Гесиод

Гесиод (шамамен б.з.б. VІІІ-VІІғғ.) — көне грек ақыны. «Теогония» (құдайлардың шығуы) және «Еңбектер мен күндер» аталатын поэмалардың авторы. «Теогонияда» тіршіліктің бастауын іздеуге талпынған.[1] Гесиод – дидактикалық поэзияның негізін салушы. Гесиод шамамен алғанда б.з.б. VІІІ-VІІ ғасырларда өмір сүрген ежелгі грек ақыны. Гесиод – антика дәуірінің анық белгілі болған алғашқы тарихи тұлғасы деуге болады.

Оның есімі бізге толық сақталған «Еңбектер мен күндер» және «Теогония» атты поэмаларымен танымал. Осы аталған екі поэма б.з.б. VІІ-VІ ғғ. грек әдебиетіндегі дидактикалық және генеологиялық жаңа бағыттың негізін салды. Гесиодтың туған жылы және дүниеден өткен жылдары белгісіз. Антикалық эпиграммалардың бірі – «дана Гомердің отаны болуға жеті қала таласты» деп басталады, яғни бүкілеуропалық әдебиеттің көшбасшысы болып есептелетін Гомердің отаны болуға жеті қала, ал кей деректерде он қала таласады. Гесиодтың дүниеге келген жері жөнінде ешқандай талас жоқ. Ол өз әкесінің Эгей теңізі жағалуында, Лесбос аралының оңтүстік-шығысында орналасқан эолийлық Ким қаласында дүниеге келгендігін «Еңбектер мен күндерде» жазып қалдырған. Гесиод Кіші Азиядағы Кимде, нақтырақ айтқанда, Эолида деген жерде дүниеге келген. Әкесі саудамен айналысқан. Бірақ, бар мүлкінен айрылғаннан кейін Грекияға көшіп, Беотия деген жерде орналасқан Аскра елді мекеніне қоныстанады. Бұл Геликон тауының етегіне орналасқан қысы суық, жазы қатты ыстық, шаруашылыққа қолайсыздау жер болатын. Жастайынан қиындықты, жоқшылықты көп көрген Гесиод ауыр жұмыс пен кедейліктің не екенін біліп өседі. Әкесінің қазасынан жолы болмай, үнемі сәтсіздіктерге ұшырап жүреді. Себебі, әкесі қайтыс болғаннан кейін артында қалған жер иелігін Гесиодтың туған бауыры Перс тартып алады. Бұл жайға Гесиод қарсы болып, келіспеушілік білдіргенімен, Перс сот мүшелерінің аузын алып, істі өз пайдасына шешкізеді. Сөйтіп, Гесиод тақыр кедей болып қалады. Мұнан кейінгі ағайындылардың қарым-қатынасы белгісіз. Бірақ Гесиодтың «Еңбектер мен күндер» поэмасында өз бауырын адал еңбек етуге, жақсылыққа шақыруын зерттеушілер екі ағайынды жігіттің татуласқандығы деп түсіндіреді.[2] «Еңбектер мен күндер» – біздің заманымызға дейін жеткен гректің дидактикалық (уағыздаушылық) поэмасының жалғыз үлгісі. Ол ақынның бауыры Персті тәрбиелеу үшін жазылған дүниедей болып көрінеді. Бірақ, бұл адресатқа қарата сөйлеу – тек дидактикалық дәстүрдің ерекшелігі болып табылады. Шын мәнінде поэма қалың бұқараға бағытталған болатын.

Көптеген ғалымдар пікіріне сүйенсек, Гесиодтың «Еңбектер мен күндер» поэмасының сюжеті ақынның өз өмірімен тығыз байланысты.</ref> Гесиодтың өмірі мен шығармашылығы және ондағы қазақы сарындар. «Айт» журналы, 2006, №2, 17-21б.</ref> Туындыда ақынның Перс есімді бауырымен арасындағы қарым-қатынасы жырланады. Әкесінен қалған мұраны бөліскенде Перс оны сазға отырғызып кеткен болатын. Бірақ, бар уақытын сауық-сайранмен, көңіл көтерумен өткізген Перс аз күнде барынан айрылып, кешірім сұрап Гесиодқа келеді. Бізге жеткен деректер поэманың Гесиодтың өз қолымен жазылған, төлтумасы екендігін айтады. Шығарманы басқаша «Адал еңбек» деп те атайды. Себебі, поэмада Перске арналған: «Жұмыс істеуден шаршама, ақылсыз Перс!», «бір жұмысты бітірсең, басқасына кіріс!» деген сөздер жиі кездесіп отырды. Ақын айтайын деген ойын поэмада алуан түрлі тәсілдермен жеткізеді. Оның негізгі мақсаты – бұқара халыққа адал еңбектің арқасында ғана игілікке қол жеткізуге болатындығын дәлелдеу болады. Ол өмірдің игілігін тек еңбек арқылы ғана иеленуге болды деп сенді. Адам баласы ерінбей, көп еңбектену қажет деп білді, себебі бұл ауыр жұмысты Прометейдің әрекеті үшін Зевстің жіберген жазасы деп түсінді. Гесиод шығармаларының уағыздаушылық, тәрбиелік бағытта жазылуын зерттеуші М.Иманғазинов ақын өмір сүрген заман талабы деп түсіндіреді. «Қоғам мен заман талабы бірге өрістесе, ертеде айтылып жүрген эпикалық шығармаларға тек адам тәрбиесіне қажетті материал есебінде қарайтын кезең туындағанда, мифологиялық шығармалар екінші қатардан орын алған кезең Гесиодтың заманында да болған. Архаикалық кезеңде мифтік шығармалардың көтеретін аса ауыр салмағының бір бөлігі, бұл – ру-тайпалық одақтардың пайдасына шешілу мақсатында, өз ата-бабаларының тегі сонау тәңірие-құдайлардан бастау алатындығын таныту, елге мойындату еді. Енді бұл үрдістің бірте-бірте әлсіреп, саналы қоғам қалайда өзінің ата-бабасына жүгінуден гөрі, тіршілік қамын күйттеп, еңбек арқылы өмір сүруді көздеген кезеңде, мифологиялық ой-санадан арыла бастайды. Міне, осы тұста тәрбие-дидактикалық әдеби шығармаға қажеттілік туындағанда, Гесиод өзінің дидактикалық шығармасын жазды».[3] Гесиод шығармаларын талдап, түйіндей келе, зерттеуші В.Н.Ярхо: «шындығында оның поэмалары Гомер поэмалары секілді батырлық эпосқа жатпайды, дидактикалық (уағыздаушылық, үйретуші) поэмалар болып табылады. Ал дидактикалық поэмалар үшін сюжеттің бірізді болуы немесе оқиғаның жүйелі дамуы міндетті емес, бірақ өлең өлшемі (гексаметр), тілі, лексикалық тәсілдері көп жағдайда сол қалпында қала береді» деп қорытады.[3]

Геосид пен Муза, Гюстав Моро сутерті, 1891
Hesiodi Ascraei quaecumque exstant
Hesiodi Ascraei quaecumque exstant, 1701

Дереккөздер

  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. ISBN 9965-808-82-1
  2. Античная литература. Под ред. Проф.А.А.Тахо-Годи. Второе издание, переработанное. М., 1986
  3. a b Гесиод. Полное собрание текстов. Теогония. Труды и дни. Щит Геракла. Фрагменты. М., Лабиринт, 2001.//В.Н.Ярхо. Гесиод и его поэмы.
Агрономия

Агрономия — диханшылық туралы ғылым.

Аид

Аид – ежелгі грек мифологиясында жер асты өлі жандардың патшалығының құдайы. Кронос пен Реяның үлкен ұлы, Зевстің, Посейдонның, Гераның, Деметраның және Гестияның ағасы. Персефонаның күйеуі.

Алыптар

Алыптар (көне грекше Τιτᾶνες) — ежелгі грек мифологиясында, екінші буынның құдайлары, Уранның ( Аспан) және Геяның ( Жер) балалары. Олардың 6 бауырлары мен 6 қыздар, өзара неке қиып, Құдайлардың жаңа буынын туды.

Аполлон (ежелгі Грекия)

Басқа мағыналар үшін Аполлон деген бетті қараңыз.

Аполлон (көне грекше: Ἀπόλλων) - ежелгі грек, рим мифологиясы мен дініндегі ем, сәуегейлік, данышпандық, өнер, күн тәңірі; Зевс пен Летоның (Латондар) баласы, Артемиданың (Ай) інісі (егіздің сыңары). Кейде оның атын Феб (көне грекше: Φοῖβος - "нұрлы"), кейде Мусагет (Μουσηγέτης- музаның серігі) деп атаған.

Аристотель

Аристотель ("Aristotle") (көне грекше: Ἀριστοτέλης; б. з. б. 384 ж., Стагира (Орталық Македония), Колхида түбегі — б.з.б. 322 ж. 7 наурыз, Халқида, Еубея аралы) — ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Ескендір) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие.

Ол ғылым мен парасаттың көптеген тақырыптарын жүйелі әрі жан-жақтылы зерделеп, жаратылыс пен өмірдің түрлі құбылыстарына нақты ғылыми зерттеулер жасап, артына сүбелі еңбектер жазып қалдырды. Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады, олардың арасында физика, метафизика, поэтика, театр, музыка, логика, риторика (шешендік өнері), саясат, этика, эстетика, биология, зоология және экономика қатарлылар айрықша аталады. Ол қалдырған пәлсапалық пайым жүйесі мен ғылыми зерттеу дәстүрі кейінгі мұсылмандық және христиандық мәдениетке, шығыс-батыс өркениетіне айрықша ықпал етті. Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы өзінің «Ескендір» поэмасында Ескендірдің көзтоймастығына салыстырмалы Аристотельдің ғажайып даналығын айқын сипаттайды.

Сократ, Платон, Аристотель үштігі ежелгі грек пәлсапасының шыңы ретінде айырықша құрметпен аталады.

Аристотель ең алғаш этика, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді толық қамтитын жан-жақты пәлсапалық жүйені құрды.

Аристотельдің түрлі физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, ренессанс дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол Ньютон физикасына орын берді.

Оның алты кітаптан тұратын «Органоны» ойлау әдісін қарастыратын логиканы тұңғыш рет пәлсапалық деңгейге көтерді. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде ХІХ-шы ғасырда формалды логика ғылымы қалыптасты.

Аристотельдің метафизикалық ілімі иудаизм және ислам пәлсапаларына зор ықпал етті. Ал оның мәсіхшілік пәлсапаға әсері, әсіресе Шығыс Ортодокс шіркеуінің пәлсапасына және Рим-Католик шіркеуінің схоластика мектебіне ықпалы қазірге дейін жалғасып келе жатыр. Аристотель этикасы — Ниқомах этикасы деп те аталады, қазіргі заманға дейін айтарлықтай маңызға ие. Дегенмен ұлы ойшылдың барлық мұрасы түгел айқындалды деуге болмайды, Аристотель пәлсапасының түрлі қырлары әлі де терең зерттелу үстінде.

Биология ғылымдарында ол жасаған кейбір зерттеулердің дұрыстығы тек ХІХ ғ. ғана расталды. Аристотель - Гиппократтың шәкірті, пәлсапа ілімінің бірінші ұстазы ретінде сол кездегі басқа да ойшыл ғалымдармен қатар барлық ғылымдардың, оның ішінде морфологияның дамуына да зор үлес қосты. Аристотель салыстыру әдіснамасын пайдалана отырып, жануарлардың 500-ден аса түрлерінің дене құрылысын зерттеу жасап, морфологиялық ғылыми тұжырымдар туғызды. Аристотель жануарлар денесінің еркін қозғалысын мидың басқаратынын, сүйекқаптың маңызын, жүрек пен қан тамырлар байланысын дұрыс түсініп, жүйкені басқа мүшелерден ажырата білді. Аристотель өзінің ғылыми еңбектерімен салыстырмалы анатомияның, зоологияның және эмбриологияның негізін қалаған болатын.

Аристотель мұсылман ғалымдарына да жете таныс болды. Көптеген шығармалары орта ғасырда араб тіліне аударылды. Шығыс ойшылдары Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд қатарлы Аристотель танушы, Аристотель ілімін жалғастырушы ойшылдар мұсылман перипатетиктері Аристотельді зерттеу мен ғаламды пәлсапалық және ғылыми тануды қатар жалғастырды. Аристотель құрметтеліп «Бірінші Ұстаз» ("The First Teacher" المعلم الأول) деп дәріптелді. Ал, екінші ұстаз — түркі-қыпшақ ойшылы Әл-Фараби болатын.

Аристотель кезінде көптеген өте көркем шығармалар мен диалогтар (Цицерон оның әдеби стилін «алтын өзен» деп атаған) жазса да, оның жазбаларының көпшілігі бізге дейін жетпеген. Оның кейбір еңбектері біресе табылып, біресе қайта жоғалып отырды. Кейбір пайымдаулар бойынша, оның жазбаларының тек бестен бірі ғана сақталған. Қазіргі өлшем бойынша, Аристотельдің шамамен 3000 беттей еңбегі сақталған, олар әлемнің көптеген тілдеріне аударылды. Қазақ тілінде Мәдени мұра бағдарламасы бойынша оның Метафизика, Этика секілді еңбектері аударылды.

Атлант

А́тлас немесе Атла́нт (көне грекше Ἄτλας) — ежелгі грек мифологиясындағы аспанды қолында ұстап тұрған, күшті алып.

Геката

Геката (көне грекше: Ἑκάτη) — ежелгі грек мифологиясындағы ай сәулесінің, о дүниенің және барлық құпия заттардың Құдай. Тағы да, ол мыстандардың да және дуалаушылықтың ерекше белгілерінің де Құдайы болған. Геката Перс алыпының қызы, және оған бұрыңғыдай кейбір гректің полетеисттері әлі де табынады. Мүмкін, көз тию ұғымының өзі осы Гекатадан шыққан шығар және оған ғибадатханалар тек ашулы перілер мен грек мифологиясындағы аруақтарды басу үшін ғана салынады.

Гекатаның табынушылығы алдымен фракийцтарда болған, сонан соң олардан гректерге өткен де болжам бар.

Гомердің дастандарында Геката есімі кездеспейді; Гесиодтың «Теогониясында» ол Перс алыпының және Астерияныңқызы ретінде кездеседі; баасқа авторлар оны Зевс пен Деметраның немесе Зевс пен Гераның қызы деп атайды. Гесиод бойынша, ол алыптардан қалған билігін өзіне алды, оны Зевс қалдырды.

Нұсқалардың бірі бойынша, Ифигенидің ұрлануы Геката болды. Ферекид, Гекатаны Аристейдің қыздарының бірі деп атаған. Кейде Геката деп Артемиданы атайды.

Диодорда, Гекатаның әкесі, Гелиостың баласы Ээтамен ұқсастырады. Оның мазмұны бойынша, ол өзінің әкесі Персті жіберіп, өзі Тавридтің патшайымы болды. Ээтыға күйеуге шығып, Медеяны, Эгиалеяны және Кирканы туды.

Гомер

Гомер (көне грекше: Ὅμηρος; б. з. д. 12-8 ғ. ш.) — Ежелгі Грекияның эпикалық ақыны. Өлеңдері мен дастандарын ел аралап жүріп, ішекті аспаптың әуеніне қосылып, айтып шығарған. Г. шығармаларының кейбір тұстары, соның ішінде «Илиада», «Одиссея» дастандары 8-7 ғ-да-ақ кең тараған. Абайдың Жиырма жетінші сөзінде Гомер аты аталады. Ұстазы Сократ Хакім ғалым шәкірті Аристодимнен өнеріне ел таңданарлықтай кімдерді білетінін, олардың қандай өнерімен танымал екенін сұрағанда, Гомерді жұрт бәйітшілдігі (ақындығы) үшін құрметтейтінін айтып, оның есімін бірінші атайды.

Гомер өмірдерегін зерттеушілер оны “ионий отарларының бірінде туған болуы керек” деп, шығу тегін ионий гректеріне жақындат­қанымен, бұлтартпастай дәлел келтіре алмайды. “Кейінгі заман гректерінің өзі Гомердің қайда туғанынан бейхабар. “Грек антологиясындағы” Смирна, Хиос, Колофон, Пилос, Аргос, Итака, Афины – жеті қала Гомердің отаны деп аталады”, деп көрсетеді “Илиада” эпосын зерттеуші А.И.Зайцев (Гомер. Илиада. Л, 1990. 399-б). В.П.Яйленко: “Тағы бір ұлы ақын Гомер есімі Кіші Азия халықтарының сөзінен шыққан. Грек тіліне ауысқанда ол “соқыр” деген мағынаға ие болған” деседі. Көптеген зерттеушілер Гомер есімі ақынның шын есімі екеніне күдік келтіргенмен, ол Гомер аталса керек. Гректерде мұндай кісі аты жоқ, гректер оның мағынасын мүлде ұқпайды. Сондықтан “тұтқын”, “соқыр” деп түсіндіруге тырысады...Ұлы ақын грек болмай, жастайынан грек тілін меңгерген “варвар” болуы да ғажап емес” деп тұжырады (В.П.Яйленко...33-б, А.И.Зайцев... 400-б).

Страбон мәліметінше: эолийліктердің қаласы Смирнада (Измирде): “төрт бұрышты айлақта Гомер храмы және ағаштан ойылған Гомер мүсіні бар. Гомерді меншіктеуге олардың себебі жеткілікті. Гомерик аталған мыс ақша шығарған да осылар”, деп мәлімдейді (Страбон. М, 1994. ХІV, 1, 3, 7. 604-б).

Сонымен, Гомердің эолийлік (алаштық) Смирнада тууы басқа топшылауларға қарағанда негіздірек көрінеді.

Ғажабы сол – Гесиод пен Гомердің айтысқаны туралы дерек сақталған. Екі ұлы ақын шақырумен Евбейге барып, Халкидон патшасы Амфидамантты жерлеу кезінде айтысқан. Оны Плутарх жазып кеткен. Амфидаманттың інісі Паниданың шешімімен жеңіс соғыс пен жаугершілікті жырлаған Гомерге емес, еңбек пен диқаншылықты дәріптеген Гесиодқа берілген. Бұл оқиғаны Гесиод “Еңбек пен күндер” поэмасында жазып қалдырған. “Алдын ала шақырылған соң, ақылды Анфидаманттың құрметіне өткізілген айтысқа қатысу үшін Халкидаға бардым. Ұлдары мол сыйлық атаған екен. Сонда құлақты аспалы ошақты жеңіп алып, Геликон лираларына сыйға тарттым” деп баяндалған (В.П.Яйленко...35 б).

Илифия

Илифия – көне мифологияларда босанатын әйелдерге көмек ететін құдай. Негізі, құтқарушы түрінде келеді, бірақ кейде босанатын кезде жау түрінде келді. Оның көмегісіз әйел босана алмайтын. Кейде Илифияны Артемида немесе Гераның атрибуты ретінде қабылдайды, ал кейде оны бөлек құдай деп санайды.

Гесиод бойынша, Илифия – Зевс пен Гераның қызы. Крит нұсқасында, Амниста туған Гераның қызы.

Гомер, бірнеше Илифия болды деп айтады. Бірақ, Гомер мен Пиндар оны жалғыз деп санайды. Ол туралы «Одиссееда» жазылған. Оленнің әнінде, Илифияны Кроннан үлкен, ол тағдыр құдайына ұқсайды және Эроттың анасы деп жазылған.

Ниоба (Тантал қызы)

Басқа мағыналар үшін Ниоба деген бетті қараңыз.

Ниоба (Ниобе́я; көне грекше: Νιόβη, лат. Niobe) - көне грек мифологиясының кейіпкері. Балаларынан айрылған ананың символын білдірген.

Тантал мен Дионаның қызы болған, Фива патшасы Амфионға тұрмысқа шыққан және оған 6 ұл мен 6 қыз туған (Гесиод бойынша, 10 ұл және 10 қыз немесе 9 және 10; Гомер бойынша 6 ұл және 6 қыз , Ферекид те солай айтқан; Гелланик бойынша — 4 ұл және 3 қыз , Геродор бойынша 2 ұл және 3 қыз (Аполлодор); Лас бойынша 7 және 7, Алкман бойынша - 10 және 10, Сапфо 9 ұл және 9 қыз, Мимнерм және Пиндар бойынша — 20), Вакхилид бойынша 10 ұл 10 қыз. Екі баласы: Аполлон және Артемидасы бар Лето құдайға ол өзінің ұрпағының көптігімен мақтанып, қателік жасаған. Мақтаншақтығы үшін Ниобаның барлық баласын Аполлон, барлық қызын Артемида өлтірген. Ниоба қатты қайғарғаны соншалық басқа құдайлар оны Сипил (Измир маңында, Түркия) тауындағы қары ерігенде тоқтамай жылайтын құзға айналдырып жіберген.

Пандора

Пандора (гр: Πανδώρα, πᾶν – pān – "бәрі" дегенді, δῶρον –, dōron – "сый" дегенді білдіреді. Мұнда "бәрінің сыйы", "бәрі берген", "Құдайлар сыйы" мағынасында айтылған.) — грек мифологиясында от құдайы Гефест пен Афина Құдайлардың құдайы Зевстің бұйрығы бойынша су мен топырақтан жаратқан жер бетіндегі тұңғыш әйел заты. Әйгілі Пандора қалбырының ашушысы.

Құдайлар оған түрлі ғажайып қасиеттер дарытады. Афродита оған сұлу етеді, Афина оған керемет әдемі киім сыйлайды, бірақ Афина Пандораға ақыл-парасат сыйлаудан бас тартады, сөйтіп оның іс-әрекеті жеттік ойлаудан емес, көңіл бұруы, қызығу бойынша болады. Ал, Хермес оған сөйлеуді үйретіп, "өтірік айтатын, қулыққа салынатын сөз шешендігін дарытады.Хермес тағы оған "тоғышар сана мен алдамшы табиғат" дарытады. Оған Пандора (баршаның сыйы, Құдайлардың сыйы) деп Хермес ат қояды. Оның тағы бір аты Анесидора (Anesidora), сыйлық жеткізуші деген мағынада айтылған. Гесиодтың(шамамен б.з.д.8-7ғасырларда өмір сүрген) ертегісі бойынша, Зевс оған қалбыр жібереді, Прометей Зевстен келген қандай-да бір сыйды қабылдамау туралы айтқан болса да, інісі, Пандораның күйеуі Прометейдің сөзін тыңдамай Қалбыр (әсілі Құмыра болған) ішіндегіні көруге құмартып ашып жібереді. Сөйтіп әлгі қалбырдан жер-әлемге түрлі жамандықтар тарайды — ашкөздік, жасандылық, өсек, қаралау, қызғаншақтық, жала жабу, қайғы-қасірет дегендер сол сәтте басталады. Ол абдырап қалбырды қайта жапқанда ішінде тек Үміт қана қамалып қалған екен.

Пандора аңызы тым ежелгі аңыз болып, көптеген нұсқада айтылады, ұқсамаған мағынада түсіндіріледі. Бірақ, қайткен күнде де ол жер бетіндегі Күнәнің қалай пайда болуы туралы айтылған ең алғашқы түсіндіру есептеледі. VIIғ. грек ақыны Гесиод "Құдайлар шежіресі" (570-ші жолында) кітабында Пандораны тілге алады және өзінің «Жұмыс және күндер» (Works and Days) еңбегінде Пандора туралы және Пандора қалбыры туралы ертегіні әдеби тілде баяндайды. Ол батыс мәдениетінің өзегіне сіңіп, жанама түрде Алғашқы күнә және христиан теологиясының қалыптасуына әсер етті.

Софистер

Софистер - "даналықтың", "шешендіктің" кәсіби үстаздары ретінде көрінген ежелгі грек философтарын осылай атаған (б.з.б. V г.). Софистердің бірегей мектебі болған жоқ. Діннен бас

тарту, табиғат кұбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық және

әлеуметтік релятивизм — олардың ортақ көзқарасы болып табылады. Софистердің негізгі тобы ("аға" Софистер) құл иеленушілік демократияны жақтады. Оларға ортақ касиет — табиғатты жалпы материалистік тұрғыдан түсіндіру.

Теогония (дастан)

«Теогония» (гр. Θεογονία, «құдайлардың шығуы») — Гесиодтың дастаны.

«Теогония» еңбегі жазылған уақыты бойынша Гесиодтың ең алғашқы еңбегі, ол – «әлемнің жаратылуы, әлемді жаратушы құдайлар мен көзсіз ерліктер жасап, артында өшпестей із қалдырған батырлар туралы барлық гректік түсініктерді жинақтауға тырысқан «құдайлардың шежіресі» іспетті туынды. Алғашында Гесиод жазып, жарық көрген, бірақ бізге жеткенше қосымша мәліметтер мен өзгерістер енгізіліп, толықтырылып отырды.

Шығармада құдайлар жайында толық баяндалған. Филологтар «Теогония» поэмасында жалпы саны 270-ке жуық өлеңдер бар деп есептейді. «Теогонияның» кіріспесі (1-116 беттер) музаларға арналған үндеулер жазылған үш тараудан тұрады. Ортаңғы бөлімінде (117-964 беттер) – әлемнің хаостан жаралғаны жөнінде айтылады (Гесиод үшін хаос тұңғиықты білдіреді). Ежелгі тәңірлерге Хаос, Жер және Эрос жатады. Ең алдымен хаостан бір мезгілде стихия және басқа да жаратылыстар – Гея (Жер), Уран (Аспан), Тартар (Жерасты әлемі), сонымен бірге даму мен көбеюдің қозғалыс күші Эрос; Уран мен Гея одағынан көптеген титандар және Крон мен Рея; Жерден аспан, таулар, теңіздер және басқа да табиғат құбылыстары пайда болды. Содан соң Уранмен арадағы одағынан он екі Титанға, үш Киклопқа (кей мәліметтерде Циклоп деп беріледі), тау сияқты зор, жүз қолды үш алыптар – гекатонхейрларға жан беріледі. Уранның билігі біразға дейін жалғасты. Ол өз балаларының бәрін Жердің терең түнегіне қамап тастады. Бұған олардың анасы Жер қатты азаптанып, өз балаларын Уранға (әкесіне) қарсы шығуға үгіттегенімен, ешқайсысы әкелеріне қарсы бас көтере алмайды. Дегенмен баласы Крон мен оның әйелі Рея екеуі оны тақтан түсіреді. Тек Крон ғана айлакерлігімен, өз әкесіне қарсы шыға алды. Сол уақытта әйел құдай Түн Кронды жазалау мақсатында сұмдық құдайлар тобын: ажал құдайы – Танатты, араздық пен ұрыс-керіс құдайы – Эриданы, алдау құдайы – Апатаны, құрту, жою құдайы – Керді, ауыр түс көргізетін ұйқы құдайы – Гипносты, жасаған қылмысы үшін ешқашан кешірім бермейтін зұлым құдай – Немесиданы т.б. жаратты. Олар жер бетіне көптеген бақытсыздықтар мен қайғы-қасіретті, алдап-арбауды, жамандықтарды алып келді. Ұрпақтар арасында қанды шайқастар жиі болып отырды, бұл Крон мен Зевс арасында да қайталанды. Әкесіне қатыгездік жасап, билігін тартып алған Крон өз балаларым да маған сатқындық жасайды деп қорқып, дүниеге келген балаларын жұтып қойып отырды. Бес баласынан бірдей айрылған Рея қатты қапаланып, соңғы алтыншы баласы Зевс дүниеге келгенде, қулық ойлап Кронға баланың орнына жаялық ішіне сопақша тас салып апарады. Бұған мән бермеген Крон бала деп ойлап, әдеттегідей жұта салады. Аман қалған Зевсты анасы Рея өз әкесі Уран (Аспан) мен шешесі Геяның (Жер) кеңесі бойынша Крит аралына апарып, онда Зевсты хор қыздары Адрастея мен Идея екеуі құдіретті ешкі Амалфеяның сүтімен асырап өсіреді. Ал кішкентай Зевс мазасызданып жыласа, оның даусын әкесі Крон естіп қалмас үшін куреттер (баланы қорғап, желеп-жебеуші жартылай құдайлар, абыздар) қолындағы қалқандарын семсермен ұрып, даңғырлатып отырды. Зевс өсіп, ержеткенде өз әкесі Кронды жұтып қойған балаларын құсып шығаруға мәжбүр етеді. Сөйтіп, Зевстың апалары құрбандық оты мен үйдегі қазан-ошақ құдайы – Гестия, егіншілік пен молшылықтың құдайы – Деметра, неке мен жанұя бақытының құдайы – Гера; ағалары – теңіз құдайы – Посейдон, қара түнек жер асты, өлім патшалығының құдайы – Аид бостандыққа шығады. Билік үшін өз әкесін тақтан тайдырған Зевс барлық титандарды биліктен айырып, өз ағаларымен бірге бүкіл әлемге үстемдік орнатты. Зевстың билігі дана, әділ болды. Нәтижесінде құдайлар мен адамдардың әкесіне, патшалардың патшасына айналды.

Орыс зерттеушісі В.Н.Ярхо Гесиодтың «Теогония» еңбегін жазуы тегін емес, ол туған жері Беотияның көптеген мифтермен байланыстылығында деп түсіндіреді. Мифке сүйенетін болсақ, Беотия қаласының астанасы – Фивы қаласының негізін аты аңызға айналған Кадм салған. Ол мұнда финикия жазуын алып келіп, соның негізінде грек алфавиті қалыптасқан. Кадм құдай болмаса да, құдайлар оған қатігез соғыс құдайы Арес пен махаббат құдайы Афродитаның қызы Гармонияны әйелдікке береді. Олардың одағынан үш қыз туады. Үлкені – Семела; ол Зевстен Дионис атты ұлды дүниеге әкеледі. Екіншісі – Агава, оның қатты ашудан өзін-өзі ұстай алмай туған баласы Пенфейді талап тастауымен аты шыққан; үшіншісі – Автоноя, Автоноядан Актеон атты ұл дүниеге келеді, ол Зевспен тайталасқаны үшін құдайдың құдіретімен бұғыға айналып, өз иттері талап тастайды.

Фивы қаласының әрбір тасы аңыздан өрілген. Қаланы тұрғызуға Зевстың ұлдары Амфион мен Зет те атсалысқан; Амфион Зевстың немересі Ниоба сұлуға үйленеді. Бірақ Ниоба өз тәкаппарлығынан қатты азап шегеді. Астамсып, ешкімді менсінбей менменсіген, өркөкірек Ниобаны Аполлон мен Артемида жазалап, оның көздің жауын алғандай сұлу, өрімдей ұл-қыздарын бірінен соң бірін садақпен атып өлтіреді. Фивыда Лабдакидтер әулетінің үш ұрпағының трагедиясы өтеді: Лай патша, оның ұлы Эдип пен немерелері Этеокл мен Полиниктің өлімі «Фивыға қарсы жетеу» әңгімесінде айтылады.

Ортаңғы бөлімінде (117-964 беттер) – әлемнің хаостан жаралғаны жөнінде айтылады (Гесиод үшін хаос тұңғиықты білдіреді).

Құдайлар грек жеріндегі биік тау – Олимпті мекен етті. Олар құрамында мәңгілік күш-қайрат сыйлайтын, қартайтпайтын қасиеті бар амброзиямен қоректенді және тек нектар ішті. Биік тау басында олар сән-салтанат құрып, билік жүргізіп отырды. Зевс адамдарға көптеген сыйлықтар беріп, заңдар шығарып, жер бетіндегі тыныштық пен тәртіптің болуын қадағалап отырды. Үнемі Зевстың жанында ол ерекше құрметтейтін тәртіп пен заңның бұзылмауын, сот әділдігін бақылап отыратын ақиқатты жақтаушы әйел құдай – Дикэ мен заңдарды бақылап, сақтап отыратын әйел құдай – Фемида тұрады. Олармен қоса, Зевстың тағдырын да шешетін әйел құдайлар – мойралар да осы Олимп тауын мекен етті. Мойралар – аяушылық дегенді білмейтін, тағдырдың қатыгез құдайлары. Олар ағайынды үш құдай: Клото, Лахесис, Атропос. Клото – адам өмірінің ұзақтығын тоқып отырды. Тоқығанда ол адам баласына жаны ашып, үзіліп кетпесін, ол ұзақ өмір сүрсін деген ниетпен тоқыған жоқ. Сондықтан оның тоқымасының жібі қашан үзілсе, сол уақытта адам баласы өмірімен қоштасты. Ал Лахесис болса, әр адамның маңдайына жазылған жеребені көз салмастан суырып алып, беріп отырды. Құмыра ішіне салынған жеребенің сыртындағы «бақытты», «бақытсыз», «баянды», «баянсыз» деп адам тағдыры жазылған жеребені беру барысында Лахесис ешкімге ықылас білдіріп, жанашырлық танытқан жоқ. Еш көз салмастан қатігездікпен алып беріп отырды. Ал ол берген жеребені ешкім өзгерте алмады. Атропос болса өзінің апа-сіңлілері айтқан қатал тағдырын ұзақ тізімге енгізіп отырды. Ал тағдыр тізіміне енген дүние орындалмай қалмайды. Біздің халқымыз айтатын «пешенесіне жазылған тағдыр», «маңдайына жазылған» деген сөздер де осы ұғымға келіп саяды*.

Зевс – аспан мен жердің құдайы, «бұлт шағылыстырып, найзағай ойнатқыш» шексіз еркіндікке ие жалғыз құдай болса,

Аполлон – білім мен жарықтың, ғылым мен өнерге табынушылардың құдайы; Асклепий – дәрігер; Артемида – аңшылық;

Афина – қалаларды сақтаушы, ақыл мен еңбек; Гермес – саяхат пен сауда, өнертапқыштар; Арес – соғыс; Афродита – сұлулық пен махаббат; Эрот – махаббат; Гефест – от; Дионис – шарап; Пан – табиғат; Танат – өлім; Персефона – өсімдік құдайы болды. Гректер өз құдайларына көптеген құрбандықтар шалып, түрлі мерекелер ұйымдастырып отырған*. Олардың Олимп тауының етегінде құдайлардың құрметіне төрт жылда бір рет өткізіп отырған спорттық жарыстары кейін барлық елге үлгі болып, ол халық арасында олимпиада деп аталды. «Теогония» шығармасында қарапайым өмірге қажетті ақыл-кеңестер, адам өмірін басқаратын құдайлар жайлы, олардың өз араларындағы қақтығыстар мен сан қырлы, қызықты оқиғалар жайлы толыққанды мәлімет беріледі деп айтсақ қателеспейміз.

Көне дәуірлерден бізге жеткен ежелгі грек мифтері терең мағынасымен, көркемдік құдіретінің айрықшалығымен адамзатты таңқалдыруын қоймайтын шын мәніндегі асыл мұралар екендігін таныған белгілі жазушы Төлен Әбдіков көптеген грек мифтерін қазақ тіліне тәржімалап, оқырмандарға түсінікті қарапайым тілмен баяндап жазған еңбегі «Эллада ерлері» деген атпен 1977 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген.

Осы айтылғандарға қоса, Гесиод адамзаттың тегін ғасырлардың ауысып отыруына байланысты төрт кезеңге бөледі. Біріншісі – алтын кезең, екіншісі – күміс кезең, үшіншісі – мыс дәуірі және қазіргі адамзат өмір сүріп отырған дәуірді темір дәуірі деп атайды. Ал шығарманың соңғы бөлімі миф деуге келмейді, мұнда болмыс шындығына көп орын беріліп, ақын ішіндегі мұң-шер кеңінен суреттеледі. Өз дәуіріндегі адам баласының басындағы бақытсыздықтар мен қасіреттер суреттелген. Ақын ата-анасын, ағайын-жұртын сыйламайтын балалар пайда болды, алдыңғы орынға шындықты айту арқылы емес, күш көрсету арқылы келген ұрпақ көбейді деп жырлайды.

Теология

Теология (гр. theos - Құдай және гр. logos - ілім, сөз) - Құдай жайлы дін ілімі. Теология ұғымын зерттеушілердің дені теистік діни ілімдермен байланыстырады. Теология ұғым ретінде христиан діні келгенге дейінгі Платон еңбектерінде де кездеседі. Платон бұл ұғымды өзінің Құдай жайлы ілімінде қолданбаса да, филос. тұрғыдан талданатын мифологияға байланысты қолданған. Кейіннен теология термині Гомер, Гесиод, Орфейдің поэмаларына қатысты қолданылып, оларды теолог деп атады. Аристотель теология терминімен «Бірінші философиясы» атап, оны Құдайлық мәңгілік заңдылықтарды зерттейтін жоғары дәрежедегі теориялық ілім деп таниды. Стоиктер теологияның үш тегін бөліп көрсетті: ақындықпен байланысты мифологиялық теология, философиямен байланысты физикалық теология, ресми дін өкілдері мен заңгерлерге қатысты саяси теология христиандықтың әртүрлі ағымдарының догматтарында да бұл терминді жиі қолданды. Бірқатар христиан апологеттері антик. философия мен теология арасында қарама-қайшылық жоқ деген пікірде болды. Теология жайлы аристотельдік түсінікті және нанымға негізделген діни сенімді үйлестіруге болады деп білді. Ал қайсыбір апологеттер бұған қарсы болып, осы тақырыптағы пікірталас ұзаққа созылды. XIII ғасырда теология - Құдай және оған сенім жайлы жүйелі ілім деген ұғым қалыптаса бастады. Теологияның негізінде метафизикалық күшке, құдіретте сенім жатқандықтан ол априорилы, яғни тәжірибе жасамай сенетін мәселе. Жалпы монотеистік діни кағидалармен сәйкестігіне орай теология терминін қазіргі Исламтануда иллахиат ұғымының баламасы ретінде қолданады. Теология аянға яғни Құдай сөзіне (қалам) негізделіп, Жаратушы болмысын материалдық дүниедегі заттар мен кұбьшыстарды талдау арқылы дәлелдейтін физикалық теология, Құдайлық бұйрық және ерік тұрғысынан адамгершілік моральдық принциптерді таңдап, Аллаһтың болмысын дәлелдейтін догмат. теология, Аллаһтың барлығы мен сипаттарын таяуда адам мүмкіңдігінің шектеулілігін, қолданатын ұғымдарының шарттылығын дәлелдеу арқылы Құдайдан барлығы мен шексіз құдіретін дәлелдеуге тырысатын негативтік теология болып методол. тұрғыда жіктеледі.

Тюхе

Тю́хе (Тихе, Тихэ, Тиха, Тихея, көне грекше Τύχη, «кездейсоқтық», жеребемен алынған тағдыр[1]) — ежелгі грек мифологиясында жағдайдың, сәттіліктің және тағдырдың Құдайы.

Ежелгі рим мифологиясында оған Фортуна ұқсас келеді. Тюхе классикалық мифологияда кездескен жоқ, Тахо-Годи айтқандай, ежелгі өзгертілмейтін тағдыр деген ұғымға қарсы салыстыру ретінде, эллинизм эпохасында шықты. Ол әлемнің ауыспалылығын, кездейсоқтығын және табансыздығын көрсетіп тұрады. Нәтижесінде Тюхе, қалай сәттіліктің Құдайы болса, солай, бақытты жағдайдың кеіптеуі.

Тюхе есімі, Персефонаның серігі мен океаниданыкы, алғаш рет Гомердің өлеңінде Деметраға кездеседі, бірақ ол жерде ол есімі Тюхемен ешқандай ортақ белгісі жоқ. Тағы Гесиод Тюхены Океан мен Тефеяның қыздарына қосады. Архилохта Тюхе Мойраның жанында тұрады; Пиндарда, ол Зевстің қызы және тағы да мойралармен жақын. Павсаний, Тюхе Мойралардың бірі және олардын мықтырақ деген Пиндардың сөзімен келіседі. Орфиктарда, Тюхе Артемидаға ұқсастырылады.

Тюхенің атрибуттарының бірі, «үстінде болған зат, астыда да болады» деген айналымы бар, сәттіліктітің ауыспалылығын көрсетіп отыратын тегершік. Осыдан, рим мифологиясындағы Фортунамен ұқсастығы, қанатты сөзге айналып кеткен « Фортунаның тегершігі» деген сөз шықты. Тағы да, оның атрибуттарының бірі байлықтың мүйізі болып табылады.

Уран (мифология)

Уран (көне грекше: Οὐρανός, «аспан») — ежелгі грек мифологиясында аспанның тірі бейнесі, Геяның (жер) жұбайы, Құдайлардыңең ежелгі әулетіне жатады. Гемера Уранды туады немесе түсінде туады; немесе Уран – Хаостың және Гемераның баласы ( кейбір мифтарда Эфирдің баласы); немесе Офион мен үлкен Фетиданың баласы. Құдайлар мен алып-Құдайлардың әкесі. «Бірінші бүкіл әлеммеді биледі».

Цербер

Цербер, немесе Кербер (көне грекше: Κέρβερος, Kerberos [ˈkerberos], , ағылш. Cerberus / ˈ s ɜr b ər ə s /) — сөздің тіке мағынасы "қараңғыдағы албасты", көне грек мифологиясындағы Төменгі әлем (тозақ) қақпасын күзеткен үш басты қабаған ит. Гесиод "Құдайлар шежіресі" кітабында оның 50 басы болды деп суреттеген. Кейін көптеген өнер туындылары оны 3 басты жыртқыш ит ретінде бейнелеген.

Эномай

Эномай, Ойномай (көне грекше Οἰνόμαος) — ежелгі грек мифологиясында Элидадағы Писа қаласының патшасы. Арес пен Стеропаның (Атланттың қызы) баласы; немесе Астериянікі, Атланттың қызы. Немесе Арес пен Гарпинаның баласы. Немесе Алксионның баласы. Оның әйелі Стеропа, немесе Акрисияның қызы Еварета. Гипподамияның әкесі.

Оны күйеубала өлтіреді деген оракул алады. Басқа нұсқасында, өзі өз қызына ғашық болған, бірақ қызы оны әрқашанда кері қайтарып жіберіп отыратын. Оған қару мен жылқыларды Арес берді, және оған құда болам деген адамдармен жарыс өткізетін. Писадан, Поседонға құрбан шалатын жерге дейін бару керек болатын. Жарыс басталмастан бұрын Зевске құрбан шалатын. Көп күйеубалаларын өлтірді (жуық етіп айтсақ, 12 адам). «Ұлы Эоялар» поэмасында, 16 адам. Гесиод пен Эпименид бойынша, ол 13 күйеубаланы өлтірді. Өлгендердің басын есіктін жармасына қағып қоятын немесе бас терісін сыпырып алатын.

Нұсқа бойынша, Пелопқа жарысты жеңіліп, қынжылғаннан өз-өзін өлтіреді немесе Пелоп өлтіреді.

Оның үйінің іргетасы Олимпияда сақталып қалды, сол жақта Зевске құрбан шалатын орынды Эномайдың өзі салды. Құдай оның үйін найзағаймен ұрғанда, оның үйін от жаулап алды, және тек ағаш бағана қалды.

Эреб (Мифология)

Эре́б (грек. Ἔρεβος, «қараңғылық»; → лат. Erebus) - грек мифологиясында қараңғылықтың мағнасын береді. «Одиссея» мен «Космогония» да Эреб туралы айтылған. Гесиод бойынша Эреб Хаостан пайда болған. Нюктаның ағасы, Гемера мен Эфирдың әкесі. Басқа дереккөздерде Эреб Танатостың (өлім), Гипностың (ұйқы), Немезиданың (жаза), Керуның (зорлық өлім), Моманың (өсек), Эриданың ( дау), Герастың (кәрілік), Онираның (түс) әкесі.

Гигиның сөзінше Эреб Хаоспен Қатпар даң жаралған.

Басқа тілдерде

This page is based on a Wikipedia article written by authors (here).
Text is available under the CC BY-SA 3.0 license; additional terms may apply.
Images, videos and audio are available under their respective licenses.