Акусилай бойынша) Пеласг . .

Плутос

Плутос (көне грекше: Πλοῦτος-байлық,лат. Plutus)– ежелгі грек мифологиясындағы байлық тәңірі, Деметра мен Иосиннің баласы.Қолында молшылық кернеуі бар бала болып бейнеленген.Зевс оны шынайы және жалған адамдарды ажырата алмайтындай еткен

Эгей

Эгей (көне грекше: Αἰγεύς немесе Αἰγέως) — Ежелгі грек мифологиясындағы ежелгі Афинаның патшасы, Тесейдің әкесі.

Эол

Эо́л (көне грекше Αἴολος, Эолай) — ежелгі грек мифологиясының кейіпкері. Оның негізгі қасиеттері Құдайдікіне ұқсасада және ол адамдардан шықсада, ол жартылай Құдай болып саналады.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.