Грекия

Грекия (гр. Ελλάδα [eˈlaða] тыңдау, ежелгіде — гр. Ελλάς [eˈlas] тыңдау), ресми — Грек Республикасы (гр. Ελληνική Δημοκρατία [eliniˈci ðimokraˈti.a]) — Еуропа оңтүстігінде, Балқан түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Албаниямен, бұрынғы югославиялық Македония республикасымен және Болгариямен, солтүстік-шығысында — Түркиямен шектеседі. Шығысы мен оңтүстігін Эгей теңізі, батысын — Ион теңізі шайып жатыр. Осы елді мекендейтін юнандар (гректер) атымен аталған.

Грекия, Грек Республикасы — Еуропаның оңтүстік-шығысында, Балқан түбегінің оңтүстігі мен соған шектесіп жатқан Ион, Жерорта және Эгей теңіздеріндегі ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер аумағы — 132,0 мың км². Халқы — 10,5 млн. Астанасы — Афина қаласы (3,5 млн.). Тұрғындарының 95%-дан астамы гректер, қалғандары: түрік, албан, т.б. Ресми тілі — грек тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Ел аумағы әкімшілік-аумақтық жағынан 51 номға бөлінеді. Үлкен қалалары: Салоники, Патрай, Ираклион, Волос. Ақша бірлігі — драхма. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. 1975 ж. 11 маусымда қабылданған ел конституциясы бойынша, Грекия президент басқаратын парламенттік республика болып табылады (президентті парламент сайлайды). Ұлттық мерекесі — Тәуелсіздік күні (1821, 25 наурыз). Грекия жерінің басым бөлігі таулы-қыратты. Климаты жерортатеңіздік субэкваторлық. Қыс айларындағы орташа температура 4 — 11ӘС, ал жаз айларында 24 — 28ӘС. Өзендері шағын, суы аз. Жерінің 15%-ын орман алып жатыр. Жауын-шашын мөлшері 350 — 1500 мм аралығында.

Алғашқы грек мемлекеттері біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта пайда болды. 395 жылдан ежелгі Грекия жері Византия империясына бағынды. 15 ғасырдан бастап Осман сұлтандығына қосылды. 1821 — 29 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысынан және 1828 — 29 жылдардағы орыс-түрік соғысынан кейін Грекия 1830 ж. тәуелсіздікке қол жеткізді. 1-дүниежүзілік соғыс кезінде Антанта жағында болды. 1941 ж. елді Германия мен Италия әскерлері басып алды. 2-дүниежүзілік соғыс аяқталысымен елде азамат соғысы басталды (1946 — 49). Ол аяқталған соң, 1952 ж. Грекия НАТО-ға мүше болды. 1967 ж. үкімет билігі әскери хунтаның қолына көшті. 1974 ж. болған жалпыхалықтық ереуілден кейін, әскерилер биліктен кетіп, демократиялық институттар қалпына келтірілді, жаңа конституция қабылданды. 1992 ж. қараша айында Грекия Еуропалық одаққа толық мүше болып қабылданды. Грекия — орташа дамыған индустриальды-аграрлы мемлекет. Жан басына шаққанда жылдық орташа табыс мөлшері — 7100 доллар Ұсақ жекеменшік кәсіпорындар да көп. Экономикасының жетекші салалары: тамақ, химия, тау-кен, металлургия өнеркәсіптері және цемент шығару. Кейінгі жылдары электроника мен кейбір машина түрін жасау тез дамып келеді. Ауыл шаруашылығында, негізінен, жүзім, жеміс-жидек, зығыр, дәнді дақылдар өсіріледі. Бұған қоса сауда флоты мен туризм жақсы дамыған. Грекия — сауда флоты жағынан дүние жүзіндегі жетекші елдердің бірі. Елге жыл сайын 10 млн-нан аса туристер келіп, қазынаға 4 млрд. доллардан аса кіріс кіргізеді. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Италия, АҚШ, Франция, Сауд Арабиясы. 1992 ж. 1 қазанда Қазақстанмен дипломатиялық қатынастар орнатты.

Астанасы — Афина қаласы.

Батыс өркениеті бесігі болап танылған, тарихтағы алғашқы демократиялық мемлекет. 1981 жылдан бастап – ЕО, 1952-ден бастап — НАТО мүшесі.

Грек Республикасы
гр. Ελληνική Δημοκρατία
Flag of Greece Coat of arms of Greece
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Ελευθερία ή Θάνατος(Транслитерация:)
"Азаттық немесе Өлім"
»
Әнұран: «Азаттық әнұраны (Ύμνος εις την Ελευθερία)» (тыңдау )
EU-Greece
Грекияның орналасуы (қою жасыл):
Еуропада (ашық жасыл және қою сұр)
Еуроодақта (ашық жасыл)
Тарихы
Тәуелсіздік күні 25 наурыз 1821 жыл Бірінші Грек Республикасы ретінде (Осман империясынан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі Грек тілі
Елорда Афина
Ірі қалалары Афина, Салоники, Патры, Лариса
Үкімет түрі Парламенттік республика
Президенті
Премьер-министрі
Парламент спикері
Прокопис Павлопулос
Кириакос Мицотакис
Никос Вуцис
Мемлекеттік діні Православие
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 95-ші орын
131 957 км²
0,8669
Жұрты
• Сарап (2017)
• Санақ (2011)
Тығыздығы

10 768 477 адам (75-ші)
10 816 286[1] адам
82[2] адам/км² (125-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

324 млрд.[3] $ (57-ші)
30,252[3] $ (47-ші)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

214 млрд.[3] $ (52-ші)
19,974[3] $ (38-ші)
АДИ (2017) Үлгі:Өте жоғары 0,870[4] (өте жоғары) (31-ші)
Этнохороним Гректер, грек
Валютасы Еуро (€)
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .gr, .eu
ISO коды GR
ХОК коды GRE
Телефон коды +30
Уақыт белдеулері +2 (+3 жазда)

Дереккөздер

  1. {{cite web}} үлгісіндегі title= параметрін жазу керек.  (грек) (PDF) (20 March 2014). Тексерілді, 25 қазан 2016.
  2. Announcement of the results of the 2011 Population Census for the Resident Population. Hellenic Statistical Authority (28 December 2012). Басты дереккөзінен мұрағатталған 13 қараша 2013. Тексерілді, 24 тамыз 2013.
  3. a b c d Report for Selected Countries and Subjects. IMF (15 October 2019).
  4. Table 2. Human Development Index Trends, 1990-2017. New York: United Nations Development Programme (14 September 2018). Тексерілді, 20 қыркүйек 2018.
Албания

Албания (алб. Shqipëria), толық ресми атауы — Албания Республикасы (алб. Republika e Shqipërisë [ɾɛpuˈblika ɛ ʃcipəˈɾiːs]) — еуропаның оңтүстігінде орналасқан шағын ел. Солтүстігінде Черногория және Сербиямен, оңтүстік-шығысында Грекия және Македониямен, шығысында Косовомен шектеседі.

Албания албандардың тұратын жалғыз мемлекет емес, олар Косово және Македонияда тұрады.

Афина

Басқа мағыналар үшін Афина (мағына) деген бетті қараңыз.

Афина қаласы ежелгі өркениет орталықтарының бірі, Грекияның астанасы. Эгей теңізінің жағасында, Аттика түбегіндегі төбелі жазықта орналасқан. Ол өзімен іргелес жатқан ең ірі теңіз порты — Пиреймен қосылып, үлкен Афинаны құрайды (аумағы 433,28 км²). Афина — Жерорта теңізінің жағалауындағы ең ірі қалалардың бірі. Тұрғыны 3,4 млн. адам (1994). Климаты жерортатеңіздік (жазы — ыстық, қуаң, қысы — жылы, жаңбырлы), қаңтар айының орташа температурасы 90С, шілде айының орташа температурасы 270С. Ежелгі Грекия тарихында Спартамен қатар жетекші рөл атқарған қала-мемлекет. Қала әйел құдай Афина Палладаның (Зевстің қызы) есімімен аталған. Қала-мемлекеттің қалыптасу тарихын баяндайтын негізгі еңбек — Аристотельдің “Афина политиясы”. Афиналықтар шежіресі бойынша, қала Афина акрополінің төңірегінде (бұл жерде микен дәуірінің кезінде-ақ бекініс тәрізді елді мекендер мен б.з.б. 16 — 13 ғасырларда салынған сарайлар болған) таңдаулы рулық қауымдарды біріктірудің нәтижесінде пайда болған. Б.з.б. 5 ғасырдың 2-жартысында бұған дейін бірнеше әлеуметтік-саяси реформаларды басынан өткерген Афина мәдени гүлденудің (“Периклдің алтын ғасыры” деп аталатын) ең биік деңгейіне жетті. Афинада көрнекті ғалымдар, суретшілер мен ақындар: тарихшы Геродот, философ Анаксагор, мүсінші Фидий, ақындар Эсхил, Софокл, Еврипид, комедияшы Аристофан өмір сүрді. Афиналық жазушылардың тілі — аттика диалектикасы бүкіл эллиннің әдеби тіліне айналды. Әсем үйлер салынды. Гипподам жобасы бойынша салынған тұтас бекіністің Акрополь ансамблін құрайтын негізгі ғимараттары — әлемдік сәулет өнерінің озық үлгілерінің бірі Парфенон храмы (б.з.б. 438 — 447 жылдары салынған), Фидийдің мүсіндері, т.б. бейнелеу өнерінің туындылары кейінгі ғасырлар суретшілері үшін шеберлік мектебі іспеттес болды. Алайда, “алтын ғасыр” ұзаққа созылған жоқ. Адамзат өркениеті ошағының бірі болған Афина ішкі жанжалдардың, алауыздықтың салдарынан, 176 жылы Римнің қол астына өтті. Рим үстемдігіне қарсы бас көтерген Афинаны Корнелий Сулланың әскерлері жаулап, қалаларын қиратты. Б.з. 3 ғасырында сыртқы жаулардың шапқыншылығынан Афина біржола дербестігін жоғалтты.

Қазіргі Афинада ежелгі грек, рим заманы мен орта ғасырлардың сәулет ескерткіштері жақсы сақталған. Олардың негізгілері — Акрополь төбесі (биікт. 125 м) мен Агора алаңы (суретті қ.). Қалада дүние жүзіне әйгілі Ұлттық археология мұражайы (1874), Акрополь (1878), Агор (1956), Византия (1914), Бенаки мұражайлары (1931) Ұлттық көркемсурет галереясы (1900), бар. Қала — бүгінгі Грекияның ірі өнеркәсіп орталығы. Грекия шығаратын барлық өнеркәсіп өнімдерінің 70%-ын өндіреді. Жеңіл, тамақ, металл өңдеу және металлургия, химия, полиграфия т.б. өнеркәсіп салалары дамыған.

Бірінші дүниежүзілік соғыс

Бірінші дүниежізілік соғыстың шығу себептері және оның сипаты

Империалистік дәуірде жеке елдердің біркелкі дамымауының нәтижесінде бірінші дүниежүзілік соғыс болды. XX ғасырдың басында халықаралық жағдай күрт шиеленісіп, ірі мемлекеттер арасындағы бақталастық күрес күшейді. Англия дүниежүзілік шеберхана атанған дәрежесінен өнеркәсібі дамудағы бірінші орнынан айрылды. Елдің басын біріктіру арқасында және Француз–прусс соғысының нәтижесінде бес миллиард марк контрибуция алған Германия өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп, өнеркәсіп өнімдерін шығаруда Англияны үшінші орынға ығыстырып, дүние жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. 1912 жылы мысалы, Германияда 17,6 миллион тонна шойын қорытылса, Англияда 9 миллион тонна ғана болды. Экономикалық қуатының шапшаң өсуін пайдаланған жас герман империалистері жаңа нарықтық аймақтарды алуға, отарланған жерлерді қайта бөлісуге, еуропалық континентте билік жүргізуге тырысты.

Германияның күшеюі Еуропадағы басқа ірі мемлекеттерді абыржытты. Әсіресе отарлап алған жері жеткілікті әрі өнеркәсібі ерте дамыған, байырғы империалистік елдерді ― Франция мен Ресейді қатты алаңдатты. Оның үстіне герман–австриялық одақ шартына қол қойылды, оған Италияның қосылуы жас герман империалистерінің Еуропадағы салмағын күшейтті. Осы құрылған үштік одаққа жауап ретінде орыс-француз одағы пайда болды. Бұл еуропалық мемлекеттерді екі антогонистік топқа бөліп, екі жақты шешуші шайқасқа дайындыққа кірісті.

Алайда, британиялык басқарушы топтар осы екі тогопистік одаққа деген қарым катынасын бірден айқын ұстаған жоқ. Өйткені, ағылшын империалистерінің француз және ресейлік империалис-теріне қарағанда қарама кайшылықтары күрделі еді. Тіпті Англия алғашқы империалистерінің Еуропадағы ықпалының өзінің орыс және француз бақталастарын әлсіз деп ессптеді. Ресейді әлсірету мақсатымен британиялық басшылар 1902 жылы ағылшын-жапон одақ шартын жасады. Жапония мұны өзінің Ресейге қарсы соғысында шебер пайдаланды.

Дегенмен, германдық сауданың өсуі, оның жаңа нарықтарды иемденіп, одан ағылшын бұйымдарын ығыстыра бастауы Англия мен Германия арасындағы қатынасты қиындата түсті.

Германияның қуатты әскери-теңіз флот құру үшін бағдарлама жасауы Англияның сыртқы саясатына күрт өзгерістер енгізді. 1904 жылы бұл елде Франциямен жақындасу үшін ірі қадамдар жасалды. Бұл Англия мен Ресей арасындағы қарым-катынастардың жақсаруына алғы шарт жасадьі. Патша өкіметі Антантаға тәуелді еді. 1908 жылы оның шет елдерге борышы 8 миллиард сомға тең болды. Оның үстіне Ресей Англия меи Францияның көмегі арқасында бұғаздарды пайдалануға үміт етті. Ал Антанта Германиямен үлкен соғыс бола қалған жағдайда Ресейдің ірі -әскери күшін пайдаланбақ еді. Бірақ ағылшын-орыс қатынастарын жақсарту ісі қиындыққа түсті. Ең алдымен олар өздерінің Иран, Ауғанстан, Тибеттегі бақталасты істерін реттеді. Ақырында орыс-француз одағы мен ағылшын–француз Антантасы бірігіп, үштік келісімге айналды.

Бір-біріне қарама-қарсы Үштік Одақ пен Үштік келісімнің құрылуы басты империалистік мемлекеттер арасындағы күресті одан әрі үдетті. Алайда, одақ қүрамына кірген мемлекеттер арасындағы өзара қайшылықтар жойылған жоқ. Мәселен, Италия мен Австрия–Венгрия монополистерінің өзара қақтығыстарының өршуі нәтижесінде Италия өзі кірген Үштік Одақтан 1909 жылдан бастап іргесін аулақ сала бастады. Ал, Австрия–Венгрия ақырында Герман империялистерінің жандайшабына айналды.

Үштік келісімдегі жағдай да осындай еді. Өзара қырқыс тоқталмаганымен, күш алып келе жатқан жас герман империализмі алдында біршама жұптарын сақтай білді. Мысалы, Мароккадағы імпериалистік билік үшін таластың арты 1911 жылы герман-француз соғысына айналу қаупі туған кезде Англия батыл түрде Францияны қолдады. Германия шегінуге мәжбүр болды, оның солтүстік Африкада отарларға ие болу ойы іске асқаң жоқ.

Антанта Үштік Одаққа жік салу арқылы әлсіретуге тырысты. Оған 1911 жылғы Түрік–Италия соғысын пайдаланды, Антанта Италияны қолдады. Ал Германия Түркияға көмек көрсете алмады. Себебі Австрия–Венгрия, Италия және Германия одақтастар еді. Соғыстың нәтижесінде Италия Ливияны билеу құкына ие болды.

Екі империалистік блоктардың арасындағы күрес 1912–1913 жылдары Балқан соғыстарында жалғасып ақырында бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуын тездетті. Бірінші Балқан соғысы (9.Х.1912—30.V.1913) Балқан одағы мен Түркия арасында болды. Балқан одағының құрамына Болгария, Сербия, Грекия және Черногория кірді. Оның құрылуына Ресей мен Антанта белсене қатысты. Осы Одақ арқылы олар Германияның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ықпалын әлсіретуге тырысты. Алайда, бұл бағытта Англия екіұшты саясат жүргізді. Ол бұл ауданда Германияны әлсіреткісі келгенімен, Ресейдің ықпалының өсуін қаламады да, Түркиядан біржола қол үзгісі келмеді және Ресейдің бұғаздарды пайдалану ниетіне онша қолдау жасамады. Ірі мемлекеттерден қолдау таппаған Түркия жеңілді. Лондон бітімі бойынша Түркия Стамбул мен Шығыс Франциядағы шағын жерден басқа барлық еуропалық аймағынан айырылды. Германия тағы да батылсыздық көрсетті. Соғыстан Балкан одағы нығайып шықты. Болгарияның шоқтығы биіктеді. Балкан түбегінде Антанта бағыты күшейді.

Әйтсе дс Балкан одағының мемлекеттері өз жеңістерінің нәтижелерін бөлісе алмады. Оны Герман-Австрия топтары пайдаланып, болгар-серб одағын кұлатудын бар амалын істеді. Олар Болгарияны қолдады. Ал Сербия мея Грекия оған қарсы жасырын келісімге келді. Екінші Балкан соғысына әкеп соқты (29.VI—10.VIII.1913). Онда Грекия, Сербия және Черногория Болгарияға қарсы соғысты. Оларға Румыния мен Түркия қосылды. Соғыс Болгарияның женілуімен аяқталды.

Бухарест бітімі бойынша Болгария Румынияға Оңтүстік Македония және Батыс Фракеяның бір бөлігін, Сербияға Солтүстік Македонияны тұтас дерлік берді.

Балкан соғыстары жалықтарға қайғы-қасірет әкелді. Онда Черногория 11,9 мың, Грекия 68 мың, Сербия 71 мың, Болгария 156 мың, Түркия 156 мың адамынан айырылды.

Бұл соғыстың қорытындысында герман дипломатиясы жетістіктерге жетті. Балкан Одағы жойылды. Болгария Антанта ықпалынан кетті. Оның есесіне Румыния Австрия ықпалынан кетіп, Ресеймен жақындасты. Сөйтіп, Балкан түбегіндегі бірінші топ – Сербия, Черногория, Грекия және Румыния Антантадан қолдау тапты, екінші топ Болгария мен Түркия Германиямен бірікті.

Төніп келе жатқан соғысты АҚШ өзінің экономикалық және саяси бағытын нығайтуға пайдалануға тырысты. Олардың өкілі полковник Хауз екі блокты бір-бірінс айдап салудың бар амалын жасады. Алдымен ол АҚШ (бейтараптық сақтайды деп жариялады, ал соғыс бола қалған жағдайда Англия Ресей үшін соғысқа кіріспеуі мүмкін деген болжам жасады. Мұндай тұжырымдар Герман империалистерінің үмітін арттырып, оларды соғысқа итсрмеледі.

Осы жагдайда 23 маусымда Сараевода австрия тағының мұрагері принц Франц Фердинанд өлтірілді. Венада қатты абыржушылық байқалды. Австрия үкіметі бір айға жуық үн-түнсіз жатып алды. Тек қана Германияның желпінтуінен ғана шілде айында Сербияға қарсы үзілді-кесілді талап қойылды. Ол қойылған он шарттың тоғызын қабылдайтынын мәлімдеді. Тек тергеу ісін жүргізу үшін австриялықтарды өз жерлеріне жіберуге қарсы болды да, барлық даулы мәселелердің төрелігін Гааглық трибунал шешсін деп сауал салды.

Алайда Австрия–Венгрия 28 шілдеде Сербияға соғыс жариялады. Оған жауап ретінде Ресей мобилизацияға кірісті. Германия 1914 жылдың 1-ші тамызында Ресейге, тамызда Францияға соғыс жариялады. 5-ші тамызда Англия ресми түрде соғысқа кірісті. Осы жағдайда АҚШ бейтараптық сақтады. Ал Түркия мен Болгария австро-германдық блок жағына шықты.

Бірінші дүниежүзілік согыстың басталуына Германия мен Англия арасындағы антогонизм шешуші роль атқарды. Осы басты қайшылықпен қатар Германия мен Францияның Эльзас және Лотарингия үшін, Германия мен Ресейдің Константинополь және бұғаздар үшін, Ресей мен Түркияның Армения және Константинополь үшін, Австрия мен Ресейдің Балкан үшін, Австрия мен Италияның Албания үшін талас-тартыстары себеп болды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс сипаты жағынан әділетсіз, жаулаушылық, империалистік соғыс болды. Мемлекеттер жаулау-шылық саясат жүргізді. Соғыс ірі мемлекеттердің империалистік катынастарынан туды. Олар отарлар мен ұсақ елдерді қайта бөлісу үшін ұрыс дала ұрыс даласына шықты. Бұл соғыста екі қақтығыс алдыңғы шепте тұрды. Бірі Англия мен Германия, екіншісі Герман мен Ресей арасында болды. Осы үш ірі мемлекет бірінші дүниежүзілік соғысты бастаушылар болды. Ал қалғандары олардың одақтастары еді. Соғыс шеңберіне біртіндеп құрамында бір жарым миллиардтан астам халық бар 38 мемлекет кірді. Төрттік одаққа Германия, Германия отарларымен, Австрия-Венгрия, Түркия мен Болгария кірді. Ал Антантаға — Англия, Ресей, Франция, Бельгия, АҚШ, Португалия, (бәрінің де отарлары бар) Сербия, Жапония, Румыния, Грекия, Черногория және басқа елдер енді. Империалистік соғысқа байланысты армия қатарына 77 миллион адам шақырылды. Оның ішінде Германия – 13,2 миллион, Австрия-Венгрия – 9 миллион, Түркия – 1,8 миллион, Болгария – 1 миллион, Ресей – 19 миллион, Англия – 9,4 миллион, Франция – 8,1 миллион, Италия – 5,6 миллион, АҚШ – 3,9 миллион, Румыния – 1 миллион және тағы басқалар.s

Грек тілі

Грек (ελληνικά — гректердің ана тілі, Балқан түбегіне тән Үнді-Еуропалық тіл. Үнді-Еуропалық тілдер ішінде тәуелсіз, жеке тармақ құрайды. Бұл тіл 34 ғасырлық жазбаша құжатталған тарихы бар Үнді-Еуропалық тілдердің ең ежелгісі.. Ол өзінің ежелгi түрінде Көне Грек әдебиетінің классикалық және християндық Жаңа Келісім тілi болып табылады. Жаңа түрінде бүгінгі Грекия мен Кипрдің ресми тілдері болып келедi, әлемнің түкпір-түкпірін есептегенде 20 миллионға жуық халық осы тілде сөйлейді. Грек әліпбиінде жазылады.

Грекия Ұлттық футбол құрамасы

Грекия Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол жарыстарында Грекияның намысын қорғап, осы мемлекеттің атынан сынға түсетін ұлттық құрама. Басқарушы орган — Грекия Футбол федерациясы.

2004 жылғы Еуропа Чемпиондары, УЕФА, ФИФА мүшесі.

Гректер

Гректер (гр. Έλληνες — эллиндер, эллинес деп оқылады) — Үндіеуропа тілдер әулетінің грек тобына жататын ежелгі халық. Грекия мен Кипрдың негізгі халқы.

Ежелгі Грекия

Ежелгі Грекия немес Эллада гр. Ελλάδα) — б.з.б. III мыңжылдықтан б.з.б. I ғасырына дейін болған ежелгі грек мемлекеттері жерінің жалпы аты; Балкан түбегінің оңтүстігін, Эгей теңіздегі аралдарды, Фракия жағалауын, Кіші Азияның батыс өңірін ала орналасқан.

Грек отаршылдығы дәуірінде (б.з.б. 8-6 ғ. бұл мемлекеттер өз ықпалын Италия, Шығыс Сицилия, Оңтүстік Франция жеріне, Африканың солтүстік жағалауына (Киренаикаға), Қара теңіз бен Азов Теңізінің бұғаздары мен жағалауларына дейін таратып, сол жерлерде грек отарлары ашылған.

Тарихшылардың көбісі Ежелгі Грекияны батыс өркениетінің негізін салушысы ретінде қарастырады. Ежелгі Грекия өркениеті әлемдік демократияның отаны ретінде, батыс философияның, архитектураның, мүсіндеменің, поэзияның, театрдың және ғылымдардың негізгі принциптерінің негіздеуші, Олимпиады ойындардың бастаушысы болып есептеледі. Грек мәдениеті Рим империясының мәдениетінің дамуына, яғни жалпы еуропалық мәдениетінің дамуына үлкен әсер еткен.

Ежелгі грек тілі

Ежелгі грек тіл білімі орыс. древнегреческое языкознание — Грекияда туған тіл біліміндегі ой-пікір бүкіл Еуропа тіл ғылымының қалыптасып дамуына күшті әсерін тигізді. Тілге қатысты жазба материалдары б. з. д. 5 ғасыр шамасынан басталады.

Ежелгі грек тіл білімі Гомердің "Илиада" мен "Одиссея" жырларының тілін зерттеуден басталады. Көне заманнан сақталған бұл дастандартілі гректердін сөйлеу тілінен мейлінше алыстап, оларға түсініксіз бола бастаған сон, грек ойшылдары соны зерттеу, айкындаумен шүғылданған.

Ежелгі грек тіл білімі екі кезенге бөлініп қаралады. Онын бірі — философиялық кезен, екіншісі — филологиялық кезен. Бірінші кезен б. з. д. 5—3 ғасырлар арасын қамтиды. Бұл — Ежелгі грек тіл білімі қалыптасуының алғашқы кезені. Мұны қалыптастырушылар философтар болған. Олар тіл мәселелерін лингвистикалық тұрғыда емес, философия тұрғысынан сөз еткен, философияға тәуелді, соның ажырамайтын бір саласы деп есептеген. Нақты тілдік фактілерге сүйенбей, абстракты болжаулар, философиялық тұжырымдар жасаумен шұғылданған. Бұл бағыт Грек тарихындағы эллинизм дәуіріне дейін сакталды. Ежелгі Грек философтарының тілге қатысты мәселелерден ерекше сөз еткендері — атаудын табиғаты, зат пен онын атауы арасында қандай байланыс болатыны, тілдік қайдан, қалай пайда болғаны және тілдік грамматикасы мен логика арасындағы қарым-қатынас жөніндегі мәселелер. Гераклит бастаған философтар атау заттың табиғатына сәйкес жаратылыстан берілген, сөз — табиғат туындысы лесе, Демокрит бастаған философтар оған қарсы — зат пен оның атауы арасында табиғи байланыс болмайды, ол екеуінің арасындағы байланыс — шартты, кездейсок деген тұжырым жасады. Демокрит атаулардың жаратылыстан берілген табиғи еместігін тілдерде затты эр түрлі атаумен білдіретін синонимдердің және эр түрлі мағынаны білдіретін омонимдердің болатындығымен, көптеген заттардын тілдік атауларынын болмайтынымен немесе зат атауларының кейде өзгеріп кететінімен дәлелдейді.

Ежелгі Грек философтарының тілге байланысты сөз еткен екінші проблемасы — тілдің шығуы жөніндегі мәселе. Бұл мәселеде де олар дұрыс шешімге келе алған жок. Олардың бір тобы тілді дыбысқа еліктеуден шыққан десе, екінші бір тобы ертедегі адамдардың өзара келісуінен барып шыққан дегенді айтады. Тіл білімінде мұның алғашкысын дыбыска еліктеу теориясы десе, сонғысы келісім теориясы деп аталады.

Грек ғалымдары көтерген тағы бір проблема — грамматика мәселелері. Грамматиканы да алғашында философия, әсіресе логика ғылымына тәуелді, соның бір саласы ретінде, логикалық категориялардың көрсеткіші ретінде ғана қараған. Платон тілдегі сөздерді есім, етістік деп екі топка бөлсе, Аристотель алдынғы екеуінің үстіне жалғауыш дегенді қосып, үш топқа бөледі. Аристотель — грамматика мен логика арасындағы қарым-қатысты алғаш сөз еткен ғалым. Онын логика мен поэтика жөніндегі ілімі кейінгі заман оқымыстыларына да күшті ықпал жасады. Аристотель логиканы ұғым, пайымдау сияқты категорияларды зерттейтін ғылым деп анықтайды да, сөз табы деген — сөйлемнің элементтері, ал, сөйлем — есім мен етістіктің байланысы, бұл екі категория арасында елеулі өзгешеліктер бар: етістік шақты білдіреді, предикативтік қызмет атқарады, ал, есім септеледі, сөйлемде субъектілік қызмет атқарады дейді. Бірак Платон да, Аристотель де сөздерді тапқа бөлгенде, тілдік категория ретінде емес, логикалық категория ретінде қарайды. Соған қарамастан Аристотельдің лингвистикалық көзқарастары бұл ғылымның кейінгі замандардағы дамуына зор әсерін тигізді. Күні бүгінге Дейін қолданылып жүрген грамматикалық категориялардың, Терминдердің көпшілігі Аристотельден қалған.

Ежелгі грек тіл білімі өз дамуының ең биігіне Грекия тарихында эллинизм деп аталатын дәуірде көтерілді (бұл б. з. д. 3 ғ. мен б. з. 4 ғ. арасы). Тіл білімі тарихында грамматистердін Александрия мектебі деп аталатын бағыты осы дәуірде қалыптаскан. Бұл кезен Ежелгі грек тіл білімі тарихында филология дәуірі деп аталады. Бұл дәуірде грамматикалық ілім философияның, логиканың ықпалынан босанып, өзалды на дербес пән ретінде қаралды. Грамматика ілімін дамытушылар: Аристрах Самофракийский (б. з. д. 200—150 жылдары), онын шәкірттері Дионисий Фракийский, Аполлоний Дискол (б. з. 2 ғ.) болды. Аристрах тілдегі сөздерді есім, етістік, есімше, член (артикль), есімдік, предлог, үстеу, жалғаулық деп сегіз топка бөлген. Дионисий Фракийский негізгі сөз таптарының көптеген грамматикалық категорияларын, Аполлоний Дискол синтаксис мәселелерін зерттейді. Дегенмен, Ежелгі Грекияда морфологияға қарағанда синтаксис, фонетика, лексикология аз зерттелген.

Бұл дәуірдегі филология жазба ескерткіштерді жинап зерттеу ісімен ерекше шұғылданған. Ежелгі Грек дәуірінен келе жаткан зат пен оның атауы арасындағы қарым-қатынас жөніндегі талас бұл кезенде де болды, бірақ бұл тілдегі заңдылық тұрғысынан қаралды. Оны бардеушілер аналогистер, жокдеушілер аномапистер деп аталды.

Аномалистер (Ктатес Малое) зат пен оның атауы және грамматикалық категориялар арасында ұқсастық, заңдылық жоқ десе, аналогистер (Аристрах Самофракийский) тілде аналогияның рөлі ерекше, тілдік элементтерде аналогия жолымен бірыңғай, біркелкі болу тенденциясы кұшті, тілдегінің барлығы да белгілі заңдылыққа бағынады деді.

Тіл білімі тарихында елеулі мәні барлығына қарамастан, Ежелгі грек тіл білімінің әлсіз жақтары да мол болған. Тіл мәселелерін алғашқыда философия, логика ғылымдарына тәуелді, соның бір саласы ретінде қарады; тілдік категорияның өзгеріп, дамып отыратың тарихи кұбылыс екеніне жете мән бермеді; гректер өз тілінен баска тілді зерттемеді.

Жерорта теңізі

Жерорта теңізі — Атлант мұхитының Еуразия мен Африка құрлықтары арасындағы теңізі. Гибралтар бұғазы арқылы Атлант мұхитымен, Босфор бұғазы арқылы Қара теңізбен, Суэц каналы арқылы Қызыл теңізбен жалғасады. Ауданы 2505 мың км², орташа тереңдігі 1498 м, ең терең жері 5121 м. Жерорта теңізінің еуразиялық жағалауы қатты тілімденген. Онда түбектер және аралдармен бөлінген шағын Альборан, Балеар, Лигурий, Тиррен, Адрия, Ион, Эгей және Кипр теңіздері орналасқан.

Теңіз алабына Қара, Азов, Мәрмәр теңіздері де кіреді. Ірі шығанақтары: Валенсия, Лион, Генуя, Таранто, Сидра (Үлкен Сирт), Габес (Кіші Сирт). Ірі аралдары: Балеар, Корсика, Сардиния, Сицилия, Крит және Кипр. Теңізге ірі Ніл, По, Рона, Эбро өзендері құяды. Жас альпілік геосинклинальдік аймақта орналасуына байланысты, түпкі бедері күрделі. Ең ірі қазаншұңқырлары: Алжир-Прованс, Орталық қазаншұңқыр және Геллен шұңғымасы. Тиррен теңізінің қазаншұңқырының төңірегінде сөнген және әрекетті жанартаулар бар.

Бүкіл Жерорта теңізі аймағына субтропиктік климаттың “жерортатеңіздік” деп аталатын ерекше типі тән: қысы ылғалды әрі жылы, жазы құрғақ және ыстық. Судың беткі қабатының температурасы ақпанда теңіздің солтүстігінде 12° С-тан оңтүстікте 18° С-қа дейін, тамызда батысында 20 — 25° С-тан оңтүстік-шығысында 28 — 30° С-қа дейін көтеріледі. Су көп буланады, сондықтан тұздылығы жоғары. Батысында 36ү-ден, шығысында 39,5ү-ге дейін құбылады. Толысу толқынының биікт. 0,1 — 0,5 м, Тунистің шығысында 1,7 м-ге жетеді. Негізгі ағыс Гибралтардан Ливанның жағасына дейін Африканы бойлап өтеді. Оқшау теңіздерде су циклондық айналым жасайды. Теңізде балықтың 550-дей түрі бар. Сардина, тунец, макрель, скумбрия, т.б. ауланады. Жерорта теңізінің Адрия және Эгей теңіздерінің қайраңдарында мұнай, газ өндіріледі.

Теңіз арқылы аса маңызды халықаралық теңіз жолдары өтеді. Басты порттары: Барселона (Испания), Марсель (Франция), Генуя, Неаполь, Венеция, Триест (Италия), Риеака (Югославия), Пирей және Салоники (Грекия), Бейрут (Ливан), Александрия, Порт-Саид (Египет), Триполи (Ливия), Алжир (Алжир). Түркия жағалауында дүние жүзіне әйгілі курорттар бар. Жерорта теңізінің жағалауында Испания, Франция, Италия, Монако, Мальта, Хорватия, Босния және Герцоговина, Югославия, Албания, Грекия, Түркия, Кипр, Сирия, Ливан, Араб елдерінің аумағы, Израиль, Египет, Ливия, Тунис, Алжир, Марокко елдері орналасқан.

Ирландия

Басқа мағыналар үшін Ирландия (айрық) деген бетті қараңыз.

Ирландия (ирландша Éire; ағылш. Ireland), ресми атауы — Ирланд Республикасы (ирландша Poblacht na hÉireann; ағылш. Republic of Ireland) — Ирландия аралының көбін алып жатқан Батыс Еуропа мемлекеті. Ауданы — 70,2 мың км². Елдің аты ирландша Éire деген сөзден шыққан. Астанасы — Дублин.

Кафедра

Кафедра (грек. kathydra – орындық)

Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі философтар мен шешендер сөз сөйлейтін орынның атауы;

шіркеуде діни уағыз оқитын мінбер;

баяндама, дәріс оқылатын мінбер;

жоғары оқу орындарындағы бір-бірімен тығыз байланысты бірнеше пәндер оқытушыларының бірлестігі.Кафедра белгілі пәндер бойынша оқу, әдістемелік және ғылыми-зертеулік жұмыстарына, ғылыми педогокикалық кадрлар даярлау, мамандық көтеру, студенттер арасындағы тәлім-тәрбие ісіне басшылық етеді. комитеға оқу жұмыстарын (дәріс, зертханалық, практикалық жұмыс, семинар, курстық, дипломдық жоба, емтихан, сынақ, т. б.)жүргізу жүктеледі.

Кафедра қарауындағы қызметкерлердің жұмыс жоспарын қарайды, оқытушылардың озат тәжірибесін зерттеп, оны тарату ісін жүзеге асырады. Өз мүшелерінің немесе ректораттың тапсыруымен басқа да ізденушілердің (Кафедраның пәні бойынша ) диссертациялық жұмысын талқылайды.

Кипр

Кипр (гр. Κύπρος, түр. Kіbrіs), Кипр Республикасы (гр. Κυπριακή Δημοκρατία, түр. Kіbrіs Cumhurіetі) — Батыс Азияда, Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде өзі аттас аралда құрылған мемлекет. 1974 жылдан бері 2 бөлікке бөлінген. Жалпы жер көлемі – 9251 км². Халқы – 754 мың (1999). Оның 180 мыңнан астамы Солтүстік Кипр Түрік Республикасында тұрады. Жалпы арал тұрғындарының 78%-ы – гректер, 18%-ы – түріктер, қалғандары басқа халықтар. Ресми тілдері: грек және түрік тілдері. Халқы ислам дінін және христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Астанасы – Лефкоша қаласы 1960 ж. қабылданған конституциясы бойынша, Кипр екі этникалық мемлекет құрылымнан тұруға тиісті болды. Ел президентін аралдың грек тұрғындары, ал вице-президентін түріктер өздері сайлауға міндеттенді. Президент пен вице-президент өздеріне тікелей бағынатын Министрлер Кеңесін құруға құқылы болды. Заң шығарушы органда да екі этникалық топқа жеке-жеке бөлек орындар берілді. Бірақ, екі этникалық топтар арасындағы қақтығыстардың нәтижесінде, түріктер 1963 жылдың желтоқсан айынан сайлауға қатыспай, 1989 ж. 15 қарашада дербес Солтүстік Қыбыр түрік республикасын құрды.

Литва

Литва (лит. Lietuva), ресми атауы Литва Республикасы (лит. Lietuvos Respublika) — солтүстік Еуропадағы ел, үш Балтық мемлекетінің ең оңтүстігіндегісі.

XIV ғасырда Литва Еуропадағы ең ірі мемлекет болған – бүгінгі Беларусь, Украина, Польшаны қамтыған, Ресейдің бір бөлігі Литва Үлкен Герцогтігінің құрамына кірген.

Бүгінгі күндері Еуропа Одағындағы ең тез дамушы экономикаларының бірі. 2007 жылы 21 желтоқсанда Литва Шенген келісімшартының толық мүшесі болып кіреді. 2009 жылы Литва өз есімінің 1000 жылдығын атап өтті.

Олимпиакос (футбол клубы)

«Олимпиакос» (грек.:ΠΑΕ Ολυμπιακός Σύνδεσμος Φιλάθλων Πειραιώς) — Грекия футбол клубы, Пирей қаласынан. Грекиядағы ең үздік үш клубтың бірі ("Панатинайкос" және АЕК клубтарымен бірге)

Клуб 1925 жылы ағайынды бес жігіт: Яннис, Динос, Йоргос, Василиос және Леонидас Адрианопулостардың ұйымдастыруымен құрылды. Клуб алғашқы жылдары-ақ Пирей чемпионатында өте табысты ойнағaн. 1930-31 маусымда тұңғыш рет Грекия чемпионы атанды. Команданың өз алаңы саналатын "Гиоргос Караискакис" стадионы сол кезде іргесін қалады.

Педагогика

Педагогика (гр. 'παῖς', paіda — бала, гр. 'ἄγω', gogos — жетектеуші) — жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны. Педагогикалық институттарда профильді бағдарламалар бойынша оқылатын оқу курсы да педагогика деп аталады. Қазіргі кездегі педагогика оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін қамтиды. Ертедегі Грекия еңбекке, қол және соғыс өнеріне үйретуші құлдарды педагог деп атаған.

Сербия

Сербия Республикасы (серб. Република Србиjа) — Еуропадағы Балқан түбегінде орналасқан ел.

Словакия

Словак Республикасы (словак. Slovenská republika) — орталық Еуропадағы мемлекет.

Чехия

Чехия (чех. Česko), ресми аты Чех Республикасы — (чех. Česká republika) — орталық Еуропадағы мемлекет.

Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан Австро-Венгрия мемлекеті құлап, 1918 жылы Чехия, Словакия және Карпат бойы Русі бірігіп, тәуелсіз Чехословакия республикасын құрады.

1993 жылдың 1 қаңтарында Чехословакия бейбіт түрде екі тәуелсіз мемлекет - Чехия мен Словакияға бөлініп кетеді.

Чехия республикасы 1999 жылы НАТО, 2004 жылы Еуропалық Одақ мүшелігіне енді.

 
Грекия

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.