Династия

Династия (гр. δῠναστεία - билік, үстемдік) немесе Әулет (парсы тілінен аударғанда— ұрпақтар) —

  1. тақты атадан балаға мұра ретінде қалдырып, билеп келе жатқан монархиялық билеушілер. Әулеттен әулетке мұра ретінде кәсіп пен салт-дәстүрлерді сақтап, еңбектеніп отырған топтарды айтуға болады.[1]
  2. бір іс-әрекет облыстарында атаққа ие болған бір отбасының бірнеше ұрпағынын өкілдері.[2]

Дәстүрлі Қазақ қоғамында қандас-туыстық байланысты айқындауда жеті ата ұстанымы негізге алынған. Туыстық байланыс жеті атаға дейін созылып, одан әрі құдандалық байланысқа ұласады. Әулет тер рулардың қалыптасуының қайнар көзі болды. Жеті атаға толған әрбір Әулет рулы елге ұласу рәсімін жасап, толыққанды ру санатына қосылып отырады.

The Okan family
Әулет

Әулеттің өкілдері өзінің жеті атасын білу арқылы көрші рулармен байланысын айқындаған. ғылым әдебиет терде “Ә” ұғымы елдегі ең жоғары билік лауазымы мұрагерлік жолмен берілген замандардағы билеушілер (қағандар, хандар, шахтар, т.б.) шежіресін тарату үшін де қолданылады. Мұрагерлік жолмен таққа отыру салты ежелгі дәуірде-ақ Мысырда, Вавилонда, Иранда, Қытайда, Үндістанда, Македонияда, Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы мемлекеттік бірлестіктерінде, т.б. қалыптасқан. Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Кимек қағанаттарында, Қарахан мен қарақытайлар мемлекеттерінде, қыпшақтарда, наймандарда, керейттерде, жалайырларда ең жоғары лауазым жекелеген Әулеттердің қолында болды. Алтын Орда құрылғаннан кейін Орталық Азияда Жошы, Шағатай және Үгедей Ә-тері ұзақ жылдар бойы билік жүргізді. Қазақ хандарының арғы тегі Жошы ханнан басталады. Ал, бергі заманда, Қазақ хандығы құрылған кезден бастап хандық институт жойылғанға дейін елді Жәдік және өсеке ұрпақтары биледі (қ. Қазақ хандығы). 18—19 ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азияның қоғамдық-саяси өмірінде Әбілқайыр әулеті мен Абылай хан әулеті ерекше рөл атқарды. Ресейде Романовтар әулеті, Австрия-Венгрияда Габсбург әулеті, Францияда Бурбон әулеті, Қытайда Цинь әулеті бірнеше ғасырлар бойы билік жүргізді. Ұлыбритания, Ватикан, Сауд Арабиясы, т.б. мемлекеттерде жекелеген Ә-тердің билік жүргізуі қазіргі заманда да жалғасуда.[3]

Дереккөздер

  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9
  3. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
Ашина Юанькин шад

Ашина Юанькин шад - 679 жылдан 693 жылға дейін билік еткен Батыс Түрік қағанатының қағаны. Ол қуыршақ билеуші болды, тіпті өзінің аймағына да билігі жүрмеген.

Ежелгі Мысыр

Ежелгі Мысыр (көне грекше: Αἴγυπτος, лат. Aegyptus), Та-кемет, Та-мери, Та-уи т.б. ) — әлемдегі ең байырғы мәдениет ошақтарының бірі.

Ніл өзенінің екі жағалауында орналасқан бұл ел б.з.б. 3200-ші жылы біртұтас мемлекет болып бірікті. Ніл өзені әр жылда тасып, жағалаудағы егістік жерлерді шайып кетіп отырған, тасу мезгілі аяқталған соң тұрғындардың жерін қайта өлшеп, бөлу керек болады, ұзақ жылғы жер өлшеу тәжірибесінің арқасында геометрия ғылымы пайда болған (геометрия – грекше «гео — жер, метро — өлшеу» деген мағына береді).

Меңгу Темір хан

Меңгу Темір - 1266 - 1280 жылдар аралығында билік құрған Беркеден кейінгі Алтын Орда ханы.

Наурыз хан

Наурыз хан, Наурыз ибн Мұхаммед, Навруз, Наурус, Ноуруз (туған жылы белгісіз – 1360) – Алтын Орданың ханы (1360 жылы, қаңтар – маусым).

Ордамәлік хан

Ордамәлік хан — 1361 жылдың қыркүйек-қазан айларында билік еткен Алтын Орда ханы. Есімі «орданың билеушісі» деген мағына береді.

Ордамәлік Жошы ханның он үшінші ұлы Тоқа Темірдің ұрпағы болатын. Тоқа Темірдің ұрпақтары оған дейін Алтын Орда тағына үміткерлік еткен емес. Алайда Тоқа Темір ұрпақтарының абыройы Орданың батыс бөлігінің билеушісі қият Теңіз Бұға тақтан тайдырылып, таққа Тоқа Темірдің ұрпағы Қара Ноғай келгеннен бастап артқан болатын.

Шибандық хан Құзырдың өлімінен соң 1361 жылы таққа оның ұлдары Мұрад пен Темір Қожа таласты. Темір Қожа жоғарғы билікті өз қолына алып, Сарай қаласын басып алды. Бірақ Мұрад жеңілмеген еді, ол Гүлстанда тұрақтады. Осы уақытта тақ таласына шығыстан келген Ордамәлік араласты. Темір Қожа Сарайдан қашып кеткен соң, жергілікті атқамінерлер таққа Мұрадты отырғызуға тырысты, алайда Ордамәлік оның алдын орап кетті. 1361 жылы қыркүйекте ол Сарайды басып алып, бір айға жуық билікті ұстап тұрды.

Османлы әулеті

Османлы әулеті — Ұлы Османлы Мемлекетін 1299-1922 жылдар аралығында басқарған сұлтандар мен халифтер әулеті.

Сартақ хан

Сартақ хан (т. ж. б. — 1256) — 1256 жылы билік еткен Алтын Орданың ханы, Бату ханның баласы. Жас кезінде әкесінің ықпалымен белгілі Ресей князі Александр Невскиймен анда болған. Еділ өз-нің төм. сағасының батыс жағалауынан бастап, Каспий теңізінің солтүстік жағалауы мен Қырым аралығында билік құрды.

Темір Қожа хан

Темір Қожа хан — 1361 жылы билік еткен Алтын Орда ханы. Темір-Қожа Жошы ханның үлкен ұлы Орда Ежен әулетінің өкілі.

Ол Құзыр ханның үлкен ұлы. Ол әкесіне қарсы қастандық ұйымдастырып, сарайда төңкеріс жасады. Соның нәтижесінде Құзыр хан мен оның кенже ұлы өлтірілді, ал Темір Қожа Алтын Орданың тағына отырды. Бар болғаны бес аптадай билік етті. Жаңа Сарайда өзінің атынан теңге соқтырып үлгерді.

Ордалық ақсүйектер Темір Қожаның алғашқы билік күнінен бастап оған жау ретінде қарады. Осы жағдайды өз мүддесіне пайдаланған беклербек Мамай ханға қарсы шықты. Мамай хан тағына Абдаллахты (Өзбек ханның ұрпағы) отырғызды. Елде өзара қантөгіс басталды. Мамайға қарсы шығатындай күші болмағандықтан Темір Қожа Еділге қарай қашты, сол жерде өлтірілді.

Темірқұтылық хан

Темірқұтылық хан(т.ж.б. – 1400) – Алтын Орда ханы (1395 – 1400). Ұрыс ханның немересі. Әмір Темір 1395 ж. Тоқтамысты талқандағаннан кейін Алтын Орда тағына Т. Қ-ты отырғызды. Билікті ханның атынан Едіге би жүргізді. Сарай, Хажы-Тархан, т. б. қалаларда Темірқұтылықтың есімі жазылған теңгелер табылған.

Тоқта хан

Тоқта хан (Тоқтай)– Алтын Орда ханы. Батудың шөбересі. Туған жылы белгісіз, 1312 жылы қайтыс болған.

Тоқтамыс хан

Басқа мағыналар үшін Тоқтамыс (айрық) деген бетті қараңыз.

Тоқтамыс хан (шамамен 1350 – 1406) – Алтын Орда ханы (1380 – 97/98). Маңғыстауда билеуші болған Тұй Қожа оғланның баласы. Жошы хан әулетінен.

Туда Меңгу хан

Туда Меңгу хан (туған жылы мен қайтыс болған жылдары белгісіз) — Алтын Орданың 6-шы ханы. Ол Меңгу Темір ханның інісі әрі мұрагері.

Тыныбек хан

Тыныбек хан - Алтын Орданың 10-шы ханы.

Шыңғыс хан

Шыңғыс хан (моңғ. Чингис хаан), шын аты – Темүжін (моңғ. Тэмүжин) — Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есугей баһадүрдің отбасында туған.

Шөкре хан

Шөкре хан — Алтын Орда ханы (1414— 1416), Чинга-Тура билеушісі (1407— 1413).

Қағанбек хан

Ғийас уд-Дин Қағанбек хан — Алтын Орданың жиырма тоғызыншы ханы (1375- 1377), түмен ханы (1375—1396).

Ол Ақ Ордадан шыққан билеуші болатын. Қағанбек Жошы әулетінің шибандық тармағынан тараған. Қағанбек 1375 жылы Берке Сарайды басып алып, өмірінің соңына дейін, яғни 1377 жылға дейін Алтын Орданың ханы болған.

Құзыр хан

Құзыр хан (1361) — Алтын Орданың 1360—1361 жылдары билік еткен ханы, Сасы Бұқаның ұлы. Құзыр хан Орда Ежен әулетінен шыққан тұңғыш Алтын Ордалық хан болды.

Құйыршық хан

Құйыршық хан (туған жылы белгісіз – 1395/96) – Алтын Орданың 32-ші ханы, онымен қоса Ақ Орда ханы, Ұрыс ханның баласы. “Бахр әл-асрар” атты еңбекте Құйыршықтың ұзақ жылдар Әмір Темірдің сарайында тұрғаны айтылады.

Құшрақ Бури қаған

Құшрақ Бури қаған (Ашина Хушэло-шад, Ашина Хусиньло) — 679/693 жылдан 704 жылға дейін билік еткен Батыс Түрік қағанатының қағаны.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.