Дәуіт Пайғамбар

Disambig gray.svg Басқа мағыналар үшін Дәуіт (айрық) деген бетті қараңыз.

Ислам

мақалалар тізбегінің бөлігі


Mosque02

Құрандағы Ислам пайғамбарлары

Елшілер мен пайғамбарлар

Адам عليه السلام.pngИдрис عليه السلام.png
Нұх عليه السلام.pngҺуд عليه السلام.pngСалих عليه السلام.png
Ибраһимعليه السلام.pngЛұт عليه السلام.png
Исмаилعليه السلام.pngИсхақ عليه السلام.png
Йақубعليه السلام.pngЮсуф عليه السلام.png
Әйюб عليه السلام.png
Шұғайб عليه السلام.pngМұса عليه السلام.pngҺарұн عليه السلام.png
Зул-Кифл عليه السلام.pngДәуд عليه السلام.pngСүлеймен عليه السلام.pngІлияс عليه السلام.png
Әл-Йаса عليه السلام.pngЮнус عليه السلام.png
Зәкәрия عليه السلام.pngЙахйа عليه السلام.png
Иса عليه السلام.png
Мұхаммед

Дәуіт - Пайғамбар.

Исраил қауымы Мұсадан (а.у.)-нан соң 300 жылдан аса Пайғамбарсыз қалып, ғамалиқалардың, арамейлердің және палестиндердің шабуылына тап болып тұрды. Соңғы кездері бәни Исраилдің әміршісі Талут (Шәул) болды. Ол палестиндерге соғыс жариялан, «Таурат» салынған Табутты (сандықты) тартып алды. Осы тұста Исраил қауымынан Дәуіт атты жас баһадүр шықты. Бала жігіт бір соғыста Жалутпен жекпе-жекке шығып, жеңді. Бұған риза болған Талут оған өз қызын қосты. Сан шайқаста жауларды жайратқан Дәуіттің аты шығып, беделі асты. Көп адам енді оны қолбасшы ғана емес, елбасы етуді талап етті. Бірақ ол патша тағына Талут қайтыс болған соң, 30 жасында отырды, 40 жасында Пайғамбарлық қонды. Қауымына Таурат тағлымдарын бұлжытпай орындатты.

Аллаһ Тағала оған самауи (көктен түскен) төрт кітаптың бірі Забурды түсірді. Забур - Аллаһның бірлігін, ұлылығын дәріптейтін, өлең үйқасты мадақ (қасида) кітабы. Дәуіт (а.у.) Оны өзінің әсем дауысымен оқығанда тыңдаушылар тебіреніп, төңірек түгел үн қосып кететін еді, деп дәріптеледі. Тәңірі оған темір қорыту өнерін дарытты. Пайғамбар қолында темір қамырдай иленуші еді дейтін риуаяттар бар. Дәуіт (а.у.) темірден қару-жарақ сауыт-сайман соғады екен. Сүлеймен пайғамбар осы Дәуіттің ұлы. Дау-шар, айтыс-тартыста Дәуіт оны жиынға қатыстырып, әділ үкім айтқызып, баулып өсірген.


Ибну Жадридің айтуынша Дәуіт жүз жасаған. Құранда бұл есім 16 жерде ауызға алынады.[1]

Дереккөздер

  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Ашығу

Ашығу — тағамның не оның құраушыларының жоқтығынан немесе жеткіліксіздігінен, сондай-ақ тағамның дұрыс қорытылмауынан болатын организмнің жағдайы. А-дың физиологиялық, патологиялық және емдік түрлері бар. Физиологиялық А. аңдардың қысқы ұйқы уақытында, балықтардың уылдырық шашу кезінде т.б. болатын қалыпты құбылыс. Патологиялық А. тамақ ішпегенде немесе астың құрамында кейбір заттар жетіспегенде, ас қорыту жүйесінің қызметі нашарлағанда болатын жағдай.

Емдік ашығу семіздікті т.б. ауруларды тағам қабылдауды шектеу немесе толығымен тоқтату арқылы емдеу тәсілі ретінде қолданылады.

Aштықпен емделу – физиология, биохимия, медицина саласының ғалымдары тарапынан көп зерттелген әрі бүгінгі күні Германия, Австралия, Жапония, АҚШ, Ресей секілді бірқатар өркениетті елдер кеңінен қолданып отырған өте тиімді емдік тәсіл. Зерттеуші Герберт Шелтон «Аштық тіпті өміріңізді де құтқарып қалуы мүмкін» десе, денсаулық сақтау мамандары қазіргі уақытта ғасыр індеті болып отырған «ішкі улануды» (эндотоксикоз) болдырмайтын бірден-бір емнің осы аштық екенін айтып дабыл қағуда.

Дәуіт ұста

Басқа мағыналар үшін Дәуіт (айрық) деген бетті қараңыз.

ДӘУІТ ҰСТА / ДӘУІТ ПАЙҒАМБАР - дәстүрлі орта түсінігі бойынша үста, зергерлердің дем берушісі, темір үстасының пірі, жебеуші рух-ие. Бүл үгым қазақ қана емес түркі тілдес өзге де халықтардың, әсіресе Орта Азия халықтарының наным-сенімінде берік орныққан. Байыргы қазақ ортасында металл өңдеу, оның ішінде алтын күміс өндірудің негізі, сондай-ак тері өңдеу, агаш үқсату сияқты т.б. түрлерінің дамуы Д. ү. кезінен бастау алады деп са-

налады. Ислам мифологиясында Д. ү. - темір өңдеуді, қару-жарақ жасауды игерген алғашқы адам, сондыктан да мұсылман халықтарында темір үсталығының шығу тегі Д. ұ.-мен байланыстырылады. Арабтарда кіреуке сауытты Дауыттың сауыты деп атаған.

Бізге жеткен аңыз бойынша, Д. ү. жас кезінде сақпанмен Джалут (Голиаф) алыпты өлтіріп, ерлік көрсеткен, соған байланысты қазақтар оны Ер Дәуіт деп те атайды.

Бағзыда әрбір кәсіптің киелі пірі болады деген пайым- мен, эр істі бастауда сол пірге сиыну дәстүрі болды. Ислам дінін қабылдаумен бірге қазақ ұсталарьт Д. ұ.-ды өздерінің пірі санай бастады. Қазақ үсталары бір істі бастағанда «менің цолым емес, Ер Дәуіттіц қолы» сыйынып, қару- жарақ жасарда арнайы дұға оқып, колдау сүраған. Дэстүрлі ортада «үсталардың жасаган қару-жарацтарында Дәуіт балгасының ізі болады, оны Дәуіт согады» деген түсінік болған. Қазактың байырғы жырларында кездесетін: ...Атам киген ақ сауыт Беркітіп соққан ЕрДәуіт... - деген жолдар осының айғағы.

Сонымен бірге ертедегі қазақ қауымы Д. ү. соққан қарудан зүлым күштер аулақ жүреді деген сеніммен, ауырған адамды дауалау кезінде қару пайдаланып, қара ниетті ауру иелерін қуып емдеген. Кейін келе жауынгерлік қарулар мен қорғаныс жарақтарының пірі саналған Д. ү.-ға қазақ батырлары да сыйынып, айқас алдында одан медет тілеп, қолдау күткен. Д. ү. күніне 90 әскерге қару-жарақ, сауыт соққан деген аңыз бар. Мифтік әңгіменің бірінде Д. ү. жанын алғалы келген Алдашыны (мифтік жаналғыш) өзі істеген әдемі сандыққа қызықтырып, алдап соның ішіне салып бекітіп, суға ағызып жіберген делінеді (толығырақ қ. Алдашы). Алдашы үш жүз жыл суға ағып, содан Дэуіт үш жүз жасапты дейді. Тағы бірінде Д. ү.-ның кереметі ба- яндалады. Багзы дәуірде үсталыц ңүрал-сайман болмаган екен. Алайда Д. п.-дың цолы отца күймейтіндіктен мүның қажеті де шамалы болыпты. Ол цызыл қолымен отты көсіп, іиоц үстап, қызып нарттай боп қызарган темірді жалаңаш алацанымен үстап ие берген деседі. Бірақ сол кереметі баласына дарымапты. Себебі, бала үсталыцтың сертін бүзып, елдің ыдыс-аягын жамаганда, устемеақы алган деседі. Содан кие атып, оган әке өнері тольщ қонбай, қолы отца күйетін пенде болып цалса керек. Мүны байцаган әкесі «мен олген соң, менен үцпаган өнерді ит- тен үгарсың» деп өсиет қалдырады. Д. п. қайтыс болган соң баласының цолы күйіп, іс сога алмай, елдің мүцтажы бітпей, әбіржи бастайды. Әбден қиналган үл әке өсиетін еске алып, ойлана царап отырып, иттің алдыңгы екі аягымен сүйекті қысып алып мүжігенін байқайды. Содан үлгі алган ол иттің сирагына үқсатып, цызган темірді оттан цысып алатын ең алгаиіцы қышцашты сощан екен. Сол кезден бастап үстаның қышқаш сайманы пайда болды дейді қазақ аңызында.

Дәстүрлі ортада Д. ү. үсталықтың пірі ғана емес, бақсылықтың да жебеушісі болып саналады. Себебі, ежелгі түсінік бойынша, үста мсн бақсы синкретіі іуліалар, олар-тэңірі мен қауымды жалғастырушы донекерніілер. Бағзыда қазақтар үста мен бақсыны кауымиам окпіау жерлеген. Сондықтан да бақсы сарынында lip Дауіі иң есімі жиі үшырасады.

Әуеден көмір түсірген, От жацпай темір пісірген! Қау көрігі бақылдап, Балга төсі шаңылдап, ЕрДәуіт пірім, сен цолда! Сен қолдасаң, мен мүнда — деп, бақсылар оны nip ретінде көмекке шақырған. Қазақтың бақсы-балгерлері Дэуіт науқастанған адамдм әртүрлі қара күштерден қорғайды деп сенген.

Ислам пайғамбарлары

Исламдағы пайғамбарлар (النبوة في الإسلام ән-Набууа фил-Ислам) Құран Кәрімде есімдері аталған пайғамбарлар, олар өзіне бұйырған пайғамбарлығымен қатар елші, ескертүші, Аллаһның үкімдерін жеткізүші-де болуы мүмкін. Адам пайғамбардан бастап ең соңғы Мұхаммед ﷺ пайғамбарға дейінгі пайғамбарлардың барлығы мұсылмандар.

Кемпірбай Бөгенбайұлы

Кемпірбай Бөгенбайұлы (1834-1895), ақын, әнші. Арғын тайпасы Қаракесек руы Таз Наманай бөлімінен шыққан.

Шөже, Тезекбай, Әсет, Жәмшібай сынды ақындармен айтысқан. Бұл айтыстар халық арасына кең тараған. Кемпірбайдің шығармалары «Таң» журналында (Семей, 1925, № 1), «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» (А., 1931), айтыс жинақтарында (1939, 1948, 1965, 1988), «Бес ғасыр жырлайды» кітабында (1985, 1989) жарияланды. Әсет ақынның Кемпірбай ауырып жатқанда келіп, өлеңмен көңілін сұрағаны, оған Кемпірбайдын қайтарған жауабы - көркемдік жағынан қазақ айтысының інжу-маржаны. Әсет қоштасу өлеңіне таңдау жасағанда, осыған баса назар аударған («Әдебиет тарихы», А., 1991). «Өлерде өлеңмен, әнмен қоштасу - көбінесе ақындардың әдеті» - Кемпірбайдың өлерде айтқан сөзі сондайлық көңіліне тығылып жүрген сырды ашады» деп, ұлы жазушы ол сырдың қандай сыр екеніне тоқтапған. Кемпірбайды бес жасынан бастап ақындықтың иесі - Дәуіт пайғамбар иектеп, ақындық өнерді дарытқан екен. Өлеңнің көкала үйрек секілді бөлек жаны, бөлек денесі бар. Сол сый енді ақынның кеудесінен ұшқалы жатыр. Арманы - осы қадірлі сыйдың ұрпағына қонбай, мұның әулетінен біржола жоғалып кетуі. Жалғыз арман, мұң - осы. Сөйтіп ұрпақ өнерсіз қалмақ. «Міне, коштаскан жерде жүректегі сыр мен кеңіңде кетіп бара жатқан арманды айтқан жері» деп, зерттеуші қоштасу өлеңіне ғылыми сипаттама берген.

Масжид әл-Ақса

Масжид әл-Ақса, Масджид ул-Ақса, әл-Ақса мешіті (арабша:المسجد الاقصى al-Masjid al-Aqsa, Үлгі:IPA-ar, — тым шалғайдағы ғибадатхана) — “Масжид ул-Харамнан” кейін Құдыс (Иерусалим) қ-нда салынған ең алғашқы мешіт.

Әл-Ақса мешітінің іргетасын Дәуіт Пайғамбар (ғ.с.) қалаған, құрылысты аяқтау үшін Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) Финикиядан сәулетшілер алдыртқан. Пайғамбар хадисінде мешіт құрылысына жындар да жегіліп, жеті жылда салынып біткен делінген. Әл-Ақсаны Ассирия әміршісі талқандап, парсы патшасы Кейқұсрау қалпына келтірді. Б. заманымыздың 70-жылдары римдіктер қайтадан қиратып, 123 жылы Византия патшасы қайта жөндеді. Мешіт әл-Ақсаның шынайы мәртебеге ие болуы ислам дінімен тікелей байланысты. Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) хадисінде зиярат етуге болатын үш мешіттің бірі ретінде аталған Масжид әл-Ақса (һижра бойынша 16 жылға дейін) мұсылмандар үшін құбыла саналды. Құран Кәрімнің “әл-Ісра” сүресінде Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) миғраж түні Мешіт әл-Ақсаға барып, намаз оқығандығы жайлы айтылады. Әл-Уәлид тұсында (705 —715) мешіт зәулім ғимаратпен алмастырылды, көп ұзамай (780) зілзаладан зардап шеккен ғимаратты Әбу Жапар Мансұр мен Мәһди бин Мансұр халифалар қайта қалпына келтірді. Мешіттің көл. 105 70 м, оңт. қабырғасы әл-Харам аш-Шарифпен жапсарласқан. Масжид әл-Ақса 12 ғасырдың басында король сарайы болды, 1128 жылы Балдуин ІІ оның бір бөлігін рыцар орденіне сыйға тартты. Жөндеу жұмыстары кезінде ғимарат көп өзгеріске ұшырамай, бастапқы қалпын сақтаған. Масжид әл-Ақса орналасқан мекен қазір Израиль мемлекетінің аумағында. 1988 жылы Израиль әскері Ақса мешітін басып алған.

Пайғамбарлар қиссалары

Қасас әл-Анбия (араб.: قصص الأنبياء‎) Ибн Касирдің Құран Кәрім негізінде жинақтаған Пайғамбарлар қиссалары жинағы.

Кітапта Жер бетіне алғаш қадам басқан Адам пайғамбардан бастап Жер бетіндегі ең соңғы пайғамбар Мұхаммед ﷺ ға дейінгі пайғамбарлардың адам балаларын Жер мен Көктің жалғыз жаратұшысы Аллаһ тағалаға құлшылық етуге шақыру оқиғалары айқын сүреттеледі.

Сүлеймен пайғамбар

Сүлеймен пайғамбар, Соломон (Үлгі:Hebrew Name ISO 259-3 Šlomo; араб.: سليمان ‎ Sulaymān; гр. Σολομών Solomōn) – пайғамбар, Дәуіт пайғамбардың (ғ.с.) Құран Кәрімде аты аталатын ұлы. Діни аңыздар мен хикаяларда Сүлеймен пайғамбардың (ғ.с.) ұланғайыр билік, орасан зор даңқ пен ілімнің иесі болып, жан-жануарлардың, тірі жәндіктердің тілін білгендігі айтылады. Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) билігінің зорлығы сонша ол патшалығымен қатар жануарлар әлеміне де билік жүргізіп, жындар да оған бағынып қызмет жасайды. Сүлеймен пайғамбар зор биліктің, сән-салтанаттың иесі бола тұра аса кішіпейіл, әділетті, тақуа, ақыл-парасатты адам болғандығы айтылады. Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) әкесі Дәуіт пайғамбардың тәлім-тәрбиесін алып, патшалық таққа отырмас бұрын да, патша болған соң да өзінің кемеңгерлігімен әділ биліктер айтқан. Оның заманында мыс кендері табылып, ғажайып салтанатты сарайлар, сәндік және шаруашылық бұйымдары жасалды. Сүлеймен-бәни Исраил Пайғамбары. Құранда 10 жерде есімі бар. Аллаһ Тағала оған Пайғамбарлық та, патшалық та берген. Әкесі Дәуіт қаза болған жылы, 12 жасыңда таққа отырған. Дау-дамайда әкесінің қасында жүріп, әділ үкім айтуға үйренген. Көп ұзамай Пайғамбарлық қонған.

Кұстың тілін білетін, желді, жындарды жұмысқа қосатын кереметі (мұғжизасы) болған. Іргетасын Дәуіт Пайғамбар қалаған Байт ал-Мухаддас Сүлеймен патша болғасын төрт жылда салынып біткен. Бала патша одан қаражат та, күш-қуат та аямай жұмсап, айналасын қамалмен қоршатқан. Сүлеймен - салтанатын әлемнен асырған ірі патша. Соғыс қарулары да, соғысу тәсілі де жоғары болыпты. Ибн Йсхақ риуаятында Сүлеймен өзінің 52 жылғы қысқа өмірінің 40 жылын патшалықпен еткізді деген дерек беріледі.

Сәбә сүресі

Сәбә' сүресі (араб.: سورة سبأ‎) (Сәбә' патшалығы) Қасиетті Құран Кәрімнің 34-ші сүресі, 54 аяттан тұрады.

Ежелде Йеменнің шығысында орналасқан Сәбәғ елі, қазір Мареб деп аталынады.

Cүреде Аллаһ Тағала кім оған сенім келтірсе соған көмектесетіндігін айтады: Дәуіт пайғамбарға темірді жұмсақ етіп, Сүлеймен пайғамбарға жындарды бойұсындырдық. Жіндер Аллаһ Тағаланың қалауымен Сүлейменге кең сарайлар салады. Дәуіт пен Сүлеймен пайғамбарлар Аллаһ Тағалаға мейірбандығына өз разылықтары мен игіліктерін білдірүші еді.

Кейін сүреде Аллаһ Тағаланың Сәбәғ патшалығына көрсеткен мейірбандығына олардың разы болмағандығы көрсетіледі. Олар тәкаппарлық көрсетіп, Аллаһ Тағалаға өз рақметтерін айтпайды. Сонда Аллаһ Тағала оларды жазалайды. Аллаһ Тағала тыңдамайдын әрі көрнексіздерді жазалаушы.

Сүреде өз малдарымен әрі жанұяларымен мақтанғандарды Аллаһ Тағала мінейтіні айтылады. Аллаһ Тағалаға жақын болу үшін, Аллаһ Тағала ұнататын істерді жарату қажеттігі айтылады.

Әл-Исра сүресі

әл-Исра сүресі (араб.: سورة الإسراء‎ Sūratu al-Isrā), Қасиетті Құран Кәрімнің 17-ші сүресі, 111 аяттан тұрады.

Бани Исраиль немесе Исраиль ұрпақтары сүресі деп-те аталынады

"Біздің мұғжизалар жібермеуіміз бұрынғылардың мұғжизаны жасынға шығаруы ғана болды. Сондай-ақ Сәмүд еліне көрнеу түрде аруана жібердік. Бірақ оған зұлымдық қылып, өлтірді. Негізінде мұғжизаларымызды үрейлендіру үшін ғана жібереміз. (17:59)"

Әл-Халил

әл-Халил (араб.: الخليل‎, әл-Халиль, ивр. חֶבְרוֹן‎, Хеврон;) — әлемнің ерте қалаларының бірі

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.