Деспотизм

Деспотизм - көне грекше: δεσποτία - шексіз билік -

  1. Мемлекеттік құрылым жүйесі, бағынушылардың құқы жоқ, билікті шектен тыс қолданатын, шексіз монархия. Деспотизм классикалық түрі Ежелгі Шығыс мемлекеттеріне тән (Ассирия, Вавилон, Қытай империясы).[1]
  2. Ауыспалы мағынасында еркіндік, бостандықты қайырымсыз жаншу, қарамағындағыларға күш көрсетіп, езіп-жаншу.

Деспот (көне грекше: δεσπότης) - шексіз, қатал билеуші, тиран.[2]

Дереккөздер

  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9
Sid Meier's Civilization IV

Sid Meier's Civilization IV — қадамдық стратегия жанрыдағы компьютерлік ойын.

2009 жылы IGN сайты Civilization IV ойнын ең үздік 25 компьютерлік ойындардың арасындағы 3-ші орынға қойды.

Жан Расин

Жан Расин(фр. Jean-Baptiste Racine, 21 желтоқсан 1639 — 21 сәуір 1699) - француз драматургы, Франция XVII ғасырдағы ұлы үш, Корнель мен Мольермен бірге, драматургтарының бірі, «Андромаха» трагедиясының, «Британик», «Ифигения», «Федра» авторы.

Карл Виттфогель

Карл Виттфогель (1896 - 1988 ж.ж.) - неміс әлеуметтанушысы. Франкфурттағы әлеуметтік зерттеулер институтында жұмыс істеді. Кейін АҚШ-қа көшіп кетті. Қытай қоғамы туралы зерттеулерімен танымал.

Негізгі еңбегі: "Восточный деспотизм".

Мемлекеттік басқару формасы

Мемлекеттік басқару формасы — мемлекеттiк билiк ұйымын, жоғарғы мемлекеттiк органдардың жүйесiн мiнездейтін мемлекет формаларының элементерінің бірі.

Басқару формасы, тар мағынада — мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының ұйымы дегенді білдіреді.

Ал ауқымды мағынада алғанда, басқару формасы — бұл мемлекеттің бүкіл органдарының өзара әрекет етуі және ұйымдасу әдісі.Үкімет түрін, яғни басқару формасын мемлекеттік құрылым түрлерімен және мемлекеттiң саяси тәртiбiмен шатыстырмау қажет.

Бұл үшеуі біріге отырып, бір-бірін толықтыра отырып мемлекет формасын құрайды.

Басқару формасы мемлекеттің келесі сипаттамаларын көрсетеді:

мемлекеттің жоғарғы билік органдарының құрылуын,

құрылымын,

мемлекеттік органдардың арасындағы өзара әрекет етуінде жатқан принциптерін,

жоғарғы билік пен қатардағы азаматтарды арасындағы өзара қарым-қатынастың құрылуын,

Шарль Луи Монтескье

Монтескье Шарль Луи

(фр. Charles-Louis de Seconda, Baron de La Brède et de Montesquieu; 18 қаңтар 1689 — 10 ақпан 1755), Шарль де Секонда, барон де Ла Бред и де Монтескье – француз ағартушысы, философ, социолог.

Негізгі еңбектері: “Парсы хаттары” (1721), “Заңдардың рухы туралы” (1748). Монтескье теология мен дінді қатты сынға ала отырып, адамзат қоғамының дамуында белгілі бір объективті заңдылық бар екендігін мойындайды. Дінді қоғамда тәртіпті сақтау үшін, адамгершілікті қалыптастыру үшін қажет деп есептейді. Монтескье адамның табиғи еркіндігі теориясына сүйене отырып, оның бақытты болуға құқылы екендігін түсіндірді. Оның саяси идеялары классикалық либерализмге негізделген. Монтескье “Заңдардың рухы туралы” еңбегінде заңдардың шығу себептерін, қалыптасуын зерттеді. Монтескье пікірі бойынша, нағыз әділ заң адамның табиғи құқығына негізделуі қажет. Монтескье адамның ақыл-ойы, парасаты құдай белгілеп берген нәрсе емес, оның өмір сүріп отырған ортасының жемісі, сол ортаның өзгеруімен ол да өзгеріп отырады, заңды қатаң сақтау бостандықты қамтамасыз етуге, мемл. төңкерістерді болдырмауға қызмет етеді деген пікірде болды. Ол мемлекеттік биліктің үш сатысын:

заң шығарушы,

атқарушы

сот билігін бөлу арқылы басқару азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өкімет билігін теріс пайдаланып, қиянат жасауды болдырмайды деген ой айтты.Аталған еңбекте басқарудың республика, монархия және деспоттық түрлерін айқындап, олардың өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетті. Билікті бөлу теориясына ерекше көңіл бөлді. Билікті әділ бөлмейінше, оны заңдастырмайынша еркіндіктің, саяси бостандықтардың жүзеге асуына жол жоқ. Монтескье мемлекет, демократия басқару жүйесін ұсына отырып, оның объективтілігін негіздеуге ұмтылды. Қоғам, оның ойынша, біртұтас әлеуметтік құрылым және тек халықтың жалпы рухы арқылы тануға болатын процесс. Монтескье философия тарихында алғаш рет географиялық орта мен оның қоғам дамуындағы орнына ерекше көңіл бөлді. Оның ойынша табиғаттың объективті заңдылығы әрбір халықтың психологиясы мен тұрмысына ерекше әсер етеді. Әсіресе климаттың, топырақ пен жер қыртысының адамдардың мінез-құлықтары мен халықтық әдет-ғұрыптардың қалыптасуына ықпал ететіндігін атап көрсетті.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.