Грек тілі

Грек (ελληνικά — гректердің ана тілі, Балқан түбегіне тән Үнді-Еуропалық тіл. Үнді-Еуропалық тілдер ішінде тәуелсіз, жеке тармақ құрайды. Бұл тіл 34 ғасырлық жазбаша құжатталған тарихы бар Үнді-Еуропалық тілдердің ең ежелгісі..[1] Ол өзінің ежелгi түрінде Көне Грек әдебиетінің классикалық және християндық Жаңа Келісім тілi болып табылады. Жаңа түрінде бүгінгі Грекия мен Кипрдің ресми тілдері болып келедi, әлемнің түкпір-түкпірін есептегенде 20 миллионға жуық халық осы тілде сөйлейді. Грек әліпбиінде жазылады.

  1. Greek language. Encyclopædia Britannica Online.
Greek
гр. Ελληνικά 
Айтылуы: IPA: [e̞liniˈka]
Сөйлеу орны: Грекия, Кипр, АҚШ, Аустралия,
Германия, Түркия, Ұлыбритания, Канада,
Ресей, Албания, Украина, Франция, Грузия,
Италия, Болгария, Румыния, Македония, Армения and the rest of the Greek diaspora. 
Аумағы: Balkans
Барлық сөйлеушілері: c. 15 million 
Әлемдегі қатары: 52
Тіл ұясы: Indo-European
 Hellenic
  Greek 
Жазу әдісі: Greek alphabet 
Ресми күйі
Ресми күйі бар жері:  Грекия
 Кипр
Еуропа одағы Еуропа одағы
Реттеушісі: ресми реттелуі жоқ
Тіл белгілері
ISO 639-1: el
ISO 639-2: gre (B)  ell (T)
ISO 639-3: әртүрлі:
grc — Ancient Greek
ell — Modern Greek
pnt — Pontic Greek
gmy — Mycenaean Greek
gkm — Medieval Greek
cpg — Cappadocian Greek
tsd — Tsakonian Greek
Армян тілі

Армян тілі (հայերեն, (hɑjɛɾɛ́n) — Үнді-Еуропа тілдерінің ішіндегі ең көне жазба тілдерінің бірі. Басқа тілдердің ішінде ең жақыны - грек тілі. Қазіргі заманда жойылған фригий, фракий, дакий және пеоний тілдерімен бірге палеобалкан тілдер тобына жатады.

Армян тілі — Арменияда, Ресейде, АҚШта, Францияда, Иранда, Грузияда, Сирияда, Аргентинада,Түркияда, Ливанда, Украинада, Иорданияда, Қазақстанда, Өзбекстанда, Канадада, Грекияда, Түркіменстанда, Израильде, Палестинада, Иракта, Венгрияда, Болгарияда, Абхазияда, Чехияда, Мысырда, Кипрда, Эстонияда, Гондураста, Румынияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Үндістанда тұратын армяндардың тілі.

Армян тілінде әр түрлі мәлімет бойынша 5,9 млн-нан 6,7 млн адам сөйлейді.

Армян әдеби тілінің тарихы

көне (5-11 ғасыр),

орта (11-17 ғ.),

жаңа дәуір (17 ғ-дан бастап) аталатын 3 кезеңге бөлінеді.Көне дәуірдегі армян тілі - көне армян тілі, ал оның жазба ескерткіштерінің тілі - грабар.

Орта дәуірдегі армян тілі - орта армян тілі деп аталады.

Жаңа дәуірде қазіргі армян тілі қалыптасып, 19 ғ-дың аяқ шенінде онда жаңа армян әдеби тілінің белгілері пайда болған. Жаңа армян әдеби тілінің шығыс және батыс делінетін екі нұсқасы бар, олардың әрқайсысы көптеген диалектіні қамтиды. Армения халқы осының ашхарабар деп аталатын шығыс нұсқасында сөйлейді.

Армян тілінде 6 дауысты, 30 дауыссыз фонема бар. Грамматикалық род категориясы жойылып кеткен. Септік жалғаулары жетеу. Морфологиясының дені агглютинативті, аналитизм элементтері де ұшырайды.

Афина

Басқа мағыналар үшін Афина (мағына) деген бетті қараңыз.

Афина қаласы ежелгі өркениет орталықтарының бірі, Грекияның астанасы. Эгей теңізінің жағасында, Аттика түбегіндегі төбелі жазықта орналасқан. Ол өзімен іргелес жатқан ең ірі теңіз порты — Пиреймен қосылып, үлкен Афинаны құрайды (аумағы 433,28 км²). Афина — Жерорта теңізінің жағалауындағы ең ірі қалалардың бірі. Тұрғыны 3,4 млн. адам (1994). Климаты жерортатеңіздік (жазы — ыстық, қуаң, қысы — жылы, жаңбырлы), қаңтар айының орташа температурасы 90С, шілде айының орташа температурасы 270С. Ежелгі Грекия тарихында Спартамен қатар жетекші рөл атқарған қала-мемлекет. Қала әйел құдай Афина Палладаның (Зевстің қызы) есімімен аталған. Қала-мемлекеттің қалыптасу тарихын баяндайтын негізгі еңбек — Аристотельдің “Афина политиясы”. Афиналықтар шежіресі бойынша, қала Афина акрополінің төңірегінде (бұл жерде микен дәуірінің кезінде-ақ бекініс тәрізді елді мекендер мен б.з.б. 16 — 13 ғасырларда салынған сарайлар болған) таңдаулы рулық қауымдарды біріктірудің нәтижесінде пайда болған. Б.з.б. 5 ғасырдың 2-жартысында бұған дейін бірнеше әлеуметтік-саяси реформаларды басынан өткерген Афина мәдени гүлденудің (“Периклдің алтын ғасыры” деп аталатын) ең биік деңгейіне жетті. Афинада көрнекті ғалымдар, суретшілер мен ақындар: тарихшы Геродот, философ Анаксагор, мүсінші Фидий, ақындар Эсхил, Софокл, Еврипид, комедияшы Аристофан өмір сүрді. Афиналық жазушылардың тілі — аттика диалектикасы бүкіл эллиннің әдеби тіліне айналды. Әсем үйлер салынды. Гипподам жобасы бойынша салынған тұтас бекіністің Акрополь ансамблін құрайтын негізгі ғимараттары — әлемдік сәулет өнерінің озық үлгілерінің бірі Парфенон храмы (б.з.б. 438 — 447 жылдары салынған), Фидийдің мүсіндері, т.б. бейнелеу өнерінің туындылары кейінгі ғасырлар суретшілері үшін шеберлік мектебі іспеттес болды. Алайда, “алтын ғасыр” ұзаққа созылған жоқ. Адамзат өркениеті ошағының бірі болған Афина ішкі жанжалдардың, алауыздықтың салдарынан, 176 жылы Римнің қол астына өтті. Рим үстемдігіне қарсы бас көтерген Афинаны Корнелий Сулланың әскерлері жаулап, қалаларын қиратты. Б.з. 3 ғасырында сыртқы жаулардың шапқыншылығынан Афина біржола дербестігін жоғалтты.

Қазіргі Афинада ежелгі грек, рим заманы мен орта ғасырлардың сәулет ескерткіштері жақсы сақталған. Олардың негізгілері — Акрополь төбесі (биікт. 125 м) мен Агора алаңы (суретті қ.). Қалада дүние жүзіне әйгілі Ұлттық археология мұражайы (1874), Акрополь (1878), Агор (1956), Византия (1914), Бенаки мұражайлары (1931) Ұлттық көркемсурет галереясы (1900), бар. Қала — бүгінгі Грекияның ірі өнеркәсіп орталығы. Грекия шығаратын барлық өнеркәсіп өнімдерінің 70%-ын өндіреді. Жеңіл, тамақ, металл өңдеу және металлургия, химия, полиграфия т.б. өнеркәсіп салалары дамыған.

Воле Шойинка

Акинванде Воле Бабатунде Шойинка (Воле Сойинка, ағылш. Akinwande Oluwole "Wole" Soyinka, 1934 жылдың 13 шілдесі, Абеокутада өмірге келген) — нигериялық драматург, жазушы, ақын.

Йоруба тілінде әңгімелер, ағылшын тілінде проза мен драмалар жазған. 1986 жылы «Поэзия мен театрдың мәдени келешегіне зор үлес қосқаны үшін» әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанған.

Батыс Нигерия, Абеокута қаласында бастауыш мектеп директорының және йоруба халқының дүкен иегері көпбалалы жанұясында дүниеге келген. 1950 жылы Ибадандағы Үкіметтік колледжін бітірген. Сосын Лагос қаласына көшіп, нигериялық радио таратуда әңгімелер мен радиопьесалар жазған, клерк боп жұмыс істеген. 1952 жылы Ибадандағы Университет колледжіне оқуға түсіп, көне грек тілі, тарихы мен ағылшын әдебиетін зерттеген. Оқу барысында ол Нигерия тәуелсіздігі үшін қозғалыстарға белсенді түрде қатысқан.1954 жылы Ұлыбританияға көшіп, Лидс университетінде театр өнері мен ағылшын әдебиетін оқиды.

1957 жылы бакалавр дәрежесін үздік бітіріп, Шойинка диссертация жұмыстары үшін Лидсте қалады. Осы уақытта, ол ескі және қазіргі уақыттағы Африка күресіне арналған өзінің «Батпақ тұрғындары» («The Swamp Dwellers») және «Арыстан мен інжу-маржан» («The Lion and the Jewel») атты екі пьесасын жазды. 1958 жылы Лондонға барып, «Ройал-Корт» театрында студенттік кезде орындаған «Батпақ тұрғындары» пьесасын дауыстап оқушы болып, сонымен қатар нәсілшілдікке қарсы өзінің «Жаңсақ» («The Invention») жаңа пьесасында жұмыс істейді. 1960 жылы Нигерияға оралып, «Маски-1960» әуесқой театрлық тобын құрады. 1962 жылы Ифа универсиетеінде ағылшын тілі мұғалімі болды. Ол африкалық дәстүр үшін пікір-таласатындармен бірге еуропалық мәдениетке қарсы шықты.1970 жылы Шойинка Еуропаға барып, Кембридж университетінде тәжірибеден өтіп, дәріс береді.

Және үш басты пьесасын жазған: «Иероним Метаморфозалары» («Jero's Metamorphosis»), «Вакханкалар» («The Bacchae») және «Өлім және атты патша» («Death and the King's Horseman»). Оның түрмедегі еске түсірілуі «Адам өлді» («The Man Died») шығармасы 1972 жылы жарияланған. 1975 жылы Шойинка «Жаңа өткел» («Transition») журналының редакторы болып Гананың астанасы Аккраға көшіп келген. 1975 жылдың шілдесінде президент Я.Говона биліктен кеткеннен кейін Шойинка Нигерияға оралады, бір жылдан кейін қайтадан Ифа университетінде ағылшын тілі профессоры болған. 1981 жылы Батыста Шойинкидің «Аке: Балалық шақ» («Ake: The Years of Childhood») афтобиографиясы жарық көреді. Қазіргі уақытта ол XX ғасырдың ең үздік африкалық кітабы болып саналады (бұл тізімге сонымен қатар Шойинкидің «Өлім және атты патша» пьесасы кіреді). 1984 жылы нигериялық Жоғарғы сот «Адам өлді» пьесасы қойылымына тыйым салды. 1986 жылы Шойинка Африкалық жазушылар арасынан «Поэзия мен театрдың мәдени келешегіне зор үлес қосқаны үшін» әдебиет бойынша Нобель сыйлығын алған. Шойинка өзінің Нобельдік лекциясын Нельсон Манделаға арнады. Шойинка проза және драмалық шығармаларымен қатар бірнеше ақын жинақтарын, оның ішінде өте танымал «Түрмеден өлеңдер» («Poems From Prison», 1969) және осы «Табыт қақпасы» («А Shuttle in the Crypt», 1972) атты жинақтың қосымша әрі кеңейтілген баспасы жарық көрді. Шойинка үйленген, бір ұлы мен үш қызы бар.

Грек халқының мәдениеті

Гректер, эллинес (өздерінше атауы). Қазақстандағы саны – 12703 адам (1999 ж.).

Грек әліпбиі

Грек әліпбиі — Грек тілініӊ және грек тілі тобыныӊ басқа да тілдерініӊ әліпбиі. Б.з.б. IX ғ. соӊы б.з.б. VIII ғ. басынан бастап үзбей қолданылады. Ғалымдардыӊ болжауы бойынша, грек әліпбиі дауыссыз дыбыстармен бірге дауысты дыбыстар үшін бөлек әріптерді қолданылған бірінші әліпби. Әліпбиде барлығы 24 әріп.

Грекия

Грекия (гр. Ελλάδα [eˈlaða] тыңдау, ежелгіде — гр. Ελλάς [eˈlas] тыңдау), ресми — Грек Республикасы (гр. Ελληνική Δημοκρατία [eliniˈci ðimokraˈti.a]) — Еуропа оңтүстігінде, Балқан түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Албаниямен, бұрынғы югославиялық Македония республикасымен және Болгариямен, солтүстік-шығысында — Түркиямен шектеседі. Шығысы мен оңтүстігін Эгей теңізі, батысын — Ион теңізі шайып жатыр. Осы елді мекендейтін юнандар (гректер) атымен аталған.

Грекия, Грек Республикасы — Еуропаның оңтүстік-шығысында, Балқан түбегінің оңтүстігі мен соған шектесіп жатқан Ион, Жерорта және Эгей теңіздеріндегі ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер аумағы — 132,0 мың км². Халқы — 10,5 млн. Астанасы — Афина қаласы (3,5 млн.). Тұрғындарының 95%-дан астамы гректер, қалғандары: түрік, албан, т.б. Ресми тілі — грек тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Ел аумағы әкімшілік-аумақтық жағынан 51 номға бөлінеді. Үлкен қалалары: Салоники, Патрай, Ираклион, Волос. Ақша бірлігі — драхма. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. 1975 ж. 11 маусымда қабылданған ел конституциясы бойынша, Грекия президент басқаратын парламенттік республика болып табылады (президентті парламент сайлайды). Ұлттық мерекесі — Тәуелсіздік күні (1821, 25 наурыз).

Грекия жерінің басым бөлігі таулы-қыратты. Климаты жерортатеңіздік субэкваторлық. Қыс айларындағы орташа температура 4 — 11ӘС, ал жаз айларында 24 — 28ӘС. Өзендері шағын, суы аз. Жерінің 15%-ын орман алып жатыр. Жауын-шашын мөлшері 350 — 1500 мм аралығында.

Алғашқы грек мемлекеттері біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта пайда болды. 395 жылдан ежелгі Грекия жері Византия империясына бағынды. 15 ғасырдан бастап Осман сұлтандығына қосылды. 1821 — 29 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысынан және 1828 — 29 жылдардағы орыс-түрік соғысынан кейін Грекия 1830 ж. тәуелсіздікке қол жеткізді. 1-дүниежүзілік соғыс кезінде Антанта жағында болды. 1941 ж. елді Германия мен Италия әскерлері басып алды. 2-дүниежүзілік соғыс аяқталысымен елде азамат соғысы басталды (1946 — 49). Ол аяқталған соң, 1952 ж. Грекия НАТО-ға мүше болды. 1967 ж. үкімет билігі әскери хунтаның қолына көшті. 1974 ж. болған жалпыхалықтық ереуілден кейін, әскерилер биліктен кетіп, демократиялық институттар қалпына келтірілді, жаңа конституция қабылданды. 1992 ж. қараша айында Грекия Еуропалық одаққа толық мүше болып қабылданды.

Грекия — орташа дамыған индустриальды-аграрлы мемлекет. Жан басына шаққанда жылдық орташа табыс мөлшері — 7100 доллар Ұсақ жекеменшік кәсіпорындар да көп. Экономикасының жетекші салалары: тамақ, химия, тау-кен, металлургия өнеркәсіптері және цемент шығару. Кейінгі жылдары электроника мен кейбір машина түрін жасау тез дамып келеді. Ауыл шаруашылығында, негізінен, жүзім, жеміс-жидек, зығыр, дәнді дақылдар өсіріледі. Бұған қоса сауда флоты мен туризм жақсы дамыған. Грекия — сауда флоты жағынан дүние жүзіндегі жетекші елдердің бірі. Елге жыл сайын 10 млн-нан аса туристер келіп, қазынаға 4 млрд. доллардан аса кіріс кіргізеді. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Италия, АҚШ, Франция, Сауд Арабиясы. 1992 ж. 1 қазанда Қазақстанмен дипломатиялық қатынастар орнатты.

Астанасы — Афина қаласы.

Батыс өркениеті бесігі болап танылған, тарихтағы алғашқы демократиялық мемлекет. 1981 жылдан бастап – ЕО, 1952-ден бастап — НАТО мүшесі.

Грекше Уикипедия

Грекше Уикипедия (гр. Ελληνική Βικιπαίδεια) — Уикипедияның грек тіліндегі бөлімі. 2002 жылы ашылған.

Ежелгі грек тілі

Ежелгі грек тіл білімі орыс. древнегреческое языкознание — Грекияда туған тіл біліміндегі ой-пікір бүкіл Еуропа тіл ғылымының қалыптасып дамуына күшті әсерін тигізді. Тілге қатысты жазба материалдары б. з. д. 5 ғасыр шамасынан басталады.

Ежелгі грек тіл білімі Гомердің "Илиада" мен "Одиссея" жырларының тілін зерттеуден басталады. Көне заманнан сақталған бұл дастандартілі гректердін сөйлеу тілінен мейлінше алыстап, оларға түсініксіз бола бастаған сон, грек ойшылдары соны зерттеу, айкындаумен шүғылданған.

Ежелгі грек тіл білімі екі кезенге бөлініп қаралады. Онын бірі — философиялық кезен, екіншісі — филологиялық кезен. Бірінші кезен б. з. д. 5—3 ғасырлар арасын қамтиды. Бұл — Ежелгі грек тіл білімі қалыптасуының алғашқы кезені. Мұны қалыптастырушылар философтар болған. Олар тіл мәселелерін лингвистикалық тұрғыда емес, философия тұрғысынан сөз еткен, философияға тәуелді, соның ажырамайтын бір саласы деп есептеген. Нақты тілдік фактілерге сүйенбей, абстракты болжаулар, философиялық тұжырымдар жасаумен шұғылданған. Бұл бағыт Грек тарихындағы эллинизм дәуіріне дейін сакталды. Ежелгі Грек философтарының тілге қатысты мәселелерден ерекше сөз еткендері — атаудын табиғаты, зат пен онын атауы арасында қандай байланыс болатыны, тілдік қайдан, қалай пайда болғаны және тілдік грамматикасы мен логика арасындағы қарым-қатынас жөніндегі мәселелер. Гераклит бастаған философтар атау заттың табиғатына сәйкес жаратылыстан берілген, сөз — табиғат туындысы лесе, Демокрит бастаған философтар оған қарсы — зат пен оның атауы арасында табиғи байланыс болмайды, ол екеуінің арасындағы байланыс — шартты, кездейсок деген тұжырым жасады. Демокрит атаулардың жаратылыстан берілген табиғи еместігін тілдерде затты эр түрлі атаумен білдіретін синонимдердің және эр түрлі мағынаны білдіретін омонимдердің болатындығымен, көптеген заттардын тілдік атауларынын болмайтынымен немесе зат атауларының кейде өзгеріп кететінімен дәлелдейді.

Ежелгі Грек философтарының тілге байланысты сөз еткен екінші проблемасы — тілдің шығуы жөніндегі мәселе. Бұл мәселеде де олар дұрыс шешімге келе алған жок. Олардың бір тобы тілді дыбысқа еліктеуден шыққан десе, екінші бір тобы ертедегі адамдардың өзара келісуінен барып шыққан дегенді айтады. Тіл білімінде мұның алғашкысын дыбыска еліктеу теориясы десе, сонғысы келісім теориясы деп аталады.

Грек ғалымдары көтерген тағы бір проблема — грамматика мәселелері. Грамматиканы да алғашында философия, әсіресе логика ғылымына тәуелді, соның бір саласы ретінде, логикалық категориялардың көрсеткіші ретінде ғана қараған. Платон тілдегі сөздерді есім, етістік деп екі топка бөлсе, Аристотель алдынғы екеуінің үстіне жалғауыш дегенді қосып, үш топқа бөледі. Аристотель — грамматика мен логика арасындағы қарым-қатысты алғаш сөз еткен ғалым. Онын логика мен поэтика жөніндегі ілімі кейінгі заман оқымыстыларына да күшті ықпал жасады. Аристотель логиканы ұғым, пайымдау сияқты категорияларды зерттейтін ғылым деп анықтайды да, сөз табы деген — сөйлемнің элементтері, ал, сөйлем — есім мен етістіктің байланысы, бұл екі категория арасында елеулі өзгешеліктер бар: етістік шақты білдіреді, предикативтік қызмет атқарады, ал, есім септеледі, сөйлемде субъектілік қызмет атқарады дейді. Бірак Платон да, Аристотель де сөздерді тапқа бөлгенде, тілдік категория ретінде емес, логикалық категория ретінде қарайды. Соған қарамастан Аристотельдің лингвистикалық көзқарастары бұл ғылымның кейінгі замандардағы дамуына зор әсерін тигізді. Күні бүгінге Дейін қолданылып жүрген грамматикалық категориялардың, Терминдердің көпшілігі Аристотельден қалған.

Ежелгі грек тіл білімі өз дамуының ең биігіне Грекия тарихында эллинизм деп аталатын дәуірде көтерілді (бұл б. з. д. 3 ғ. мен б. з. 4 ғ. арасы). Тіл білімі тарихында грамматистердін Александрия мектебі деп аталатын бағыты осы дәуірде қалыптаскан. Бұл кезен Ежелгі грек тіл білімі тарихында филология дәуірі деп аталады. Бұл дәуірде грамматикалық ілім философияның, логиканың ықпалынан босанып, өзалды на дербес пән ретінде қаралды. Грамматика ілімін дамытушылар: Аристрах Самофракийский (б. з. д. 200—150 жылдары), онын шәкірттері Дионисий Фракийский, Аполлоний Дискол (б. з. 2 ғ.) болды. Аристрах тілдегі сөздерді есім, етістік, есімше, член (артикль), есімдік, предлог, үстеу, жалғаулық деп сегіз топка бөлген. Дионисий Фракийский негізгі сөз таптарының көптеген грамматикалық категорияларын, Аполлоний Дискол синтаксис мәселелерін зерттейді. Дегенмен, Ежелгі Грекияда морфологияға қарағанда синтаксис, фонетика, лексикология аз зерттелген.

Бұл дәуірдегі филология жазба ескерткіштерді жинап зерттеу ісімен ерекше шұғылданған. Ежелгі Грек дәуірінен келе жаткан зат пен оның атауы арасындағы қарым-қатынас жөніндегі талас бұл кезенде де болды, бірақ бұл тілдегі заңдылық тұрғысынан қаралды. Оны бардеушілер аналогистер, жокдеушілер аномапистер деп аталды.

Аномалистер (Ктатес Малое) зат пен оның атауы және грамматикалық категориялар арасында ұқсастық, заңдылық жоқ десе, аналогистер (Аристрах Самофракийский) тілде аналогияның рөлі ерекше, тілдік элементтерде аналогия жолымен бірыңғай, біркелкі болу тенденциясы кұшті, тілдегінің барлығы да белгілі заңдылыққа бағынады деді.

Тіл білімі тарихында елеулі мәні барлығына қарамастан, Ежелгі грек тіл білімінің әлсіз жақтары да мол болған. Тіл мәселелерін алғашқыда философия, логика ғылымдарына тәуелді, соның бір саласы ретінде қарады; тілдік категорияның өзгеріп, дамып отыратың тарихи кұбылыс екеніне жете мән бермеді; гректер өз тілінен баска тілді зерттемеді.

Еуропа одағы

Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО) — Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі.

Еуропа одағы (ЕО) — халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Аустрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған. Еуропа одағы еуропалық қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951, осы ұйым Еуропа одағының құрылуына негіз қалады), Еуропалық экономикалық қауымдастықтың (1957 жылы Рим келісімшарты бойынша құрылған бұл ұйым “Ортақ рынок” деп те аталады), сондай-ақ, Атом энергиясы жөніндегі еуропалық қауымдастықтың (1957 жылы құрылған) қарым-қатынастары негізінде жұмыс істейді. Кейіннен бұл Одаққа – Польша, Мажарстан, Чехия, Словакия, Словения, Хорватия, Эстония, Латвия, Литва елдері мүше болды. Еуропа одағы аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еуропалық актіде (1987), Маастрихт келісімшартында (1992) және Амстердам келісімінде (1997) көрсетіліп айқындалған. Соңғы жылдары Еуропа одағы мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту; кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта теңізі жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру; әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді. 1999 жылдың бірінші қаңтарынан бастап (алғашқы кезекте он бір мемлекет: Аустрия, Бельгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Португалия, Финляндия, Франция) есеп айырысу операциялары үшін тепе-теңдік қасиеті бекіндірілген бірегей еуро (1996 жылға дейін ЭКЮ) валютасын енгізді. 2002 жылдан бастап қолма-қол төлемдерге арналған тиындар мен банкноттар айналымға қосылмақшы. Еуропа одағының жалпы органдары қатарына Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент, Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы, т.б. жатады.

Еуропалық Одақ әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. 1995 жылдың қаңтарында Еуропалық Одақ комиссиясының штаб-пәтері орналасқан Брюссель қаласында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ және оның мүше мемлекеттерінің арасында серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға Еуропа одағы ТАСИС бағдарламасы шеңберінде үлкен көмек көрсетіп отыр. Бұл бағдарлама 1991 жылдан бастап орындалуда.

Латын әліпбиі

Латын әліпбиі, әлемде кеңінен қолданылады. Б.з.б. 7 ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. 1 ғасырында қалыптасты. Жазу оңнан солға немесе солдан оңға қарай (брустрофедон бойынша) жазылып, бағыты әрдайым алмасып отырған. Б.з.б. 4 ғасырдан бастап жазу тек солдан оңға қарай жазылды, алғаш 20 әріп болды. Әліпбиге б.з.б. 230-жылдары G, Y және Zәріптері енген, соңғы екеуі грек тілінен кірген сөздер үшін алынған, ал J, U, W әріптерінің қолданылуы қайта өркендеу дәуіріне жатады. Орта ғасырда Латын әліпбиі Еуропаға тарады, Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Латын сөздерін оқуға негізделген әріп таңбалары қалыптасты. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар. Дауысты дыбыстар созылыңқы және қысқа айтылады, осыған байланысты сөздердің мағынасы өзгереді: līber — тәуелсіз, liber — кітап. Латын әліпбиінде алты монофтонг (жалаң дауысты) — а, е, і, о, u, у, сондай-ақ екі дифтонг (қос дауысты) — аu, еu бар. Үш диграф (қос таңбалы) -- ae, oe, ue бар. Дауысты дыбыстардың санына, орналасу тәртібіне байланысты сөзге екпін түседі, буындар да осы негізде жабық (дауыссызға бітсе) және ашық (дауыстыға немесе дифтонгқа аяқталса) болып бөлінеді.

Патры

Патры, Патрас (Patrai) — Грекиядағы қала, порт. Пелопоннес түбегінде орналасқан. Халқы 111,6 мың (1971). Мата тоқу, тамақ, қағаз, аяқ киім, химия, металл өңдеу кәсіпорындары, университет (1966 жылдан) бар. Шетке субтропиктік жеміс шығарылады.

Персоефона

Персефона – ежелгі грек мифологиясында құнарлық пен жер асты құдайы. Деметра мен Зевстің қызы, Аидтың әйелі. Рим халқында – Прозерпина.

Платон

Платон (көне грекше: Πλάτων, б.з.д. 427 — 347) — ежелгі грек философы, математик, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализм философиясының негізін салушы. Платон оның лақап аты болып, жауырыны кең болғандықтан "жалпақ", "кең" деген мағынада Платон деп аталған. Платонның шын есімі — Аристокл.

Платон философиялық ізденістің алғашқы нұсқасының бірегей өкілі болды. Әсіресе классикалық философия Платонды өз арқау дәстүрі етіп қалыптасқаны белгілі. Платонның Афина қаласында құрған Академиясы адамзат мәдениетіндегі ең алғашқы жоғары оқу орынының таңдаулысы есептеледі. Платон және ұстазы Сократ және шәкірті Аристотель үштігі шығыс (мұсылман әлемі) пен батыс (христиан әлемі) тарихында философия мен ғылымның алғашқы негізін қалаған ойшылдар есептеледі.

Платон өз шығармашылығында түрлі жазушылық үлгісін кең пайдаланған, әсіресе ойшыл-ғұламалар ортасындағы философиялық сұхбатты негіз еткен Платон диалогтары үлгісі негізгі орында тұрады. Платон диалогтары философияны, этиканы, риториканы, дін және математиканы қамтыған ғылым-білім үйретудің және тәрбие берудің күрделі жүйесін құрайды. Әдетте, Платонға қатысты "Платонша махаббат", "идея туралы теория", "тума білім", "Платон коммунизмі" қатарлы ұғымдар көбірек айтылады. Оның басты теориясы дерексіз объект - нақты өмір сүретін нәрселердің артында тұратын біртұтас идеяның өзгеше шындығы туралы болып, ол әдетте платонизм деген атаумен сипатталады.

Шығыс Рим империясы

Шығыс Рим империясы немесе Византия империясы (395-1453) ( Батыс тарихшылары XIX ғасырда Шығыс Рим империясы атауының орнына Византия империясы деген атау берген. Византия халығы өздерін ромей деп атаған) — 395 – 1453 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет.. Алғашында «Ромейлер империясы» деп аталған. Византия атауын Батыс тарихшылары XIX ғасырда енгізген.

Эллас Верона

«Эллас Верона» (итал. Hellas Verona) — Италияның Верона қаласындағы кәсіпқой футбол клубы. 1903 жылы құрылған. 1984/85 жылғы маусымда Италия чемпионы атанды.

Эпикур

Эпикур (Ἐπίκουρος, б.з.д.341- б.з.д.270) — ежелгі грек философы, Афина қаласында эпикуреизм философиясының негізін қалаушы ("Эпикур бағы" деп те аталады). Эпикур Аристипптің (Aristippus) Гедонизм (рахатқұмарлық) идеясын жетілдіріп, оны Демокриттің атом теориясымен бірлестірді. Оның философиясының негізгі ұстанымы ешбір шектеу мен мазалауға ұшырамайтын жан тыныштығы күйіне жету болып табылады.

Қазақ әліпбиі

Қазақ әліпбиі — қазақ тілінің әріптерінің жүйелі тізбегі, қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі.

Үндіеуропа тілдерi

Үндіеуропа тілдерi — Еуразиядағы ең ірі тіл шоғырының бірі.

Үндіеуропа тілдері тарихи кезеңдерге байланысты Еуропаға, Иран мен Үндістанға, Алдыңғы Азия мен Орталық Азияға, Кавказға, кейін Оңтүстік пен Солтүстік Америкаға, Сібірге, Австралия мен Африканың кейбір бөліктеріне тараған. Үндіеуропа тілдер құрамына кіретін тілдер тобы:

хетт-лувия немесе анатолия;

үнді тілдері;

иран тілдері;

армян тілі;

фригий тілі;

грек тілі;

фракий тілі;

албан тілі;

иллирий тілі;

венет тілі;

италий тілі;

роман тілдері;

кельт тілдері;

герман тілдері;

балтық тобы: батыс, балтық-прусс, ятвяж;

славян тілдері;

тохар тобы: тохар A немесе карашар; тохар Б немесе кушан, т.б.Үндіеуропа тілдерін жақындастыратын негізгі белгілері басқа тілдермен салыстырып қарайтын тарихи әдіс арқылы анықталады. Мұның өзі тілдің жеке бөліктерін құрайтын әр деңгейдегі формальды элементтерінің жүйелі түрдегі сәйкестігін көрсетеді. Үндіеуропа тілдерінің ұқсастығы тіл шоғырының әуел баста баба тілден бастау алғанын, сондай-ақ басқа тілдердің даму барысында өзара жақындасып, типология құрылымда ортақ белгілерінің қалыптасуынан пайда болған деген жорамалға негізделген. Кейбір еңбектерде барлық тіл бір кезде біртұтас ностра тілдері шоғырына біріккен деген болжам да бар.

Әпенді

Қожанасыр есімімен байланыстыра айтылатын аққаусынған, тақуасынған кісі. Қазіргі кезде Қожанасыр мінездес адамдарға да қолданыла береді: «Аттарының басы салбырай, тырна тізбектеліп, әпенді құсап ілбіп келеді» (Ғабиден Мұстафин, Көз көрген). Мұның көп жайылған жері Орта Азия түркі халықтары тілі.

Өзбекше: «афанди» сөзінін төрт түрлі мағынасы бар. Солардың ішінде қазақ тіліндегісіне сәйкес келетіні «аңқау», «дарақы» мағынасын беретін түрі; ұйғыр тілінде:

әпәнди —

мырза;

қалжыңбас.Сөздікте бұл мағынада оны Синьцзян ұйғырлары қолданылатыны белгіленген. Қазақ тіліндегі мағынада, «апенде» тұлғасында қырғыз тілінен де табамыз. Түріктерде «эфенди» қалпында дыбысталып, мағынасы — ер адамдармен сыпайы қарым-қатынаста қолданылатын сөз делінген. «Эпенді» сөзі парсы тілінде де бар: әфәнди — мырза. К. Юдахинның пікірінше, парсы тіліне грек тілінен ауысқан. Сөйтіп, казіргі қолданылып жүрген «әпендінің» төркіні грек тілі екен де, алғашқы мағынасы біздегідей «аңқау», «дарақы» емее, «мырза» дегенді білдірген.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.